Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Глоссарий




Блиц-тест

1. Әр түрлі трофикалық деңгейлерде жататын био: іноздың мүшелерінің бірін-бірі жеп қоректенуі арқылы; қоректік з;л гтардың және энергияның кезекпен берілуі қалай аталады?

A) қоректік тізбек

В) грофикалық деңгей

С) экотоп

D) биотоп

Е) популяция

 

2. Белгілі бір геологиялық жағдайда әралуан түрлердің бірлестігін құрайтын

экологиялық жүйе

А) дара

В)түр

С) биогеоценз

D) туыс

Е) популяция

 

3. Өлі өсімдіктер мен жануарларды пайдаға жарататын организмдер:

А) детритрофагты

В) гетеротрофты

С) сапрафитті

D) автотрофты

Е) сапрофагтар

 

4. Дұрыс қоректік тізбегін анықтаңыз:

А) Қоян-қасқыр-арыстан.

В) Шөп-қасқыр-арыстан.

С) Шөп-құс-қасқыр.

D) Шөп-қоян-қасқыр-арыстан.

Е) Қоян-арыстан-құс.

 

5. Бейорганикалық заттарды органикалық затқа айналдыра алатын автотрофты организмдер:

А) продуценттер

В)редуценттер

С) капрофиттер

D) консументтер

Е) сапрофиттер

Пайдаланылған әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер:

1.Р.С. Оразбаева «Экология негіздері», Астана-2003

2.Г.С.Оспанова «Экология», Алматы-2002

3.Бейсенова Ә.Б. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Оқу құралы. Алматы, 2004.

5.Оспанова Г., Бозшатаева. Экология. Оқу құралы. Алматы, 2000.

Қосымша әдебиеттер:

1.Жамалбеков Е.Ү., Білдебаева Р.М. Жалпы топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы, «қазақ университеті», 2000.

2.Фурсов В.И. Экологические проблемы окружающей среды. Алма-Ата, «Ана тілі», 1991.

3.Байтулин И.О. Экология Казахстана. Алматы, 2003.

4.Николайкин Н.И. и др. Экология М.: Дрофа, 2003.

5.Шилов И. А. Экология. М.: Высшая школа, 1997.

7.Бродский А.К. Краткий курс экологии. СПб.: Изд-во С-Петербургского университета, 2000.

 

 

Практикалық сабақ 7

Тақырыбы Биосфера және оның тұрақтылығы

Сабақтың мақсаты: Студенттерге биосфера туралы түсінік беру.

Сабақтың жоспары

1. Тапсырмаларды орындау

2.Бақылау сұрақтарына жауап беру.

3.Рефераттарды қорғау

4.Блиц-тестілерді орындау

Биогенді заттар - тірі организмдердің тіршілік процестері нәтижесінде түзілетін заттар (атмосферадағы газдар, таскөмір, мүнай, торф, ізбестастар, т.б.), қоректік заттар, биогендер, био-гендік элементтер - тірі организмдер құрамына кіретін элементтер - көміртегі, оттегі, азот, сутегі, күкірт, т.б.

Биогеохимиялық цикл - минералды қосылыстар құрамындағы химиялық элементтердің өсімдіктер мен жануарлар организмдері арқылы табиғаттағы айналымы.

Биосфера - құрамы, құрылысы мен энергетикасы тірі организмдер тіршілігімен анықталатын Жердің белсенді ерекше қабықшасы.

Биологиялық тазарту - судың қүрамындағы ластаушы заттарды микроорганизмдер көмегімен тазарту.

Биофильтр - ағызынды суларды биологиялық әдіс арқылы тазарту қондырғысы.

Ноосфера - ойлаушы қабат, ақыл-ой сферасы, В.И. Вернадскийдің сөзімен айтқанда, биосфераның адам ақыл-ойы мен әрекеті нәтижесінде сапалық жағынан жаңа, жоғары сатыдағы даму кезеңі.

Биотикалық айналым – биосферадағы биотикалық және абиотикалық компоненттердің арасындағы экожүйелердегі биогенді элементтердің айналымы.

Биокосты заттар - тірі организмдердің тіршіліқ процестері мең биологиялық емес (табиғи) процестердің біріккен әсері нәтижесінде түзілетін заттар.

Гидробиосфера - Жер бетілік суларда мекендейтін тірі организмдердің тіршілік ету ортасы, биосфераның бір бөлігі.

Интродукция - өсімдіктер мен жануарлардың белгілі бір түріне жататын особьтардың тіршілік ету ареалынан баска жаңа табиғи климаттық жағдайларғаауысуы.

Сабақтың материалдары:

 

1 тапсырма Тарау бойынша терминдердің глоссариін жасаңыздар.

2 тапсырма Биосфераның құрылымы және оның шекаралары. В.И.Вернадскийдің ноосфера ілімі және тұрақты даму концепциясының негізін қалаушы ретіндегі ролін талдаңыздар.

Бақылау сұрақтары

1 тапсырма Бақылау сұрақтарына жауап беріңіздер

1.Биосфера деген не және Жердің басқа қабаттары: ядро, мантия, жер қабығы, педосфера, литосфера, атмосфера, гидросфера?

2. В.И.Вернадский тірі заттар деп нені түсінді және тірі заттардың негізгі қасиеттері.

3. Биосфераның негізгі құрылымдық бірліктерін атаңыздар.

4. Жер биосферасын құрайтын заттардың негізгі типтері.

5. Биосфераның шекаралары.

6. Биосфера және космос. Күн сәулесінің энергиясының таралуы.

7. Тірі заттардың негізгі биогеохимиялық функциялары.

8. Биосфераның энергетикасы.

9. Биосферадағы биохимиялық циклдер және зат айналымы. (көміртегі, азот, фосфор, күкірт, оттегі, су айналымы.)

10. Биосфераның эволюциясы. Ағылшын ғалымы Б.Коммонердің 4 заңы.

7. «Ноосфера» деген не, түсініктің пайда болуы.

8. Антропогенді экологиялық дағдарыстар.

9.Биосферадағы биогенді элементтердің айналымы.

10. Аэробты организмдер.

11. Анаэробты организмдер.

СӨЖ тапсырмалары

1.Биосфера және оның тұрақтылығы

2. Биосфера концепциясының қалыптасуы. Биосфера эволюциясы.

3.В.И.Вернадскидің биосфера және ноосфера концепциясы.

4.Тірі зат концепциясы. Тірі заттың ғаламдық ролі.

5.Антропогенді әсер өте күшті геологиялық және геохимиялық фактор концепциясы. 6.Биосферадағы заттар айналымы.

7.Ғаламдық биогеохимиялық циклдер. В.И.Вернадскийдің негізгі биогеохимиялықзаңдары. 8.Заманауи биосфера. Қоршаған ортаға өндірістік жүктеменің артуы.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-07; Просмотров: 1924; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.007 сек.