Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Ділдік бар ма?

Дене тілі, ым, ишара – 55%

 

Фонация, дауыс ырғағы, мақам – 33%

 

Ақпарат - 12%

 

 

Сөйлеу мәдениеті

 

Қазіргі таңда ең басты мәселелердің бірегейі қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін көтеру, барлық қаракөз бауырларымыздың өз ана тілінде сөйлеуіне қол жеткізу. Тек тіл үйренуде ұмыт болып бара жатқан шаруа бала бақша, үй, мектеп, жоғары оқу орындарында ұл-қыздарымызды тілдік қоры бай қазақ тілінде сөйлеу мәдениетіне үйрету. Содан, үйде де, көшеде де, қоғамдық орындарда да бірқатар жастарымыздың бір-бірімен қарым-қатынас жасағанында, әңгімелескенінде қалай болса солай сөйлейтіні, қазақ тілінің қадір-қасиетін түсінбейтіні байқалады. Олай болса, біздің бүгінгі әңгімеміз тіл, сөйлеу мәдениеті, ауызша, жазбаша сөйлеу хақында.

Адамның тіл амалдарын пайдалану арқылы пікірін, ойын білдіруін – сөйлеу д еп атайды. Сөйлеуге адамның анатомиялық мүшелері қатысады, алайда ол адамның психикалық қабілетіне, қоғамдық тәжірибесіне тығыз байланысты. Сөйлеу үшін жасалған тілдік амалдар ұзақ уақыт бойы адамдардың пікір алысу тәжірибесі негізінде қалыптасты.

Тілдік амалдар – сөз тудыру, сөйлем құрау ережелері. Олар – көпшілікке ортақ, объективті категориялар. Соның нәтижесінде тіл – жұрттың бәріне бірдей түсінікті қатынас құралы. Сөйлеудің әр коммуникативтік жағдайына сәйкес ыңғайланған стилі болады.

Тіл мәдениеті – тіл білімінің әдеби тілінің нормасы мен оның дамуын, сөйлеу тілімен қарым-қатынасын зерттейді. Тіл мәдениетінің тілдің басқа салаларынан айырмашылығы оның күнделікті өмірде тілдің қолдану, жазу, сөйлеу мәдениетімен жақсы қарым-қатынаста болуы. Тіл мәдениеті қамтитын тілдік норманың 3 түрі: 1. Тілдік норма (лексика, сөз жасамдық, грамматика, дыбысталу нормасы). 2. Этика – сөз нормалары (сөйлеу этикасының ережелері). 3. Коммуникативті норма (сөйлеу қарым-қатынасының тиімділік қағидалары). Сөйлеу мәдениеті орфоэпикалық нормаға негізделген.

Ойдың және сөйлеудің дамуы

Әркім өзінің басындағы ойларын басқаға айтып, түсіндіру үшін оған лайықты сөз таба білуге тиісті. Егерде ондай сөз таба алмаса, ол ой иесіне де шала, түсініксіз болып қалады. Яғни, ойдың дамуы сөйлеудің дамуымен өте тығыз байланысты. Адам өзінің сөйлеу мәдениетін жетілдірмейінше, жоғары ақыл мәдениетіне жете алмайды.

Сыртқы сөйлеу ауызша, жазбаша болып бөлінеді. Бұлардан басқа ауызша сөйлеудің мынандай екі түрі бар: 1. Диалогтық сөйлеу. 2. Монологтық сөйлеу. Диалогтық сөйлеу – екі немесе бірнеше адамның тілдесуі. Монологтық сөйлеу – бір адамның сөйлеуі, әңгіме, баяндама, лекция және басқа да түрлері кездеседі. Мұнда сөйлеуші бір адам, тыңдаушы – көп халық. Осылайша сыртқы сөйлесу: ауызша диалогтық сөйлеу, ауызша монологтық сөйлеу, жазбаша сөйлеу болып бөлінеді.

Адамның айтқан қандай сөзі де белгілі бір мазмұнды білдіреді және сөйлеушінің, жазушының осы мазмұнға қатынасын көрсетеді. Мұнан туатын қорытынды: сөйлеу ойды білдіріп, іштегі сезімді сыртқа шығарады. Сөйлеудің бұл сипаты – оның мәнерлілігі.

Өзара тілдескенде, лекция, баяндама жасағанда мәнерсіз сөйлеу – ол қаншама мазмұнды ойға толы болса да, әсерсіз, жансыз болып шығады. Ауызша сөйлеудің эмоциялық реңкі интонациямен, мимикамен, ишаралармен білдіріледі. Жазбаша сөйлеуде мұндай мүмкіндіктер жоқ. Сол себепті қағазға жазушы адам өз сөздерін барынша қиыстырып, оларды өз орнына тауып қойып, ойын мәнерлі түрде жеткізе алады. Иә, сөйлей білу - өз ойыңды кемстіріп тұрып айтып бере білу, оның мазмұнын ғана баяндап қоймай, нәзік сырларын сол қалпында жеткізіп, тыңдаушының етжүрегін елжірете білу.

Дұрыс сөйлей білген адам өз ойын, айтқанын тыңдаушыға толық түсіндіре біледі. Адамдар оны ауызша диалогтық, ауызша монологтық және жазбаша сөйлеуде әртүрлі жолдармен жүзеге асыра алады. Бұл сөйлеу түрлерінің арасында психологиялық айырмалар да баршылық. Мысалы, ірі жазушылардың көбісі ауызша сөйлеуге шебер болмаса, керісінше, бірқатар шешен адамдар өз ойын жазып жеткізуге шорқақ.

Психолог – ғалым Б.М.Теплов өзінің «Психология» кітабында (Алматы, Қазмемоқупедбас, 1953 жыл) диалогтық, жазбаша сөйлеу туралы былай дейді: «Диалогтық сөйлеуді кейде қосталған сөйлеу деп атайды. Мұның мәнісі: әңгімеге қатынасқан адам сөйлеушіге сұрақ қою, жауап қайтару, қарсы пікір айту арқылы қостап отырады, егер бұл текті қостау тоқталса, сөйлеу мен монологқа айналады, немесе адам сөйлеуді тоқтатады... Жазбаша сөйлеуді қосталмаған сөйлеу деп атауға болады.

Қосталған сөз қосталмаған сөйлеуден жеңіл болады. Онай болатын себебі – сөйлеушілер бір жай-күйді әңгімелеп отырғандықтан, қабылдап отырғаны бір нәрсе болғандықтан, бірін-бірі оңай ұғынысады; кейде сөзді айтып аяқтап болмай-ақ, не екенін түсіне қояды. Мұндай сөйлеу көп жағдайда ым-ишарамен толықтырылады. Қорыта айтқанда, диалог сөздің құрылысына және өрістетіп айтылу жақтарына онша көп талап қойылмайды. Ал жазба сөйлеу басқаша құрылады; онда барлығы ақырына дейін толық баяндалуы керек. Жазба сөйлеу барынша кең және байланысты түрде құрылуы қажет».

 

Сөйлеу мәдениетіндегі шешендік өнер

Ел алдында шебер, шешен сөйлеу көп еңбектену, оқып, үйренуді талап етеді. Шешен адамдарда негізінен, сөз көркемдігі ой тасқынынан табиғи түрде туындап жатады. Көркемдік талғам мен шешендік тәсілдерді дұрыс пайдалана білген адам ғана эстетикалық әсер ету күшіне ие бола алады. Сонда шешендік өнерге көп сөйлеп, оны сынатып үйренуге болады ма, әлде оған жазып дайындалған дұрыс па? бұл орайда әйгілі шешен, данагөй Цицерон былай дейді: «Қалам – көркем сөздің ең жақсы жаттықтырушысы. Басқалардан үйренуде ең өнеге тұтарлығына теңесуге ұмтылу керек. Өзің үлгі еткен шешеннің жақсысының бәрін алуға тырыс. Оңайын, көзге түсіп тұрғанын ғана емес, ең маңыздысы – шынайы шеберлігіне жету. Ол еліктеу болып кетпеуі керек. Мықтыға қанша ұқсап тұрсаң да, көшірме түпнұсқадан ылғи да көш төмен болады. Халық алдында сөйлеу үшін сөзіңнің өзіндік «бейнесі», өз мәнері болғаны абзал.

... Егер өнердің басқа саласындағы аты мәлім шебер бір ісін кездейсоқ дағды-дағысынан нашар орындап қалған болса, оны ол өзі әдейі жасады ма, не денсаулығына байланысты сөйтіп қалды, дей салады... Ал, егер шешеннен сондай бір осалдық тапсыншы, оны тек ақымақтық деп санайды, ал ақымаққа кешірім болмайды. Өйткені адам көңіл-күйге немесе іші ауырғанға байланысты ақымақ болмайды».

 

Сөзді тыңдай білмеу

Кейбір адамдардың ерсі мінездері бар: басқаның сөзіне құлақ қоймайтын, өзіне айтылған сөзді аяғына дейін тыңдай білмейтін, өзгелердің сөзіне ретсіз араласып, әңгіменің шырқын бұзатын. Содан сөйлеп отырған адам кейде қақалып – шашалып, тұтығып та қалады. Әрбір адам өз басындағы осы кемшіліктер мен күресе білсе, біздің сөйлеу мәдениетіміз де одан әрі дами түсер еді.

Және де кейбір адамдар диалогтық сөйлеудің талаптарын орындай бермейді. Содан көп сөйлеп, бір сөзді сан мәрте қайталап, тыңдаушысын жалықтырып та алады. Олардың ішінде өзіне қойылған сұрауларға, қарсы пікірлерге жауап бермей, өз ойын тәптіштеп айта беретіндері де кездеседі. Бұл да сөйлеу мәдениетіндегі әдепсіздік.

 

Қаратпа сөз хақында

Ағылшын тілінде қазір «сен» деп сөйлесу іс жүзінде жоқ. Оларда мұндай есімдіктің өзі де ұмытылған. Ол ХҮІ ғасырдың өзінде қолданыстан қала бастап, ХҮІІІ ғасырдың басында оны сыпайы «сіз» деген есімдік алмастырған-ды. Тіл мамандарының түсіндіруінше, көне замандағы «сен» сөзі тек шіркеу тілінде, көтеріңкі, лепті поэзияда ғана сақталған көрінеді. Сол себепті, оны «Уа, сен!» деп аударған дұрыс дейді.

Кейінгі кезде орыс тіліндегі «товарищ» деген қаратпа сөз де ерсі естіліп, қоғамдық орындарда «мужчина», «женщина» деген қаратпа сөздер күштеп орныға бастады. Алайда оны қазақ тіліне аударып: «Еркек!», «Әйел!» деп айқайлар болсақ, ол өте ұятты. Сол себепті сөз мәдениетін түсінетін біздің бауырларымыз қоғамдық орындарда: «Апай», «Ағай», «Қарындас», «Інім» деген қаратпа сөздерді қолданып, ол транспортта, сауда орындарында, театрда өзара қарым-қатынас тіліне сіңісіп кетті.

Шіркін, сөз қадірін түсініп, сөйлеу мәдениетін сақтай білсе, біздің қазақ тілінің мазмұны өте бай, сөздері өте сұлу, мейірім, имандылыққа толы ғой.

 

 

Пікірталас мәдениеті

 

Пікірталас мәдениетіндегі ең бастысы аудиторияға ой тастау, ал көпшілік ойын әрқашан бір арнаға құя бермейді. «Ойды ой қозғайды», жаңа пікір тудырады немесе жаңа пікірдің ашылуына жағдай жасайды, не қарсы көзқарас пайда болады.

Сұрақтың мазмұнына қарап, оны екіге бөлуге болады:

1) түсіндірме сұрақтар;

2) қосымша сұрақтар

Сұраққа берілген жауапқа әрқашан да барлығы бірден келісіп, мойынсұну бола бермеуі де мүмкін, осы тұста пікірталас пайда болады.

Пікірталас – түрлі көзқарас, ой-пікірлерді қатар қою, салыстыру, салғастыру арқылы өзінің көзқарас, ой-пікірін дәлелдеу.

Пікірталасты мынадай түрлерге бөлуге болады:

1. Пікіралмасу

2. Ойталасы

3. Пікірсайыс

4. Ойбөліс

5. Айтыс

Пікір – көрген, оқыған, естіген әңгіме, баяндама, көркем шығарма т.б. еңбектер жайындағы әсер, туған ой.

 

Телефонмен сөйлесу этикеті

Телефонмен сөйлесу барысында қолданылатын сөйлеу этикетінің негізгі формалары және оны сөйлеу барысында дұрыс қолдану.

Қазақ тілінде: - Алло! көбіне-көп мына репликалармен ауыстырылып жүр: - Иә! Тыңдап тұрмын! – Сізді тыңдап тұрмын! – Телефон желісіндемін! (Мен телефон желімсіндемін!)

Егер жауап беріп тұрған адам мемлекеттік органдарда жұмыс жасаса, онда ол аты-жөнін айтып, өзін таныстырады:

- Қасенов тыңдап тұр!

- Қасенов телефонда!

Мекемеден телефон көтерген адам көбінесе сол жұмыс орнының атын айтады:

- Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы.

- Мекеме басшысының орынбасары.

Егер сөйлеп тұрған адам нөмірдің дұрыс терілгендігін тексергісі келсе, ол былай деп сұрайды:

- Бұл «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы ма? (қысқаша «Бұл ҚазМұнайГаз» ба?»)

Егер сөйлеп тұрған адам жауап берушінің аты-жөнін естімей қалған болса, онда қайта сұрауда сол субъектінің аты қосылады.

- Кешіріңіз, бұл Әлима Тұрсынқызы ма?

- Бұл Әлима Тұрсынқызы ма?

- Бұл сен бе, Әлима?

Көбінесе құптайтыны немесе құптамайтыны жөнінде қысқаша жауап беріледі:

- Иә

- Иә, сіз қателескен жоқсыз.

- Дәл солай.

- Иә, бұл мен (Бұл менмін).

Егер сөйлеуші нөмірден қателескен болса, келіспеушілік жауабы төмендегнідей болады:

- Сіз нөмірден қателестіңіз (Сіз қателестіңіз)

- Сіз қате нөмірді тердіңіз (Сіз нөмірді қате тердіңіз)

- Сіздің тергеніңіз дұрыс емес (олай емес).

Біреуді телефонға шақыру қазақтарда «кешіріңіз», «айыпқа бұйырмаңыз» деген сөздермен сұралады.

- Кешіріңіз, телефонға Әлима Тұрсынқызын шақырып жіберуге бола ма?

Қазақ тілінде өзгенің көмегіне жүгінудің мынадай да сыпайы түрлері бар.

- Сәкен Зейноллаұлын бола ма екен? (болмас па екен?)

- Сәкен Зейноллаұлын шақырып жібермес пе екенсіз?

Өзін телефонға шақырған адамды қысқа да нұсқа сөйлеп, төмендегідей ризашылығын білдіреді.

- Рахмет!

- Рахмет, келе жатырмын

- Қазір келемін де.

Егер сол мезетте телефонға шақырылған адам орнында жоқ болса, онда телефон желісінде сөйлесіп тұрған адам былай деп жауап береді:

- Ол үйде жоқ. Жұмыста.

- Ол қазір жоқ. Ол кетіп қалды. Шығып кетті.

- Кешірек хабарласыңыз.

- Өкінішке орай, ол әлі келген жоқ. Кештеу хабарласуыңызды өтінемін.

Телефон шалып тұрған адамның жауабы – бір нәрсені айтып жіберу, хабарласып жіберуін айту өтініші болуы мүмкін:

- Әлима телефон соқты деп айта саласыз ба?

- Өтінемін, Сәкен Зейноллаұлының хабарласқанын айтып жіберіңізші.

- Мен кешқұрым тағы хабарласамын.

Егер сол адам телефон шалғаннан кейін келсе, онда оған кімнің, қашан және қай уақытта хабарласатынын айтады.

- Сізге Қасенов телефон шалды.

- Саған Сәкен хабарласты және телефон шалуыңды өтінді.

- Сені Әлима Тұрсынқызы сұрады. Ол кешкілік 7-7.30-да қайта телефон соғатынын айтты.

- Сәкен хабарласты және кешкілік телефон соғуыңды өтінді.

- Ертеңгілік уақытта саған біреу хабарласты.

Егер телефон соғушы өзіне қажет адамы орнында болса, төмендегідей сөйлеседі:

- Сәлеметсіз бе, Әлима Тұрсынқызы!

- Сәлем, Әлима (егер достық қарым-қатынаста болса)

Телефон шалып тұрған адам сізбен ресми қарым-қатынаста болса, онда ол былай сөйлейді:

- Сізбен сөйлесіп тұрған Әлима Тұрсынқызы Әлиева

- Сізге профессор Оңғаров хабарласып тұр.

Жақындығы, туыстығы бар адам болса, онда ол төмендегідей сөйлеседі.

- Бұл мен.

- Мен сені танымадым.

- Мен сенің дауысыңды танымадым.

Кейде желінің техникалық ақауларына байланысты немесе әңгіменің дұрыс естілмеуінен сөйлесілмей қалып жатады. Әңгіменің қайта жалғасуында екі субъект де былай айта алады:

- Біздің желіні ажыратып жіберді. Біздің желіні үзіп жіберді.

Бұл жағдайда әңгімелесушілер әңгімелесуін келесі репликалармен бөліп жіберуіне болады:

- Естілмейді. Мен қайта телефон соғамын. Тұтқаны қойыңыз.

- Өтінемін, қайта телефон шалыңызшы.

 

 

Пайдаланылған әдебиет тізімі:

 

1. М. Балақаев. «Тіл мәдениеті және қазақ тілін оқыту». - А., 1989.

2. М.Балақаев. Қазақ тілінің мәдениеті. - А., 1971.

3. Т.Қордабаев. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - А., 1991.

4. С.Құрманғалиева. Қазақ тілінің мәселелері. - А., 1965.

5. Р.Сыздықова. Сөз құдіреті. - А., 1997.

6. Р.Сыздықова. Сөздер сөйлейді. - А., 1980.

7. С.Жендырбаева. Мәнерлеп оку. - А., 1992.

8. «Орыс сөздігіндегі ымдар мен қимылдыр» А.А. Акишинованың, Х.Кано, Т.Е.Акишининованың редакциясынан. М. 1991ж.

 

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Ж.Аймауытов. 1. Табиғатты суреттеуде қолданылған сөздердің мағынасына, өзара ұйқасына | Образование пищевого комка
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-20; Просмотров: 729; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.065 сек.