КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Жарылыстар 3 страница
Төменде изотермия жағдайындағы авиациямен УЗ қолданған кезде ашық жердегі ластанған ауа бұлтының қауіпті таралу терендігінің (км) есептемелік маңызы келтірілген. Ашық ауа райында (конвекция жағдайында) ластанған ауаның қауіпті таралуының тереңдігі шамамен екі есеге азаяды, ал ипверсия жағдайында шамамен 1,5 — 2 есеге көбейеді.
Төңірегінің бәрі құрылыс елді мекендер мен орман алқаптарында ластанған ауаның қауіпті таралуының тереңдігі айтарлықтай азаяды (3-3,5 есе) ҚӘУЗ бар объектілердегі химиялық ахуалды бағалау химиялық зақымдану ошағында болуы мүмкін адамдарды қорғауды ұйымдастыру мақсатында жүргізіледі. Химиялық ахуалды болжау әдісімен бағалау кезінде ауа райының ластанған ауаның таралуы үшін қолайлы кезінде объектідегі бүкіл ҚӘУЗ қорының бір уақытта төгілу (шығу) шарты қабылданады (инверсия, желдің жылдамдығы 1 м/с) ҚӘУЗ салынған ыдыстардағы авариялар (қирау) кезінде бағалау нақты қалыптасқан жағдай бойынша жүргізіледі, яғни төгілген (шығарылған) улы заттардың нақты саны мен ауа райының жағдайы алынады. Бұл жағдайда қайнау температурасы 20 °С –тан төмен улы заттардың (фосген, фторлы сутегі және т.б.) олардың төгілу шегі бойынша бірден буланатындығын және ауаның жер бетіндегі қабатына түскен улы булар көлемдіне тең болатындығын ескеру керек. Qайнау температурасы 20-тан жоғары улы сұйықтардың (күкіртті көмір тегі, көгілдір қышқылы және т.б.) сондай-ақ баяу қызатын сұйықтардың (сұйытылған аммиак пен хлор, олеум және т.б.) объект аумағында төгіледі және булана отырып ауаның жер бетіндегі қабатын ластайды. ҚӘУЗ бар объектілердегі химиялық ахуалды бағалау химиялық зақымдану ошағында мен химиялық зақымдану аймағының көлемдерін ауаның белгілі межеге (объект) жету уақытын, зақымдаушы іс-әрекет уақыты мен химиялық зақымдану ошағындағы адамдардың ықтимал қаза болуын анықтауды қарастырады. Химиялық ахуалды бағалау негізінде адамдарды қорғау шаралары қабылданады, зақымдану мен зақымдану салдарын жою жағдайындағы құтқару, объектінің өндірістік қызмметін қалпына келтіру және халықтың тіршілігін қамсыздандыру жұмыстарын жүргізу жөніне шаралар әзірленеді. Объектілердегі қорғаныс режимін таңдау кезінде мыналар қарастырылады: өндірістік қызметті жалғастыру кезінде жеке қорғаныс құралдарын пайдалану, зақымдалған ғимараттарда (цехтарда) жұмысты тоқтату, адамдар жұмыс орнына шыққаннан кейін зақымдануды болдырмайтын жұмыстарды жүргізгенге дейін панаханаларда болу тәртібі. Объект аумағы қатты зақымданған жағдайда жекелеген цехтардың немесе бүкіл объектінің жұмысын тоқтатып, аумақты, ғимарат пен объекті қондырғыларын заласыздандыру жөніндегі жүргізгенге дейін зақымданбаған аудандарға адамдарды кошіру карастырылу мүмкін. Объект жұмысының үлгілік режимдерінің, құтқару жұмыстарын жүргізудің үлгілік нұсқаларын бейбіт уақытта желдің негізгі бағытын, объект жумысының нақты жағдайы АҚ бөлімшелерінің жеке құрамын, жумысшылар мен кызметшілерді жеке қорғаныс пен ұжымдық қорғау құралдарымен қамсыздандыруды ескере отырып даярлаған дұрыс. Химиялық ахуалды бағалаудан туындаған қорытындылар зақымдау ошақтарында жумыс жүргізу ушін АҚ бастықтарының шешімдерінде пайдаланылады және АҚ бөлімшелерінің құрамын химиялық зақымдану жағдайындағы іс-әрекет қорғауды ұйымдастырудың негізі болып табылады. Халықты қорғаудың негізгі принциптері мен қорғау әдістері. Адамдардың қауіпсіздігін қамсыздандыру бейбіт және соғыс уақытындағы ТЖ жағдайында халықты қорғау бойынша республикамызда жүргізілетін барлық шаралардың аса маңызды мақсаты болып табылады. Төтенше жағдайларды ескерту және іс -әрекеттер жөніндегі Республикалық жүйенің өзіне жүктелген міндеттерді орындауға даярлығы түпкілікті нәтижеде оның мақсатқа жету қабілетін анықтайды.Қазіргі уақытта адамзаттың алдында соғыс қатерінекн басқа ғаламдық, кауіп экологиялық апат қауіпі өткір тұр: ауа ластанған, өзендер мен көлдер қышқөылды жауындар мен уланған, топырақ бүлінуде, ормандар құруда, өсімдіктер мен хайуанаттардың жекелеген т.рлері жойылуда. Адам өміріне қауіпті затарды пайдаланатын және өндіретін объектілер бір жерге шоғырлануда. Бұл объектілердегі авария салдарымен салыстиыруға болады. Чернобыль АЭС-індегі оқиғалар, Армениядағы, Нефтегорскідегі, Шығыс Қазақстандағы жер сілікністерін және басқа төтенше жәйттарды талдау бейбіт уақыттағы жағдайда адамдардың қауіпсіздігі мәселесіне басқаша тұрғыдан қарауға мәжбүр етеді. Республика аумағында атом энегетикасы, химия өнеркәсібі объектілері мен өзге де объектілер орналасқан, мұндағы авариялар үлкен адам құрбандықтары мен, материалдық залалмен қатар елеулі экономикалық салдарға да ұшырату мүмкін. Осы жағдлайлар мемлкеттік, әскери және шаруашылық органдары тарапынан АҚ мәселеріне, халықты сенімді қорғау мен шаруашылық объектілерін сақтау, басқару жүйесінің мүлтіксіз жұмыс істеу жөніндегі міндеттерді шешуде жаңа ұстанымдарды қажет етеді. Халықты, қоршаған орта мен ұйымдарды төтенше жағдайлар кезіндегі қорғаудың негізгі принциптері. Халықты қорғау принциптері - бұл бейбіт және соғыс уақытындағы жағдайда халықты қорғау тәртібін анықтайтын ҚР үкіметі белгіленген ережелер. Халықты авария, апат, зілзала мен осы заманғы зақымдау құралдарының салдарынан қорғау жөніндегі шараларды жүргізу сипаты, көлемі мен мерзімі аға бастық үйғарымын ахуалды бағалау мен жергілікті жағдайларды және мүмкіндіктерді ескере отырып әзірленетін АҚ жоспарларымен анықталады. Осы заманғы зақымдау құралдарының халық пен шаруашылық объектілерін (ШО) қорғаудың негізгі принциптері мыналар: 1. Қорғаныс шараларын өз уақытында жоспарлау және өткізу. Ол мыналарды қамтиды. А) бейбіт және соғыс жағдайындағы АҚ жоспарларды әзірлеу. АҚ жоспарлау- Азаматтық қорғанысты басқару процесінің маңызды құрамдас бөлігі. Оның мәні бейбіт және соғыс уақытындағы жағдайды талдау мен бағалау, халықты қорғау жөніндегі АҚ шараларын анықтау болып табылады; Б) Халықты ТЖ мен осы заманғы зақымдау құралдарынынан қорғау әдістеріне даярлау. Моральдық-психологиялық қасиеттерді және АҚ мен ТЖ бойынша оқып үйрену қажеттігіне сенімділікті қалыптастыру: В) ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарын жинау және оларды пайдалауға әзірлікте ұстау; Г) көшіру шараларын даярлау; Д) бейбіт және соғыс уақытындағы жағдайда шаруашылық салалары мен объектілері жұмысының сенімділігін және тұрақтылығын көтеру жөніндегі шараларды жүргізу. 2.ҚР Қарулы Күштерімен тығыз байланыста қорғаныс шараларын жоспарлануы және өткізу. АҚ алдында тұрған міндеттерді табысты орындауда ҚР қарулы күштерімен тығыз байланыстың үлкен маңызы бар. Республика басқару органдарына әзәрленетін өзара іс-қимыл жоспарларының мазмұнына ҚР Қарулы Күштерімен тығы байланыс бойынша негізгі мәселелер енгізілген. · Даярлық дабылдары бойынша АҚ және ТЖ органдары гарнизондарының хабарлау және осы органдардан олар орындаған шаралар туралы кері ақпарат алу тәртібі; · Комендатттық қызметті ұйымдастыру және әскерлердің жұмылдыру ресурсының қозғалысы мен халықты көшірудің негізгі бағыттарындағы қозғалысты реттеу; · Гарнизон әскерлерін, жергілікті қорғаныс объектілерін, көшірілген халықты қауіпсіз аймаққа орналастыру аудандарын анықтау; · Зақымдау ошақтарында зілзала, ірі авария мен апат болған кезінде барлау ұйымдастыру мен құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін әскери басшылық ұшақтар, тікұшақтар, әскери бөлімдердің барлау құрылымдарын және техниканы бөлуі мүмкін; · радиациялық және химиялық қадағалау мен лабораториялық бақылаудың бірыңғай жүйесін белгілеу; · көлік, медицина, инженерлік, материалдық-техникалық құралдармен өзара көмек көрсету жөніндегі шаралар; · санитарлық-эпидемиялық ахуал туралы ақпарат; · халықты көшіруде басқару үшін байланыс және хабарлау құралдарын бірлесіп пайдалану. Әскери басқару органдарының бүкіл басшы құрамының тиісті мемлекеттік және шаруашылық органдарымен, АҚ және ТЖ органдарымен және қызметтерімен келісімді жұмысы арқылы ғана қысқа мерзімде АҚ жүйесінің бейбіт жағдайдан соғыс жағдайына ұйымшылдықпен көшуі, өзіне жүктелген міндетті орындаушы үшін тұрақты даярлығына қол жеткізуге болады. Халықты қорғаудың негізгі әдістері Халықты осы заманғы зақымдау құралдарынанжәне төтенше жағдайлар кезінде қорғауды ұйымдастыру мен іске асыруда халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан және төтенше жағдайларда құрбандыққа ұшырауын болдырмауға немесе азайтуға бағытталған қорғаныс шараларын іске асыру әдістерінің ролі ерекше. Халықты қорғаудың негізгі әдістері мыналар: ♦ қорғаныс ғимараттарына жасыру; ♦ халықты таратып қоныстандыру және көшіру; ♦ жеке және медициналық қорғаныс құралдарын қолдану; ♦ дер кезінде хабарлауды ұйымдастыру; ♦ азық-түлік, суды, мал мен өсімдікті радиоактивтік, улағыш, қатты әсер ететін улы заттармен және бактериалдық құралдармен зақымдануда қорғау; ♦ радиациялық, химиялық, бактериологиялық барлау мен дозиметрлік және лабораториялық бақылауды ұйымдастыру; ♦ өрттен қорғау, санитарлық-гигиеналық, эпидемияға қарсы және сақтандыру шараларын жүргізу; ♦ зақымдау айиақтарындағы ұйымдарға жұмыс пен халықтың өзін-өзі ұстау режимдерін сақтау; ♦ адамдарды, техниканы киім мен аяқ-киімді, санитарлық тазалауды және аумақ пен ғимаратты залалсыздандыруды жүргізу. Қорғаныс ғимараттарына жасыру - халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан, әсіресе жау шабуылы қауіпі жағдайында қорғаудың негізгі және ең сенімді әдісі. Бұл әдіс ахуалдың ықтимал сипаты мен халықтың әртүрлі апаттарын қорғау талаптарына жауап беретін қорғаныс ғимараттарына жүйесін қолдануды қарастырады. Адамдарды радиациядан қорғайтын панаханада жасыру жеке және медициналық қорғаныс құралдарын қолдануды қамтамасыз еткенде ғана сенімді бола алады. Таратып қоныстандыру және АҚ топтарына жататын қалалардың халқын, яғни жау шабуылы құралдары әсерінің қаупі нақты төнеген халықтың бөлігін қорғау үшін жүргізіледі. Бұл әдісте ықтимал зақымдану ошақтарынан адамдарды уақытында алып кету және оларға жеке қорғаныс құралдарын кигізіп радиациядан қорғайтын панаханада жасыру жолымен қауіпсіз аймақтарға орналастыруды қарастырады. Көшіру шаралары халықты төтенше жағдайлар, осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуы салдарынан қорғаудың негізгі әдісі болып табылады. Таратып қоныстандыру мен көшіру туралы шешімді ҚР үкіметі қабылдайды және орталық, жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар іске асырады. Бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылу қауіпі кезінде халықтың бір бөлігін дер кезінде көшіру (ішінара көшіру) жүргізілуі мүмкін. Болжанбайтын жағдайларда адамдардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төнген кезде шұғыл көшіру жүргізілуі мүмкін. Халықты ішінара көшіру туралы шешімді жергілікті атқарушы органдар қабылдайды. Көшіру шараларын жоспарлау мен өткізу Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органы бекіткен «Көшіру шараларын ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі нұсқаулыққа» сәйкес жүргізіледі. Жеке және медициналық қорғаныс құралдарын қолдану осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдағыш факторларының ықпалын әлсірете алады. Жеке қорғаныс құралдары радиоактивтік, улағыш, қатты әсер ететін улы заттармен және бактериалдық құралдармен зақымданудан қорғауға арналған. Медициналық қорғаныс құралдары қазіргі қарудың зақымдағыш факторларының ықпалын ескертуге немесе әлсірету арналған. Оларға радиациядан қорғайтын препараттар, антидодтар және АИ-2 жеке дәрі-дәрмек қобдишасындағы өзге бактериядан қорғау құралдары мен жеке химиядан қорғау пакеті жатады. Халықты қорғау республика Азаматтық қорғанысының басты міндеттері болып табылады, өйткені адамдар- ең жоғары құндылық және олардың қауіпсіздігін қамсыздандыру - бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларды ескерту мен іс - әрекеттер бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жүйесі барлық шараларының басты мақсаты. Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары Халықты авария, апат, зілзала салдарынан, сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдағыш факторларынан қорғаудың ең негізі тәсілдерінің бірі бұл оларды ұжымдық қорғау құралдары болып табылатын қорғаныс ғимараттарына жасыру. АҚ және ТЖ жүйесінде пайдаланылатын мұндай ғимараттарға панаханалар, радиациядан қорғау орындары (РҚО) және қарапайым жасырыну орындары жатады. Панахана толқын соққысынан, жарық сәулесінен, өткіш радиациядан және радиоактивті зақымданудан – ядролық жарылыстың зақымдағыш факторларынан, сондай-ақ улағыш заттардан (УЗ), бактериалдық құралдар мен қатты әсер ететін улы заттардан (ҚӘУЗ) ықпалынан сенімді қорғауды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар панаханадағы адамдар жоғары температурамен өрт жағдайындағы азық-түліктің жануына, құлаған ғимараттың бөлшектерінің зақымдануынан қорғана алады. Өндіріс күштерін осы заманға зақымдау құралдарынан, зілзаладан, радиациялық және химиялық қауіпті объектілердегі авариялардан қорғау-маңызды мемлекеттік міндеттердің бірі. Өткен уақыттағыдай, қазірде осы міндетті шешу жолдарының бірі елді-мекендерге адамдарды паналатуға арналған қорғаныс ғимарттарының әр түрлі үлгілерні жасау болып табылады. Қорғаныс ғимараттары адамдар жасырынуға тиіс жерлерге мүмкіндігінше жақын орналасуға тиіс. Қорғаныс ғимараттары салыну мерзімі бойына бейбіт уақытта жылдам салынуға және қауіп төнген кезде тұрғызылуға тиіс. Мақсаты бойынша халықты жасыру немесе басқару және байланыс тораптарын орналастыруға ыңғайлы болу қажет. Қорғаныc ғимараттары желдеткіш қондырғылармен қамтамасыз етуі бойынша олар қолда бар материалдар және ------------ тұрған ауаның тұрақты көлеміне орай (желдетусіз) даярланатын, өндірістік қисында даярланған желдеткіш қондырғылары болып бөлінед
Дата добавления: 2014-10-31; Просмотров: 1618; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |