КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Панаханалар 3 страница
Зембілмен зардап шегушілерді тасымалдағанда белдікті сегіздік сықылды қайыстырады. Тұзақтар тасушының жанында болған жөн, ал айқасқан жері арқада-жауырындар деңгейінде болған дұрыс. Зембілмен тасымалдағанда бір қатар ережелерді сақтау керек. Жазық жермен жүргенде зардап шегушіні аяғын еркін жазып ал, егер, оның халі шүкір болса, оның басын алға қаратып тасымалдаған жөн. Бұл артта келе жатқан көтеруші жарақат алғанның бетін яғни хал-ахуалын қадағалауына мүмкіндік береді, керек болса тасымалдауды тоқтатып қажетті жәрдем керсету үшін де қажет. Тасушыларға өкшелерін баса қалыспай жүрудің қажеті жоқ, керісінше баяу, төмпеш-ойықтарды айналып жылжыған дұрыс. Тауға қарай көтерілгенде зардап шегушінің басын алға, ал төмен түскенде артқа қаратып жылжыған дұрыс. Аяғы сынған жарақат алушыларды керісінше тасиды. Жалпы көтерілу не төмен түсу кезінде зембіл көлбеу күйінде болуға тиіс. Ол үшін: көтерілу кезінде артта келе жатқан адам зембілді өз иығына дейін көтереді, ал төмен түсуде осы әдісті алда келе жатқан адам қайталайды. Арнаулы зембіл жоқ кезінде оны қолда бар (бақан, таяқша, пальто, көрпе, қап және т.б.) құралдардан жасайды. Ондай зембілдер адам салмағын мықты көтеретіндей болу керек. Көтергіш белдіктерді 2-3 белдіктер, брезент, жайма, жуан жіп арқан кесінділерінен жасауа болады. Тақырып бойынша бақылау сұрақтары. 1.Шаруашылық нысандарының жұмыс істеу тұрақтылығының шаралары туралы не білесіз? 2. Категорияланған нысан мен категорияланған объектілер дегеніміз не? 3. Инженерлік – техникалық жобаларының нормалары қандай? 4. Қалаларды жоспарлау мен құрылыс салу туралы не білесіз? 5. Медицианалық қамсыздандыру түрлері??
Әдебиеттер: Негізгі әдебиеттер: 10(238-245б),14(201-210б),15(277-296б) Қосымша әдебиеттер: 7(279-283б),8(248-258б),9(10-25б) Тақырып-7 Зақымдану ошақтарындағы құтқару жұмыстары және басқа қауырт жұмыстар Дәрістің мақсаты:Құтқару және басқа қаурыт жұмыстарды (Қжәне БҚЖ) ұйымдастыру және жүргізу негіздері. Кілт сөзі: құтқару, арнаулы, қосалқы, қауырыт жұмыстар. Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны: 1.Зақымдану ошақтарында Қжәне БҚЖ табысты жүргізу шарттарын ұғындыру. 2. Аралас зақымдану ошағында Қжәне БҚЖ ұйымдастыру және жүргізу ерекшеліктері. 3.Қжәне БҚЖ жүргізу кезінде АҚ және ТЖ құрылымдары командирінің міндеті.
Құтқару және басқа да шұғыл жұмыстары ТЖ аумағында адам құтқару үшін және жарақат алғандарға көмек көрсету бойынша, ТЖ оқшаулау сондай- ақ қалпына келтіру мақсатныда жүргізіледі. Адамдарды құтқару ТЖ жою әдісін бір бөлігін құрайды, олар өзара байланысқан жұмыс кешенін көрсетеді, сипаттамасы бойынша арнаулы 3 топқа жіктеледі. - құтқару - арнаулы (жедел) - қосалқы Құтқару жұмыстары, адамдарды құтқарып алумен тікелей байланысты, оған мыналар кіреді. - басылып не қамалып қалған орындарда зардап шеккендерді іздеу; - зардап шеккендерді шығарып алу (оларға жету жолдарын жасау) - зардап шеккендерді апат болған жерден көшіру. Арнаулы (жедел) жұмыстар мыналарды қамтиды - коммуналдық- энергетикалық және техникалық желілердегі апаттарды жою. - Тосқауылдарға кіру жолдарын жасау. - Осал құрылыстарды күшейту. Қосалқы жұмыстар құтқару жұмыстарын алаңына және жұмыс орындарын инженерлік пен ұйымдастырушылық дайындығына байланысты. Оларға мыналар жатады: - алаңдарды тазалау; - техника орнату; - қоршаулар мен ескерту белгілерін орнату; - жұмыс орындарын жарықтандыру; Адамдарды құтқару жұмыстары күні- түні ауа райының кез- келген жағдайында орындалады. Құтқару жұмыстары Азаматтық қорғаныс бастығының шешіміне қарай өндірістің ерекшелігін, ТЖ сипатын және зақым – зардаптың адамға, қоршаған ортаға тигізер ықтималдығын ескеріп ұйымдастырылады. ТЖ зардаптарын жою мынаны қамтиды; - халық пен ұйымдарды ТЖ қауіпі туралы құлақтандыру; - барлау жүргізуді, қирау дәрежесін, зақымдану аймағын, су басудың немесе тасқынның таралу жылдамдығы мен ықтимал шекарасын, өртенген жердің көлемін, аудандары мен таралу бағытын және өзге де мәліметтерді анықтау. - Тікелей қауіп төніп тұрған нысандар мен елді мекендерді анықтау. - Күрделі зақымдану ошағындағы құтқару жұмыстарды тек өрттер мен қирауларды ғана емес, сондай-ақ радиактивтік, химиялық, бактериологиялық зақымдауды ескере отырып ұйымдастырылады. Бұл жағдайда бактериологиялық зақымдану түрлері анықталғанға дейін барлық шаралар аса қауіпті жұқпалы аурулардан қорғану режимінде ұйымдастырылады. Ауру қоздырғыштар түрі анықталысымен зақымдану ошағында және оған жапсарлас аудандарда тиісті оқшаулау- шектеу және жұқпалы ауруларға қарсы шаралар жүргізіледі Күрделі зақымдану ошағында құтқару жұмыстарын табыста жүргізу үшін мыналарды істеу қажет: - барлаудың барлық түрлерін үздіксіз және бір уақытта жүргізу және оның мәліметтерін жылдам пайдалану; - мақсаттары әртүрлі күш пен құралды бір уақытта және дұрыс пайдалану; - зақымдау, қирау, өрт аймағын тез жою немесе айналып өту; - күш-жігерді маңызды нысандарға жұмылдыру, күш пен құралды бағыттау; - тұрақты және нақты өз-ара іс-қимыл қарқының қолдау - күш пен құралды үздіксіз, мығым жене ұтымды басқару. Зақымдану ошағында медициналық күш пен құралды жылдам еңгізудің, сондай-ақ улағыш және қатты әсер ететін улы заттармен зақымдалғандарға алғашқы медициналық көмек көрсетуді бастау мерзімің барынша жақындатудың ерекше маңызды бар. Ауылшаруашылығы өндірісінің нысандары зілзала күштершің, әртүрлі жұқпалы аурулардың ықпалына тез ұшырайды. Өнеркәсіп орындары мен көліктегі авариялар мен апараттардың зақымдағыш факторлары ауылға жетеді. Оның салдарынан ауа, топырақ, су радиоактивті, қатты әсср ететін улы және зиянды заттармен ластанады. Өрт қауіпі артып, қышқылды жаңбыр жау ықтималдылығы күшейе түседі, осының бәрін хайуанаттар мен адамдар жылдам сезінеді, олар зиян, ал кейде орны толимас залап шегеді Хайуанаттар мен өсімдіктердің, ауылшаруашылығы өнімдері мен жануарларды, су кездерін қорғау бойынша Азаматтық қорғаныс іс шараларын орындау мақсатында хайуанаттар мен өсімдіктерді қорғау қызметтері мен қызмет бөлімшелері құрылады. Қызметтердің негізгі міндеттері: - мал мен өсімдіктерді, ауылшаруашылық өнімдерін және өсімдік шаруашылығын, су көздері мен сумен жабдықтау жүйесін: радиоактивтік химиялық бактериологиялық биологиялық) зақымданудан қорғау жөніндегі шараларды ұйымдастыру және орындау; - ветеринарлық және фитологиялық барлауды, зақымданған хайуанаттарды емдеуді ұйымдастыру; - зақымдалған хайуанаттарды амалсыз союды және оларды кемуді ұйымдастыру; егістікті, жайылымды және мал мен өсімдікшаруашылығы өнімдерін залалсыздандыру; - ауылшаруашылығы өнімдері мен малды қауіпсіз аймаққа апаруды ұйымдастыру; - жем-шөп пен астықтың артық қорын жасау; - қызмет бөлімшелерін мақсат бойынша іс-әрекеттерге даярлыта ұстау және оларды жеке құралмен, техникамен және мүлікпен қамсыздандыру; - дәрі-дәрмектердің, залалсыздандырғыш заттардың қорын жасау және де дер кезінде жанарту; ТЖ-дағы, зақымдану ошақтарындағы іс-әрекеттерге ауыл халқын оқытып-үйретуді ұйымдастыру және өткізу. Хайуанаттар мен өсімдіктерді қорғау қызмет бөлімшелерінің даярлығы оларды жеке құраммен жасақтау, ақаусыз техникамен, прибормен, улы химикаттармен, қорғаныс құралдармен және өзге де қажетті мүлікпен жабдықтауға байланысты. Шаруашылықтағы мал мен өсімдіктің зақымдалуын оқшауландыру және жою жұмыстары ТЖ аймағында тікелей іс-әрекет ертетін мал мен өсімдікті қорғау командасына (МӨҚК) жіктеледі, олар: - хайуанаттарға ветеринарлық көмек көрсетеді; - оларды көпшіріп, қоныстандырады; - зақымданған хайуанаттарды, өсімдіктерді сынақтама тексерінен өткізеді, ескереді және зерттеу үшін зертханаға жеткізеді; - хайуанаттар нысандарына залалсыздандыру жүргізеді және зақымдалған хайуанаттарға ветеринарлық ем-дом жасайды: - улы химикаттар көмегімен зақымдалған егістіктерді залал сыздандырады, - карантиндік және шектеу шараларын жүргізеді Зақымдалған хайуанаттарға көмек көрсеткен және өсімдіктерді залалсыздандырған кезде хайуанаттар мен өсімдіктерді қорғау қызметі бөлімшелерінің жеке құрамы қауіпсіздік шараларын сақтай отыра, химиялық қорғаныс құралдарын пайдаланады. Азаматтық қорғаныс шараларын орындау үшін қажетті жағдайды жасауға байланысты. АҚ шараларын және күштерінің іс-әрекеттерінің қамсыздандырудың негізгі түрлері: - барлау - инженерлік қамсыздандыру - химиялық қамсыздандыру - медициналық қамсыздандыру - көлікпен қамсыздандыру - материалдық-техникалық қамсыздандыру - гидрометеорологиялық және метеорологиялық қамсыздандыру. Құтқару және өзге шұғыл жұмыстарды төтенше жағдайлар аймағында зақымдану ошақтарында ұйымдастырған кезде АҚ басқару органдары тиісті АҚ бастықтарының нұсқаулары (өкімдері) негізінде және қалыптасқан жағдайды ескере отырып АҚ, күштері іс-әрекеттерін қамсыздандырудың белгіленген тәртібіне өз уақытында қажетті езгеріс пен толықтыру енгізеді орындаушылардың міндетін нақтылайды және басқару органы бастығының жазбаша өкімдерімен қамсыздандырудың әрбір түрі бойынша нұсқауларды жеткізеді. АҚ шаралары мен күштерінің іс-әрекеттерін қамсыздандырудың тікелей орындашылары АҚ және ТЖ тиісті қызметтері, АҚ әскери бөлімшелері мен құрамалары болып табылады. а) барлау - АҚ мен іс-әрекеттері мен шараларын қамсыздандырудың маңызды түрі болып табылады. Ол ТЖ-дан және осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуына қорғау, құтқару және өзге де шұғыл жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыру бойынша дер кезінді және қисынды шешім қабылдау үшін қажетті мәліметтерді алу мақсатынында ұйымдастырылып жүргізіледі. Барлау үшін басты талаптар: толасыздық, белсенділік мақсаткерлік, алынатын барлау мәліметтерінің дұрыстығы қолданылылатын құралдар мен іс-әрекет аясын; байланысты барлау мынадай түрге бөлінеді: - әуе - жер үсті - темір жол - өзен (теңіз) б) медициналық қамсыздандыру АҚ күштері жеке құрамының денсаулығы мен жұмыс қабілетін сақтау, зақымдалушылар мен ауруларыға дер кезінде медициналық көмек көрсету, оларды көшіру, емдеу және қатарға қосу жұқпалы аурулардың пайда болуы мен таралуын ескерту мақсатында ұйымдастырылады. в) көлікпен қамсыздандыру шаралары және Азаматтық қорғаныс күштерінің іс-әрекеттері көшірілетін халықты дер кезінде әкету, құтқарушыларды жылдам жұмыс орны мен қоныстану ауданына жеткізу, қалалардан материалдық құндылықтарды әкету, АҚ күштерін ТЖ аудандарына тасымалдау мақсатында ұйымдастырылады. Көлікпен қамсыздандыруды АҚ және ТЖ көлік қызметері, АҚ көлік құрамалары, министрліктер мен ведомстволардың, ведомстволық бағыныстылығы мен меншік түріне қарамастан нысаңдардың көліктік ұйымдары жүргізеді. г) ақ шаралары мен күштерінің іс-әркеттерін материалдық-техникалық, қамсыздандыру АҚ, басқару органдары мен күштерін өз уақытында және тұрақты әзірлікте ұстау, ТЖ аймағында, зақымдану ошақтарында құтқару және өзге де шұғыл жұмыстарды жүргізу кезінде оларды әзірлікке жедел келтіру мен АҚ күштерін қамсыздандыру мақсатында ұйымдастырылады. д) гидрометеорологиялық (метереологиялық) қамсыздандыру АҚ шараларырын орындау кезінде метереологиялық және гидрологиялық қауіпті құбылыстар мен ауа райының элементтерін жан-жақты есепке алу мақсатынды жүргізіледі. Ақ күштерінің іс-әрекеттері мен гидрометеорологиялық шараларды қамсыздандыруы гидрометеорологиялық және қоршаған ортаны қорғау сұрақтарын қамтитын арнаулы органдар мен құрылымдар атқарады. Төтенше жағдайлар кезінде тұрғындарға тіршілік қамсыздандыру, адамдардың денсаулығын және жұмыскерлік жағдайын көтеру шаралары қолға алынады. Бұл жиынтық мыналарды қамтиды: ♦ тұрғындарды азық-түлікпен, ауыз сумен және де күнделікті қажетті бар құралдарымен қамсыздандыру; ♦ бактерологиялық, химиялық, радиоактивті зақымданудан азық-түлікті, су қоймалары және су беру жүйесін қорғау; ♦ тұрғындарды коммуналды-тұрмыстық қамсыздандыру; ♦ тұрғындардың медициналық қамсыздандыру; ♦ ТЖ ахуалында іс-әрекет тәртібін жасау және уақытында орнату; ♦ тұрғындарды санитарлық тұрғыдан қарау; ♦ әзір өнімдерді, шикізаттарды. құрал-жабдықтарды, көлікті, аумақты зарарсыздандыру бойынша жұмыс жасау; ♦ тұрғындарға нақты ақпар беру; ♦адамдардың моралдық-психологиялық және психологиялық тұрақтылығына көмек беру шараларын жасау. ♦ тұрғындарды еңбек ету мүмкіншілігімен қамсыздандыру. Мұнай, мұнай өнімдерін, газды сақтау және өндіру, ұқсату кәсіпорындарында, аудандарда өрт өшіру, құтқару жұмыстарды жүргізу және ұйымдастыру барысында технологиялық аппараттардың коммуникация мен жанғыш заттар бар-жоғын, жарылу ықтималдығымен. Құтқару жұмыстарын жүргізу барысында негізгі күш пен құралдарды зардап шеккендерге алғашқы дәрі-дәрмек көмегін беру үшін, бұзылыста қалғандарды шығару үшін жедел жетуде мақсатталады. Ашық газ, мұнай фонтандары мұнай-газ өндіру кәсіпорындарда пайда болса өртке қарсы құрамалардың негізгі міндеті - көршілес ұңғымаларға, ғимараттарға, өрт жайылтпау және де ашық өрт ошақтарын жоюға қажетті жағдай туғызу. Арнаулы дайындығы бар топтармен командалар ұңғымалардың ашық атқылауын жояды. Лапылдап жанып жатқан фонтандарды өшіру оларды жабуға бағытталған жұмыстар бітісімен жасайды. Жер асты және тау-кен қазбаларында құтқару жұмыстарын ұйымдастыру барысында: газ, жарылыс, су тасқын, өрт қауіптілігі әр-уақытта болатындығын; адам бар терендігін; адамдарға жеткізетін ұңғымалар мен штректердің санын; адамдарды жер бетіне шығаратын дербес қуаткөздерін, шаңсүзгіштерін; апат желдеткіш жүйенің, адамдар паналаған бөлмелер сенімділігінің бар-жоғын т.с. ескеру керек. Тау – кен немесе шахта қазбаларында құтқару жұмыстарын жүргізу барысында адамдардың паналау орнындағы тіршілігін қамсыздандыратын жағдай жасау керек немесе басқа қауіпсіз жерге жеткізілген жөн. Бұылыстың сипаты мен желдеткіш жүйесінің қалпына қарай адамдар болуы мүмкін бөлмелерді газдан желдету, өрттен, су басудан, сақтау амалын қарастырылып, қажет болса жер асты жолдарына көршілес штректер арқылы, ал мүмкіндік болса аман қалған шахталық көлік құралдар (электртасушы, көліктік науа, лебедкалар) және апатты көтергіштер көмегімен адамдар жер үстіне көшіріледі. Құтқару жұмыстарын әскериленген тау-кен-құтқару бөлімдерімен және қосымша шахталық тау-кен-құтқару топтары тау-кен-құтқару жетекшілерінің тікелей басшылығымен өткізеді. Бөлімшелердің жеке құрамасы құтқару жұмыстарды шахтада, кен-қазбада жүргізу үшін распираторлармен, газқағарлармен, өздікқұтқару құралдарымен қамсыздандырылады. Шахталарда құтқару жұмыстарын шахта АҚ басшысы және инженерлік-ігехникалық қатардан шыққан адамдар жүргізеді. Негізгі разарды олар (өрт, түтін, газ аумағындағы) адам өміріне қауіп төндіретін өртті өшіру бойынша жұмыстарына аударады.
Қж ШБЖ Жүргізу тәсілдері мен амалдары КжШБЖ жүргізу тәсілдер мен амалдар жалғасымдығы ғимараттың бұзылуынан; коммуналды, энергетикалық, технологиялық жүйелерінің аварияларынан және нысанның радиация алу мен химикалық зарардану дәрежесінен; құрама іс-әрекеттеріне әсер ететін өрт және басқа да жағдайларынан тәуелді. Әуелі, адам болып қалуы мүмкін жерлерде қираған құрылыстарға, бұзылған ғимараттарға және құтқару жұмыстарын жүргізуге бөгет жасайтын авария орындарына жол ашылу керек. Кіретін жолдары бір бағытты қозғалысында 3-3,5м енімен және екі бағытты қозғалысында ені 7м болады. Мұнда бір бағытты қозғалыс кезінде әр 150-200м сайын 15-20м созылымдығымен ажыратқыштар жасалады. Кіріс жолдарын жасау үшін автокрандарымен, бульдозерларымен нысан құрамалыры қатыстырылады. Тапсырылүан өрт өшіру құрамалары жұмыс нысандарына бағыт алып, жол бойы кездескен өрт ошақтарын өшіріп жүреді. Қираған құрылыстар астынан адам құтқару шараларымен әдетте әскери бөлімшелері мен АҚ құрамалары айналасады. Бірақ бұл жұмысқа басқа да барлық тұрғыңдарды қатыстыру керек. Барлау мәліметтеріне сүйеніп адам құтқару мен іздестіру жұмыстарын құтқарушылар келуімен бастайды. Жеке құрама панаханаларды іздестіріп, қорғаныс құрылыстарында қамалып қалған адамдарымен байланыс құралдарымен тұрақты байланыс жасауға тырысады, ол үшін желдеткіш саңылауларын, есік, ірге, су-жылу құбырларын тықылдытып пайдаланады. Ең алдымен желдеткіш арналары немесс қабырғаларда тесік жасап таза ауа жібереді. Панахана аршу барысында қирау сипатына қарай әртүрлі тәсілдер мен саймандар пайдаланады: негізгі кіре-берісте бұзылғанды тазалау, одан кейін есікті ашу немесе бұзып ашу, үңгір немесе авариялық шығу люгін қазып алу; көршілес жатқан бөлмеден панаға қарайтын қабырғаны бұзу; бұзылыс үстіндегі бөгетті ашу одан кейін адам шығару үшін жол жасау. Осымен қатар зақымдану ошағында адам іздестіру барысында әр түрлі (паналауға арналмаған) жер қоймаларын. жол құрылыстарын (құбырлар, құз), сыртқы терезелер мен сатылы шұңқырларын, ғимараттардың төменгі қабаттағы, іргеге жақын кеңістікті қарайды. Адамдарды дауыстап шақыру арқылы іздеу керек. Бұзылысты аршу кезінде өте сақ болып, ең алдымен зардап шеккеннің басын және кеудесін босату керек. Зақымдалған адамдарды жасалған жол арқылы мына амалдарымен: қолмен, плащпен, брезентпен, пленкамен, көрпемен, сүйреу жолымен, зембілмен т.б. заттар арқылы орындалады. Адамдарға алғашқы медициндік жәрдем көрсетіп, қауіпсіз аудандарға шоғырландырады. Армениядағы Ленинакан, Спитак қалаларындағы жер сілкініс зардабын жою кезінде адамдарды қирау астынан шығару бойынша алынған тәжірибесінен бұзылыстарды аршуға 16 тоннадан кем көтермейтін қуатты көтергіш крандар үлкен экскаваторлар, жылжымалы электрстансиялары мен прожекторлар түнгі жұмыстарында талап етіледі. Мысал, үшін қысқа мерзімде апат болған жерде жұмыс орындауға кем деген де 1200 ауыр крандар қажет болды. Ешбір ел әзірше тірідей көмілгендерді құтқару үшін үй қирауларын абайлап әрі жылдам аршуда шешім тапқан жоқ. Соңғы жылдардың жер сілкіністері адамдар қирау астында екі-үш аптадай; егер де жарақат алмаса тірі болатындығын көрсетеді. Мысал, үшін Мексикада 1985 ж. жер сілкіністен кейін 4,5 мың. адам өмірін әкетті, адамдарды 13 күннің ішінде табылып тұрған. Ленинаканда зілзаладан кейін бес тәулік өткен соң тірі қалған 5398 адам шығарылды. 11-ші тәулікте чехословакиялық құтқарушылары бұзылыс астынан 58 жасындағы әлсіреген тірі әйелді тапқан. 45-гі басқа әйел 9 қабатты үй бұзылысынан 10-ші тәулікте шығарылды, сол сәтте ол жан-жағына бір қарап аяғына тұрып кетті. Қайғылы мәліметтерде баршылық: жер сілкіністен кейін бұзылысқа түскен мың адамнан 50-і сағат сайын қаза болады. Сондықтан бір кешіккен минут тірідей көмілген бір адамның өмірін әкетеді. Жан-жағынан шығып тұрған бетон плиталары бар жатық төмпеш секілді болған қирау мен бұзылыстарды аршу, соның ішінде ең бастысы-адам іздестіру әрі құтқару шараларын орындау айрықша күрделі іс. Армениядағы жер сілкініс зардабын жоюға Франция, Англия, Швейцария, АҚШ және басқа елдерден мамандары үлкен көмек көрсетті. Олар өздерімен бірге терең жерден тірі адамдарды іздеуге арнайы үйретілген иттерді, (жер астында адам табуға көмек беретін сезгіш инфра қызыл камераларымен, бұзылыстарды бағытты тыңдауға: егер де ара қашықтық көп болмаса жүрек соқтығысын естуге болатын) бірегей құрал-жабдықтарын әкелді. Бұлар байланыс құралдарымен, жылжымалы кескіштермен, қуатты фонарларымен, титан карабинды-капронды стропаларымен жабдықталған. Тірі адамдарды тапқан бойда құтқарушылар жіңішке құдық қазып, ол арқылы дәрі-дәрмек, су, азық-түлік жіберіп тұрады да кейін бұзылысты ақырындап аршиды. Сөйтіп Ленинакан қ. 9 желтоқсанда, былай айтқанда жер сілкініс болғанына екітәулік өткен соң француз құтқарушылар тобы келді. 84 құтқарушы 30 арнайы үйретілген иттерімен тәулік ішінде 60 адам құтқарып шығарды.
Дата добавления: 2014-10-31; Просмотров: 1712; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |