КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Диаграммалар (Графиктер)
Мысалы Мысалы Мысалы Мысалы = СУММ(А5:А9) – мұндағыСУММ функциясы, А5, А6, А7, А8, А9 ұяшықтардағы сандар қосындысын есептейді; = СРЗНАЧ(G4:G6) – мұндағыСРЗНАЧ функциясы, G4, G5, G6 ұяшықтардағы сандардың орташа мәнін табады. Күрделі функцияларды жазу әдеттегідей бірінің ішіне бірі жай жақшалар арқылы жазылады: = ОКРУГЛ(СРЗНАЧ(H4:H8);2). Функцияның аргументтерін Функция шеберін пайдаланып енгізу. Функцияны Функция шеберінпайдаланып жазғанда, егер оның аргументі бар болса, онда келесі 1.2 суреттегідей терезе пайда болады. Бұл терезе функция аргументтерін енгізуге арналған.
1.2-сурет – Функция шеберінтерезесі Анықтамасы, 1 – функцияның аты; 2 – аргументтерді енгізу жолақтары; 3 – терезені кішірейту батырмасы, бұл батырмаға қайта шерту терезені бұрынғы қалпына келтіреді; 4 – аргументтің мәндері; 5 – функцияның сипаттамасы; 6 – анықтаманы шақыру. Функция аргументтерін енгізуде келесі тәсілдер қолданылады: а) қажет адрестерді (ұяшықтың немесе диапазонның) пернелік тақтадан теруге болады; б) қажет ұяшықтар мен диапазондарды жұмыстық беттегі кестедан белгілеу арқылы жазуға болады. 1.3 Логикалық функциялар Логикалық функциялар қандай да болмасын бір шартқа тәуелді есептеулер жүргізуде қолданылады. Шарттарды көрсету үшін Excel программасында салыстыру амалдарының “ =”, “>”, “<”, “<>” (тең емес), “>=” (үлкен немесе тең), “<= “ (кіші немесе тең) белгілері пайдаланылады. ЕСЛИ( лог_выражение;значение_если_истина;значение_если_ложь ) функциясы, функция аргументіндегі логикалық өрнек(лог_выражение) ақиқат мәнге ие болғанда, аргументтегі бірінші мәнді (значение_если_истина), ал қарсы жағдайда екінші мәнді (значение_если_ложь) береді. Мұндағы: – лог_выражение– бұл нәтижесі, екінің бірі, яғни не АҚИҚАТ немесе ЖАЛҒАН болатын логикалық өрнек; – значение_если_истина – бұл лог_выражениеАҚИҚАТ болғандағы мән, егер осы жағдайда функцияның жазылуында бұл аргумент (значение_если_истина) түсіп қалған болса, онда функцияның мәні де АҚИҚАТ болады; – значение_если_ложь – бұл лог_выражениеЖАЛҒАН болғандағы мән, егер осы жағдайда функцияның жазылуында бұл аргумент (значение_если_ложь) түсіп қалған болса, онда функцияның мәні де ЖАЛҒАН болады. B1 ұяшыққа = ЕСЛИ(A1<20000; 12; 15) формуласы жазылған. Егер A1 ұяшығына 30000 саны енгізілетін болса, онда нәтижесінде B1 ұяшықта 15 саны шығады, себебі 30000<20000 шарт ЖАЛҒАН болып тұр. И, ИЛИ функциялары күрделі шарттарды жазу үшін қолданылады: И (логическое_выражение1; логическое_выражение2;....) - АҚИҚАТ мән қабылдайды егер барлық аргументтер сәйкесінше АҚИҚАТ болса, ал қалған жағдайлардың бәрінде ЖАЛҒАН болады. ИЛИ (логическое_выражение1; логическое_выражение2;...) - АҚИҚАТ мән қабылдайды егер ең болмағанда бір аргумент АҚИҚАТ болса, ал қалған жағдайлардың бәрінде ЖАЛҒАН болады. Егер A1 ұяшығына [1, 4] аралықтағы сандардың бірін жазғанда В1 ұяшығындағы = ЕСЛИ (И(A1>=1;A1=<4);15;18) - өрнегінің мәні 15-ке тең болады, ал қалған жағдайда 18 болады. ЕСЛИ немесе т. б. функцияларды аргумент ретінде қайталап қолдану арқылы күрделі шарттар жасалады. = ЕСЛИ (A1<20000; 12; ЕСЛИ (A1<40000; 15; 18)) формуласы бойынша, егер A1 < 20000 болса, онда нәтиже 12 тең, қарсы жағдайда келесі тұрған A1 <40000 шарты тексеріледі, бұл шарт ақиқат болған жағдайда формула нәтижесі 15, ал жалған болғанда формула нәтижесі 18 болады. Диаграммалар (Графиктер) – бұл Excel кестесіндағы сандық мәліметтерді талдау, салыстыру қолайлы болу үшін, олардың көрнекі графикалық түрде берілуі болып табылады. Диаграмма шебері (Мастер диаграмм) көмегімен 14 стандарт типтегі және 24 стандарт емес типтегі диаграммалар тұрғызуға болады. Диаграммаларды редакциялау үшіндиаграмма облысының контекстік мәзіріндегі немесе диаграмма обылысын белгілегенде ғана программа терезесінің жоғарғы мәзірәнде пайда болатынДиаграмма опциясының командалары арқылы жүргізіледі. Диаграммаларды редакциялауға: а) Диаграмма типі мен форматын өзгерту; ә) Бастапқы берілген мәліметерді өзгерту, яғни: 1) диаграмма тұрғызу үшін пайдаланылған ұяшықтар диапазонын өзгерту; 2) қатарлардың (ряды) бағыты мен атын өзгерту; 3) Х осі үшін (для подписей оси Х) қолданылған мәліметтерді өзгерту; 4) диаграмма параметрлерін (заголовки, оси, линии сетки, легенду, подписи данных) өзгерту; 5) диаграмманың жұмыстық беттегі орналасуын және т. б. өзгерту жатады.
Дата добавления: 2014-11-07; Просмотров: 1449; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |