Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Лекция №11

Жоспар:

1. Протестантизм және ондағы негізгі бағыттар: лютерандық, кальвинистік, англикан шіркеуі.

2. Қазіргі заманғы христиандық және саясат.

Сабақтың мақсаты: Протестант бағытының пайда болуы, дамуы кезеңдері, діни философиялық ілімінің ерекшеліктерін айқындау. Олардың діни сенімдік принциптерін білу.

Сабақтың міндеті: Тақырып бойынша мәліметтерді толық меңгеру.

Протестантизм. Христиандықтың өз ішінен екінші рет ірі конфессияға бөлінуі XVI ғасырда болды. Бұл кезде Европада феодализмге қарсы бағытталған әлеуметтік-саяси күрес басталған еді. Феодализмнің идеологиялық тірегі болғандықтан басты соққы католицизмге қарсы бағытталады.бұл қозғалыс «реформация» «лат. тілінен «қайта құру,тузету».) деп аталды.

Реформацияның басталуы Мартин Лютердің (1483-1546) есімімен байланысты. Ол өте талантты адам еді. Діни ілім профессоры, неміс тілінің тамаша білгірі Мартин Лютер Інжілді бірінші болып неміс тіліне аударды.

Ол 1517 жылы 31 қазанда өзі қызмет қылатын храмның есігін шегелеп, оған атақты 95 тезисін жазып іліп, ашық қарсылыққа шықты. оған Лютер қызмет жасайтын Витенберг қаласына Рим өкілінің индульгенцияны жаппай сатуға келуі мұрындық болды. Индульгенция бастапқы кездері құдай жолында жүргендерге сыйлық тәрізді болса, енді ол товарға айналды. Осы жолы да индульгенцияны сатып, одан түскен қаржыны Римдегі әулие Петр соборын салуға бағыттау көзделді.

Лютер шіркеуді өз ішінен реформациялауға ұмтылды. Ол өз ілімін Інжілге, діннің рәміздеріне қарсы емес, оған соңғы уақыттарда қосылған нәрселерге ғана қарсы деген берік сенімде болды. Лютерандар ресми Римнен 1521 жылы біржола қол үзді. Бұл «аусбург өсиеттері» деген құжатпен бекітілді.

Лютер идеясы Германияда, одан кейін Скандинавия елдерінде үлкен қолдау тапты. Оның бірнеше себебі болды. Біріншіден, католик шіркеуінің қолдауына сүйенген феодалдық қанаудан неміс бюргерлері мен шаруалары ауыр зардап шекті. Екіншіден, Рим неміс князьдарының ісіне ұсақ нәрселердің өзінде араласа берді. Католицизмнің экономикалық, саяси, рухани өктемдігі неміс княздарының наразылығын тудырды. Осыдан құтылудың жолы, олардың пікірінше, өз діні болуы тиіс деп түсінді. Рейхстаг 1529 жылы бұған қарсы әрекет жасады. Неміс князьдары оған қарсы тұрды. Осыдан жаңа атау – «протестанизм» пайда болды.

Лютердің реформаторлық идеяларын Швейцарияда Ульрих Цвингли (1484-1531) мен Жан Кальвин (1509-1564) батыл қолдап, одан әрі терендетті.

У.Цвингли өзінің қызметін мемлекет мәртебесіндегі қала - Цюрихте жүргізді. Ол монастырларды жапқызды, шіркеуден көркем сурет пен музыканы аластатты. Ол Лютер мен онын жактастары реформациялауда жарты жолда тоқтап кдлды деп есептеді. Цвинглидің өмірі кайғылы аякгалды: ол католиктермег ұрыста кдза тапты.

Ж.Кальвин өзінің насюатын Женевада жүргізді. Ол өзінін реформаторлық идеяларын "Христиан дінінің уағыздары" деген еңбегіндс айтты. Бұл еңбектің соңғы варианты 1559 жылы харық көрді. Оның ілімі протестантизм ішіндегі жекедіни ағым болып қалыптасты.

Кальвиннің ілміндегі басты қағида — адам тағдырының әуел бастан жазылып қойылғандығы. Ол кімнің тамұққа баратыны, кімнің жұмақ рахатын көретінін құдай әуелден-ақ жазып қойған, сондықтан адамдардың бір нәрсені өзгертемін деп жанталасуы бекершілік деп уағыздады.

Ол бойынша, құдайға құлшылық жасаудың басты нысаны — еңбек. Кімде-кім бұл дүниеде жақсы еңбектенсе, соны о дүниенің рахаты күтіп тұр.

Францияда Кальвиннің ізбасарлары атақты гугеноттар, Англия мен Шотландияда просвитериандар болды. Бүгінде просвитериан шіркеуі дүние жүзінің көптеген елдерінде бар.

Англиядағы реформация қозғалысы протестантизм солғын түрде көрініс беретін англикан шіркеуінің құрылуына жол салды. Бұл қозғалысты король Генрих ҮІІІ (1491-1547) басқарды. Ол Ватикан үстемдігін ауырсынды. Екінші жағынан жеке басының мүддесі болды. Ватикан корольдің әйелінен ажырасып, екінші рет үйленуіне тыйым салды. Бірақ, басты себеп одан әлдеқайда тереңде жатыр еді. Англияның Франция мен Испания сиякты католиктік елдер каупі алдында күш алуы жене шіркеу мен монастырлер есебінен мемлекет қазынасын толыктыру сияқты саясн және экономикалық мүдделер алдыңғы қатарға шықты. Ватиканмен арадағы бұл карсыластық ақырында Генрих ҮШ-нің 1553 жылы шіркеуден аласталуымен аяқталды. Ал 1554 жылы ағылшын парламенті Агылшын шіркеуін Римнен төуелсіз деп жариялады. Осы уакыттан бері ағылшын шіркеуін король мен королева басқарады.

 

Әдебиеттер:

1. Дінтану негіздері. Ғ.Есім., А.Артемьев., С.Қанаев.,Г.Біләлова Алматы. 2003

  1. Дін және еркін ойшылдық. Аханов Б. Алматы. 2002
<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Лекция №10 | Лекция № 12. 1. Ислам дінінің пайда болуы және негізгі ерекшеліктері: ағымдар, діни оқулықтар
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-20; Просмотров: 819; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.1 сек.