Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Вища алгебра 6 страница




Негізгі әдебиет: 1 [191- 204], 4 [341- 364]

Бақылау сұрақтары:

1. Баспа платаларын дайындау әдістерін атаңыз?

2. Көшіру әдісімен баспа платасын дайындаудың технологиялық процесінің сұлбасын сипаттаңыз.

3. Қиыстыру әдістің мәні.

4.Офсетті баспа әдісін сипаттаңыз

5. Химиялық металдау әдісінің мәні?

6. Біржақты БП қабаты неден тұрады?

7. Гальваникалық металдау әдісі неден тұрады?

8. Химиялық позитивті әдіс кезіндегі АЖТ негізгі сатыларының тізбегін атаңыз.

 

13-дәріс.

13.1 Екіжақты және көпжақты БП(баспа платалары).

13.1 – суретте екіжақты баспа платасының (ЕБП) конструкциясы және олардың классификациялары көрсетілген.

13.1- сурет. Екіжақты БП конструкциясы және олардың классификациялары.

Қатты фольгаланған және фольгаланбаған негіздегі ЕБП-лары оларды дайындаудың түрлі технологиялық процестері бар. Бұл әдістердің классификациялары 13.2-суретінде көрсетілген.

Қатты фольгаланған негіздегі ЕБП

 

Жалпы қолданатын (1,2,3 дәлдік класы)   Прецизионды (4,5 және одан да жоғары дәлдік класы)

 

 

Фольгаланған әйнек Фольга қалыңдығы – 35 мкм және жоғары   Фольгаланған әйнек Фольга қалыңдығы – 5,9,18 мкм

 

Комбинирленген позитивті әдіс    
Комбинирленген негативті әдіс

 

Электро-химиялық   Тентинг - әдісі   Комбинирленген позитивті әдіс       Фрезерлеу әдісі

 

13.2 ЕБП- сын дайындау әдістерінің классификациялары

 

13.2 Көпқабатты баспа платалары (КБП)

Көпқабатты БП-лары изоляционды төсеніштермен және қажетті жағдайда экрандаушы қабаттармен бөлінген бірнеше сигналды қабаттардан тұрады. Көпқабатты БП – бірінен кейін бірі жүретін, тізбектелген өткізгіш және изоляционды қабаттардан тұратын коммутациялық түйін. Ондағы өткізгіш қабаттар электрлік принципиалды сұлбаға сәйкес өзара металданған тесіктер арқылы қосылған. Изоляционды қабаттар полимерлеуі және қабаттарды қосуы пресстеу операциясы кезінде белгілі бір температураның әсер етуімен жүретін, толығымен полимерленбеген күйдегі полимерлі смоламен қаныққан.

13.3-сурет. КБП-ның құрылымы

 

13.3-суретте КБП-ның құрылымы көрсетілген. Мұндағы 1- баспа өткізгіші бар сигналды қабат, 2- изоляционды қабат, 3- қабат аралық өткел, 4- сыртқы қабаттар суреті, 5- ішкі қабаттың байланыс аймағы, 6- сыртқы қабаттың байланыс аймағы, 7- ашық металданған тесік, 8- ішкі қабат суреті. КБП-сын қолдану монтаж тығыздығын жоғарлатуға және баспа платалары мен аспаптардың өлшемдерін кішірейту мүмкіндігін береді. Алайда, КБП – ларын қолдану кезінде технологиялық процестің біршама қиындап, екіжақты баспа платаларында жасалған аспаптарға қарағанда, аспап дайындау жұмыстары көбейеді.

КБП-ларын дайындаудың конструктивті-технологиялық әдістерін екі топқа бөлуге болады: химиялық-гальваникалық металдау операцияларын қолдану (қабат аралық қосылысы бар КБП); химиялық-гальваникалық металдау операцияларын қолданбай(қабат аралық қосылыссыз КБП).

КБП-сының ашық тесіктерін дайындау әдісі. Бұл қабаттар саны үлкен баспа платаларын дайындауды қамтамасыз ететін, әлдеқайда болшағы бар әдіс. Бұл әдіс бойынша КБП-сын дайындау процесі платаның барлық баспа қабаттарын пресстеу смоламен қанықтырылған әйнек төсеніштер көмегімен бір уақытта жүргізіледі. КБП-дың ішкі қабаттарын дайындау біржақты фольгаланған диэлектрикте химиялық әдіспен жүргізіледі. Сыртқы қабаттарды дайындау комбинирленген позитивті әдіспен жүргізіледі. Қабатаралық қосылыстар ішкі қабаттардың бұрғылау кезінде пайда болатын байланыс алаңдары арқылы қосылуын қамтамасыз ететін, металданған тесіктер түрінде орындалады. Біржақты фольгаланған диэлектрикпен қатар екіжақты да қолданылуы мүмкін. Бұл жағдайда ішкі қабаттардың дайындамаларында қосылыстар металданған тесіктер түрінде орындалады. Зарарсыздандырылмаған диэлектрикте КБП-сын дайындау кезінде қабатаралық қосылыстардың сенімділігін арттыру үшін байланыс алаңдарының торецтеріндемыстың гальваникалық тұнуы жүргізіледі. Осы мақсатта баспа платасының ішкі қабаттарының өткізгіштері технологиялық өткізгішпен қосылады.

Ашық тесіктері металданған КБП-сын дайындаудың технологиялық процесі үш түрлі нұқада жүргізілуі мүмкін:

- Зарарсыздандыратын диэлектрикте сыртқы қабаттардың сұлбасын сеткографиямен алу;

- Зарарсыздандыратын диэлектрикте сыртқы қабаттардың сұлбасын фотоәдіспен алу;

- Торецтердің гальваникалық өсіруін қолдану.

 

Қабатаралық қосылыстар орындалуы үшін тесіктердің химиялық мыстау, лактың қабатын алу,гальваникалық мыстау (тесіктердегі мыстың қалыңдығы 25 мкм-дан кем болмауы тиіс) және одан кейін Розе ерітіндісін жалатуды жүргізу қажет.

Қорғаныс қабатын жою үшін едки натриінің ерітіндісін жүргізу керек. Мысты зарарсыздандыру үшін аммонидің персульфат ерітіндісін қолдану ұсынылады. Розе балқымасының артығын жою үшін дайындамаларды глицерин немесе Розе балқымасы ваннасына салады және тесіктерден балқыманы резина валикпен ұрады, ал өткізгіш бетінен – ракелмен, содан кейін жуып, кептіру қажет.

КБП-сын жұптап прессеу арқылы дайындау әдісі. Бұл әдістің ерекшелігі - КБП-ларының ішкі қабаттары дайындаманың екіжақты фольгаланған диэлектригінің бір жағында ғана дайындалады. Ішкі қабаттың және сыртқы қабаттының тұтас фольга қабатының сұлбасы арасында негативті әдіспен комбинирленген металданған тесіктер түрінде қабатаралық қосылыстар жасалады. Алынған дайындамалар төсеніш әйнекматалар көмегімен қосылады. КБП-ң сыртқы қабаттары және олардың арасындағы металданған тесіктер түріндегі қабатаралық қосылыстар позитивті комбинирленген әдіспен орындалады.

Технологиялық процесс КБП-ын дайындауды сенімді қабатаралық қосылыстармен қамтамасыз етеді, бірақ қабаттар саны көп болмайды (4-тен көп емес).

Қабат бойынша өсіру арқылы КБП-сын дайындау әдісі. Бұл әдіс – КБП-ның әр қабатында диэлектрикті пресстеу және сұлбаның орындалуы тізбекті түрде, бірінен кейін бірі жүруіне негізделген.

Басында фольганы дайындау үшін диэлектриктің жұқа қабаты престеледі. Фольга бетіне перфорирленген тесіктерге диэлектик қалыңдығындай, мыс тұнады. Осыдан кейін диэлектрик бетіне ішкі қабат сұлбасының суреті орындалатын мыс қабаты тұнады.

Диэлектрикті пресстеу, қабатаралық қосылыстардың орындалуы және сұлба суреті қабат санына қарай қайталанып отырады. КБП-ң соңғы қабатына диэлектриктің тұтас қабаты пресстеледі. Гальваникалық өсіру процесі кезінде барлық қабаттары байланысу үшін қолданылатын платаның фольгамен қапталған жағында КБП-ның сыртқы қабаты орындалады.

КБП-н дайындаудың технологиялық процесінің негізгі кезеңдері:

¡ әйнек маталарды және фольганың дайындамаларын дайындау (материал ретінде Сп маркалы әйнек матасы және электрлік оксидтелген мыс фольгасы қолданылады);

¡ әйнек матаны престеу арқылы диэлектрикті дайындау, диэлектрик бетіне клейді жағу, диэлектрикті перфорирлеу;

¡ келесі тізбектей перфорирленген диэлектриктің 1-қабатын пресстеу: эфир немесе бензин ортасында фольга дайындамасын майсыздандыру және кептіру, пакетті жинастыру.

¡ байланыс өткелдерін орындау, диэлектрик бетінің химиялық және гальваникалық мыстау;

¡ КБП-ң 2-қабат сұлбасының суретін алу, ашық жерлердегі мысты зарарсыздандыру, сұлба суретінің қорғаныс қабатын жою;

¡ перфорирленген диэлектриктің 2-қабатын пресстеу;

¡ байланыс өткелдерін орындау, диэлектрик бетінің химиялық және гальваникалық мыстау;

¡ КБП-ң 3-қабат сұлбасының суретін алу, ашық жерлердегі мысты зарарсыздандыру, сұлба суретінің қорғаныс қабатын жою;

¡ перфорирленген диэлектриктің 3-қабатын пресстеу;

¡ байланыс өткелдерін орындау, диэлектрик бетінің химиялық және гальваникалық мыстау;

¡ КБП-ң 4-қабат сұлбасының суретін алу, ашық жерлердегі мысты зарарсыздандыру, сұлба суретінің қорғаныс қабатын жою;

¡ перфорирленген диэлектриктің 4-қабатын пресстеу;

¡ байланыс өткелдерін орындау, диэлектрик бетінің химиялық және гальваникалық мыстау;

¡ КБП-ң 5-қабат сұлбасының суретін алу, ашық жерлердегі мысты зарарсыздандыру, сұлба суретінің қорғаныс қабатын жою;

¡ Диэлектриктің соңғы қабатын пресстеу (е пунктіне сәйкес орындау), пакетті жинастыру;

¡ сыртқы қабаттың сұлбасының суретін алу, сұлба суретінің қорғаныс қабатын жағу, мысты зарарсыздандыру, металл қорғаныс қабаттың ашық түске боялуы, КБП-н механикалық өңдеу, маркировкалау, тексеру, технологиялық қорғаныс бетін жалату, қораптау.

 

13.3. БП-да технологиялық құжаттардың түрлері мен комплекттілігі.

МЕСТ 3.1428-91 БП-ларын дайындау АЖТ- терінде қолданатын технологиялық құжаттарды рәсімдеу ережелерін орнатады. МЕСТ 3.1104-81 және МЕСТ 2.004-88 құжаттардың формалары мен бланктеріне және олардың жобалау кезіндегі рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар жинақталған. МЕСТ 3.1102-81 – құжаттардың түрлері, олардың шартты белгіленуі және құжатты өңдеу кезеңдері; МЕСТ 3.1103-82 формалардағы негізгі жазуларды рәсімдеу. МЕСТ 3.1119-83 құжаттар комлектілігіне және өндірістің бірлік АЖТ-нің ұйымдастыруына тәуелді құжаттар комплектісін рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптарды қамтиды. МЕСТ 3.1121-84 – типтік және топтық АЖТ-терге. Аспапжасау және машинажасау технологиялық операциялырының классификаторы 1 85 151 АЖТ-тердің атауларын қамтиды.

МЕСТ 3.1428-91 БП-сын дайындау АЖТ-сін өңдеу кезінде қолданатын құжаттардың келесі түрлерін орнықтырады:

Маршруттық карта (МК) (МЕСТ 3.1118-82 бойынша МК рәсімделуі мен формасы) ТП-ті жабдық бойынша, оснастка, материалдық, еңбек және басқа да нормативтері бойынша, сәйкес мәліметтері көрсетілген барлық дайындау операцияларын технологиялық реттілікпен сипаттауға арналған; дайындау және бұйымды жөндеу АЖТ-нде өңделетін технологиялық құжат комплектісінің құрама және ажырамас бөлігі болып табылады. Маршрутты және маршрутты-операционды АЖТ-сі кезінде негізгі құжаттардың бірі; АЖТ-ң операциондық сипаттамасында цехтің, учаскенің, операцияның номері,операция атауы, операцияны орындауда қолданатын құжаттар тізімі, жабдықтар, еңбек шығындары көрсетілетін еркін құжат ролін атқарады.

МК-ны бірлік, типтік, топтық АЖТ-нде фотошаблондар, ББП, ЕБП, КБП дайындауды сипаттау үшін қолданады.

Типтік АЖТ картасы (ТТПК) типтік АЖТ-ң химиялық және гальваникалық металдауын сипаттау үшін қолданады, операционды карта (ОК) – БП-ң контурын өңдеу және бірлік АЖТ-ң ББП, ЕБП, КБП дайындауда тесіктерді өңдеуді сипаттау үшін.

Тптік, топтық ТП-не бұйымдар ведомості типтік АЖТ-не фотошаблондар, ББП, ЕБП, КБП дайындауда айнымалы ақпаратты нұсқау, сонымен қатар әр бұйым бойынша химиялық және гальваникалық металдау ТТП.

Технологиялық нұсқаулық (ТН) келесідей сипаттау қызметін атқарады:

· фотошаблон және БП дайындау кезінде қолданатын түрлі қоспаларды дайындау АЖТ;

· жабдықты орнықтырумен байланысты шаралар.

 

Материал шығындарының ведомості негізгі материал бетінің бірлігіне кететін удельді норма материалдар шығынын жазуға қолданады.

Эскиздер картасы (ЭК) технологиялық операция немесе АЖТ-тің орындалуын айқындайтын ФШ және БП графикалық бейнелеуге қызмет етеді.

Комплектілік карта (КК) келесі қамтиды:

· ФШ және БП дайындау кезінде қолданатын қосымша материалдар;

· өзіндік белгілеулері бар, КБП құрамына кіретін комплекттеуші БП;

· қолданылатын өткел арматуралары;

· КБП-сын дайындауда қолданатын негізгі, төсеніш және қосымша материалдар.

 

Технологиялық құжаттардың топтық және типтік АЖТ-ке комплекттілігі өндіріс түріне, құжаттарды өңдеу кезеңдеріне, АЖТ-тің детализациялау деңгейінің сипаттамасына, дайындауға қолданатын әдістеріне тәуелді.

ТТП және БП құжаттарының комплектілігін өндірістің нақты шарттарын ескере отырып, ғылыми-техникалық құжаттар мен ұйым стандарттары МЕСТ 3.1121-84 талаптарына сәйкес, өндіруші қояды.

 

Негізгі әдебиет: 3 [301- 313],4 [421- 443].

Тексеру сұрақтары:

1. КБП-ң классификациясы.

2. КБП-ны дайындау әдістерінің классификациясы.

3. КБП-ң құрылымы.

4. КБП-н дайындаудың конструктивті-технологиялық әдістері.

5. КБП-н дайындаудың технологиялық процесінің негізгі этаптары.

6. БП-да технологиялық құжаттардың түрлері мен комплекттілігі.

 

14 Дәріс. Сенімділік және оны қамтитын технологиялық жолдары

14.1 Негізгі түсініктемелер және анықтамалар

Сенімділік – ол маңызды көрсеткіш. Оның сапасының көтерілуі өнімнің өзіндік құнын және тасымалдау шығынын төмендетеді және бұйым ресурсын жоғарлатады. Бір мезгілде, жинақтайтын бөлшектің құрама элементтердің сенімділігін жоғарлату арқылы, бұйымның салмағын және габаритін төмендетуге болады (бөлшек мықтылығының қор коэффициентін азайтып,сақтау ескерілмейді және т.б.)

Сенімділік арқылы берілген функция бойынша бұйымның қасиетін түсіндіруге,берілген шектегі керекті уақыт аралығындағы тасымалдау көрсеткішін сақтауға болады.

Бұйымның сенімді болуы оның бөлшектерінің қарсылықсыздығымен,жөндейтінділігімен, сақталымпаздылығымен сонымен қатар ұзақтылығымен білінеді.

Қарсылықсыздығы – бұйымның бұл қасиеті үзіліссіз жұмыс жасалған кезде де жұмысқа қабілеттілігін сақтайды.

Жөнделетінділігі – бұйымның бұл қасиеті бұзылуды алдын ала ескерту, табу және оны жоюға негізделген.

Сақталымпаздылығы – бұйымның бұл қасиеті техникалық шарт бойынша орнатылған сақтау және тасымалдау кезіндегі және одан кейінгі эксплуатациялық көрсеткішін сақтайды.

Ұзақтылығы - бұйымның бұл қасиеті жағдайының шегіне дейін жұмысқа қабілеттілігіне негізделген. Жағдайдың шектелуі деген техникалық құжатта көрсетілген мерзім, яғни бұл бұйымның бұдан әрі пайдалануға жарамайтындығы және жұмысқа қабілетінің тиімсіз болуы екенін көрсетеді.

Бұйымнық ұзақтылығы техникалық ресурс бойынша бағаланады, яғни бұйымды пайдалану кезінен бұзылуына дейін немесе басқа шектік жағдайына дейін және бұйымның қызмет жасау мерзімімен анықталады. Бұйымның тозуы яғни үрдісте эксплуатация әрекеті және белгілі бір функцияны кезекті түрде орындауымен түсіндіріледі. Ұзақтылық басқа да бірліктермен өлшенуі мүмкін (мысал, цикл санымен, яғни бұйымның тозуына дейін есептелген).

Сенімділікті сандық жағынан бағалауда бұзылу үлкен қызмет атқарады.

Бұзылу дегеніміз – жөндеуге келмейтін процес болып табылады, яғни оны жоймайынша бұйымның аппаратура үшін немесе оның негізгі функциясы үшін қандай да бір жұмыс істеуі екі талай. Бұзылу кейбір белгілері бойынша былай бөлінеді: бұзылудың жұмыс істеу қабілетіне әсер ету дәрежесіне қарай - толық, жартылай және біртіндеп; бұзылудың физикалық сипатына – катастрофалық және параметрлік; басқа да бұзылулармен байланысуына – тәуелді және тәуелсіз; біліну процесінің сипаты бойынша – кенеттен және біртіндеп; бұзылудың уақытына қарай – тұрақты, уақытша және кезектілі болып бөлінеді.

Толық бұзылу – бұл бұзылу білінген жағдайда, яғни бұзылуды жоймайынша аппаратураны қолдану мүмкін болмайды.

Жартылай бұзылу - қандай да бір элемент (параметр) сипатының нашарлануына байланысты.

Катастрофалық – бұйымның былай бұзылуы толығымен жұмыс істеу қабілетін тоқтату дегенді білдіреді. Мұндай бұзылуға бөлшектердің деформациялануы, үзілуі, т.б. жатады.

Параметрлік бұзылу – күрделі бұйымның біртіндеп бұзылуымен анықталады. Соның салдарынан бұйымның функциясының сапасы нашарлайды. Бұндай нашарлау тұрақты уақытта болуы мүмкін. Бұзылу кездейсоқ оқиға тәрізді тәуелді және тәуелсіз болады. Егер бұзылу қандай да бір жүйедегі элементтің бұзылуына әсерін тигізбесе, онда оны тәуелді, ал егер бір элементтегі бұзылуы басқа элементтегі кезінде өзгерген болса, онда ол тәуелді деп аталады. Кездейсоқ бұзылу – бірнеше кездейсоқ факторлардың және негізгі параметрлердің күрт өзгеруінің нәтижесінен яғни жұмыс жасайтын персоналдың әсерінен туындайтын бұзылу болып табылады.

Біртіндеп бұзылу - элементтің тозуынан және ескірудің нәтижесінде параметрдің аз ғана өзгеруінен туындайтын бұзылу. Бұндай бұзылудың белгілері, яғни бөлшектердің, компоненттердің жасырын білінбейтін қасиетінің өзгеруі көзге айқын көріне қоймайды.

Бұзылуларды бөлудің ішіндегі ең маңыздылары кездейсоқ және біртіндеп немесе катастрофалық және параметрлік болып табылады. Осыларға қарап сенімділік есептеу әдісін анықтауға болады. Параметрлік бұзылуы болмайтын сенімділікті параметрлік сенімділік деп атайды.

Тұрақты бұзылу – бұндай бұзылу жөндеу нәтижесінен кейін іске қосылады немесе оның орнына басқа элементті қолдануға негізделген.

Уақытша бұзылу - бұзылудың себебін жөндегеннен кейін қызмет көрсететін персоналдардың көмегінсіз өзінен-өзі жоғалатын бұзылу. Бұндай бұзылулардың себебіне қалыпсыз режим және жұмыс жағдайы әсер етеді.

Көп рет қайталанып тұратын бұзылуды кезектілі деп атайды.олардың байқау өте қиын; жұмыс жағдайындағы режимнің және бұйымның нашарығын білдіреді. Барлық сенімділіктің сандық сипаты ықтималдық сипатқа ие болады, ондағы бұзылу кездейсоқ болады. Ықтималдық сипатты анықтау өте күрделі тапсырма болыр табылады. Сондықтан қарапайым бұйым үшін көбінесе статикалық сенімділік сипатын анықтайды. Жаңа бұйымның сенімдіділік бағасын анықтаған кезде алдыңғы сынақ нәтижесінде белгілі бөлек элементтердің сенімділік сиптын қолданады.

 

14.2. Сенімділік көрсеткіші.

Жөнделмейтін бұйымның сенімділік көрсеткіші – бұл бұзылмайтын жұмыс ықтималдығы, бұзылудың жиілігі мен қарқындылығы, ал жөнделетін бұйым – дайындылық коэффициенті, бұзылу ағынының параметрі бұзылмайтын жұмыстытың ықтималдылығы, жөндеуге кететін орташа мерзіммен анықталады. Осындай кейбір көрсеткіштерді қарастырайық.

Бұзылмайты жұмыс бұйымының ықтималдылығы p(t) – берілген уақыт аралығында және берілген эксплуатациялау жағдайында бұзылудың болмау ықтималдылығы. Бұзылмайтын жұмыс ықтималдылығы:

Мұндағы, N0 - эксплуатация немесе сынақ басындағы бұйым саны; ni- i-ші уақыт аралығында сынақ кезінбе қатардан шыққан бұйым саны; m=t/∆t – аралық саны; t- сынақ уақыты; ∆t- аралық уақыт ұзақтығы.

Бұзылмайтын жұмыстың статикалық ықтималдылығы

Прибордың элементі ретінде де,прибордың кешені ретінде де бұл сипаттаманы сенімділікті бағалау үшін қолдануы мүмкін.сенімділікті анықтау үшін бұзылу ықтималдығын қолдануға болады.

Бұзылуға дейінгі орташа жұмыс жасалуы немесе бұзылусыз жұмыстың орташа уақыты – бұл бұйымның жөнделген жұмысының бірінші бұзылуға дейінгі күтілетін уақыт.

,

Мұндағы, tci- i-аралықтағы орташа уақыт.

Бұзылусыз жұмыстың орташа уақыты – бірдей жағдайда жұмыс жасайтын әртүрлі бұйымның сенімділігін бағалау және салыстыру үшін ыңғайлы. Бұзылу жиілігі – бұл ең бірінші сынақта қоданған элемент санындағы (N0)

n(t)/∆t уақыт бірлігіндегі бұзылған элементтердің санының қатынасы, яғни бұзылған элементтер қалыпына келмейді және алмастырылмайды шартқа сәйкес бойынша.

а (t)=n (t)/(NoDt). (4.5)

Сенімділіктің ең ыңғайлы сипаты болып бұзылу қарқындылығы табылады.

 

14.3. Бұзылу қарқындылығы.

Бұзылу қарқындылығы λ(t) деп –осы уақыт аралық басындағы жұмысқа қабілетті өнімді элементтер санының N(t) оның ұзақтығының∆t қарастырып отырған уақыт аралығындағы бұзылған элементтер санына n(t) қатынасын айтады.:

λ -сипаттағы өлшем орта саныныдағы жөнделіп жұмыс жасайтын элементтер уақыт бірлігіндегі (көбінесе сағат) қатардан шығып қалатын элемент бөлігіін көрсетеді.

 

14.1. сурет. Бұзылу қарқындылығының уақытқа тәуелділігі.

Бұзылу қарқынының мәні элемент сенімділігінің сипаты сияқты былай түсіндіріледі:а) қалыпта жұмыс уақыты кезінде көптеген прибор элементінің және прибор кешенінің бұзылу қарқындылығы болып (әсіресе радиоэлектронды аппараттардың элементі) тұрақты өлшем болып табылады, яғни ол орташа жиіліктегі және бұзылусыз жұмыс ықтималдығының қарама-қарсы осындай элементтер санының сенімділігін бағалауға мүмкіндік береді; б) бұзылу қарқындылығы көп жағдайда прибордың элементін ғана емес сонымен қатар приборлы кешеннің сенімділіктің сандық сипатын анықтауға ықпалын тигізеді; в) бұзылу қарқындылығын эксперимент жүзінде де алуға болады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-11; Просмотров: 496; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.008 сек.