Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Жеке презентация 1 страница




Әрбір студент курс материалына қатысты өздігінен таңдап алған тақырыбына 5 мин. Мақала дайындайды. Мақаланың артықшылықтары мен кемшіліктерін жан-жақты бағалап, талдау жасайды.

Топтық презентация

Топтық презентация кезінде студенттер екі топқа бөлінеді. әрбір топ курс жоспары бойынша схема, сурет немесе өздігінен таңдап алған формада материал дайындайды. Топ арасына бөлімдер оқытушымен беріледі. Материалдың тақырыптары кестеде көрсетілген аптада өтеді. Презентацияның ең жоғары баға/ балл қойылады.

Студенттің білімі, ептілігі, дағдылануы келесі жүйе бойынша бағаланады:Аралық бақылау бойынша / қорытынды бақылау бойынша

Пәннің аралық жоспары

Студенттің оқу жетістіктерінің рейтинг бақылауына ескерілуі АБ /Рейтинг көрсеткіші %
Ағымдағы 1 аралық бақылау  
Ағымдағы 1 аралық бақылау  
Аралық бақылау1 тест  
Аралық бақылау 2 тест  
Қорытынды  
Барлығы  

 

Ағымдағы бақылау дәріс сабағында, зертханалық немесе практикалық сабақтарда, СОӨЖ, СӨЖ білімімен семестр бойына оқытушының бақылауымен бағаланатын білімі жүйесі.

Ағымдағы бағлану жүйе көрсеткіші:

Бақылау түрі Тапсырма атауы Макс. балл
    Дәріс сабағына қатысу  
    СОӨЖ сабағына қатысу / слайд шоу тапсырманы орындау  
    Кейс,эссе, рефераттар,слайд шоу тапсырмаларын тапсыру  
  Ағымдағы 1 -бақылау    
    Дәріс сабағына қатысу  
    СОӨЖ сабағына қатысу / тапсырманы орындау  
    Кейс,эссе, рефераттар,слайд шоу тапсырмаларын тапсыру  
  Ағымдағы 2 - бақылау    

 

Аралық бақылау семестрде 2 рет тест түрінде өткізіледі.

Бақылау шкаласы 1-2 аралық бақылау қорытындысының бағасымен есептелінед і

Аралық бақылау шкаласы

Балл қортындысы Әріп жүйесі бойынша бағалау Эквиваленттік сандық балл Дәстүрлі бағалау
57-60 А 4,0 Өте жақсы
54-56 А- 3,67
51-53 В+ 3,33 Жақсы
48-50 B 3,0
45-47 B- 2,67
42-44 C+ 2,33 Қанағаттанарлық
39-41 C 2,0
36-38 C- 1,67
33-35 D+ 1,33
30-32 D 1,0
0-29 F   қанағаттанарлықсыз

 

1 графада ағымдағы үлгерім бойынша 20%, және аралық бақылау (40%) қорытындысы бойынша алынған балдары.

Аралық бақылаудың максималды деңгейі (АБ/РК 1) 7 аптада – 30%, одан 15% - қанағаттанарлықсыз. Аралық бақылаудың максималды деңгейі (АБ/РК 2) 15 аптада – 60%, одан 30% - қанағаттанарлықсыз- яғни емтиханға жіберілмейді. Қорытынды бақылау тест түрінде өткізіледі.

Қорытынды бақылау шкаласы

Балл қортындысы Әріп жүйесі бойынша бағалау Эквиваленттік сандық балл Дәстүрлі бағалау
38-40 А 4,0 Отл
36-37 А- 3,67
34-35 В+ 3,33 Хор
32-33 B 3,0
30-31 B- 2,67
28-29 C+ 2,33 Удовл
26-27 C 2,0
24-25 C- 1,67
22-23 D+ 1,33
20-21 D 1,0
0-19 F   Неуд

Емтихан бағалау шкаласы

Әріп жүйесі бойынша бағалау Эквиваленттік сандық балл Семестр бойына алған балл қорытындысы Баға  
А 4,0 95-100 Өте жақсы
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89 Жақсы  
B 3,0 80-84
B- 2,67 75-79
C+ 2,33 70-74 Қанағат-қ
C 2,0 65-69
C- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D 1,0 50-54
F   0-49 Қанағат-сыз

5. Курстық жобалар (жұмыс), зертханалық жұмыс, графиктік есептеулерді орындау, типтік есептеулер бойынша әдістемелік нұсқаулар мен ұсынымдар:

оқу жұмыс бағдарламасы бойынша қарастырылмағандықтан практикалық, зертханалық сабақтардың тақырыптары тізімі қарастырылмаған.

 

6.Студенттің өз бетімен жұмыс істеуі үшін материалдар: үй тапсырмасы текстерін басу, әрбір тақырып бойынша өзін-өзі бақылау материалдары, еңбек сыйымдылығы мен әдебиеттері көрсетілген ағымдағы жұмыс түрлерін орындау бойынша тапсырмалар, рефераттар мен басқадай үй тапсырмалары.

СӨЖ тапсырмалары оқытушының қатысуынсыз және аудиториядан тыс орындалады. СӨЖ-дің негізгі міндеті семинарлық сабақтар мен дәрістерге дайындау. Семинарлық сабақтарда тақырыптың негізгі сұрақтары қарастырылады. Семинарлық сабақтың тақырыптық жоспары, негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі, семинарлық сабақ тақырыптарына қатысты әдістемелік кеңестер не және қалай істеу керек деген сұрақтарға жауап береді. Семинарлық сабақ тақырыптарына қатысты әдістемелік кеңестерді мұқият талдап, семинарлық сабақтың тақырыптық жоспарының сұрақтарына жауаптарды өздеріңіз дайындаңыз. Әрбір сұрақты дайындау барысында қысқаша әрі сызба жүзінде негізгі ережелер мен жауап тезистерін дайындап, формулалар мен символдарды СӨЖ дәптеріне жазыңдар. Дайындалып болғаннан кейін өзін-өзі тексеріге арналған сұрақтар көмегімен өз білімдеріңді тексеріңдер. Өздерің талдай алмаған сұрақтарды жазып алып, дәрісте немесе СОӨЖ процесінде оқытушыға қойыңдар.

СӨЖ тапсырмалары дәріске дейін орындалу керек. Ал дәрісте дербес алынған білімдер тереңдетіліп, кеңейтілуі керек.

Алайда семинарлық сабақта қарастырылатын сұрақтар көлемі тақырыптың толық мазмұнын қамтымайды. Сондықтан студент өз білімін одан әрі тереңдету мен кеңейту бойынша жұмыс жасауы қажет. Бұл СОӨЖ процесінде жүзеге асырылады. Сондықтан СОӨЖ-да тақырып мазмұнын толық ашатын қосымша сұрақтар мен есептер, жаттығулар қарастырылып, талдау жасалады.

СӨЖ формалары мен мазмұнын өңдеу.

«Өмір сүру қауіпсіздігі негіздері» курсының ерекшеліктері СӨЖ формаларының кең жиынымен байланысты. Бұл мынадай формалар:

- оқытушы берген дәріс конспектілерін талдау;

- семинарлық сабаққа негізгі оқулық бойынша дәріс конспектісін дайындау;

- белгілі тақырып бойынша реферат дайындау;

- реферат, эссе, баяндамаларды өзара рецензиялау;

- курс терминдері бойынша сөздіктер мен сөзжұмбақтар құру;

- аса жоғары есептерді шығару;

- статистика мәліметтерін талдау;

- топтық жобаға қатысу;

- таңдалған тақырып бойынша презентация жасау;

- глоссарий жасау;

- тақырып бойынша шолу жасау.

Жоғарыдағылардың кейбіреулерінің мазмұны мынаған байланысты:

Тақырып бойынша шолу жасау – бұл дегеніміз басылым мен Интернеттің ақпарат ресурстарын тартумен ұсынылатын тақырып бойынша жазбаша 1-2 бет қысқаша шолу жазу дегенді білдіреді.

Глоссарий – қазақ және орыс тілдерінде, мүмкін болса шет тілдеріне аудару арқылы терминдер мен түсініктердің қысқаша түсіндірмесі; ол берілген тақырып бойынша орындалады. Глоссарийді құру макроэкономиканың түсініктілік аппараты білімінің қалыптасуына және оны пайдалану дағдыларының өңделуіне ықпал етеді.

Реферат, СӨЖ-дің неғұрлым кеңейтілген формасы бола отырып, әдебиетке міндетті түрде шолу жасау арқылы белгілі тақырыпқа баяндама жасауды немесе ғылыми жұмыс, кітап мазмұнын баяндауды білдіреді. Рефератты оппонирлеу неғұрлым қызықты да ғылыми жұмыс болып табылады. Осының нәтижесінде жұмысқа талдау жасау, пікір – талас жүргізу дағдысына ие болады.

Коллоквиум білімді, әңгімелесу формасында нақты оқытылатын пәннің түрлі тақырыптары бойынша дайындық деңгейін айқындауға мүмкіндік береді.

Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар, тәртіп бойынша, ерекше құрылымға ие, сондықтан жауаптар жиналған материалды талдау негізінде ғана берілуі керек.

Эссе – бұл сын мен публицистиканың түрлі жанрларында өзекті әлеуметтік – экономикалық мәселелерге деген өз ойларын білдіру, баяндау.

Дәріс конспектілеріне талдау жасау, өткен материалды қайталау бағдарламалық материалды игеруге, теориялық білімдерді нығайтуға мүмкіндік береді.

Есептер мен сандық тапсырмаларды шығару. Оларды орындаудың мақсаты тәжірибелік сұрақтарды шешуде теориялық білімдерді пайдалану дағдысы мен ептілігіне ие болу болып табылады.

Презентация – тыңдаушы өзінің презентациясы үшін кез – келген тақырыпты таңдап, презентацияда қарастырылатын кез – келген аспектіні түсінуін не түсінбеуін білдіре алады; презентация тақырыптың неғұрлым ашылғаны және сырт көздерден қаншалықты қызығушылық тудырғаны, сондай – ақ тыңдаушының қарастырылып отырған мәселені қаншалықты кәсіби деңгейде қарастыруы тұрғысынан бағаланады.

Оқытушылық нақты жағдайлар (кейстер) – тыңдаушыларға сұрақтарға жауап беру немесе мәселеге қатысты өз көзқарасын білдіру бойынша көптеген қарапайым да күрделі жағдайлар ұсынылады; неғұрлым дайындалған тыңдаушыларға өз кейсін жазуға болады.

Іскерлік ойындар тыңдаушыда болашақ кәсіби іс - әрекеті үшін қажетті дағдыны өңдеуге көмектеседі; кейбір ойындар бойынша үйде дайындалып немесе кітапхана мен өндірісте аяқтау қажет.

Топтық жоба (мысалы, кейстік жағдайды құру немесе шешу бойынша)– топта 3-5 адамнан артық болмауы керек, әрбір топ өз жобасын өңдеуі керек.

Жеке жоба – неғұрлым дайындалған тыңдаушылар өз қалауы бойынша орындайды; жұмыс тақырыптың әмбебаптылығымен, зерттеушілік сипатымен ерекшеленуі керек; жоба нәтижелері ғылыми конференцияда ұсынылуы мүмкін.

СӨЖ (СОӨЖ) тиімді ұйымдастыруға қатысты тыңдаушыға ұсыныстар

Өткен материалды қайталау. Өткен дәріс материалынқайталау өзіндік жұмыстың неғұрлым маңызды түрі болып табылады. Материал неғұрлым терең де толығырақ өңделсе, соғұрлым өзіндік жұмыстың басқа түрлерін орындауда оңайырақ болады. Бірінші сабақтан бастап, өткен дәріс материалымен жүйелі де үнемі жұмыс жасау кейінгі дәріс материалын түсіну мен тәжірибелік және лабораториялық сабақтар материалдарын игеру үшін қажетті жағдай болып табылады.

Материалды өңдеуге кірісе отырып, мыналарды жүзеге асыру керек:

- жұмыс орнын анықтау;

- егер үйде жұмыс жасау үшін қажетті жағдайлар болмаса, университет пен қалалық кітапхана қызметтеріне жүгіну;

- дәріс конспектісіне ие болу;

- курс бағдарламасына ие болу;

- ұсынылатын әдебиетке ие болу (оқулық, есеп кітапшалары), қажет болған жағдайда материалдар мен құрал – жабдықтарға ие болу.

Жұмыс әдісі:

- дәріс материалын дереу қайталау (кейінге қалдыруға болмайды, себебі дәріс мазмұнын ұмытып кетуге болады);

- конспектімен жұмыс жасай отырып, әдебиетке сілтеме жасап (бұл емтиханға дайындалу барысында қажет), қажетті толықтырулар мен түзетулерді енгізу;

- тақырыппен жұмыс жасау материалды толық түсіну мен сете сақтауға дейін жалғасуы керек,

- тақырыппен жұмыс жасау оқулықтар мен пособияларда келтірілген есептер мен мысалдарды талдаумен аяқталады;

- егер тақырыппен жұмыс жасаудан кейін түсініксіз сұрақтар қалса, онда оларды оқытушыға кезекті дәріс барысында қою керек.

Есептер мен сандық тапсырмаларды шығару. Тапсырманы орындау әдістемесі:

- аталмыш тапсырмаларды орындауды аталмыш тақырып бойынша дәріс материалын қайталаудан кейін ғана бастауға болады;

- есептерді шығаруға кірісе отырып, оның шартын мұқият оқу;

- шығару жоспарын ойластыру;

- есепті шығару барысында қолданылатын формулаларды анықтау;

- формулаға кіретін шамалардың мағынасына тағы бір рет үңілу;

- шығаруды алдымен жалпы түрде жүзеге асырып, содан кейін әріптік шамалардың сандық мәндерін қою керек;

- аралық және соңғы шешім нәтижелерінің өлшем бірліктерін көрсету;

- дұрыс шешімге талдау жасау.

Коллоквиумдарға дайындық. Кейбір пәндер бойыншакурс тарауының теориялық бөлімін меңгеру дәрежесін бағалау үшін колоквиум өткізіледі.

Осыдан шығатыны:

- коллоквиумда қарастырылатын сұрақтар бойынша теориялық материал тағы бір рет қайталануы керек;

Бақылау жұмыстарына дайындық. Бақылау жұмыстарын өткізудің мақсаты:

- бакалаавриаттың ағымдық үлгерімін тексеру;

- топ бакалавриаттарының дайындығын анықтау;

- үлгерімділігі нашар тыңдаушылармен жұмыс әдістемесін ұйымдастыру;

Тыңдаушылар бақылау жұмысына дайындала отырып, мыналарды жүзеге асыруы қажет:

- бақылау жұмысының тақырыбын білу;

- теориялық материалды, аталмыш тақырыптағы негізгі формулалар мен есепті шығару әдістерін ойға түсіру;

- оқулықта талданған есептер мен мысалдарды, және тәжірибелік сабақтарда қарастырылған есептерді қайта қарастыру,

Егер студент бірінші дәрістен бастап, өткен материалмен жүйелі түрде жұмыс жасаса, онда бақылау жұмысына дайындалу еш қиындық тудырмайды және ол көп уақытты алмайды.

Жобаны орындау. Жобалар мен жұмыстарды орындау барысында кафедраларда тапсырмалармен бірге берілетін әдістемелік нұсқамаларды басшылыққа алу керек.

Тапсырманы орындау тәртібі:

- тапсырманы орындауға өзіндік жұмыс графигімен бекітілген мерзімнен кеш кіріспеу керек;

- егер тапсырманы орындау барысында қиындықтар туындаса, онда курстың сәйкес тақырыбына оралып, толықтырып, тапсырманы орындауға қайта кірісу керек;

- осыдан кейін де қиындықтар болса, онда оқытушыға қосымша сабақтарға келу керек;

- алынған шешімге талдау жасау,

- тапсырманы қорғауға дайындала отырып, теорияның сәйкес ережелерін тексеріп, кейбір мәліметтердің өзгеруі жағдайындағы шешімді ойластыру;

- тапсырманы орындау барысында қолданылған әдісті түсінгенге көз жеткізу;

- тапсырма графикпен бекітілген мерзімнен кеш қорғалмауы керек, өйткені ол академиялық берешек болып саналады.

Өзіндік жұмысқа берілетін уақыт айтарлықтай шектелген болғандықтан, өзіндік жұмысты тиімді жоспарлауға үйреніп, өзіндік жұмыс дағдыларын меңгеруге ұмтылып, тәжірибе алып, тиімді түрде жұмыс істеп және жұмысқабілеттілігін сақтау үшін саналы түрде демалу керек. Сондықтан әрбір оқытушы мен кафедраның тыңдаушылардың өзіндік жұмыс әдістемесіне үйрету жауапкершілігі артуда.

 

 

Студенттің өзіндік жұмысы

Тақырып аты: Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттік жүйесі

Тапсырма мақсаты: Төтенше жағдайлардың алдын алудың шаралары оның негізгі ережелері.

Тапсырма,сұрақ:

1.Төтенше жағдай түрлері.

2.Төтенше жағдайда қоршаған ортаға келтірілегн зияны.

3.ТЖ министрлігі негізгі міндеттері.

Орындауға арналған әдістемелік нұсқау

Студенттің өзіндік жұмысы үй тапсырмасын орындаумен қатар, реферат, кейс, кроссворд, есептер шығару, Ғаламтор/Интернет/ методикалық нұсқауларды пайдалану болып табылады. Төтенше жағдайға байланысты сурет, диаграмма, салып басқа бағдарламаларда орындауға болады. Ғаламтор желісінен алынса, міндетті түрде сайт мәліметтері жазылуы тиіс.

Әдебиеттер:

[7] 62-80 беттер

[4]-13-28 беттер

 

Тақырып аты: Мемлекет тыныс-тіршілігінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасы заңнамасының рөлі мен маңызы

Тапсырма мақсаты: Стихиялық зілзала тұрғындарды қорғау жолдары.

Тапсырма,сұрақ:

1.Төтенше жағдайды (цунами,вулкан,жер сілкінісі) жою,оларды алдын алу жолдарын көрсету

2.Тұрғындарды қорғау жолдары.

3.Аймақты қайта қалпына келтіру жолдары.

Орындауға арналған әдістемелік нұсқау

Студенттің өзіндік жұмысы үй тапсырмасын орындаумен қатар, реферат, кейс, кроссворд, есептер шығару, Ғаламтор/Интернет/ методикалық нұсқауларды пайдалану болып табылады. Төтенше жағдайға байланысты сурет, диаграмма, салып басқа бағдарламаларда орындауға болады. Ғаламтор желісінен алынса, міндетті түрде сайт мәліметтері жазылуы тиіс.

Әдебиеттер:

[4] 55-75 беттер

[7] 216-235 беттер

[15] 368-371 беттер

 

Тақырып аты: Басшы құрамды, азаматтық құралымдарды даярлау жүйесі және төтенше жағдайлардағы іс-қимылдар бойынша халықты оқыту.

Тапсырма мақсаты: Қазіргі заманғы ақпаратты қолдану.

Тапсырма,сұрақ:

1.Шаруашылық объектілерінің жұмысын талдау.

2.Объектілердің жұмысын жоғарлату әдістері.

3.Жұмыс орындағы еңбекті қорғауды ұйымдастыру жолдары.

Орындауға арналған әдістемелік нұсқау

Студенттің өзіндік жұмысы үй тапсырмасын орындаумен қатар, реферат, кейс, кроссворд, есептер шығару, Ғаламтор/Интернет/ методикалық нұсқауларды пайдалану болып табылады. Төтенше жағдайға байланысты сурет, диаграмма, салып басқа бағдарламаларда орындауға болады. Ғаламтор желісінен алынса, міндетті түрде сайт мәліметтері жазылуы тиіс.

Әдебиеттер:

[6] 253-271 беттер

[10] 223-251 беттер

[16] 371-395 беттер

Тақырып аты: Су тасқыны кезінде қорғану іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу.

Тапсырма мақсаты: Аймақтың су тасқыны кезінде халықты қорғау жайы.

Тапсырма,сұрақ:

1. Су тасқыны кезінде адамдарды қауіпсіз аймаққа орналастыру

2. Қамтамасыз етілетін көлік құралдары

3. Су тасқынынынан кейінгі қайта қалпына келтіру жұмыстары

Орындауға арналған әдістемелік нұсқау

Студенттің өзіндік жұмысы үй тапсырмасын орындаумен қатар, реферат, кейс, кроссворд, есептер шығару, Ғаламтор/Интернет/ методикалық нұсқауларды пайдалану болып табылады. Төтенше жағдайға байланысты сурет, диаграмма, салып басқа бағдарламаларда орындауға болады. Ғаламтор желісінен алынса, міндетті түрде сайт мәліметтері жазылуы тиіс.

Әдебиеттер:

[16] 102-188 беттер

 

Тақырып аты: Жер сілкінісінің қатері және пайда болған кезде халықты қорғау.

Тапсырма мақсаты: Қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі шаралардың нәтижелігін бағалау.

Тапсырма,сұрақ:

1. Қауіптілікті талдау.

2.Жер сілкінісі кезіндегі жарақаттануларды төмендету шаралары.

Орындауға арналған әдістемелік нұсқау

Студенттің өзіндік жұмысы үй тапсырмасын орындаумен қатар, реферат, кейс, кроссворд, есептер шығару, Ғаламтор/Интернет/ методикалық нұсқауларды пайдалану болып табылады. Төтенше жағдайға байланысты сурет, диаграмма, салып басқа бағдарламаларда орындауға болады. Ғаламтор желісінен алынса, міндетті түрде сайт мәліметтері жазылуы тиіс.

Әдебиеттер:

[16] 191-257 беттер

 

Тақырып аты: Өрт кезінде халықтың іс-қимылы.

Тапсырма мақсаты: Нормативті құжаттарды, өрт сөндіру кезіндегі техника қауіпсіздігін ұғындыру.

Тапсырма,сұрақ:

1. Жалпы өрт туралы мәлімет (категориялары, өрт қауіптілігі бойынша жіктелуі).

2. Өрттен жарылыстан сақтану құралдары мен жолдары.

3. Алғашқы өрт сөндіру құралдары оларды қолдану әдісі..

Орындауға арналған әдістемелік нұсқау

Студенттің өзіндік жұмысы үй тапсырмасын орындаумен қатар, реферат, кейс, кроссворд, есептер шығару, Ғаламтор/Интернет/ методикалық нұсқауларды пайдалану болып табылады. Төтенше жағдайға байланысты сурет, диаграмма, салып басқа бағдарламаларда орындауға болады. Ғаламтор желісінен алынса, міндетті түрде сайт мәліметтері жазылуы тиіс.

Әдебиеттер:

[9] 340-346 беттер

 

Тақырып аты: Террористік акті қауіп-қатері және туындаған кезде халықтың және лауазымды адамдардың іс-қимылы.

Тапсырма мақсаты: Террористік қауіп қатер туындағанда халықтың құтқару жұмыстары

Тапсырма,сұрақ:

1. Лауазымды адамдардың іс-қимылы.

2. Халықты психологиялық дайындыққа әзірлеу.

3. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі Азаматтық қорғаныстың міндеттері.

Орындауға арналған әдістемелік нұсқау




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-10-31; Просмотров: 1171; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.011 сек.