КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Панаханалар 1 страница
Панаханалар жан - жақты қымталған құрылғылардың және желдеткіш құралдарының болуымен сипатталады. Олардың көмегімен адамдар тіпті қираған панахананың өзінде ұзақ уақыт бола алады, олардың қауіпсіздігі бірнеше тәулік бойы қамтамасыз етіледі. Панахананың кіреберісі мен шығаберісі болуға тиіс, ал ол құлаған жағдайда авариялық шығаберіс болуға тиіс. Панаханалар су баспайтын учаскелерде тереңдетілген топыраққа берік материалдардан салынады. Жамылғының төменгі жағы, әдеттегідей, жердің жоспарлық белгісімен биік орнатылмайды. Панахана еденнің деңгейі жер асты суының деңгейінен барынша биік болуға, 0,5 м кем болмауға тиіс. Панахананың қорғау сенімділігіне қоршау құрылғыларының өте беріктігі, сондай-ақ қоршаған ортаның үстіңгі беті радиоактивті улағыш заттармен және бактериалдық құралдармен ластанған немесе жаппай өрт қаулаған жағдайда панахананың қауіпсіз тірішілігін қамтамсыз ететін санитарлық-гигиеналық жағдайларды жасау есебімен қол жеткізіледі. Жылдам тұрғызылатын панаханалар (ЖТП) дер кезінде салынғанпанаханалардың жеткілікті саны жоқ жағдайда соғыс барысында немесе шабуыл қаупі кезінде қалалар мен өндіріс объектілерінде салынады, олар қысқа мерзімді (бірнеше тәулік бойында) темір бетон жиналмалы құрылғысынан немесе ағаш материалынан жасалынады. Мұндай панахананың сыйымдылығы (жататын орынды ескергенде) -50-200 адам. ЖТП дер кезінде салынған панахана сияқты жасырынатындарға арналған бөлмеден сүзгілік желдету қондырғылары, санитарлық тораптар үшін арнайы орындардан тұруға, авариялық су қоры болуы, кіреберістермен авариялық шығаберістерімен қамсыздандырылуға тиіс. Сыйымдылығы шағын панаханада санитарлық торап пен қалдықтарға арналған ыдыс тамбурда, ал су құйылған ыдыстар жасырынатындар бөлмесінде орналасуға тиіс. ЖТП ішкі қондырғыларына ауа беру құралдары ауаның УЗ мен БҚ-дан тазалауға арналған ыдыстар, ауа жинағыш және сорғыш саңлауларды қорғауға қорғау құралдары, жарық приборлары, сондай-ақ нарлар мен орындықтар кіреді. ЖТП желдеткіші екі режим бойынша: таза желдеткіш және сүзгіш-желдеткіш режимімен қамсыздандырылады. Ауа беру үшін әртүрлі желдеткіштер пайдаланылады. Нарлар мен орындықтар ағаш тақтайлардан жасалынады, жарық үшін батареялық немесе аккумуляторлық шаммен шырақдандар пайдаланылады. Авариялық жарық ретінде май шамды да жағуға рұқсат етіледі. Жасырынғандарды сумен жабдықтау панаханаға әкелінген ыдыстарды сақталынатын ауыз суы қоры есебінен жүргізіледі. Қазіргі қалаларда панахана ретінде ыңғайластыруға болатын сан алуан жер асты ғимараттары бар: метро, көлік немесе жүргіншілер өткенділері, жерасты көлікжайы, кафе, кино. Өнеркәсіп объектілерінде адамдар өндірістік корпустары арасындағы жалғағыш тоннель. Тау-кен өнеркәсібі дамыған аудандарда адамдарды қорғау үшін тау ұңғымалары пайдаланылады, мұндай жерасты тұрақтары адамдарды радиоактивті сәулелену мен ядролық жарылыстан кейін түскен жауын-шашыннан сенімді қорғай алады. Адамдарды жасыру үшін улы газ бөлінбейтін, ауа температурасының ылғалдылығы онда адамдардың ұзақ болу үшін жергілікті шекте ұсталатын, ал ыңғайластырылған ғимараттарға топырақ суы баспайтын ұңғымалар жарамды. Адамдарға жасырынуға арналған ұңғымаларды қымта үшін ағаштар қойылады, брезенттен немесе тығыз материалдан жасалынған перде ілінеді, сумен жабдықтаудың, канализация және жарықтың қарапайым жүйелері жасалынады. Санитарлық тораптар желдетілетін ұңғымаларда орнатылуы мүмкін. Жарық үшін электровоздардың көшпелі аккумуляторлы батареяларды пайдаланылады. Ұңғымаларда адамдарды орналастыру, олардың отыру мен жату үшін орындықтар мен нарлар орнатылады Радиациядан қорғайтын орын (РҚО) РҚО ауылды жерлердегі және ядролық соққы беру ықтималдылығы өте төмен шағын қалалардағы, сондай – ақ ірі қалалардан ауылды жерлерге көшіріп – қоныстандырылған халықты радиоактивті зақымданудан қорғау үшін пайдаланылады. Бейбіт уақытта, паналайтын адамдардың қорғалуын қамтамасыз ететін, қымталмаған қорғаныс ғимараттары радиациядан қорғайтын ғимараттар деп аталады. Олар адамдарды радиоактивті зақымдалу жағдайында сәуле тиюден, алғандарын, тері мен киімді радиоактивті заттардың түсуінен қорғайды.РҚО-ға бірқатар талаптар қойылады.Оның қоршайтын құрылғылары радиоактивті сәулеленуді әлсіреп қажеттігін қамсыздандыруға тиіс. Панахана жасырынатын адам көп келеиін жерге жақын орналасуға тиіс, еденнің деңгейі топырақ суының ең жоғары деңгейінің кемінде 0,2м биік болуға тиіс. РҚО бөлмесінің биіктігі еден белгісінің бастап жабынан төменге дейін 1,9м кем болмауға тиіс. Жертөлені және басқада тереңдетілген жайларды панахана ретінде ыңғайластыру кезінде олардың биіктігі төмендеу болуы мүмкін (1,7м). РҚО ретінде ыңғайластырылған бөлменің қорғаныс қабілетін арттыру бөлменің сыртқы қабырғасының сыртына еден деңгейінен 1,7м биіктікке тас пен кірпіштен қосымша қалқа немесе топырақ салынған қаптар қою арқылы қамтамасыз етіледі. Кіріберістер саны панахананың сыйымдылығына байланысты, алайда екеуден аспауға тиіс. Сыйымдылығы 50 адамға дейінгі бір кіреберіс ұстауға рұқсат етіледі. Кіреберістер жасырынатындардың негізгі тобының қозғалысын ескере отырып панахананың қарсы жағына орнатылады. РҚО-ның сыртқы қабырғасына қатты қымталған есік, ішкі қабырғасына қымталған есік орнатылады. Есіктер адамдарды көшіру кезінде ашылуға және есік қорабына есік қаңқасының мығым қысылуын қамтамасыз ететін резина төсемдері мен сыналары болуға тиіс. Панаханада негізгі және қосалқы бөлмелер жасау көзделеді. Негізгі бөлмелерге басқару және санитарлық нүктелері бар бөлмелері жатады. Панахананы электрмен жабдықтау қаланың(обьектінің) сыртқы желісінен және қажетті жағдайда қорғалған көзден жүргізіледі. Сыртқы желілерден электр беру тоқтаған жағдайда панаханада көшпелі шам, батарея велогенератор мен басқа көздерден авариялық жарық қарастырлады. Әрбір панаханада қалалық және жергілікті радиохабар желісіне қосылған кәсіпорынды басқару нүктесі мен дауыс қатайтқышы бар телефон байланысы болуға тиіс. Резервтік байланыс құрал ретінде обьекті (аудан) АҚ желісінде істейтін радиостанция қызмет ете алады. Бір жасырынуші үшін негізгі бөлме едені алаңының нормасы екіярусты нар кезінде 0,5м² және үшярусты нар кезінде 0,4м² болуға тиіс. Панаханаларда өз бетімен ағатын немесе панахана ішіне -----қыш орнату арқылы айдау жолымен сыртқы канализация желісіне ағын суды айдайтын санитарлық тораптар орнатылады. Канализация жоқ кезінде дәретті жинау үшін -----клозет немесе резервуар – шұңқыр орнатылады. Ал сыйымдылығы 20 және одан да аз адам сиятын орындарды дәретті қабылдау үшін тығыз жабылатын ыдыс қойылады. Санитарлық тораптар ерлер мен әйелдер үшін бөлек орнатылады. Ластанған киімді сақтауға арналған бөлме кіреберістердің бәріне ыңғайластырылады және бөлмеден жанбайтын қоршаулармен ажыратылады. Сыйымдылығы 50 адамға дейінгі жасырынатын орынды лас киім үшін кіреберіске киім ілгіш қоюға болады. Жасырынатын орынды жылыту ғимараттың ортақ жылыту жүйесіне қосылады және ажыратқыш қондырғылармен жабдықталады. Жылытылмайтын бөлмелерге уақытша жылыту қондырғысын қою қарастырылады. РҚО – қарапайым желдеткіш немесе механикалык желдеткіш қарастырылады. Қарапайым желдеткіш ауа ұстағыш және сорғыш шахталар арқылы жүмыс істейді, келетін ауаны беруге арналған саңылау бөлменің төменгі жағына, ал сорғыш саңылау жоғары жағына орналасады. Механикалық жұмыс істейтін желдеткіш жүйесінің ауа ұстағыш қондырғысы жерден кемінде 2м биіктікте орнатылып, радиоактивтік шаңнан қорғайтын қалпақшамен жабдықталады. Жарық үшін батареялық немесе аккумуляторлық шам мен шырақдандар пайдаланылады. Авариялық жарық ретінде май шамды да жағуға рұқсат етіледі. Панаханадағы ауыз су қоры әрбір адам үшін тәулігіне 3л есеппен жасалады. РҚО – ны ауыз су қорымен жабдықтау ортақ су құбырынан жүргізіледі. Барлық панаханалар кіреберіспен сыртқы есіктегі көрнекі жерге орналасқан белгілермен таңбаланады, ал панаханаға қарай қозғалыс бағыты нұсқағышпен көрсетіледі. Барлық тізбеленген шаралар ғимарат жасырыну режиміне көшірілген кезде жүргізілуге тиіс. РҚО құрлысы өте қысқа мерзімде, 12 сағатқа жетпей аяқталуға тиіс. Қарапайым үлгідегі панаханалар (ҚП) Панахана мен РҚО жетпеген, сондай-ақ уақыт ең қаражат болмаған жағдайда еңбекке жарамды бүкіл халық қарапайым панахана – қуыстарды (ашық және жабық) салады. Қарапайым панахана жағдайда панахана мен РҚО сияқты халықты қорғаныс ғимараттар мен қамсыздандыру аралық кезең блоып табылады. Олар халықты ядролық жарылыстың соққы толқынынан жарық сәулесінен және өткіш радиациядан шығын ашық жермен салыстырғанда 1,5 есеге азаяды. Егер қуысты жапса, онда жарық сәулесінен толық қорғануға болады соққы толқынынан қорғану 2,5-3 есеге, өткіш радиациядан қорғану 200-300 есеге артады қуыстарды жабу сонымен қатар киімге радиоактивті заттардың жұғуынан, сондай –ақ қираған ғимараттардың сынықтарынан зақымданудан қорғайды. Қуыс ашық немесе жабық болуы мүмкін. Ашық қуыс радиоактивті сәуле мөлшерін 2-3 есеге, жабық – 40 – 50 есеге азайтады. Бастапқыда қуыс ашық болып салынады. Әдетте оның тереңдігі 180 – 200 см, жоғарыдағы ені 110 – 120 см және төмендегі ені – 80 см болады Қуыстың ұзындығы жасырынатындардың санымен анықталады және бір адамға 50 – 60 есеппен жасалады. Қуыстардың қалыпты сыйымдылығы 10 – 15 адам, ал үлкен қуыстыкі 50 адам. Кіреберістер түйіспелі учаскеге үшбұрышты болып жасалады, бұл жағдайда сыйымдылығы 20 адам қуыста бір кіреберіс, ал одан артық болған жағдайда екі кіреберіс жасалады. Әлсіз топырақта қуыс қабырғалары киіммен, қалың тақтаймен, темірбетон құрылғысымен және басқа материалдармен ыңғайтылады. Қабырғалардың бірінің бойымен отыру үшін орындық, ал қабырғаларға, азық – түлікпен ауыз суы құйылған ыдысты сақтау үшін қуыс жасайды. Қуыс еденнің астына одан шығар жерде орналасқан су жинағыш құдығы бар дренажды арық орнатылады. Қуысты жабынды бөренеден темірбетон плитасынан немесе тіреуден істелінеді, үстіне балшық қабатын немесе өзге су жібермермейтін материал төсеп, топырақ себеді (0,6 – 0,7) және дерн жабады. Кіреберістер сыртынан есік қалқанымен жабатын люк немесе есігі бар төмендетілген баспалдақты саты түрінде жасалынады. Қуысқа тақтайдан істелінген желдеткіш қорап орнатылады. Қуыстың ағаш бөлшектер, сыртқа шығыптұрған ұштарын оттан сақтайтын кранмен жабады. Ашық қуыстарды салу жау шабуылы қаупі туындаған сәттен бастап қысқа мерзімді аяқталуға тиіс. Бұдан кейін қуыстар жабылады. Бұдан кейін қуыстың қорғаныс қабілеті РҚО деңгейіне жеткізілуге тиіс.
Қорғаныс ғимараттарын толтыру және оған келіп-кету тәртібі Қорғаныс ғимараттарын толтыруға, онда адамдарды орналастыруға және өзін-өзі ұстау тәртібін қамсыздандыруға басшылықты панаханаға қызмет көрсететін топтың, жеке құрамы осы қорғаныс ғимаратының камендатыны болып табылатын командир жүргізеді. Қорғаныс ғимаратына келген адамдарда жеке қорғаныс құралдары (газқағар, респиратор, мақта-мата тыңғышы), екі тәулікке жететін азық-түлік қоры, тазалық бұйымдары, ең қажетті жеке заттар мен құжатар болуға тиіс Панахананы толтыру ұйымдасқан түрде жедел жүргізіледі. Панаханаға бірінші кезекте балалар мен қарттар жіберіледі, балалар мен ата-аналар жеке бөлмеде немесе олар үшін арнайы бөлінген жерге орналасады. Паналаушылар комендант пен қызмет көрсету тобының жеке құрамының өкімін мүлтіксіз орындауға, ғиматтағы тәртіпті сақтауға тиіс Қорғаныс ғимаратындағы демалыс әрбір адамның жатып тыныстауы үшін кезекпен ұйымдастырылады. Қажесіз ғимарат ішінде жүруге, шулауға, темекі тартуға рұқсатсыз керосин шамын, май шамды, электр жарығын инженерлік агрегаттар мен тораптарды қосу мен ажыратуға, панахана аспаптарын, мүлігімен жабдықтарын рұқсатсыз белгіленген жерге тамақ қалдықтарын тастауға, коменданттың рұқсатынсыз азық-түлікпен ауыз суына тиым салынады. Бірінші кезекте балалар мен қарттар демалады. Онда дауыстап оқу, радио хабарларын тыңдау ұйымдастырылады. РҚО-да жоғарыда келтірілген келтірілген келіп-кету тәртібінен басқа кейбір қосымша тәртіптер сақталуға тиіс. Панахана еденін ара-тұра сумен шайып, ал 2-3 тәуліктен соң РҚО-ның барлық жерімен ондағы заттарды ылғи шүберекпен сүрту қажет. Азық – түлік пен суды ластағыш затты түспеу үшін жақсы жабылған ыдыста сақтайды. Тамақ пен су ішу кезінде ғимарат желдеткіші тоқтауы тиіс. Тамақ ішер алдында қолды ылғал шүберекпен сүрткен жөн. Фильтрлі желдеткіш жүйесін ажырату және қайта қосу қажеттілік бойынша жүгізіледі. Қарсылас жоқ химиялық қаруды қолданған жағдайда паналаушылар газқағарлары мен теріні қорғау құралдарын киеді. Қорғаныс ғимаратынан шығу сырттағы жағдай мен түсетін әмірлер және дабылдар туралы паналаушыларға комендант хабарлағаннан кейін оның өкімі бойынша жүргізіледі. Кіреберістер мен авариялық шағаберістер үйінді астында қалған жағдайда комендант АҚ құрамаларының көмегін күтпей, паналаушыларды жұмысқа тарта отыра оны тазалауды ұйымдастырады. Бірінші шығар есікті ашуға шар қолданылады, сол үшін оны тиегінен босатады. Жайпақ есік сүйемен және сына арқылы ілшегінен алады. Жайпақ есікке бұрғымен, кескішпен және арамен саңлау жасайды, бұдан кейін іштегі үйінді қиқымдарын жинап кіреберісті үйіндіден тазартуды одан әрі жалғастырады. Бір уақытта авариялық шығаберістер үйіндіден тазартылады. Адамдарды қорғаныс ғимаратынан шығару мына тәртіппен жіргізіледі: әуелі төбеге бірнеше адам шығып өз бетімен көтеріле алмайтындарға көмектеседі, бұдан кейіе зардап шеккендер, балалар мен қарттар, ең соңында қалған барлық адам әкетіледі. Бейбіт және соғыс уақытында қорғаныс ғимараттарын күтіп ұстау және пайдалану тәртібі Қорғаныс ғимаратын пайдалануға даярлықта ұстау мен оны дұрыс пайдалануға бақылауды панахана мен жасырын орындарын ұйымдастыру қызметі, ал оларды күту мен пайдалануды осы ғимаратқа қызмет көрсететін топ жүргізеді. Буын командирі (ол қорғаныс ғимаратының командирі) ғимаратқа қызмет көрсететін инженерлік-техникалық қызметшілерден тағайындалады. Бейбіт уақытта қорғаныс ғимараттарын пайдалану кезінде бөлмелерді белгіленген мерзімде қорғаныс ғимараттары режиміне көшіруді қамтамасыз ететін барлық талаптар орындалуға және соғыс уақытында қорғаныс ғимараттарына адам келуге қажетті жағдайлар сақталуға тиіс. Бейбіт уақытта қорғаныс ғимараттарын пайдалану кезінде, сондай-ақ оны жекеленген бөліктерінің – кіреберістер мен авариялық шығаберістердің және қорғалған- қымталған бөліктердің, баулықтардан және жарылыстардан қорғайтын қондырғылардың, бүкіл қорғаныс ғимаратының, инженерлік-техникалық қондырғылардың қорғаныс қабілетінің сақталуы, қымталуы мен суды өткізбеушілігі және оны кез-келген уақытта соғыс уақытындағы режимде пайдалануға көшіру мүмкіндігі қамсыздандыруға тиіс. Қорғаныс ғимаратының қондырғыларын бөлшектеуге, бөлмелерді өзгертуге, қоршағыш құрғыларға саңылау мен ойық істеуге және қорғаныс қабілеті мен қымталудың өзге де бұзылуына тиым салынады. Қорғаныс ғимаратында мына құжаттар болуға тиіс. АҚ хабарының дабылдары, жеке қорғаныс құралдарын пайдалану тәртібі, кіреберіс-шығаберіс, су алатын нүктелер, санитарлық тіректер көрсеткіштері, қорғаныс күтіп ұстау тәртібі мен жабдықтау табелі, панахана паопорты, ажырату қондырғыларын көрсеткімен ішкі және сыртқы инженерлік тораптар жоспары, қорғаныс ғимаратының жәй-күйін тексеру журналы, желдеткіш сүзгіш және өзге инженерлік жабдықтарды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтар, приборларды пайдалану тәртібі. Сонымен қатар АҚ және ТЖ лауазымды тұлғаларының, емдеу меемелерімен өрт командирімен, телефон мен мекен жайының тізімдері жасырынатындардың өзін-өзі ұстау тәртібі көрнекі жерге ілінуге тиіс. Қорғаныс ғимараттарының жәй-күйі бейбіт уақытта қорғаныс ғимараттарын пайдаланатын кәсіпорын бастығы белгілеген тәртіппен жүгізілетін жыл сайынғы және арнайы қадағалауда тексеріледі. Қорғаныс ғимаратының кіреберісіне кедергі жасауға болмайды. Қала ТЖ және АҚ басқару органдарының келісімісіз кіреберістерге, шығаберістерге және сыртқы ауа келетін қондырғыларға жақын учаскелерге құрылыс салуға тиым салынады. Қорғалған қымталған есіктер бейбіт уақытта ғимарат пайдаланған кезде ашық болуы және оңай жабылатын ілгешектерде тұруга тиіс Есік ойықтарын жабу үшін кәдімгі есіктер қойылуға тиіс. Температура қысқа уақытта бейбіт уақытта бөлмелерін пайдалану талаптарына сәйкес ұсталуға тиіс. Бөлмелерді есігі ашық және таза желдету режимі бойынша сүзгілік желдету қондырғысын қысқа мерзімді жұмысы үшін қоса отырып ұдайы ауасын тазартып отыру қажет. Қорғаныс ғимаратының инженерлік-техникалық қондырғылары пайдалану үшін ақаусыз күйде күтілуге тиіс. Оны бейбіт уақытта пайдалануға рұқсат етіледі. Ауыз суының авариялық қорының ыдыстарында екі тәуліктің бойында су толық айырбасталуға тиіс. Авариялық қысымсыз ыдыста таза күйінде болуға және панахана режиміне көшкен кезде сумен толтыруға тиіс. Дәрет жинауға арналған авариялық резевуарлар жабық болуға тиіс, оларды бейбіт уақытта пайдалануға қажеттігі жоқ санитарлық тораптар жабық болуға және сүргіштелуге тиіс. Бейбіт уақытта пайдалананылмайтын ДЭС тоқтатылады. Оларды тоқтату қорғаныс ғимаратын панахана режиміне көшіру кезінде жүргізіледі. Панахана (РҚО) режимі бойынша пайдалануға қорғаныс ғимараттарын әзірлікке келтіру үшін мыне іс-әрекеттер жүзеге асырылады: - қорғаныс қорғаныс ғимараттарының алдын тазалау, жазба көрсеткіштерді және “Кіру” жарық дабылын қою; - қорғаныс ғимараттарын панахана режимінде пайдалану кезінде пайдаланылмайтын мүлік пен материалдардан босату, ғимараттарды нарлармен және орындықтармен жабдықтау; - Инженерлік-техникалық қондырғылардың тоқтатылуын жүргізу; - Қорғалған-қымталған есіктерден кәдімгі есіктерді, пандустарды және жеңіл экрадарды алу; - Технологиялық ойықтарды, барлық қорғау-қымтау қондырғыларын жабу; - Қорғалған-қымталған есіктердің, олардың ілгешектерінің ақаусыздығын тексеру; - Бейбіт уақытта панахана желдеткіші үшін пайдаланылатын желдеткіш жүйесінің ауа ұстағыш және сорғыш саңылауларын жабу және қымтау; - Авариялық шығаберістерін жәй күйін тексеру және қажет болса оларды тексеру; - Желдеткіш, жылыту, сумен жабдықтау, канализация, энергиямен жабдықтау және ажыратқыш қоедырғылары жүйесінің ақаусыздығын тексеру; - Қорғаныс ғимаратының қымталуын тексеру; - Бейбіт уақытында пайдаланылмайтын санитарлықтораптарын ашу; - Сыртқы су құбырына қорғаныс ғимаратының су құбыры жүйесін қосу, авариялық су қорын толтыру және ауыз суына арналған ыдысты қою; - Ғимараттың жарық жүйесін панахана режиміне қосу; - Дауыс шығарғыштар мен телефондарды орнату және қосу қажет жағдайда панахананың жабдықпен, аспаппен,прибормен жеке қорғаныс құралымен жабдықталуын тексеру; - Ғимаратты жеделдету; - Азық-түлік пен дәрі-дәрмек қорын жасау. Қорғаныс ғимаратының панахана режимінде пайдалану қызмет көрсеті буынның басшылығымен жүргізіледі, халықты қабылдауға даярлықты, паналаушыларды дұрыс орналастыруды және олардың панаханаға келіп-кетуі тәртібін бақылауын, сондай-ақ ішкі қондырғылар мен байланыс құралдарының тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Тақырып бойынша бақылау сұрақтары. 1. Халықты қорғау принциптері дегеніміз не? 2. Қорғаныс шараларын жоспарлау. 3. Көшіру шаралары 4. Инженерлік шаралар 5. Радиация мен химиядан қорғау шаралары. 6. Халықты қорғаудың негізгі әдістерін атаңыз. 7.Шаруашылық объектілерінің жұмыс істеу тәртібі. 8.Шарушалық нысандарының жұмыс істеу тұрақтылығы. 9.Ұйым жұмысының тұрақты негіздері. 10. ТЖ –дағы ұйымдардың іс-әрекеттерін зерттеу.
Әдебиеттер: Негізгі әдебиеттер: 6,14(95-148б),17(55-74б) Қосымша әдебиеттер: 5(сд-диск), 11(288-310б),12(89-96б) Тақырып- 6 Өнеркәсіптік объектілер жұмысының тұрақтылығы Дәрістің мақсаты: Бейбіт және соғыс уақытындағы ТЖ-дағы өнеркәсіптік объектілер жұмысының тұрақтылығы. Кілт сөзі: инженер, өнеркәсіп, объект. Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны:
Дата добавления: 2014-10-31; Просмотров: 3933; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |