Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Дебиеттер. 1. Ильина Е. Н., Туроперейтинг: организация деятельности, Москва, 2005

1. Ильина Е. Н., Туроперейтинг: организация деятельности, Москва, 2005

2. Ушаков Д.С, Туроперейтинг, «Март», Москва, 2004

Қосымша әдебиеттер:

1.Тимохина Т.Л. Организация приема и обслуживания туристов, М., 2004

Дәріс 8.Инициативті және рецептивті туроператорлар арасындағы келiсiм-шарт

Дәрістің мақсаты: туристік саладағы әртүрлі келісімшарттар арасындағы айырмашылықты көрсету, келісімшарттардың маңыздылығын анықтау.

Дәріс сұрақтары:

1. Туроператорлардың келісім шарт жасасу түрлері.

2. Инициативті және рецептивті туроператорлар арасындағы келiсiм шарты

Тақырып бойынша негізгі түсініктер: иниациативті туроператорлар, рецептивті туроператорлар, келісімшарт, халықаралық деңгейдегі келісім-шарт қатынастары.

 

Туристердің орналасу орны, топтағы адамдар саны, орналасу күні белгілі болған соң келісімшарт жасасу кезеңі басталады. Келісімшарт қонақ үйлердегі, ұшақтардағы орындар сатылмай қалғанда немесе авиарейстер кейінге қалдырылғанда жауапты тараптардың міндеттерін реттеу үшін жасалады. Туроператордың дұрыс жасалған келісімі оны қызмет жабдықтаушылырына деген тәуелділіктен арылтады. Ірі туроператорлар қонақ үйлердің нөмерлер мөлшерін немесе толық жүктеу арқылы қонақ үй иелерімен ұзақ мерзімге шартқа отырады, мұндай жағдай оларға төменгі бағаны ұсынады, алайда бұл қонақ үй иелері үшін тәуекелділігі жоғары іс болып саналады(жоғары мнфляция жағдайында ол ақшасынан айырылуы мүмкін). Сонымен қатар бұл туроператор үшін де тәуеклділігі жоғары іс(барлық турлар сатылмай қалған жағдайда ақшасынан айрылады). Кішігірім немесе мамандандырылған туроператорлар жеке, ерекше, инклюзивті турларды сата отырып қонақ үйлермен еркін сату шартын жасай алады, яғни мұндай жағдайда қонақ үй туристердің максималды санын орналастыруға кепіл береді. Мұндай келісімнін де өзіндік кемшілігі бар, қонақ үй иелері белгілі бір күнді туристерді орналастыруға жабық деп жариялауға құқығы бар.Туризмде келісім-шарт қатынастары ұлттық және халықаралық деңгейдегі азаматтық құқық нормаларымен реттеледі.

Халықаралық деңгейде келісім-шарт қатынастары келесі құжаттармен реттеледі:

· Бүкіләлемдік туристік агенттіктер қауымдастығынын 1970ж 22 қазанда қабылдаған, саяхатқа шарт бойынша ковенциясымен(ФУААВ);

· Венадағы мемлекеттер кездесуіне қатысушылар – Қауіпсіздік Кеңесі Еуропа Кеңесінің(СБСЕ) 1992ж қабылданған Туристтiк шарттар және айырбастар бойынша жағдай;

· Халықаралық әуе тасымалдауларының негiзгi 1929 жылдың 12 қазан қабылданған ережелерiмен және 1955 және 1975 жылда енгiзiлген өзгерiстермен келiсiммен. (Варшава конвенциясы);

· Жолаушылардың 1967 жылдағы Брюсселде қабылданған халықаралық автомобилдiк тасымалдауы бойынша Женевалық конвенциямен.;

· ТМД мемлекеттерінің Парламент аралық ассамблеясының қаулысымен 1996 жылдың 29 қазанында қабылданған –ТМД мемлекеттерінің туризм саласы бойынша ынтымақтастығы.

Туроператорлар саудалары туристтiк қызметтер тәжрибесінде бағдарлаушы (инициативті-шетел турларын ұйымдастырушылар) және қабылдаушы(рецептивті) деп бөлінеді. Рецептивті және инициативті туроператорлар арасындағы келісім туроператорлар мен турагенттер арақатынасына ұқсас болып келеді. Инициативті туроператор мен шетелдік қабылдаушы серіктесі яғни рецептивті туроператорлар арасындағы келісімдерді қарастырайық. Инициативті және рецептивті туроператорлар клісмінде келесі жағдайлар көрсетілуі керек:

Маршрутты инклюзив-тур ұйымдастырғанда:

· туристтарға саяхат уақытында турдың маршруты, қызметтердiң бағдарламасы және пакетi берілуі керек;

· Келу уақыты және жолға шығу уақыты;

· қалаларға барудың тiзбек бойынша тiзiмі;

· көлiктiң түрi;

· әрбiр қалада болатын күндерiнiң сан;

· экскурсиялардың тiзiмi.

Жеке тапсырылған турларды ұйымдастырғанда:

· Келу күні және туристтардың жолға шығу күні;

· қызметтердiң тiзiмi және олардың санаттары

Туристерді демалалатын жерлеріне жеткізген соң міндетті түрде олардың саяхат ұзақтығын күн саны мен түн саны бойынша белгілеу керек, мысалы: 10 күн/11 түн. Сонымен қатар есте сақтайтын бір нәрсе, әрбір қонақ үйде есептесу уақыты болады. Көбінесе бұл уақыт күндізгі сағат 12(Италияда бұл уақыт таңғы сағат 10 болуы мүмкін). Сондықтан туристерге күндізгі сағат 12-ге дейін бөлмелерін босатуға тура келеді, бұл уақытқа дейін бөлмені босатпаған жағдайда олардан жарты күннің немесе бір күннін ақшасы сұралады. Кейде қабылдаушы фирмамен немесе қонақ үймен келісм бойынша туристік топқа бөлмелерін босатқан соң жүктерін қоюға тегін бөлме берілуі мүмкін. Кейбір қонақ үйлерде арнайы жүк сақтау орындары болады. Осындай жағдайдын барлығы қабылдаушы әріптесіне ескертіліп, келісімде көрсетілуі қажет.

Турстерді қонақ үйге орналастыруды талқылағанда қонақ үйдің санатын, типін, орналасу орнында фирмамен клісу қажет. Бұл параметрлердің барлығы туристердің әлеуметтік құрылымына және саяхаттау мақсатына байланысты болады.

Қажет болған жағдайда келісім-шартта ақысы үшін қосымша жайлылық шарттары(терезесі теңізге қараған т.б.) қарастырылуы керек. Сонымен қатар келісім-шартта туристердің мүмкін болатын тамақтану түрлері де қарастырылады. Осындай жағдайлармен қатар келісімде туристерді әуежайдан қарсы алып, қонақ үйге және керсәнше қонақ үйден әуежайға жеткізу болуы керек. Туристерді қонақ үйге жеткізу үшін қабылдаушы фирманың автобустары қолданылады. Трансфер құны міндетті түрде турпакеттің ішіне кіруін инициативті туроператор қадағалау керек.

Келісім-шартта жоспарлы және қосымша экскурсиялар айқын ескертілуі керек. Сонымен қатар экскурсияның жүргізілетін тілі және экскурсия барысында мұржайларға т.б. объектілерге кіру билетінін құны экскурсия құынына кіретінін не кірмейтіні де ескеріледі.

 

Бақылау сұрақтары

1. Туроператорлардың келісім шарт жасасу кезеңі қай уақытта басталады.

2. Халықаралық деңгейде келісім-шарт қатынастары қандай құжаттармен реттеледі.

3. Инициативті туроператордың қызметі

4. Рецептивті туроператордың қызметі

5. Туроператорлардың келісім шартында қандай мәселелер қаралуы тиіс

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Орытынды. Қорытындылай келе, қызметті жеткізушілердің функциялары мен міндеттері қарастырылды | Дебиеттер. Сабақ барысында инициативті және рецептивтітуроператорлар айырмашылықтары қарастырылды
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-20; Просмотров: 884; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.021 сек.