Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Орытынды. Нарықтық жағдай, қызмет ұсынушы жағдайы,туристік өнімдіпайдаланушының талаптары осы негіздер жағдайлар

Нарықтық жағдай, қызмет ұсынушы жағдайы,туристік өнімдіпайдаланушының талаптары осы негіздер жағдайлар ескерілген жағдайда туристік қызметті жобалау және бағдарлау өз нәтежиесін табады.Туристік өнімнің жағдайыжәне оның құрылымы мемлекеттік стандартқа сай болуы керек.Бұл негізгі туристік өнімге қойылатын талап және туристік өнім немесе қызмет көрсету нақты талаптармен минималды жағдайларды қамтамасыз етуі керек.

Әдебиеттер:

1. Ильина Е. Н., Туроперейтинг: организация деятельности, Москва, 2005

2. Ушаков Д.С, Туроперейтинг, «Март», Москва, 2004

Қосымша әдебиеттер:

1.Туковский М., Маркетинг гостиничных услуг. Москва, 2008

2.Ассоциация авторов и издателей «Тандем» Гостиничный и туристский бизнес, М.,1998

Дәріс 6. Қызметтерді жабдықтаушылар және туроперейтингтік бағдарламаны дайындау.Келісім-шартты жоспарлау

Дәрістің мақсаты: туристік қызметті жеткізушілердің ерекшелігін анықтау және келісім шарттағы маңызды аспектілерді қарастыру.

Дәріс сұрақтары:

1.Қызметтердіжабдықтаушылар түсінігі, туристік нарықта алатын орны

2.Турды жоспарлау кезеңдері

3.Келісім-шарт жоспары

Тақырып бойынша негізгі түсініктер: қызметтерді жеткізушілер, туроперейтинг бағдарламасы, келісім-шарт жоспары, турды жоспарлау.

 

Саяхат уақытында туристерге қызмет көрсетуде көптеген түрлі ұйымдар мен кәсіпорындар қатысады. Оларға орналастыру құралдарын ұсынатын кәсіпорындар (қонақ үйлер, турбазалар, мотельдер және т. б.); тамақтандыру кәсіпорындары; экскурсиялық фирмалар; көліктік компаниялар және кәсіпорындар; спорттық ұйымдар; рекреациялық кәсіпорындар; тұрмыстық фирмалар; сауда ұйымдары және т. б. кіреді.

Турды өту уақытында туристке кешенді түрде қызмет көрсетуге қатысқан барлық кәсіпорындар мен ұйымдардытуристік тәжірибеде қызметтердіжабдықтаушылар деп атау қалыптасқан. Туроператордың қорытынды ұйымдастыру-жинақтаушы рөлінде және туристік өнімнің жылжуындағы маңыздылығында қызметтердіжабдықтаушылардың алатын орнын бағаламауға болмайды. Тур кезінде туристермен негізгі байланыс қызмет көрсету деңгейінде анықталады, яғни турист турды сапалы өнім ретінде қабылдау, әрбір қызметтің жеке сапасына, турист қажеттілігін қанағаттандыруға тәуелді болып келеді. Сондықтан турдың бағдарламасын құру кезінде қызметтердіжабдықтаушыларға ерекше көңіл бөлінеді.

Қызметтердіжабдықтаушылармен жұмыс кезінде маңызды аспектілер:

- Серіктес ұсынатын қызметтердің сапасын қатаң қадағалау, сонымен қатар туристік нарықта қызметтердіжабдықтаушылардың басқа да серіктестердің арасындағы абыройын есепке алу.

- Тур бағытталған туризм түрі мен тұтынушылардың әлеуметтік сегментіне байланысты қонақ үй типі мен деңгейінің, тамақтандыру орындарының, транспорттық қызметтің сәйкестілігін анықтау.

- Серіктестік туралы келісім-шарт құжаттарын жасау кезінде мұқият және кәсіби келу, ол болашақта фирманың абыройына әсер етуі мүмкін. Себебі клиент алдында серіктестер үшін туроператор жауапты.

Болашақ серіктестерді іздеу белгілі бір елде тіркелген көптеген туристік кәсіпорындардан бірге жұмыс істеуге қызығушылық тудырған сонымен қатар туристке қызмет қөрсетуде сіздің талаптарға сәйкес іздеу қажет. Оларды Интернет, анықтамалар және басқа да байланыс құралдары арқылы іздеуге болады. Көп жағдайда арнайы көрмелер мен жәрмеңкелерде қызметтері жеткізушілермен байланыс орнатылады.

Әрбір көрсетілетін қызметтіңең жақсы мүмкіндіктерін таңдау маңызды. Қонақ үй және транспорттық қызмет көрсетуде серіктестерді таңдағанда, тек бір серіктеспен жұмыс істеу қажетсіздігін есте сақтаған жөн. Демалу және саяхат ету аймағында бірнеше қонақ үй мен тасымалдаушылардың болуы таңдау мүмкіндігін кеңейте түсумен қатар, конфликті жағдайлар кезінде альтернатива болып қызмет етеді. Бұл мәселенәі басқа да қызметтерді жеткізушілерге қатысы бар.

Қызметтерді жеткізушілер аймақтық қызығушылық, туризм түрі, қызмет көрсету бағдарламасының мазмұны, сонымен қатар тұтынушылардың жас ерекшелігі, әлеуметтік және экономикалық сегменттеріне байланысты іріктелінеді. Олардың іскерлік қабілеті мен нарықтағы абыройы маңызды рөл атқарады.

Туристік фирма турды жаңа орында ұйымдастыру туралы шешім қабылдау алдында маркетингтік зерттеулер жүргізеді. Тұтынушылардың қажеттілігін, сұраныс тенденцияларын анықтау қажет. Бұл турпакетті туристердің қажеттілігін толық қанағаттандыру негізіне қалыптастыруға көмектеседі. Сонымен қатар зерттеулер қызметтерді жеткізушілермен келісім-шарт жасауға және турды жоспарлауда дұрыс бағдар беруге септігін тигізеді.

Дайындық жұмыстары 2 жыл бұрын басталып, туристердің жаңа маршрут бойынша, жаңа бағдарлама бойынша немесе жаңа елге алғаш жібергенге дейін жалғасады. Кестеде жаңа жазғы туроперейтингтік бағдарламаның уақыт шкаласы берілген.

 

Әрекет ету Түрі Жылдар Мерзім Нақты атқаратын жұмыс түрі
Жоспарлаудың ғлыми-зерттеушілік жұмысы 1-ші жыл(турды кіргізуге дейінгі 2 жыл бұрын) маусым- тамыз     қыркүйек-желтоқсан Маркетингтік зерттеулер. Тур пакеттердің болашақ дамуына әсер ететін экономикалық фаторларды зерттеу. Қабылдау орны мүмкін болатын жерлерді анықтау.
Жоспарлау – келіссөздер жүргізу 2-ші жыл Қаңтар     ақпан-наурыз   сәуір-мамыр Маркетингтің екінші кезеңі-жан жақты салыстыру, таңдау. Маусым басталуы, жіберу уақыты, қонақ үйлер, олардың сыйымдылығы, тур ұзақтығы туралы шешім қабылдау. Брошюралар мен буклеттерге конкурс жариялау. Әуе компанияларымен чартерлік рейстер туралы, қонақ үйлермен, экскурсиондық операторлармен келіссөздер жүргізу.
Персонал мен буклеттерді дайындау жұмысы   Маусым   шілде–тамыз     қыркүйек-қазан   Қонақ үйлер, әуе компанияларымен, экскурсия, трансфер бойынша серсистік қызметпен келісім-шарт дайындау. Брошюрабуклет дайындап, басып шығару. Студияны дайындау. Каталог жасау. Валюта курсы және инфляцияны есепке алып турдың сату бағасын бағалау. Броньдау бойынша қызметкерлерді дайындау.  
Жыжу 3-ші жыл қаңтар-наурыз ақпан-сәуір сәуір-мамыр Брошюраларды нарықта орналастыру. Бастапқы сатылымдардың жылжуы. БАҚ арқылы турды алғаш жарнамалау. Жарнама және сату шыңы. Курорттық өкілдерді жинау және үйрету. Жаңа маршрут бойынша алғашқы сапар.  

 

Серіктестермен-қызметтерді жекізушілермен қарым-қатынас келісім-шарт түрінде ресімделеді.

Әрбір жұмыс жылына (немесе басқа жұмыс кезеңіне) келісім-шарт кампаниясы белгіленеді, сол кезде келісім-шарт жасалады. Келісім –шарт компаниясынан бұрын әдетте келісім-шарт жоспары құрылады, ол бірнеше бөлімдерден тұрады:

- серіктес атауы,

- негізгі келісім-шарт құралы,

- келісім-шарт мерзімі,

- келісім-шартқа отыру уақыты,

- ерекше белгілері.

Бұл келісім-шарт жоспары тур түріне және көрсетілетін қызметтерге тәуелді құрастырылады. Турдың бірнеше түрінде алдымен әрбір тур түріне жеке субжоспарлар құрылады, ал кейін – серіктестер географиялық принцип немесе келісім-шарт мерзімі бойынша топтасып жиынтық келісім-шарт құрайды.

Келісім-шарт жоспарын құрау алдында болашақ серіктестерді елестете білу және келіссөздер кезінде келісім-шартқа отыруға дайын болу қажет.

Бақылау сұрақтары

1.Туристік қызметтерді жабдықтаушылар дегеніміз?

2.Турды жоспарлау кезеңдерін атаңыз.

3.Келісім-шарт жоспарының бөлімдерін талдаңыз.

4.Қызметтердіжабдықтаушылармен жұмыс кезіндегі маңызды аспектілер қандай?

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Орытынды. Туристік нарықтың негізгі тауары туристік өнім болып табылады | Орытынды. Қорытындылай келе, қызметті жеткізушілердің функциялары мен міндеттері қарастырылды
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-20; Просмотров: 869; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.022 сек.