Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Терезелер арасында ауысу




Егер экранда бірнеше терезе қатар ашылса және оның барлығы экранда көрініп тұрса, онда бәрінің үстінде орналасқан (яғни алдыңғы) терезе белсенді (активті) болып саналады.

Белсенді терезенің тақырыбы басқаларға қарағанда қара түспен белгіленеді және Есептер тақтасындағы оған сәйкес батырма басулы түрде көрінеді.

Белсенді терезені төменде келтірілген әдістердің бірін пайдаланып ауыстыруға болады:

§ Белсенді терезенің кез келген жерінде мауспен шертіп;

§ Есептер тақтасындағы белсенді болатын терезеге сәйкес батырманы шертіп.

 

Сұр түсті командалар, белгілеулер мен бағыныңқы менюлер

Менюдегі кейбір командалардың қарсысында бағдаршалар, қанат белгілер (галочки) сияқты қызмет символдарын жиі кездестіруге болады. Ол кейбір командалардың түсі қанық емес, сұр түсті болып келеді.

§ Атауы сұр түспен көрсетілген командаларға қазір қатынауға болмайды, яғни олар белсенді емес командалар. Оларды активті жағдайға келтіру үшін, қосымша әрекеттер жасау керек (қапшықты, файлды, үзінедіні, яғни объектілерді белгілеу керек).

§ Командаға қарама-қарсы тұрған Қанат белгі белгішесі команданың активті, яғни қосылған жағдайда екенін көрсетеді. Қанат белгіні алып тастау үшін, бұл командада маустың батырмасымен тағы бір рет шерту керек.

§ Команданың оң жағында орналасқан «бағдарша» белгішесі экранға бағының меню шығарылатынын білдіреді. Мысалы, Есептер тақтасының бас менюінде осындай төрт команда бар, олар: Бағдарламалар, Құжаттар, Баптау мен Іздестіру. Бұлардың бірін таңдағанда экранда қосымша меню пайда болады.

Көмек сөз алу

 

Кей кездерде жұмыс барысында жасалған құжатты немесе бағдарламаны бүлдіріп алмау үшін не істеу керек екенін әуелі тәжірибелі пайдаланушылар да білмейтін жағдай болады. Осы кезде көмекке Windows анықтама жүйесі келеді. Экранға анықтаманы шақыру үшін, көп әрекет жасаудың қажеті жоқ, оң жақтағы меню жолында тұрған сұрақ белгісі «?» түріндегі шерту жеткілікті. Бұл батырманы шерткенде, созылған меню пайда болады, онда Анықтаманы шақыру (Вызов справки) командасын таңдау керек.

Экранда ашық Содержание (Мазмұны) қосымшасы бар справочная система: Windows диалог терезесі пайда болады.

Бұл терезеде «Мазмұны» (Содержание), «Пәндік көрсеткіш» (Предметный указатель), «Іздестіру» (Поиск) деп аталатын үш қосымша бар. Бұл қосымшалар көмек сөз алудың әр түрлі үш тәсілін ұсынады.

Іздестіру қосымшасында жеке сөздер немесе сөйлемдер бойынша анықтама алуға болады.

Содержание қосымшасында екі белгіше бар: кітаптың суреті бар белгіше, оны ашуға немесе жабуға болатын бөлімдер тобын көрсетеді; сұрақ белгісінің суреті бар белгіше бөлімнің ішіндегісін жеке терезеге шығарады. Мұндай бөлімді көру үшін, оның атын екі рет шертеміз.

Анықтаманы басқа әдіспен де алуға болады, ол үшін Бас менюде Пуск – Справка (Іске қосу – Анықтама) командасын орындау қажет.

 

3. Бас мәзір. Бағдарламаларды іске қосу және құжаттарды ашу

Windows операциялық жүйесі. Бас мәзір.
WINDOWS файлдар, диск лер және т.б. операциялар үшін ыңғайлы және көрнекті интерфейс қана емес, сонымен қатар WINDOWS ортасында іске асырылатын программаларға жаңа мүмкіндіктер ұсынады.
Операциялық жүйелер WINDOWS-қа: WINDOWS 3.Х, WINDOWS 9х, WINDOWS NT, WINDOWS 2000 және WINDOWS ХР жатады.
Қазіргі кезде WINDOWS- барлық дербес компьютерлерге арналып кең таралған операциялық жүйе. WINDOWS -тің кеңінен таралуына себеп, оның қолайлығы, түсініктілігі, графикалық интерфейс, бірнеше программалармен қатар жұмыс жасау мүмкіндігі және жаңа жабдықтардың автоматты түрде басталуы сияқты ерекше қасиеттерін атауға болады. WINDOWS бірнеше операциялық жүйелерд біріктіреді, олар бір-біріне ұқсас болғанымен, әр түрлі мүмкіндіктері бар және әр түрлі мақсаттарға арналған. WINDOWS тобы жүйелерінің барлығы бір ғана принципке құрылған, сондықтан WINDOWS-ке арналып программалар осы жүйелердің бәріне жұмыс жасайды. Әйгілі WINDOWS операциялық жүйеі нің жаңа нұқасының атауындағы ХР әріптергeXP erience деген ағылшын сөзінің бөлігі болып табылады, ол "өмір тәжірибесі", "білім" дегенді білді реді. Егер Windows XP-д компьютерді өшірмей іске қосыларың келсе, Презагрузка (Кайта жүктеу) батырмасын басыңдар.
Windows XP- графикалық операциялық жүйе, оның негізгі объектілер терезе мен белгішелер түрінде бейнеленеді.
Windows XP-дің объектілер мен төмендегі әрекеттерді орындауға болады: белгілеу, жылжыту, қасу, созу, ашу, жабу.
Жұмыс үстелінде Windows -тың объектілер мен басқару элементтері орналасқан. Объект-олармен Windows жұмыс істейтіндерің барлығы.
Объект-ұғым. Әр объектінің өзіне тән қасиеттер болады.Олар бір-бірінен осы қасиеттер бойынша ажыратылады. Windows -тің объектілерін қапшықтар, файылдар, терезелер, таңбашалар, белгішелер мен тышқан нұсқағышы жатады.
WINDOWS ОЖ кең ауқымды мүмкіндікті, күрделі ақпараттық жүйе. Бұл ОЖ-нің ең негізгі артықшылығы – бір уақытта бірнеше программалармен жұмыс істеу мүмкіндігі бар. Сол себепті ОЖ - көп функционалды, көп терезелі. WINDOWS ОЖ-де файлды импорттауға, экспорттауға болады. Буферде бір уақытта 12 файл сақтауға болады.
Терезе - Windows жүйесіндегі ең негізгі ұғым болып саналады. Терезе - экранның төртбұрышты қоршаулы аумағы, онда әр түрлі программалар орындалады, кез келген мәліметтер өңделіп түзетіледі және басқару әрекеттері жүргізіледі. Экран бетінде бір мезетте бірнеше терезе орын ала береді. Мұнда кез келген программаның өзіне тән жұмыс істеу терезесі болады.
Экран бетіндегі программалар мен құжаттар орналасатын терезелер үш түрлі болады:
толық экранды Терезе, яғни экранды толығымен алып тұрады;ü
қалыпты күйдегі терезе, яғни терезе экранының белгілі бір бөлігін алып тұрады;ü
шартбелгі түріндегі, яғни терезе кішірейтіліп шартбелгіге айналып тұрады.ü
Жұмыс столы - екінші негізгі ұғым. Жұмыс столы ұғымы қазіргі барлық операциялық жүйелер интерфейсінің элементі болып саналады. Жұмыс столында мәліметтер салынған бумалар, жарлықтар, қоржын, құрал-жабдықтар орналасуы мүмкін.
ОК." Печать "Құжат – бұл қолданбалы программа көмегімен өңделетін кез келген файл; Кез-келген ақпараттың дискіде жазылуы файл болып табылады. Құжатты баспаға шығару командасы: Файл
Файл дегеніміз- атау берілген кез келген ұзындықтағы байттар тізбегі.
Операциялық жүйенің файлдармен, каталогтармен жұмыс ұйымдастыруы файлдар жүйесі деп аталады. Файл префиксі дегеніміз файл жүйесі бойынша оған өту маршруты. Іздеу маршруты көрсетіліп жазылған файл атын оның толық аты немесе толық адресі деп атайды.
Қоржын (Себет – Корзина) – бұл дискілердегі жойылатын мәліметпен жұмыс істейтін жүйелік бума; Жойылған файл қоржынға түседі.
Сілтеу (Проводник) программасы файлдарды басқаруға, қосалқы программаларды жүктеуге, құжаттарды ашу тәрізді мүмкіндіктерге жағдай жасап, дербес компьютердің барлық мазмұнын көру мүмкіндігін туғызады.


4. Файлдар, бумалар және олармен жұмыс атқару.

 

Файл түсінігі.

«Файл» түсінігі.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-10-31; Просмотров: 994; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.013 сек.