КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Панаханалар 2 страница
1.Объектілер жұмысының тұрақтылығына әсер ететеін факторлар. 2. Инжеренлік- техникалық кешенінің тұрақтылығын арттыру тәсілдері және объектіні басқару жүйелері Халық, аумақты және ұйымдарды осы заманғы зақымдау құралдарынан қорғау жөніндегі АҚ шаралары Осы заманғы зақымдау құралдарынан сәтті қорғану көп жағдайда халықтың өзін-өзі ұстауына, оның қарсылас шабуылы кезінде және Азаматтық қорғаныс хабарлау дабылы бойынша дұрыс іс-әрекетіне байланысты. Барлық азаматтар осы мерзімде ТЖ және АҚ органдарды жүргізетін шараларды орындауға белсенді қатысуға, атап айтқанда: § ТЖ және АҚ органдары дабылдарын, әмірін, өкімін өз уақытында алуын қамсыздандыруға; § Қорғаныс ғимараттарын, жеке қорғаныс құралдарын және көшіру шараларын жүргізуді даярлауға; § Өрттен қорғау шараларын жүргізуге; § Үйді (пәтерді) радиоактивті шаң мен аэрозольдан қорғаудан даярлауға; § Жарықпен алдандыруды ұйымдастыруға; § Азық-түлік тағамын жем-шөпті және суды зақымданудан қорғауды; § Малдарды қорғауға; § Жұқпалы аурулар шараларын жүргізуге міндетті;
Халықтың қарсыластың шабуылы қауіпі кезіндегі іс-әрекеті. Бүкіл халықты қарсыластың ықтимал шабуылы туралы ескерту үшін үкімет шешімі бойынша шабуыл қауіпі жарияланады. Шабуыл қауіпі туралы ел халқына ТЖ және АҚ органдарына жедел хабарды радиотораптар, теледидар және өзге бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлайды сонымен қатар үкіметтің тиісті шешімімен немесе қаулысы қоса беріледі. Қауіп кезеңінде хабарлау дабылын өз уақытында алу үшін әрбір кәсіп орында, әрбір үйде радиоқабылдағыштар, радиохабары желісіне тұрақты қосылып тұруға ал теледидар өз телеорталығының негізгі бағдарламасында тұруға тиіс. Ауылшаруашылық нысандарының жергілікті радиотоптарын тәулік бойы жұмысқа көшіру егіс жұмыстары, алыстағы жайлауға кеоген кезде және басқа жерлерде болған кезде транзисторлық қабылдағыштарды өзіңізбен бірге алып жүрген дұрыс. Осының бәрі халыққа күн мен түн уақытында елдің кез келген нүктесінде билік органдарының өкімін және АҚ хабарлау дабылын қабылдауға, тиісінше қорғануға өз уақытында даярлануға мүмкіндік береді. Қазіргі жағдайда қарсылас шабуылы қауіпі мерзімінің созымдылығын, қорғаныс шараларын жүргізу үшін қанша уақыт қалғандығын және қарсылас ядролық соққыны қанша уақыттан кейін беретіндігін болжау мен анықтау қиын. Бұл мерзім бірнеше күнге созылуы мүмкін, алайда әрдайым ең қысқа уақытқа есептеген жөн, өйткені шабуыл қауіпі шынайы шабуылға ұласуы мүмкін. Сондықтан нақты, бүкіл күш-жігерді жұмсай отыра, қалған қымбат уақыты қисынды әрбір азаматтан қатаң тәртіп пен ұйымшылдық, қисынды нақты әрекет, дербестік пен батылдық талап етіледі. Қысқа мерзімде өзіңді, жанұяң мен баспанаңды қорғауға даярлау қажет. Қарсылас шабуылы кезінде барлық азаматтар осы уақытта өткізілетін бір қатар шараларды орындауға қатысуға міндетті. Олардың негізгі белгілері төменде беріліп отыр. Ұжымдық қорғаныс құралдарын даярлау Қорғаныс ғимараттарын халықты даярлайды. Бейбіт уақытта кәсіпорын мен халық мұқтажы үшін пайдаланылған ғимарат қысқа мерзімде баспана ретінде қайта жабдықталады. Оларға нарлар мен орындықтар орнатылады, желдету мен қимылдатудың дұрыстығы тексеріледі. Ауылды жерлерде жасырыну үшін жертөле, шұңқыр қойма пайдаланылады, олар жетпесе панахана ретінде көкөніс қоймасы, сүрлен траншеялары бейімделеді. Жеке қорғаныс құралдарын даярлау Шабуыл қауіпінің жариялануымен кәсіпорындарда жеке қорғаныс құралдарын береді. Алған газқағарды тексеру қажет, бұл үшін қорапшаның түбіндегі саңылауды жабады және терең тыныс алады. Егер ауа газқағарға өтсе онда газқағар ақаулы немесе дұрыс жиналмаған. Ақауды жедел жою керек. Газқағардың түпкілікті жарамдылығын арнайы камера тексереді. Газқағарды, шлем-масканы киердің алдында иісін кетіру үшін шүберекпен сүртеді (егер газқағар бұрын пайдаланылмаса) немесе заласыздандырылады (егер бұрын пайдаланылса). Егер алдын-ала шаңнан қорғайтын маска немесе мақта, мақта дәкісі даярланбаса онда оларды жедел жасау қажет. Теріні қорғау үшін тиісті киім мен аяқ киімді іріктейді. Термометр, йод, мүсәтір спирті, дәкі, мақта, жүрек дәрісі, ас содасы, антибиотик, сульфаниламиды және т.б. салынған үй дәрі-дәрмек қобдишасын даярлау маңызы бұл әсіресе ауыл тұрғындары үшін аса маңызды, өйткені оларға жеке дәрі-дәрмек қобдишасы және химиядан қорғайтын пакеттер өз уақытында жеткізілмеуі мүмкін. Көшіру шараларын жүргізу. Халықты көшіру мен қоныстандырудың басталуы және тәртібі туралы кәсіпорын мен тұрғын үйді пайдалану кеңсесі арқылы хабарлайды. Көшірілуге немесе қоныстандырылуға тиіс халық өзімен бірге өшірілуге немесе қоныстандырылуға тиіс халық өзімен бірге 3 күнге жететін азық-түлікті, төлқұжатты жеке бастың куәлігін, әскери билетін, еңбек кітапшасын, зейнет куәлігін, білім туралы құжатты, балалардың тууы туралы куәлікті бірге алуға тиіс. Балалардың қалтасына осындай мәліметтерді тігіп немесе салып қойған жөн. Пәтерден шығар алдында электрды, газды ажыратып, терезені мқұқият тығындап, пәтерді жауып, кілті ПИК өкілдеріне табыстау қажет. Ауыл тұрғындары көшіп келген қала халқын қабылдауға даярлануға тиіс. Олар келген адамдарға қонақ жайлылық танытып түсіністікпен қарауға, баспана тауып беруге және жұмысқа тұруға жәрдемдесуге тиісті. Өрттен қорғауға шараларын жүргізу Тұрғын үйлердегі өрттерді ескерту үшін терезелердегі перделерді алып, оның орнына ішінен ақ бояумен сырланған қалқан қағу қажет. Шыныны мүмкіндігінше әк немесе бор ерітіндісімен тығындаған жөн, жихазды, суреттерді, кітаптарды, терезе арасындағы қабырғаларға қояды. Киімді, аяқ-киімді және басқа заттарды шабаданға немесе шкафқа салады. Шатырды баспалдақ орындағы, дәліздегі артық заттарды алады, керосинді, бензинді және басқа таңғыш материалды үйден шығарып, қауіпсіз орынға алып барады. Өрт сөндіру құралдарын даярлайды: жуынатын жер, бөшкеге, баққа су құяды, жәшікке құм толтырады, өрт жабдығын даярлайды, өрт крандары мен өртсөндіргіштермен жұмыс бабын тексереді. Жарық пен алдандыруды ұйымдастыру. Қалада, үйде, пәтерде жарық пен алдандыруды өткізу туралы өкім алынғаннан кейін бұл шара кешікпей жүргізіледі. Шабуыл қаіупі болу мүмкін жерлерде жарық әлсіретеді. Қараңғы түсісімен үйлердің терезесі ішкі жарық сырттан көрінбеу үшін пердемен, қалқамен жабылады. Перде үшін жарық өтпейтін және жанбайтын материал қолданылады. Пердені әрбір жағынан кемінде 20 см етіп терезеден кеңірек жасайды. Қараңғыландыру сапасы бүкіл халықтың ұйымшылдығы мен тәртіптілігіне байланысты, өйткені жабылмаған терезе бүкіл елді мекендегі жарық тиімділігін едәуір төмендетілуі мүмкін. Үйді (пәтерді) радиоактивті шаң мен аэрозольдің өтуінен қорғауды даярлау. Ауыл жерлерде зақымдаушы фактор жер үсті ядролық жарылыс кезінде пайда болатын радиоактивті зақымдау болуы мүмкін. Үйді (пәтерді) радиоактивті шаңнан және УЗ аэрозольдары мен бактериялық заттардың өтуінен қорғау үшін есікпен терезедегі бүкіл қуысты тығындап, мұржаның сорғышын жауып есікке резинадан немесе химиялық материалдардан жасалған нығыздағыштар қою қажет. Арнайы ауа тазалау қондырғысы жоқ осылайша даярланған ғимараттарда оларды желдету үшін саңылау қалдыру қажет, оған матаның бірнеше қабатын жауып, алымбалы қалқанмен жабады. Бұлай етуі мүмкін болмаса ғимаратты желдету үшін ара-тұра есікті ашып отырады, алайда мұндай сәтте есіктің ойығына мата-перде ілінеді, жауып. Азық-түлік пен суды үй жағдайында сақтау. Азық-түлікті үй жағдайында целлофанға, пергаментке орап резиналы матаға немесе полиэтиленнен істелінген қақпа, ағаш немесе үйеңкі жәшіктеріне ішіне қағаз салып орналастырады. Қақпағы мықты жабылған бөлшектерді пайдалануға болады. Ауылды жерлерде азық-түлікті жертөле мен погребте сақтаған жақсы. Суды шелекке, канистрға құяды. Ыдыстың үстін кленкамен немесе пленкалы материалдармен жабады. Ауыз су қорын тәулігіне әр адам үшін 3-5 литр есептейді (тамақ дайындау үшін). Малды қорғау. Ауыл тұрғындары азық-түлік пен жем шөпті, суды қорғау мен қатар малды аман алып қалу үшін шаралар қолданылуы қажет. Жау шабуылы қауіпі кезінде малды жаюды тоқтатып, оны қорада қамап ұстау керек. Малды қорғау үшін бірінші кезекте бұрыннан бар шаруашылық жайларды пайдаланған жөн, бұл үшін оларды тиісті ретте ыңғайластыру қажет, атап айтқанда оны жан-жақты қымтайды, барлық саңылауды, есік пен терезені тығындайды есіктің сыртына мата қаптайды, желдету құбырлар үшін сүзгі даярлайды. Бірнеше терезені жарық үшін қалдырады, алайда бұл терезелерге алынбалы ағаш қалқандарын шегелеп, оның сыртын қара қағазбен немесе өзге материалмен жабады. Есіктерді барынша қымтайды осындай ретпен қымталған мал қорларына қолайлы етіп жасалынған температура мен ауа қысым арқасында газ тектес, тұман тектес заттар мен шың өте алмайды. Барлық мал қорлар мен құс фермаларында ашық суат жоқ болса, су мен жем қоры жасалады. Асыл тұқымды мал үшін қолдан қорғаныс құралдарын жасайды (қап, брезент), атап айтқанда қорғаныс маскасы, қорғаныс жамылғысы, қорғаныс шұлықтары. Ферма мен мал қорасында өрттен қорғау шараларын ұмытуға болмайды. Бұл үшін оның жанына су мен құм әкелінеді, өртсөндіргіш қойылады, сондай-ақ өзгеде шаралар жүргізеді. Эпидемияға қарсы шаралар. Соғыс қимылдары кезінде жаудың жұқпалы және өзге ауруларды туғызатын құралды пайдалану нәтижесінде, адамдар әртүрлі ауруларға шалдығуы мүмкін. Қазір жұқпалы аурулардың түп тамырына жақын болашақта балта шабалмайтындығы айдан анық болып отыр және адамның құдіреттілігі туралы жалған сенімнен гөрі патологиялық мәселелерінің адамзат пайда болған уақыттан бері болып келе жатқандығы мойындайтын уақыт жетті. Эпидемиологтар, дүйім медицина жқртшылығы, көптеген мемлекет қайраткерлері жұқпалы аурулар мәселелерін шешу жағдайына алаңдаушылық білдіруде және олардан сақтандыру жолындағы мемлекеттік саясатты қайта қарауда. Халық жеке гигиеналық қарапайым тәртібін сақтауға, жұқпалы ауруларды негізгі үйреншікті белгілері бойынша ажырата білуге, ал ауру ошағы пайда болған кезде карантин мен обсервация жағдайындағы жүріс-тұрыс тәртібіне бағынуға тиіс. Тыныс жолдары зақымданған кезде инфекцияны беруші ауа болып табылады. Бақытқа қарай, зақымданған тамшылардың отыруы есебінен және көптеген қоздырғыштардың беріксіздігінен оның өзін-өзі тазалау процесі жылдам жүреді. Жұқпалы аурулардың пайда олуы мен таралуын ескерту үшін бейбіт уақыттағы кез-келген төтенше жағдайда сақтандыру және эпидемияға қарсы шараларды дұрыс және өз уақытында өткізудің үлкен маңызы бар. Сүт пен суды ішер алдында міндетті түрде қайнату керек, көкөніс пен жидектерді қайнатылған сумен мұқият жуу керек, ал ет-балық азық-түлікті жақсылап пісіру қажет. Егерде мал артынан ауру белгілері байқалса дереу мал дәрігерге хабарлану тиіс. Талап етілетін жағдайында белгілі бір аумақта және жабық бөлмелердің ішінде дезинфекция ісін жүргізуге арналған құрал аппарттар әзір болу міндет. Әуе шабуылы қауіпі кезінде халықтың іс-әрекеті Халыққа хабарлау негізгі әдісі – радио мен теледидар жүйелері. Сиреналарды пайдалану ұйғарылады. Сондықтан қазір кәсіпорындардың көлік құралдарының, гудоктарының берілуі Азаматтық қорғаныс хабарының «Баршаның назарына!» (Әуе дабылы! емес) жаңа ескерту дабылы екендігін білдіреді. Оны естігенде, абдырамаңыз. Бірден жергілікті үкімет орындарының немесе ТЖ жөніндегі басқарманың бөлімінің шұғыл хабарын есту үшін радио мен теледидарды (үйде, жұмыста) қосыңыз. Дыбыстық дабылдар белгіленгеннен кейін (сиреналар,гудоктар және т.б.) ақпарат бес минут бойында беріледі. Азаматтық қорғаныстың әуе шабуылының қауіпін ескертетін «Әуе дабылы!» екендігін біледі. Мұндай жағдайда халық өз пәтерін, жұмыс орнын көлік құралын жылдам тастап шығып қорғаныс панаханасына жасырынуға тиіс. Егер де дабыл сізді жұмыс орнында ұстап қалса, онда сол кәсіпорынның арнаулы нұсқасында айтылғандай станогіңізді өшіріп электр қуатын, газды, су айырып бірден панаханаға бет алу керек. Тоқтаусыз істейтін өндірісте агрегаттар мен технологиялық линиялары қауіпсіз жұмыс қалпына келтіріп, жақын жерді паналау керек. Егер де әуе дабылын сіз көшеде естісеңіз АҚ мен ТЖ қоғамдық күзет жұмыскерлерінің нұсқауымен жақын жерде орналасқан панаханаға бару керек. Қала көлігінде жүру барысында кездессе, онда оның тоқталуын күтіп, асықпай сабырлық сақтап шығып жақын панаханаға бару керек. Егер де ол табылмаса оның орнына метро, жерасты өту жолдарын, қоймаларын пайдалану керек. Әуе дабылы кезінде қоғамдық жерде болсаңыз, сол жердегі әкімшілік нұсқасын тыңдап берілген бағытпен аяқ басу керек. ТЖ мен АҚ органдары ескерту жібергенсоң барлық оқу орындары, оқу үрдісі тоқтатылады және оқушылар мен оқытушыларды қорғау панаханаларына жеткізу шаралары іске асырылады. Сол жерде адамдар жеке басты қорғану құралдары мен панахана ішіндегі тәртібі туралы ескертпелері жасалады. Ауыл аумағындағы халыққа, әуе дабылы хабарлану сәтінде, алдын-ала даярланған тиісті панаханаларға бет алады. Панаға бару алдында үйідін шам жарығын, пеш, электр плита, керосинка және т.б. құралдар өшіріліп, өзімен бірге жеке дара қорғану құралдарын алып жүргені дұрыс. Адамдарға егін егістігінде жұмыс қызуында әуе дабылы хабары болса: сай, арық, апан-шұңқұрларын панаға айналдыру керек. Халыққа әуе шабуыл қауіпі өтті деген келесі ауызекі хабары беріледі: «Тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған ТЖ бөлімі. Азаматтар!... Әуе дабылы тоқтатылды! Жұмыс орындарыңызға, үйлеріңізге қайта беріңіз. Ауыр жарақат, егде адамдарға жәрдем беруді ұмытпаңыз. Өз қоларыңызға жеке басты қорғану құралдарын әр уақытта ұстап жүріңіз. Біздің хабарымызды мұқият тыңдаңыз.» Жату шапқыншылығынан зардап шеккен аудандарында ТЖ мен АҚ органдары орындалып жатқан іс шаралар туралы және т.б. мәліметтер беру тиіс. Аман қалудың ең қолайлы тәсілі – қорғаныс ғимараттарын өз уақытында, соның ішінде: берік жер асты қоймалары, қазба орындары, сай, үңгір, арық деген секілді жерлерді паналаған дұрыс. ТЖ жағдайларына басшы құрамына, ақ құрамаларын даярлау және халықты оқыту жүйесі Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті 30.09.93. жылы «Төтенше жағдайларды ескерту және іс-әрекеттер бойынша халық пен мамандарды оқыту жүйесін құру жөніндегі шаралар туралы» № 969 Қаулы қабылдады. Осы Қауыл негізінде «ТЖ жағдайларына басшы құрамына, АҚ құрамаларын даярлау және халықты оқыту жүйесі» әзірленеді. Азаматтық қорғаныс бойынша оқу-жаттығу және төтенше жағдайлардың салдарынан қорғану Қазақстан Республикасы халқының міндеті болып табылады. Халық үшін негізі міндет – қалыптасқан тосын жағдайда дұрыс әрекет етуге, өз-өзіне көмек көрсете білуге үйрену. АҚ бойынша халықтың әртүрлі санаттарын даярлау мен оқытуды және ТЖ-дағы іс-әрекетерді ұйымдастыру АҚ және ТЖ басшы құрамын даярлау Республикалық курстарда, даярлау мен оқыту орталықтарында, біліктілікті көтеру оқу орындарында (БКОҚ), оқу-әдістемелік жиындарда (оқу жылы басталар алдында) және тікелей ұйымдарда 15 сағаттық бағдарлама бойынша жүргізіледі. БКОҚ-да АҚ және ТЖ мәселесіне оқу уақытының 10-15% бөлінеді. АҚ құрамаларын даярлауды ұйым басшылығы ұйымдастырады және 15 сағат көлемінде, оның ішінде 9 сағат жалпы тақырып және 6 сағат арнайы тақырыптар бойынша практикалық сабақ өткізіледі. АҚ құрамаларымен жылына 2 рет жеке құрамды хабарландыру және жинау бойынша жаттығу өткізіледі, бұның барысында олардың жасақталуы, техникамен, мүлік-аспаппен жарақталуы, сондай-ақ іс-әрекеткедаярлығы тексеріледі. Жарақат алғандар мен ауруларды тасымалдау Жарақаттанғандар мен ауруларды тасымалдаудың негізгі құралдар жер үсті көлігі (автомобиль, теміржол), әуе көлігі (ұшақ, тікұшақ, су көлігі (теңіз, өзен), санитарлық мен бейімделген көліктер жатады. Жарақаттанғандар мен ауруларды тасымалдаудың амалдары анықталады: иықтап, арқалап, қолмен, екі құтқарушымен, зембілмен, автобуспен, автомобиль шанағымен. Иықтап - көтеруші зардап шегушінің оң иығына басын артына қойып отырғызады. Көтеруші оң қолымен зардап шегушінің екі аяғын құшақтап, бір уақытта оның оң білегі мен алақанынан ұстайды. Арқалап - көтеруші зардап шеккен адамды көтеріңкі жерге отырғызып, оның екі аяғы арасына иығын беріп тұрады және бір тізесін бөгеді. Зардап шегуші көтерушінің иығынан құшақтайды, ал көтеруші оны екі қолымен аяғынан ұстап көтеріп әкетеді. Қолмен - көтеруші зардап шеккен адамға бүйірлей бір тізесін бүгіп отырады, оны бір қолымен арқасынан, екінші қолымен санынан алады, зардап шеккен адам көтерушінің мойынан құшақтайды. Көтеруші тұрып зардап шегушіні екі қолымен алдында ұстап келеді. Екі көтерушімен – «қол ұстасып», «бірінің артынан бірі» және жатқан жағдайдағы тасымалдауларды ажыратады. «Қол ұстасып тасымалдауда көтерушілер бір-біріне жақын тұрады да қол ұстасып отырғыш сияқты айқастырады. Оны екі, үш, төрт қолдан жасайды. «Бірінің артынан бірі» тасымалдауында көтерушінің біреуі зардап шегушіні арт жағынан келіп шынтағымен оның қолтығынан ұстайды, екіншісі зардап шегуші аяғының арасына арқасын тосып, екі аяғын табанынан ұстайды. Жатқан жағдайында жарақат алушыны тасымалдау үшін көтерушілер оған сау жағынан жақындап тізерлей отырады. Бас жағында тұрған көтеруші бір қолын арқа астына екіншісін белдің астына жібереді, басқа көтеруші екі қолын оның балтыры астына жібереді, ал жарақаттанған адам бірінші көтерушінің мойынан құшақтаййды. Зембіл арқылы тасымалдауды 2-3-4 адам жасай алады. Зембілде жарақат алушының жату жағдайы оның жарақат дәрежесінен анықталады, сондықтан жастық – көрпе, киім, арқылы қолайлы жағдай жасау керек. Зембілге жатқызу шарты: зембілді зардап шегушінің жарақат жағынан қояды; 2-3 адам сау жағынан бір тізесін бүге отырады, қолдарын ақырын зардап шегушінің астына жіберіп, оны бір сәтте көтереді. Осы мезгілде үшінші не төртінші адам зембілді зардап шеккеннің астына қояды, ал көтерушілер абайлап жатқызады.
Автомобиль шанағында тасымалдау Автомобиль шанағына тиеу алдында оны даярлау қажет: артқы жағдауын және зембіл қол құлағы үшін барлық құлыптарды ашады, белбеулерді жазады, шанақтан ауыстырмалы зембілді шығарады. Тиеу барысында санитарлық жасақшы буыны зембілді бас жағымен ашылған шанаққа кіргізеді. «Жан-жаққа» өмірі бойынша 4-ші мен 1-ші нөмерлілер зембілдің оң жағында, ал 2-ші мен 3-ші нөмірлі сол жағынанда тұрады. «Көтер - командасы бойынша топ зембілді қажет биіктікке көтеріп зембілдің бас жағын аяғына сабымен шанақтың жиегіне қояды. Кіргіз әмірі бойынша зембілді шанаққа итереді. Оны жүргізуші немесе еріп жүретін адам қабылдайды. Автобус ішінде жарақат алғандарды тасымалдау барысында осы айтылған ережелер орындалады. Зембілдерді терезе арқылы кіргізуге болады. Автобус ішіңде оны санжасақшылар қабылдайды. «Қолмен», «арқалап», «иықтап» тасымалдау әдістері егерде зардап шегушінің сүйегі сынбаған жағдайда ыңғайлы, ал сынған жағдайында «екі көтерушімен» қолайлы. Санитарлық зембілдер Санитарлық зембілдер стандартты өлшемдері бар: 221,5 см ұзындығы, ені - 55 см, биіктігі - 16 см, массасы 10 кг дейін. Зембілді жиналған (оралған) төрінде сақтайды әрі тасымалдайды. Зембілді бір уақытта 2 адам ашады. Белбеулерді жазып, бағаналарды қол ұстағыш арқылы керіп матаны тартып қояды Одан кейін тіземен тіректі сырт еткен дыбыс естілгенше басып, әдіп тігісінің қалайша жабылғандығын тексереді. Бас жағына жастық не басқа қолда бар жұмсақ затты қояды. Зембілді жинау барысында екі тасушы бір уақытта құлып тиектерін ашады, тиектерді өздеріне қарай тартады, зембілді жартылай жинап, аяқтармен жоғары аударады, сонда мата зембілден кері бағытқа төңкеріледі, одан кейін бағаналарды әбден тақайды, зембілді аяғына қойып матаны үш орап белдіктермен бекітеді. Тасымалдауды жеңілдету үшін зембілге арнаулы белдіктер орнатылады. Ол – 360 см ұзындығы бар екі 6,5 см шетінде металды тоғасы бар брезентті белдік. Тоғыстан 1 метр аралықта брезент жапсырмасы тігілген, ол белдіктің бос шетін өткізіп тоғыста бекітуге мүмкіндік береді. Сонда белдік сегіздік секілді болады.
Дата добавления: 2014-10-31; Просмотров: 2486; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |