Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Экономическая теория 2 страница




а) төлем құралы

+б) айналыс құралы

в) жинақ құралы

г) әлемдік ақша

д) құн мөлшері

88. Алғашқы ірі қоғамдық еңбек бөлінісін не сипаттайды?

+а) мал шаруашылығынан егіншіліктің бөлінуі

б) сауда мен саудагердің ерекшеленуі

в) қолөнердің ерекше қызмет ретінде бөлінуі

г) тауар өндірушілердің ерекшеленуі

д) өндірістің жалпылануы

89. Олигополия – бұл:

а) еркін бәсеке нарығы

б) монопольды жоғары табыс алу мақсатында біріккен ірі капиталистердің бірлестігі

+в) бірнеше ірі фирмалар билік ететін және біртекті немесе дифференциялданған тауар өндіретін нарық

г) еркін бәсеке нарығы, монопольды жоғары табыс алу мақсатында біріккен ірі капиталистер бірлестігі

д) нарықта бір фирманың билік етуі

90. Жетілген және монополистік бәсеке нарықтарының ортақ белгісі қандай?

+а) нарықта сатушылар мен тұтынушылардың көп болуы

б) біртекті тауарлар сатылады

в) дифференциялданған тауарлар сатылады

г) жоғары деңгейлі технологиялардың болуы

д) өз өніміне сұраныстың болуы

2- бөлім. Нарық және оны реттеу механизмі

91. Мемлекеттің экономикаға араласуының басты себебі қандай? (дұрыс емес жауабты белгілеңіз)

+а) әлеуметтік жағдайы өте жақсы топтардың мүдделерін қорғау

б) қоғамдық мүддені қорғау

в) нарық механизмінің тиімді қызмет етуін қамтамасыз ету

г) экономикалық саясатты жүргізу

д) экономикалық және әлеуметтік даму үшін нақты міндеттерді шешу

92. Нарықтық экономиканың мәнін қалай түсіндіруге болады?

а) хаос пен анархия жүйесі

б) сұраныс пен ұсынысты теңестіретін қарапайым механизм

+в) баға мен нарықтар жүйесі арқылы қызмет ететін координациялаудың күрделі механизмі

г) реттеу механизмі күрделі, көп құрылымды икемсіз жүйе

д) тұтынушылар, өндірушілер, өндіріс факторлары иелері шешімдерінің келісімге келу ортасы

93. Нарыққа тән емес қандай процесс?

а) сату- сатып алу актілерінің жүзеге асуы

б) сатушылар мен тұтынушылардың қарым-қатынасы

в) сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттесуі

г) тауарлармен айырбас жасаудың экономикалық нысаны

+д) натуралды өнімдермен айырбас жасау

94. Нарықтық шаруашылықтың негізгі субьектілері кімдер?

а) өндіріс факторларының иелері

б) өнеркәсіптік, сауда, қарыз капиталистері

в) жалдамалы жұмысшылар, капиталистер, жер иелері

г) кәсіподақтар, кәсіпкерлік бірлестіктер, мемлекеттік институттар

+д) үй шаруашылығы, бизнес, үкімет.

95. Нарықтық механизмнің элементіне мыналардың қайсысы жатпайды?

+а) жоспарлау

б) сұраныс

в) ұсыныс

г) бәсеке

д) баға

96. Қандай жағдай «жетілген бәсеке» нарығына қайшы?

а) барлық тұтынушылар мен сатушылар баға туралы толық мәлімет ала алады

б) стандартты тауар шығаратын көптеген фирмалар салаларда қызмет етеді

в) ағымдық бағамен тауарды сатып алатын көптеген тұтынушылар бар

г) нарыққа ену кезінде кедергілер жоқ

+д) нарыққа ену кезінде кедергілер жоғары

97. Еркін бәсекенің жүйелік белгісіне жатпайды:

а) қатысушылардың санының көптігі жәненарыққа кіру еркіндігі

б) ақылы ақпараттың толықтығы

+в) монополды баға қою

г) барлық ресурстардың абсолютті қозғалысы

д) тауарлардың абсолютті біртектілігі

98. Нарықтың дұрыс емес жіктемесін көрсетіңіз:

а) географиялық орналасуы бойынша: жергілікті, ұлттық, әлемдік

+б) бәсекенің шектелу деңгейі бойынша: шикізаттық

в) экономикалық мазмұны бойынша: еңбек, капиталдар нарығы

г) салалар бойынша: автокөлік, компьютерлер нарығы

д) сауда жасау сипаты бойынша: бөлшек және көтерме

99. Монопсония нарығына сай жағдайды көрсетіңіз:

а) бір сатушы және көптеген тұтынушылар

+б) бір сатып алушы және көптеген сатушылар

в) көптеген тұтынушылар мен көптеген сатушылар

г) бірнеше ірі сатушылар мен көптеген шағын сатып алушылар

д) бір сатушы мен бір тұтынушы

100. Олигополия кезіндегі нарық жағдайын көрсетіңіз:

а) бір сатушы және көптеген тұтынушылар

б) бір сатып алушы және көптеген сатушылар

в) көптеген тұтынушылар мен көптеген сатушылар

+г) бірнеше ірі сатушылар мен көптеген шағын сатып алушылар

д) бір сатушы мен бір тұтынушы

101. Монополия кезіндегі нарықтық жағдайды көрсетіңіз:

+а) бір сатушы және көптеген тұтынушылар

б) бір сатып алушы және көптеген сатушылар

в) көптеген тұтынушылар мен көптеген сатушылар

г) бірнеше ірі сатушылар мен көптеген шағын сатып алушылар

д) бір сатушы мен бір тұтынушы

102. Олигопсония кезіндегі нарықтық жағдайды көрсетіңіз:

а) бір сатушы және көптеген тұтынушылар

б) бір сатып алушы және көптеген сатушылар

+в) көптеген тұтынушылар мен көптеген сатушылар

г) бірнеше ірі сатушылар мен көптеген шағын сатып алушылар

д) бір сатушы мен бір тұтынушы

103. Нарықтың негізгі белгісін көрсетіңіз:

а) әлсіздердің біртіндеп күштілерді ығыстырып шығаруы

б) кейбір салаларда монополияның болмауы

+в) ресурстарды тиімді бөлуі

г) тұрғындарды әлеуметтік қорғауы

д) шағын кәсіпкерлікті қолдауы

104. Бәсекелестік нарық механизміне тән емес:

а) шаруашылық субьектілерінің еркіндігі

б) баға қоюдың еркіндігі

+в) нарықтағы қандай да бір субьектінің монополды жағдайы

г) тауар өндірушілердің бәсекесі

д) мемлекеттің экономикада минимальды қатысуы

105. Ауылдық жерде жалғыз бензоколанка болса, онда ол…

а) монопсония

+б) монополия

в) олигополия

г) олигопсония

д) нарықтағы кез-келген жағдай

106. Әділетсіз бәсекеге жатпайды:

а) техникалық құпияны ұрлау

б) бөтен тауар белгісін рұқсатсыз пайдалану

+в) бәсекелік өнімнің сапасын жақсарту

г) басқа фирманың тауарды сыртқы безендіруін көшіріп алу

д) бәсекелес фирманың жұмысшыларын қаржымен қызықтыру

107. Нарық жағдайында экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттігі немен байланысты?

а) мемлекеттік аппараттың мүддесімен

б) монополистік капиталдың экономикалық мақсаттарымен

+в) қоғам үшін маңызды бірқатар экономикалық және әлеуметтік мәселелерді нарықтың шешуге қабілетсіздігі

г) әскери өнеркәсіптік кешеннің қажеттіліктерімен

д) өндіріс құралдары иелерінің жалдамалы еңбекшілерді қанауы және пайдалануымен

108. Салада бәсекенің жоқтығын қай белгіден көруге болады?

а) экономикадағы пайданың деңгейі қалыпты деңгейден төмен болса

б) саладағы фирманың өндірісті кеңейтуге қабілетсіз болуы

+в) басқа кәсіпкерлерде осы салаға ену мүмкіндіктерінің болмауы

г) саладағы еңбек ақының экономикадағы орташа деңгейден төмен болуы

д) кез келген субъектілердің салаға еркін кіруі

109. Нарықтық экономиканың сипатына жатпайды:

а) бәсеке

+б) орталықтан жоспарлау

в) жеке меншік

г) кәсіпкердің таңдау еркіндігі

д) банкрот болу

110. «Бәсекелік нарық» түсінігіне қайшы жағдай қайсы?

а) экономикалық биліктің бөлінуі

б) сатушылардың көптігі

в) тұтынушылардың көптігі

г) нарықққа өндірушілердің салыстырмалы түрде жеңіл енуі

+д) нақты тауарға сұраныс білдіретін тұтынушылардың аздығы

111. Ұлттық нарық нарық жіктемесінің қандай типіне жатады?

а) нарықтық қатынастардағы обьектілердің экономикалық бағыты бойынша

+б) географиялық орны бойынша

в) бәсекенің шектелу деңгейі бойынша

г) сала бойынша

д) сауда жасау сипаты бойынша

112. Олигополистік нарық нарық құрылымының қай типіне жатады?

а) нарықтық қатынастардағы обьектілердің экономикалық бағыты бойынша

б) географиялық орны бойынша

+в) бәсекенің шектелу деңгейі бойынша

г) сала бойынша

д) сауда жасау сипаты бойынша

113. Аталғандардың қайсысы бәсекелік нарыққа сай келмейді?

а) жетілген бәсеке

б) еркін баға қою

в) нарыққа еркін ену және шығу

+г) монополия

д) нарыққа еркін ену

114. Өркениетті нарықтық қатынастар нәтижесінде қандай жағдай болмайды?

а) көптүрлі меншік нысандары қалыптасады

б) мемлекеттік реттеу сақтала отырып, өндіріс демократияланады

в) нарықтық инфрақұрылым құрылады

г) құқықтық заңнама жетіледі

+д) ұлттық экономика жабық жүйеге айналады

115. Қазақстан Республикасының антимонополиялық заңы қандай нормативтік актіде негізделген?

+а) «табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңы

б) антимонополиялық саясаттың бағдарламасы

в) кәсіпорын іс әрекетінің бағдарламасы

г) Шерман заңы

д) монополды билік

116. Экономикалық категория ретінде нарық- бұл:

+а) тауар және ақша айналымы қатынастарының жиынтығы

б) нарықтық алаң

в) тауар айырбасының нысаны

г) сатып алушы мен сатушының кездесу орны

д) биржа

117. Саудада демпингке қарсы қандай заң қолданылады?

+а) антимонополиялық заң

б) құн заңы

в) салық заңы

г) ұсыныс заңы

д) сұраныс заңы

118. Нарықтың кемшілігіне не жатады?

а) нарықтық тепе теңдік тез арада қалпына келеді

б) өндіріс жағдайларына бейімділік жоғары

в) ресурстар тиімді бөлінеді және пайдаланылады

+г) жұмыспен қамтамасыз етуге кепілдік жоқ

д) сатушылар мен сатып алушылар таңдауының еркіндігі

119. Сұраныс заңы бойынша:

а) сұраныс көлемі мен тауар бағасы арасында тікелей тәуелділік бар

+б) тауар бағасы мен сұраныс көлемі арасында кері тәуелділік бар

в) тұтынушының сұранысы оның табысына тәуелді

г) сұраныс бағалық емес факторларға тәуелді

д) баға сұранысқа тәуелді

120. Графикте ненің қисығы өрнектелген?

а) сұраныс қисығы

+б) ұсыныс қисығы

в) Филлипс қисығы

г) Лоренц қисығы

д) өндірістік мүмкіндіктер қисығы

 

121.Ұсыныс заңы нені сипаттайды?

а) ұсыныстың ресурс бағасына тәуелділігін

б) сатылатын тауар саны мен бағасы арасындағы кері байланысты

в) өзара алмастырылатын және өзара толықтырылатын тауарлар арасындағы байланысты

г) әрбір тауардың икемділігін

+д) сатылатын тауар саны мен бағасы арасындағы тікелей байланысты

122. Графикте не өрнектелген?

+а) сұраныс қисығы

б) ұсыныс қисығы

в) Филлипс қисығы

г) Лоренц қисығы

д) өндірістік мүмкіндіктер қисығы

123. Қандай факторлар сұранысқа әсер етеді?

а) тұтынушы талғамы, бензин бағасы

б) ресурс бағасы, тұтынушы талғамы

в) тұтынушы табысы, нан бағасы

+г) тұтынушы талғамы, тұтынушы табысы

д) ресурс бағасы, тұтынушы табысы

124. Қандай факторлар ұсынысқа әсер етеді?

а) технологияның жақсаруы, тұтынушының кірісі

б) тұтынушы талғамы, ресурс бағасы

в) ресурс бағалары, тұтынушының кірісі

г) тұтынушы кірісі, тұтынушы талғамы

+д) технологияның жақсаруы, ресурстар бағасы

125. Сұранысқа әсер етпейтін қандай фактор?

+а) кәсіпкерлікке салынатын салық

б) тұтынушылар саны

в) басқа тауарлардың бағасы

г) тұтынушы талғамы

д) тұтынушы табысы

126. Баға бойынша сұраныс қай кезде икемді болады?

а) Ed<1

+б) Ed>1

в) Ed<1 және Ed>1

г) Ed=1

д) Ed=0

127. Баға бойынша ұсыныс қай кезде икемсіз?

а) Es>1

б) Es=1

+в)Es<1

г) Es>1 және Es<1

д) Es=0

128. Егер тауарға сұраныс өсіп, ал ұсыныс өзгеріссіз қалса, онда:

+а) тепе теңдік баға мен сату көлемі артады

б) тепе теңдік баға көтеріледі, ал сату көлемі азаяды

в) тепе теңдік баға мен сату көлемі азаяды

г) тепе теңдік баға төмендейді, ал сату көлемі өседі

д) өзгеріс болмайды

129. Егер баға төмендеген кезде сатып алу көбейсе, онда сұраныс:

+а) баға бойынша икемді

б) баға бойынша икемсіз

в) кіріс бойынша икемді

г) кіріс бойынша икемсіз

д) қиылысқан икемділік

130. Сұраныстың қисық бойымен орын ауыстыруы немен байланысты?

а) сұраныстың артуымен

б) сұраныстың төмендеуімен

в) сұраныстың ұсыныстан жоғары болуымен

+г) бағаның өзгеруімен

д) тауарға сұраныстың өзгеруімен

131. Егер тауар бағасы 1 %-ға төмендегенде сұраныс 2%-ға артса, онда сұраныс:

а) икемсіз

+б) икемді

в) бірлік икемді

г) абсолютті икемді

д) абсолютті икемсіз

132. Егер тауар бағасы 1%-ға артқанда, сұраныс көлемі 1%-ға кемісе, онда сұраныс:

+а) бірлік икемді

б) абсолютті икемсіз

в) икемсіз

г) икемді

д) абсолютті икемді

133. Абсолютті икемсіз сұраныс қисығы қандай болады?

+а) тік сызық

б) көлденең сызық

в) қисық сызықты

г) теріс бағытталған тура сызық

д) оңбағытталған қисық сызықты

134. Егер тауарлар бір-бірін алмастыратын болса, мысалы шай мен кофе, онда кофе бағасының артуы неге алып келеді?

+а) шайға сұраныс артады

б) шайға сұраныс кемиді

в) шайға да, кофеге де сұраныс артады

г) шайға да, кофеге де сұраныс кемиді

д) кофеге сұраныс артады

135. Мемлекетте тауардың тапшылығы туындап, баға өсті. Мемлекеттік саясаттың қандай жанама шараларын жүзеге асыру тиімдірек?

а) бағаны қатаң бақылау, бағаны көтергені үшін айыппұл енгізу

б) бағаны төмендету мақсатымен кейбір бағаларға бюджеттен қаржы бөлу

+в) жаңа өндірістік қуатты қалыптастыру үшін инвестицияны ынталандыру

г) бағаны төмендету

д) салықты арттыру

136. Сұраныс заңы- ол:

а) сұраныстың ұсыныстан жоғары болуы бағаның төмендеуіне алып келеді

б) тұтынушың табыстарының өсуі тұтынушының төлем қабілеттілігін төмендетеді

в) сұраныс қисығы әдетте оң бағытталған

+г) тауар бағасы төмендегенде, сатып алу көлемі өседі

д) тауар бағасының өзгеруі, оған деген сұранысты өзгертпейді

137. Егер сұраныс төмендесе, сұраныс қисығы қалай қарай жылжиды?

+а) төмен және солға

б) сағат тілінің айналуы бойынша

в) жоғары және оңға

г) сағат тілінің айналуына қарама-қарсы бағытта

д) жылжымайды

138. Тауарлар мен қызметтер нарығы тепе тең жағдайда болады, егер:

а) өндірістің шығындары төмендесе

б) баға шығындар мен пайданың қосындысына тең болса

в) технология деңгейі бірте-бірте өзгерсе

+г) сұраныс пен ұсыныстың көлемі бірдей болса

д) егер мемлекет бағаның жоғары шегін белгілесе

139. Егер нарықтық баға тепе-теңдік бағадан төмен болса, онда:

а) тауарлар артықшылығы пайда болады

+б) тауарлардың жетіспеушілігі туындайды

в) сатып алушылар нарығы қалыптасады

г) ресурсқа деген баға төмендейді

д) берілген тауарды өндіруге ынта өседі

140. Басқа факторлар өзгеріссіз болып, баға өссе, онда ұсыныс заңы бойынша:

а) сұраныс өседі

б) ұсыныс төмендейді

+в) ұсыныс көлемі өседі

г) ұсыныс көлемі мен сұраныс көлемі теңеседі

д) ұсыныстың көлемі өзгермейді

141. Сұраныс пен ұсынысты реттейтін бағаның рөлі қай нарықта көрінеді?

а) тауар нарығында

б) ресурстар нарығында

в) валюта нарығында

г) бағалы қағаздар нарығында

+д) кез келген нарықта

142. Тауарға деген бағаның құлдырауының себебі:

а) жеке кәсіпкерлікке салықтың өсуі

б) тұтынушының пайдалар табысының өсуі

+в) өндірістік ресурстар бағасының төмендеуі

г) өзара толықтыратын тауарларға деген бағаның өсуі

д) жарнама

143. Тауарға деген сұраныстың төмендеуіне не әсер етеді?

+а) тұтынушы табысының төмендеуі

б) кәсіпкерлерге салынатын салық жүгінің азаюы

в) берілген тауар бағасының өсуін күту

г) тауар ұсынысының төмендеуі

д) халықтың табысының өсуі

144. Сұраныстың бағалық икемділігі жоғары:

+а) бағалы заттарға қарағанда, ең қажетті тауарларға

б) тұтынушыға тауар аса қажетті емес болса

в) тауар өндірісінің балама шығыны жоғары болса

г) сұранысы төмен тауарларға

д) сұранысы жоғары тауарларға

145. Артық ұсыныстың әсері қандай?

+а) бағаның түсуіне ықпал етеді

б) бағаның жоғарлауына ықпал етеді

в) бағаға ешқандай әсер етпейді

г) тұтынушыны тауарды сатып алуға ынталандырады

д) сұраныс көлемін ұлғайтады

146. Егер тауарға сұраныс пен ұсыныс өссе, онда:

+а) тепе- теңдік баға өседі

б) тепе- теңдік баға өзгермейді

в) тепе- теңдік баға кемиді

г) қоғамның әл-ауқаты өседі

д) сұраныс көлемі өзгермейді

147. Тауардың тепе-теңдік бағасымен байланысты қате пікірді табыңыз:

а) баға тепе теңдік бағадан төмен болса, тапшылық болады

б) баға тепе теңдік бағадан жоғары болса, артық ұсыныс пайда болады

в) тепе теңдік бағада тапшылық та, артықшылық та болмайды

г) тепе теңдік бағада ұсыныс көлемі сұраныс көлеміне тең болады

+д) тепе теңдік бағада ұсыныстың көлемі сұраныстың көлемінен артық болады

148. Сұраныс заңы нені сипаттайды?

а) сұраныс көлемі бағаға тікелей тәуелді

+б) сұраныс көлемі бағаның өзгеруіне кері пропорционалды тәуелді

в) баға сұраныс көлемінің өзгеруіне тікелей тәуелді

г) сұраныс көлемі бағаның өзгеруіне тәуелді емес

д) сұраныс халық табысының өзгеруіне байланысты өзгереді

149. Баға бойынша икемділік кезінде:

а) сұраныс көлемі бағаның өсуімен байланысты өзгермейді

б) сұраныс аз ғана өзгергенде, бағаның өзгерісі жоғары болады

+в) бағаның аз ғана өзгерісі сұранысты үлкен көлемде өзгертеді

г) бағаның өзгерісі жоғары болғанда, сұраныстың өзгерісі аз болады

д) бағаның кемуі жалпы табысты ұлғайтады

150. Ұсыныс заңы бойынша:

+а) ұсынылатын тауардың саны мен бағасы арасында тікелей байланыс бар

б) ұсынылатын тауардың бағасы мен санының арасында кері байланыс бар

в) ұсыныстың көлемі бағаның өзгеруіне тәуелсіз

г) ұсыныстың өзгеруі табыстың өзгеруіне тәуелді

д) тұтынушылар табысы мен баға арасында кері байланыс бар

151. Ең жоғарғы баға тепе-теңдік бағадан төмен болса, онда:

+а) тапшылық болады

б) ұсыныстың артықшылығы болады

в) ұсыныс өзгереді

г) сұраныс өзгеді

д) өндіріс шығындары қысқарады

 

152. Нарықтық бағаның қалыптасуына әсер етеді:

а) сұраныс заңы

б) ұсыныс заңы

в) құн заңы

г) шекті пайдалылық заңы

+д) сұраныс пен ұсыныс заңы

153. Егер мемлекет Х тауарға тепе-теңдік бағадан жоғары баға белгілесе, онда:

+а) тауардың артық өндірісі пайда болады

б) тауардың жетіспеушілігі пайда болады

в) нарықтық тепе-теңдік пайда болады

г) Х тауарының өндірісі кемиді

д) ұсыныс қисығы солға жылжиды

154. Төменде көрсетілгендердің қайсысы адамның бір нәрсені сатып алуға тілегі мен қабілетін білдіреді?

а) қажеттілік

+б) сұраныс

в) мұқтаждық

г) тілек

д) талғамы

155. Егер тауардың ұсынысы пен сұранысы өссе, онда:

а) баға төмендейді

+б) тауардың саны көбейеді

в) баға тұрақты болады

г) қоғамның әл-ауқаты жақсарады

д) тауардың саны азаяды

156. Сұраныс заңын кескіндеудің қандай тәсілі бар?

+а) кестелік, графиктік, функционалдық

б) суреттеу, графиктік, индивидуалдық

в) функционалдық

г) нарықтық сұраныс, жинақталған сұраныс, кестелік

д) факторлы, бәсекелік, функционалдық

157. Жеке кәсіпкерлердің көзқарасы бойынша бәсеке- бұл:

+а) халықтың төлем қабілеті бар сұранысы үшін фирмалардың күресі

б) кәсіпорындардың өзара байланысы

в) нарық субъектілерінің белгілі бір экономикалық еркіндігінің болуы

г) капиталдың еркін қозғалысы

д) экономикалық билікті бөлу

158. Бензин бағасының төмендеуі автомобиль нарығындағы қисық сызықтарды қалай қарай жылжытады?

а) ұсыныс оңға жылжиды

б) ұсыныс солға жылжиды

+в) сұраныс оңға жылжиды

г) ұсыныс пен сұраныс қисықтары жылжымайды

д) сұраныс солға жылжиды

159. Тұтынушылар табысы өскенде қандай тауарға сұраныс төмендейді?

а) бағалы тауарларға

+б) сапасы төмен тауарларға

в) сұранысы бірлік икемді тауарларға

г) алғашқы қажетті тауарларға

д) сұранысы икемсіз тауарларға

160. Жер және басқа табиғи ресурстардың ұсынысы:

а) икемділігі 1- ден жоғары

б) икемділігі 1- ден төмен

в) бірлік икемді

+г) абсолютті икемсіз




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-10-31; Просмотров: 600; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.261 сек.