КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Радиоактивті металдар
Уран. Қазақстанда уранның бүкіл дүние жүзілік қорының төрттен бір бөлігі (25%-ы) шоғырланған. Еліміздегі уранның басты базасы – экзогендік кенорындар, олардың ішінде гидрогендік қойнауқаттық-инфильтрациялық кенорындар. Мұндай кенорындар ең көп шоғырланған аймақтар – Оңтүстік Қазақстандағы Шу-Сарысу және Сырдария уранды провинциялары. Бұл өңірлерде 20-дан астам уран кенорындары белгілі. Шу-Сарысу провинциясындағы ең ірі кенорындар – Инкай, Буденовск, Мыңқұдық, Уванас, Төртқұдық, Мойынқұм, Қанжуған т.б. кенорындар. Алғашқы аталған үш кенорын ғаламат ірі кенорындар санатына жатады. Сырдария уранды провинциясыда Қарасан кенорны ғаламат ірі кенорынға жатады, мұндағы Солтүстік және Оңтүстік Қарамұрын, Иіркөл, Заречное кенорындары – ірі кенорындар санатында. Маңғыстау түбегінде Меловое, Томақ, Тайбағар, Тасмұрын сияқты біршама ірі органогендік-фосфатты уран кенорындары белгілі, бұлар Маңғыстау–Каспий маңы уранды провинция ауқымына кіреді. Уранның эндогендік кенорындары негізінен Солтүстік Қазақстан уранды провинция ауқымына кіреді. Бұл өңірде ғаламат ірі Қосащы кенорны, ірі кенорындар санатына жататын Грачев, Заозерное,, Маңыбай кенорындары белгілі. Шу-Іле–Бетпақдала өңірінде Ботабұрым, Қызылсай, Жиделі атаулы ірі кенорындар болған. Алайда Солтүстік Қазақстан және Шу-Іле өңірлеріндегі осы аталған эндогендік кенорындар түгелге жуық игеріліп алынған. Осыдан он-он бес жыл бұрын еліміздегі уран өндірісі негізінен эндогендік кенорындар есебінен жүргізілген болса, соңғы жылдары басты рөлді гидрогендік қойнауқаттық-инфильтрациялық кенорындар атқаратын болды. Бұл кенорындар мейілінше тиімді әдіс болып табылатын жерасты шаймалау әдісімен игерілуде. Әсіресе Шу-Сарысу ойысының кенорындары қазіргі таңда аталған әдіс көмегімен қарқынды түрде игеріліп жатыр. Бұл жұмыстар нәтижесінде жоғарыда аталған кенорындардан ураннан өзге рений, ванадий, селен, сирекжерлік элементтер сияқты өзге де бағалы шикізат түрлері өндіріледі. Қазіргі таңда уранның дәлелденген қорлары мен Р1 категориясы бойынша анықталған ресурстарының 75%-ы осы гидрогендік қойнауқаттық-инфильтрациялық кенорындар үлесінде. Органогендік-фосфорлы-уранды рудалар құрамынан ураннан өзге скандий, сирекжерлер, фосфор сияқты пайдалы түрбөлшектер алынатын болса, уранды-көмірлі рудалар құрамында молибденнің, ренийдің, кобальттың, күмістің, германийдің және селеннің жоғары концентрациялары ұшырасады. Жалпы алғанда, республикамызда уранның шикізат базасын молайта түсу перспективасы өте жоғары. Қазақстандағы уранның жалпылама ресурстары 1,5 млн. т деп есептеледі, оның ішінде барланған қорлары 470 мың т. Осы көрсеткіштердің өзі-ақ Қазақстанды уран өндіру бойынша әлемдегі алдыңғы қатарлы елдердің біріне жатқызуға мүмкіндік береді.
Дата добавления: 2014-01-14; Просмотров: 2515; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |