Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Бос оператор. Меншіктеу операторы




Меншіктеу операторы

Жай операторлар

Рнектер

Өрнектер мәліметтерден, амалдардан және амалдардың қатаң түрде орындалу реттілігінен тұратын тілдік құрылым. Өрнектер барлық уақытта қандайда бір мәндерді қайтарады.

Өрнектер құрамына мыналар кіреді:

· операндтар;

· амалдар таңбасы;

· жақшалар;

Операндтар – іс-әрекеттер жасалатын мәліметтер. Операндтар айнымалылар, тұрақтылар, массив айнымалылары және басқа элементтер бола алады.

Амалдар таңбасы – бұлар операндтарға жасалатын нақты іс-әрекетті анықтайтын таңбалар.

Амалдар бір немесе бірнеше операндтар үшін орындалады. Егер де амал бір операнд үшін орындалса, онда таңба сол операндтың алдына қойылады, ал екі операнд үшін орындалса, онда таңба олардың арасына қойылады.

Жақшалар – бұл операндтар үшін орындалатын операциялар реттілігін реттейтін жай жақша символдары: «(» және «)». Ішкі жақшалардың болуыда қарастырылған.

 

Арифметикалық өрнектер

Арифметикалық амалдар бүтін және нақты сандар үшін орындалады. Арифметикалық амалдың орындалу нәтижесіде бүтін немесе нақты сан болады.

Delphi-де екі операнд үшін мына амалдар анықталған:

Амалдар Амалдар Операнд типі Нәтиже типі Мысал
+ қосу Integer, Real Integer, Real X + Y
- алу Integer, Real Integer, Real X – Y
* көбейту Integer, Real Integer, Real X * Y
/ бөлу Integer, Real Real X /10
div бүтіндей бөлу Integer Integer X div Y
mod бөлгендегі бүтін қалдық Integer Integer X mod Y

 

Логикалық амалдар

Логикалық амалдар – келесі амалдардан тұрады:

· логикалық тұрақтылар true және false;

· логикалық айнымалылар және Boolean типті тұрақтылар;

· логикалық қатынастар;

· логикалық операциялар;

· жақшалар;

 

Жолдық амалдар

Жолдық амалдарға функциялар және операциялар жатады. Delphi-де бір операция қарастырылған: жолды айқындау (объявления строк) операциясы (конкатенация). Конкатенация операциясының таңбасы +. Бұл операция операнд ретінде символдар және жолдар бола алады. Біріктіру нәтижесі символдар жинағы болады. Егерде символдар жиынтығының ұзындығы 255 символдан асып кетсе, нәтижеге тек алғашқы 255 символ ғана шығады.

 

Delphi тіліндегі программада қандайда бір іс-әрекеттерді орындау үшін операторлар қолданылады.

Оператор – тіл компиляторына белгілі бір іс-әрекеттерді орындау үшін берілген бұйрықтар (команды). Барлық операторлар жай және құрлымды операторлар болып екіге бөлінеді.

Жай операторларға мыналар жатады:

· меншіктеу операторы;

· бос оператор;

· құрама оператор;

· кіру операторы (операторы доступа);

 

Бұл оператор Delphi тіліндегі программада өте жиі пайдаланылады және «:=» таңбасы арқылы жазылады. Айтылған оператор сол жақтағы айнымалыға оң жақтағы айнымалының мәнін меншіктейді. Мысалы А:= 10;

 

Бос оператор – (;) белгісі арқылы анықталады және программаның ке келген жерінде кездеседі. Бұл оператор нақты бір іс-әрекетті орындамайды, бірақ көп кездерде қажетті болып келеді.

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-11; Просмотров: 1041; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.008 сек.