Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Лекция №14. 1. Дәстүрлі емес діни қозғалыстар

Жоспар:

1. Дәстүрлі емес діни қозғалыстар.

2. Олардың қоғамдағы ролі мен мәні.

Сабақтың мақсаты: Дәстүрлі емес діни қозғалыстар мен ғибадаттардың пайда болуының себептері. Оларды классификациялаудың принциптерін және ерекшеліктерін көрсету.

Сабақтың міндеті: Тақырып бойынша мәліметтерді толық меңгеру.

Адамдардың діни сенімдеріне қатысты Қазақстан Республикасы Конституциясының 22-бабында былай делінген: “Әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар.” Адамның қандай діни сенімге енуі, оның жеке басының ісі. Бұл жөнінде Президент Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстан - 2030” деген Қазақстан халқына жолдауында: “Әртүрлі этникалық және діни топтардың біреуіне мүмкіндік беріп, екіншісіне еркіндік бермеген елдің болашағы жоқ,”-деген болатын.

Конституцияның бесінші бабында дін және діни бірлестіктер туралы былай жазылған:

«3. Мақсаты немесе іс - әрекеті Республиканың Конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік- топтық және рулық араздықты қоздыруға бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың қызметіне, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендірілген құрамалар құруға тыйым салынады.

4.Республикада басқа мемлекеттердің саяси партиялары мен кәсіптік одақтарының, діни негіздегі партиялардың қызметіне, содай – ақ саяси партиялар мен кәсіптік одақтарды шетелдік заңды тұлғалар мен азаматтардың, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қаржыландыруына жол берілмейді.

5. Шетелдік діни бірлестіктердің Республика аумағындағы қызметі, содай – ақ шетелдік діни орталықтардың Республикадағы діни бірлестіктер басшыларын тағайындауы Республиканың тиысті мемлекеттік органдарымен келісу арқылы жүзеге асырылады.”

Он төртінші бапта былай жазылған:

“2. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез – келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.”

Он тоғызыншы бапта:

“1. Әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және көрсету көрсетпеуге хақылы.”

Жиырмасыншы бапта:

“3. Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды насихаттауға немесе үгіттеуге жол берілмейді.”

Демек, дін және діни бірлестіктер туралы құқықтық конституциялық негіз жасалған. Бірақ, бүгінде 1992 жылы қабылдаған “Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы” заңды 1995 жылғы қабылданған соңғы Конституция негіздеріне сай етіп, қайта толықтыру мәселесі басылым беттерінде талқыланып жатыр.

Қазақстан Республикасы тәуелсіз ел болып жарияланған соң, дін бостандығы жаңа арнаға түсті. Кеңес империясы негізінде атеизм мемлекеттік идеология болғандықтан діни әрекеттер шектеу қойылған болатын. Марксистік – лениндік ілімнің келмеске кетуімен бірге атеизм бұрынғы күшін жойды. Атеистік дәстүр орнына дінге сену ісі өріс алды.

Қазіргі Қазақстанда 46 конфессия мен деноминациядан өкілдәік танытатын 2192 діни бірлестік құқық қорғау орындарында тіркелген. Сонымен қатар 246 шетелдік миссионер республика көлемінде әрекет етуде. Мұның бірі 1992 жылғы “Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы” заңмен реттелген.

Соңғы халық санағы бойынша қазақтардың еліміздегі үлес салмағы елу пайыздан асқандықтан ислам дінінің қоғам өміріндегі орны ерекше.

Республикада лютеран шіркеуінің негізгі үш бағытының өкілдері бар. Олар – евангелие шіркеуі, лютеран ағайындар және Миссури синодының қолдаушылары. Бұлардың бәрі өз ілімдерін Ауксбург дін уағызына (1530 жылы) негіздейді. Айырмасы – құлшылықты атқару рәсімінде ғана. Сондықтан олар бір-біріне қарсы келмек былай тұрсын,әрдайым жәрдем көрсетіп отырады.

Әдебиеттер:

1. Дінтану негіздері. Ғ.Есім., А.Артемьев., С.Қанаев.,Г.Біләлова Алматы. 2003

2. Діндер тарихы мен теориясы және еркін ой. Мұханов К., Әйтімбетова Г. Алматы 1996

  1. Дінтану негіздері. Бәйтенова Н.Ж., Затов Қ.А. Алматы. 2006

 

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Лекция №13. 1. Ислам діні және өркениеті жайында | Лекция № 15. Сабақтың мақсаты:Еліміздегі ар-ождан бостандығы және оның заңмен реттелуі
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-20; Просмотров: 1234; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.012 сек.