Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Контейнерлік тасымалдар




Контейнерлік және топтамалық тасымалдар − жүктерді тасымалдаудың өзіндік құның төмендетудің және өнімділікті жоғарылатудың маңызды көліктік үрдісі келесі элементтерден тұрады:

- бос контейнерді жүкті тиеу орнына беру;

- жүкті контейнерге тиеу;

- контейнерді АКҚ орнату және арналған орынға тасымалдау;

- контейнерден жүкті түсіру;

- АКҚ бос контейнерді орнату және жүкті тиеу орнына жеткізу.

Мұндай технология жүкті контейнерлерге тиеу АКҚ келгенге дейін, ал контейнерлердегі жүкті түсіру – АКҚ келгеннен кейін болуы үшін контейнерлердің айналымдық паркінің болуын қажет етеді. Тура ГАП кезінде пайдаланылатын контейнерлердің саны тасымалды жүзеге асыратын АКҚ санына, бұл тасымалдарға қызмет істейтін ПРМ санына тәуелді, АКҚ қозғалыс аралығы және контейнерлерді жүктеу ырғағының теңдігімен анықталады:

мұндағы − АКҚ айналым уақыты; − контейнердің айналым уақыты; − АКҚ бір уақытта орналасатын контейнерлердің саны; − тасымалға қатысатын контейнерлердің жалпы саны. Тасымалды орындау үшін қажетті контейнерлердің жалпы саны мынаны құрайды:

Жүкті тиеу – түсіру уақытын есептеу кезінде тиелетін немесе түсірілетін контейнерлердің саның ескереді. Бір контейнерді құру немесе шешу үшін қажетті уақытты 4.4. (1) кестеге сәйкес шамамен қабылдауға болады.

Егер контейнерлерді тиеу немесе түсіру ЖҚ оларды шешпей жүргізілсе тұру уақытын 4.5 (1) кесте бойынша қабылдауға болады.

Жүктерді контейнерлерде тасымалдау кезінде тасылынылған жүктің көлемін оған жүктелген жүктің фактикалық салмағы бойынша емес, ал контейнердің жалпы салмағының номиналды салмағы бойынша. Алайда контейнерлердің фактикалық толық салмағын тасымалдауды жоспарлау кезінде есептеу ЖҚ айтарлықтай тиімді пайдалануға мүмкіндік береді, себебі, әдетте контейнерлерде жеңіл салмақты жүктерді тасымалдайды және осының арқасында бір жүріс кезінде контейнерлердің көптеген саның тасымалдауға болады.

Контейнерлерді жеткізу кезінде ЖҚ қозғалысы келесі сұлбалар бойынша ұйымдастырылуы мүмкін:

- ЖҚ контейнерінің шешілуімен арнаулы пунктіндегі теңселмелік беталыс;

- жүктелген контейнердің басқа жүктелгенмен арнаулы пунктінде ауысуымен теңселмелік беталыс;

- жүктелген контейнерді бос контейнерге арналу пунктінде ауысуымен теңселмелік беталыс;

- ЖҚ оны шешпей - ақ контейнерге жүкті тиеу немесе түсірумен теңселмелік беталыс, бұның тиімділігі аз, себебі АКҚ тұру уақытын күрт өсіреді. Мұндай сұлбаны ПРМ ді пайдалану мүмкін емес кезде контейнерді шешу үшін немесе - жартылай тіркемелерді пайдалану кезінде қолданылады. Бұл сұлбада контейнерлердің айналымдық паркінің болуы талап етілмейді.

- жүкті жөнелтуші және жүкті алушының жақын орналасуы кезінде контейнерлердің бірнеше рет ауысуымен сақиналық беталыс.

Контейнерлерді ЖҚ тиеу, жүктеу және түсіруге дайындау үшін бұл жұмысқа жүргізушіні (ЖҚ жабдықталуы мүмкін жүкті көтергіш құрылғыларды басқарудан басқа) қатыстырмай жүкті жөнелтушімен немесе жүкті алушымен жүзеге асырылуы тиіс. Жүктелудің және бекітілудің дұрыстығын, зақымдалудың болмауын және пломбаланудың дұрыстығын анықтау мақсатында жүргізуші жүктелген контейнерлерді қарауы тиіс. Контейнерлердің төбелері жүкті жөнелтушімен қардан, қоқыстан және бөтен заттардан тазалануы тиіс.

Соңғы уақытта шешілмелі пайдаланытын тасымалдар кең таралым алды. Алынып – салынбалы шанақ - бұл стандартталған габариттік және байланыстық өлшемдер ашық немесе жабық түрдегі өзі қозғалатын жүктік бірлік, ол асқын тиеу және жүкті таратудың қажеттігінсіз әр түрлі көлік құралдарымен жүктерді тасымалдау үшін арналған.

Алынып – салынбалы шанақтарлы тасымалдар контейнерлік тасымалдауға ұқсас, бірақ алынып – салынбалы шанақтардың келесі артықшылықтары бар:

- ұқсас контейнерлермен салыстырғанда айтарлықтай төмен бағада;

- алынып – салынбалы шанақ арзан да АКҚ (шассилерде) пайдалануға мүмкіндік береді;

- АКҰ тасымалданылатын жүктердің құрылымына максималды дәрежеде сәйкес арналған шанақтардың айтарлықтай кең гаммасы болуы мүмкін;

- АКҚ апатқа ұшыраған жағдайда алынып – салынбалы шанақты басқа АКҚ тасымалдауға болады;

- Реттелген тасымалдар кезінде алынып – салынбалы шанақта жартылай тіркемемен салыстырғанда тарасының салмағы аз,

- АКҚ алынып – салынбалы шанақты орнату немесе шешу үшін арнаулы тиеу техникасы қажет емес, себебі бұл АКҚ аспасындағы пневматикалық қысымды төмендету арқасында жүргізіледі.

Бола тұра алынып – салынбалы шанақ контейнермен салыстырғанда төзімділігі аз, теңіз тасымалдарында пайдаланыла алмайды және жүктің қорғалуын аз қамтамасыз етеді, себебі тенттік жабындысы бар. Сонымен қатар, рессорлы аспалы әдеттегі АКҚ пневматикалық аспалы АКҚ қымбаттау.

Әдебиет: 1.нег[68-74]; 2.нег[77-82; 86-88].

Бақылау сұрақтары: 1. Сүйретілетін жүктерді тасымалдаудың ерекшілігі? 2.Карьерлық тасымалдаудың ерекшілігін атаңыз. 3.Контейнерлерді тасымалдауда жылжымалы құрамның қозгалысының сұлбасын атап беріңіз,түсіндіріңіз. 4.Жүкті тасымалдау алмалы-салмалы шанақты пайдалану технологиясын түсіндіріңіз. Тиімділігі не де?

№11 Дәріс Тақырыбы «Қала аралық және халық аралық тасымалдарды ұйымдастыру»

Халық аралық автомобильдік тасымалдарды (ХАТ) реттеу екіжақты және көп жақты келісімдерді жалғастырумен қамтамасыз етеді. Халық аралық сауданың кеңеюіне байланысты көп жақты келісімдердің маңызы айтарлықтай артуда, бұларды жүзеге асыру үшін арнаулы халық аралық ұйымдарды жасайды. ХАТ реттеу облысындағы негізгі нормтивтік құжаттар БҰҰ Еуразиялық экономикалық комиссия (БҰҰ ЕЭК) шеңберінде жасалады, бұл Женевада орналасқан. Еуразиялық кеңестің заңнамалық құжаттарын мына топтарға бөледі:

конвенциялар (келісімдер) - жақтар қол қойған талаптарды орындау үшін міндеттерді анықтайтын құжаттар. Келісімдер әдетте үкімет аралық негізде келісілінеді және қол қойылады және қажет болған жағдайда ішкі заңнамамен келістіру үшін халықтық парламентпен бекітіледі;

ереже - ішкі заңнамаға тәуелсіз Еуропалық одаққа кіретін барлық елдерде орындалуға міндетті құжаттар. Алайда ережелердің бұзылуына белгіленетін айып пұл санкциялары нақты елдің заңнамасымен анықталады;

директивалар - талаптардың қажетті деңгейін анықтайды және олардың жетістіктері үшін құралдарды шектейді;

анықтамалар - әдетте нақты мәселелер бойынша енгізіледі, олардың сипаты локалды сипатта (мысалы, нақты кедендік өтудегі өткізу қабілетінің жеткіліксіздігі). Анықтамалар олар бағытталған барлық елдерге міндетті;

ұсыныстар және пікірлер - Еуропалық одақтың кеңесімен немесе БҰҰ ЕЭК жасалады және міндеттілік күші жоқ.

Қазіргі кезде әрекеттегі ХАТ аясындағы негізгі нормативтік құжаттар 6.6 (1) кестеде санамаланылған.

Халық аралық автомобильдік тасымалдаулар рұқсат алу негізінде орындалады. Рұқсатты алу жағдайы және реті көптеген жағдайларда мемлекеттер арасында үкімет деңгейінде бекітілген халық аралық қатынас жайлы екі жақты келісумен анықталады. Мысалы, Ресей Федерациясы мұндай келісімдерді барлық дерлік еуропалық елдермен (Португалиядан басқа) бекітті және құрлықпен шекаралас барлық елдермен.

Максималды салмағы рұқсат етілген 3,5 т астам АКҚ ЖҚ жұмыс режимін жүзеге асыру жайлы МАИ объективті ақпаратты алу мүмкіндігімен қамтамасыз ету үшін бақылау құрылғыларымен жарақтанған болуы тиіс.

Тахограф — бұл жүргізуінің дем алу және жұмысы уақытындағы АКҚ қозғалыс жылдамдығының және өткен жолын үздіксіз тіркейтін бақылау құрылғысы. Тахограммалар (тіркелу парақтары) картонды делегей болып табылады және тахографтарда АКҚ қозғалыс режимдерін құжаттық тіркеу үшін пайдаланылады.

Соңғы уақытта делегейлік тахографтар біртіндеп электрондыққа ауыстырылып жатыр. Тахограмманың делегейі жүргізушінің фотасымен пластикалық карточканы түсіреді, оған ұзақ уақыт ішіндегі ЖҚ қозғалыс режимдері жайлы ақпарат жазылады. Электронды тахографтың өзі автомобильдік магнитоллаға ұқсас, естік көлемі бар, ол 1 жылда пайдалану кезіндегі ақпаратты сақтау үшін жеткілікті. Электронды тахограф АКҚ басқа да жүйелерімен жалғастырылуы мүмкін және бақылаушы және техникалық қызмет қызметкерлері пайдаланылуы мүмкін.

11.3 [1] суретте қала аралық және халық аралық тасымалдарды орындау кезіндегі қозғалысты ұйымдастыру нұсқалары және олармен байланысты жүргізушілердің жұмысын ұйымдастыру нұсқалары көрсетілген.

Тура әдіс кезінде әр бір АКҚ бастапқыдан соңғы пунктіге дейінгі барлық жолды және қайта өтеді. Авто көліктік құрал, артынан жүргізуші сапарда ұзақ уақытта болады. Бұл жағдайда жүргізушінің жұмысын ұйымдастыруға ЖҚҚ қамтамасыз ету қажеттілігімен байланысты айрықша талаптар қойылады.

АКҚ турлық сапар жүйесі кезінде барлық ішінде екі жүргізуші қызмет етеді. Дарамен салыстырғанда турлық сапар айналым уақытын қысқартуды қамтамасыз етеді, себебі жүргізушілер АКҚ кезінде арнаулы жабдықталған ұйықтау орнында дем алуы мүмкін.

Жүргізушінің ауысымымен қозғалысты ұйымдастыру экипаждың ұзақ демалысымен байланысты тұруларды жоюға мүмкіндік береді, бірақ беталыстың жолы бойынша жүргізушілерді жолдауға немесе орналастыруға қосымша шығындарды қажет етеді.

Қозғалыстың бөлімшелік әдісі кезінде автомобильдік жолақты жеке бөлімдерге бөледі. Жылжымалы құрам тек жеке бөліктерде жұмыс істейді. Бөлімдердің (айналымдық пунктерде немесе жүктік терминалдарда) қиылысындағы жүк беріледі, ал ЖҚ өзінін бөлімінін бастапқы пунктіне қайтады.

Жүргізуші ауысымының ұзақтығының АКҚ айналу уақыты 1- 1,5 құрайтындай шарттан шыға отырып бөлімнің ұзақтылығы таңдалады. Бұл жүргізушіге сол күнде тұрақты жұмыс орнына қайтуына мүмкіндік береді.

ХАТ кең дамуының басында 1958 ж. Женева қаласында механикалық көлік құралдарының бөлімдерінің және жабдық заттарды мойындаудың және бекітудің бір түзілімдік шарттарын қабылдау жайлы келісім қабылданған болатын. Қазіргі кезде БҰҰ ЕЭК 90 астам ережелері және Еуропалық одақтың (ЕО) 50 ден астам директивалары жасалған, бұлармен еуропалық жолдармен орын ауыстыратын жаңа АКҚ қанағаттандырылуы тиіс. Бұл ережелердің барлығы дерлік АКҚ өндірушілерге қатысты. Тасымалдаушылар үшін ЖҚ экологиялылығына, салмақтық және габариттік шектеулерге қатысты екі ереже маңызды.

БҰҰ ЕЭК № 49 Ережесі «Қысымнан оталу қозғалтқыштарын және табиғи газбен жұмыс істейтін қозғалтқыштарды, сонымен қатар төмендетілген мұнай газымен жұмыс істейтін (ТМД) еріксіз оталдырушы қозғалтқыштар және қысымнан оталатын қозғалтқыштармен жабдықтаған көліктік құралдарды, табиғи газбен жұмыс істейтін қозғалтқыштарды, және ТМД жұмыс істейтін еріксіз оталдыру қозғалтқыштары бөлетін ластаушы заттарға қатысты ресми бекітуге жататын біріккен тәрізді ұйғарым» АКҚ қозғалтқышының өтілімдік газдардың улылығына шектеулерді бекітеді. Бұл ереженің негізгі талаптары 6.8 (1) кестеде келтірілген.

Еуро -1 талаптарына жауап беретін автокөліктік құралдарды U әрпімен (umwit) кабинада орналастырылған ақ жасыл сапты аяқта белгілейді, ал Еуро – 2 талаптарын — S әрпімен supergrun).

БҰҰ ЕЭК № 51 (МЕСТ Р 41.51 – 2004) «Кем дегенде төрт доңғалағы бар көліктік құралдардың шығаратын шуылына байланысты сертификаттауға жататын біріккен тәрізді ұйғарым» АКҚ шығаратын шуылдың деңгейін шектеулерді бекітеді. Қозғалтқыш қуаты 1540 кВт көп АКҚ ұмтылдыру кезінде сыртқы шуылдың деңгейі 80 ДБ аспауы тиіс, ал пневматикалық жүйеден қосылған ауаны атмосфераға шығару кезінде – 72 ДБ көп емес. Бұл талаптарға жауап беретін автокөліктік құралдарды кабинадағы жасыл сапты аяқта ақ түсті L әріпімен (larmarn) белгілейді. Шуыл деңгейі айтарлықтай төмен жүк тасығыштарда G әріпімен (gerausharm) белгілейді.

Еуропалық қауымдастықтың көлік бойынша комиссиясымен жүктік АКҚ габариттік өлшемдеріне келесі шектеулер бекітілген (ЕҚ 85 / 3, 86 / 360, 88 / 218, 89 / 338, 89 / 460, 89 / 461, 91 / 60, 96 / 53 нұсқаунамалары және ISO 1726 стандарттары):

- биіктігі 4 м аспауы тиіс;

- ені 2,55 м (изотермииялық шанақты ЖҚ және тоңазытқыштар үшін 2,6 м) аспауы тиіс;

- жеке АКҚ үшін ұзындығы 12 м аспауы тиіс, жартылай тіркемелі тартқыш үшін – 16,5 м, бір тіркемелі автопоезд үшін – 18,75 м, екі тіркемемен – 25,9 м;

- егер тіркеменің өстерінің арасы 11,5 м көп болса минималдық жолдық саңылауы 160 мм көп емес және 190 мм кем емес;

- жалпы ұзындығы 15,5 м асатын жартылай тіркемелі автопозддар концентрлік шеңбердің ішінде 12,5 м және 5,3 м (автомобильдерді тасымалдайтын АКҚ бөлек) радиусты бұрылысты орындауға қабілетті болуы тиіс.

АКҚ шектік толық салмағы және ЕҚ нұсқаунамаларының талаптарына сәйкес өстер бойынша толық салмақты үйлестіру 6.9 (1) кестеде келтірілген.

ЕҚ 382 1 / 85 нұсқаунамасына сәйкес толық салмағы 3,5 т көп саудалық тасымалдар үшін пайдаланылатын жүктік АКҚ Еуропалық одақта аттестацияланған тахографпен жабдықталған болуы тиіс ЕҚ 92 / 6, 92 / 24 нұсқаунамасына сәйкес толық салмағы 121 т көп автокөліктік құралдар 86 км / сағ шектік жылдамдыққа келтірілген жылдамдықтық режимдерді шектеуіштер болуы тиіс.

Әдебиет: 1.нег[60-88]; 2.нег[73-95].

Бақылау сұрақтары:

1.Автомобильмен халық аралық тасымалдардың рұхсат жүйесінің мәні неде? 2.Автомобильдік халық аралық тасымалдаудың негізгі халық аралық келісімдерді атаңыз да оларға қысқаша сипаттама беріңіз.

№12 Дәріс Тақырыбы «Тез бұзылатын және қауіпті жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру әдістері. Ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру».

Тез бұзылатын жүктерді тасымалдау кезінде температуралық режимді және белгілі санитарлы – гигиеналық талаптарды қажет ететін жүктер жылдам бұзылатындарға жатқызады.

Санитарлы – гигиеналық талаптар бірінші кезекте жүкке, жүргізушіге, ЖҚ күйіне, ылғалдылыққа, қысымға және АКҚ шанағындағы ауаның газдық құрамына және т.с. қатысты.

Санитарлық ережелер, нормалар және гигиеналық нормативтер республиканы санитарлы – эпидемиологиялы нормалаудың мемлекеттік жүйесімен бекітіледі, бұның негізгі құжаты Санитарлық нормалар және ережелер болып табылады (СанПин).

Жылдам бұзылатын жүктерді тасымалдау үшін арналған ЖҚ негізгі сипаттамалары 6.10 (1) кестеде келтірілген.

Тасымалға тез бұзылатын жүкті ұсыну кезінде жүкті жөнелтуші мыналарды істеуге міндетті:

- азық – түлік жүктерін тасымалға тек тарға арналған күйінде;

- тиердің алдында жүкті қажетті тепературамен және стандарттарға немесе техникалық шарттарға сәйкес оның сапасын қамтамасыз етуге;

- жүкті тиеу үшін берілген ЖҚ коммерциялық жарамдылығын тексеру;

- көліктік құжаттарға қажетті рұқсатты, ветиринарлық және карантиндік сертификатты қарауы;

- ТНН да ұсынылған жүктердің тасымалдануының шектік ұзақтығының көрсетуі;

- ЖҚ жүкті тиеу дұрыстығын тексеру және оны пайдалану.

Тасымалдаушы берілген жүктің түрінін температурасы шанақтың ішіндегімен сәйкес келетін санитарлық талаптарға жауап беретін ЖҚ жылдам бұзылатын жүктерді тасымалдау кезінде орташа тәуліктік жортудың нормасы 600 км кем емес қабылданады, яғни ТНН көрсетілген құжаттарды толтыру және жүкті тиеуді біту мезетінен бастап.

Тасымалдауға ұсынылған жылдам бұзылатын жүкті таңдамалық тексеруге тасымалдаушының хұқы бар.

Жүкті тиеудің алдыңғы және жүкті тиеудің және түсірудің алдында ЖҚ шанағындағы жылдам бұзылатын жүктердің температурасы жүкті жүкті жөнелтушімен және жүкті алушымен тексеріледі, бұл жайлы бақылау тасымалдары парағында жазбалар жасалады.

Жылдам бұзылатын жүктерді тасымалдау кезінде жолдық парақтан және ТНН бөлек жүргізушіде мыналар болуы тиіс:

- АКҚ санитарлық төл құжаты; с

- АКҚ шанағындағы жүктің және ауаның температурасын бақылаулық тексеру парағы;

- өнімнің сапа сертификаты немесе сапа төл құжаты, карантиндік сертификат;

- ветиринарлық төл құжаты.

Соңғы үш құжатты жүргізуші жүкті тиер алдында жүкті жөнелтушіден алады.

Жылдам бұзылатын жүктерді тасымалдау кезінде халық аралық қатынаста жылдам бұзылатын тағамдық өнімдерді халық аралық тасымалдаулар жайлы және берілген тасымалдар үшін арналған (АЖҚ) арнаулы көліктік құралдар жайлы келісімдер талаптары орындалуы тиіс.

Соңғы уақытта табиғи материалдардың тапшылығының біртіндеп ұлғаюына байланысты экономикада синтетикалық заттар кеңінен пайдалануда, ал артынан оларды тасымалдау кеңейтілуде. Ондай заттардың барлығы дерлік қауыптіге жатады, оларды тасымалдау кезінде арнаулы ережелерді сақтау қажет.

Тасымалдау, КТЖ(көтеру- түсіру жұмыстары) орындау және сақтау кезінде жарылыстың, өрттің және АКҚ, қоймалардың, құрылғылардың, ғимараттардың және үймереттердің зақымдалуына, сонымен қатар өлімге, күюге, улануға, сәулеленуге немесе адамдардың және жануарлардың ауруына себепші болатын заттарды және зат тәрізділерді қауіпті жүктерге (ҚЖ) жатқызады.

ҚЖ тасымалдау арнаулы нормативтік құжаттармен және халық аралық келісімдермен мөлшерленеді. Бұл бір жағынан ондай тасымалдар өндірістің артуына және жасанды материалдарды пайдалану әр кезде кеңеюімен байланыстылығынан, басқа жағынан — апаттың мүмкіндігімен және қауіпті зат тәріздіні тасымалдаумен қандайда – бір басқа оқиғаға байланысты жолдық қозғалысқа қатысушылар және қоршаған ортаға жоғарғы тәуекелде болмауы керектігімен туған. ҚЖ тасымалға дайындау және ұйымдастыру кезіндегі басшылыққа алынуы қажет негізгі құжат Автомобильдік көлікпен қауіпті жүктерді тасымалдау ережесі болып табылады. Ереже түрлері бойынша ҚЖ тізімінен, ҚЖ тасымалдау беталысын таңдауды көрсетумен, ҚЖ ЖҚ қозғалыс реті бойынша ұсыныстардан, ЖҚ техникалық күйіне қосымша талаптардан, еріксіз тоқтау кезінде немесе жол – көлік оқиғасы (ЖКО) ІІМ басқармаларының жұмысшыларының әрекеті, қауіп жайында ақпарат жүйесі жайлы негізгі мағлұматтардан тұрады.

Автомобильдік көлікпен қауіпті жүктерді халық аралық жолдық тасымалдаулар жайлы (ҚЖЖТ) еуропалық келісімі ҚЖ халық аралық тасымалдауға таралады, яғни жоқ дегенде Келісімге қол қойған екі елдің территориясы арқылы жүзеге асыратын тасымалдар. Сәйкес халықтық келісімдер негізінен ҚЖЖТ сәйкес, бірақ жергілікті тасымал орнында (тасымалдың басы және соңы елдің территориясында болған кезде) жататын қосымша жағдайлары болуы мүмкін. ҚЖЖТ БҰҰ ЕЭК жасалған және 1957 ж 30 қыркүйекте Женевада бекітілген. ҚЖЖТ соңғы редакциясы 2005 ж редакциясы (ҚЖЖТ – 2005) болып табылады.

ҚЖЖТ қабылдаудың негізгі мақсаты — тасымалға өте қауіптілерден бөлек тасымалданылатын жүктердің атау тізіміне шектеусіз жолдық тасымалдаулардың қауіпсіздігін жоғарылату. Қауіпсіздік тапсырмаларды тасымалдаумен байланысты жеңілдетуден гөрі аз емес өлшемде қамтамасыз етілуі тиіс. Соңғыларына талаптар және біріңғай жүктеу арқасында үстірттік процедураларды қарапайымдау арасымен жетуге болады. Көзделген мақсаттарға жету үшін ҚЖЖТ тасымалдаушыға ғана емес, және жүктің иесіне, тараны және ЖҚ өндірушілеріне, сонымен қатар жол қозғалысын басқару басқармаларына талаптарды анықтайды.

ҚЖЖТ – 2005 негізінде барлық ҚЖ кластарға бөледі, олардың тізімі 6.11 (1) кестесінде келтірілген. Кейбір класстар заттардың айтарлықтай нақты жіктелуі үшін бөлімшелері бар.

Қауіпті жіктерді сондай – ақ жүктердің кеңістікте орын ауыстыруы кезінде бұл жүктердің ықтимал кері әсерінен облысын үлкейтетін көліктік қауіптің алғышарттары бойынша жіктеледі. Бұл ондай заттардың адамдарға, техникаға және қорлық сипатқа ие, яғни кеңістікте шектелген қауіпті заттарды өндіретін және тұтынатын өнеркәсіптік кәсіпорындарда туатын қауіптен көліктік қауіптің негізгі ерекшелігі болып табылады.

Тасымалдық қауіпсіздікті төмендетуге өнімді және шикі затты көшіруде қажеттілікті қанағаттандыру кезінде тасымалдық үрдістің қауыпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған тасымалды ұйымдастырумен жету мүмкін.

Тасымалдық қауіпсіздік айтарлықтай дәрежеде ҚЖ тасымалдаудың үш негізгі элементін алдын – ала анықтайды: көлемді, беталысты және тасымал технологиясын. Бұл элементтердің әр бірі тасымалдық қауіпке әсер етеді, ал олардың параметрлерінің және өзара әр түрлі сапалық үйлесулері бұл қауіптің дәрежесін анықтайды.

ҚЖ әр бір қаптамада тасымалдық белгілеуден бөлек, сонымен қатар оның болу кезінде сыртқы тарада қауіп белгілерін және қажетті ескертпелік жазбаларды орналастырады.

Қауіп жайлы ақпарат жүйесінде мыналардың болғаны жөн:

ЖКО салдарын жою бойынша шараларды анықтау үшін апаттық карточкалар;

ҚЖ дайындаушының біріңғай қалпы бойынша апаттық карточка толтырылады;

ЖҚ көрсету үшін ақпараттық таблолар. Ақпараттық табло АКҚ алдына және артына бекітіледі;

ақпараттық табличкаларда көрсетілген шұғыл шаралар кодын шешу үшін ақпараттық карточкалар. Ақпараттық карточкалар апаттың салдарымен айналысатын органдарда орналасқан.

ҚЖ тасымалдауға арналған жылжымалы құрам өзін жарты немесе бір тіркемеден артық қоса алмайды. Автомобильдік көлікпен қауіпті жүктерді тасымалдау Ережелеріне сәйкес ЖҚ алдынан және артынан АКҚ өсіне перпендикуляр қызыл сары түстегі ақпараттық жарықты шағылыстырушы табличкаларды орналастырады.

Шұғыл шаралар кодындағы белгілердің келесі мәндері бар: 1 - өшіруге суды қолдануға болмайды; 2 – сулық ағынды қолдану керек; 3 – тозаңдандырылған суды қолдану керек; 4 – хладон негізіндегі құрамдарды немесе көпіршікті қолдану керек; 5 – су қоймаларға және суаттарға түсірмеу; Д – демалу аппараты және қорғаныс қолғаптары қажет; П – демалу аппараты және қорғаныс қолғаптары өрт кезінде ғана қажет; К – қажетті толық қорғау комплектісі; Э – адамдарды эвакуациялау қажет.

Қауіп түрінің идентификациялық нөмірі мыналарды білдіретін екі немесе үш цифрдан тұрады:

2 – қысым немесе химиялық реакция нәтижесінде газдардың бөлінуі; 3 – сұйықтардың және газдардың тұтануы; 4 – қатты заттардың тұтануы, 5 – қышқылдату қасиеттері (жануды қолдайтын заттар); 6 – улы заттар; 7 – радиоактивті заттар; 8 – коррозиялық заттар; 9 - өздігінен жүретін қарқынды реакцияның қаупі.

Ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру

Ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды тек қана электро берілістің түйіспелік сызықтары, автомобильдік жолдардағы жасанды ғимараттардың болуы және т.с. бекітілетін шектеулерді ескерумен келісілген беталыстар бойынша жүргізілуі тиіс. Тасымал жағдайын анықтау үшін берілген тасымал ірі габаритті немесе ауыр салмақты жүктерді тасымалдауға жатады ма және берілген тасымал АКҚ қандай категорияға жатқызуға болатындығын біліп алғанымыз қажет.

Өстік салмағына байланысты екі топқа бөлінетін АКҚ 1 категорияға жатады:

А тобы — өстік салмақтарымен айтарлықтай жүктелген өстерлі 6 дан жоғары 10 т дейін қосылмалық АКҚ, І - ІІІ категориялы жолдарда пайдаланылу үшін арналған, сонымен қатар IV категориялық жолдарда, бұлардың киілулері 10 т өстік салмаққа күштелген немесе тұрғызылған;

Б тобы — өстік салмақтарымен айтарлықтай жүктелген өстерлі 6 т дейінгі қосылмалық АКҚ, барлық категориялық жолдарды пайдалану үшін арналған.

Тасымалданылатын жүктердің, тасымалдың түрінен және сипатынан категориясына байланысты ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдайтын АКҚ пайдаланушылары немесе иесі бір реттік рұқсатты немесе белгілі (нақты) мерзімге рұқсатты алуы мүмкін.

Бір реттік рұқсат рұқсат мерзімінде көрсетілген белгілі (нақты) беталыс бойынша жүкті бір рет тасымалдауға береді.

Белгілі мерзімге рұқсат тек 1 категориядағы АКҚ жүктерін тасымалдау үшін 1 ден 3 айға дейін немесе берілген тасымалдардың түрінін белгілі саның көрсетілген өтініш уақыты ішінде, бірақ 3 айдан көп емес.

Ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдайтын автокөліктік құралдар қызғылт немесе сары түстегі арнаулы жарықтық белгілермен (жылтырланған мәйкелермен) жабдықталған болуы тиіс. Ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдайтын АКҚ сәйкес көліктік құралдарды пайдалануға жіберу бойынша және жол қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету (ЖҚҚҚ) бойынша және Жол қозғалысы ережесі (ЖҚЕ) Негізгі жағдайлармен «Автопоезд», «Ірі габаритті жүк» және «Ұзын өлшемді көліктік құрал» тану белгілері орналастырылған болуы тиіс.

АКҚ биіктігі 4 м жоғары болған кезде жүкті тасымалдаушы жол сым жолдарының және басқа да жасанды ғимараттардың және тасымал беталысындағы коммуникациялардың астындағы биіктіктің бақылаулық өлшеуін жүргізуі тиіс.

Әдебиет:

1.нег [88-100 ]; 2.нег [96-114; 144-152 ].

Бақылау сұрақтары:

1. Қауіпті жүктерді тасымалдау кезінде қандай талаптарды орындау қажет?

2. Тасымалдаушыны халық аралық автомобильдік тасымалдарға жіберу шарттарын айтыңыз.

3.Ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдау қалай реттеледі?

№ 13 Дәріс Тақырыбы «Тасымалдардың түрлері. Тасымалдық – экспедициялық қызмет. Логистикалық көліктік жүйелер»

13.1. Тасымалдардың түрлері

Ұйымдастыру тәсілі және әртүрлі көлік түрлерін пайдалануға байланысты тасымалдар келесі топтарға бөлінеді.

Тура (юнимодальды) тасымал көліктің бір түрімен орындалады.

Аралас (мультимодальды) тасымал кезектесіп жұмыс істейтін көліктің екі немесе одан да көп түрлерімен тасымалдау. Аралас тасымалдарда қосымша жүктік операциялар туады және осыларға байланысты қосымша жүкті бөгейді және шығындалады. Аралас тасымалдың орындаушысы - өзінін артынан немесе оның атынан әрекет ететін кісі арқылы жүктің иесімен аралас тасымалдауға келісім жасайды, келісімнің бір жағы ретінде шығады және оның орындалуына өзіне жауапкершілік алады.

Тура аралас (интермодальды) тасымал бір тасымалдық құжат - тіркес қағазбен жүру жолының барлығына рәсімделеді, мысалы теміржол және ішкі су көліктерімен.

Құрамалық тасымал - жүкті асқын жүктеусіз орындалатын аралас тасымал. Бұл жағдайда жүк тек бір контейнерде, алынып – салынбалы шанақта және т.с. жүру жолының барлығында тасымалданады.

Амодальдық тасымалдар - белгілі беталыстар бойынша орындалатын және көліктік түріне тәуелсіз бір диспетчерлік орталықпен басқарылатын тасымал.

Контейнерлік тасымал - төмендетілген биіктігі бар тұғырнамада теміржол бойынша АКҚ (автомобильдерді, жартылай тіркемелерді) тасымалдау жүйесі.

Интермодальды тасымалдар жүкті қайта рәсімдеусіз беталысын жекелеген бөлімдерінде айтарлықтай жайлы көлік түрін таңдау тасымалдың тиімділігін және жылдамдығын жоғарылатуға мүмкіндік береді. Батыс Еуропаның «автомобильдік» елдерінде олардың кең пайдалануы осымен түсіндіріледі, дараланғанда АКҚ экологиялылығы бойынша талаптарды жоғарылатумен байланысты. Интермодальдық тасымалдардағы жақсы нәтижелер оларды тасымалдау үшін қажетті техникалық шарттар туындап қойған үлкен жүктік контейнерлерді пайдалануды береді. Көліктің барлық түрлерінде арнаулы ЖҚ, жоғарғы өнімділікті асқын тиеу құралдары және автоматтандырылған қоймалар, әлемдік стандарттарға сәйкес контейнерлердің айтарлықтай паркі, жүкті жөнелтушіден немесе жүкті алушыдан қуатты ПРМ талап етпейтін жүкті тиеудің – түсірудің автоматтық құрылғылы АКҚ бар.

Жүкті жеткізу жылдамдығын жоғарылату үшін жеткізуді тек екі операциямен: жүкті тиеуді (жүкті жөнелтушіде) және түсіруді (жүкті алушыда) орындауға мүмкіндік беретін асқын жүктеусіз қатынастың дамуы үлкен мәнге ие. Аспалы салдық жүйелер теңіз және ішкі су жолдары бойынша жердегі ЖҚ тасымалдауды жүзеге асырады және автомобильдік және темір жолдардың бұғаздарда және аралдар арасындағы «ажырасуларын» алдын алуға мүмкіндік береді. Контейнерлік жүйе темір жолдар бойынша автомобильдік жартылай тіркемелерді (кейде тартқышымен) тасымалдау. Бұл жағдайда төмендетілген биіктікті арнаулы темір жолдық тұғырнамаларды тасымалдауға тура келеді.

Аралас тасымалдардың дамуы қуатты терминалдық жүйелердің тууына және дамуына түрткі болады, және қазіргі кезде шет елдерде терминалдық жүктік тасымалдар қала аралық және халық аралық қатынастың барлық жүйелерінің негізі болып табылады.

Терминалдық технологияны ірілі және ұсақты компаниялар пайдаланады. Терминалдар арқылы әр түрлі жүктерді тасымалдайды. Автокөліктік компаниялардың дамуы бірінші ретте құрылыспен және терминалдардың кеңеюімен байланысты. Терминалдар торабының дамуы жиі компанияның мәртебелілігінің маңызды көрсеткіші, оның жоғарғы қызмет мүмкіндігінің және бәсекеге қабілеттілігінің белгісі болып табылады. Терминалдық жүйе тауарды жылдам жеткізуге түрткі болады, тауар сұранысында мезгілдік ауытқуларды басу және т.с. арналған қорлық қоймалық тұрғын жайынын болуына мүмкіндік береді.

Тасымалдарды әмбебапқа және арнаулыға жіктейді.

Әмбебап терминал үлестіру орталығымен қоймалардың тобынан тұрады.

Әмбебап терминалдардың негізгі түрлері келесілерге бөлінеді:

- көліктік қызмет нарығын анықтау, келісімді бекіту және тасымалдарға өтінімдерді қабылдау;

- ұсақ жүктердің тобын жинау, тасу және тарату;

- жүктердің тобын ұқсату (бөлімшелеу, сұрыптау және т.б.);

- жүкті аз уақытқа сақтау;

- сату алдында дайындау;

- терминалдар арасында жүктерді тасымалдау.

Арнаулы терминалдарға жүктің қандай - да бір түрін тасымалдауды және ұқсатуды жүзеге асыратындар жатады. Арнау кезінде клиентураның талаптарын жақсы теңгеруге, тиімді ЖҚ пайдалануға, қоймалаудың, сақтаудың және тасымалдарды басқарудың тиімді автоматтандырылған жүйесін түзуге мүмкіндік туады.

Терминалдық тасымалдар кезіндегі тасымалдық үрдіс ұйымдастырушылық және технологиялық дербес өзара үйлесімделген үш үрдіске (13.1. сурет) ажырайды:

- жүктерді терминалдарға тасу және оларды терминалдардан тарату;

- терминалдардағы жүктерді ұқсату;

- үлкен жүк көтергіш көлікпен жүктерді терминалдар арасында (сызықтық) тасымалдау.

Сақтау бөлімшелері немесе кедендік үстірттікті орындауды қажет ететін жүктерді әкеледі. ЖҚ тиелген күйі кезінде қалған жүктерді қатыссыз жүкті жөнелтушіден жүкті алушыға тасымалдайды.

 

13.2. Тасымалдық – экспедициялық қызмет

Әлемдік экономикада экспедиторлық әрекет сауданың және көліктің дамуында маңызды рөлде. Орташа экспедиторлық әрекетін әр бір мемлекет ұлттық валдық кірістің 2 ден 10 % дейінін иеленеді.

Экспедиторлық әрекет - тасымалдық үрдістің бөлімі, бірақ тасымалдаушының міндеттерінен шығатын және тауарға бағытталған жүктерді тасымалдаумен байланысты күрделі және еңбек сыйымды жұмыстардың кешенін қамтиды.

Тасымалдық - экспедиторлық қызмет (ТЭҚ) - өнімді өндірушіден тауарды тұтынушыға жеткізу бойынша қызмет және операцияның толық кешенін қамтитын тасымал облысындағы әрекет.

13.1. Сурет Жүктерді тура және терминалдық тасымалдау сұлбалары

 

ТЭҚ түсінігі тасымал түсінігінен айтарлықтай кең.Тасымалдық экспедициядағы қажеттілік жүкті жүкті жөнелтушіден алушыға жеткізу үрдісі тасымалдың бірнеше деңгейінен тұрады және де әр түрлі көлік түрлерін пайдаланудан тұратындығымен шартталған. Бола тұра бұл деңгейлерді орналастырудағы ұйымдастырудың және орнығуын анықтаудың, сондай - ақ тасымалдық үрдіспен қатарлас жүретін көмекші жұмыстарды орындаудың қажеттігі туады. Бұл жұмыстар қатыссыз жүктің иесімен (жүкті жөнелтушілермен және алушылармен) және арнаулы ұйымдармен (араласқышпен) орындалуы мүмкін.

Экспедитор — қызметті ұйымдастыратын және ұсынатын тасымалдық

экспедицияның келісімдік жағы. Әлемдік сауданың қалыптасу деңгейінде экспедитор басты түрде комиссионер рөлінде шықты және тек тауармен ғана байланысты болды. Ол өндірушінің, сатушының, тасымалдау, жүкті тиеу, кедендік тазалау, сақтау, төлемдерді өңдеу және жүзеге асыру, тауарды қою сияқты барлық операцияларды жүзеге асыратын қазіргі тілмен айтқанда экспорттаушы – импорттаушы атынан жүзеге асырды. Экспедитор әрқашанда өзінін немесе уақытша жалдап отыратын қоймалары болғандығын айта кеткен жөн. Экспедитордың тауарды жеткізу ісінде мұндай күйінде болуына жүкті дұрыс сақтауға және қоймалық ұқсатуға қойылатын талаптарды басқалардан жақсы білуіне түрткі болды. Басқалардан гөрі оған жүкті жеткізудің ең үнемдеу жолы және ең тиімді қол жетерлік көліктік құралдар белгілі болды.

ХVI ғасырда жаңа жолдардың, көпірлердің құрылысында және ішкі су жолдарын

құруда жоғарғы белсенділігі барлық жерлерде көрінді. Қазіргі уақытта өзінін әрекетінде коносаментті, көліктік тіркеме қағазды, қоймалық жазбаларды және т.б. пайдалана бастаған ірі экспедиторлық фирмалар пайда болуда. XVIII ғасырдың басында экспедиторлар жөнелтулерді концолидациялау бойынша операцияларға кіріскен, яғни бір арналған орынға жеткізу үшін бірнеше жүкті жөнелтушілердің жүктерін жинау. Осы уақытта жүкті кепілдеу енгізіледі. Біртіндеп экспедиторлар финанстық операциялардан босайды және оларды коммерциялық банктерге береді.

Еуропадағы өнеркәсіптік төңкеріс экспедиторлардың экспорттық бағдарлануы және

өзінін әрекетін басқа да құрлықтарға кеңейту үшін жағдайлар тудырды. 1880 жылы Лейпцигте экспедиторлардың бірінші конгрессі болды.

1926 жылы 16 елдің экспедиторлық ассоциялары Венада Халық аралық экспедиторлық

ассоцациялардың федерациясын (ФИАТА) құрды. Қазіргі кезде ФИАТА әлемнің 120 елінен 35 мың экспедиторлық ұйымды қосады және экспедиторлық әрекеттің ережелерін, тасымалдық құжаттардың біріңғай қалпын өңдеуді, халық аралық деңгейде экспедиторлардың әрекетінің қалыпты жағдайын жасау үшін маңызды рөлді ойнайды. ФИАТА аясында тасымалдық коносомент, қоймалық жазба, жүкті қабылдау жайлы сертификат, көліктік сертификат тәрізді құжаттар жасалады және кеңінен пайдалана бастады, ұлттық экспедиторлардың өзінің экспедиторлық жағдайын жасау үшін үлгі ретінде экспедиторлардың жағдайының жобасы қабылданады.

1950 жылдардың аяғында автомобильдік тасымалдаудың күрт кеңеюіне байланысты халық аралық тасымалдарда кезекті төңкеріс болды. Астауларды, қойылатын тараларды, контейнерлерді және т.с. тасымал тәжірибесіне енгізуге белсенді түрткі болған экспедиторлық қалыптар бұл үрдісте маңызды болды. Контейнерлерді пайдаланудың дамуындағы кезеңдік уақиға 1965 ж. ең алғаш рет трансатлантикалық тасымалдарда пайдаланылған үлкен жүктік контейнерлердің келуімен туды. Қазіргі кезеңде көлікте үлкен жүктік контейнерлердің келуімен туды. Қазіргі кезде көлікте үлкен жүктік контейнерлердің 2 млн. астамы пайдаланылды және контейнерлік тасымалдаулардың 80 % экспедиторлық фирмалармен қадағаланады.

ФИАТА талаптарына сәйкес кез – келген заңды және физикалық тұлға экспедитор бола алады, ол өзінін жарғысымен сәйкес немесе сыйақыға жүкті тасымалдауды қамтамасыз етеді, бола тұра ол тасымалдаушы, яғни көліктік ұйым емес. Экспедитор сондай – ақ экспедицияның келісімін орындаумен байланысты мынадай әрекеттерді орындауы мүмкін: қоймаға кіргізуді, кедендік тазалауды, жүкті қарауды, барлық төлемдерді жүзеге асыруды және т.б. Экспедитор осындай түсінікке сәйкес және 1980 ж. 24 мамырда Женевада БҰҰ конференциясында қабылданған халық аралық жүктерді аралас тасымалдау жайлы БҰҰ Конвенциясы бойынша аралас тасымалдарды орындаушының анықтауы.

Экспедиторға кең хұқық беру оларға үлкен міндеттерді және үлкен жауапкершіліктерді жүктейді. Экспедиторлық қызметті жүзеге асыру үшін жекелеген рұқсатты алуда заңды немесе физикалық тұлға келесі талаптарға жауап беруі тиіс:

- мамандық төлқұжатпен расталған сәйкес шебер дайындалған болуы;

- жоғары маральды беделі болуы керек; бұл мыналарды білдіреді, яғни бұл тұлға бұрындары арбаумен, алдаумен және осы сияқты қылмыстарға соттың шешімі бойынша кінәлі болды ма, мамандығынан айыруды өткерген бе немесе экспедициялық операцияларды орындау хұқынан айрылмады ма, экспедиторлық қызметтің ережелерін бұзуда кінәлілігі дәлелденді ме; еңбек және төлем ережелерін және әлеуметтік қамсыздандыру талаптарын бұзды ма;

- тауарды экспедициялауға тапсырманы орындауға экономикалық және қаржылық қабілетті болуы тиіс.

Сондықтан халық аралық тәжірибеде кім экспедитор болуы тиіс екені нақты және түсінікті анықталған. Тұтынушыларға қажетті өнімді жеткізумен және саудамен, өнеркәсіппен қамтамасыз ету мақсатымен жүктерді тасымалдау үрдісінде қатысатын барлық жақтармен экспедитор ынтымақтасады. Ең соңында экспедитор тауардың орын ауыстыруы ең сенімді, ең жылдам және ең үнемді жолмен ұйымдастырады. Ұлттық тәжірибеде әрбір ел экспедиторлық қызмет бойынша халық аралық талаптарды нақтылайды. Тиімді халық аралық қызмет үшін экспедиторға тәжірибелі және сенімді корреспонденттік торабы немесе әлемнің барлық саудалық орталықтарында өзінін бөлімдері болуы тиіс. Осының арқасында ол тасымалдарға тапсырыс алуы және көлікті қайта жүктеуді қамтамасыз етуі, жүктердің қозғалысын қадағалауы мүмкін.

Тасымалдық – экспедициялық қызмет жүкті тасымалдаумен немесе жолаушыларды жеткізумен байланысты кең жұмыстар кешені. Жүкті жөнелтушілерді және жүкті алушыларды күту кезіндегі бұл жұмыстардың негізгі түрлері 13.2. суретте келтірілген. ТЭҚ кіретін жұмыстардың негізінен жүктің иелері үшін пішіндік болып табылмайды, және олардың орындалуы үшін АКҰ арнаулы бөлімшелерді немесе арналған тасымалдық – экспедициялық ұйымдарды құрады. Соңғы жағдайда ондай ұйым өзіне ТЭҚ кешендік клиентін алуы мүмкін және АКҰ тасымалдық қызметтерге тапсырыс беруші ретінде шығуы мүмкін.

Жекелеген көлік түрлерімен тасымалдау кезінде операциялардың және тасымалдық – экспедициялық қызметтердің түрлері айтарлықтай ерекшеленеді, бұл жүктердің түрімен, сондай – ақ сыртқы саудалық операциялардың түрлерімен шартталған. Бола тұра айтарлықтай таралым алған тасымалдық – экспедициялық операциялар келесілер болып қала береді:

- бағасына және пайдаланушылық қасиеттеріне, берілген жүкті тасымалдау үшін олардың жарамдылық жоспарында көліктік құралдарды таңдау бойынша кеңес;

- сату – алу келісімін бекіту бойынша келіссөзде делдалдық, жекелеп айтқанда тасымалдық шарттарға қатысты;

- тасымалдың келісімін бекітуде делдалдық;

- тасымалмен байланысты барлық құжаттарды дайындау және рәсімдеу;

- жүкті жөнелтушінің қоймасынан темір жол бекетіне немесе портқа және кері бағытта жүкті жеткізу және ұйымдастыру;

- ПРР ұйымдастыру және өндіру, жүктерді сақтау және асқын тиеу;

- жүктердің ұсақ топтарын поезддық және вагондық жөнелтулерге консолидациялау, жөнелтілген топтарды жинақтау;

- жүктерді қайта орау және қайта белгілеу;

- жүкті қабылдау және беру, оның сақталғандығын тексеру; жетіспеуге, артыққа, бұзылғанға, жүктің немесе тараның зақымдалғанына актыны рәсімдеу;

- жүкпен ере жүруді ұйымдастыру және арнаулы жүктерді тасымалдау үшін көліктік құралдарды қайта жабдықтау;

- тауарлық және тасымалдық құжаттарды бланкалармен және қалыппен қамтамасыз ету;

- кедендік рәсімдеу;

- тауарлар, сондай – ақ оларды тасымалдау үшін есептеулерді жүргізу.

ТЭҚ реті және ұйымдастыру тасымалдың түріне байланысты. Мысалы, тура автомобильдік жеткізу кезінде тасымалдық – экспедициялық ұйым арнаулы пунктіге жүкті жеткізу және оның сақталуына толық жауапкершілікті өзіне алады: жүкті жөнелтушінің қоймасынан жүкті қабылдайды, оны жүкті алушыға жеткізуді қамтамасыз етеді; тасымалмен байланысты қатарлас жүретін барлық операцияларды орындайды және жүкті қабылдау жайлы қажетті белгілеулерімен тауарлық – тасымалдық құжаттарды жүкті жөнелтушіге қайтарады.

Жеткілікті таралған аралас автомобильдік – темір жолдық тасымалдар кезінде қызметтің екі нұсқасы пайдалануы мүмкін:

- ұйым жүкті жөнелтушінің қоймасынан темір жолдық жүктік бекетке дейін жүкпен ере жүреді. Бұл жағдайда ол жүкпен ере жүрумен және жеткізумен, жүкті алушының мекен жайына жүкті жеткізумен, темір жолдық тасымалды төлеумен байланысты операцияларды орындайды;

- егер ұйым жүкті жөнелтушінің қоймасынан жүкті жүкті алушының қоймасына дейін жүкті жеткізумен байланысты барлық операцияларды орындауды өз мойнына алса, онда ол жүкті темір жол бекетінен арнаулы пунктіге жеткізумен байланысты барлық тасымалдық – экспедициялық операцияларды (немесе жергілікті компаниямен келісім – шартқа отырады) және өзінін атынан темір жол бойынша жүкті жөнелтеді.

Үй - жай заттарын тасымалдау, сауда торабынан ірі габаритті тауарларды жеткізу бойынша тұрғындарға тасымалдық – экспедициялық қызметті көрсету үлкен маңызға ие.

13.3. Қисындылық көліктік жүйелер

Қисындылық - шаруашылық айналымында дайын өнімді және бөліктерді, шикі затты жеткізу үрдісінде орындалатын тасымалдау, жинақтап қою және басқа да заттық емес

13.2. сурет Тасымалдық – экспедициялық қызмет құрылымы

 

операцияларды жоспарлау, басқару және бақылау жайлы ғылым. Қисындылық әр түрлі кезеңдерді және бір жүйеге жеткізудің технологиялық үрдістерін (13.3 сурет) біріктіреді.

Қисындылық принциптерін пайдаланылатын жолаушыларды және жүктерді жеткізу жүйесін қисындылық көліктік жүйелер деп атау қабылданған. Қисындылық көліктік жүйелердің әдеттегі тасымалдау әдістерінен негізгі ерекшелігі тиімділіктің біріңғай алғышарттарымен өндірістен тұтынушыға дейін жеткізудің барлық кезеңдерінің бірігуінде.

Қабылданған біріңғай алғышарттар жекелеген кезеңдерге (мысалы, жиып қоюға) үлкен қорды кетіруге, суммарлық тасымалдық бөгеулерді қысқартуға мүмкіндік береді. Қисындық көліктік жүйелерде заттық қорлардың орынын ауыстыру кезінде туатын заттық,ақпараттық, қаржылық және басқа да ағымдардың жүйесін басқарады. Көрсетілген ағымдарды қисындылық басқарудың нәрсесі деп атау қабылданған.

 

13.3.Сурет. Өнімді тұтынушыларға жеткізудің қисындық жүйесінің элементтері

 

Уақыт бірлігінде орын ауыстырылатын жүктің көлемі заттық ағым деп аталды, мысалы т / тәулік, кг / сағ және т.б. Орын ауыстырылатын жүктің кәсіпорынға территориялық қатынасына байланысты заттық ағымдар ішкі, сыртқы, кіріске және шығысқа бөлінеді.

Ақпараттық ағым – бұл заттық ағымның орын ауыстыруын ұйымдастыру үшін қажет қатынастардың жиынтығы. Ақпараттық ағым қатты (қағаздық) және электрондық құжат түрінде болуы мүмкін. Ақпараттық ағымды бағалау үшін келесі негізгі көрсеткіштерді пайдаланады: туу көзі; ақпараттық ағымның қозғалыс бағытын; берілетін көрсеткіштердің көлемі; ақпаратты жеткізу мерзімдері.

Заттық ағым заттық нәрселермен нақты әрекет жиынтығы нәтижесінде қалыптасады. Бұл әрекеттер заттық ағымды қисындық операциялар деп аталады. Заттық ағымдарды басқару үшін орындалатын жұмыстардың тізімін анықтайтын сәйкес ақпарат болуы қажет. Сондықтан қисындылық операцияларды заттық, ақпараттық немесе қадай - да басқа ағымның қалыптасуына бағытталған қарапайым әрекет ретінде анықтайды. Қисындылық жүкті тиеу, жүкті қабылдау, тасымалды кепілдеу, жүкке құжаттарды беру және т.с. сияқты әрекеттер жатады. Қисындылық жүйелерінің алдына қойылған тапсырмаларды жүзеге асыруға бағытталған қисындылық операцияларының жиынтығы қисындылық қызметі деп аталады.

 

 

 

13.4. Сурет Қисындылық операцияларының жіктелуі

 

Басында қисындылық түсінігі тек қорғаныс саласымен байланысты болды және қорғаныс операциясын дайындау ретінде талқыланады. Екінші Дүние Жүзілік Соғыстан кейін телекоммуникация құралдарында, бизнесте пайдалануға болатын компьютерлердің, кибернетиканың тууымен және көліктік ағымның тез өсуімен байланысты қисындылықты құраушыларды жинау өндірісінің жеткізу жүйелерін жобалау және дайын өнімді үлестіру үшін пайдаланыла бастады. Тасымалдардың бұл облысы жеткізу мерзіміне қатаң талаптар кезіндегі нүктелердің көптеген санымен жүктелетін немесе түсірілетін тасымалданатын жүктердің кең атау тізімімен сипатталады. Экономика мына баламаға тіреледі: сұранысты үзбей қамтамас




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-10-15; Просмотров: 5186; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.22 сек.