КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Ж.Аймауытов. 1. Табиғатты суреттеуде қолданылған сөздердің мағынасына, өзара ұйқасына
1. Табиғатты суреттеуде қолданылған сөздердің мағынасына, өзара ұйқасына, құрылысына, естілу, айтылу сазына назар аударыңдар. 2. Жазушының Марқакөлдің сипатын, орналасқан жерін суреттеуінде қандай ерекшелітер бар: - Өскемен, Бұқтарма, Алтай, Күршім жерлерін не үшін пайдаланған? - Жоғардағы ел, жер, өзен, көл, таудың суретін, табиғатын бейнелейтін сөздер мен сөз тіркестерінің қызметін анықтаңдар. 3. «Ар жағында», «оң жағында», «қақ басында», «алақанның аясында» тіркстерінің синонимдерін жазыңдар. 4. «Күз күзеткен», «түрі де аспан, сыры да аспан», «қысы – қыспақ», «жазы – самал» тіркстерінің мағынасын ашып айтыңдар. 5. Бір сөзді екі рет қайталанып берулуінің мағыналық, эмоциялық әсері қандай?
Бірде Құнанбай, Алшынбай, Мұса үшеуі бірігіп, еле арасында даулы мәселелер көбейіп кетті, барымта жиі қайталанатын болды деген себепті желеу етіп ел жинап, мәслихат өткізбек болады. Дуанбасылар шақыртқан соң халық жиылады. Халықтың бас-аяғы түгел жиналып болғанымен, дуанбасылар келе қоймайды. Шілденің аптап ыстығында Жанқұтты шешен дуанбасыларды күтеді. Осы уақытты Жанқұтты дуанбасылар келмейтін болды деп халықты таратып жіберіп, өзі үшеуінің алдынан шығады. Алшынбай тұрып: - Е, Жанқұтты, халық жиналды ма? – депті. - Халық жиналмақ түгілі, жиылыс бітіп қойды. Сіздер кешіккеннен кейін сырқаттанып қалды ма деп, жиылыста қаралатын төрт мәселенің біреуін өзім шешіп, үшеуін үшеуіңізге қалдырып, кейін бір кезі келгенде айтар деп, халықты таратып жібердім, - деп Жанқұтты жауап береді. - Оның да дұрыс болған екен, бізге қайсысын қалдырдың, - депті Алшынбай. Сонда Жанқұтты тұрып: - Мұсажан, асықтың қаржысының билігін саған қалдырдым, Алшеке, тақыр жердің билігін саған қалдырдым, Құнанбай, ақ тобық аттың шабысының билігін саған қалдырдым, - деген екен.
1. Мәтінде аты аталған Мұса, Алшынбай, Құнанбай, Жанқұтты туралы не білесіңдер? 2. Барымта, желеу етіп, дуанбасы, аптап сөздерінің мағынасын анықтаңдар. 3. Жанқұтты шешеннің дуанбасыларға қалдырған билігін таратып айтып беріңдер. 10-жаттығу. - зияткерлік сайыста бірінші орын алған студенттерге көңіл көтеру лебізін айтыңдар, жазыңдар - конференцияда жақсы баяндама жасаған қатысушыларға өз пікірлеріңді, бағаларыңды жеткізіңдер - дәмді тамақ пісірген әже, ана, әпкелеріңе ризашылық білдіріңдер - көптен көрмеген немесе күтпеген жерде кездескен достарыңа қуанышыңды қөрсетіңдер - беделді, құрметті ұстазыңызға алғысыңызды жазыңыз. 11- жаттығу. Төмендегі жағдайлардың әрқайсысына бірнеше сөйлем құраңдар:
11 жаттығу: жаңылтпаштарды жаттап, оқып айтыңдар.
12-жаттығу: 1. Мақал-мәтелдерді жаттап алыңдар. 2. Мақал-мәтелдерге тән ортақ белгіні табыңдар. 3. Жинақтап негізгі ойды айтыңдар. Адам көңілінен азады, тілінен жазады. Аз сөйлеп, көп тыңда. Ағаны көріп іні өсер, апаны көріп сіңлі өсер. Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі. Ата - байтерек, бала - жапырак. Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ. Баска пәле тілден. Басыңа ис түссе жақсы көмек етеді, жаман күліп өтеді. Білмесең – үндеме, білгенді күндеме. Кесірлі ауыздан, кесапатты сөз шығар. Көз жетпеген жерге сөз жетеді. Көлді жел қозғайды, ойды сөз қозғайды. Көп сөйлеген – көптен айрылар Көп сөйлеген білімді емес, дөп сөйлеген білімді. Кітап-ғылым - тілсіз мұғалім. Мақал – сөздің атасы, уәде – ердің опасы. Ми ойлағанды тіл тындырады. Көп сөз – күміс, аз сөз – алтын. Қылышынан қан тамған батырды, Өнер алды - кызыл тіл. Су сағасы – бұлақ. Сөз сағасы – құлақ. Сөз атасы – құлақ, жол атасы – тұяқ, су атасы – бұлақ. Сөз сүйектен өтеді, таяқ еттен өтеді. Сөз тапқанға қолқа жоқ. Тіл тас жарады, Тоқсан ауыз сөздің, тобықтай түйіні бар. Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір. Шебердің қолы ортақ, шешеннің тілі ортақ. Шешеннің сөзі – мерген, шебердің көзі – мерген.
Тұрақты сөз тіркестері 1. Үріп ауызға салғандай, жүзіктің көзінен өткендей, хор қызындай - әдемі, сұлу 2. Тіліңді жұтарсың, аузынан дәмі кетпейді, саусағыңды жалайсың – дәмді, тәтті. 3. Елең-алаңнан, таң сәріден, ала көлеңкеде – ерте. 4. Ит арқасы қиянда, ит өлген жерде – алыс. 5. Жыланның аяғын санаған – қу, тақыс. 6. Қой аузынан шөп алмас – момын. 7. Оқтау жұтқан, түйе үстінен сирақ ұйыту - ебедейсіз. 8. Өкпесін қолға алып жүгіру, аяқ-қолы жерге тимеу, жан ұшыру – қатты, тез жүгіру. 9. Жерден алып, жерге салу – қатты ұрысу. 10. Жерге кіріп кете жаздау, бетінен оты шығу – қатты ұялу. 11. Кеңірдегі жыртылғанша, даусы қарлыққанша, бар даусымен – қатты айқайлау. 12. Көзге түртсе көргісіз – қараңғы. 13. Төбесі көкке жеткендей, жоғалғаны табылғандай, өлгені тірілгендей - қатты қуану. 14. Өлген адамды күлдіреді – қу тіл, күлдіргі. 15. Зәресі зәр түбіне кету, көзі шарасынан шығу, зәре-құты қалмау – қатты қорқу. 16. Жаны мұрнының ұшына келу, жай таппау – қатты сасу. 17. Екі аяғын бір етікке тығу – асығу. 18. Терісіне сыймау, жын қаққандай аласұру – қатты ашулану. 19. Аузы-аузына жұқпау – тез сөйлеу. 20. Қолы-қолына жұқпау – тез істеу. 21. Өгіз аяңмен – жай, ақырын. 22. Мұрнынан шаншылып жүру, сүрініп жығылу – қатты шаршау. 23. Өрт жалағандай – тақыр. 24. Ит байласа тұрғысыз – көңілсіз. 25. Ұшарға қанаты жоқ – тез жетуге асығу. 26.Түйенің құйрығы жерге, ешкінің құйрығы көкке жеткенде – ешқашан орындалмайтын іс, ой. 27.Опық жеу, бармағын тістеу – қатты өкіну. 28. Салт атты, сабау қамшылы – отбасынсыз, жалғыз басты адам. 29.Сақтықта қорлық жоқ, жаман айтпай жақсы жоқ – қауіп-қатерден ойлап сақтандыру. 30. Шаш етектен бату – молшылыққа кездесіп, мол олжаға ие болу.
Техникалық жаттығулар Тыныс алуға арналған жаттығу: Демді ішке тартып, ауыз саңылауынан шығарамыз.
Дыбыстау мүшелеріне арналған жаттығу: Тілді жалпақ, жіңішке етіп шығару.
Кеңсірікке арналған жаттығу: Мұрынның екі жағын кезек-кезек жауып тыныс алу.
Өкпеге арналған жаттығу: Бір дегенім – білеу Екі дегенім – егеу. Үш дегенім – үскі, Төрт дегенім – төсек. Бес дегенім – бесік, Алты дегенім – асық. Жеті дегенім – желке, Сегіз дегенім – серке. Тоғыз дегенім – торқа, Он дегенім – оймақ, Он бір – қара жұмбақ.
Сөйлеу барысында ауаны жеткілікті дәрежеде ұстау үшін жаттығу: Қырға барып, анама қызғалдақ тердім. Санап едім: Бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз......... жалғастыру.
Жаңылтпаштың айтылу жылдамдығы – 2, 4, 6, 8.
Ерінге арналған жаңылтпаш: Ол алқапты олар орар, Бұл алқапты бұлар орар. Орал ормаса, Омар орар.
Торта қойдым, Орта қойдым, Орта қойдым, Жорта қойдым.
Күз, Кез, Күз, Күш, Кеш, Көш, Кір, Кер, Көр, Күл, Кел, Көл, Кілең қысқа сөз, Кім оқиды тез?
Езуге арналған жаңылтпаш:
Есет атам ет асатар, Ет асатса, бес асатар. Елеусіздің елеуіші елегіш емес, Елеместің елеуіші елегіш.
Ескермес те, Естемес те, Есіл сөздерді ескермес пе?
Жақтың кең ашылуына арналған жаңылтпаш: Алғыр аттар, арғымақтар. Арғымақты әркім мақтар.
Тайғанақта қай тай тайды, Тағалатпаған тай тайды.
Тақпақ жатта, Жатқа жатта, Жаттамай жатта.
Мәнерлеп сөйлеудің эмоционалдығы 1. Біреуге ашумен сөйлеу. 2. Қайғылы, мұңға бату. 3. Қорқыныш. 4. Қуанышты күймен. 5. Шаршаған, жалыққан күй. 6. Шешім қабылдау.
Көтеріңкі дауысты қуану мен ашуланғанда көп қолданамыз.
Мен студентпін!
Дата добавления: 2014-01-20; Просмотров: 1487; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |