Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Мемлекеттік бюджет. 4 страница




Тоқырау фазасында Өрлеу фазасында
1. Ақша несие саясаты Пайыз мөлшерлі жалақысын төмендету, мемлекеттің бағалы қағаздарын ашық нарықта сатып алуы.   Пайыз мөлшерлі жалақысын өсіру, мемлекеттің бағалы қағаздарын ашық нарықта сатуы.
2. Фискальдық саясат Бюджеттен қосымша шығындар жұмсау, салық ставкаларын төмендету. Бюджет шығындарын қысқарту, салық ставкаларын өсіру.
3. Жалақы мен тарифтер саясаты Жалақыны өсіру. Жалақыны төмендету.
4. Мемлекеттік инвестициялар саясаты. Инвестициялық бағдарламалардың жылдамдықпен орындалуы, мемлекеттік қолдау жасау. Мемлекеттік құрылысты және инвестицияларды тоқтату.
Мақсат: Шаруашылық белсенділігін ынталандыру Шаруашылық белсенділігін тоқтату.

 

 

Алғашқы дағдарыс 1825 жылы Англияда басталған. Содан кейін ол 1836 ж., 1841 ж., 1847 жылы АҚШ, Англия мен Франция, Германияны қамтыды. 1857 жылғы дағдарыс бірінші дүниежүзілік циклдық дағдарыс болып саналады. Одан кейін ол 1873, 1882, 1990, 1907 жылдарда қайталанды. Экономикаға үлкен шығындар әкелген 1920-1921, 1929-1933, 1937-1938 жж экономикалық дағдарыстар. «Ұлы тоқырау» атын алған өте терең және ұзақ дағдарыстың сипаты 1929-1933 жылдарда болған еді.

Циклдардың ұзақтылығына (толқындар) байланысты олар бірнеше типке бөлінеді.

 

14.2. кесте

Экономикалық циклдардың типтері

 

Экономикалық циклдің типтері Ұзақтылығы Себептері, ерекшеліктері
1. Дж.Китчиннің қысқа толқындары» 2-4 жыл Алтынның әлемдік қорының тербелісі ЖҰӨ-нің, инфляцияның, жұмысбастылықтың тербелісіне әкеледі.
2. К.Жуглярдың «орташа толқындары» 10 жыл Ақша айналысындағы өзгерістер, кердиттік жүйенің мәселелері ЖҰӨ-нің тербелісіне инфляцияға, жұмыссыздыққа әкеледі.
3. Кузнецтің циклдары 18-25 жыл Экономикалық циклардың себептері күрделі құрылыспен байланысты
4. Н.Д.Кондратьевтің «ұзын толқындары» 40-60 жыл Басты қозғаушы күш – технологиялық өндірістегі технологиялық базаның радикалды өзгеруі мен оның құрылымдық қайта құрылуы.  
5. Форрестердің циклдары 200 жыл Энергия куаты мен материалдарға байланысты.
6. Тоффлердің циклдары 1000-2000 ж. Цивилизацияның дамуымен, олардың жоғалуымен немесе жаңа сатымен байланысты.

 

Жуглярдың циклдердің ұзақтығы 7 – 12 жыл, осы циклдің басқаша аттары бизнес-цикл, өнеркәсіптік цикл, орташа цикл. Бірінші өнеркәсіптік цикл 1825 жылы Англияда болды. Осы кезде машиналық өндіріс металлургияда, машина жасауда және басқа жетекші салаларда билік жүргізуге кіріскен болатын. 1847 – 1848 жылдардағы дағдарыс АҚШ—та басталған, соңынан бірнеше Еуропалық елдерге тараған. осы дағдарысты мән жағынан қарағанда өнеркәсіптік цикл деп атауға болады.

Китчин тауарлық запастар қозғалысындағы қаржы шоттары мен сату бағасын таладу негізінде, өзінің назарын, ұзындығы 2-ден 4 жылға дейін болатын, қыска толқындарды зерттеуге аударған.

1946 ж. С. Кузнец «Ұлттық табыс» деген еңбегінде мынадай қорытындыға келді: ұлттық табыстың, тұтынушылық шығындардың, өндірістік жабдықтарға сол сияқты ғимараттарға, құрылыстарға жасалған жалпы инвестициялардың көрсеткіштері өзара байланысты жиырма жылдық ауытқулардың бар екенін айқындайды және құрылыста осы аутқулардың амплитудасысалыстырмалы ең үлкен болады. 1955 жылы Кузнецтің еңбегіне баға беріліп, Кондратьевтің «ұзын толқындарынан» өзгеше құрылыстық циклді Кунецтік цикл деп аталсын деген шешімге кабылданды.

Ұзын толқындар теорисына орыс ғалымы Н.Д.Кондратьевтің үлесі зор. Өзінің еңбектерінде дамыған елдердегі 1770 – 1926 жж. тауарлық бағаларының индексінің, проценттің мөлшерлемелерінің, рентаның, жалақының, өнімнің маңызды түрлерінің динамикасын зертеген. Кондратьев циклдың басталуын өндіріске жаңа технологияның жаппай енгізілуімен, әлемдік шаруашылыққа жаңа елдерді тартумен, алтын өндіру көлемінің өзгерістерімен байланыстырады. Осымен бірге өрлеудің жалпы көрінісі былай сипатталады: техникалық жаңартпалардың еңгізілуі инвестициялық процестің кеңеюімен қатар жүріп отырады, бұл өз кезегімен бағаның өсуіне ат салысатын, өндірісті және сұранысты ынталандырады. Осы кезеңде жұмыссыздық төмендейді, жалақы және еңбек өнімділігі өседі. Кондратьев ауыл шаруашылыққа ерекше назар аударған, себебі ол бұны ұзақ мерзімдік құлдыраудың басты себебі деп есептеді. Бірінші – үлкен циклдің өрлеуін Кондратьев Англиядағы өнеркәсіптік төнкеріспен байланыстырады, екіншіні – темір жол көлігінің дамуымен, үшіншіні – электр қуатының, телефонның радионың енгізілуімен, төртіншіні – автомобиль өндірісімен.

Құрылым жағынан аграрлық және басқа да салалық дағдарыстар болады. Аграрлық дағдарыстар табиғи жағдайлармен байланысты болуы мүмкін және ұзақ мерзімді болады.

Экономикалық теорияда мағызды сұрақтардың бірі ол экономикалық өсу. Экономикалық өсу дегеніміз ұлттық өнімнің сан жағынан өсуімен қатар сапа жағынан жетілдірілуі. Экономикалық өсу деп өндіргіш күштердің ұзақ мерзімді дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімдегі өзгерістерін атайды.

Экономикалық өсудің негізгі мақсаттары – халықтың әл-ауқатын көтеру және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Экономикалық өсудің негізгі мақсаты материалдық әл-ауқаттың жоғарлауы болып табылады, осының құрамына кіретіндер:

- Орта есеппен бір адамға келетін ұлттық табыстың өсуі. бұл мақсатқа жетуді ұлттық табыстың жан басына шаққанда келетін өсу шапшандығы көрсетеді.

- Бос уақыттың көбеюі. Бұл елдің нақты жалпы ұлттық өнім немесе ұлттық табыс көрсеткіштерінде орын алмаған. Сондықтан, осы мақсатқа жету дәрежесін бағалағанда, байқалып отырған мерзімде жұмыс аптасы мен жұмыс жылы қысқарғанына, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек әрекеттерінің жалпы ұзақтығына назар аудары керек.

- Ұлттық табыстың халықтың әр топтараның арасында бөлінуін жақсарту.

- Шығарылған тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсартып, түрлерін көбейту.

 

Экономикалық өсудің өлшеу тәсілдерін екі топқа бөлуге болады:

1. Нақты жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) өсуі. Бұл әдіс экономикалық мүмкіншілігінің молаю шапшандығын бағалау үшін қолданылады.

2. Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) бір адамға шаққандағы өсуі. Халықтың әл-ауқатының дамуын талдағанда, немесе елдер мен аймақтардағы тұрмыс дәрежесін салыстырғанда қолданылады.

 

Қоғамдық өндірістің типіне байланысты, өнімнің өсу шапшандығы мен өндіріс факторлары көлемі өзгерістерінің арасындағы сәйкестік әр түрлі болуы мүмкін, сондықтан экономикалық өсу де бірнеше типке бөлінеді.

 
 

 

 


1. Интенсивті типі - техника мен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі. Тиімді экономика экономикалық өсудің интенсивті типін қолдануға тырысады. Экономикалық өсудің интенсивтік факторлары:

- қолданылатын ресурстар сапасының өсуі (жұмыс күшінің сапасын өсіру және заттық капиталдың сапасын жақсарту);

- ресурстарды пайдалану әдістерін жақсарту (технологияны жетілдіру, өндірісті және өткізуді ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру).

2. Экстенсивті типі – қосымша өндіріс факторларын тарту арқылы ұлттық өнімінің өсуі. Экономикалық өсудің экстенсивтік факторлары:

- жұмыс күшінің санының өсуі;

- капиталдың көлемі өсуі.

3. Аралас типі - факторлардың өсуімен қатар техникамен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі.

 

Экономикалық теорияда экономикалық өсудің сапасы деген ұғым әлеуметтік бағытталуының күшеюімен байланыстырылады, оның сипаттайтын келесі көрсеткіштер:

1. халықтың материалдық әл-ауқатының жақсаруы;

2. адамның бос уақытының көбеюі;

3. әлеуметтік инфрақұрылым салаларының даму дәрежесінің жоғарылауы;

4. адам капиталына инвестицияны өсіру;

5. адамдардың еңбек және өмір жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

6. жұмыссыздар мен жұмысқа қабілеті жоқтарды әлеуметтік қорғау;

7. еңбек нарығында ұсыныс көлемінің өсуі жағдайында жұмыспен толық қамтуды қолдау.

Экономикалық өсудің факторлары дегеніміз өндірістің нақты көлемін және оның тиімділігі мен сапасын арттыратын құбылыстар ықпалына мен процестер. Тигізетін ықпалына қарай экономикалық өсудің факторлары жанама және тікелей факторларға бөлінеді.

Тікелей факторларға экономикалық өсудің физикалық мүмкіндігін белгілейтіндер жатады. Тікелейді бес негізге факторлар құрайды, олар жиынтық өндіріс пен ұсыныстың динамикасын тікелей белгілейді.

Жанама факторлар экономикалық өсудің физикалық мүмкіндіктерді ақиқатқа айналдыратын факторлар жатады.

Жанама факторлар құрамына жататындар:

- Сұраныс факторлары өсіп келе жатқан өндіріс көлемінің өткізу мүмкіндігін белгілейді: мемлекеттік шығындардың өсуі, жаңа нарықтар игеру нәтижесінде немесе әлемдік нарықта ел өнімінің бәсекелес қабілетінің өсуі нәтижесінде экспорттың кеңеюі.

- Ұсыныс факторлары нарықтың монополиялану дәрежесінің төмендеуі, пайдаға салынатын салықтардың салықтың азаюы және т.б.

- Бөлу факторлары.

 

Экономикалық өсудің факторлары:

 

Тікелей факторлар: Жанама факторлар:
-Еңбек ресурстарының саны мен сапасының өсуі. - Негізгі капитал көлемінің өсуі және сапалық құрамының жақсаруы. - Өндірісті ұйымдастырумен қатар технологияның жетілдірілуі. - Пайдаланатын табиғи ресурстардың саны мен сапалылығының артуы. - Қоғамдағы кәсіпкерлік қабілетінің өсуі. - Сұраныс факторлары – тұтыну, инвестициялық, мемлекеттік шығындардың өсуі. - Ұсыныс факторлары – бәсекенің дамуы, ресурстардың бағасының төмендеуі, несие алу мүмкіншілігінің өсуі. - Бөлу факторлары – қоғамдағы барлық ресурстарды тиімді пайдалану.

 

Қазақстан үшін экономикалық өсудің тиімділігі мен сапасы маңызды мәселе. Ұзақ мерзім бойы еліміздің экономикалық дамуының нәтижесі жалпы қоғамдық өнімнің сан жағынан өсу қарқындылығы арқылы бағаланып отырды. Кәсіпорындардың болуы мен дамуы іс жүзінде олардың өздерінің өнімдерін сатудан түскен табыстар есебінен шығындарын өтеу қабілетімен байланысты болмады. Бұл жағдай кәсіпорындардың іс-әрекеттерінің тиімділігіне тәуелсіз, қаржыландырудың тыс көзі және еңбек пен капиталдың шекті өнімділігімен байланыстырылған табыстарды бөлу жүйесінің болуымен дәлелденеді. Қазақстан республикасының жүргізіп отырған экономикалық саясатының негізгі мақсаты – шет ел инвестициясының және ішкі жинақтың жоғары дейгейіндегі экономикалық ашықтығы негізінде экономикалық өсуге жету.

Экономикалық өсуге жету барысында қойылған міндеттер:

1. Мемлекеттің белсенділігімен қатар экономикаға араласуды шектеу.

2. Қатал монеторлық фискальдық шектеулер қою.

3. Шетелге қаржылық инвестиция шығару туралы стратегия жасау.

4. Жекеменшікті бекітумен қатар құқықтық қорғау жасау

5. Жекешелендіру процессін аяқтау (аграрлық секторда).

6. Энергетикалық және басқа да табиғи ресурстарды өңдеу

7. Инвестициялық саясатты жүзеге асыру.

8. Индустриальдық технология стратегиясын жасау

9. Өндіріс диверсификациясын жүрзізу.

10. Өндіріс салаларының бәсекелік қабілеттілігін дамыту.

 

 

Негізгі түсініктер мен терминдер

 

Дағдарысқа қарсы саясат

Жандану

Рецессия (дағдарыс)

Стагфляция

Өсу

Тоқырау

Экономикалық өсу

Экономикалық цикл

 

 

Бақылау сұрақтары

 

1. Экономикалық циклдың дамуы.

2. Дағдарысқа қарсы саясат шаралары.

3. Экономикалық дамудың циклдарының себептері.

4. Экономикалық циклдардың типтері.

5. Экономикалық өсудің типтері.

6. Экономикалық өсудің мағнасы.

7. Қазақстан Республикасында экономикалық өсуге жетудегі міндеттер.

 

15 тақырып. Мемлекеттің ақша – несие жүйесі.

 

1. Ақша жүйесі түсінігі мен типтері.

2. Ақша нарығындағы тепе-теңдік.

3. Несиенің мәні мен формалары.

4. Қазақстан Республикасының банктік жүйесі.

 

Жалпы мемлекеттік заңдармен реттелген елдегі ақша айналысын

ұйымдастыру ақша жүйесі болып саналады.

Ақша жүйесінің элементтеріне жататындар:

1. Ақша бірлігі. Бұл тауар бағасын анықтап өлшеу үшін қолданылады. Қазақстанда – теңге.

2. Баға масштабы. Бұл мемлекет анықтаған ұлттық қағаз ақша данасының металға бағаланған салмақ мөлшері.

3. Ақша түрлері. Бұған жататындар: мемлекет шағаратын банкноттар, монеталар, қазыналық билеттер.

4. Эмиссиялық жүйе – айырбасқа арнап заңды түрде ақша мен құнды қағаздар шығару тәртібі.

5. Ақша жүйесінің институттары – ақша айналымын реттеп отыратын мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер.

6. Валюталық паритет – екі валюта арасындағы шекті қатынасты білдіреді.

Ақша түрлеріне байланысты айналыс жүйесі екі типке бөлінеді:

- металл ақшаның айналыс жүйесі – айналыста алтын және күміс монеталар жүреді, несие ақшалар металл- ақшаға еркін айырбасталады.

- несие және қағаз ақшаның айналыс жүйесі.

Бұл жүйеде айналыстан алтын шығарылады. Қазіргі кезеңде ақша өз айналысында қолма-қолдан қолма-қолсыз ақшаға және терісінше өтеді. Ақша массасы дегеніміз халық шаруашылығындағы тауарлар мен қызметтің айналымын қамтамасыз ететін сатып алу мен төлемдердің жиынтығы. Ақша массасының көлемі көптеген факторларға тәуелді, алдымен ақша нарығының көлемі мен конъюнктурасын белгілейтін, ақшаның ұсынысы мен сұранысынан. Ақшаның ұсынысы – бұл осы мезгілде экономикада айналыста жүрген төлем құралдарының жиынтығы. Ақшаға сұраныс – оның айналыс құралы және жинау құралы қызметінен туындайды. Ақша массасының динамикасына көп факторлар әсер етеді. Ақшаның сандық теориясының өкілі американдық экономисі Фишер келесі формуланы ұсынады:

M · V = P · Q

 

мұнда: M – айналыстағы ақшаның саны;

V – ақшаның айналыс жылдамжығы;

Р – бағаның орташа деңгейі;

Q – барлық тауарлар мен қызметтердің саны.

Ақшаның ұсынысы елдің Орталық банкі бақылап отырады, яғни тіркелген дәрежеде қолдап отыруға тырысады. Сондықтан ақша ұсынысының қисығы тік сызық түрінде болады.

Ақша жалпы сұраныс процент мөлшерлемесінің берілген шамасында, адамдар мен фирмалар мәмілеге келу үшін және бағалы қағаздар сатып алу үшін, өздерінің қарамағында болғанын ұнататын ақшаның жалпы көлемі.

Ақшаның шаруашылық жүргізу процесіндегі айналысы ақша нарығын құрайды. Ақша нарығында проценттің мөлшерлемесінің нормасы, бір жақтан, ақшаға сұраныспен оның ұсынысымен белгіленеді, екінші жақтан, бұл ақшаның сұранысымен оның ұсынысының өзара әсерін қамтамасыз ететін қаржылық институттарының тарабы. Ақша нарығындағы тепе-теңдік келесі графикте көрсетілген.

 

15 график. Ақша нарығындағы тепе-теңдік.
Р S Р2 Е PЕ Р1 D QЕ Q Мұнда, S – ақшаның ұсыныс; D – ақшаға сұраныс; Р - проценттің мөлшерлемесі, Q – ақшаның массасы. Ақшаға сұраныстың және ақша ұсынысының тепе-теңдігі, басқа кезгелген нарықтағы тепе-теңдік сияқты қалыптасады. Проценттің мөлшерлемесі тепе-теңдік процент мөлшерлемесінен PЕ төмен болса, шаруашылық субъекттер өздерінің ақша көлемін өсіруге тырысады.

 

Ақша массасының құрамы әр мемлекеттің өз несие-ақша жүйесімен, яғни ақша нарығы құралдарының дамуымен анықталады. Біздің республикамыздағы айналыстағы ақша қаражатының құрылымына келсек, онда ол мынадай агрегаттардан құралады:

1. Мо –айналыстағы қолма-қол ақшалар.

2. М1= Мо + есеп айырысу немесе басқа депозиттік есеп - шоттардағы қалдықтар + чектік және аккредитивтік есеп-шоттар + талап еткенге дейінгі салымдар.

3. М2= М1+мерзімді салымдар.

4. М3 = М2 + мемлекеттік облигациялары.

 

Тауар айналымына қызмет ететін ақша айналымы экономикалық заңмен анықталады және нақты тауар айналымын қамтамасыз етуге қажетті ақша санына (Аа) сай болады:

 

Мұндағы: С – тауар бағасының соммасы;

А- бір өлшемді ақша бірлігі айналымының шапшаңдығы.

Нарық жағдайында айналымдағы ақша саны әрбір кезеңде үш факторға тәуелді:

- айналатын тауардың массасымен

- олардағы баға қозғалысымен

- ақша айналымының жылдамдылығымен анықталады.

Бірақта ақша айналым құралы ретінде ғана емес төлем құралы ретінде қызмет атқарады. Сондықтан айналым үшін қажетті ақша саны төмендегі формалумен анықталады:

 

Аа= С – Н + Т -Е

 

Мұндағы: Аа - айналымдағы ақша саны;

С - өткізуге жататын тауар бағасының сомасы;

Н- несиеге өткізілетін тауар бағасының сомасы;

Т - мерзімі келген төлемдер;

Е - өзара есеп айырысу сомасы;

А – бір өлшемді ақша бірлігі айналымының шапшаңдығы.

 

Ақша нарығындағы маңызды элементтерінің бірі несие. Несие дегеніміз қарыз қорының болмысының формасы, қарыз қорына меншіктің жүзеге асырылуының ерекше формасы. Несие төмендегі принциптер бойынша беріледі:

1. Несиені қайтару прнциптері – белгіленген уақытта алынған құралдарды пайдаланғаннан кейін қайтару қажет болады.

2. Мерзімдік принцип – келісімшарт бойынша белгіленген уақытта қайтару.

3. Төлем приципі – несиені пайланғаны үшін ақы төлеу.

4. Материалдық қамтамасыз ету – қарыз алушы өзінің міндеттемесін бұзғанда кредитордың мүддесін қамтамасыз етуді қорғау қажеттілігі.

5. Несиенің дифферециалды сипаттамасы - әртүрлі қарыз алушыларға ыңғайлы бапты несие бөлу.

Несие функциялары:

1. Ынталандыру функциясы- экономикада ақша айналымын жылдамдату арқылы процестерді жылдамдату.

2. Орын басу функциясы – қолма-қол ақшаның орнына несие ақшалар жүреді.

3. Жинақ функциясы – ақша капиталын жұмылдыру, іске тарту.

4. Қайта бөлу функциясы –несиенің көмегімен әртүрлі салалардың арасында қаржылық құралдар қайта бөлініп отырады.

5. Реттеу функциясы – нарықтық экономикада несие экономиканы реттеу құралы ретінде қолданылады.

 

Несиенің түрлері

Әрекет ету мерзімі бойынша
Несие сипаттамасы бойынша
Несиелеу объектісі бойынша

 

           
     

 


Коммерциялық несие тауарлар мен қызметтердің өтуін тездету мақсатымен, төлем мерзімі кешіктірілген тауардың сатылуында қолданылады. Оның объектісі тауарлық формадағы құралдар. Коммерциялық несие формасында жасалатын келісім құжатының қызметін вексель атқарады.

Банктік несиесін кәсіпкерлерге және басқа қарыз алушыларға ақшалай қарыз формасында банктер береді. Несие беруші болып банк табылады.

Мемлекеттік несиеде қарыз алушы мемлекет, ал несие беруші көбінесе халық болады. осы несие мемлекеттік қарыз, мақсатты процентсіз қарыздар, қазыналық міндеттемелер түрін алады.

Несиелік жүйенің незізгі элементтері:

І Орталық (эмиссиялық банк)

ІІ. Банктік жүйе:

- коммерциялық банктер

- жинақ банктері,

- инвестициялық банктер,

- ипотекалық банктер,

- басқа да мамандандырылған банктер.

ІІІ. Сақтандыру ұйымдары:

- сақтандыру компаниялары,

- зейнетақы қорлары.

ІҮ. Мамандандырылған бакнтік емес несие қаржылық институттар:

- инвестициялық компаниялар,

- қаржылық компаниялар,

- қайырымдылық қорлары және т.б.

Несие жүйесінде негізгі рөл атқаратын банк. Банк – (итальян сөзі - орындық) – уақытша басы бос ақшаларды жинақтап, оларды пайыз алу арқылы қарызға (несие) беретін негізгі экономикалық институт. Банктер активтік және пассивтік операциялар жүргізеді. Пассивтік операциялар арқылы банк ақша ресурстарын тартып жинақтайды, ал активтік операицялар арқылы соларды орналастырады.

Банктердің функциялары:

1. Есеп айырысу мен несие беруде делдалдық қызмет атқару.

2. Ақшалай табыстар мен жинақтардың бір бөлігі капиталға айналдыру.

3. Айналымға несие құрылымдарын шығару (вексель, чек, банкнот)

Функциялар және операция жүргізу сипаты бойынша банктер бөлінеді:

- орталық эмиссиялық,

- коммерциялық депозиттік, инвестициялық,

- жинақ,

- арнайы бағытағы банктер.

Ақша массасы көлемінің банктің жаңа ақшалармен ұлғаюы банктік

мультипликатор (т) арқылы есептеледі:

 

мұндағы: Ү-міндетті резервтік норма (%), немесе

М – депозиттердің өсуі,

R – резервтердің өсуі

Банктік мультипликатор егер сырттан банктік жүйеге қандай бір ақша соммасы түскен болса, онда ақшаның ұсынысы банктік мультипликаторға көбейтілген бастапқы салымға тең соммаға дейін өседі. Қазақстан республикасы Президентінің «Банктер және банктер іс-әрекеттері туралы» Жарлығы бойынша Қазақстанда банк жүйесі екі дәрежеден құралады:

- І дәрежеде – Қазақстан республикасының Ұлттық банкі.

- ІІ дәрежеде – мемлекеттік, коммерциялық, бірлескен және шетелдік банктер.

Несие саясатының негізгі субъектісі Ұлттық банк. Ұлттық банктің міндеттерін екі бағытта арқарылады:

1. Валюта жүйесінің бірқалыпты тұрақты дамуын қамтамасыз ету.

2. Мемлекеттің мүддесін қамтамасыз ету үшін жеке коммерциялық банктердің несие қызметіне әсер ету.

Қазақстан республикасы Ұлттық банкінің қызметтері мен міндеттері:

- мемлекеттер және коммерциялық банктермен белгілі бір келісім әрекет атқаратын заңды тұлға;

- Қазақстан республикасының ақша несие жүйесін басқару;

- Қазақстан республикасы Ұлттық валютасының сыртқы және ішкі тұрақтылығын сақтау;

- Банктік есеп-шот және валюталық қарым-қатынастар жасау;

- Ақша, несие және банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету;

- Ақша мен мемлекеттік құнды қағаздардың эмиссиясын жүргізу;

- ҚР Үкімет кепілдігі бойынша ішкі және сыртқы қарыздарды өтеу;

- Коммерциялық банктермен несиелік жүйенің басқа мекемелерінің іс-әрекеттеріне бақылау жүргізу;

- Ұлттық банктік Қазақстан мүддесін әлемдік нарықта көрсету.

Екінші дәрежедегі банктердің қызметтері:

- Салымдар жинап, несие беру;

- Есеп айырысу операциялары және есеп шот жүргізу;

- Валюта және бағалы қағаздар мен операциялар жүргізу;

- Несие беруде делдалдық қызмет атқару;

- Ломбардтық және сейфтік операциялар жүргізу және т.б.

Несие саясаты – ұлттық банктің ақша айналымымен несие қатынастары саласында жүргізетін макроэкономикалық процестерді мемлекеттік деңгейде реттеу мен дамытуға бағытталған шаралар жиынтығы. Несие саясатының мақсаты – ұлттық шаруашылықтың тұрақты дамуы мен тепе-теңдікті болуын қамтамасыз ету. Халық шаруашылығының тұрақтылығын сақтау үшін Ұлттық банк коммерциялық банктерге үнемі бақылау жасап отыруы қажет. Ұлттық банк мемлекеттің несие саясатын жүзеге асыруда құралдар жиынтығын қолданады. Ол құралдар ақша-несие саясатына жанама және тікелей әсер ету әдістерінен құралады. Несие саясатының жанама әдістеріне жататындар: есептік ставка саясаты, ашық нарықтағы операциялар, минималды резерв саясаты, еркін келісімдер.

Тікелей әдістің мәні Ұлттық банк коммерциялық банктердің банктік емес секторға несие салымдарына шектеу қояды. Белгілі уақыт аралығында коммерциялық банктердің несие операциялары арқылы өтетін ақша сомасына проценттік норма белгіленеді. Ол норма сақталмаған жағдайда айып салынады.

Арзан ақша саясатының мақсаты – несиені арзандату және беру тәртібін жеңілдету арқылы халық шаруашылығын дамыту, сондай-ақ елдің жиынтық шығындары мен жұмыс орындарын молайту. Қымбат ақша саясаты ақша ұсынысын қысқарту арқылы қоғамның жиынтық шығындары мен ақша инфляциясын төмендетуді көздейді. Осындай саясаттардыңқолданатын шараларын 15 кестеде көрсетілген.

Мемлекеттің ақша-несие саясатының мақсаттары:

- өндіріс көлемін өсіру;

- толық жұмысбастылық;

- инфляцияны төмендету.

Мемлекеттің ақша-несие саясатының құралдары:

1. Ашық нарықтағы операциялар. Ұлттық банктың ашық нарықта ақша массасының көлемін реттеу мақсатында мемлекеттің құнды қағаздарын сатуы және сатып алуы. Мұның мағынасы: Ұлттық банк ақша эмиссиясын тоқтату және банктердің несиелік мүмкіншіліктерін шектеу мақсатында, нарықта құнды қағаздарды сатып, бұл қағаздарды сатып алған банктердің резервтік шоттарынан белгілі бір соманы есептен шығару. Керісінше, ақша шығаруын және несиелерді беруді ынталандыру үшін Ұлттық банк құнды қағаздарды өзіне қайта сатып алып, оның құнын банктердің резервтік шотына аударады.

2. Резервтік норманы өзгерту - ақша-несиені реттеуде қолданатын өте қатаң құрал. Ұлттық банк барлық банк мекемелердің міндетті резервті нормасын бір мезгілде өзгерту арқылы әрбір банктің резервінің көлеміне тікелей әсер ете алады. Міндетті резервтер – бұл әрбір коммерциялық банктер салымдардың бір бөлігін міндетті түрде сақтау қоры ретінде мемлекеттің Ұлттық банкте ұстауы қажет.

3. Есептік ставкасын өзгерту - коммерциялық банктер Ұлттық банктен несие алғанда ақша көлемін реттеу мақсатымен бірінші дәрежедегі банк несиенің мөлшерлемесін жиі өзгертіп отырады. (пайыз мөлшерлемесін көтерсе коммерциялық банктер алатын несиелерін азайтуға мәжбүр болады, керісінше, төмендетсе – несие көлемі өседі) Осы жоғарыда келтірілген 3 құралдарды қолдану – мемлекеттің «арзан ақша саясаты» және «қымбат ақша саясаты» деп аталады. Қазақстанда осы келтірілген құралдармен қатар, ақша айналысын реттеу үшін басқа да тәсілдер қолданылады.

4. Күрделі несиелік қаржының өсімін шектеу. Ұлттық банк коммерциялық банктердің несиелік қаражаттарының бөлінуін пайыздық норма арқылы шектеп отырады.

5. Ерікті келісімдер бойынша Ұлттық банк коммерциялық банктермен өзара келісімге келеді.

 

15-кесте.

Несиелік белсенділікті басқару

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-10-31; Просмотров: 783; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.009 сек.