КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Операторлар
Оператор – белгілі бір іс-әрекетті орындайтын, Delphi-дегі аяқталған сөйлем. Операторлар: · жай; · құрлымды; болып екіге бөлінеді. Жай операторлар – программаның сызықтық орындалуын бұзбайтын операторлар. Мысалы: меншіктеу немесе арифметикалық операторлар. Құрлымды операторлар – программа жолдарының орындалу реттілігіне әсер ететін операторлар. Мысалы: тармақталу, қайталану және т.с.с.
Мәліметтер типі Delphi қатаң типтелген тіл болып келеді. Бұл өз кезегінде типтерді анықтағанда аса назар аудару қажеттігін талап етеді. Мәліметтер типі программа айнымалысының немесе элементінің қабылдай алатын мәндер жиынын анықтайды. Мәліметтердің типтеріне байланысты олармен қандайда бір іс-әрекеттерді жасауға болады. Мысалы: нақты типті айнымалыларымен кез келген арифметикалық аламадарды орындауға болады. Ал жолдық айнымалылармен ондай операцияларды жүргізе алмаймыз. Delphi-дегі барлық типтер шартты түрде бес түрге бөлінеді: · жай; · құрлымды; · көрсеткіштік; · процедуралық; · варианттық;
Жай типті мәліметтер Жай типті мәліметтер – құрамына басқа типті мәліметтер кірмейтін типтер. Бұндай типтерге мыналар жатады: · бүтін (integer); · нақты (real); · логикалық (Boolean); · символдық (char); Мұндағы нақты типті мәліметтерден басқасы реттік (порядковые) типті мәліметтерге жатады. Реттік типті мәліметтерге белгілі бір реттілікпен орналасқан, айырмашылығы бір бірлік болып келетін, бүтін сандар тізбегін құрайтын мәліметтер жатады.
Бүтін типті мәліметтер Delphi тілінде бірнеше бүтін типтер қарастырылған. Олардың ішінде ең жиі пайдаланылатыны – Integer типі.
Нақты типті мәліметтер Жиі пайдаланылатын нақты тип Real. Бұндай типті мәліметтерге кез келген таңбалы, ретсіз сандық мәліметтер жатады.
Логикалық типті мәліметтер Delphi-де логикалық мәндерді сипаттау үшін Boolean типі пайдаланылады. Логикалық типті айнымалы тек бір байт жадыны алып, тек екі мән ғана қабылдай алады: 1 немесе 0. 1 деген мән true (ақиқат), ал 0 деген мән false (жалған) шамаларына сйкес келеді. Қосымша үш тип бар: · ByteBool – реттік сандық шама: 0 ден 255 дейін. 0 деген мән false мәніне, ал қалғандары true деген мәнге сәйкес келеді. · WordBool – реттік санды шама: 0 ден 65 535 дейін. 0 деген мән false мәніне, ал қалғандары true деген мәнге сәйкес келеді. Бұл тип екі байт жадыны алады. · LongBool – реттік сандық шама: 0 ден 4 294 967 295 дейін. 0 деген мән false мәніне, ал қалғандары true деген мәнге сәйкес келеді. Бұл тип төрт байт жадыны алады.
Символдық типті мәліметтер Негізгі символдық тип Char. Бұл тип ASCII кестесінің символдарын сақтау үшін пайдаланылады. Кестедегі әрбір символ 0 мен 255 аралығындағы сандық мәнмен көрсетіледі. Сондықтанда бұндай типті айнымалы бір байт жадыны алады. Delphi-де Char типіне қосымша екі тип қарастырылған: · AnsiChar типі Char типінің толық егізі болып келеді. Бір байт жадыны алады. · WideChar типі UNICOD кодтаушысы символдарын сақтауға арналған. Бұл кодтаушы 256 мен емес, 65 536 мен шектелген. Екі байт жадыны алады. Символдық типті мәліметтер жұмыс жасау үшін екі функция қарастырылған: · Chr (x) – бүтін х кодына сәйкес символды қайтарады; · UpCase (c) - кіші с символын үлкен символға айналдырып қайтарады.
Құрлымдық типті мәліметтер Құрлымдық типті мәліметтер – әр түрлі типті мәліметтерден құралады. Бұндай типті мәліметтерге: · жиын (set); · массив (array); · жолдар (string); · жазбалар (record); · файлдар (file); жатады.
Дата добавления: 2014-01-11; Просмотров: 1223; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |