КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Рылыс материалдары
Қазақстанда құрылыс материалдары өнеркәсібінің қуатты базасы қалыптасқан. Бұл топқа жататын шикізаттың барлық түрлерінің де кенорындары жеткілікті. Қазіргі таңда мұндай кенорындардың ұзын саны 1500 шамасында. Бұлардың жартысынан астамы кірпіш- черепица дайындайтын саздардың, құм-гравий қоспаларының, құрылыс тастарының кенорындары. Құрылыс материалдарының екінші бөлігі қаптама тастардың, цемент шикізатының (әктастар, сазды таужыныстар, витрофирлер), керамзит шикізатының (саздар, құмдақтар, аргиллиттер, тақтатастар), петругия шикізаттарының (базальттар, габбролар, диабаздар), минералдық бояулардың (табиғи пигменттер), гипстің және ангидриттің кенорындары түрінде көрініс береді. Қорыта айтқанда, республиканың құрылыс материалдарына деген сұранысы толығымен қанағаттандырылған. Тұздар мен шипалы саздар Калий тұздары. Калий тұздарының республикадағы негізгі барланған қорлары мен болжамдық ресурстары Солтүстік Каспий маңына және Ақтөбелік Орал өңіріне шоғырланған кенорындар есебінен анықталған. Каспий маңы синеклизасының солтүстік өңірінде калий тұздарының Индер, Шалқар, Сәтимола кенорындары белгілі, бұлардағы калий тұздарының болжамдық ресурстары (Р1-Р3 категориялары бойынша) 500 млн. т шамасында, бұл ресурстар ауқымындағы калий диоксидінің 8 млн. т-сы ғана баланстық есепке алынған. Ақтөбелік Орал маңы өңіріндегі калий тұздарының жиынтық баланстық қорлары (С2категориясын қоса есептегенде) 100 млн. т-ны құрайды. Бұл қорлардың басым бөлігі Жилянка кенорнының үлесінде. Бұл кенорынның рудалары кешенді сульфатты-калийлі тыңайтқыштар алуға жарамды. Жалғыз ғана осы кенорындағы калий тұздарының болжамдық ресурстары 300 млн. т шамасында деп бағаланады. Жалпы алғанда, бүкіл Батыс Қазақстан аймағындағы калий тұздарының болжамдық ресурстары 1 млрд. т-ны құрайды, оның 217 млн. т-сы сульфат типті тұздардың (полигалит шикізаты) үлесінде. Бораттар. Бор рудаларының бүкіл барланған қорлары мен болжамдық ресурстары республиканың жалғыз ғана өңірінде – Каспий маңы синеклизасына шоғырланған. Бұл өңірде борат рудаларының екі ірі кенорны белгілі, олар – Индер және Сәтимола кенорындары. Бұл кенорындарда таза бораттармен қатар борлы-калийлі тұздар да баршылық, бұлар жеңіл баийтын және кешенді рудалар болып табылады, яғни олардан бор элементімен қатар калий, магний және бром элементтерін де қосымша түрде өндіруге болады. Каспий маңы ойысының 15-ке жуық тұз күмбездерінде шоғырланған бор рудаларының жиынтық болжамдық ресурстары ондаған млн. т-мен бағаланады. Бор элементінің қосымша көздері ретінде сол өңірдегі ащы көлдердің тұздықтарын және кейбір мұнай кенорындарының қойнауқаттық суларын да атауға болады. Кейбір скарндық полиметалл, темір және мыс кенорындарында ұшырасып қалатын бор минералдары (датолит, людвигит) практикалық тұрғыдан қызығушылық туғызбайды. Ас тұзы, натрий сульфаты және табиғи сода. Ас тұзының мол қоры Каспий маңы ойысының тұз күмбездері мен Шу-Сарысу ойысының күмбезді құрылымдарында шоғырланған. Мұндай кенорындардың ең ірілерінің бірі – Каспий маңы синеклизасындағы Индер тұз күмбезіндегі онымен аттас тұз кенорны. Бұл кенорынды кейде Белая Ростошь деп те атайды. Бұл кенорындағы ас тұзының техникалық сорттарының барланған қорлары 709 млн. т, оның 40 млн. т-сы өнеркәсіптік категориялар бойынша барланған. Кенорын игеруге дайындалған. Тоғайбай-Мешіт деп аталған тастұз (ас тұзы) кенорнының барланған қоры 70,5 млн. т. Индер ауданында біршама ірі тұнбатұз кенорны да белгілі. Индер көлі ауқымындағы бұл тұнбатұз қоры 1,5 млрд. т-ны құрайды, оның 647 млн. т-сы өнеркәсіптік категориялар бойынша барланған. Бұл кенорын 1993 жылдан бері игерілуде. Каспий маңы өңірінде өзге де шағын-шағын тұнбатұз кенорындары белгілі, олар – Кішкенетұз, Болғасынтұз, Оймашатұз, Қорғантұз т.б. Кейбір тұнбатұз кенорындары Солтүстік және Оңтүстік Қазақстан аймақтарында да белгілі, олар – Үлкен Қалқаман, Маралды, Жақсықылыш кенорындары. Соңғы кенорында ас тұзының ғана емес, сульфатты тұздың да айтарлықтай қоры шоғырланған (тиісінше, 70 млн. және 80 млн. т). Табиғи натрий сульфатының қоры Жақсықылыш кенорнымен ғана шектелмейді. Бұл пайдалы қазбаның шикізат базасы көміліп қалған көлтұздықтар, мирабилиттің түптік түзілімдері, сирегірек тендрадит шоғырлары есебінен де толыға түседі. Оннан астам осындай көлдік кенорындар өнеркәсіптік тұрғыдан барланған. Сульфатты- натрийлі тұздардың көміліп қалған жатындары Оңтүстік Қазақстанның тауаралық және тауалды ойыстарында (Шөлдіадыр, Ащыкөл, Ұзынсу т.б.), Каспий маңы өңірінің шығысындағы және Арал маңындағы платформалық депрессияларда анықталған. Олардағы тұз қорлары да атауға тұрарлық. Мәселен, Шөлдіадыр кенорнында тасқа айналған ас тұзының болжамдық ресурсы 2,5 млрд. т, сульфатты тұздардың бұл көрсеткіші 1,5 млрд. т, гипс ресурстары 0,43 млрд. т. Бұл кенорын іздеу-барлау сатысы деңгейінде ғана зерттелген. Табиғи сода шикізаты республикамызда нашар зерттелген. Алайда сода шикізатының (ас тұзы, жазу боры, бақалтас-әктастар) аса ірі ресурстары Батыс Қазақстанда бар екендігі белгілі, ол кальцийленген және каустикалық сода алуға жарамды шикізат болып табылады. Аталған мол ресурстардың Белая Ростошь кенорнына тиесілі шикізат қоры ғана (тастұз және жазу боры) балансқа тіркелген. Шипалы балшықтар. Республикамызда шипалы балшықтардың 30 кенорны тіркелген, алайда олардың жартысы ғана барланған. Кенорындардың басым көпшілігі Батыс Қазақстан аймағында, алайда өзге аймақтар да мұндай кенорындардан құралақан емес. Батыс Қазақстандағы ірі кенорын болып табылатын Әлжан кенорнын (480 мың м3), сол сияқты Алғабас, Аралсор, Сегізқыз (200 мың м3), Жамантұз (250 мың м3), Соркөл (100 мың м3) сияқты орташа мөлшерлі кенорындарды атауға болады. Оңтүстік Қазақстанда Тұзкөл (940 мың м3), Үсек (28 мың м3), Теріескен (15 мың м3), Сары Шошқа кенорындары белгілі. Орталық Қазақстанда өте ірі Қарасор (10 млн. м3), орташа мөлшерлі Миялды және Ексор кенорындары тіркелген. Солтүстік Қазақстанда қоры 202 мың м3 Мыльное және қоры 190 мың м3 Лаврентьев кенорындары анықталған. Минералды, термоминералды, жылу-энергетикалық сулар Қазақстанда минералды және термалы сулардың мол қоры бар. Мұнда минералды сулардың 48 кенорнының 30 мың м3/тәулік игерімдік қоры есепке алынған. Бұлардың 18-і Оңтүстік, 9-ы Батыс, 7-і Солтүстік, 10-ы Орталық, 4-і Шығыс Қазақстанда. Республика аумағында 260 перспективалы минералды су білінімдері тіркелген, олардың 85-і Оңтүстік, 66-сы Орталық, 56-сы Батыс, 33-і Шығыс, 20-сы Солтүстік Қазақстанда. Барланған кенорындар мен перспективалы білінімдер негізінде санаторийлер, курорттар, профилакторийлер, ем-дом ғимараттары жұмыс істейді. Кейбір минералды су көздері мен өздігінен су ағып тұрған ұңғымалар жергілікті тұрғындар тарапынан жүйесіз пайдаланылады. Шипалық көрсеткіші тұрғысынан Қазақстанның минералды сулары төмендегі топтарға жіктеледі. А тобына қарасты «арнаулы түрбөлшектері» жоқ және жалпылама қасиеттермен сипатталатын минералды сулар ең кең тараған сулар болып табылады. Қазақстанда олардың 29 кенорны белгілі, бұлар әдетте сульфидті, иодты-бромды, күкіртсутекті, темірлі және кремнийлі термалық сулар. Бұл кенорындардың жиынтық қоры 22,6 мың м3/тәулік. Бұл сулар шипалық мақсатта, сол сияқты емдік мақсатта ішетін су ретінде пайдаланылады. Мұндай сулардың көмірқышқылды түрлері Қазақстанда әзірге табыла қойған жоқ, алайда олар табылып қалуы әбден мүмкін. А тобына қарасты минералды сулардың негізгі кенорындары мыналар: Батыс Қазақстан бойынша: Шалқар (3508 м3/тәулік), Ералиев (2420 м3/тәулік), Сарыбұлақ (1535 м3/тәулік), Шевченко (432 м3/тәулік), Белогорск (345 м3/тәулік); Оңтүстік Қазақстан бойынша: Сарыағаш (1904 м3/тәулік), Албан-Арасан (3450 м3/тәулік), Ұзынбұлақ-Арасан (2412 м3/тәулік), Арал (1730 м3/тәулік), Темірлан (860 м3/тәулік), Құрам (849 м3/тәулік); Солтүстік Қазақстан бойынша: Мыльное көлі (1037 м3/тәулік), Щербаков (768 м3/тәулік), Благовещенск (700 м3/тәулік), Асанов (768 м3/тәулік), Көнеөткел (578 м3/тәулік); Оңтүстік Қазақстан бойынша: Қаражал (519 м3/тәулік), Жартас (30 м3/тәулік); Шығыс Қазақстан бойынша: Барлық-Арасан (340 м3/тәулік), Жеменей (25 м3/тәулік). Г тобына қарасты сулар темірлі «полиметалдық» минералды сулар деп аталады. Бұл топқа жататындар Жосалы (254 м3/тәулік) және Темірсу (173 м3/тәулік) кенорындары. Орталық Қазақстандағы Темірсу кенорнының негізінде шипалық санаторий жұмыс істейді. Д тобының сулары йодты-бромды құраммен сипатталады. Бұлардың Батыс Қазақстанда Ақжайық (300+32 м3/тәулік), Жылан (259+59 м3/тәулік) кенорындары, Оңтүстік Қазақстанда Алматы термоминералды кенорны (432+216 м3/тәулік), Солтүстік Қазақстанда Қызылжар кенорны (1730 м3/тәулік), Орталық Қазақстанда Майбалық (329 м3/тәулік) кенорны сияқты өкілдері бар. Е тобына родонды (радиоактивті) минералды сулар жатады. Бұл топтың өкілдері ретінде Оңтүстік Қазақстандағы Мерке кенорнын (518 м3/тәулік), Орталық Қазақстандағы Құйын (350 м3/тәулік), Шахтер (259 м3/тәулік) және Шалқар-Арасан (432 м3/тәулік) кенорындарын атауға болады. Ж тобы кремнийлі термаларды біріктіреді, олардың өкілдері – Оңтүстік Қазақстандағы Алма-Арасан (............ м3/тәулік), Ақсай (864 м3/тәулік), Қапал-Арасан (432 м3/тәулік), Қу-Арасан (13 м3/тәулік), Шығыс Қазақстандағы Рахмановские Ключи (350 м3/тәулік), Арасан-Талды (370 м3/тәулік) кенорындары. В тобына күкіртсутекті (сульфидті) минералды сулар жатқызылады. Бұлардың құрамындағы күкіртсутектің мөлшері 10 мг/л-ден кем болмайды. Мұндай сулардың өкілдері Батыс Қазақстан аймағында, мұнай жатындарын кіріктіретін мезозойлық түзілімдер қабатында ұшырасады. Бұл топ нысандарының жарқын өкілі – Жетібай минералды сулар кенорны. Республиканың өзге мұнайлы-газды аймақтарынан күкіртсутекті сулардың жаңа көздері ашылып қалуы әбден мүмкін. Термалы сулар. Республика ауқымында термалы сулардың екі түрі оқшауланады, олар – қойнауқаттық және жарықшақтық-желілік термалы сулар. Біоіншісі көбірек таралған. Қойнауқаттық термалы сулардың айтарлықтай ресурстары Іле, Сырдария, Шу-Сарысу, Маңғыстау-Үстірт, Каспий маңы артезиан алаптарында шоғырланған. Жарықшақтық-желілік термалы сулар жинақталған негізгі перспективалы геологиялық құрылымдар ретінде Алтай, Сауыр-Тарбағатай, Кетпен-Іле қатпарлы белдемдерін атауға болады. Қазақстанның таулы-қатпарлы облыстары мен платформалық құрылымдарына тиесілі артезиан алаптарында біршама мол гидротермалы ресурстар шоғырланған. Бұл ресурстардың жиынтық мөлшері судың көлемі бойынша 10,275 мың км2, бөліп шығаратын жылуы бойынша 680 млрд. Гкал. Соңғы көрсеткіш 97,115 млрд. т шартты отынға сәйкес келеді. Ресурстардың Қазақстан аймақтары бойынша таралу сұлбасы төмендегідей: Батыс Қазақстан – 78,2℅, Оңтүстік Қазақстан – 16℅, Орталық Қазақстан – 5,5℅, Солтүстік Қазақстан – 0,3℅, Шығыс Қазақстан – 0,003℅. Республиканың термалы сулары жылу көзі ретінде мүлдем пайдаланылмайды десе де болады. Алайда бұл мәселенің перспективасы өте жоғары екендігін ескерген жөн. Қазақстанда мұндай суларды жылу көзі ретінде пайдаланудың екі-ақ мысалы бар, олар – Шәуілдірде (245,3 мың Гкал/жыл) және Арыста (353,6 мың Гкал/жыл) термалы су көздерін ыстық су ретінде тұтынуға және пәтерлерді жылытуға пайдаланылуы.
Негізгі әдебиет: [3] Қосымша әдебиет: [6], [10], [16], [17], [19], 5-41 б.
Бақылау сұрақтары. 1. Пайдалы қазба, минералдық шикізат, кенорын, минералдық ресурстар деген түсініктердің анықтамаларын айтыңыз. 2. Пайдалы қазбаны үнемді және кешенді пайдалану дегенді қалай түсінесіз? 3. Қазақстанның минералды-шикізат кешенінің стратегиялық, өте маңызды, маңызды және проблемалық салаларын атап шығыңыз. 4. Қазақстанның пайдалы қазбаларының жіктемесін атаңыз. 5. Қазақстанның металл пайдалы қазбаларының жіктемесін атаңыз.
Дата добавления: 2014-01-14; Просмотров: 896; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |