Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Тапсырма




Глоссарий

Сапрофагтар - өлі органикалық заттармен қоректенетін жануарлар (детритофагтар).

Синэкология - көп түрлі қауымдастықтар мен экожүйелер экологиясы.

Сукцессия - белгілі тіршіілік ортасындағы организмдердің түр қүрамы өзгерістерінің үздіксіз және бағытталған жүйесі.

Пирамида (экологиялык) - биоценоздардың қоректік деңгейлері - продуценттер, консументтер және редуценттердің арасындағы сапалық қатынастардың, олардың саны (сандық пирамда), биомассасы (биомасса пирамидасы) немесе энергиясы (энергия пирамидасы) бойынша графиктік бейнеленуі.

Қоректік (трофикалык) тізбектер - биоценоздың әртүрлі трофикалық деңгейлердегі мүшелерінің алдыңғыларының соңғыларымен қоректенуі арқылы заттар мен энергияның тасымалдануы.

Хемосинтез - кейбір минералдық заттардың тотығуы кезінде бөлінетін энергияны пайдалану арқылы хемо-автотрофты бактериялардың органикалық зат синтездеу процесі.

Экологиялың жүйе - бір-бірімен тығыз байланысты, әртүрлі орта жағдайларында тіршілік ететін бірнеше түрге жататын организмдер жиынтығы.

Эрозия - топырақтың қүнарлы қабатының жаңбыр, қар суларымен шайылып, не желмен үшып бүзылуы.

ық не қуыс (экологиялык) - түрдің тіршілік етуі үшін, қауымдастықтағы басқа түрлермен байланыстарын қоса алғанда, оның тіршілік етуіне қажетті факторлар комплексі немесе белгілі бір түрдің қауымдастықтағы алатын орны.

Детрит - организмдердің ыдырау және бөліну өнімдері, өлі органикалық заттар.

Деструкторлар - органикалық заттармен қоректену арқылы оларды ыдырататын организмдер (редуценттер).

Продуценттер - органикалық емес заттардан алғашқы өнім түзетін автотрофты организмдер.

Редуценттер - органикалық заттарды жай минералдық заттар: су, көмірқышқыл газы, күкіртсутек және түрлі түздарға дейін ыдырататын гетротрофты организмдер (бактериялар мен саңырауқүлақтар).

Аэробты организмдер - бос оттегі қатысында тіршілік ететін организмдер.

Автотрофтар - көмір қышқыл газы, су және минералдық тұздардан органикалык заттарды синтездейтін организмдер.

Агробиоценоз - ауылшаруашылығында өсірілетін өсімдіктер қауымдастығы.

Анаэробты организмдер - оттегіні қажет етпейтін, оттегі қатысынсыз ортада тіршілік ететін организмдер.

Гомеостаз - организмдер немесе организмдер тобының қоршаған ортаның түрлі өзгерістерінде динамикалық тұрақты тепе-теңдігін сақтай алу қабілеті.

Метаболизм - организмдердегі, биологиялық жүйелердегі зат пен энергияның алмасуы.

Сабақтың материалдары:

Академик В.Н.Сукачев ұсынған биогеоценоздың «соқыр» моделінің сызбасы. Бастапқы моделін жасақтау үшін бос ұяшықтарға төменде берілген биогеоценоз компоненттерін толтырыңыздар. Ұсынылған түсініктердің бағыныштылығын дәлелдеңіздер:

- атмосфера;

- өсімдіктер жамылғысы;

- топырақ қабаты;

- гидрологиялық жағдайлар;

- экотоп (қосымша, биогеоценоздың өлі компоненттері);

- биоценоз;

- тау жыныстары;

- жануарлар әлемі (зооценоз);

- саңырауқұлақтар (микоценоз);

- микроағзалар(микробиоценоз);

 

2 тапсырма. Табиғаттағы көміртегі айналымын төмендегі тік бұрышты бос көздерге берілген компоненттер бойынша толтырыңыздар: атмосфераның көмір қышқыл газы, өсімдіктер, өсімдіктекті жануарлар, адамның отынды қолдануы,бактериялар мен саңырауқұлақтар, шөгінді карбонатты жыныстар,жыртқыштар, вулкандардың әсері.

 

Табиғаттағы көміртегі айналымы

 

 

3 тапсырма. Орман биоценозының қоректік торы пайда болатындай етіп, төмендегі бос тік бұрыштарға жануарлардың аттарын жазыңыздар.

 

Бақылау сұрақтары

1.Биоценоз, биогеоценоз, экожүйе. Экожүйенің жіктелуі микроэкожүйе, мезоэкожүйе, макроэкожүйе, глобальды экожүйе.

2.Экожүйелердің гомеостазы. Ле Шателье - Браун принципі.

3.Экожүйелердің энергетикасы. Э.Бауэр ұсынған тірі жүйелердің тұрақты теңсіздік принципі.

4.Экожүйелердің ұйымдасу заңдылықтары

5.Экожүйедегі энергия ағыны және химиялық элементтердің айналымы.

6.Бірлестіктің трофикалық құрылымы (продуценттер, консументтер, редуценттер). 7.Экожүйедегі қоректік қатынастар. Қоректік тізбектер, қоректік деңгейлер, қоректік торлар.

8.Организмдердің қоректену типі мен энергияны өзгерту механизмі. Фотосинтез, хемосинтез.

9.Экологиялық сукцессиялар. Сукцесия ұзақтығы, маңызы, түрлері. Климаксты бірлестік.

10.Экологиялық пирамидалар(сандар, биомасса, энергия).

11.Линдеман заңы (10% ережесі)

12.1% ережесі

13.Экожүйелердің өнімділік заңдары(бірінші реттік және екінші реттік).

14.Экожүйелердің динамикасы мен дамуы

15.Экожүйелер тұрақтылығының негізгі шарты. Экожүйелердің тұрақтылығы мен тұтастығы, экожүйе тұрақтылығының механизмі.

16.Агроценоздар, агроэкожүйелер. Бумеранг эффектісі. Фунгицидтер.

СӨЖ тапсырмалары

1.Экожүйенің құрылу заңдылықтары. Экожүйе жайлы түсінік.

2.Экожүйедегі энергия ағыны және химиялық элементтердің айналымы. Термодинамиканың бірінші және екінші заңы. 1% ережесі және линдеманның 10 % ережесі.

3.Бірлестіктің трофикалық құрылымы (продуценттер, консументтер, редуценттер). Қоректік тізбектер, қоректік деңгейлер, қоректік торлар. Экологиялық пирамидалар (сандар, биомасса, энергия).

4.Экожүйенің өнімділігі (бірінші реттік және екінші реттік). Экожүйелердің тұрақтылығы мен тұтастығы, экожүе тұрақтылығының механизмі. 1 сағат.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-07; Просмотров: 1965; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.016 сек.