КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Лекция № 7
Көне Үнді діндері Жоспар: 1.Индуизмнің пайда болуы, эволюцияның негізгі бағыттары. 2.Ведалар. 3.Брахманизм. Сабақтың мақсаты: Ежелгі Үнді діндерінің пайда болуы, дамуы кезеңдері, діни философиялық ілімінің ерекшеліктері, мәдениеті мен өркениетінің маңызын қарастыру. Сабақтың міндеті: Индуизм дінінің тарихы мен ерекшеліктерін түсіндіру және студентті оқу материалын өзінше іздеп табуға, оны түсініп пайдалануға, онымен жұмыс істеуге үйрету. Тақырып бойынша мәліметтерді толық меңгеру.б.з.д. бірінші мыңжылдықта пайда болды. Ол адамды рухани құтқарудың үш жолын ұсынды.Олар: қасиетті істер жолы(басты шарты-құрбандық атау); таным жолы (медитация және құдіреттті болмыс туралы ойлар);адалдық жолы (құдайға және оның рахымына сену). Индуизмның тұңғыш қауымы-«адживака» тақуалық жолын тұтып,тән құмарлығымен күресті.Бірақ Вишуға табынды.Адживака» діни идеяларын бхагаватами» толықтыра түсті.Ол Вишнумен қатар Кришнаға тең дәрежеде құрмет көрсетті.ХІІ ғасырда брахмандар жарты құдай-Римаға ерекше тұғыр орнатты. ХV ғасырда діни ғұрыптар қара халықтың тілі болып саналатын хинди тілінде атқарыла ьастады.Осының нәтижесінде Вишнудің көшілік арасындағы мәртебесі жоғарылай түсті.Шиваға құлшылық жасауда осы құдайды мойындаушы қауымдардың бірлігінің нығаюына қызмет етті.Бірақ көпқұдайлық үнді халықтарының одан әрі қауымдаса түсуіне кедергі болған жоқ.Керісінше,осы көп құдайлар бір тұтас діни түсінік аясында құрметтеліп, индуизм баршаның дініне айналды. Индуизм үшін «Махабхрата» және Рамаяна» эпостары-Үндістанды арий тайпалары жаулап алуы кезеңіндегі үнділердің қаһармандық күресі туралы әңгімелейтін қасиетті аңыздар жинағы. Поэмада индуизм құдайлары пантеоны туралы кең әңгімелейді.Рамаянада» Ританың және оның жұбайы Ситаның өмірі баяндалады. Индуизмнің діни ескерткіштерінің ішінде құрылымдық жағынан «Махабхарата» эпосына енетін дүниетанымдық проблемаларға Түсініктемелер беретін Бхагават-Гита»(Жартушы өлеңі немесе құдірітті өлең)философиялық концепция тұтастығымен ерекшеленеді. Концепцияның негізінкүллі болмыстың (соның ішінде психика мен сананың) бастауы ретіндегі пракрит (материя,табиғат) туралы және одан дербес таза рух-пуруша(кейде Брахман немесе Атман деп аталады) туралы ережелер құрайды.Осылардан шығарма авторларының екі негізді мойындаған дуалистік көзқарасы айқын көрінеді. «Бхагавад-Гитаның» негізгі мазмұнын Кришнаның өсиеттері деген орынды. Үнді мифологиясы бойынша Вишнудың сегізінші аватарасы (осы кейіпте көрінуі)болып саналатын Кришна әр адамды өзінің әлеуметтік (варналық) қызметі мен міндеттерін орындауға,тұрмыс-тіршілігі жемістеріне бейтарап болуғы,өзінің бар ойын құдайларға бағыштауға үйретеді.Кітап адамның дүниеге келуі мен өлуінің құпиялары,материя мен адам табиғатының арақатынасы, адамның тіршіліктегі өмірін анықтаушы табиғат тудырған үш материалдық бастау- тамас( әрекетсіз ),раджас( құмаршыл,іскер,жігерлендіруші ),саттва ( рухтандырушы,ой сарайын ашатын,саналы ) және осылардың түстері (тиісінше қара,қызыл және ақ түстер), йога жолы( өзінің өмірін йога арқылы санасын жетілдіруге арнаған адам жолы),Ақиқат және ақиқат емес білімдер туралы көне үнді философиясынан мол мәліметтер береді.Байсалдылық,құмарлықтан аулақ болу,тіршілікке байланбау сияқтылар басты адамшылық қсиеттері қатарынан аталады. Йога «Ведаларға» сүйенеді және Веда философиялық мектептерінің бірі болып табылады.Ол әрі философия,әрі тәжірибе(харекет),жекелей алғанда,әр адамның рух еркіндігіне жету жолы,ол ең бірінші кезекте медитация арқылы адамның өз есімі мен ойын өз ырқына бағындыруға арналады.Медитацияны жақсы меңгерген жағдайда адам самадха күйіне (толық интраверсия) енді. Индуизмнің тағы бір арнасы-«пурана» діни-мистикалық поэмалары. Оларда космогониялық аңыздар мен құдайлар геналогиясы топтастырылған. Индуизм тарихының ерте кезеңінде Брахманың әлемді жаратушылық орны, оның құдайларының ішіндегі біріншілігі қалтқысыз мойындалса,бертін келе Вишну мен Шива онымен қатар қойылып,”Тримурти”немесе үштік ұғымы орнығады.Брахманың өзін барлық өзге құдайларды жаратушы бас құдаймын деп жариялағаны үшін оны Шиваның жазалап,бес басының бірін шауып тастағаны,сөйтіп оның адам-құдай бейнесін алуы туралы айтылады.Одан гөрі кейініректегі аңыздарда Брахма әлемді Вишну мен Шиваныңнұсқауымен жаратты делініп,оның Тримуртидегі тұғыры қайта қалпына келтіріледі. Әдебиеттер: 1. Дінтану негіздері. Ғ.Есім., А.Артемьев., С.Қанаев.,Г.Біләлова Алматы. 2003 2. Дін және еркін ойшылдық. Аханов Б. Алматы. 2002 3. Діндер тарихы мен теориясы және еркін ой. Мұханов К., Әйтімбетова Г. Алматы 1996 4. Дінтану негіздері. Бәйтенова Н.Ж., Затов Қ.А. Алматы. 2006
Дата добавления: 2014-01-20; Просмотров: 646; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |