Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Орытынды. Қорытындылай келе, қызметті жеткізушілердің функциялары мен міндеттері қарастырылды

Қорытындылай келе, қызметті жеткізушілердің функциялары мен міндеттері қарастырылды. Келісім шарт жоспарының негізгі аспектілері көрсетілді.

 

Дәрістерге әдістемелік нұсқау

Бұл тақырыпты оқығанда студент келісім-шарт жоспарының тәртібін, маңыздылығын түсіну керек.

Әдебиеттер:

1. Ильина Е. Н., Туроперейтинг: организация деятельности, Москва, 2005

 

Қосымша әдебиеттер:

1.Жукова М.А, Менеджмент в туристком бизнесе, «Кнорус», 2006

2. Максименко С.М, Туристская деятельност, «АлтГаки», 2007

 

7.Қызметтерді жабдықтаушылармен келісім-шартқа отыру

 

Дәрістің мақсаты: Қызметтерді жабдықтаушылармен келісім-шартқа отыру, сатып алынатын бөлмелер топтарын мөлшеріне қарай бөлінудің түрлерін, комитмент,элотмент, броньдау негізінде бөлмелер тобын сатып алуды тереңнен қарастыру болып табылады. Дәріс сұрақтары:

1. Қонақ үй кәсіпорындарымен келісім жасау;

2. Әуе компанияларымен келісім орнату.

 

Тақырып бойынша негізгі түсініктер: комитмент,элотмент, броньдау,хотельер,

 

Туроперейтинг қызметінің негізгі бағыттарының бірі қонақ үй индустриясының кәсіпорындарымен байланыс болып табылады. Қонақ үй қызметтері турды қалыптастырушы және авиабилеттермен бірге турпакет бағасының көп бөлігін құраушы болып табылатындықтан, туроператордың қонақ үймен байланыс орнату үшін таңдаған стратегиясы турдың бағасы мен бәсекеге қабілеттілігін қалыптастырудағы мүмкіндктерін анықтайды.

Қонақ үй мен туроператор серіктестіктерінің дәстүрлі қалыптасқан стратегиялары мен стилі жоқ. Өйткені олардың қарым қатынас орнату сызбасы мен стилі екі жақтың мүмкіндіктері мен имиджине, дәрежелеріне байланысты болады. Хотельер мен туроператор қандай да стильді таңдамасын, ол ең алдымен бірқатар принциптер бойынша жүзеге асуы тиіс:

  • екі жақтың мүдделерінің тепе-теңдігі;
  • қонақ үйдің баға қою кезінде туроператордың жағдайын объективті түрде бағалауы;
  • бірлесіп жұмыс жасау жағдайларының тепе-теңдігі;

Туроператор мен қонақ үйдің бірлесіп жұмыс жасау сызбасын шартты түрде екі түрге бөліп қарастыруға болады. Бірінші түрі бөлмелерді сату кезіндегі қауіп қатерді туроператордың жауапкершілігіне тапсырумен байланысты. Серіктестіктің бұл түріне: отельді жалға алу, комитмент және элотмент негізінде бөлмелерді жалға алу, қайтарымсыз броньдау жатады.

Екінші топқа қауіп-қатер бойынша жауапкершілікті хотельерден туроператорға қарай ауыстыруды қарастырмайтын типтер жатқызылады. Олар: бір реттік тапсырыстар бойынша жұмыс істеу, жоғары комиссия негізінде жұмыс жасау.

Отельді жалға алу. Келісім шарттың бұл түріне тек қана қатты дамыған туроператорлар ғана келісе алады. Өйткені тәуекелділігі жоғары бұндай қызметке келісу үшін оператордың ең алдымен қаржылық ресурстары жоғары болу керек және жалға алу уақыты ішінде бөлмелерді сатып үлгеру үшін нақты мүмкіндіктерге ие болуы керек.

Отельді жалға алу деп біз қонақ үй иесінің қонақ үй нөмірлерін қолдану құқығын операторға белгілі бір ақша соммасы үшін айырбастауды айта аламыз. Бұл келісімнің экономикалық мағынасы тек туроперадордың өз атынан нөмірлерді пайдалану құқығына ие болуы ғана емес, сонымен қатар өзінің баға саясатын орнату мен коммерциялық қызметі кезінде туындаған барлық қауіп қатерді өз мойынына артумен байланысты.

Қонақ үйдің қоятын жалға алу құны бірнеше факторларға тәуелді болады: отель классы, орналасқан жері, нөмір қоры, жалға алу мерзімі.

Қонақ үйді жалға алған соң, туроператор өзінің агенттік жүйесін пайдалана отырып сол қонақ үй нөмірлерін сатуға кіріседі. Сатуды ол үш түрде жүргізуі мүмкін:

  1. Бөлмелерді туроператор нарығында өзінің ұсынатын турпакет құрамында сату.
  2. Тек қана жалға алынған қонақ үйдегі нөмірлерді орналастыру орны ретінде басқа туроператорларға сату.

3.Бөлмелерді сол қонақ үй негізінде сату.

Комитмент негізінде бөлмелер тобын сатып алу. Туроператор мен қонақ үй қызметінің кең таралатын түрі. Себебі серіктестіктің бұл түрін таңдаған кезде шығын мен тәуекелділік дәрежесі төмен болады.

Комитмент – туристік маусым алдында белгілі бір бөлмелер санын қонақ үй иесіне алдын ала толық немесе жартылай құнын төлеу арқылы комитмент мерзімі аяқталғанға дейін сатып алу. Бөлмелерді өткізудегі немесе өткізе алмау тәуекелділігі толығымен туроператор жауапкершілігіне артылып, сатылмай қалған бөлмелер үшін алдын ала төленген ақша қайтарылмайды.

Қонақ үй мен туроператор келісім-шартында келесі сипаттамалар ескеріледі:

· нөмірлер саны мен категориясы

· орындарды сатып алу мерзімі

· хотельердің ұсынатын дисконт мөлшері

· қатаң бекітілген бөлмелер – туроператор тізімде көрсетілген нақты бөлмелерді сатып алады

· еркін бекітілген бөлмелер – туроператор белгілі бір типтегі бөлмелерді сатып алады, бірақ олардың нөмірлері алдын ала бекітілмейді

Сатып алынатын бөлмелер топтарын мөлшеріне қарай келесі түрлерге бөледі:

· эксклюзивті – топқа кіретін бөлмелер саны қонақ үйдің нөмірлік қорының 50% құраса

· ірі – қонақ үйдің нөмірлік қорының 30-40%

· орташа – нөмірлік қордың 15-30%

· шағын – нөмірлік қордың 15%

Элотмент негізінде бөлмелер тобын сатып алу. Серіктестіктің бұл түрін комитент немесе жалға алу үшін қаражаты жеткіліксіз немесе тәуекелділікке барғысы келмейтін туроператорлар таңдайды. Бұл кезде туроператор бөлмелер үшін ақыны алдын ала төлемей, тек туристерді орналастырған уақытта ғана төлеуге құқылы.

Элотмент негзінде жұмыс істеу қонақ үй иесі үшін тиімсіз, себебі бөлмелердің сатылмай қалу тәуекелі соның жауапкершілігінде қалады.

Элотмент негізінде қаржылық жағдайы аз туроператорлар немесе шағын, нарықта әлі белгісіз қонақ үйлер жұмыс істеуге келіседі.

Элотмент негізінде туроператор алдын-ала броньдалған нөмірлерге туристерді жіберуден бұрын қонақ үйге сол клиент жайында мағлұматтарды жіберіп, тек туристер тұрақтанатын бөлмелер үшін ғана ақы төлейді.

Қайтарымсыз түрде броньдау негізінде жұмыс істеу. Элотмент және комитмент негізінде жасалатын келісімдерге қарағанда тәуекелділігі аз келісім түрі.

Қайтарымсыз түрде броньдау екі түрде жүргізілуі мүмкін:

· қатаң түрде бекітілген – қонақ үй бөлмелерін белгілі бір уақыт аралығында күндер мен уақыт мерзімін өзгерту құқығынсыз броньдау;

· өзгертілетін броньдау – броньдалған уақыт мерзімін айыппұл төлемінсіз өзгерте алу құқығына ие болу.

Қалыпты комиссия негізінде броньдау. Броньдаудың дәстүрлі түрі. Туроператор жауапкершілігне еш тәуекелділік пен шығындарды жатқызбайтын, қонақ үй иесінің жеңілдік жасауын талап етпейтін броньдау түрі. Туроператор нөмірлерді ақыны толық көлемде төлеген немесе алдын-ала төлем жасаған белгілі бір клиенттің тапсырысы бойынша бір реттік тапсырыстар жіберу арқылы жүзеге асырады.

Туроператорлардың қазіргі кездегі туристік нарықтағы ең көп уақыт пен еңбекті қажет ететін қызметінің бірі авиакомпаниялармен байланыс жасау. Бүгінгі күнде туроператорлар авиакомпаниялардың басты клиенттері, ал авиаұшулар турлардың ажырамас бөлігі болып табылады. Авиатурлардың өсуі халықаралық туризм географиясының кеңеюмен байланысты болып табылады.

Әуе компаниялары – әуе көлігінің белгілі бір паркі мен чартерлік және жүйелі әуемен тасымалдауды рұқсат ететін арнайы құжаттары бар мемлекеттік, муниципалды немесе жеке коммерциялық кәсіпорындар. Әуе компанияларды туристік индустрияның супрақұрылымына жатқызуға болады. Себебі олар тек туристерді ғана тасымалдаумен айналыспаса да, туристік белсенділікке тәуелді болады.

Тасымалдаушының құқықтары мен міндеттері:

· қауіпсіздікті сақтау мақсатында тасымалдаушы жолаушылардың қауіпті деп танылған жүктерін тасымалдаудан бас тартуға құқылы;

· жолаушы құжаттарының дұрыс болмауына байланысты жолаушыларды тасымалдаудан бас тартуға құқылы;

· тасымалдаушы жолаушылар мен олардың жүктерін кесте уақытына сәйкес тиісті пунктіне жеткізуге міндетті;

· тасымалдаушылар тіркеуден өтпеген жүктердің жоғалуына жауап бермейді;

Тасымалдау жүйелі және чартерлік рейстер арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

Жүйелі рейстердің сипаттамасы:

· бекітілген ұшу уақыты мен күні;

· қатаң бекітілген маршрут;

· ұшудың ұшақ орындарының толық толуы мен толмауына байланысты болмау;

· әуетасымалдаушы бекіткен тарифтер, жеңілдіктер;

Туроператордың қоятын негізгі баға тарифтері арнайы және жарнама тарифтері болуы мүмкін. Билет бағасы әртүрлі факторларға тәуелді: тариф түрі, әуекомпания классы, баратын елі, броньдау шарттары, клиенттің әлеуметтік категориясы мен жеңілдіктер.

Бақылау сұрақтары

1.Туроператор мен қонақ үй арасындағы байланыс?

2.Туроператор мен қонақ үй арасындағы келісім шарттардың түрлері?

3.Әуетасымалдаушылар – турдың ажырамас бөлігі ретінде?

Дәрістерге әдістемелік нұсқау

Тақырыпта туроператорлардың қызметін ұйымдастырудың нысандарын, олардың атқаратын функцияларының ерекшелігін талдап, турагенттермен салыстыру.

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Орытынды. Нарықтық жағдай, қызмет ұсынушы жағдайы,туристік өнімдіпайдаланушының талаптары осы негіздер жағдайлар | Дебиеттер. 1. Ильина Е. Н., Туроперейтинг: организация деятельности, Москва, 2005
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-20; Просмотров: 746; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.013 сек.