КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Лекция № 8. Жоспар: Буддизм дінінің негізінде пайда болған діни ағымдар
Жоспар:
Сабақтың мақсаты: Буддизм дінінің пайда болуы, дамуы кезеңдері, діни философиялық ілімінің ерекшеліктері, Буддизм мектептері және олардың көзқарастарымен таныс болу. Сабақтың міндеті: Буддизм дінінің пайда болуы және таралу тарихы жөнінде мәліметтер беру. Студентті оқу материалын өзінше іздеп табуға, оны түсініп пайдалануға, онымен жұмыс істеуге үйрету. Тақырып бойынша мәліметтерді толық меңгеру. Арийлер мифологиясында кейіннен көне үнді діни дәстүрлерінен орын алған, соның ішінде будда діні қабылданған отыз үш негізгі құдірет иесі болды. Оларды бастапқыда “перілер” деп атап, орындарына қарай үш топқа жіктеді. Олар васу - жер құдайлары, рудра - ауа құдайлары және адитья – аспан құдайлары болып ажыратылды. Олардың бәрі бірігіп аспанның тылсым күштері- асулармен күресті. Құрбандық ғұрыптары атқарылғанда, бұл құдайлардың бәрі бір бейнеге топтастырылып, Вишвеведа, яғни “Барлық құдайлар “деп аталып ортақ дұға оқылды. Көне үнділерде де барлық діндерге тән құдайлар пантеоны болды. Олар аспан құдайы Деус –Питар мен жер құдайы – Притхивиді ерекше құрметтеді. Өзге құдайлардың көбі осылардан тарады деп санады. Сол сияқты шексіздікті сипаттаушы Адити әйел құдайынан Митра, Варуна, Арьямана, Аншу, Бхагу, Дхатар, Индра және Вивсват туады деген сенім болды. Митра (дос, одақ,беріктік) адамдардың достығы мен бірлігінің кепілі, оларды ауру-сырқаудан сақтаушы, күннің шығуы мен батуын қадағалаушы, аспан мен жерді ұстап тұрушы, сондықтан ең жоғарғы құдай саналды. Веда мифологиясында Варуна мен Митра бейнелері бір. Өйткені ол екеуі де әлемдегі адамшылық әдеп- тәртібінің бұлжымастығы (дхарман) үшін жауапты. Мың көзді Варуна құдайы жер мен аспанды ажыратып, әлемді жасаушы, ол барлық құдайларға, перілер мен адамдарға әмір жұргізеді, жаңбыр құдайы болуы себепті бүкіл су иесі. Ол аспанды мекен етеді. Сол биіктен жер бетіндегі болып жатқан барлық істерді бақылап, әлемдегі заңдылықтың сақтаушысы және бірден-бір төрешісі ретінде адал жолдан ауытқығандарды жазалап отырады. “Ведаларда”кейде “құдайлар патшасы”аталатын Индра жауынгер – құдай, пнрілермен соғысып, оларды жеңуші найзағай құдайы, жауынгерлерге батылдық пен қуат беруші бейнесінде суреттеледі. Бірде зұлым Вритра аспан суларын, яғни жауынды ұрлап алды, Индра онымен соғысып, суларды жерге қайтадан қайтарды. Индра аспанда бұлттарды сиыр кейпінде айдап жүреді, содан жерге жауын жауып, ол ұрысқа енгенде, жанында әрдайым маруттар- ағайынды жауын мен жел құдайлары еріп жүреді, делінеді мирфологияда. Рудра- маруттарды тудырушы, ашу мен ыза құдайы, солтүстікті мекендеген, адамзатқа түрлі аурулар жіберіп отырған, сонымен бірге қандай науқастан болмасын айықтырушы керемет емші де. Оның бейнесі түрлі- түсті бояулармен беріледі. Әдетте қарны қара, арқасы қызыл, мойны көк түспен боялады. Агни -веда гимндерінде құдіретті оттың символы, дін уағыздаушы құдай, адамдар мен құдайлар арасындағы байланыстырушы. Агни әрқашан адамдардың құлшылық тілектерімен бірге құдайларға жететін қасиетті құрбандық оты тұтатылған жерден табылады. Ол алтын шырайлы, жарқын сәулелі, жылу беруші данышпан және аса инабатты құдай кейпінде беріледі. Агнидің ерекшелігі- оның үштік табиғаты: үш басы, үш тілі және үш нұры бар, үш жерді мекен етеді. Сома - өзі де құдай дағуасында бола отырып, мәңгілік ғұмыр, қуат, бақыт пен қуаныш беретін “сома”құдіреті шырынының символы.“Сома” адамдар ғана емес, сонымен бірге құдайларға да қуат береді, әйтпегенде олар қаһармандық жасай алмаған болар еді деп саналған. Ай мен Күннің шапақ атып тұруы да соның еркінде.
Әдебиеттер:
Дата добавления: 2014-01-20; Просмотров: 910; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |