Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Слайдтар, кестелер. Бақылау сурақтары: Қара топырақтың жаралуы туралы қандай гипотезалар бар?




Бақылау сурақтары:

  1. Қара топырақтың жаралуы туралы қандай гипотезалар бар?
  2. Қара топыраққұралу процесінің ерекшелігі неде?
  3. Қара топырақ қандай типшелерге жіктеледі?
  4. Қазақстан Республикасында қара топырақтың қандай типшелері кездеседі?

Әдебиеттер:

  1. Почвоведение (под ред. И.С. Кауричева) – М., 1987 г.
  2. Жалпы топырақтану (Т. Тазабеков және авторлар бірлестігі) – Алматы, 1998 ж.
  3. Топырақтар геогрофиясы (Т. Тазабеков және авторлар бірлестігі) – Алматы 2000 ж.
  4. Топырақтану. Т. Тазабеков, С. Калдыбаев, Е. Тазабекова. Алматы, 2004 ж.
  5. Геогрофия почв. Г.В. Добровольский, И.С. Урусевская. М., 2004 г.

Дәріс 6

Құрғақ даланың қара-қоныр топырақтары.

Топыраққұралу жағдайы, жіктеу, құрамы, қасиеті

ауыл шаруашылығында игерілу ерекшелігі.

Дәріс мақсаты: Аймақтың табиғи – топыраққұралу жағдайлары сипатталып, топырақжаралу процесінің ерекшеліктері, жіктеліу, құрамы, қасиеті туралы толық мағлумат беріледі. Ауыл шаруашылығында игерілуі туралы айтылады.

Түйінді сөздер: Құрғақ дала табиғи топыраққұралу, генезис, сортаң, кебір, жіктеу, диагностика, морфология.

Сұрақтар:

  1. Топыраққұралу жағдайлары.
  2. Қара-қоңыр топырақ тегі және оны жіктеу.
  3. Қара-қоңыр топырақ қасиеттері.
  4. Топырақ ауыл шаруашылығында пайдалану.

Құрғақ дала аймағының басты типi-қара-қоңыр топырақ. Ол ТМД жерiнiң 5 процентiне жақын алабын /107 млн га/ алып жатыр, оның 30 процентi кебiрленген және кебiр топырақтар. Топырақ жамылғысында кебiр және кермектi топырақтар кешенi кездеседi.

Табиғи-әкiмшiлiк тұрғысынан қара-қоңыр топырақтар Молдавия мен Украина оңтұстiгiн, Қара және Азов теңiздерi жағалауын, Кавказдың шығыс беткейiн, Едiл өзенi ағысының орталық және төменгi бойын алып жатыр; одан әрi Қазақстан Республикасы жерiн, Батыс Сiбiр оңтүстiк бөлегiн /Құлынды бойы/, Орталық сiбiр мен Байкалдың арғы бетiндегi кеңiстiктi қамтиды.

Қара-қоңыр топырақтар қалыптасуы ұзақ, құрғақ жылы жазда және суық, жұқа қарлы қыста ызғарлы климат жағдайында өтедi. Аймақтың ортажылдық температурасы 9 дан /Еуропа/ 2-3о С-ға /Азия бөлегiнде/ төмендейдi. Қаңтар айы температурасы терiс 5-25оС, шiлденiкi оң 20-25оС-ке жетедi. Темпертурасы ОоС-тан жоғары кезең ұзақтылығы батыста 215-225, шығыста 150-160 кұн, аязсыз кезең ұзақтылығы сәйкес 180-190 мен 110-120 кұн. Тиiмдi /10оС-тан жоғары/ температура жинтығы аймақтың батыс бөлегiнде 3300-3500о болса, шығыс бөлегiнде 1600-2100о-ке азаяды. Жауын-шашын тұсiмi солтұстiкте көбiрек-350-400 мм, орталықта -320-350 мм ден, оңтүстiк және шығыс жағында 250-300 мм-ге төмендейдi, оның басым көпшiлiгi жаз, тек Байкалдың арғы жағында кұз айларына келедi; жауын-шашын түсiм кейде нөсер жауынға айналып кетедi. Аймақтың ылғалдану коэффициентi оңтүстiктен /0,25-0,30/ орталық /0,35/ және солтүстiк бөлегiне қарай артады /0,45/. Құрғақ жылдардың жаз айларында салыстырмалы ығалдылық тым төмендеп кетедi де, өсiмдiк дамуын тежейдi.

Аймақтың басым бөлегi жазық және ойлы-қырлы құрылық, оның бедерi көлемдi, ал тұрпаты ойлы-қырлы келедi. Топырақ негiзiнен лөс тұрлi карбонатты құмбалшықтар мен аздап лөсте қалыптасады.

Сонымен қатар басқа аналық жыныстарда /негiзгiлерi кварцты карбонаттар, глаукониттi құм, құмайт, палеотектi тұзды құмбалшық пен балшық, құмтастар, әктер мен мергелдердiң ұгiндiсi/ кездеседi. Едiлден арғы аудандарда Сырттық балшықтар мен құмбалшықтар көп тараған. Каспи теңiзiнiң солтұстiк жағасында сарғыш-қоңыр карбонатты, кейде тұзды, құмбалшықтар тараған, олардың асты шоколад тұстi балшықтармен төселген. Орал тауы қырларында төрттiк дәуiрдiң қоңыр құмбалшықтары мен балшықтары төсенiш болған, кей жерлерде тұпкi жыныстар ұгiндiсi-элювиi кездеседi. Көтерiңкi Торғай жазығында карбонатты құмбалшықтар мен балшықтар, олармен қатар ұштiк салындар кездеседi. Мұғалжар бойында кең алапты элювилi - делювилiк жыныстар, ал ойыс-ойпатты бөлегiн ұштiк дәуiрдiң қызыл-қоңыр тұстi балшықты элювиi алып жатыр.

Батыс Сiбiр ойпатының оңтұстiк бөлегiндегi негiзгi топырақ құраушы жыныстар - көне аллювий, ол теңiздiк тұзды шөгiндiлермен төселген.

Қазақстан Сарыарқасында топыраққұраушы жыныстар әдетте тас қаңқалы карбонатты құмбалшықтар мен араларында ұштiк тұзды балшықтардан тұрады да, топырақ жамылғысында түрлi алалық /кешендiк/ туғызады. Байкалдың оңтұстiк беткейiндегi тауаралық ойыстарда сынық тасты пролюви- делювилiк жеңiл материал жинақталған.

Құрғақ дала өсiмдiк жамылғысы бiркелкi емес, әдетте ол аласа бойлылығы, алалығы және сиректеу өсiмдiктер тұтастығы мен /50-70 проц./ ерекшеленедi. Олардың түрлерi оңтүстiктен солтүстiкке қарай ұлғаяды. Жалпы шолғанда бетегелi - ақселеулi құрғақ даланың шөптесiн құрамы мынандай: ақселеу, бетеге, шисабақ /тонконог/, т.б. қоспалар, орталық аймақша өсiмдiгi жусанды-селеулi және бетегелi-ақселеулi келедi, оңтүстiк аймақшасы бетеге-жусанды және жусанды-бетегелi /эфемер-эфемероидты/, топтар аралас дала құрамында мына тұрлер кең тараған: қоңыр бас /мятлик/, қызғалдақ /тюльпан/, құртқагүл /иристер/, т.б. Дала шөптерiнiң арасында қараған бұталары кездеседi. Кебiрленген қара-қоңыр топырақтарда негiзiнен бетеге және тұрлi жусандар өседi; оларға изен шыбықша /прутняк/, көкпек, мыңжапырақ, кей ашық жерлерде қыналар мен көкшiл балдырлар қосылады. Жеңiл қара-қоңыр топырақтардың өсiмдiк жамылғысына бидайық пен ақселеу, жусан, құмдық т.б. өсiмдiк түрлерi кiрген. ґзендер жайылмасын табиғи жайқалған шөптесiн мен ағаш өсiмдiктер жайлаған, соңғылар қатарында жиi кездесетiн түрлері емен, көктерек, үйеңкi, спирея, жабайы шие, бұршақтылар жатады. Сарыарқаның гранит элювиiнде қарағай өскен. Шөптесiндер өнiмi /пiшен/ 10-15 ц/га дан аспайды.

Қара-қоңыр кейiптi топырақ далалық қуаң климат жағдайында, шөптесiн өсiмдiктер астында қалыптасқан. Қара-қоңыр тың топырақ кескiнiнде шамалы шымды А жиек белгiленген, жалпы гумустiк жиек қара-қоңыр немесе ашық қара-қоңыр /қоңыр рең ұстемдеу/ түстi, құрылымы түйiртпектi-шаңды келедi. А дан төмен өтпелi В1 жиекше жатыр, оның реңi сұр-қоңыр, құрылымы iрi түйiртпектi, кебiрленген тегi-кесектi-бағаналы-жаңғақ түрлi түйiртпектi келедi. Түйiрлер қырларының кей жерi жылтыр, түсi коңыр-күрең тартқан. Келесi жиекше -В2-iң түсi бiркелкi емес, жалпы сұр-қоңыр реңдi, құрылымы-iрi түйiртпектi немесе кесектi, оның астында шайылымды-карбонатты Вк жиек жатады. Оның түсi қоңыр-сарғыш, түйiртпектерi жаңғақ түрлi, карбонаттылығы мен кебiрлену қасиеттерi салдарынан топырақ массасы аса тығыз жымдасқан. Карбонатты горизонт бiрден келесi С жиекке-аналық жынысқа ауысады; оның түсi жиi ашық сары құба тартқан, массасы бiркелкi қопсыланған, төменгi жағы тығыздау жымдасқан, аздаған құба түстi карбонатты жарандысы, кейде ғаныш шоғыры /жоғары бытыранды, кристаллдары тарамыс түрлi, друзалары жымдасқан кристаллдары/ болады. Ғаныш пен суда жеңiл еритiн тұздар жинақталған тереңдiк әдетте қара-қоңыр топырақ типшелерiне, тұздану дәрежесiне және механикалық құрамына сәйкес өзгередi.

В.Докучаев пен Н. Сибирцев ұғымынша бұл аймақтағы басты топыраққұраушы үрдiстiң ерекшелiгi-қарашiрiндi түзiлу қарқынының бәсеңдеуi мен топырақ кескiнiндегi карбонаттар және жеңiл еритiн тұздардың шамалы шайылуы-сiлтiсiзденуiнде. Оларды құрғақ далалық ерекше табиғи жағдайлардың /сиреген өсiмдiк жамылғысы, аздау органикалық қалдық, шамалы шымдану мен қарашiрiндi түзiлу үрдiсiнiң бәсеңдiлiгi/ жынысқа тигiзген әсерiнiң жинағы деп санау керек.

Аталған үрдiстердiң екпiнi /гумус мөлшерi, қарашiрiндi қабатының қалыңдығы, түйiртпектiлiгi т. б./ топырақ ылғалдылығы мен тығыз байланысты, ал ылғал болса құрылық бедерiне сәйкес тарайды. Ылғалдануы жақсы жағдайда қара-қоңыр топырақтың жоғары типтi гумусiнде күңгiрт, ылғалдануы орташа жағдайда гумустiлiгi аздау кәдiмгi, ал құрғақ жағдайда гумусi аз ашық топырақтар типшелерi қалыптасқан. Топырақтағы жалпы органикалық заттар қоры да осы сапта кемидi. Оған дәлел - биомасса мөлшерiнiң -200 ден /солтүстiк/ 100 ц-ге/га /оңтүстiк бөлегiнде/ дейiн төмендеуi. Жылдық органикалық қалдық түсiмi сәйкес 80-нен 40 ц-ге/га кемидi және оның басым бөлегi өсiмдiк тамырларына келедi. Биологиялық айналымға /топыраққа/ жылына органикалық қалдықпен 250-450 ц/га күлдiк элементтер мен азот түседi. Аймақтың өсiмдiк жамылғысында жусан қосылғандықтан және оның қалдығы ыдырағанда, топырақта кремний, магний, натрий мен 1,5 тотықтар, яғни сiлтiлi элементтер шоғырланып топырақтың сортаңдануымен кебiрленуiне себептеседi. Сондықтан құрғақ даладағы топыраққұралу үрдiсiнiң келесi ерекшелiгi-шымдану мен қатар өтетiн кебiрлену құбылыстары. Кебiрлену әсiресе ауыр механикалық құрамды ашық қара қоңыр топырақ типшесiнде және бедерлiк беткей төменгi бөлегiнде айқын байқалады.

Сондай-ақ топырақтың кебiрлi-сортаңдық тектерi анық тұзды жыныстарда қалыптасады, ал карбонатты жыныстарда бұл қасиет аз байқалады немесе тiптi болмайды.

Құрғақ дала топырақ жамылғысының ерекшелiгiне кешендiк, яғни алалық жатады. Оны құратын негiзгi себептерге ғалымдар физикалық жыныстар қасиеттерiнiң алалығын /әр деңгейде суөткiзгiштiгi мен тұздар шайылымдылығы - П.Костычев/; кiшi жер бедерiне байланысты әр грунт-топырақтық ылғалдану жағдайларын /В.Богдан, А.Безсонов, С.Неуструев, А.Димо, К.Глинка/; алаптағы ұстiртiн және /ыза/ ағындылығын /дренаж-С.Неуструев/; жыныстар құрамындағы тұздардың ең бастан бiркелкi шоғырланбауын Н.Савинов, В.Францессон/; жерқазғыштардың /тышқан/ төмен жатқан тұзды жынысты құрылық бетiне шығарып, топырақты сортаңдатуын /В.Богдан, Л.Иозефович/ жатқызады. Дегенмен көп ғалым­дар пiкiрiнше топырақ жамылғысының алалануы негiзiнен кiшi жер бедерiне /микрорельефке/ байланысты. Соның салдарынан топырақта әр деңгейде ылғалдану-тұздану құбылымы қалыптасады да, өсiмдiк пен топырақ жамылғысының сирек дақты алалануы туады. Бұл құбылыс Батыс Сiбiр мен Солтүстiк Каспи ойпаттарында байқалады.

Қара қоңыр топырақтар жiктеуiн бiрiншi рет В.Докучаев жасаған: онда А горизонтындағы қарашiрiндi мөлшерiне қарай екi типше-күңгiрт қара-қоңыр /4 проц./ және ашық қара қоңыр /2-3 проц./ топырақтар бөлiнген. Қазiр қара қоңыр тип 3 типшеге бөлiнедi: күңгiрт қара-қоңыр /А да гумус 4-5 проц./, кәдiмгi қара-қоңыр /3-4 проц./ және ашық қара-қоңыр /2-3 порц./ топырақтар; сондай-ақ олар термикалық-жылулық фацияларға бөлiнедi: мезгiлдi өте жылы, мезгiлдi қысқа және мезгiлдi ұзақ тоңазитын типшелер.

Типшелер мынандай тектерге бөлiнедi: кәдiмгi, кебiрлi, сортаңданған, қалдық сортаңданған, кебiрлi-кермектi, карбонатты, терең сортаңданған, тұтасқан және шала дамыған.

Күңгiрт қара-қоңыр тың топырақтарда қарашiрiндiлi жиек қоңыр түстi, кесек дәндi түйiртпектi келедi, ал егiстiкке игерiлгенде түйiртпектер ыдырап, топырақ массасы шаңды-кесектi құрылым алады. А+В жиегiнiң қалыңдығы 35-45 /50/ см, тасу тереңдiгi 45-50 см, ғаныш пен жеңiл еритiн тұздар 2 м тереңдiкте жатады. Кебiрленген тереңде қарашiрiндiлi В1 жиекшенiң төменгi жағы шайылып келген коллоидтармен байыған, ол кепкенде қатаяды да, құрылымы кесек бағаналы немесе тоң кесектi, қырлары қоңыр-күрең түстi 1,5 тотықты темiр мен қабыршықты агрегаттардан тұрады.

Әдетте кебiрлiгi кұшейген сайын соңғы белгi де ұдей бередi.

Күңгiрт қара-қоңыр кебiрлi кермектенген топырақ белгiсiн қарашiрiндiлi жиектiң жоғарғы және төменгi бөлiгiндегi түйiртпек қырларына қонған кремний тотығы ұны мен тақталы (плиталы) немесе қабатшалы-саңылаулы тұйiртпектiлiк құрылым көрсетедi.

Карбонатқа қанық жыныстарда құралған топырақтар карбонатты келедi де, топырақ тұз қышқылынан кескiн бойы күштi тасиды. Ал қарбонатты кебiрленген топырақтар карбонатты ауыр механикалық құрамды жыныстарда қалыптасады да, кескiнi құрғак күйiнде қатты нығыздалған және жарылған күйiнде сақталып, ылғалданса тым iсiнiп сазданып кетедi. Топырақтың сiңiру кешенiнде /В да/ алмаспалы натрий мен магний басым. Қалдық кебiрленген кұңгiрт қара-қоңыр топырақтың сырт белгiсi анық сақталған, бiрақ В жиекте алмаспалы натрий саны аз болады. Сондықтан мұндай кебiрлiк қасиет "қалдық" саналады. Шамалы таситын тұрше жеңiл механикалық құрамды жыныстарда құралған, олардың суды жақсы өткiзуiне байланысты, карбонаттары 1-1,5 м тереңдiкке шайылған және ғаныш қабаты болмайды. Тұтасқан топырақ тегi балшықты жыныстарда құралған, онда сiңiрiлген натрий мөлшерi аз болса да, В-жиегi айқын болады. Шала дамыған тегi қатты тасты жыныстар үгiндiсi элювиде құралады, оның кескiнi сәл ғана қалыптасқан және қарашiрiндiлi жиек жұқа А + В1 20 см аспайды.

Кәдiмгi қара-қоңыр түпшеде қарашiрiндiлi жиек жұқалау /А+В=30-40 см/, топырақ кескiнi жоғарырақ тасиды /40-50 см/, тұздар жақын жатады: карбонаттар -50-55 см, ғаныш-150-170 см және жеңiл еритiн тұздар -2 м. Сонымен бұл топырақтардың құралу жағдайлары мен танылу /диагностикалық/ белгiлерi алдынғы типшеге ұқсас.

Ашық қара-қоңыр топырақ типшесiнiң қарашiрiндiлiк жиегi алдыңғыдан сәл жұқалау /А+В=25-35 см/, түйiртпектiлiгi мәндi емес, карбонаттар шайылмай, топырақ бетiне жақын жатады; кебiрленген топырақ кескiнi жеке жиектерiмен ерекшеленген. Лайлы түйiрлер А жиегiнде тапшы, В да олар мен 1,5 тотықтар са­ны артқан. Кебiр белгiсi айқындалған жоғарғы жиектiң түсi ашық қоңыр, бет жағы қабыршақ-тақталы тұрлi түйiртпектi, массасы қопсыған, ал кебiрлi жиек құрылымы тығыздалған. Кебiрленбеген В жиегiндегi сiңiрiлген алмаспалы натрий мөлшерi сiңiру сиымынан есептегенде, 3 проценттен аспайды, сәл кебiрлi тегiнде ол 3-5 процентке тең, орташа кебiрленген топырақта 5-10 және аса кебiрленген топырақта 10-15 процентке жетедi.

Қалыптасқан қара-қоңыр топырақтарда әдетте лайлы түйiрлер тобы кескiн бойы бiркелкi тараған, ал кебiрленген тегiнде олар В жиегiнде жиналған. Кебiрлiк қасиет артқан сайын мұндағы лай түйiрлер саны да артады. Н.Горбуновше /1964/ қара-қоңыр топырақтың лай құрамындағы балшықты /екiншiлiк/ минералдар монтмориллонит ретi мен сулы слюдалардан құралғаны байқалады, аз мөлшерде гетит, гиббситтер кездеседi, ал каолинит мөлшерi шамалы; топырақтың iрi түйiрлерi көбiнесе кварц пен дала шпаттарынан, слюда мен мүйiз алдамышынан тұрады. Қара-қоңыр топырақтың кескiн бойы жалпы кремний қышқылы мөлшерi бiркелкi келедi, тек А жиегiнде оның азғана шоғырланғаны байқалады; сондай-ақ кебiрленген тегiнде де сол жиекте мол жиналған; керiсiнше 1,5 тотықты темiр мен алюминийдiң таралуы әдетте топырақтың кебiрлену қасиетiне бейiмдеу: өте-мөте мөлшерi кебiрленген жиекте артқан.

Ашық қарақоңыр топырақтың құмбалшықты түршесiнде материалдық заттар мөлшерi мынандай: қарашiрiндi 2-3, азот 0,15-0,2, фосфор 0,08-0,2 процент; негiздер сiңiру сиымы 100 г топырақта 15-25 мг-экв-ке тең, олардың құрамында кальций мен магний 65-97, алмаспалы натрий 3-15 процентке жетедi. Топырақ ортасы жоғарғы кескiн бөлегiнде сәл сiлтiлi болса /рН=7,2-7,5/, төменгi жағында сiлтiлi /рН-8/ қалыптасқан. Қоректiк элементтер мөлшерi әдетте механикалық құрамы, кебiрлену дәрежесi мен карбонаттылығына байланысты: 1 кг топырақта жылжымалы фосфор 5-20, алмаспалы калий 100-400 мг-ге дейiн ауытқиды. Жеңiл еритiн тұздар құрамы мен мөлшерi шайылмайтын құбылымда қалыптасқан және терең кескiндi қамтиды; ғаныш пен жеңiл еритiн тұздар көбiнесе оның жоғарғы 1,5 м қабатында жиналған. Кебiрленбеген топырақ кескiнiнде жеңiл еритiн тұздар өте аз-су сүзiндiсiнде құрғақ қалдық 0,1 проценттен аспайды, олар тек жоғарғы 120-160 см тереңдiкте байқалады; құрамдық мөлшерi тұрғысынан сiлтiлi жерлiк металдардың күкiрт тұздары басым. Сортаңданған қара-қоңыр топырақтар үштiк кезең жыныстарында құралған, әдетте күкiрт хлор типтi келедi. Тұздар шоғырлану жайы күңгiрт қара-қоңыр типшеде тереңдеу де, ашық қара-қоңыр типшеде тайыз және сортаңдау ерекшелiгi топырақтың кебiрлiлiгi мен механикалық құрамына байланысты. Топырақтардың су-физикалық қасиеттерi күңгiрт қара-қоңыр типшесiнде қанағаттанарлық болса, сортаңданған және кебiрленген тығыз құрылымды типшесiнде нашарлау: карбонатты қабаттың қысымдық қаттылығы 1,5-1,7 г/см3 жетедi, яғни оның құрылымы өте тығыз, қуыстылығы төмен. Бұл топырақтардың минералдық-органикалық бөлшегi өте бытыранды болуына байланысты максималды гигроскопиялық ылғалдылығы өсiп, өсiмдiк солу коэффициентi жоғарылаған; топырақтың далалық /кiшi/ сусиымы 22-26 процентке тең. Түйiртпектiлiгi шамалы және кескiнi өте тығыз болғандықтан, қара-қоңыр топырақтардың суөткiзуi төмен, сондықтан аздаған жазғы жауын суы топыраққа сiңбейдi, тек күзгi жауын тұсiмi кескiннiң жоғарғы 70-100 см-лiк тереңдiгiн ылғалдандырады. Ашық қара-қоңыр топырақтың тиiмдi ылғал қоры жеткiлiксiз болғандықтан, күңгiрт қара-қоңыр типшеге қарағанда, онда бапталған ауыл шаруашылық дақылдары өнiмi тұрақсыз.

Ойпаң алаптарында шабынды қара-коңыр топырақтар қалыптасады; олар даланың жалпы қара-қоңыр кебiрленген тегiмен қатарлас орналасып, топырақ жамылғысы алалығын туғызады. Бұл топырақтар, суайырмалық бедерде жайласуына байланысты жазда қосымша жауын суымен ылғалданады да, шабындық өсiмдiктер /бидайық, орақ жоңышқа, тұйе жоңышқа/ дамуына жақсы ықпал етедi. Сондықтан шабын­ды қара-қоңыр топырақтың қарашiрiндi қабаты қалың /45-55 см/, қоры мол /3-5 процент/ және кескiнi сiлтiсiзденген. Құмбалшықты түршелерiнде негiздер сiңiру сиымы 100 г топырақта 30-40 мг-экв-ке жетедi. Тереңiрек ойпаңдарда, лиманды бөгеттерде ылғалдану мүмкiндiгi артқан сайын шабынды, әсiресе кермектену үрдiстерi үдейдi де, ерекше шабынды-глейлi /сазды/ және терең сортаңданған тектерi қалыптасады.

Танылу /диагностика/ белгiлерi қара-қоңыр топырақтарға ұқсас.

Бұл аймаққа бұрынғы КСРО-ғы егiстiктiң 10, шабындық жерiнiң 12 және жайылымның 10 процентi келедi.

Ауыл шаруашылық дақылдары өнiп-өсуiн құрғақшылық тежейтiн болғандықтан, өнiмдi егiншiлiктi дамыту үшiн әдетте топырақта жеткiлiктi тиiмдi ылғал қорын жинауға арналған агрошараларды /қар тоқтату, егiн қорғаушы ағаштар отырғызу, екпе пар, топырақты сүдiгерлi терең қопсыта жырту, ықтырма егiсiн т.б./ қолданған жөн. Күңгiрт және кәдiмгi қара-қоңыр топырақтарда қатты бидай, тары, кұнбағар мен жүгерi егiледi. Ашық қара-қоңыр топырақта суармай егiн егу нәтижесiз және өнiм тым тұрақсыз, оны 3-4 жылда бiр алуға болады. Бұл белдеудегi /Едiл, Дон, Солтүстiк Қырым, Кахов, Ставрополь өлкесi, Ертiс-Қарағанды каналы және Едiл бойы/ су аралық жерлер топырағы кең аумақты суармалы егiстiк пен жайылымдарға пайдаланылады. Тек топырақты қайта сортаңданудан қорғау және егiстi тұсшы сумен реттi жаңбырлата суару керек.

Қара-қоңыр топырақтарды суармалы жағдайда азот, фосфор, ал суарылмайтын егiстiкте ылғалды жылы фосформен тыңайтқан, әсiресе фосфор тыңайтқышының аз мөлшерiн тұқым мен қоса себу тиiмдi. Кебiрленген қасиет топырақ өнiмдiлiгiн төмендететiн болғандықтан, оның құнарлылығын арттыру үшiн фосфогипс қолданады. Аса кебiрленген топырақты жайылымға пайдалану керек.

Топырақ жамылғысы ала /кешендi/ алаптарда ең негiзгi мiндет бiркелкi топырақ кескiнi мен жамылғысын қалыптастыруға және оның құнарлылығын арттыруға /мәденилендiруге/, кебiр мен сортаңданған топырақтарды жақсартуға арналған шараларын қолдану керек. Сонда ғана топырақта микробиологиялық үрдiстерi үдеп, органикалық қалдықтардың минералдануы мен қарашiрiндi түзiлу қызметi қарқынды өтедi де, оның құнарлылығы қалыптасады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-06; Просмотров: 1150; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.106 сек.