Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

ТСК/ 2Na·+Ca(HCO3)2«/TCK/Ca·+2NaНCO3




Содан барып топырақ ертiндiсi сiлтiленiп, коллоидтар ыдыранды /дисперстi/ күйге көшедi. Соңыра топырақ кескiнiнiң жоғарғы жағынан олар төмен жылжып, электролиттер тұз әсерiнен ерiтiндi /золь-iрiткi/ күйiден ұйыған /гель/ түрге көшедi, содан иллювилi-кебiрлi жиек жаралады. К.Гедройц бойынша кебiрлену құбылысы 2 кезеңде өтедi: а) топырақтың бейтарап тұздармен сортаңдануы, яғни сортаң топырақтың жаралуы, б) соңғының кебiрлену құбылысына шалдығуы және ерекше қасиеттерi бар кебiр кескiнiнiң құралуы. К.Гедройц сортаң шайылуының үш сатысын ажыратқан: жеңiл еритiн тұздар шайылуы; сода тұзының пайда болуы; топырақ түйiрлерiнiң бытырап, кескiн бойы төмен жылжуы.

К.Глинка кебiрдiң жаралу негiзi-топырақтың натрий тұздарымен сортаңдануы және олардың шайылуы деген. Аталған құбылыстар ғасырлар бойы кезектесе өтiп, кебiр топырақтар қалыптасуына алып келдi.

Кейiнгi зерттеулер бойынша кебiрлердiң бейтарап тұздары бар сортаңнан қалыптасуы нақтылы пiкiр деуге болмайды.

В.Вильямс кебiр жаралу жайында биологиялық теорияны дамытты, сол бойынша дала мен шөл дала өсiмдiктерi /жусан, сораң, кермек, камфоросма т.б./ қалдықтары ыдырағанда көптеген минералды тұздар /сода/ бөлiнiп шығады да, сортаңданбаған топырақтың сiңiру кешенi натрийге қанып, ол кебiрге айналады. В.Ковда бойынша кебiр тҮщы топырақта, натрий көзi тек сода болған жағдайда қалыптасуы мүмкiн. Онда натрий топырақ ерiтiндiсiнен бәсекесiз /конкуренциясыз/ сiңiрiледi. Сондықтан сода ке­бiрлену үрдiсiнде үлкен рөл атқарады.

Топырақта сода бiрнеше жолмен тұзiледi. °детте табиғатта сода әр мөлшерде натрийлi магмалық және шөгiндi жыныстар бұзылуынан жаралады. Аталған жыныстар бұзылуынан босаған негiздер /Са, Мg, Nа т.б/ топырақ ерiтiндiсiндегi көмiр қышқыл газымен әрекеттесiп, карбонаттар - натрий карбонатын тұзедi. Сода, ызадан көтерiлген бейтарап тұздар, топырақтағы сiлтiлiк карбонаттармен әрекеттескеннен де пайда болуы мүмкiн:

Na2SO4+Ca(HCO3)2«CaSО4+2NaHCO3

Бiрақ осы жолмен сода тұзiлу топырақта тек көп мөлшерде көмiр қышқыл газы жиналғанда ғана өтедi.

Е.Гильгардше /АҚШ/ сода топырақтағы кальций карбонаттары натрий тұздарымен әрекеттесiп те құралады:

NaCl+СаCO3=Na2CO3+CaCl2.

Сондай-ақ сода топырақ сiңiру кешенiндегi /ТСК/ натрий катионы карбонаттар кальцийлi екi карбонаты немесе көмiр қышқылы сутегi иондарымен алмаспалық реакцияға түскенде де құралады:

/ТСК/2Na·+Ca(HCO3)2®/TCK/Ca··+2NaHCO3

Немесе /ТСК/2Na·+H2CO3®/TCK/2H·+Na2CO3

Сода топырақта биологиялық жолмен де жаралады, өйткенi өсiмдiктердiң /камфоросма, жусан, бұйiрген, т.б./ органикалық қалдығы минералдануынан көптеген азот, күкiрт, т.б. қышқыл тұздары құралады, олардың аниондарын өсiмдiк сiңiредi де, натрий катионы топырақ ерiтiндiсiнде қалып, көмiр қышқыл газы және екi карбонаттармен әрекеттесiп, сода пайда болады. /В.Вильямс/. Сода күкiрттi натрийдiң /күкiрттi бактериялар қатысуымен / органикалық заттардың анаэробты жағдайда биохимиялық құбылыстары /арқылы/ тотықсыздануынан да шығады:

Na2SO4+2C®2NaS+CO2

Na2S+CO2+H2O=Na2CO3+H2S

Жоғарыда қаралған теорияларда кебiрлену үрдiсi дамуындағы негiзгi себеп болып алмаспалы натрий есептеледi. Бiрақ кейiнгi зерттеулер көрсеткендей, табиғатта алмаспалы гидрофильдiлiгiн /су тартуын/ өсiредi және ұсақ түйiртпектер арасындағы байланысты үзедi де Mg топырақтың сiлтiлi гидролизге /ыдырауға/ тұрақсыз етедi. Аталған топырақтың терiс қасиеттерi-магнийдiң жоғары гидратталуында және берiк сiңiп қалуында. Оның кальцийге қарағанда молекулалық су қабығы қалың болуы салдарынан минералдар аздап бұзылып, гидрофильдi қосындылар тым жылжымалы колоидты кремний қышқылымен магний гуматтары түрiнде тұзiледi. Б.Андреев /1956/ бойынша кебiр жаралуына алмаспалы натрий себепкер емес, ол-кебiрлену үрдiсiнiң салдары сияқты. Алмаспалы натрий топырақта тек қана гальмиролизге /минералдық тұз ерiтiндiлерi әсерiнен натрийлi минералдар ыдырап бөлшектенуге / ұшырағанда шығады. Егер магнийлi минералдар бөлшектенсе, топырақта алмаспалы магний мөлшерi артады. Бiр-екi валенттi метал, тұздары ерiтiндiсi әсерiнен алюмосиликаттар күштi бөлшектенiп, соның нәтижесiнде топырақта кремний қышқылы колоидтарының шоғырлануы байқалады. Ал колоидты кремний қышқылы жоғары гидрофильдi /сутұту/ келедi, сондықтан ол көп мөлшерде болса, топырақ өзiне тән кебiрлiк қасиеттi иеленедi. Сонымен колоидтардың жоғары гидрофильдiлiгi топырақта тек алмаспалы нарийдiң болуынан ғана емес, ол колоидтар табиғатына да байланысты. Кебiрдiң иллювилiк жиегi қалыптасуында балшықтық минерал­дар құрамының, әсiресе, бiрiншiлiк минералдар гальмиролизi нәтижесiнде тұзiлген монтморилонитпен жоғары гидратталған /су қабығы бар/ колоидтар маңызы үлкен. Кремний қосындыларының колоидт түрлерi топырақтағы силикаттар гидролизiнен де пайда болуы мүмкiн. Олар адсорбциялы құбылыстарға қатысып, бытыранды түйiрлердi бiр-бiрiне жабыстырады және топырақтағы басқа ерiтiндi қосындылармен бiрiгiп, шемендiк заттар - жерлi кремнийдiң сулы гелi Si02·Н2О, аморфты жерлi кремний, екiншiлiк кварц, екiншiлiк кальций мен магнийлiк алюмо-феррисиликаттар тұзедi /В.Ковда, 1940/.

Сонымен табиғи жағдайда кебiрлер түрлi жолдармен қалыптасады: олар бейтарапты тұздармен қанған сортаң топырақтар шайылуынан; топырақтағы тұздарға сәл қаныққан ерiтiндi, сода әсерiнен; биотектi натрий тұздары /содалы/ бар жыныстардан қылтүтiктер арқылы тым кепкен топырақтың жоғарғы қабатына тұздар көтерiлуiнен; топырақта гальмиролиз және басқа себептерден пайда болған түрлi гидрофильды колоидтар мөлшерi артуынан жаралады. Сонымен, кебiр топырақтар құралуында әртектi теорияны мақұлдау керек /Н.Панов, 1974/.

Кебiрлердi жiктеу өте күрделi iс, өйткенi олар әр аймақта, аймақ iшiнде, түрлi геоморфологиялық /бедер/ және гидрогеологиялық /ыза/ жағдайларда қалыптасады.

Кебiрлердi жiктеу

 

Тип-аймақтық белгi Түрше-сондай белгi Тек-сортаңдану химизмi Түр-кебiрлi жиек қабат үстiндегi қабат қалыңдығы
Автоморфты кебiрлер қара, қара-қоңыр, қоңыр топырақты кебiрлер содалы аралас: содалы-күкiрттi, содалы-хлор-күкiрттi қабыршақты /A1<5 см/, тайыз /A1-5-10 см/, орташа /A1-10-18 см/, терең кебiрлi /A1<18 см/
Жартылай гидроморфты /сутектi/ кебiрлер шабындық қара, қара-қоңыр және тоң кебiрлер сортаңдану тереңдiгiне қарай: сортаңды тұздар /тұздар 5-30 см/, биiк сортаңдау /30-50 см/, сортаңдау /50-100 см/, терең сортаңдау /100-150 см/, сортаңданбаған кебiр />150 cм/ Кебiрлi жиектегi натрий мөлшерiне қарай /% негiздерсiңiру сиымынан/: төмен /қалдық/-<10; аз натрийлi-10-20; орташа натрийлi -20-40; көп натрийлi кебiрлер ->40
Гидроморфты /сутектi/ кебiрлер қара, қара-қоңыр, қоңыр шабындық және шабын-батпақты кебiрлер сортаңдану дәрежесiне қарай: кебiр-сортаң, күштi, орташа, сәл сортаңданған кебiрлер В1-кебiрлi жиек түйiртпегiне қарай: бағаналы, жаңғақтәрiздi, призмалы, тоң кесектi кебiрлер

 

Қазiргi кезде ылғал құбылымына, соған байланысты тұздану құбылымы қасиетiне, қарашiрiндiлiгiне қарай кебiрлер автоморфты /атмосферадан ылғалдану/, жартылай автоморфты және гидроморфты /ызадан ылғалдану/ үш түршеге бөлiнедi. Түрлерге бөлу кебiрдiң морфологиялық ерекшелiктерiне және тектiк жиектерiн анықтайтын аймақтық жағдайларға сәйкес жүргiзiледi. Кебiр топырақтарды тегiне бөлу химиялылығына, сортаңдану тереңдiгi мен дәрежесiне және оны жiктеудегi қабылданған көрсеткiштерге сәйкес есептеуге негiзделген. Кебiр топырақтарды әдетте қарашiрiндiлi-элювилi жиектiң қалыңдығына және В1 жиекшедегi алмаспалы натрий мөлшерiне, кебiрлi жиек құрылымына және кермектiлiк дәрежесiне қарай бөледi.

Кебiрлердi толық жiктеу мен анықтау төменде берiлген. Кебiр топырақ типшелерi /А/: автоморфты /1/, жартылай гидроморфты /2/ және гидроморфты /3/; /Б/-тектер: қара, қара-қоңыр, қоңыр топырақтар кебiрi; 2/ солардың шабындау кебiрi; 3/ шабынды кебiр.

В/-а/ химиялық құрамына қарай: содалы, аралас, содалы-күкiрттi, содалы-хлорлы-күкiрттi, бейтарап күкiрттi-хлорлы және хлор-күкiрттiге бөлiнедi; тұз көрiнiсi тереңдiгiне қарай: жоғары сортаңданған /5-30 см/, жоғары сортаңды /30-50 см/, сортаңдау /50-100 см/, терең сортаңдау /100-150 см/ және сортаңданбаған /150-200 см/ тектерге жатады; б) тұздану дәрежесiне қарай сортаң-кебiр; аса сортаңды, орташа сортаңды, шамалы сортаңды және сортаңданбаған кебiрлер болады; в) карбонаттар мен ғаныш шоғырланған тереңдiгiне қарай жоғары карбонатты /20 см жоғары/, терең карбонатты /40 см төмен/, жоғары ғанышты /40 см жоғары/ және терең ғанышты /40 см төмен/ кебiрлер деп айырылады.

Г-кебiрлi жиек үстiндегi қабат қалыңдығына қарай: қабыршақты /А1-5 см дейiн/, таяз /А1-5-10 см/, орташа қабыршақты - /А1-10-18 см/ және терең қабықты /А1-18 см қалың/ кебiрлерге бөлiнедi.

Д-кебiр­лi жиектегi алмаспалы натрий мөлшерiне қарай: төмен натрилы /10 процентке дейiн негiздер сiңiру сиымынан қалдықты/, аз натрийлi /10-25 проц./, орташа /25-40 проц./ және көп натрийлi /40 проценттен астам/ кебiрлер айырылады.

Е-кермектену (солодтану) дәрежесiне қарай: шамалы, орташа және тым кермектi кебiрлер болады.

Ж-кебiрлi В1 жиекше құрылымына қарай: бағаналы, жаңғақ, призма, тоңкесек түрлi кебiрлер ажыратылады.

Автотрофты кебiрлер дала аймағында ыза деңгейi терең /6 метрден төмен/ жатқан жағдайда қалыптасады. Олар құрылық бетiне шыққан тұзды топырақ құраушы жыныстарда дамиды. Кеңiнен құрғақ дала /қара-қоңыр кебiр/ мен шөлдi дала /қоңыр кебiр/ аймақтарында тараған. Қара топырақты аймақта кебiрлер сирек және суаралық ойлы-қырлы үлескiлерде, белдерде, беткейлер мен құрылық бетiне жақын жатқан тұзды жынысты /Қызылжар өңiрi/ жерлерде кездеседi. ґсiмдiк жамылғысы далалық астық тұқымды өсiмдiктер мен жусанды топтардан құралған, олар құрамына қара және ақ жусан, камфоросма, изен, көкпек /петросимония/, бетеге, пиретрум т.б. түрлер кiредi. Кебiр бетiн жиi өскен балдырлар мен қыналар басады.

Далалық кебiрлердiң тұз кескiнi анық бөлшектенген, карбо­нат "көздерi" 35-50 см тереңдiкте және одан жоғары жатады, одан төмен ғаныш қабаты, оның астында жеңiл еритiн тұз шоғыры жатады.

Натрий тұздары бар жыныстар құрылық бетiне жақын жатқан ызадан немесе аралас /үстiртiн атмосфера мен төмен ызадан/ ылғалданған жағдайда, топырақ кескiнiнде тұрақты кебiрлену мен сортаңдану құбылыстары қатар дамиды және хлор-күкiрт типтi тұздану басым болады. Сода типтi тұздану құрғақ далада сирек кездеседi.

Шабынды далалық жартылай гидроморфты /сутектi/ кебiрлер жайылмалардың бiрiншi және екiншi жоғары терассаларында, шоқы аралық жерлерде және көл жағалауында, ыза мен аралас ылғалдану жағдайында да қалыптасады. Бұл жерлерде ыза 3-6 м тереңдiкте жатады, өсiмдiктерден қара жусан, шренк жусаны, кермек және бетеге де кездеседi.

Жартылай гидроморфты кебiр кескiнiн, гидроморфтыға қарағанда, карбонатты және ғанышты жиектерi оқшауланған, соңғы карбонаттымен жиi бiрiккен. Екi жиек те топырақ бетiнен 30-50 см ден алыс жатпайды. Тұздар типi тұрғысынан хлор-күкiрттiсi артық, сирек сода-хлор-күкiрттiсi кездеседi.

Гидроморфты /шабынды, шабынды-батпақты және шабынды-тоңды/ кебiрлер өзен жайылмаларында, көл жағалауы мен шоқыаралық ойпаңдарда және т.б. депрессияларда /ойпаң/, шабынды-кебiрлi өс­iмдiктер астында қалыптасқан. Олардың құрамына жаушалғын, кермек, сор жусан, ақмамық, кебiрлi тарлау және түрлi шабынды шөптер кiрген.

Шабынды кебiр ыза деңгейi жақын жатқан /3-м дейiн/ жағдайда қалыптасады да, тұрақты немесе кезектi тұзды ерiтiндiлер ықпалында тұрады. Тiкелей кебiрлi жиек астында көп мөлшерде тұз жиналады.

Шабынды-батпақты кебiр көл жағалауында, ыза деңгейi жоғары жатқан және үстiртiн мол ылғалданатын жағдайда, мүк астында дамиды. Кебiрлi жиек үстiнде шымтезектенген немесе торфты және кебiрленген жиек астында глейленген /сазды/ қабаттары болады. Аталған топырақ көбiнесе қара топырақты кебiрлi далалық және Батыс Сiбiр орманды дала аймақтарында кездеседi.

Шабынды-тоңды кебiрлер көп жыл тоңданған қабат жоғары жатқан жағдайда (Шығыс Сiбiрде) дамыған.

Кебiрлердi маңызды тектiк және агрономиялық сыпаттау мына көрсеткiштерге негiзделген:

-карбонатты және ғанышты жиектер тереңдiгi;

-кебiрленген жиекшедегi В1 сiңiрiлген натрий саны;

-кебiрленген жиек үстiнiң қарашiрiндiлiк жиек дәрежесi. Соңғысы жоғары гумусты /А жиегiнде қарашiрiндi 6% астам/, орташа гумусты /3-6 %./ және аз гумустi /3 % төмен/ түрлерге бөлiнедi.

Ыза деңгейiнiң тереңдiгi а) мен в) суының ащылығы: а) жақын жатқан ыза-3 м ден жоғары, орташа -3-6 м, терең су-6 м ден төмен; в/ тұзды суда аз тұздар - <1 проц., тұздылығы шамалы ызада -1-3, тұздылығы орташада -3-10, тым тұздылыда -10-50, ал тұздық ызада тұздар саны 50 проценттен астам болады.

Ендi кебiр қасиеттерiне тоқталайық. Кебiрлерге тән өзгешелiк - лайлы түйiрлер кескiн бойында оқшаулануында /диференциация/, яғни қарашiрiндi-элювилiк жиектiң механикалық құрамы жеңiл /А-ның 0-5 см-де лай 24,6 проц./, керiсiнше шайылымды /иллювилiк/ жиекте тұрақты ауыр келедi /В1-дiң 5-10 см-де 35,3 проц.-Солтүстiк Каспи ойпаты топырағы/. Түйiрлердiң мұндай оқшаулануына колоидтар ыдырауы /пептизация/ себеп. Айқын оқшаулану, әсiресе кермектi кебiрлерде байқалады. Лай түйiрлерi көбiнесе аморфты заттар қосылған монтморилониттi сулы-слюдалы келедi. Кебiрлер кескiнiнiң жалпы химиялық құрамы бiраз тотықтардың қайта таралуын /перераспределение/ көрсетедi. Кескiннiң жоғарғы жағы жерлi кремнийге қанғанмен /А-ның 0-5 см де 72,4, В1-дiң 5-10 см де 64,5 проц./, керiсiнше 1,5 тотықтарға тапшы /сәйкес 19,5 және 25,7 проц./.

Карбонатты қабатында кальций мен магний артық /А1 де СаО+МgО 3,6, Вк-нiң 40-50 см -5,3 проц./. Гумус мөлшерi аймақтық заңдылыққа және механикалық құрамына сәйкес өзгередi: қара топырақты кебiрде қарашiрiндi мөлшерi қара-қоңыр топырақтағыға қарағанда, жоғары /сәйкес 6,6 және 2,2 проц. А-ның 0-5 см де/; гумустiк заттар құрамына келсек, кебiрлi жиекте, әдетте фульвоқышқылдар /ф.қ./ гумин қышқылынан /г.қ./ артық.

Алмаспалы натрий мөлшерi кебiрлi В1 жиегiнде 13-15,кейде 30 процентке /сiңiру сиымынан/ жетедi.

Сода типтi сортаңданған кебiрде алмаспалы натрий саны хлорлы-күкiрттi кебiрге қарағанда, көбiрек. Алмаспалы негiздер құрамында магний артық болады /35-45 проц. сiңiру сиымынан/, сондай-ақ содалы кебiрлер жоғары сiлтiлiгi мен /рН-8-10/ ерекшеленедi. Бейтарап тұздары бар кебiрдiң сiлтiлiгi төмен. Әдеттегiде кебiрлерде жылжымалы фосфор мөлшерi жоғары емес.

Кебiрлерге нашар су-физикалық және физикалық-механикалық қасиеттер тән. Массасы кеуiп кетсе /суын жоғалтса/ кебiрлер қатып тығыздалады да, ылғалданса iсiнiп жабысқақ лайға айналады. Сондықтан олардың су өткiзу қаблетi төмен және тиiмсiз ылғал қоры жоғарылайды.

Кебiр топырақтар ауыл шаруашылық қоныстар үлкен ре­зервi /қоры/. Бiрақ оларды игеру үшiн түбегейлi жақсарту /мелиорация/ керек. Кебiрдiң нашар агрономиялық қасиетi-құрамындағы сiңiрiлген натрийдiң көптiгiнде, сондықтан оның құнарлылығын кө­терудiң тиiмдi құралы болып, құрамындағы сiңiрiлген натрийдi ғаныш тұзы кальциiне алмастыру. Сол арқылы кебiрдiң су-физикалық және химиялық қасиеттерi жақсарады. Жақсартатын заттар ретiнде ғаныштан басқа фосфогипстi немесе хлорлы кальцийдi қолданады. Сондай-ақ күкiртқышқыл темiр, күкiрт қышқылы және түрлi ғаныш ғана бар жыныстарда оң әсер бередi.

Шашпа ғаныш үлесiн топырақтағы алмаспалы натрий мөлшерiне қарай белгiлейдi, ол содалы шабындық кебiрде 10-15 т/га және оданда жоғары болады, шабынды далалық және далалық хлорлы-күкiрттi кебiрде ол 5-8 т/га тең. Сiңiрiлген натрийдi кальцийге алмастыруға керек ғаныш мөлшерiн /т/га/ мына формуламен анықтайды.

CaSO4.2H2O үлесi=0,086[Na-0,05Т]Аж * Д

мұнда: Nа - топырақтағы сiңiрiлген Nа мөлшерi - мг/экв 100 г.

Т- топырақтың-негiздер сiңiру сиымы -мг/экв 100 г. топыраққа,

0,05 т - топырақта қалатын натрий, өйткенi оның мөлшерi - 5 проц. болса, ол топырақ қасиетiне терiс әсер етпейдi/;

Аж - жыртылатын қабат қалыңдығы, см;

Д - кебiрлi жиек тығыздығы, г/см3; 0,086-1 мг.экв. ғаныш мағынасы, г.

Аз натрийлi кебiрге берiлетiн мелиорант мөлшерiн жоғары бытыранды /дисперстi/ түйiрлердiң ұю /коагуляция/ табалдырығы /колоидты-химиялық әдiс-А.Мамаева, 1956/ бойынша белгiлейдi.

Шабынды далалық және далалық кебiрлердi, әсiресе, суармалы жағдайда пайдалану тиiмдi. ұаныштау өте қымбат шара болғандықтан, кебiрдi мәденилендiруде басқа тәсiлдер, ұсынылған, мысалы, терең қайыра жыртып, топырақ кескiнiндегi карбонаттар мен ғаныш кальциiн пайдалану /кебiрдi өзiндiк жақсарту/. Ол үшiн топырақты терең жырту арқылы кебiрленген жиектi жоғары көтерiп, мелиоранттық қабатпен араластырып жақсартады. Осындай жақсарту нәтижесiнде кебiрлi жиектiң тығыздығы төмендеп, су өткiзулiгi жақсарады да, ондағы тиiмдi ылғал қоры артады.

Қара-қоңыр топырақты аймақта суармалы мәденилендiрiлген құмды кебiрлерде өсiрiлген ауыл шаруашылық дақылдары жоғары/ жүгерi дәнi - 75, қант қызылшасы 500-600, қытай бұршақ 20-25 ц/га/ өнiм берген /К.Пак/. Қара топырақ жамылғысы арасында нүктелi тараған таяз және орта кебiрдi топырақтандыру арқылы жақсартуға болады, ол үшiн кебiрлi дақ үстiне скрепермен /тракторлы қалақ/ 2-5 см құнарлы топырақ жабады.

Кермектi және кермектелiнген топырақ көлемi ТМД аумағында 0,5 процентiн алып жатыр.

Кермектi топырақ /солодтар/ негiзiнен орманды дала мен дала аймақтарында, көбiнесе Батыс Сiбiр ойпатында, аздап құрғақ дала мен шөл далада да кездеседi.

Кермектi топырақ кескiнiнде мынадай жиектер /горизонттар/ айқындалған: Ао, А1 А2, А2В, В /В1В2/, С. Ао-орман төсенiшi немесе шым, А2-кермектенген ақшыл, тақталы немесе жолақ-қабыршақ түрлi түйiртпектi, темiр-марганецтiк жаңа жарандылар шоғыры мен кызғылт-тот дақтар бар. Кермектенген жиектен әрi өтпелi А2В қабат жатыр, оның бiркелкi емес күңгiрт-қоңыр-ақшыл дақтары немесе тамшылары болады, ұсақ-жаңғақ түрлi түйiртпектi, құрылысы тығыз. Келесi В-иллювилi-шайылымды жиек, кейде жиекшелерге бөлiнген, түсi күкiрт-қара немесе қоңырқай, жаңғақ түрлi-призмалы түйiртпектi, олардың қыры жылтырауық /лакталған және кремний тотығымен себiлген/, ылғал күйiнде жабысқақ, кепкенде тығыздалады. Иллювилi В2-нiң төменгi жағы анық реңдi, түйiртпектерi iрiлеу, қыры жылтырлау және кремний оксидi сеппесi аз. С-топырақ құраушы жыныс сарғыш-қоңыр түстi, түйiртпектiлiгi айқындалмаған, масса салынымы тығыз, жиi карбонаттар бұлдыр дақ және шоғыр /журавчик/ түрiнде кездеседi.

К.Гедройц көз қарасынша кермектiлер кебiр топырақ бұзылуынан /деградация/ ондағы алмаспалы натрий сутегiне алмасуынан пайда болған. Ерiтiндiге көшкен алмаспалы натрий көмiр қышқыл газымен әрекеттесiп, сiлтiлi орта тудырады, содан барып топырақтың сiңiру кешенi бұзылады. Кермектi мен кермектелiнген топырақтардың басты белгiсi құрамында 5 проценттiк калий сiлтiсiнде еритiн аморфты кремний қышқылының болуы. Кермектiлердегi еркiн кремний қышқылы сiлтiлi ортада алюмосиликаттар бытырауы салдарынан және екi атомды балдырлар мен басқа да жандылар әрекетiнен жаралады /Н.Болышев/. Еркiн кремний тотығы тұзiлуi кебiр шайылудан және нат­рий тұздарының сәл ерiтiндiсi тұщы топырақтарға кезектi әсер етуден болады. Соңғы жолда алдымен топырақ кескiнi кебiрленедi де, төмен бағыттағы су ағыны ондағы сiлтiлi гидролиздiк /ыдыраған/ заттарды шайып кетедi. Кермектiлердегi кремний оксидiнiң көп бөлегi биотектi жолмен де жиналуы мүмкiн /Тюрин, Базилевич/, ол екi атомды балдырлар дамуының нәтижесi.

Уақытша анаэробиозис /оттекiсiз жағдай/ топырақтағы белсендi органикалық қышқылдар /фульво- және төмен молекулалы қышқылдар/ жылжымалы темiр мен марганец қосындыларының жаралуына себептеседi. Олар органикалық-минералдық қосындылар құрып, кескiн бойы жоғарғы қабаттан төмен қарай жылжып кетедi /Ярков, Кауричев/.

Сонымен, кермектiлер құралуы тек арнайы физикалық-химиялық және химиялық құбылыстарға байланысты емес, бұл үрдiс - анықталған биологиялық және биохимиялық әрекеттер жиынтығы.

Кермектену құбылысы барысында топырақтың минералдық және органикалық бөлегi түбегейлi өзгерiске шалдығады. Оның кескiнi, әсiресе механикалық құрам тұрғысынан анық айқындалады. Жоғарғы кермектi жиекте лайлы түйiрлер тапшы, ал келесi-иллювилi шайылымды қабатта олар мол жиналған.

Жалпы химиялық талдау деректерi топырақ кескiнiнде 1,5 тотық таралуы бiркелкi еместiгiн көрсетедi. Олардың саны әдетте А2 кермектенген жиекшеде иллювилi В-ға қарағанда аздау, бiрақ кремнийге қаныққанымен ерекшеленедi. Қарашiрiндi саны бұл топырақта кең ауытқымалы /1,5-10 проц./, әсiресе ол дала лимандарындағы /ойпаңдар/ шымды кермектiлерде көп, гумустiк заттар құрамында фульвоқышқылдар үлесi артық. Жалпы азот мөлшерi, қарашiрiндiге сәйкес, 0,1 ден 0,8 процентке жетедi. Негiздер сiңiру сиымы кермектелген жиекте төмен /10-15/, иллювилi жиекте жоға­ры /30-40 мг/экв 100 г құрғақ топырақта/, сiңiрiлген катиондар iшiнде каль­ций мен магний артық, натриймен сутегi аз. А2-лiк тұз ерiтiндiсiнiң реакциясы кышқыл немесе сәл қышқыл /рН=3,5-6,5/, ал төменгi жиектерде бейтарапты немесе сәл сiлтiлi. Топырақтың сусұзiндiсiн талдау көрсеткендей, жеңiл еритiн тұз мөлшерi онда шамалы. Құрғақ қалдық тек В2 де /47-57 см/ 0,3 процентке жетедi, бұл тұщы ортаның дәлелi.

Қалыптасу жағдайына қарай кермектiлер үш: шабынды далалық, шабынды /шымды-глейлi/ және шабынды-батпақты /шымтезектi/ типшелерге бөлiнедi.

Шабынды далалық кермектiлер ақ қайыңды шұбар орман астында, ойпаң жерлерде, шөптесiн астында құралады. Топырақ көрiнiсiнде беткi Ао -орман төсенiшi немесе шымды жиек Ад, оның астында айқын кермектi А2 жиекше қалыптасқан. Бiрiншiнiң қалыңдығы 5 см аспайды. Жалпы кермектi топырақ кескiнi аса күлгiн топырақ типi­не ұқсайды. Шабынды /шым-глейлi/ кермектi типше су iркiлетiн ойпаң-лиманды, шөптесiндер жақсы өскен жерлерде кездеседi.

Шабынды-батпақты /шым-тезектi/ кермектiлер ойпаңдарда, шабынды-батпақты өсiмдiктер /бұталылар мен тал/ астында, ыза деңгейi жақын жатқан /1 м/ жағдайда дамиды. Топырақ кескiнi айқындалған, ол торфталған шымды Ад немесе шымтезектi А1т, шымды А1, кермектелген және глейленген А және иллювилы Вд жиекшелерден тҮрады. Топырақтың бұкiл кескiнi глейленген.

Сондай-ақ кермектiлердiң қалдық кебiрленген және кебiр белгiлерiне қарай бiрнеше: карбонатсыз, тұщы және кебiрленбеген, кебiрленген және сортаңданған тектерiмен ажыратылады. Шабынды /шымды-глейлi/ кермектiлер лиман типтi ойпаңдарда, шөптесiн жамылғысы астында қалыптасады; кескiнiңде оның шым Ад, шымды А1 жиектер бөлiнедi; соңғының астында кермектi А2 және шайылымды-иллювилi, глейленген бөлегi бар Вд, жиек жатады. А1 /20 см/ шымды жиекшедегi гумус мөлшерiне қарай аз гумусты түсi сәл ашық /3 проценттен аз/, орташа гумустi түсi сұрлау /3-6 проц. және көп гумустi күкiрт түстi /6 проценттен астам/ түрлерi ажыратылады. Шабынды-батпақты кермектiлер арасында торфты-глейлi /Ао - 5-10 см/ және торфты-глейлi /Ао-10-20 см/ түрлерi бөлiнедi. Сортаңдану дәрежесiне қарай шабынды-батпақты, шабынды-кермектi сортаңды жеңiл еритiн жоғары тұздар жататын /3 см қабатта/ және сортаңданған /тұздар одан төмен жатады/ түрлерi бар.

Шабынды далалық кермектiлерде әдетте, тұщы және кебiрленбегендерi артық болады.

Кермектiлердi ауыл шаруашылығында пайдалану мен олардың құнарлылығын арттыру үшiн органикалық және минералдық тыңайтқыштар қолданады. Көбiнде жоғарғы жақ ортасы қышқыл болатындықтан, оған қосып бейтараптау үшiн әктеу қажет. Бұндай топырақтар су-физикалық қасиеттерiнiң нашарлығымен ерекшеленедi, оларды жақсартудың агротехникалық шаралары iшiндегi ең тиiмдiсi-топырақты терең қопсыту және органикалық заттармен байыту болмақ.

Кермектi топырақ ауыл шаруашылық дақылдарын егуге құрылық бедерi кедергi жасайды. Ойпаңды топырақ бетiнде су iркiледi де, көктемде егiн жұмыстарын жүргiзу мүмкiн болмай қалады.

Сондықтан кермектi жерлерде көбiнесе ағаш өсiру пайдалы. Дала лимандарында қалыптасқан шымды-кермектi топырақ жақсы гумустiлiгiмен ажыратылады, олай болса лимандар өнiмдi шабындыққа пайдаланылады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-06; Просмотров: 716; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.051 сек.