Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

КІРІСПЕ 3 страница




Екiншi тектiк топқа сәйкессiз құрақты (мозаика) және сәйкесті құрама құрлымды топырақ жамылғысы (ташеттер) кiредi Топырақ жамылғысының құрлымы (структура) туралы iлiм топырақтанудың ендi дамып келе жатқан жаңа тарауы. Егiншiлiк практикасындагы - етiстiктер орналаетыруда, нақтылы агрономиялык технологияны жүргiзуде æөнтопырақты алғашқы жақсарта өңдеуде, ең алдымен топырақ жамылғысының құрылымын ескеру керек.

Топырақтардың құрлықта жайласуы — орналасуы деп озгешелiгiн айқындайтын талдау әдiсiн және соның негiзiнде олары үйлестiрудi географиялық ауданау дейдi. Аудандау барысында топырақ жамылғысы, тектесiгiне, аймақтық және провинциялык өзгешелiктерiне қарай, ауылшаруашылғгында пайдалану мүмкiндiгiне негiздеп, бiркелкi аудандарға боледi.

Топырақ-географиялық аудандау жүмысы мен Ресейде ең бiрiншi шағын территорияда Р.Рисположенский және С.Неуструев шүғылданған. Бұрынғы КСГО-ң Европа жағын бөлшектеудi 1972жьшы Л. Прасолов жүртiзген. Оның жобасын Кеңес Одағы көлемiнде В Доқучаев атындағы Топырақ институтының ғалымдары жасады, кейiң ол өндiргiш күштердi зерттеу кеңесi және басқа iзденiс мекемелерi қатысуымен толықтырылған. Аудандаудың мынандай таксондық құра бiрiншiлiгi кабылданған:

1) топырақ жамылғасының климаттык белдеулерi; 2) биоклиматтык облыстары және одан төмен сатыдаға таксондар - жазықтықта; 3) топырақтың ендiк аймақтары - аймақ iшiнде; 4) провинциялар; 5) округтер және аудандар; 6) таулы облыстарда топырақ жамылғысы провинцияларға (тiк белдеулiк аймақ округ және аудан) бөлiнген.

Бастапқы 4 деңгейде аудандау негiзiне топырақтар жайласуының биоклиматтық өзгешiлiктерi салынған. 5-6-шы таксондарды, яғни топырақ округтерi мен аудандрын бөлуде территорияның геоморфолоғиясы (қүрлық бедерi) жәнетопырақ жамылысы құрылымының өзгешәлiктерi ескерiледi.

Салыстыра қарағанда жазықтықтағы географиялык топырақ аймақтары (зоналары) дара болiнетiн болса, таулы облыстын топырақ провинциясы бiрнеше тiк топырақ белдеулерiн қамтиды. Гидротермикалык жағдайлары үқсас жазықтыктағы бөлiнеше топырак зоналары, сондай-ақ таулық топырақ провинöялары бiрiгiп, бiр биоклиматтық - топырақ облысын құрайды; ал бiрнеше облыстар, өздерiнiң үқсас жылу — қуаттық корсеткiштерi негiзiнде, топырақтар жамылғысынын климаттық белдеуiн күрады. Келтiрiлген молiметтерге сүйене отырып, Г. Добровольский, Н. Розов және И. Урусемская (1980) ж. б. КСРО топырақтарының географиялык, аудандау картасын жасаған. Картада болiнген климаттық-топырақтық белдеулер, облыстар, аймактар мен провинциялар тiзбегi төмен де келтiрiлген.

ТМД-ғы полярлық белдеу қиыр солтустiктегi Еуроазиялық полярлық облыстың ең iрi болшегi, топырақтары арктикалық және түндралык кейiптер (типтер). Облыс екi арктикаға таяу белдеудң арктикалық және тундралық глейлi топырақты аймаққа бөлiнедi. Келесi ең iрi борреалдық биоклиматтық-топырақтық белдеу Еуропалы-Батыс-Сiбiрлiк, тайғалы-ормандық күлгiн кейптi топырақты, континентальды (ызғарлы) Шығыс-Сiбiрлiк тоңды-тағалық, тым-континенталды тонды-тайғалық және қүад топырақты облыстарға болiнедi. Кыйыр-шыгыстагы тайғалы орманда континетальды-мухиттық, орманды жанартаулық күлгiн қоныр тайғалық тапырақты облыстар ажыратылады. Ендiк бойы бiркелкi тағайлық өiмдiктер жайлаған кеңiстiкте аталғаноблыстар бiрiгiп, тайғалы ормандык аймакқа калыптаскан. Ендiк алабы тұрғысынан ең үлкен Еуропалы-Батыс-Сiбiрлiк тайғалы ормаңднк облыс, ал солтiүстiк тайғалық облыстарда балкарағайлы ормандар басым. Тегiстiктегi бұл облыс екi аймақшаға бөлiнедi: солтүстiктетi глейлi-тонды топырақты тайға мен орталык тоңды-тайғалық кышкыл және құба топырақты тайға.

Қыйыр шығыстағы ғайғалы-орманлы обылысты күңгiрт және ашык түстi iрi жапырақты-бүрлi ағаштар жайланғак.

Бұл облысқа екi жанартаулык күлгiндеу мен күлгiн және тайғалыл қоңыр топрақтар бөлiнедi. Басты биоклиматтақ-топырақтық облыстың бiрi-бореалдаиға
таяу белдеу суббореалды тайғалық белдеуден оңтүстiкке қарай жайласқан, ол орғалық орманды-дала, дала мен шол-дала æәне шөлдi аймактардан тұрады, яғни бiртұтас топырақ аймақтар спектiрн (тiзбетiн) күрады. Бұл белдеудiң бедерi көбiнесе, жазык тегiс келедi, таулы жерлерi аздау, (оңтүстiк Орал, Алтай-Саяң). Топырақ аймяқтары мен аймақшалары үзыншай ендiк бағытта созылған, тек Карпат, Кавказ таулары етегiнде олар меридианиды бағыт алған. Орталық орманды-дала мен далалық облыстар сүр-ормандық топырактар мен кулгiнденген, сiлтiсiзденген және кәдiмгi кейiптi қаратопырақты үш зонаға бөлiнедi.
Одан әрi (онтүстiкке қарай) далалық қарапайым мен оңтүстiк қаратопырақты және қуаңдалалық карақоңыр топырақты аймактар тұрады. Бiрақ соңғысы көбiнесе Солтүстiк Тянь-Шань тау етегiндегi тiк қатарлы топырақ аймақтарының бастапқы жылы белдеуi болып саналады.

Б. КСРО-ң батыс және қыйыр-шығыстағы бореалдыға таяу белдеуiнiң климаты мүхит әсерiне байланысты ылғалды келедi және Одақтың Батысы пен қыйыр-шыгысындағы бөлшектерi екi қоңыр ормандық топырақты облыстарға бөлiнедi. Ормандык қоныр топырақ Еуропа контиггентiнiң батыс және орталық белшетiн (Карпаттан әрi, Карпаттар, қырым, Солтустк Кавказ таулық провинцияларын) алып жатыр. Қыйыр шығыстағы борреалдыға таяу қоңыр ормандық облысқа Зей-Бурей менi Уссурийск-Ханкай және Оңтүстiк Сихота Өлен таулы провинциялары жатады. Аталған олкенiк тегiстiгінде прерийлер - биiк шоптесiндер астында амурлық, көбiнесе қоңыр орманлык және ерекше шабындық қара-қоңыр-түрлес топырақтар кездеседi.

ТМД-ң оңтүстiк аудакдары келесi Субтропикалық (тропикке таяу) белдеуғе жатады, ол үш биоклиматтмқ - топырақтык (шолейт пен шолдi, қүрғак және ылғалды орманды) облыстарға бөлнедi. Солардың iшiнде кеқ алаптылары-субтропикалық шолейт және шолдi сүр-қоныр және тау етегiндегi шолдi даланың қүбi топырякты аймақтары. Субтропикалық бедеуге турян ойпатының онтүстiк беткейi мен Кура-Аракс ойпаңының шыгыс аудандары, Батыс Тянь-Шянь, Бадашан-Гиссар және Көпстдаг таулы провинциялары жатады- Беляеудiң Батыс жағысында субтропикалық құрғақ- орманлы (бүтилы-даланың күрең және сүр-күрсң топырақ облыстары орналасқаң. Бұлар Кура-Аракс ойпатыкың орталық және батыс болстiк, Канкан тауының оңтүстік бекiлейi және Кiшi Кавказ тауының тiк қатарлы топырақтар беддеулерiк қамтидi. Соңғы субтропикалык ылғал облысқа сары және қызыл топырақты аймақтар көредi. Мундз кiнi екi - Батыс Грузия (Колхида ойпаты және Батыс Кавказ тау етегi) мен оңтүстiк (Әзiрбайжан Ленкоршi ойпаты және Шығыс Кавказ тау етегi) аудандары бар. Аталған аудакдарға көптеген субтропикалык дакылдар өсiрiледi, етiстiктiң ек алғы сатысында шай-бүталары мен цитрус ағаштары түр.

Қорытынды: топырақтар жамылғысын географиялык аудандау -территорияда арнаулы табиғи-ауал шаруашылық, топырақ-агрохимиялық, топырақ-мелиоративтiк және топырақ-эрозиялық жұмыстарын жүргiзу үшiн керек құжат.

Топырақ-географиялық аудандау жер қорын есептеуге, оны ауылшаруашылық сипаттама мен қоса, жыйнақталған мәлiмет-материалдар сапасында, әкiмшiлiк аудан, облыс және республика шеңберiнде статистикалық мекемелер жер корын табиғй ауылшаруашылықтық аудандауға пайдаланады. Аудандауды ТМД-ң мемлекеттiк æер қорын зерттеу институты мен В. Доқучаев атындағы Топырақ институтi жасаған. Табиғи ауылшаруашалықтық аудандау жер қорын есептеу материалы негiзiнде жер кадастырын және топырақтар сапасын анықтауда, оларды боритеттеуде (бағалау) және зкономикалык қүнын бiлуге, тағы басқа ауылшаруашылық мөселелерiн шешуге пайдаланылады. Аудандаудың негiзгi өзгешiлiкiтерiнiң бiрi – табиғи аулшаруашылык аймактар, провинциялар және аудандарда акiмшiлiқ андар шекараларын корсетуiнде. Бұлар аудаидарда статистикалық цифрларды пайдалануға қажет, яғни округтар бойынша кейбiр ерiстердi тауып, кейiн облыстар, аудандар шекарасын айыруда керек. Сондай-ақ аудандау ауылшаруашылығында есеп жүргiзуге, жоспарлар ауға қолданылатын басты материал болып саналады.

Мемлекекттiк Жер қорын зерттейтiн институт басқа мекемелермен қосылып, аудавдау материалдарын негiзге ала, арнаулы ер кадастырын (мәлiметтер жиынтығы) аудандауды ұсынған. Осы жер астырын аудандау материалдары негiзiнде, ТМД-н, экономикалық әкмшiлiк аудандар озгешiлiгiн айыру арқылы, аймақтар мен секторлар тiнiп, мемлексттiк жоспарлау мексмелерiне әр табиғи ауылшаруашылык провинцияға агрономиялық-экологиялық сипаттама берiледi. Аймақтар, Секторлар, облыстар шеңберiнде жер кадастiрлiк кругтер, аудандар және тiптi бiртектi шаруашылықтар анықталды. Кадастр материалдарын топырақ бонитетiнiң экономикалық (сапалы) бағасын анықтауға пайдаланады.

Солтүстiк мұзды мұхит жағалауында жатқан топырақтық-биоклиматтық полярлы облыс арктикалық және тундралық екi аймаққа бөлiнедi. Жалпы аумағы /мәңгi мұзбен қар алабысыз/=180 млн га. Бүдан басқа ТМД-ның таулы облыстарында 160 млн га таулы-тундралық топырақтар бар.

Арктика аймағына Солтүстiк мұзды мұхит аралдары мен Таймыр түбeгiнiң солтүстiк бөлегi кiредi. Тундра аймағының солтүстiгiнде арктика, оңтүстiгiнде орманды-тайга аймақшалары мен батысы Кола түбегiнiң шығысында және Беринг бұғазына дейiнгi аралықта орналасқан. Табиғат жағдайларына байланысты бұл аймақ арктикалық, қалыпты және оңтүстiк тундраға бөлiнедi. Сонымен бipгe бұл аймақ Кола, Канин-Печора, Солтүстiк Ciбip және Чукот-Анадырлық төрт өңipгe бөлiнедi.

Арктика аймағының климаты суық және сәл ылғалды келедi. Жылдық жауын-шашын мөлшерi 130-200 мм шамасында, оның көпшiлiгi қар түрiнде, тiптi жаз айларында да, түседi. Ауаның салыстырмалы ылғалдығы жоғары-90 процент. Жылдың көп айла­рында топырақ тоңданып жатады, тек қысқа /2-2,5 ай/ жаз айла­рында ғана оның кескiнi 30-50 см тереңдiкке дейiн жiбидi.

Бедерi. Жалпы бұл тeгic кеңiстiк; топырақтарында тоңдану құбылысы кең орын алуына байланысты ерекше бедердiң ықшам түр­лерi: борпылдақ тау жыныстарында-көп қырлы айыр­малар, тасты жыныстарда-тасты қазан, сақина шұңқырлар, т. б кездеседi.

Өсiмдiктерi. Аймақта мүктер, қыналар, арктикалы-альпiлiк бұталар мен астық тұқымдылар өседi. ґсiмдiк жамылғысы сирек, көбiнесе ошақтұрпатты болып келедi.

Топырақтары. Тау жынысы борпылдақ жерлерде-арктикалық шымды /гумусты/ келедi, ал су балдырлары басқан алаңдарда топырақ жоқ десе де болады. Ой жерлерде батпақты /шымтезексiз/ глейленбеген, көбiнесе карбонатты және сортаңданған топырақтар кездеседi. Топырақ құралу үрдiстерi нәтижесiнде арктикалық топырақтарға мына қасиеттер тән: тоңдану құбылысы кең тарағандықтан топырақ кecкiнiнiң жарылуы; аз органикалық қалдық /6 ц/га/; А0 жиекше болмайды, шымды-гумустiк жиек жұқа /10 см/, ол өзгермелi және үзiктi; топырақ кескiнiнiң жоғарғы жағында крио­гендi /мұзтектi/ темiрдiң шала тотығы шоғырланған және ол сәл ciлтiсiзденген; топырақ ерiтiндiсiнiң ортасы бейтарапты, кескiнi негiздермен жоғары қаныққан және тозаң бөлшектерге тапшы.

Тундралық аймақ климаты салқын және ылғалды, қысы ұзақ, жазы-қысқа қоңырсалқын болады. Жылдық орташа темпе­ратура 0,20С /батысында/-160С /шығысында/ аралығында, 100С-тан жоғарғы жылдық температура қосындысы 00 /арктикалық тундра мен 400-6000С-/оңтүстiк тундра және орманды тундра/ аралығында. Ал 50С дан жоғарғы температуралы мерзiм ұзақтылығы 40-100 күн. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшерi 300 мм, ол Кола және Чукот түбектерiнде 450 мм-ге жететiн болса, Батыс Сiбiрде 150-200 мм-ге дейiн азаяды. Ауа салқын болғандықтан топыраққа түскен жауын-шашынның булану мөлшерi шамалы. Бұл аймақтың топырақ-биоклиматтық өзгешелiгi көп жылдық тоңдану. Тоң жаз айларында, топырақтың механикалық құрамына, әр аймақ бөлегi климатына, өciмдiгiне және бедерiне байла­нысты тек 0,3-0,8 ден 1-2 м-ге дейiн жiбидi.

Аймақ бедерiнiң көпжерi жазық, кейде-тiзбек төбешiктi келедi. Термокарсты жерлерде /жылы ойыс/ батпақ пен көлдер кездеседi; кейбiр өңiрлер бедерi аласа таулы /Хибиндер, Полярлық Орал, Бырранга тауы, Чукоттық тау сiлемдерi және т. б./.

Тоңды құбылыстар /жарылу, iciнy, ағу, термокарстық шұңқыр­лар/ нәтижесiнде ұсақ қырлы дақты және төбешiктi мөлтек бедер түpлepi кең тараған.

Топырақ құралатын тау жыныстардың басым көпшiлiгi мұздық, теңiздiк және аллювийлiк шөгiндiлерден тұрады, олардың механикалық құрамы әртүрлi, көбiнесе тастақты, таулы жерлерде жыныстар ipi қаңқалы келедi.

Өсiмдiктерi. "Тундра" жepгiлiктi саам тiлiнде "ормансыз кеңiстiк" деген ұғым. Арктикалық тундрада астық тұқымдас өлең шөп пен мүк ценозы басым, ал ойпаңдау батпақты жерлерде өлең шөп пен мүк өскен. ґсiмдiк жамылғысы ойдым-ойдым болғандықтан аймақ "дақты тундра" деп аталады. Қалыпты тундра өсiмдiгi мүктi-қыналылардан, оңтүстiк тундра мүк пен бұталардан тұрады. Орманды тундралық мүк және бұталар арасында сирек аласа орман ағаштары /майысқан қайың, балқарағай, шырша, самырсын/ кездеседi. Бұл жерлерде iрi және жазық төмпешiктi батпақтар көп тараған.

Топырақ тегi. 1889 ж. В. Докучаев полярлық тундра топырағын бiрiншi рет дербес типке жатқызған. Содан берi көптеген ғалымдардың iзденiстерi арқасында тундралық топырақтар жан-жақты сыпатталды. Топыраққұралу үрдiсi бұл аймақта жылуы тапшы және артық ылғалды жағдайда, жыныстың тек маусымды еритiн қабатында жүредi.

Жалпы топыраққұралу ерекшелiктерi мынадай: заттардың жалпы биологиялық айналымы баяу қарқында өтедi; тоңды үрдiс аса белсендi жүруi салдарынан топырақ массасының араласуы /гомогенделуi/ және топырақ бойынан жылжымалы заттардың шамалы әкетiлуi; топыраққұралу үрдiсiнiң жылдық циклдiлiгiнiң /айналмасының/ қысқалығы, глейлену /саздану/ үрдiсiнiң басымдылығы.

Тундра өсiмдiктерi өте төмен жылдық өнiмдiлiгi және түсiмiмен /0,5-1,0 т/га/ ерекшеленедi. Соңғысының күлдiлiгi төмен, күл құрылымында сiлтiлi элементтер, әсiресе Са аз; температура құбылымы қолайсыз. Топырақ аэрациясы /желпiну/ нашар және бактериялы флораға кедей болғандықтан, органикалық қалдықтардың ыдырауы мен гумустену үрдiсi баяу жүредi. Сондықтан тундра топырақтары бетiнде бiраз мөлшерде шала шiрiген өсiмдiк қалдықтары шоғырланады /40-50 ц/га/. Топырақ iшiндегi биомасса 80 т/га-ға жетедi, оның құрамында суда еритiн органикалық заттар көп. Қарашiрiндi құрамында фульвоқышқылдар басым келедi. /С г. қ.: С ф.қ. = 0,3- 0,5/.

Артық ылғалдану, шала шiрiген органикалық қалдықтар және олардың құрамында суда еритiн заттар басым болу нәтижесiнде тундра топырақтарында глейлену/саздану/ үрдiсi кең орын алған.

Тундраның солтүстiгiнде климаттың қатаюына /континенталдылығына/ байланысты өсiмдiк қалдықтары ыдырауы күшейiп, глейлену үрдiсi бәсеңдейдi.Сондықтан шымтезектi-қарашiрiндi қабат орнына шымды- қарашiрiндiлi жиек қалыптасады. Ал аймақтың оңтүстiгiнде-нағыз тундра мен орманды-тундрада күлгiндену үрдiсi дами бастаған. Мұнда глейленген күлгiндеу құмбалшықты және жеңiл құрамды жұқа күлгiн қабатты топырақтар түзiлген.

Бұл аймақтың басты типi-глейлi тундра топырақтары /105 млн га/, оңтүстiк жағында батпақты /18 млн га/, аллювилi-шымды-тундралы /3,6 млн га/ және темiрлi-гумустi иллювилi күлгiнденген топырақтар, солтүстiк теңiз жағалауында сорттаңданған маршты /шалшықты/ топырақтар тараған.

Глейлi тундра топырағының кескiн /профиль/ қалыңдығы 5-30 см, ол қарашiрiндiлi және әр мөлшерде глейленген минералды қабаттардан тұрады.

Тундра топырағы глейлену мен күлгiндену үрдiстердiң даму және үстiңгi қабаттағы органикалық заттардың ыдырау дәрежесiне қарай, қарашiрiндiлi глейленген, қарашiрiндiлi-глейлi, торфты-глейлi және күлгiнденген-глейлi 4 типшеге бөлiнедi.

Қарашiрiндiлi сәл глейленген тундралық топырақтар Солтүстiк Сiбiр өңiрiнiң ыза ағымы /дренаждылығы/ дамытылған жақсы суайырық­тарында қалыптасқан. Топырақ кескiнi 2-3 см-лiк шымтезек төсенi­шiнен /А0/, қалыңдығы 3-5 см-лiк гумус жиегiнен /А1/, одан төмен- минералды көгiлдiр және тот дақты күрең /Вг/ жиектерден тұрады. Топырақ кескiнiнiң жалпы қалыңдығы 40-60 см-ден аспайды. А1 жиекшеде гумус 5-10 процентке жетiп, В да 1,5-3,5 процентке төмендейдi. Топырақ негiздермен қаныққан, ортасы /рН көрсеткiшi/ қышқыл мен бейтарап аралығында.

Қарашiрiндiлi-глейлi тундралық топырақтар бұрынғы КСРО-ның Еуропа бөлегiндегi арктикалық тундра және Солтүстiк Сiбiр өңiрiнiң ылғалы көтерiңкi аудандарында тараған. Топырақ кескiнi 2-3 см торф төсенiшi /А0/, 5-7 см қарашiрiндiлi /А0 А1/ және көкшiлдеу сұр глей /Вг/ жиектерiнен тұрады, кескiнiнiң жалпы қалындығы 60-80 см тең. Гумус саны А0 А1 /шымтезектi-қарашiрiндiлi/ қабатында 30-60 процентке жетiп, ал Вг-да күрт 0,5-2,0 процентке төмендейдi. Топырақ ортасы қышқыл, сәл қышқыл және сiңiру кешенi негiздермен жартылай қаныққан-20-50 процент.

Торфты-глейлi тундралық топырақтар аймағы Еуропа бөлегiнде қалыпты, оңтүстiк және бҮталы /орманды/ тундра аймақшаларында және Чукот-Анадыр өңiрiнде кездеседi. Топырақ кескiнi 5-7 см шымтезек төсiнiшi /А0/, 3-20 см қоңыр торфты А0, кейде қара-сұр түстi 2-3 см /А1/ және қызыл-қоңыр дақты көгiлдiр-сұр глей /Вг/ горизонттарынан тұрады. Жалпы кескiн қалыңдығы 60-100 см тең. Топырақтың шымтезек жиегiн күйдiргенде оның салмағы 70 процентке дейiн жоғалады. Глейлi жиекте /Вг/ гумус мөлшерi 1,5-6,0 процент. Топырақ ортасы қышқыл және өте қышқыл, сiңiру кешенiнiң негiздермен қанығуы төмен.

Күлгiнденген глейлi-тундралық топырақтар көбiнесе жоғары ылғалды оңтүстiк және орманды тундралар мен Чукот-Анадыр өлкесiнде кең тараған. Топырақтың жоғарғы жиегiнде күлгiндену үрдiсi дамуы байқалады. Топырақ кескiнi 3-5 см жұқа торф төсенiшiнен /А0/, 5-10 см-лiк күрең-қоңыр қарашiрiндiлiк А0 А1, қалың /20-40 см/ көгiлдiр сұр-күрең, кейде сарғыш күлгiндеу /Г немесе А2/ жиекшелерден тұрады. Иллювийлiк В немесе Г жиегi /тоң қабаты болғанда/ бiртiндеп немесе тiкелей тау жынысына ауысады; жалпы топырақ кескiнi қалыңдығы 1м жетедi. Топырақ күлгiндену белгiсi сондай жиектегi тозаңды түйiрлер, R203 және сiңiрiлген негiздер мөлшерiмен айқындалады /1-кесте/.

Глейлi-тундралық топырақтар механикалық құрамына қарай құмбалшықты және балшықты глейлi-тундралық пен құмайтты және құмды иллювий-гумусты-глейлi тундралық делiнетiн екi топқа бөлiнедi.

Иллювийлi-гумусты тундралық топырақтар, мол ылғалдану және глейлену үрдiсi байқалмаса, басқа типке-подбурға, егер күлгiндену үрдiсi айқындалып, А2 горизонтының қалындығы 5 см артық болса оңтүстiк тундрадағы иллювилi-гумусты күлгiн топыраққа алмасады.

Ауыр механикалық құрамды глейлi-тундралық топырақтар массасы тоңданған жағдайда iсiнiп жылжи бастайды да деформацияға /өзгерiске/-жарылу мен араласуға шалдығады. Сонымен қатар бұл топырақтарда солифлюкация /топырақ массасы ағыны/ құбылысы жиi байқалады, оған артық ылғалды тиксотропиялық /ағынды/ қабат себеп. Тиксотропия деп топырақтағы коллоидты заттардың механикалық әсерден /сiлку, соғылу, т.б./ шөгiндi /гель/ күйiнен ерiтiндi /золь/ күйiне айналу, соңыра сырт күшсiз өз-өзiнен қатаю үрдiсiн айтады. Тундра топырақтарында тиксотропия құбылысы болуына коллоидты түйiрлер бетiне кремний қышқылы мен бiржарым оксид­гид­рат­тар­дың жұқа қабыршақтанып қонуы себеп.

Тундра топырақтары негiздермен 20-70 процент шамасында қаныққан. Оңтүстiк ылғал бөлегiнен солтүстiкке жылжыған сайын топырақ қышқылдылығы төмендеп, негiздермен қанығу дәрежесi артады. Тұзды және карбонатты жыныстарда құралған глейлi-тундралық топырақтар сiлтiлi және негiздермен қаныққан. Тундралық топырақ ерекшелiгiне, қарқынды жүретiн глейлену үрдiсiне байланысты, бiраз мөлшерде жылжымалы шалатотықты темiр түзiлуi жатады. Механикалық құрамы-құмбалшықты, iрi шаң түйiрлерi көп, себебi мұнда физикалық бұзылу қарқынды, ал химиялық бұзылу баяу жүредi.

Тундра-Ресейдiң солтүстiгiндегi бұғы шаруашылығының жем-шөп базасы- онда 41,6 проценттей бұғы жайылымы бар. Олардың көпшiлiгi мүктi-қыналы және бұталы-тундра белдеулерiне және Солтүстiк мұзды мұхит жағалауындағы галофиттi /сораң/ шабындықтарға келедi. Қыналы тундра қысқы жайылым, ал шөптi-мүктi, мүктi тундра және теңiз жағалауындағы шабындықтар жазғы жайылым ретiнде пайдаланылады. Арктикалық тундра бұғы өсiруге қолайсыз. Соңғы жылдарда Қиыр Солтүстiкте өндiрiстiк күштер дамуы мен халық саны өсуiне байланысты азық пен жем-шөп қорын молайтуда егiншiлiктiң маңызы күрт артып отыр. Аймақтың қамтылған жабық грунтта көкөнiс /пияз, сәбiз, т.б./, ашық топырағында картоп, капуста, тамыр жемiс, мал азықтары, арпа өңдiрiледi. Аралас шөп еккенде, топырақтың қоректiк заттары жеткiлiктi қарашiрiндi қабатын аудармай қопсытып, оған керегiнше органикалық және минералдық тыңайтқыштар енгiзедi.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-06; Просмотров: 1002; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.037 сек.