Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Форс-мажор




Сам макет

Вертикально (зверху вниз)

· Нижня межа header: 170px;

· Верхня межа nav: 190px;

· Нижня межа nav: 290px;

· Верхня межа article і aside: 310px;

· Нижня межа article і aside: 1070px;

· Верхня межа footer: 1090px;

· Нижня межа footer: 1255 px.

 

Горизонтально (зліва на право)

· Ліва межа article: 694px;

· Права межа aside: 714px.

В результаті ми отримаємо розграфлений макет сайту.

 

Створюємо новий шар, на якому будемо робити всі зміни.
(Слой – Создать слой).

За допомогою прямокутного виділення виділяємо основні елементи макету: header, nav, article, aside, footer. (Щоб виділити декілька елементів одночасно, потрібно утримувати Shift)

 

Виділену область інструментом «Плоска заливка» заливаємо чорним кольором.

 

Щоб переглянути наш макет без направляючих ліній, знімаємо виділення «Выделение – Снять выделение» івибираємо «Вид – Показывать направляющие».

Зберігаємо наш макет. (Файл - Сохранить)

Якщо потрібно зберегти з розширенням.jpeg,.psd, чи будь-яким іншим розширенням (не.xcf) зберігаємо макет за допомогою меню Файл - Export As…

 

1. Форс-мажор жағдайлары туындаған кезде Мердігер Тапсырыс берушіге мұндай жағдайлар мен олардың себептері туралы тез арада жазбаша хабарлама жібереді және тиісті уәкілетті мемлекеттік органның растайтын құжатын ұсынады. Сонымен бірге жалпыға бірдей мәлім болған фактілер дәлелдеуді қажет етпейді.

2. Егер Тапсырыс берушіден басқа жазбаша нұсқаулықтар түспесе, Мердігер Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін, ол қаншалықты мүмкін болғанға дейін орындай береді және форс-мажор жағдайларға байланысты емес Шартты орындаудың балама тәсілдерін іздестіреді

Бақылыу сұрақтары:

1. Автмобилді жөндеуге қабылдап аларда қандай жұмыс атқарады?

2. Мердігер дегеніміз кім?

3. Ілеспе көрсетілетін қызметтерге не жатады?

4. Төлем жасау тәртібі мен қызметтері қандай?

5. ФОРС-МАЖОР жағдайы дегеніміз қандай жағдай?

 

7- Тақырып. БӨЛШЕКТЕРДІ РІКТЕУ ЖӘНЕ АҚАУЛАРЫН АНЫҚТАУ.

Бөлшекке ақау түсу себебін (причины, вызывающие дефекты) əдетте үш топқа бөледі:

· тозу (износы)

· механикалық зақым алу (повреждения);

· химиялық-жылулық зақым алу.

Бөлшектің механикалық зақымдануынан ақаудың мынандай түрі пайда болады:

Жарық (трещины). Жарық айтарлықтай жергілікті жүктелуден (местные нагрузки), соққыдан (удары) жəне асқын жүктелуден (перенагружения) туады. Жарық көбінесе мотордың цилиндр блогында, беріліс қорабының тұрығы, артқы белдіктің тұрығы сияқты автомобилдің тұрық бөлшегінде (корпусные детали) пайда болады.

Ойық (пробоина). Ойық қабырғасы жұқа бөлшектің бетіне бөгде нəрсенің соғуы нəтижесінде (в результате удара) туады. Ойық көбінесе цилиндр блогының қабырғасында (на стенках блока), қауашақтың қанатында (на крыльях кузова), капотта, беріліс қорабының тұрығында, т.б. пайда болады. Сонымен қатар, жарық пен ойық егер салқындатқыш сұйық суықта қатып қалса да блок пен блоктың төбелігінде пайда болады.

Кертік (риски) пен жырық (задиры) бөлшектің жұмыстық бетінде түрпілі түйіршіктің абразивтік əсерінен пайда болады.

Үгілу (выкрашивание) – цементтеген (цементованная) болат бөлшекте болатын ақау. Мысалы, беріліс қорабын дұрыс ауыстырып қоспау (неправильное переключение передач) салдарынан динамикалық соққы жүктің (ударная нагрузка) əсерінен тегеріш тісінің профилінің үгілуі.

Сыну (поломки) жəне опырылу (обломы) бөлшекке қатты соққанда (при сильных ударах) пайда болады. Ол əсіресе құйма бөлшекте (литые детали) жиі кездеседі.

Иіліс (изгибы) жəне майысқан жер (вмятины) соққы динамикалық жүктің əсерінен туып, бөлшектің геометриялық формасының бұзылуымен сипатталады. Ондай ақау мен автомобилдің рамасы, əр түрлі білік, алдыңғы өстің (белдіктің) арқалығы (балки передних осей), бұрылыс жұдырығы (поворотные кулаки), əр түрлі тартқы жəне табақ металдан жасаған бөлшек ұшырайды.

Бұралу (скручивание) күшті бұрауыш моменттің əсерінен пайда болады. Ондай ақау білікте, жартылай өсте, т.б. болады.

 

Бөлшектің жұмыстық бетінің размері мен формасының ауытқуын бақылау. Ақаулауда (при дефектации) бөлшектің размерін калибрмен жəне əмбебап өлшеуіш əбзелмен тексереді. Білікті бақылау үшін шектік калибр- қапсырма (предельные калибры-скобы), ал тесікті бақылауға калибр-тығын (пробки) қолданады.

Əмбебап өлшеуіш əбзелге мыналар кіреді: штангенциркул-бөлшектің сыртқы жəне ішкі размерін өлшеуге; штангентісөлшеуіш (штангензубомеры) цилиндр пошымды тісті дөңгелек тісінің қалыңдығын өлшеуге; штангентереңдікөлшеуіш (штангенглубиномеры) – ойық (выемки) тереңдігін өлшеуге; микрометр-бөлшектің сыртқы размерін өлшеуге; сағат типті индикатор (тағанға не штативке бекіткен) –сызықтық размер мен форманың ауытқуын өлшеуге.

Жұмырлықтан ауытқуды жұмырөлшеуішпен, жазықтықтан ауытқуды тақта жəне сүңгі көмегімен немесе жекелеген нүктенің қалпы (положение) бойынша, ал жазықтықтағы түзусызықтықтан ауытқуды тексеру сызғышы, деңгейлік жəне оптикалық-механикалық аспап көмегімен өлшейді.

Б ө л ш е к б е т і м е н ө с і н і ң ж а т у ы н д а ғ ы а у ы т қ у д ы б а қ ы л а у. Бет қалпының дəлдігін бағалау үшін алдымен базалық бетті (сызықты не нүктені) қабылдап алу міндет. Бет (жазықтық), беттің түзушісі (образующая) немесе конустың ұшар басы (вершина) мен сфераның центрі секілді нүкте, цилиндр не конус беттің, я болмаса ойманың өсі база бола алады.

Жазықтықтың параллелдіктен ауытқуы ретінде нормалық учаске аумағында қатар жатқан жазықтықтың бір-бірінен ең үлкен жəне ең аз айырмасын (Δ) қабылдайды.

Жазықтықтың параллелдіктен ауытқуын іс жүзінде анықтау үшін бөлшекті базалық бет жағын қаратып тексеру тақтасына жатқызады. Ауытқуды тағанға бекіткен өлшеуіш төбелікпен (головка) өлшейді. Жазықтық пен тесік өсінің немесе екі өстің параллелдіктен ауытқуын өлшеу үшін арнаулы бақылау кидірмесін (оправка) қолданады. Бөлшектің орнау беті мен тесік өсінің параллелдіктен ауытқуын өлшеудің сұлбасы берілген. Бұнда да базалық бетін қаратып бөлшекті тексеру тақтасына жатқызады. Бөлшектің тесігіне кидірме кигізіп, тағанға орнатқан өлшеуіш төбелікпен нормалық ұзындықтың екі басынан өлшеу жүргізеді. Екі өлшеудің (отсчет) айырмасы параллелдіктен ауытқуды береді.

Перпендикулярлықтан ауытқу ретінде жазықтық пен жазықтық, өс пен өс жəне өс пен жазықтық арасындағы бұрыштың тік 900-тан ауытқуын қабылдайды. Бұндай ауытқуды қатарлас жазықтықтың немесе сызықтың нормалық учаске аумағындағы ұзындыққа келетін сызықтық бірлікпен (Δ) береді. Тесіктің немесе біліктің өсімен салыстырғандағы бөлшек бетінің не ұш (торцовые) бетінің перпендикулярлықтан ауытқуын өлшеу сұлбасы берілді.

Өлшеу үшін сайманды бөлшектің тесігіне центрлеп, индикаторды нөлге қояды. Сонысын бөлшекті сайманмен бірге тесіктің өсін айнала 3600-қа бұрады. Білік өсінің жазықтыққа перпендикулярлығын бақылау үшін сайманды сақина түрінде жасайды. Сақинаға өске параллел бағытта индикатор бекітеді. Сақинаны тірелгенше білікке кигізіп, 3600-қа бұрады.

Екі тесік өсінің бір-біріне перпендикулярлығын кидірме мен арнаулы мостик (кішкене көпір) типтес сайманмен тексереді. Сайманды екі индикаторымен жəне кидірмесімен бірге тесіктің біреуіне орнатады. Екінші кидірмені екінші тесікке тығады. Бір-бірінен нормалық қашықтықта орналасқан екі индикатордың ұшын екінші кидірменің бетіне түйістіріп алып, нөлге қояды. Мостигі бар кидірмені 1800-қа бұрады. Қос индикатор көрсетуінің (показания) жарты айырмасы (полуразность) перпендикулярлықтан ауытқу шамасын береді.

Радиалдық соғу мен ұштық соғу (торцевое биение) беттің орналасуында кеткен ағаттық (погрешность) саналады.

Радиалдық соғу деп реалды беттегі нүктенің базалық айналу өсіне дейінгі ең үлкен жəне ең аз қашықтығының айырмасын (Δ) айтады.

Беттің радиалдық соғуы бөлшектің айналу өсімен де, басқа бетпен де салыстырмалы түрде беріле береді (может задаваться). Бұндайда бөлшектің айналу өсін немесе басқа да бетті база ретінде қабылдап алып, бөлшекті центрге емес, призмаға орнатады. Өлшейтін беттің орнатқан бетпен салыстырғандағы соғуы өлшеу аспабының бөлшек бір айналғандағы ең көп жəне ең аз көрсетуінің айырмасымен анықталады.

Бөлшекті центрге бекітіп, өлшейтін беттің басқа бетпен салыстырғандағы радиалдық соғуын білуге болады. Ол үшін мостик типті сайман қолданады.

 

Б а қ ы л а у с ұ р а ғ ы:

 

1. Жарық мотордың қай тетігіне тəн ақау саналады?

2. Айнадай жарқырап тұруға тиісті цилиндр бетінде не себепті жарық пайда болады?

3. Қақырау мотордың қай тетігіне тəн ақау жəне оны зақымданудың қандай түріне жатқызады?

4. Автомобилдің қай бөлшегі коррозияға ұшырайды жəне оның себебеі неде?

5. Күйе мотордың қай жерінде пайда болатын ақау жəне оның салдары қандай?

6. Мотордың қай жүйесінде қақ тұрады жəне оны кетіру үшін не істейді?

 

 

11-Тақырып. БӨЛШЕКТЕРДІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ӘДІСТЕРІНІҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ

Жөндеу кəсіпорнының мақсаты-автомобил мен оның агрегатын жөндеудің сапасын арттыру, өзіндік құнын кеміту əрі тұтынушыға мəшиненің жөндеуден кейінгі болымды моторесурсына кепілдік беру. Жөндеу қорын (жөндеуге түскен автомобил мен оның агрегатын) зерттеу орта есеппен 20% бөлшектің өтілге кететінін, 25…40%-ы жарамды да, қалған 40…55%-ын қалпына келтіруге болатынын көрсетті. Егерде автомобил жөндеу кəсіпорны (АЖК) ақаулау жəне қалпына келтірудің тиімді тəсілін игерсе, өтілге кеткен бөлшектің пайызын едəуір төмендетуге болатындығы белгілі болды.

Бөлшекті қалпына келтіру технологиясы ресурс үнемдеу технологиясының ең бір айтулы разрядына жатады. Өйткені оған жаңа бөлшек жасап шығарғаннан шығын 70%-ға дейін аз жұмсалады. Жаңа бөлшек жасаумен салыстырғанда тозған бөлшектің жұмыс қабілетін қалпына келтіру үшін 5…8 есе аз технологиялық операция орындалады.

Осындай рентабелділігіне қарамастан тіпті ірі деген жөндеу кəсіпорнының өзінде бөлшекті қалпына келтірудің еңбек сыйымдылығы автомобил зауыты шығаратын аттас бөлшекті жасаудан орта есеппен 1,7 есе көп болып отыр. Оның себебін АЖК өндірісінің азсериялылығымен, əмбебап жабдық көптеп пайдаланып, оны жиі-жиі қайта құрумен (переналадка) айналасатындығымен, қалпына келтіретін бөлшек тобының шағындығымен, солардың салдарынан жекелеген операцияның еңбек сыйымдылығын түсіру мүмкіндігінің аздығымен түсіндіруге болады.

Автомобил бөлшегінің істен шығуының (отказы) 50%-ы жұмыстық беттің тозуымен (износ), 17,1%-ы зақымданумен (повреждения) жəне 7,8%-ы жарықтың (трещины) пайда болуымен байланысты. Автомобилдің істен шығуындағы басты орынды мотор иеленеді (істен шығудың 43%-ы). Жөндейтін бөлшектің шамамен 85%-ының тозу шамасы 0,3 мм-ден аспайды екен. Бұл – қалыңдығы шамалы-ақ бүркем салып(нанесение покрытия) олардың жұмыс қабілетін қалпына келтіруге болады деген сөз. Жүк түсетін бетке (несущие поверхности) метал бүркіп, оны механикалық өңдеуден өткізсе, бөлшекті бірнеше қайтара пайдалануға мүмкіндік туады.

Қалпына келтіруге келетін сыртқы жəне ішкі цилиндр беттің үлесі 53,3% оймалы (резьбовые) беттікі - 12,7%, қобылы (шлицевые) беттікі-10,4%, тісті (зубчатые) беттікі-10,2%, жазық беттікі-6,5%, қалғаны-6,9% құрайды.

 

Бөлшекті қалпына келтіру тəсілі

Бөлшекті қалпына келтірудің тəсілі көп. Тəсілді сыныптағанда оны ірі-ірі бірнеше топқа бөліп, əрқайсысының технологиялық операциясын (үдерісін) келтіреді:

· слесарлық-механикалық өңдеу тəсілі: слесарлық өңдеу (шабу-рубка, ию-гибка, кесу-резка, егеу-опиливание, ойма тілу- нарезание резьбы, тойтармалау-клепка, қырнау-шабрение, қайрау- заточка, т.б.); механикалық өңдеу (жұқалап жону-тонкое растачивание, бұрғылау-сверление, кеңейтіп бұрғылау-рассверливание, кеулеу-зенкерование, ойдымдау-зенкование, тырналау-цекование, жаймалау-развертывание, фрезалау- фрезерование, ажарлау-шлифование, хондау-хонингование, жалтырату-полирование, супер-жəне микромəрелеу- финиширование, жеткізу-доводка, ысқылау-притирка, т.б.); жөндеу размеріне келтіріп өңдеу, қосымша жөндеу бөлшегін (ҚЖД-ДРД) қойып қалпына келтіру, фигуралы салма (вставка) салып жарық бітеу, шиыршық салма салып оймалы бетті жəне түйіншек төлке (свертная втулка) салып қондыру тесігін қалпына келтіру;

· пластикалық деформациялау тəсілі (түзету-правка, шоқ- наклеп, шеку-чеканка, шекімелеу-рихтовка, түйгіштеу-выколотка, жаныштау-вдавливание, созбалау-вытяжка, жуандату-раздача, жіңішкерту-обжатие, отырғызу-осадка, өрмелету-накатка, т.б.) жəне соған жақын қалпына келтіретін бетті жоңқаламай (без снятия стружки) өңдеу тəсілі (калибрлеу-калибрование, піспелеу- дорнование, таптап тегістеу-обкатывание, домалатып тегістеу- раскатывание, үтіктеу-выглаживание, т.б.);

· пісіру (сварка) жəне балқымалау (наплавка) тəсілі: доғамен пісіру- балқымалау (сыртында сылағы бар балқитын электрод қолданып қолмен пісіру-балқымалау, флюс астында, көмір қышқыл газ ортада, аргон ортада балқымайтын вольфрам электродпен, вибродоғамен, кеңқабатты-широкослойная жəне электрконтактылық таспа (сым) пісірмелеп-приварка пісіріп- балқымалау, сонысын контактылы-нүктелі пісіру); газбен, плазмамен жəне лазермен пісіру-балқымалау;

· дəнекерлеу тəсілі (оған дəнекерлеуден басқа қалайылау- лужение жəне желімдеуді-склеивание жатқызуға болады);

· газтермиялық шаңдату (напыление) тəсілі: газэлектрлік шаңдату (электр доғамен, плазмамен, жоғары жиілік тогымен шаңдату); газ жалынымен шаңдату (газ-оттекпен, газ-ауамен шаңдату); газдинамикалық жəне детонациялық шаңдату;

· гальваникалық, яки электрхимиялық бүркеу (покрытие) тəсілі: темірлеу, никелдеу, мыстау, хромдау, мырыштау, кадмийлеу, т.б.;

· синтетикалық материал (эпоксидті жəне т.б. композициялық материал, желімдеуіш құрам, қымтауыш зат- герметики) қолдану тəсілі: қымтау-герметизация, бітеу-заделка, жапсыру-приклеивание, табандату-фиксация, тəтекілеу- стопорение, нығыздау-уплотнение, полимер мен пластмассадан құйып не престеп бөлшек жасау, салқындай молекулалық пісіру (СМП-ХМС).

Бұлардан басқа лак-бояу бүркемін қалпына келтіру əдісі (методы восстановления лакокрасочных покрытий) –автомобил жөндеу өндірісінде өзінше бір төбе. Оны орындаудың майсыздандыру-обезжиривание, қышқылмен өртеу-травление, жалаңаштау-декапирование, құм-сүйек шашып өңдеу-пескоструйная обработка, грунттау-грунтование, шпателдеу- шпатлевание, фосфаттау-фосфатирование, пассаждау-пассирование, түс таңдау-подбор цвета, бояу жасау-приготовление краски, бояу-окраска, кептіру-сушка, т.б. операциясы бар. Сонымен қатар, сəндік бүркем (декоративное покрытие), тозуға берік бүркем, коррозияға жəне шуылға қарсы бүркем салу əдісінің де бар екендігін айта кету керек.

 

Б а қ ы л а у с ұ р а ғ ы:

1. Жөндеуге түскен автомобилдің неше пайызын қайтадан қалпына келтіруге болады?

2. Металды шабу, ию, кесу, егеу, тойтармалау, қырнау, қайрау бөлшекті қалпына келтіру тəсілінің қай түріне жатады?

3. Мотордың қай бөлшегін жұқалап жонып қалпына келтіреді?

5. Ажарлау, жалтырату, хондау, супер жəне микромəрелеу операциясының бір-бірінен айырмашылығы қандай?

6. Қалпына келтіретін бетті жоңқаламай өңдеу тəсіліне қандай-қандай операция кіреді?

7. Түзету, шоқу, шеку, шекімелеу, түйгіштеу, жаныштау, отырғызу технологиялық операциясын қолданып бөлшекті қалпына келтіру қай тəсілге жатады?

8.Қымтау, бітеу, жапсыру, нығарлау ісіне қандай материал қолданады?

 

12- Тақырып. БӨЛШЕКТЕРДІ СЛЕСАРЛЫҚ-МЕХАНИКАЛЫҚ ӨҢДЕУ ТӘСӘЛӘМЕН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ.

Жөндеу размеріне келтіріп бөлшек өңдеу. Бөлшектің бетін жөндеу размеріне келтіріп өңдеу егер размерін өзгерту үшін жүретін механикалық өңдеу бөлшектің термиялық өңдеуден өткен бұрынғы беткі қабатын түгелдей жойып жібермесе ғана тиімді болмақ. Сонда қосылыс құраушы қымбат бағалы бөлшек бетіндегі ақауды ерте бастан белгілеп қойған жөндеу размеріне түскенше механикалық өңдеу жолымен кетіреді (мысалға, иінді білік мойны), ал екіншісін (қарапайым əрі қымбат тұрмайтын бөлшегін) размері біріншісімен сəйкес келетін жаңа бөлшекпен (мысалы, ішпек-вкладыш) ауыстырады. Сол кезде қосылыс бастапқы қондырымына-посадка (яғни саңылау не керіліске-зазор или натяг) қайта оралады. Бірақ қондырым түзуші бөлшек бетінің размері бұрынғысынан өзгереді. Жөндеу размеріне келтірген (0,5 мм-ге үлкейткен) ішпек қолдану жөндеуден өткен цилиндр блогы мен бұлғақ байырғы сапасын сақтай отырып, жөндеу құны мен еңбек сыйымдылығын азайтуға мүмкіндік береді.

Жөндеу размері мен оның шектемін (допуски) жасаушы зауыт қояды. Жөндеу размеріне түсіріп бөлшекті қалпына келтіру қарапайымдылығымен, қолжетерлігімен (доступность), еңбек сыйымдылығының аздығымен (пісіру мен балқытып жамауға-наплавка қарағанда 1,5...2,0 есе төмен) жəне жоғары экономикалық тиімділігімен сипатталады. Тəсілдің кемшілігі-босбөлшек номенклатурасының көбейіп кететіндігі, бөлшекті қоймада сақтау, комплектілеу жəне құрастыру үдерісін ұйымдастырудың күрделіленуі.

 

Қосымша жөндеу бөлшегін салу. Қосымша жөндеу бөлшегі-ҚЖБ (дополнительные ремонтные детали-ДРД) тəсілін тұрық бөлшектегі, білік пен өстің мойнындағы, тісті іліністегі оймалы (резьбовые) жəне тегіс (гладкие) тесікті, тозған бетті қалпына келтіру үшін қолданады.

Бөлшекті қалпына келтіргенде тозған бетті білік үшін кіші, тесік үшін үлкен размерге келтіріп өңдейді де, оған арнайы жасаған ҚЖБ (бұранда тығын-ввертыш, саптама-насадка, өтемдеуіш тығырық немесе жұқа тақташа- планка) салады. ҚЖБ-ны негізгі бөлшекке кепілдеме берілген керіліспен престеу (напрессовка с гарантированным натягом) жəне пісірмелеу (приварка) арқылы, тəтекі бұралаң (стопорные винты) жəне желімдеуіш композиция қолданып, оймалап алып (на резьбе) бекітеді. ҚЖБ-ны қойғаннан кейін оның жұмыс бетін қажетті дəлдікпен жəне кедір- бұдырлықпен номинал размерге келтіріп өңдейді.

Престеп салу (запрессовка) күшін мына формулаға салып есептейді:

F = f p dLp

Мұндағы f» 0,08...0,10 - үйкеліс коэффициенті; d - түйіскен беттің (контактирующие поверхности) диаметрі, мм; L - престеп салу ұзындығы, мм; р-үлестік контактылық сығу қысымы, кгс/мм2 (жаңаша Па/мм2).

Егер ҚЖБ-ны салу үшін құрастырудың жылулық тəсілін қолданса, онда қамтитын (охватывающий) бөлшектің қызу немесе қамтылатын (охватываемый) бөлшектің суу температурасын мына формуладан анықтайды:

T = 10-3 K (D + S) /(a d)

Мұндағы K = 1,15...1,30 - құрастыру барысында бөлшектің ішінара сууын немесе қызуын ескеретін коэффициент; D -максимал есептік керіліс (натяг), мкм; S-кепілдемеленген саңылау, мкм; a - қамтитын бөлшектің қыздырғандағы немесе қамтылатын бөлшектің суытқандағы сызықтық ұлғаю коэффициенті.

 

Оймалы бетті шиыршық салмамен қалпына келтіру. Тозған не зақым алған ойманы оймалы шиыршық салма (спиральная вставка) салып қалпына келтіру тəсілі бар. Бұндай салма бөлшектің, оның ішінде əсіресе алюмин мен шойыннан жасаған бөлшектің оймалы қосылысына қолданады. Шиыршық салманы қимасы ромба пошымды коррозияға берілмейтін сымнан серіппелеуіш шиыршық (пружинящая спираль) түрінде жасайды.

Оймалы бетті қалпына келтірудің технологиялық үдерісі бойынша алдымен тесікті кеңейтіп бұрғылап алады (рассверливание); содан кейін бөлшектің кеңейген тесігіне ойма салады (нарезание резьбы); оған монтаждауыш əбзелмен шиыршық салманы орнатады; қалпына келген ойманың сапасын ォөтетінサ жəне ォөтпейтінサ калибрмен немесе бақылау бұрандасымен тексереді.

 

Б а қ ы л а у с ұ р а ғ ы:

1. Жөндеу кəсіпорнының негізгі мақсаты не жəне онда бөлшекті қалпына келтіру несімен ұтымды?

2. Бөлшекті қалпына келтіру əдісін қалай сыныптайды?

3. Бөлшек металына ұстаралы əбзелмен механикалық əсер ету түрін атаңыз.

4. Тесік тесумен жəне оны өңдеумен байланысты қандай технологиялық үдерісті білесіз?

5.Бөлшек жөндеудің слесарлық-механикалық əдісі қандай технологиялық операцияны қамтиды?

6.Жөндеу размеріне келтіріп бөлшек өңдеу деген не?

7.Қосымша жөндеу бөлшегін салу тəсілімен қандай тетікті қалпына келтіреді?

8.Салманың қандай түрі бар жəне салма салудың технологиясы қандай?

 

13-Тақырып. ПЛАСТИКАЛЫҚ ДЕФОРМАЦИЯЛАУ ТƏСІЛІМЕН БӨЛШЕКТІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ

Үдерістің мəнісі. Бөлшектің формасы мен размерін қалпына келтіру үдерісі мына операциядан тұрады: б ө л ш е к т і д е ф о р м а ц и я ғ а д а й ы н д а у-салқындай деформациялау алдында өңдейтін бетті жасытып (отжиг) немесе жұмсартып (отпуск) алу, ал ыстықтай деформациялауға оны қыздырып алу; б ө л ш е к т і д е ф о р м а ц и я л а у – отырғызу (осадка), жуандату (раздача), жіңішкерту (обжатие), созбалау (вытяжка), түзету (правка), электрмеханикалық өңдеу, т.б.; д е ф о р м а ц и я л а у д а н к е й і нг і ө ң д е у – қалпына келтірген бетті қажетті размеріне келгенше механикалық өңдеу, ал қажет болса термиялық өңдеу; ж ө н д е у с а п а с ы н а б а қ ы лау ж ү р г і з у.

 

Бөлшектің формасын қалпына келтіру əдісі. Пайдалану барысында, əсіресе апатқа ұшыраған автомобилдің көпшілік бөлшегінде (білік, өс, рычаг, рама, арқалық, қауашақ панелі, т.б.) бүгілу (изгиб), бұралу (скручивание), қақырау (коробление) жəне майысу (вмятина) секілді қалдық деформация пайда болады. Ондай ақауды пластикалық деформациялау, яғни металға күш түсіріп əсер ету (силовое воздействие на металл) əдісінің бірі- түзету (правка) арқылы кетіреді. Ондайда бөлшектің размері мен деформациялану дəрежесіне байланысты түзетудің механикалық, термомеханикалық жəне термиялық əдісінің бірін қолданады.

Механикалық түзетудің екі тəсілі бар: қысып түзету (правка давлением) жəне шекіп түзету (правка наклепом). Механикалық қысып түзету тəсілі бөлшектің салқын күйінде де, қызу күйінде де іске аса береді. Біліктің диаметрі 200мм-ге дейін, онда да біліктің 1м ұзындығына келетін майысу шамасы (величина прогиба) 1 мм-ден аспаса, салқындай түзету тəсілін қолданады.

Механикалық салқындай түзетудің кемшілігі-бөлшектің кері əсер ету (обратного действия), қажуға беріктігі мен арқаланғыш (несущая) қабілетінің кему қаупінің молдығы. Сондықтан, салқындай түзетудің сапасын арттыру үшін неше түрлі амал қолданады: бөлшекті прес астында ұзақ мерзім ұстап тұру (выдерживание); бөлшекті екі қайтара (бірінде бір, екіншісінде екінші жағына қарай) түзету (двойная правка); түзету соңынан термиялық өңдеуден өткізіп, бөлшектің түзелуін тұрлаулыландыру (стабилизация).

Ыстықтай механикалық түзетуді бөлшектің ірі деформациясын кетіру қажет болғанда, оны түгелдей не бір бөлігін 600...8000С-ге қыздырып алып атқарады. Түзету соңынан бөлшекті термиялық өңдеуден өткізеді.

Механикалық шоқып түзету, яки шеку (чеканка) тəсілінде қысып түзетуге тəн кемшілік болмайды. Ол мейлінше қарапайым əрі еңбек сыйымдылығы төмен əдіс саналады. Егер дұрыстап шоқу (шеку) жүргізсе, бөлшектің түзету сапасы жақсарып, дəлдігі (0,02 мм-ге дейін) жоғары болып шығады; оның үстіне бөлшектің қажуға беріктігі нашарламайды, сонысын түзетуді бөлшектің жүк түспейтін (ненагруженный) учаскесінің есебінен жүргізуге мүмкіндік туады. Шоқу не шеку əбзелі ретінде қол немесе пневматикалық болғаны пайдаланады.

Термиялық түзету тəсілі бөлшектің (біліктің) шектеулі учаскесін дөңес жағынан (с выпуклой стороны) 750...8500С-ге қыздыруға негізделген. Сол кезде көрші жатқан салқын учаскенің қарсы əсері (противодействие) қысқыш күш тудырып, білік түзеледі. Егер түзету кезінде бөлшектің ұшын бекітіп қойса, бұндай қатаң бекітуде бүгіліс (прогиб) ұшын бекітпеген кездегіден 5...10 рет тезірек түзеледі.

Термомеханикалық түзету тəсілі бойынша деформацияға ұшыраған бөлшектің бар қимасын біркелкі (равномерно) қыздырып алып, содан соң сырттан күш түсіріп түзетеді. Газ жанарғысымен (горелка) қыздырғанда қызу 750…8000С-ге, яки жасыту (отжиг) температурасына жету керек.

Термомеханикалық түзету-шекімелеуді (правка-рихтовка) көбінесе автомобилдің қауашағын жөндеуде қолданады. Егер қауашақ қабырғасының қалыңдығы 1мм-ден аспаса (капот пен қанат), онда түзету-шекімелеуді қыздырмай-ақ жүргізе береді.

Майысқан жерді (вмятина) алдымен тегістеп алу үдерісін, яғни қауашақ панелінің ойыс бөлігін (вогнутая часть) ту сыртынан түйгіштеп дұрыс формаға келтіруді т ү й г і ш т е у (выколотка) деп атайды. Ал, түйгіштеуден соң бетті ақтық тегістеу (выглаживание) үдерісін ш е к і м е л е у дейді. Қолмен шекімелеуге шекімелеуіш (бет тегістеуіш) балға қолданып, қосымша сүйеу (поддержка) пайдаланады.

 

Бөлшектің размерін қалпына келтіру əдісі. Автомобил бөлшегін қалпына келтіріп жөндеуде пластикалық деформациялаудың отырғызу (осадка), жаныштау (вдавливание), жуандату (раздача), жіңішкерту (обжатие) жəне өрмелету (накатка) əдісін қолданады.

Отырғызу биіктігін 8…10%-ға қысқарту арқылы қуыс жəне тұтас бөлшектің сыртқы диаметрін үлкейтуге, қуыс бөлшектің ішкі диаметрін кішірейтуге арналады. Отырғызуда сыртқы күш (Р) деформация (d) бағытына перпендикуляр бағытта əсер етеді. Бөлшектің жырашығы (канавки), кертпесі (прорези) жəне тесігі болса, олардың формасын сақтап қалу үшін отырғызарда болат салма (вставка) салады. Сырғанау айгөлегінің қола төлкесін арнаулы сайман қолданып гидравликалық преспен отырғызу сұлбасы берілген. Көріп отырғанымыздай, төлкенің асты-үстіне төстік- оправки (1 жəне 4) қойып, престің пуансонымен сыртқы Р күшін төстабанға түсіреді. Нəтижесінде төлке бірден екі бағытта деформацияланып, бұлғақтың төбелігіне-головка шатуна (3) мықтап бекиді, əрі ішкі диаметрі азаяды.

Жаныштаудың отырғызудан айырмашылығы, онда бөлшектің биіктігі өзгермейді, ал диаметрі оның босалқы бөлігінен (нерабочая часть) металды сығып шығару есебінен (за счет выдавливания) үлкейеді. Бұл əдіспен мотор клапанының тəрелкесін, тісті дөңгелекті, біліктегі қобының бүйір бетін- боковые поверхности шлицев, т.б. қалпына келтіреді.

Жуандату əдісін төлке, піспек саусағы сияқты іші қуыс бөлшектің биіктігін өзгертпей сыртқы диаметрін үлкейту үшін қолданады. Бөлшектің сыртқы диаметрін өзгерту оның ішкі диаметрін үлкейту есебінен жүреді. Жуандату үшін бөлшектің тесігі (қуысы) арқылы кішкене шарды-шарик немесе арнаулы төстікті-оправка піспектеп өткізеді (продавливание).

Жіңішкерту əдісімен гидрожүйе сорабының тұрығы (корпус), рычагтың құлағы (проушина), аша (вилка) секілді олар үшін маңызы жоқ сыртқы размерін кішірейту есебінен ішкі беті желінген бөлшекті қалпына келтіреді. Жіңішкерту үдерісі бөлшектің салқын күйінде жүреді. Оған арнаулы сайманмен жабдықталған прес қолданады.

Өрмелету əдісі бөлшектің тозған бетінің əр жерінен жұмыс əбзелімен (өрмелекпен) материалды бетке ығыстырып шығаруға (вытеснение) негізделген. Əдіс бөлшектің өрмелейтін бетінің (накатываемая поверхность) диаметрін 0,3...0,4 мм-ге өсіруге мүмкіндік береді. Оны домалау айгөлегінің желінген отырғызу орнын (посадочные места) қалпына келтіру үшін қолданады. Көлемдік өрмелету əдісімен дифференциал қорабының тостағаншасын (чашка), беріліс қорабының білігін, бұрылыстық сұқпамойынды (поворотная цапфа), т.б. жөндейді. Өрмелетуде бөлшекті термиялық өңдеуден өткізбейді, есесіне индустриалдық маймен ағыл-тегіл майлайды.

Электрмеханикалық өңдеу əдісі қозғалмайтын қосақ (сопряжение) құрамындағы бөлшек бетін қалпына келтіруге арналады. Əдіс деформацияға ұшырайтын аймақтың металын жасанды түрде электр тогымен қыздырып, металдың пластикалық қасиетін арттыруға, сөйтіп оны шөктіргіш (высаживающий) жəне тегістеуіш (сглаживающий) əбзелмен деформациялауға негізделген.

 

Б а қ ы л а у с ұ р а ғ ы:

1. Металға əсер етудің пластикалық деформациялауға негізделген басты- басты тəсілін атаңыз.

2. Тозған бөлшектің размерін металды пластикалық деформациялау əдісімен қалпына келтірудің негізгі кезеңдері қандай?

3. Жаныштап пластикалық деформациялауды желінген бөлшекті қалпына келтірудің қандай жағдайында қолданады?

4. Пластикалық деформациялау тəсілінің негізгі ерекшелігі қандай?

5. Механикалық шоқып түзету тəсілін автомобил жөндеу өндірісінің қандай түрінде қолданады?

6. Термиялық түзету тəсілі мен термомеханикалық түзету тəсілі арасындағы айырмашылықты айтыңыз.

7.Түйгіштеу жəне шекімелеу деп нені айтады?

8.Автомобилдің қауашағын жөндеуде пластикалық деформациялау тəсілінің қандай технологиялық операциясын жиі қолданады?

9.Автомобил бөлшегінің формасын қалпына келтіру бар да, размерін қалпына келтіру бар. Арасындағы айырмашылық қандай?

10.Пластикалық деформациялау тəсілімен бөлшекті қалпына келтіргенде əбзелдің қандай түрін қолданады?

 

 

14-Тақырып. БӨЛШЕКТІ БАЛҚЫТУ ЖƏНЕ ПІСІРУМЕН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ

Бөлшекті пісіріп қалпына келтіру əдістері. Газбен пісіру деп температурасы жоғары газ жалынымен пісіру аймағын балқытып пісіруді (сварка плавлением) айтады. Жалын жанғыш газды (ацетилен, пропан) техникалық таза оттек атмосферасында жаққанда пайда болады. Газбен пісіруге көбінесе инжектор типті жанарғы (горелка) қолданады.

Жанғыш газ ретінде барлық жерде ацетилен пайдаланады. Оның оттекте жану температурасы басқа газбен салыстырғанда əлдеқайда жоғары əрі сапалы пісіруге əбден жарайды.

Доғамен пісіру – жылу көзі ретінде электр доғасын пайдаланатын пісірудің маңызы зор түрі. Бұнда пісіру аймағын қыздыру газдың оң заряд алып иондалған түйірінің теріс зарядталған электродты бомбалауы, сөйтіп механикалық энергияның жылу энергиясына түрленуі есебінен жүреді. Пісіру аймағындағы токтың аса тығыз болуынан (бірнеше мың ампер бір шаршы сантиметрге түседі) бөлінген жылу металды өте жоғары температураға дейін қыздырады. Пісіру доғасының орта шенінде электрөткізгіштігі металдың электрөткізгіштігіне жақындайтын көз шағылыстыратын (ослепительная), ақ жалын түзіліп, температура 6000...70000С-ге жетеді.

Қорғаныш газды ортада доғамен пісірудің газбен пісіруден айырмашылығы бар. Онда жұқа метал табақтың беріктігі мен коррозияға бекемдігі кемімейді, ал пайда болған пісіру жапсары ұстап доғамен пісіргендегідей флюстен, қабыршақтан (окалина) тазартуды қажетсінбейді. Пісіру аймағын қорғау үшін көбінесе аргон, гелий, көмірқышқыл газ немесе олардың оттекпен қоспасын қолданады.

Контактылап-нүктелеп пісіру деп қосылыс аймағын қысып пластикалық деформациялау жəне электр тогын өткізіп металды қыздыру нəтижесінде ажырамайтын қосылыс түзу үдерісін айтады.

Екі жақты нүктелеп пісіру көп тараған. Онда бөлшекті (1) пісіру қысқышы электродының арасына салады да, қысып электрод арқылы ток жібереді. Сөйтіп контактылық бет арасында сұйық ноқат (2) пайда болғанша қыздыра береді. Артынан қосылысты ұрғылайды (проковка).

Біржақты бірден екі нүктеден пісірудің (одновременная односторонняя точечная сварка в двух точках) сұлбасы көрсетілген. Мұнда бөлшекті мыс тақтаға орнатып, бөлшектің бір жақ бетіне орналасқан электродпен қысады. Пісіру үдерісі үш кезеңнен тұрады: бөлшекті бастапқы бастыру (предварительный прижим); пісіру аймағын қыздыру; шыңдау-проковка (бөлшекті бастыру-прижим жəне тағат беру - выдержка).

Нүктелеп пісіру үздіксіз жапсар алуға мүмкіндік бермейді. Пісіру нүктесінің бір-бірінен минимал қашықтығы пісіретін табақ металдың он сомар қалыңдығынан кем болмауы керек. Əйтпесе ток жаңа салғалы отырған нүктемен жүрмей алдыңғысынан өтеді де, тізбек шунтталып қалады.

Нүктелеп пісіруді автомобилдің қауашағын жөндеуде қолданады. Оның артықшылығы-жұмсау (расходный) материал қажет қылмайды, пісіру аймағымен жанасып жатқан металды қатты қыздырмайды, қаптама (обшивка) бөлшегін демонтаждауға байланысты бөлшектеу жұмысының көлемі мейлінше аз болады, пісіру жапсарын алғасын оны одан əрі тазартуға (зачистка) жəне антикоррозиялық өңдеуге шығын көп жұмсалмайды. Контактылы пісірудің мынандай ерекшелігі бар: қосылыс аймағының химиялық құрамы іс жүзінде өзгеріске ұшырамайды; қысу күшін дұрыс реттеу арқылы балқыма кристалданғанда пайда болатын шөкпе ақауды (усадочный дефект) болдырмауға мүмкіндік береді; пісіру аймағындағы жоғары қысым мен деформация тотық үлдірін қиратуға (разрушение окисных пленок) жəне оны аластауға (удаление) жағдай жасайды; жақсылап контактылап-нүктелеп тек біртекті металды пісіруге болады.

Плазмамен пісірудің технологиялық мүмкіндігі мол. П л а з м а н ы ион мен электроннан тұратын иондалған газ деп біледі. Заттың плазмалық күйі п л а з м а т р о н деп аталатын арнаулы қондырғыда электр газ разрядынан пайда болады. Плазматронның жұмыс істеу принципін қысқаша былай түсіндіруге болады. Құрылғының тар арнасында электр доғасын тудырады, ал жұмыстық газды сол арна арқылы айдап, доғаны тездетіп салқындатады.

Сол кезде газ иондалып, температурасы 4000…60000С-ге көтеріледі. Осылайша иондалған газ плазмалық жанарғыдан шығып, пісіретін материалды балқытатын жылу энергия көзіне айналады. Плазматүзгіш газ ретінде азот, аргон, сутек, су буы, кейде тіпті ауаның өзін пайдаланады.

Лазермен пісіру деп лазер сəулесінің қуатымен (энергия излучения лазера) балқытып пісіруді айтады. Лазер сəулесі бойында аса мол энергиясы бар фокусталған жарық сəуле (сфокусированный световой луч) түрінде болады. Жарық энергиясы пісіретін материал бетімен əсерлескенде қосатын бөлшекті балқытуға қажетті жылуға түрленеді.

 

Бөлшекті балқымалап қалпына келтіру əдістері. Бөлшек материалына əсер етудің жылулық тəсілінің бірі-тозған бетке балқытып метал жалату, яки б а л қ ы м а л а у (наплавка). Автожөндеу өндірісінде балқымалаудың мынандай тəсілін қолданады: электр доғасымен флюс астында, көмірқышқыл газды ортада жəне аргонды ортада (балқымайтын вольфрам электрод қолданып) балқымалау; вибродоғамен, жалпақ қабатпен (широкослойная), плазмадоғамен жəне лазермен балқымалау.

Доғамен флюс астында балқымалау тəсілін цилиндр жəне жазық бет бөлшекті қалпына келтіруде қолданады. Бұл тəсілде екі түрлі қозғалыс – пісіру жапсарын бойлай жылжу жəне бөлшек балқып еріген сайын ішке қарай берілу қосарласа жүреді.

Флюс астында доғамен балқымалау металдың электрод сыммен жəне флюспен легирленуін; химиялық құрамы мен қасиеті жағынан біркелкі жабын (покрытие) алуды; пісіру доғасы мен сұйық метал бұлауының ауамен тотықпауын; сұйық металдың флюс астында жəйімен кристалдануының арқасында пісіру бұлауынан еріген газ бен қож кірменің (включения) бөлініп шығуын; пісіру тогы жоғары болу себепті пісіру жылдамдығының арту есебінен еңбек өнімділігінің 6...8 есе өсуін қамтамасыз етеді. Балқымалаудың электрод материалын үнемдеп жұмсайтын əрі қуат сыйымдылығы біршама аз болып келетін осы əдісі қалыңдығы 1,5…5,0 мм жəне одан да қалың балқыған метал қабатын алуға мүмкіндік береді.

Тəсілдің кемшілігіне оның мына ерекшелігін жатқызады: бөлшектің қатты қызатындығы; диаметрі 40 мм-ден кем бұйымды балқымалауға болмайтындығы (балқыған металдың тұрақтамай ағып кетуі жəне флюсті бөлшек бетінде ұстап тұрудың қиындығы себепті); қож қабыршақты аластатудың қажеттілігі жəне оның біршама қиындық тудыратындығы; балқыған металда жарық пен қуыстың пайда болу ықтималдығы.

Балқымалау полярлығы кері тұрақты токпен жүреді. Пісіру доғасының кернеуі 25…35В, электрод сымның берілімі 75…180м/мин, балқымалау жылдамдығы 20…25м/сағ аралығында болады.

Автожөндеу өндірісінде флюс астында балқымалауды иінді біліктің мойнын, біліктегі қобының бетін, т.б. бөлшекті қалпына келтіруде қолданады.

Көмірқышқыл газды ортада балқымалау бөлшекті бекітуге жəне электрод сымды беріп тұруға қолданатын жабдығы бойынша флюс астында доғамен балқымалау тəсіліне ұқсайды. Тек, қорғаныш орта ретінде көмірқышқыл газды (CO2) қолданады. Тəсілдің ерекшелігі, баллоннан шыққанда газ күрт ұлғайып, асқын суиды (переохлаждение). Жылыту үшін оны электр жылытқы (подогреватель) арқылы өткізеді. Көмірқышқыл газ құрамындағы ылғалды патрон түрінде жасап, ішін сусыздандырған мыс тотияйынмен (медный купорос) немесе селикагелмен толтырған құрғатқы (осушитель) көмегімен аластайды. Баллондағы газдың қысымын төмендету үшін оттек редукторын, ал газ сарпын бақылап отыруға сарпөлшеуіш (расходомер) қолданады.

Аргонды ортада вольфрам электрод қолданып электр доғамен балқымалау арқылы алюмин қорытпасынан жəне титаннан жасаған бөлшекті қалпына келтіреді. Мұнда балқымайтын вольфрам электрод пен бөлшек арасында жанатын электр доға жылу энергия көзі қызметін атқарады. Қорғаныш газ ретінде аргон, енгізбе (присадочный) материал ретінде сым қолданады.

Вибродоғамен балқымалау метал электрод қолданып доғамен балқымалау əдісінің бір түрі саналады. Оны атқару үшін электродты дірілдетіп қояды, балқымалайтын бетке салқындатқыш су құйып тұрады.

 

Б а қ ы л а у с ұ р а ғ ы:

1. Автожөндеу өндірісінде қолданатын басты-басты пісіру түрін атап шығыңыз.

2. Қорғаныш газды ортада доғамен пісіру дегеніміз немене?

3. Контактылап-нүктелеп пісіру қалай жүреді?

4. Плазмамен пісірудің мəнісі қандай?

5. Лазермен пісіру қандай принципке негізделген?

5-Тақырып. АВТОКӨЛІКТІ ЖӘНЕ АГРЕГАТТАРДЫ БҰЗУ

Автомобилді жəне оның агрегатын бұзу. Бұзу тəртібі.

Қосақтағы жұп: бөлшектемей өңдейтін немесе құрастырма күйінде теңкеретін (балансировка) қосақ (бұлғақпен қосақ түзетін бұлғақтың қақпағы, маховикпен бірге тұрып төселген (приработанные), сол себепті одан əрі пайдалануға жарамды бөлшек жұбы (басты берілістің үлкенді-кішілі конус тегеріші); оймасын дəлдеп тілген бекіту бөлшегі (бұлғақ қақпағын бекітетін бұранда мен бұрама, т.б). Шойын бөлшекті бөлшектеудің ерекшелігі (қиғаш-перекос кетсе жарық-трещина пайда болудан сақтану үшін). Бөлшектеу амалы (приемы). Стационарлы бөлшектеу жəне жылжытып отырып (тасқынды) бөлшектеу. Бөлшектеудің тасқынды тəсілінің артықшылығы. Бөлшектеу жұмысын механикаландыру. Бөлшектеу жұмыс орны жəне оның үстін жаппалап (с перекрытием) не жаппаламай технологиялық төбемен (потолок) – механикаландырған əбзел, сайман, жарақ жəне жүк көтергіш құрал орнатқан кеңістік метал конструкциямен жабдықтау. Əмбебап механикаландыру құралы ретінде бөлшектеу жұмыс орнын қолмен басқаратын, əрбір буынына жетек орнатқан көпбуынды механизм түрінде жасалған топсалы-теңгергілі (балансирлі) манипулятор пайдалану. Механикаландырған əбзел орнататын қатаң жəне жұмсақ (эластикалы) асылғы. Бөлшектеу жұмысы мен бөлшектеу жұмыс орнын (бөлшектеушішің) ұйымдастыру.

Б ө л ш екті даналап (штучные), топтап жəне аралас комплектілеу (смешанное комплектование). Комплектілеу кезінде атқаратын жұмыс кешені: жаңа қалпына келтірген жəне жарамды (жөндеусіз) бөлшекті қордалау (накопление), есепке алу (учет) жəне сақтау; Құрастыру комплектісінің құрамдас тетігін (составные части сборочного комплекта) номенклатурасы мен саны бойынша іріктеу (подбор); қосақ бөлшегін (сопряженные детали) жөндеу размері, размерлік жəне массалық тобы, т.б. бойынша іріктеу. Қосақтасу бөлшегін (піспек, шеген, иінді білік, т.б.) базалық бөлшекпен (цилиндр блогы) саңылау не керіліс шамасы бойынша (техникалық шартпен шектеулі /жəне массасы бойынша (піспек немесе бұлғақты-піспекті топ (БПТ – ШПГ) тұтастай) іріктеу. Комплектілеудің слесарлық жымдастыру (подгоночные) операциясы (ішпек қырнау- шабрение вкладышей, клапан ысқылау-притирка, т.б.). Бұйым жиыстырудың еомплектлеу картасы жəне оның мазмұны. Комплектілеу учаскесінде комплектілеуші (жиыстырушы) жұмыс орнын ұйымдастыру.

Қ ұ р астыру түрі жəне оны сыныптау: құрастыру нысаны бойынша (сыныптау белгісі) – тораптық құрастыру (сақинасын салып, бұлғақты кигізіп піспек құрастыру) жəне жалпы құрастыру (агрегат пен тораптан автомобил құрастыру); құрастыру реті бойынша (по последовательности сборки) – тізбектеп құрастыру (құрастыру операциясын біртіндеп, яғни бірінен кейін бірін атқарады), параллел құрастыру (құрастыру операциясын қатар атқарады) жəне тізбектеп-параллел құрастыру; механикаландыру жəне автоматтандыру деңгейі бойынша – қолмен құрастыру, механикаландырып құрастыру жəне автоматты түрде құрастыру; құрастыру нысанының қалпы бойынша (по состоянию) – стационарлы (тұрғылықты) жəне жылжымалы құрастыру (құрастыру жұмыс орны арасында құрастыратын бұйымды тынымсыз немесе мезгіл-мезгіл жылжытып құрастыру); өндірісті ұйымдастыруына қарай – типтік тасқынды құрастыру, топтық (тасқынды жəне тасқынсыз) құрастыру жəне біреулеп (единичная) құрастыру. Б ө лшек пен құрастырма бірлікті теңгеру (балансировка).

Айналмалы тетіктің теңгерімсіздігі – неуравновещенность (дисбаланс). Бейтеңгерімнің бұйым өсінің жəне оның басты орталық инерция өсінің орналасуына қарай статикалық, моменттік жəне динамикалық теңгерімсіздік болып бөлінуі.

Статикалық жəне динамикалық теңгеру. Бұйымның дисбалансын анықтау жəне бұйымның белгілі бір нүктесіне коррекциялауыш масса алып – қосу (удаление или добавление) арқылы дисбалансты жою немесе азайту. Иінді білікті бөлек жəне оны маховикпен, муфтамен бірге теңгеру, кардан білігін, т.б. теңгеру. Теңгеруді призмасы мен шығыршығы бар стендіде жүргізу; динамикалық режімде (дене айналып тұрғанда) статикалық теңгеруге арналған арнаулы стендіде жүргізу; теңгерілмеген массаның қалпын белгілеп алып (фиксация) динамикалық теңгеруге арналған əмбебап теңгеру станогында жүргізу.

 

Б а қ ы л а у с ұ р а ғ ы:

1. Автомобилді жəне оның агрегатын қандай тəртіппен бөлшектейді?

2. Бөлшекті комплектілеу кезінде қосақ бөлшегін жөндеу размері бойынша іріктеу дегенді қалай түсіну керек?

3. Бөлшек пен бөлшектің қандай қосылыс түрі болады жəне оны бөлшектеу – құрастырудың бір-бірінен ерекшелігі қандай?

4. Бөлшек құрастырудың селективтік əдісі деген не?

5. Бөлшек пен құрастырма бірлікті статикалық жəне динамикалық теңгерудің мəнісі неде?

 

6-Тақырып. БӨЛШЕКТЕРДІ ЖУУ ЖӘНЕ ТАЗАРТУ

Автомобил жəне оның агрегатының сыртын жуудың технологиясы: бастапқы жуып шаю (обмыв), негізгі жуу (мойка), қорғағыш полирол жағу,кептіру (сушка). Əмбебап жуғыш зат жəне оның қолданыс аясы: ЕС – Грейт – А сусабыны (шампунь) –автомобилдің сыртқы тетігін жуып, топырақ пен май былғаныштан адалдау; ЕС- тазартқы атты мотор тазартқыш – мотордың, торап пен бөлшектің сырт-екі бетінен құралас былғанышты, мұнай өнімін, күйікті кетіру; т.с.с. Гидродинамикалық тазарту, яғни сұйықты жоғары қысыммен ытқытып тазарту (струйная очистка) əдісімен мəшине жуу. Ол үшін сорап пен шлангы жəне бүркуіш пистолет (пистолет-рапылитель) қолданады. Сұйықтық ағынының (напор жидкости) потенциалдық энергиясын сорғалақтың (струя) кинетикалық энергиясына түрлендіріп, өткір де тұтас һəм үймелек сорғалақ түзу (формирование резкой, сплошной и сосредоточенной струи) немесе жазық əрі 15...120ー бұрышпен шашылатын тарауық сорғалақ (веерная струя) түзу мақсатымен бүркуіш пистолетке профилі мен размері əр түрлі саптама (насадки) кигізеді. Жоғары қысымды тазартқыш құрал (гидродинамикалық тазарту əдісіне негізделген қарапайым сорап қондырғы немесе гидравликалық мониторлы жуу мəшинесін) қолданып мəшине жуудың техникасы мен режімі. Автоматты түрде шөткемен (шөтке мен су сорғалағын пайдаланып) жуу, оның порталдық жəне тоннелдік жуудағы қолданысы. Контактысыз жуу (бесконтактная мойка).

Жөндеу мақсатында бөлшектеуден өткен тетікті жуу жəне тазартудың технологиялық процесі: гидрантта түзіліп, жуу камерасында жуатын тетікке шапшитын жуғыш зат сорғалағының пассивті (қауқарсыз, бірақ ұдайы өзгеріп отыратын) əсерімен бөлшек жуу жəне тазарту; конструциясында қыздырғыш элемент пен дірілдеуік платформа бар, ішіне жуғыш ерітінді қуйған бұлауға (ванна бөлшекті батырып жуу; сұйық не бу- сұйық қоспа түріндегі жуғыш ерітіндіні шыркөбелек айналдырып (циркуляция) жуу; құм немесе сүйек қиқымын атқылап тазарту; болат сымнан жасаған шөткемен шөткелеп (крацевание) тазарту; т.б. былғаныш түрі – оған ұрынған бөлшек-бөлшекті жуу-тазарту тəсілі, яғни осы сұлба бойынша тазарту тəсілін таңдау жəне тазарту режімін белгілеу

Бұнда кең тараған жабдық болып жуу құрылғысы болып табылады: (ағымдық, щеткалы жəне ағымды-щеткалы).Ағымдық жуу құрылғысы негізінен жүктік автомобильдерді, самосвалдарды жууғаарналған. Бұл құрылғының жұмыс органы болып үріккіш түріндегі саптама болады. Олар жылжымалы жəне жылжымайтын құбырларға енгізілген. Бұдан құбыр арқылы бүріккішке су не жуатын ерітінді құйылады.

Щетканы жуу құрылғысы жеңіл автомобильдер мен автобустарды жууға арналған. Бұл құрылғының жұмыс органы айналатын ратационды щеткалар. Оларға құбыр арқылы су не жуатын ерітінді беріледі.

Ағымды-щеткалы құрылғылар автомобильді тазалағанда, щетканы да, ағымды органдарды да қолданады. Щеткалар жан-жағын, ал ағымды органдар рельефті жəне беттік беттерді тазалайды.

Жуу құрылғыларының негізгі сипаттамасы: өнімді ілік, авт/сағ; жұмыс органының түрі; су шығыны, л/авт; қысым, НПа; қолданылатын қуат, кВт бүріккіш саны, сан; габарит өлшемдері, мм х мм; құрылғы массасы,кг; қозғалу дəрежесі; орын ауыстыру жылдамдығы, м/мин; автоматизация дəрежесі; жуу объектісі бойынша мамандануы.

Жуу құрылғысы жобалауды жуу объектісі анализінен бастау керек.

Жуу кезінде автомобиль оның үстіндегі кірдің құрамымен, мөлшерімен жəне қасиетімен, рельефтік коэффициентімен, массамен, габаритті өлшеммен, материалдық құрамы жəне қасиетімен мінезделеді.

Негізінен кірдің түрін 12 класқа бөледі: шаңды кір, тасымалданған жүктің қалдықтары,мотор майының қалдықтары, трансмиссиялық майдың қалдықтары, пластикалық майлаудың қалдықтары, майды кір, асфальт шайырлы қалдықтары, күйе, никель, коррозия өнімі, көне лак бояулары, консервациялы материалдың қалдықтары.

Кірдің негізінен бөлшектің орташа пішінімен сипаттауға болады.Бұл бөлшектердің өлшемі (диаметрі) грануло-метрикалық анализбен анықталады: жеңіл автокөлік үшін-0,01...0,03мм, ж




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-10-15; Просмотров: 2531; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.029 сек.