КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Курс пререквизиттері мен постреквизиттері 2 страница
1. Жеке құкық ұғымы. 2. Азаматтық қүқыктың пәні, әдісі, жүйесі. 3. Азаматтық кұкықпен реттелетін мүліктік катынастың түрлері мен ұғымы. 4. Жеке мүліктік емес катынас азаматтық-құқыктық реттеудін пәні ретінде. 5. Азаматтык құқықтың заң жүйесіндегі орны. 6. Азаматтық заңнын ұғымы мен жүйесі. 7. Азаматтык заңнын жүйесіндегі кодификация және басқа да түрлері. 8. Нарықтық экономикаға өту кезеңіндегі азаматтардың құқық қабілеттілігінің дамуынымазмұны. 9. Кәмелеттік жасқа толмағандардың әрекет кабілетсіздігі. 10Азаматтардың әрекет қабілеттілігін шектеудіңдегі құқықтар кепілі. 11 Жеке кәсіпкерлердің құқықтық жағдайы. 12 Шет елдіктердің құқық және әрекет қабілеттіктері. 13Заңды тұлғаның ұғымы мен мәні. 14 Заңды тұлғалардың түрлері. 15 Серіктестік заңды тұлға ретінде. 16 Шектелген жауапкершіліктегі серіктестіктің құқықтық жағдайы. 17. Акционерлік қоғамның құқықтық жағдайы. 18. Еншілес және тәуелді қоғам заңды тұлға ретінде. 19. Өндірістік және тұтынушылық кооперативтер заңды тұлға ретінде. 20.Коммерциялық емес ұйымдар заңды тұлға ретінде. 21.Заңды тұлғаларды қайта кұру және жою. 22. Қызметін тоқтату негізінде коммерциялық ұйымдардың банкрот болуы. 23.Мемлекет азаматтық құқықтың субъектісі ретінде. 24.Азаматтық құқықтағы заңды фактілердің түсінігі және түрлері. 25.Мәміленің растығының шарты. 26.Мәміле түрлері. 27. Мәміледегі ерік және ерік білдіру. 28. Даулы және жарамсыз мәмілелер. 29. Азаматтық-құкықтық қатынастардың ұғымы мен түрлері. 30.Мүлік азаматтық-құқық объектісі ретінде. 31. Жылжымайтын мүліктің азаматтық-құкықтық режимі. 32.Бағалы қағаздар азаматтық-кұқық объектілері ретінде. 33. Азаматтық құқықтардың жүзеге асырылуының үғымы мен әдітері. 34.Азаматтық құқықтағы өкілділік. 35.Азаматтық кұкықтың жүзеге асырылуының шегі. 36. Азаматтық құқықтағы зиян келтірудің мәселелері. 37.Азаматтық-құкықтағы мерзім түрлері жэне үғымы. 38.Талап қою мерзімінің аяқталуының үғымы,түрлері және нәтижелері. 39.Азаматтық құқықтағы қиылысатын мерзімдер. 40.Қорғану кұкығы азаматтық құқықтың субъектісі ретінде. 41.Азаматтық құқықтардың өзін-өзі қорғауы. 42.Азаматтық-қүқықтық жауапкершіліктің үғымы мен түрлері. 43.Кінә азаматтық-кұқықтык жауапкершіліктің негізі ретінде. 44.Себепті байланыс азаматгық-құқықтық жауапкершіліктің негізі ретінде. 45.Азаматтық құқықтағы шығындардың үғымы мен саналуы. 46.Азаматтық-құқықтык жауапкершіліктен босату негіздері. 47.Азаматтық-құқықтағы тәуекелдің мәні және ұғымы. 48.Меншіктің экономикалык қатынастары құқықтық регламентация ретінде. 49.Меншік құқығының мазмүны мен ұғымы. 50. Меншік иесінің әртүрлі құқық жүйесіндегі құкықтық мүмкіндіктері.
НЕГІЗГІ ӘДЕБИЕТ 30. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 20.08.1995ж. 31. Қазақстан Республкасының Азаматтық кодексі.(ерекше бөлім). 32. Қазақ КСР-ның «Тұтынушалардың құқықтарын қорғау туралы». 5.06.1991ж. қабылданған Заң. 33. «Тауар биржалары туралы» ҚР Президентінің 20.03.1994ж. Жарлығы. 34. «Жер туралы» ҚР Президентінің 22.12.95ж. Жарлығы. 35. «Жекешелендіру туралы» ҚР Президентінің 23.12.95ж. Жарлығы. 36. «Өнім беру туралы» ҚР Министрлер Кабинеті 19.06.92ж. Қаулысымен бекітілген. 37. «Основные правила розничной торговли» от 187.065.97г. 38. «Положение об организации проведение открытых конкурсов по прдаже земельных участков, права постоянного землепльзование в рассрочку субъектам малого предпринемательства, занимающимися производством», утв. Министерством сельского хозяйства РК 17.04.97г. 39. «Соттардың моральдық залалдың орнын толтыру жөніндегі заңды қолдануы туралы» ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 1996ж. 25 шілдедегі 10 Қаулысы. 40. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңдарды соттардың қолдану тәжірибесі туралы» ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 1996ж. 25 шілдедегі 7 қаулысы. 41. «Валюталық реттеу туралы» ҚР 1996ж. 14.12. Заңы. 42. «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР 16.04.1997ж.Заңы 43. «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР 16.04.1997ж. Заңы 44. «»Бағалы қағаздар рыногы туралы» ҚР 5.03.93ж.Заңы 45. «Электр энергетиксы туралы» ҚР 16.07 1997. Заңы. 46. «Стандарттау туралы» ҚР. 16.07.97ж.Заңы. 47. «Сертификаттау туралы» ҚР 16.07.97жЗаңы 48. Венская конвенция о договорах международной купли – продпжи товаров. Комментарий. М., 1996г. 49. Гражданское право. Часть общ. Учебное пособие. Под ред. Г.И. Тулеугалиева. А., Данекер, 1999. 50. Азаматтық құқық. 1 том. Жоғары оқу орындарына оқулық (академиялық курс). М.К.Сүлейменов, Ю.Г.Басин.-Алматы, 2003. 51. Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Жоғары оқу орындарына арналған акад. курс. 1-том. – Алматы. «Жеті жарғы», 2001. 52. Гражданское право. Т.2.3. Под ред. А.Ц. Сергеева, Ю.К. Толстого. Изд. 2-е М., 1999. 53. Гражданское право. Т.2 Полутом 1. Под ред. Н.А. Суханова. Изд. 2-е М., 1999. 54. Гражданское право Росии. У.2. Объязательственное право. Курс лекций. Отв ред. О.Н. Садиков. М., 1997. 55. Гражданское право У. 2 Под ред А.С. Калпина.М., 1999. 56. Жайлин. Гражданское право РК. Часть Особенная, А., Данекер, 2001. 46. Гражданскле право. Под ред. Гришаева С.П. М., 2000. 57. Гражданское право. Практикум. Под ред. А.П. Сергеева, Н.Д: Егоров. Часть 2 М., 2000. ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТ 47. Вершинин А.П. Способы защиты гражданских прав в суде. Спб., 1997. 48. Каршенников Е.А. Понятие и предмет исковой давности. Ярославль, 1997. 49. Басин Ю.Г. Сделки. Учебное пособие. А., Әділет, 1999. 50. С.А. Ынтымақова. Азаматтық құқық (жалпы және ерекше бөлімдер) Практикум. А., 2000. 51. Брагинский М.И., Витрянский В.В. Договорное право. Книга вторая. Договоры по передаче имущества. М.,2000. 52. Витрянский В.В. Договор купли-продажи и его отдекльные виды. М., 1999. 53. Козырь О.М. Недвижимость в новом Гражданском кодексе России. 58. Отв. Ред. А.Л. Маковский. М., 1998. 54. Газман В.Д. Лизинг: теория, практика, комментарии. М., 1997. 55. Брагинский М.И. Договор подряда и подобные ему договоры. М., 1999. 56. Фогельсон Ю.Б. Введение в страховое право. М., 1999. 57. Сарбаш С.В. Договор банковского счета. М., 1999. 58. Суханов Е.А. Коммерческая концессия. // Хозяйство и право. 1996 № 11. 59. Гражданское право. У. 2. Обязательственное право. Под ред. Залесского В.В. М., 1998. 60. Сергеев А.П. Право интеллектуальной собственности в Российской Федерации. 2-е изд. М., 1999. 61. Сергеев А.П. Патентное право. М., 1994. 62. Толстой Ю.К. Наследственное право. М., 1999. 63. Барщевский М.Ю. Наследственное право. М., 1996. 64. Интеллектуальная собственность. Т. 1. Под ред. Чигара В.Ф. М., 1997. 65. Оуэн Линет. Приобретение и продажа авторских прав на литературные произведения: практическое руководство для издателей Казахстана. А., Қаржы- Қаражат, 1998.
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУ КАРТАСЫ
ПӘН БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ КЕСТЕСІ
ДӘРІС КЕШЕНІ 1- тақырып. Азаматтық құқықтың түсінігі. Жоспар: 1. Азаматтық құқықтың ұғымы. 2. Азаматтық құқықтың қағидалары. 3. Азаматтық құқықтың жүйесі және пәні. 4. Қазақстан Республикасы азаматтық құқық ғылымы. 5. Шет елдердің азаматтық құқығының жалпы сипаттамасы.
1. Азаматтық құқық дегеніміз – тауар ақша қатынасына және тараптардың теңдігіне негізделген мүліктік қатынас, мүліктік емес қатынас, мүліктік қатынасқа байланысты мүліктік емес қатынас, мүліктік қатынасқа байланысы жоқ мүліктік емес қатынасты зерттеуші құқықтық сала болып саналады. Қазіргі Қазақстан Республикасындағы ұлттық азаматтық құқықтың өзіне тән ерекшеліктері бар институт ретінде қалыптасып келеді. Азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар ауқымы кең және сан қырлы. Сондықтан, азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар негізінен мүліктік қатынастар болып табылады. Оның ішінде материалдық игіліктермен: мүлікпен, қызмет көрсетумен, ақшамен, құнды қағаздар т.б. байланысы бар қоғамдық қатынастар мүліктік қатынастар болып табылады. Яғни мүліктерді сатып алу, иелену, басқа адамға беру, пайдалану жөніндегі қатынас болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында тауар-ақша қатынасы азаматтық құқықты реттеудің негізгі өзегіне айналады. Мүліктік емес жеке қатынастар азаматтық заңдармен реттеледі. Мүліктік қатынастармен байланысты мүліктік емес өзіндік қатынастарға ең алдымен санаткерлік меншік объектілері- ғылым, өнер, техникалық шығармашылық туындылары т.б., яғни адамның ой жемісін пайдалану арқылы туындайтын қатынастар жатады. Бұл объектілер мен құқықтардың өздігінен тікелей мүліктік мазмұны мен ақшалай бағасы болмайды. Мүліктік қатынастарға байланысы жоқ өзіндік қатынастарға азаматтың есімі, оның ар-намысы, жеке жазбаларын жарияламау, денесіне тиіспеу т.б. байланысты қатынастар жатады. 2. Азаматтық қатынастың қағидалары деп ол нормативтік сипаты бар, қоғамдық қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеу барысында басшылыққа алатын негіз, оларға: - азаматтық- құқықтық қатынастарға қатысушылардың теңдігі; - меншікке және басқа заттық құқыққа қол сұқпаушылық; - шарт еркіндігі; - мемлекеттің немесе басқа үшінші тұлғалардың жеке істерге және жеке өмірге араласпауы; - азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері- кәсіпкерлер мен тұтынушыларды қорғау; - несие берушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау; - азаматтық құқықтардың қорғалуы т.б. жатады. Барлық азаматтық-құқықтық нормативтік актілер, ең алдымен- Қазақстан Республикасы Азататтық Кодексінде аталған қағидаларға сай келеді. 3. ҚР азаматтық-құқық жүйесі жалпы және ерекше бөлімдерден тұрады. I. Жалпы бөлім: Оның I бөлімінің тараулары: азаматтық- құқықтық қатынастарды реттеу; азаматтық құқықтардың субъектілері; объектілері, мәмілелер; өкілдік және сенімхат; мерзімдерді есептеу, талап қою мерзімі туралы. II бөлім: заттық құқықтар, меншік құқығы туралы, яғни шаруашылық жүргізу, оралымды басқару құқығы; ортақ меншік, бірлескен қызмет туралы шарт меншік құқығы және өзге де заттық құқықтарға ие болу заттық құқықтардың тоқтатылуы, заттық құқықтарды қорғау туралы айтылады. III бөлім: «Міндеттемелік құқық», яғни міндеттеме туралы жалпы ережелер, міндеттеме ұғымы, оның пайда болу негіздері, міндеттемені орындау, оның орындалуын қамтамасыз ету, міндеттемедегі адамдардың ауыстырылуы; міндеттемені бұзғандығы үшін жауаптылық, міндеттемені тоқтату. Осы бөлімде шарт ұғымы, оның ережелері, шарт жасасу, шартты өзгерту және бұзу туралы толық мағлұмат беріледі. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығының ерекше бөлімінің қамтитын ауқымы кең. IV бөлім: Міндеттемелердің жеке түрлері: сатып алу- сату; айырбас; сыйға тарту; рента және өмір бойы асырауда ұстау; мүлік жалдау; тұрғын үйді жалдау; мүлікті тегін пайдалану, мердігерлік; тасымалдау; заем; сақтау; сақтандыру т.б. айтылса: V бөлім: «Санаткерлік меншік құқығы: яғни, жалпы ережелер; авторлық құқық; сабақтас құқықтар; өнертабыс; өнеркәсіптік үлгіге құқық; азаматтық айналымдағы тауарларға және қызмет көрсетуге қатысушылардың дараландыру құралдары т.б. қарастырылады. VI- бөлімде: «Мұрагерлік құқық», яғни жалпы ережелері; өсиет бойынша мұрагерлік; заңды мұрагерлік; мұра алу туралы айтылады. VII бөлім: «Халықаралық жеке құқық» деп аталып, ол тарауларға жалпы ережелер: коллизиялық нормалар енгізілген. Азаматтық құқық нормалары теорияда да, заңда да белгілі бір жүйе бойынша реттеледі. ҚР жүйесінің бірінші буыны жалпы ережелер болып табылады, оның қағидалары азаматтық-құқықтық нормалар қамтитын қатынастар шеңберін, бұл нормалардың заңдық күші жөнінен арақатынасын, олардың уақыт ішінде, кеңістікте және адамдар жөнінде әрекет етуін, жарамдылық жағдайларын, түсіндірілуі және жүзеге асырылуын анықтайды. Азаматтық құқықтың біртұтас жүйесінде жалпы ережелерден кейін азаматтық құқықтар мен міндеттердің субъектілері, олардың құқық қабілеттілігі және әрекет қабілеттілігі (құқық субъектілігі) құқық субъектіліктің пайда болу, өзгеру және тоқтатылу негіздері туралы бөлімдер келеді. Меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар туралы заңдық нормаларды біріктіру келесі үлкен бөлім болып табылады Бөлім заттық құқықтар, заттық құқықтар субъектілерінің өкілеттілігі, олардың пайда болуы және тоқтатылу негіздері, заттық құқықтарды бұзушылықтан қорғаудың ерекше әдістері ұғымын қамтиды. Нақты тұлғалар арасындағы құқықтық қатынастарды реттейтін міндеттемелік құқық азаматтық құқықтық ең үлкен бөлімі болып табылады. Жалпы бөлімде міндеттемелердің барлық түрлерін реттеу кезінде қолданылуға тиісті ережелер болса, институттардың әрқайсысы міндеттемелердің жекелеген түрлерін (сатып алу-сату, мердігерлік, банктердің клиенттермен қатынасы, тасымалдау және басқалары) реттейді. Азаматтық құқықтың келесі бөлімі шарттан тыс міндеттемелер (деликт) деп аталатын міндеттемелерді қамтиды, олар азаматтар мен заңды тұлғалардың басқа азаматтар мен заңды тұлғаларға олармен шарттан тыс қатынастары арқылы зиян келтіретін әрекеттерінен туындайтындығын түсіндіреді. Санаткерлік қызметті қалыптастыру және пайдалану, яғни санаткерлік меншік құқығының пайда болуына байланысты қатынастарды реттеу бөлімі орналасқан. Заңдар мен қолданыстағы практика бұл бөлімде - авторлық құқық, патенттік құқық қарастырылады. Авторлық құқық: ғылым, өнер, патенттік құқық - өнеркәсіп пен өндірісті шығармашылық қызметтің нәтижелерін пайдалануды қамтиды. Мұрагерлік қатынастарды реттейтін мұрагерлік құқық азаматтық құқық жүйесінің қорытынды бөлімі болады.Халықаралық жеке құқық тақырыбы да қарастырылады.
Дата добавления: 2014-10-15; Просмотров: 858; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |