Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Файл атрибуттары




Атрибуттар – файл құрамын анықтайтын қосымша параметрлер. Операциялық жүйе оларды бақылауға және өзгертуге мүмкіндік береді.

Негізгі атрибуттар төртеу:

o тек оқуға арналған – R (Read only)

o Тек қана оқуға арналған атрибут файлмен жұмыс істеу мүмкіндігін шектейді. Мұнда файлды жаңарту немесе жою кезінде жүйелік әдістермен қате іс-әрекет жасалғаны туралы шығады. Файл атрибуты кездейсоқ өзгертулер немесе жоюдан файлды қорғау үшін орнатылған.

o жасырын – Н (Hidden)

o Жасырын атрибуты фалдық операциялар жүргізу кезінде экранға берілген файлды көрсетпеу керектігі туралы операциялық жүйеге сигнал береді. Бұл шара файлдың кездейсоқ бүлінуіне қарсы іс-әрекет.

o жүйелік – S (System)

o Жүйелік атрибутымен операциялық жүйенің жұмысында маңызды функциялары бар файлдар белгіленеді. Оның ерекшелігі, операциялық жүйе мүмкіндіктерімен оны өзгертуге болмайды. Жүйелік атрибуты қойылған көптеген файлдарда Жасырын атрибуты қойылған файлдар да бар.

o архивтік – A (Archive)

o Архивтік атрибуттар резервті көшіру программаларының жұмысы үшін пайдаланылған. Файлды өзгертетін кез келген программа осы атрибутты автоматты түрде қою керек, ал резервті көшіру әдісі оны қабылдамайды деп есептелінген. Демек, келесі резервті көшіруге атрибуты орнатылған файлдар ғана жатты

Осы атрибуттардың әрқайсысы орнатылуы немесе орнатылмауы мүмкін.

Файлдарды архивтеуден басқа келесі іс-әрекеттерді жүргізуге болады:

ü құру

ü жою

ü атын өзгерту

ü бір каталогтан екінші каталогқа көшіру

ü файл атымен дискіден және ондағы символдар жолынан табу (Norton Utilities-тен filefind программасы)

ü егер файл байқаусыздан жойылса (Norton Utilities-тен unerase программасы), онда кейбір жағдайдарда қалпына келтіруге болады

Бұл әрекеттерді жеке файлдармен және файл топтарымен орындауға болады.

6. Файлдар мен каталогтарды (бумаларды) көшіру, тасымалдау және жою

Графиктік емесе операциялық жүйелерде файлдарды көшіру және тасымалдау операциялары командалық жол өрісінде нақты команданы енгізумен орындалады. Осы кезде команда аты, каталогқа кіру жолы көрсетіледі.

Графиктік операциялық жүйелерде осы командаларды орындауға мүмкіндік беретін позиция құрылғысымен жұмыс істеу әдістері бар.

Мәліметтерді жоюдың екі режимі бар: жою, қалпына келтірмейтіндей жою.

Файлдарды жою уақытша болып табылады. Windows 9S және Windows 98 операциялық жүйелерінде Қоржын деп аталатын арнайы бума көмегімен ұйымдастырылған. Файлдар мен бумаларды жою кезінде олар Қоржынға тасымалданады. Бұл операция операциялық жүйенің файлдық құрылымы деңгейінде жүреді. Қатты дискінің файлдық жүйесі деңгейінде файлдар қай жерде жазылса, сол секторларды қалады.

Қалпына келтірмейтіндей жою оларды MS-DOS операциялық жүйесіндежою кезінде немесе Windows 95/98 операциялық жүйелерінде Қоржынды тазалау кезінде жүреді. Бұл жағдайда операциялық жүйенің файлдық құрылымынан файл түгелдей жойылады, бірақ дискінің файлдық жүйе деңгейінде тек біршама өзгерістер ғана болады.

Бума (folder) экранда каталогтарды және программалық топтарды белгілеу үшін қолданылады. Мұның мағынасы мынада: каталог пен программалар тобы белгілі бір обьектілерді орналастыруда қолданылатын контейнер болып табылады. Бума- каталог, директори ұғымының баламасы болып табылады. Каталог – файлдарға арналған контейнер, программалық топ – жеке программаларға арналған контейнер, т.с.с. Әрине мұндай контейнерлер әр обьект үшін әр түрлі болуы мүмкін. Бірақ олармен атқарылатын біртектес бола береді

 

 

  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты     «Шет тілі» кафедрасы Барлық мамандықтардың студенттері үшін «Информатика» пәні бойынша     ӨЗІНДІК ЖҰМЫС МАТЕРИАЛДАРЫ Күндізгі/сырттай оқу формасы     Қабылдаған: Анафина Айша Ермекқызы Орындаған: Есдәулет Қымбат Тобы: ШТА-а   Павлодар 2014 ж    

 

 



 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-10-31; Просмотров: 3117; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.009 сек.