Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Глоссарий. Электротехникалық қондырғы– электр энергиясын өндіру, тарату, түрлендіру

 

Электротехникалық қондырғы – электр энергиясын өндіру, тарату, түрлендіру, қолдану және бақылау мәселерін шешуде белгілі бір қызмет атқаратын өндірістік қондырғы.

Электр тізбегі –бір-бірімен сым өткізгіштері арқылы жалғасқан электр энергиясының көздерінің, тұтынушылардың, бақылау-өлшеу және қосу-ажырату аспаптарының бойымен ток жүре алатын жиынтығы.

Электр энергиясының көздері – энергияның басқа түрлерін (химиялық, механикалық, жылулық және т.б.) электр энергиясына түрлендіретін қондырғылар.

Электр энергиясын тұтынушылар (қабылдағыштар) – электр энергиясын энергияның басқа түріне (химиялық, механикалық, жылулық және т.б.) түрлендіретін қондырғылар.

Электрлік сұлба - электр тізбегін графикалық түрде бейнелеу.

Балама (эквиваленттік) сұлба - бірізді немесе параллель жалғанған бірнеше элементтерді тізбектің жұмыс режимін өзгертпей балама (эквивалент) элементтермен айырбастау нәтижесінде пайда болған қарапайым сұлба.

Түйін –электр тізбегінің кем дегенде үш тармағының түйіскен нүктесі.

Тармақ –элементтері өзара бірізді жалғанған, бойымен бір ғана ток жүретін тізбек бөлігі.

Контурлық ток – қарастырылатын контурдың барлық бөлігі үшін бірдей деп шартты түрде қабылданған ток.

Активті екіұштық – тізбектің басқа бөлігімен екі ұштық арқылы жалғанатын, ал құрамына резисторлар мен энергия көздері кіретін тізбектің бөлектенген тармағы.

Айнымалы ток – шамасы мен бағыты уақытқа тәуелді өзгеретін ток.

Фаза – бұл ұғым электротехникада екі түрлі мәнге ие: бірінші- синусоидалы шаманың аргументі, екіншісі- үш фазалы тізбектің өзінің жеке қоректендіргіші және жүктемесі бар бөлігі.

Кернеу резонансы – индуктивті және сыйымдылық элементтер бірізді жалғанған тізбекте белгілі бір жағдайда кернеу мен ток фаза бойынша бірдей болатын құбылыс.

Комплекстік тәсіл – айнымалы ток тізбегін есептеу үшін комплекс сандар қолданатын тәсіл.

Индуктивті (магнитті) байланысқан элементтер – мұндай элементтерде бір элементтегі ток өзгерген жағдайда екінші элементте Э.Қ.К.- і пайда болады.

Желілік ток –генератор мен жүктемені қосатын желілік сыммен жүретін ток.

Бейтарап (нөлдік) сым – үш фазалы қоректендіргіш пен үш фазалы жүктеменің бейтарап (нөлдік) нүктелерін қосатын сым.

Айнымалы магнит өрісі – орамалары кеңістікте белгілі бір бұрышқа ығысып орналасқан машинада көп фазалы токтар тудыратын өріс.

 

 

Мазмұны

 

1. Пәннің оқу бағдарламасы-syllabus...................................................................................…...3

1.1 Оқытушы туралы мәліметтер..............................................................................................3

1.2 Пән туралы мәліметтер........................................................................................................3

1.5 Пәннің мақсаты және міндеттері.........................................................................................3

1.6. Тапсырмалар тізімі және оларды орындау кестесі.............................................................3

1.7 Әдебиеттер тізімі................................................................................................................... 4

1.8 Білімді бақылау және бағалау.............................................................................................5

2. Негізгі тартылатын материалдар мазмұны.......................................................................... 8

2.1 Курстың тақырыптық жоспары...........................................................................................8

2.2 Дәрістік сабақ конспектілері................................................................................................9

2.3 Зертханалық сабақтардың жоспары....................................................................................36

2.4 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары

бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары (СОӨЖ).............................................................39

2.5 Студенттердің өздік жұмыстары бойынша сабақ жоспары (СӨЖ)...............................41

2.6 Өздік бақылау үшін тест тапсырмалары............................................................................44

2.7 Курс бойынша емтихан сұрақтары......................................................................................50

Глоссарий...............................................................................................................................52

«Технологиялық процестерді

автоматтандыру» кафедрасының

мәжілісінде талқыланған

200__ж. «___»________№ ___хаттамасы

СП ОӘК Ақпараттық технологиялар

институтының Ғылыми-әдістемелік

кеңесінде талқыланып, мақұлданған

200__ж. «___»________№ ___хаттамасы

050702 – Автоматтандыру және басқару мамандығына арналған

«Электротехниканың теориялық негіздері 1» пәні бойынша

 

 

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

 

Құрастырушы

Айтжанова Аида Меңдешқызы

 

 

________________________________________________________________________________________

 

________________________________________________________________________________________

АТУ баспа типографиясында басылған

Алматы қаласы, Төле би көшесі, 100

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Дебиеттер тізімі 9 страница | Климатические факторы
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-07; Просмотров: 1949; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.017 сек.