КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Лекция №7. Жағымсыз эмоцияларды бәсеңдету және жайбарақаттық қалыпқа келу техникасы
Жағымсыз эмоцияларды бәсеңдету және жайбарақаттық қалыпқа келу техникасы Жоспар:
Қолданылған әдебиеттер: 1. Кузин Ф.А. Культура делового общения М.:Тандем, 2006 2. Баева О.С. Ораторское искусство и деловое общение М.: Просвещение, 2003 3. Бороздина Г.В. Психология делового общения М.: Просвещение 2005
Кері эмоциялар, әсіресе, ашу, ыза, жек көрушілік адамға психологиялық кері әсер беретіндіктен мұндай күйге түсуден аулақ болған жөн. Осы тұрғыда оларды тоқтатудың техникалық әдіс-тәсілдері бар. 1. Үнемі адам мен мәселені ажырата біліңіз. Бұл сізді эмоциялы күйден рационалды күйге ауыстырады. 2. Өз орныңызға өзге адамды қойып көріңіз. Осындай жағдайда өзін қалай ұстайды екен. Бұл өзіңізді ұмытып, ашуды басуға көмектеседі. 3. Сіздің және әріптесіңіздің арасында шыны қабырға бар деп елестетіңіз. Сіз оның ашулы кейіпін көріп тұрсыз, бірақ не айтып жатқанын естімейсіз. Демек «айқайлап» жауап беру мүмкіндігі жоқ. Киіміне мұқият қараңыз (түсейін деп тұрған түйме, қисайып тұрған галстук), жайлап өзіне қарап, ойланып айтыңыз: «сіз түймеңізді жоғалтып аласыз, дәл осы түйме дүкендерде жоқ». Алатын жауабыңыз: «сайтан алғыр, қандай түйме!». «Мынау» деп көрсетіңіз. 4. Ашудан әріптесіңізге ауыр сөздер айтуыңыз мүмкін. Бірақ өзіңізді жайбарақат, көңілді, сенімді ұстаңыз. Өзіңізді жайбарақат күйге әкелуге мына әдістер де пайдалы. Ашуды рационалдау әдісі. Бұл әдіс себепті анықтауды талап етеді. Сізді эмоцияңыз билеген, ал ақылыңыз шетте қалып қойды. Өзіңізді ақылыңызға билетіңіз. Болған жайдың жағымды жақтарын іздеңіз. Сонда жағдай басқаша болады. Тәртіп бойынша ашумен адам ешнәрсеге қол жеткізе алмайды. Өзіңізден сұраңыз: «менің қол жеткізбеген нәрсем соншалықты маңызды ма?». Осы сұрақтан кейін де өзіңіздің күлкіңіз келері анық. Өзіңізді тағы да тексеріп, әріптесіңіздің өзін дөрекі, әдіпсіз ұстамауы үшін барлығын жасағаныңызды өзіңізден сұраңыз. Мүмкін ол сіздің іс-әрекетіңізге риза емес шығар. Ашуды визуалдау әдісі. Мысалы, сізді біреу ренжітіп қойды. Сіз ашулысыз. Кенет сіз ол кісіні аянышты күйде көрдіңіз. Дәл осы кезде сізде аяушылық сезімі пайда болып, ашуыңыз тарқап кетеді. Ашуды визуалдаудың мынадай нұсқалары бар: 1) Ашуыңызды келтірген адамның бойын кішірейтіп елестетіңіз. Мысалы, ергежейлі, құмырсқа 2) Сол адамды күлкілі кейіпте көруге тырысыңыз 3) Ашуды өзіңізге энергия ретінде кіріп, сіз арқылы ыжерге кіріп жатыр деп ойлаңыз Релаксация әдісінің техникасы бұлшықет жүйесінің, жүйке жүйесінің тынығуына негізделген. Осы техниканы мына тізбек бойынша қолданыңыз: 1) Бірінші ащуыңызды шығарып, басыңыз. Осы кезде дене еңбегін талап ететін жұмыспен айналысыңыз 2) Барынша тынышталып, аз ғана аутотренинг жасап, бетіңізге күлкі ұялатыңыз. Өзіңізді айнаға қараңыз. Дәл осы кезде сіздің шынайы күлкіңіз пайда болады. 3) Жылдам жайбарақат қалыпқа келу үшін бөлме ішінде жүгірудің қажеті жоқ. Ішкі жан-дүниеңізге үңіліп, деміңізді бақылаңыз. Терең демалуға тырысыңыз. 4) Ашулы әріптесіңізге жауап беруге асықпаңыз. Ұзақ үзіліс жасаңыз. Өзіңіз үшін де әріптесіңіз үшін де «келбетті сақтауды» ұмытпаңыз. Әріптесіңізге үнсіз, мұқият қараңыз. «Тесіле» қараудың қажеті жоқ. Үзілісі кезінде жағдайды барлық жағынан көруге тырысыңыз. Сіздің кенеттен үнсіздік жариялауыңыз қарсыласыңыздың бастық, жұмысшы, үлкен, кіші екендігіне қарамастан ашуының «су сепкендей басылуына» әкеледі. Шыдамдылық таныту үлкен жетістікке жеткізеді.
Бақылау сұрақтары: 1. Қарсыластықты қалай жеңуге болады 2. Жайбарақат қалыпқа келудің үш әдісіне сипаттама беріңіз 3. Әр түрлі психологиялық типтегі әңгімелесушілер. Мысал келтіріңіздер.
Дата добавления: 2014-01-15; Просмотров: 699; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |