Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Лекция №13. 1. Ислам діні және өркениеті жайында

Жоспар:

1. Ислам діні және өркениеті жайында.

2. Ислам ғылым және ғалымдар жайында.

3. Ислами модернизм.

Сабақтың мақсаты: Ислам дінінің пайда болуы, тарихи, мәдени-рухани дамуы кезеңдері, діни философиялық ілімінің ерекшеліктері. Ислам дінінің сенімдік жүйесін және қоғамда алатын орны туралы мәліметтермен танысу.

Сабақтың міндеті: Студентті оқу материалын өзінше іздеп табуға, оны түсініп пайдалануға, онымен жұмыс істеуге үйрету. Тақырып бойынша мәліметтерді толық меңгеру.

Теологтар алты кітапты беделді деп мойындайды. Олар - Әбу Абдаллаһ Мұхаммед ибн Иамаил әл – Бухаридің «Әлжәми ас – сахих», Муслин ан – Нишапуридің осы аттас кітабы, ибн Маджда Кәбуринидің, Әбу Дәуіт ас – Сиджистанидың, ән – Нисаидің «Сун-нан» атты кітаптары және Мұхаммед ат – Тирмизидің «Әл – жами әл – Кабир» еңбегі. Осылардың арасында әл – Бухаридің еңбегі беделді саналады. Ол алты жүз мың шамалы хадисті зерттеп, кітабына ақиқат (сахихи) хадистер деп 7250 хадисті енгізген.

Құран және осы хадистер негізінде және оларға иджма (алғашқы төрт халифтің шығарған қағида – ережелері) мен қияс (Құран, хадис және иджмаға сүйеніп шығарылған қағида – ережелер) қосылып, мұсылмандар үшін қағида – ережелердің жинақтары жасала-ды. Олар «фикх» - деп аталады. Ал фикх негізінде ислам қауымының тұрмысын реттейтін заңдар мен қағидалар жасалады. Бұлар «шариғат» (арабтың шариа – мақсатқа бастайтын тура жол деген сөзінен) деп аталады.

Құранның текстінің ең көне қолжазба түрінің сақталуы VII ғасырдың аяғына барып тіреледі.Мұндай көне Құран көшірмелері Меккедегі Қағбамен Мәдинадағы пайғамбар мешітінде сақталған. Сондай-ақ қолжазба кітаптін тағы екеуі бізге жеткен; бірі Каирдегі Египеттің ұлттық кітапханасында екіншісі «Оспан құраны» қазіргі Орта азия мұсылмандары діни басқармасында сақтаулы. Құранның аудармаларына тоқталсақ негізінен Құранды оқып-үйренуді батыс ғалымдары ертерек қолға алған, 1543 жылы Ретененсис оны латын тіліне, ал росс 1649 жылы ағылшын тіліне, Глеземакер 1658 жылы Голланд тіліне, 1688 жылы неміс тіліне айударған. Швейцариалық арабтанушы Адам Мец, неміс семитологі. Т.Нельдек, мажарлық И.Гольдцмер және т.б. Құарнды талдаумен түсініктемелер берумен айналысқан. Құранның ағылшын тіліндегі аудармасын Джорд Сэйле 1734 жылы Лондонда бастырылды. Осы ағылшын басылымынан Алексей Колмаков 1792 жылы орысшаға аударған.Француз тілінде А,дю Риенің аудармасымен шықты. Петр І-інің бұйрығымен 1716 жылы орысшаға осы французшадан айдарылды.Кейіннен 1787 жылы Екатерина ІІ-шінің қаржысымен Осман-Исмайл мулланың даярлауы және түсініктерімен Құранның арабша тексті Петербургте алғаш рет басылды. Құранды арабшадан орысшаға бірінші рет көрнекті шығыстанушы Г.С.Саблуков аударды. Ол әуелі де Саратовта мұғалім, кейін Қазан қаласының діни академиясының профессоры болатын. Алғашқы нұсқасы 1878 жылы, екінші рет Қазанда 1884 жылы, ал үшінші рет 1907 жылы басылды. Ал, академик И.Ю.Крачковтың ғылыми аудармасы 1963 және 1986 жылдары Мәскеуде басылып шықты.

Мұсылман мемлекеттерінде қоғамдық заңдардың барлығы шариғат талаптарына бейімдеу Құран аяттарымен бекітіледі (Құран 3-ші сүре, 99-ші; 103-ші аяттар). Сондықтан да шариғаттың тағы да бір сүйенетін қайнар көздерінің бірі – иджама (Құран мен Сүннетті негізге ала отырып қоғамдағы діни ғалымдардың шығарған шариғатқа қайшы келмейтің фатуалары).

Құранның мәдени мұра ретіндегі маңызы дін ауқымынан да әлдеқайда кең. Ол ислам өркениеттінің гүлденуіне жол салды.ислам діні орныққан соң ерекше дамыған «араб тілді философия» аталған ғылым саласы марғау Европаның шығармашылық ойын оятты. Бұл ғылымның негізін салушылар қатарында әл –Кинди есімімен бір дәрежеде біздің данқты бабамыз Әбу –Насыр Мұхаммед әл –Фарабиесімі де орнымен аталады. Оның араб тілді аталуының мәні де сонда – ислам мәдениеттің көркеюіне хақ дінді қабылдаушы барлық халықтар солардың ішінде түркі халықтары да тең дәрежеде үлес қосты.Мұсылман мейрамдары.

Әр мұсылман үшін жұма – қасиетті күн. Ол бүкіл араб елдерінде демалыс. Рамазан айының жиырма жетінші түні – “ләйлат әл - қадр”- қадір түні. Бұл түнді шырақты сөндірмей тілек үстінде өткергендерге Алланың рақметі жауады. Оның шығу тарихы – Құран - Кәрим Алладан Мұхаммед пайғамбарға аян етілген. Ид - әл – фитр – ораза мейрамы. Рамазан айындағы оразадан соң, шәууәл айының бірінші жұлдызында аталады. Міндетті түрде фитр садақасы үлестіріледі.

 

Әдебиеттер:

1. Дінтану негіздері. Ғ.Есім., А.Артемьев., С.Қанаев.,Г.Біләлова Алматы. 2003

2. Діндер тарихы мен теориясы және еркін ой. Мұханов К., Әйтімбетова Г. Алматы 1996

  1. Дінтану негіздері. Бәйтенова Н.Ж., Затов Қ.А. Алматы. 2006
<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Лекция № 12. 1. Ислам дінінің пайда болуы және негізгі ерекшеліктері: ағымдар, діни оқулықтар | Лекция №14. 1. Дәстүрлі емес діни қозғалыстар
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-20; Просмотров: 936; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.011 сек.