Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Блиц-тест. Кадастр - объектілер мен қүбылыстардың сандық және сапалық көрсеткіштері жөніндегі жүйелі түрдегі




Глоссарий

Кадастр - объектілер мен қүбылыстардың сандық және сапалық көрсеткіштері жөніндегі жүйелі түрдегі мәліметтер жинағы.

Сабақтың материалдары:

 

1 тапсырма Берілген есепті шығарып өз тұжырымдамаңызды дайындаңыз.

Адам өзінің өмір сүру барысында қанша мөлшерде су мен азық-түлік (өсімдік текті және жануар текті) тұтынатынын есептеп шығарыңдар. Орташа күніне адам 2 кг өсімдік қоректі (нан,жармалар,картоп,макарон өнімдері,бақша дақылдары,жеміс-жидектер және т.б.) және 0,5кг жануар текті азық түліктер (ет,балық,жұмыртқа,сүзбе т.б.) тұтынады. Тәулігіне адам 2,5литр су тұтынады. Адам орташа 70 жыл өмір сүреді. Берілген мәліметтерді төмендегі кестеге толтырыңдар.

Бір адамның өмір сүру барысында тұтынатын су мен азық-түлік мөлшері

Жануар текті азық-түлік (т) Өсімдік текті азық-түлік(т) Су (мі)
     

 

2.1.Бір адамның ағзасы арқылы өмір бойына өтетін заттар мен судың орташа жиынтығы (т және м)

Заттектер- _________________________________________________

Су - _____________________________________________________

2.2. Үлкен қалалардың халқының тәулігіне қанша азық-түлік тұтынатынын есептеп шығарыңдар. (Алматы, Астана, Ақтөбе,Қарағанды т.б).

 

2 тапсырма. Берілген табиғи ресурстардың түрлерін кесте түрінде көрсетіңіздер: балықтар, өсімдіктер, күн энергиясы, теңіз тасуының энергиясы, жел энергиясы, көмір, атмосфералық ауа, құстар, мұнай, мұхит сулары, тұщы сулар, топырақ, темір, мыс, никель, табиғи газ, ас тұзы, ормандар, күн сәулесі, сүт қоректілер, шымтезек, меруерт.

Табиғи ресурстар
Қалпына келмейтін Қалпына келетін Ғарыштық Климаттық Су

Бақылау сұрақтары

1. Қоршаған ортаның оптимизациясы табиғатты тиімді пайдаланудың теориялық негізі.

2. Жердің табиғи ресурстарының сипаттамасы: литосфера, гидросфера, атмосфера.

3. Табиғат ресурстарының классификациясы: сарқылатын, сарқылмайтын, қалпына келетін, қалпына келмейтін.

4. Биологиялық ресурстар және өнім қауіпсіздігі.

5. Табиғатты тиімді пайдалану, азқалдықты және қалдықсыз технология.

6. Экожүйе мен қоғамның тұрақты дамуының компоненті ретінде энергияның альтернативті экологиялық таза көзін пайдалану мүмкіндіктері.

7. Табиғатты тиімді пайдалану. Табиғатты тиімді пайдалану технологиясы

8. Табиғи қорларды пайдаланудың жалпы инженерлік шаралары.

9. Табиғатты қорғаудың аспектілері:

1.Экономикалық аспектісі

2.Сауықтыру-гигиеналық аспектісі

3.Тәрбиелік аспектісі

4.Эстетикалық аспектісі

5.Ғылыми-танымдық

10. Табиғатты қорғаудың теориялық негіздері

СӨЖ тапсырмалары

1.Табиғи ресурстар оларды тиімді пайдалану тұрақты дамудың негізгі аспектісі ретінде. 2.Табиғатты тиімді пайдалану, аз қалдықты және қалдықсыз технология.

3.Экожүйе мен қоғамның тұрақты дамуының компоненті ретінде энергияның альтернативті экологиялық таза көзін пайдалану мүмкіндіктері.

1 сағат

1. Табиғатты пайдалану түрлері:

А) Мемлекеттік жэне жеке

В) Жалпы жэне арнайы.

С) Жалпы жэне жеке.

D) Жалпы және мемлекеттік.

Е) Мемлекеттік және арнайы.

 

2. Су ресурстарын тікелей реттеудің көп тараған түрі

А) Су қоймаларын салу.

В) Өзен ағынын аудару.

С) Каналды салу.

D) Еріген ағынды жинақтау.

Е) Сорғыштар көмегімен су алу.

 

3.Адамзат қоғамына пайдалы, бағалы болып саналатын генетикалық ресурстар, организмдер немесе олардың бөліктері, популяциялар мен басқа да кез келген экожүйелердің биотикалық компоненттері:

Биологиялық ресурстар

Энергетикалық ресурстар

Минералды ресурстар

Пайдалы қазбалар

Бейматалды қосылыстар

Пайдаланылған әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер:

1.Р.С. Оразбаева «Экология негіздері», Астана-2003

2.Г.С.Оспанова «Экология», Алматы-2002

3.Бейсенова Ә.Б. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Оқу құралы. Алматы, 2004.

5.Оспанова Г., Бозшатаева. Экология. Оқу құралы. Алматы, 2000.

6. Мұқаұлы С., Үпішев Е. Табиғат пайдалану экономикасы. Оқу құралы - Алматы: Экономика, 1999

Қосымша әдебиеттер:

1.Жамалбеков Е.Ү., Білдебаева Р.М. Жалпы топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы, «қазақ университеті», 2000.

2.Фурсов В.И. Экологические проблемы окружающей среды. Алма-Ата, «Ана тілі», 1991.

3.Байтулин И.О. Экология Казахстана. Алматы, 2003.

4.Николайкин Н.И. и др. Экология М.: Дрофа, 2003.

5.Шилов И. А. Экология. М.: Высшая школа, 1997.

7.Бродский А.К. Краткий курс экологии. СПб.: Изд-во С-Петербургского университета, 2000.

 

Практикалық сабақ №11

Тақырыбы: Биосфера тұрақсыздығының шығыуындағы антропогендік фактордың әсері

Сабақтың мақсаты: Студенттерде антропогенді фактор, антропогенді жүктеме, биосфера тұрақсыздығы түсініктерін қалыптастыру.

Сабақтың жоспары

1. Тапсырмаларды орындау

2.Бақылау сұрақтарына жауап беру.

3.Рефераттарды қорғау

4.Блиц-тестілерді орындау

Сабақтың материалдары:




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-07; Просмотров: 878; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.018 сек.