КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Лекция № 12. 1. Ислам дінінің пайда болуы және негізгі ерекшеліктері: ағымдар, діни оқулықтар
Жоспар: 1. Ислам дінінің пайда болуы және негізгі ерекшеліктері: ағымдар, діни оқулықтар. 2. Қасиетті Құран – кітабы, адам мен дүниенің жаратылысы жайында. Сабақтың мақсаты: Ислам дінінің пайда болуы, тарихи, мәдени-рухани дамуы кезеңдері, діни философиялық ілімінің ерекшеліктері. Ислам дінінің сенімдік жүйесін және қоғамда алатын орны туралы мәліметтермен танысу. Сабақтың міндеті: Тақырып бойынша мәліметтерді толық меңгеру. Басқа да дүниежүзілік діндер сияқты Ислам дінінің де өзіндік ұзақ тарихы бар.Ол тарих дүние жүзілік әлем тарихымен ұштасып, жұптасып, шымдасып жатады. Бірақ, Ислам дінінің шығу дәуірінде, уақыт талабына, оны ұстанған халықтардың тұрмыс-тіршілігіне, әдет-ғұрпына байланысты, психологиясына, көңіл-күйіне қарай өзіндік ерекшеліктерінің бар екенін аңғарғанымыз жөн. Ислам діні-дүние жүзілік діндердің ішінде ең кеш шыққан жас дін. Ол біздің заманымыздың VII ғасырында Аравия түбегін мекендеген тайпалар алғашқы қауымдық қатынастардан таптық қатынастарға көше бастаған кезде құл иеленушілік идеологиясы ретінде дүниеге келді. Тарихи деректерге, әдеби аңыздарға сүйенсек, Ислам діні Аравиядағы Хиджаз өлкесінің ең ірі қаласы-Меккеде шықты. Аравия елі бірқатар бай елдердің орталығында болды. Олар: Рим, Византия, Египет, Иран және басқа елдер бір-бірімен сауда қатынасын жасаған кезде Аравия жерін басып өтетін. Бұл діннің арабтардың ортасында пайда болып, кең қанат жаюына қандай тарихи жағдайлар әсер етті және мұндай сирек құбылыстың саяси - әлеуметтік, этнографиялық түп – тамырын қайдан іздеуге болады? Міне, бұл сұрақтарға көптеген зерттеушілер жауап іздеуде кейде толықтай болмаса да исламға дейінгі және ежелгі исламдық дәуірлерден сан – салалы деректер желісінде жауап тапқандай болады. Ондай бағалы тарихи деректерді Оңтүстік Арабияның қалаларында сақталған ескерткіштер мен көне жазулар құрайды. Сондай-ақ исламға дейінгі VI-VII ғасырларда жазылған ауызша мұра арабтық поэзияда арабтардың күнделікті тұрмыс – салты, көптеген тайпалар мен қарым-қатынасы, діни –наным сенімі туралы көптеген деректер келтірілген. Ал, Құранның өзі ежелгі және исламға дейінгі арабтардың тарихы туралы ең негізгі дерек көзі болып табылады.VI-VII ғасырларда Арабия халқының көп бөлігі көшпенді малшылар болды. Негізінен оларды арабтар деп атады: ‘араб, а‘раб, ‘ураб, урбан. Тек VII ғасырдан кейін ғана бұл этноним ислам дінін қабылдаған және біртіндеп араб тіліне көшкен отырықшы халықтардың ортасында кеңінен тарала бастады. Тым ерте кезде мал шаруашылығымен айналысқан оңтүстік арабтары иемендер және басқаларының тілдері көшпелі тайпалар диалектісіне сәйкес келсе де, өздерін арабтарға қарсы қойды. Бұл қарсылық шежіреде көрініс тапқан. Онда солтүстік тайпалардың ата-бабасы – мудар, ал оңтүстік тайпалардікі – Иаруб болып саналады. Араб тілі – Таяу Шығыстың ежелгі тілдері ассирия, финикий, еврей, арамей, вавилон, ахмар және эфиопияның басқа да тілдері енетін семит тіл тармағына жатады. Бұлардың ішінен араб тіліне ең ұқсасы ежелгі еврейлік пен оның бүгінгі таңдағы нұсқасы иврит. Ежелгі кезеңде шамамен б.з.б III мың жылдықта Солтүстік Арабияда еврейлермен арабтардың түп тамыры бір этникалық және тілдік қауымды құраған. Таурат сарындары мен сабақтас арабтардың аңыздарына құлақ салсақ, көне өсиеттегі Ибрахимнің баласы Ысқақтан еврейлер, Исмайлдан арабтар тараған. Ысқақ пен Исмайлдың шешелері бөлек болғанымен, әкелері бір ағалы-інілі туысқандар. Сондықтан арабтық – еврейлік аңыздарда ортақ кейіпкерлер мен сәйкес оқиғалар көп. Бірақ б.з.б XIII ғасырда Палестинаны жаулап алған еврей тайпалары сол жерде отырықшылыққа көшіп басқа семиттерден біржола бөлініп, жеке халық болып қалыптасады. Ханифшілер иудейлік және христиандық үлгілермен бір құдайға табынуды жақтады. Бірақ олар күмәнді болды. Әдетте басымдыққа ие болған тайпа көсемі немесе мемлекет басшысы бір дінді қалап, соны уағыздайтын. Яғни дін күшпен орнап, сол күштің, саясаттың қызметшісі болатын.Ал VII ғасырдағы Араб елінде оқиға мүлдем басқа жолға түсті: жаңа,хақ дінді саятшы көсем емес, дін уағызшы, Алланың елшісін насихаттап, Атлантикадан Үнді мұқитына дейін созылып жатқан аса қуатты мемлекет – Араб халифатын орнықтырды. Адамзат тарихында осындай ересен бетбұрыс жасаған Меккедегі аса беделді құрайыш тайпасының Әшім әулетінен шыққан Мұхаммед пайғамбар еді. Ислам «Мұхаммед пайғамбардың мөрі»- деп атайды. Өйткені ислам діні адамзат баласына келген және келетін ең соңғы хақ дін, Мұхаммед Алланың ең соңғы елшісі болып саналады.
Әдебиеттер: 1. Дінтану негіздері. Ғ.Есім., А.Артемьев., С.Қанаев.,Г.Біләлова Алматы. 2003 2. Дін және еркін ойшылдық. Аханов Б. Алматы. 2002 3. Діндер тарихы мен теориясы және еркін ой. Мұханов К., Әйтімбетова Г. Алматы 1996 4. Дінтану негіздері. Бәйтенова Н.Ж., Затов Қ.А. Алматы. 2006
Дата добавления: 2014-01-20; Просмотров: 775; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |