Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Мемлекеттік бюджет. 6 страница




Протекционизм Фритредерство
Мағынасы: Шетел өнімдерін ішкі нарыққа кіргізуді ұлттық өндірісті қорғау үшін шектеу. Ешбір кедергілерсіз мемлекеттер арасында тауарлар мен қызмет-тердің еркін жүруі.
Артықшылықтары: Төлем балансын теңдес-тіреді, демпингтен қор-ғайды. Жаңа салаларды қорғайды, өндіріс көле-мінің өсуін ынталан-дырады. Бәсекені ынталандырады, монополияны шектейді, өндіріс тиімділігі өседі, бағалар төмендейді. Тауарларды таңдау мүмкіндігі еді, мемлекет арасында жақындасу, бірігу процесі өседі.
Кемшіліктері: Өндіріс тиімділігі төмендейді, бағалар өседі, тауарды таңдау мүмкіндігі болмайды, экспорт мүмкіншілігі азаяды. Ұлттық экономиканы шетелдің теріс әсерінен қорғау мүмкіндігі болмайды (демпинг, сапасыз тауарлар және т.б.).

 

Мемлекеттің сыртқы экономикалық байланыстарын сипаттауға төлем балансықолданылады. Төлем балансы дегеніміз белгілі бір кезендік статистикалық есеп беру және келесі құбылыстарды көрсетеді:

- белгілі бір елдің басқа елдер арасындағы тауарлық, қызметтік, табыстық операциялар;

- меншіктегі өзгерістер және сол елдің қаржылық талаптар мен міндеттемелеріндегі өзгерістер;

- бір жақты аудармалар.

Төлем балансына сыртқы саудадан, тасымал құралдары төлемінен, шетелге капитал шығарудан, шетел туризмінен және валюталық несиелік операциялардан және т.б. түскен табыстар кіргізіледі. Дәл осындай баптар төлем балансының шығын бөлімінде көрсетіледі. Төлем балансының көрсеткіштері сол елдің белгілі бір кездегі экономикалық жағдайы туралы мәлімет береді. Егер төлем балансында теріс сальдо болса, онда сол ел дүниежүзілік нарықта сенімсіздікке ұшырайды, мұның өзі ұлттық валютаның басқа елдердің ұлттық валютасымен салыстырғанда, төмендеуіне әкеліп соғады.

Халықаралық несие – бұл қайтарымдылық, жеделдік, процент төлеу шарты бойынша валюталық және тауар ресурстарының берілуі, яғни мемлекеттердің бір - біріне ақша немесе тауар ресурстарын қарызға беруі. Бұл жағдайда қарыз беруші мен қарыз алушы рөлінде жеке фирмалар, компаниялар, мемлекеттің үкіметі, аймақ, облыс, қала әкімшіліктері мен халықаралық мекемелер болады. Халықаралық несие әр түрлі формада болады:

1. Өзінің мақсатты пайдаланылуына байланысты халықаралық несие байланысқан және қаржылық деп бөлінеді.

- байланысқан несие несиелік келісімде бекітілген қатаң түрдегі мақсатты сипаты болады (коммерциялық, инвестициялық несиелер);

- қаржылық несиелер қарыз алушының кез келген мақсатына сәйкес беріледі.

2. Ұсынылу формасы бойынша тауарлық және валюталық деп бөлінеді.

3. Берілу мерземі бойынша қысқамерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді, онкольдік деп бөлуге болады.

4. Несие берушінің кім екендігіне байланысты жекеше, үкіметтік, халықаралық ұйымдар несиелерді ажыратады.

5. Валюталық несиелер берілу валюта бойынша бөлінеді.

Әлемдік басты несие–қаржылық орталықтарға жататындар: Халықаралық валюталық қор (ХВҚ)

- ол Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) мекемесі болып саналады;

- халықаралық ірі қаржы несие мекемесіне Дүниежүзілік банк жатады. Оған бір-бірімен байланысқан 4 халықаралық қаржы институттары енеді. Олар: Халықаралық даму және реконструкциялау банкі (ХДРБ), Халық аралық даму ассоциялары, халықаралық қаржы корпорациясы;

- Қарыз беруші елдердің «Париж клубы»

- Қарыз беруші банктердің «Лондон клубы» және т.б.

Халықаралық жұмысшы күші нарығы жұмыс күшінің сырттан келуімен (эмиграция) және кетуімен (иммиграция) қалыптасады, яғни ұлттық шаруашылықтар арасындағы жалдамалы еңбектің ауысуы (миграция) Оның пайда болуы өмір сүру деңгейінің төмендегі мен даму қарқыны төмен елдерде тұрғындардың салыстырмалы елдердің дәрежесінің жоғары болуымен түсіндіріледі. Сол себептен қосымша жұмыс күшін қажет ететін интенсивті дамыған елдерге ауысып отырады.

Дүниежүзілік шаруашылықтың интернациалануының тереңдеуі жағдайында капитал экспортының мәні өсуде. Капиталдың миграциясы – бұл белгілі бір ұлттың айналымында жүрген капитал бөлігін басқа елдің экономикасына тауар немесе ақша формасында енгізу процесі. Оның басты себебі: бір елде капитал мөлшерінің салыстырмалы түрде көр болуы, яғни оның шектен тыс көп жинақталуы. Капитал миграциясының түрлері көп:

1. жеке меншік және мемлекеттік капитал миграциясы;

2. ақша және тауар капитал миграциясы;

3. қысқа және ұзақ мерзімдегі миграциясы;

4. қарыз және кәсіпкерлік капитал миграциясы.

Қарыз капиталы сақтаудағы ақшадан, несиеден түсетін процент көлемінде табыс әкеледі. Кәсіпкерлік капиталды шетке шығару – басқа елдердің территориясында өзінің өндірісін салу үшін қаржы жұмсау. Кәсіпкерлік капитал екі түрге бөлінеді:

- Тікелей инвестиция - өнеркәсіп, сауда т.б. салаларға бағытталған.

- Портфельдік инвестиция – шетелдік облигация, акция мен басқа да құнды қағаздарға бағытталған.

Трансұлттық корпорациялар (ТҰҚ) қазіргі кездегі дүниежүзілік байланыстардың негізгі субъектілері, яғни елдердің компаниялары, акционерлік қоғамдардың бірігуі.

Әлемдік экономикада елдер арасындағы төлем мен есеп айырысу операциялары валюталық қатынастар арқылы жүргізіледі. Осындай валюталық қатынастар халықаралық валюта жүйесін құрайды. Валюта жүйесіне бірлескен валюта қорлары, халықаралық есеп айырысуда жүретін активтер, валюталық поритет пен оларды өзара келістіру жағдайлары, валюта мен алтынның әлемдік нарығы т.б. кіреді.

Ақша сыртқы экономикалық байланыстарға қатысқанда валюта түрінде қолданылады.

Валютаның түрлері: ұлттық, шетелдік валюталық бірлік (теңге, доллар, евро). Валюта айналымына байланысты:

- конверсияланатын, яғни еркін айналатын валюталар;

- жартылай конверсияланатын, яғни валюталық шектеулері бар елдердің валюталары;

- конверсияланбайтын, яғни елдер арасындағы айырбасқа тыйым салынатын валюталар болып бөлінеді.

Валюталық курс – бір елдің ақша бірлігінің басқа елдердің ақша бірліктеріне бейнеленген бағасы. Валюта қатынастары тарихында үш валюта жүйесі белгілі.

1. Алтын стандарты негізінде 1879-1934 жылға дейін: ақша бірлігінде алтын үлесінің болуы, алтын қоры мен ішкі ақша ұсынысының тең болуы, осының нәтижесінде мемлекет валюталық курсты қатал шектеуде ұстап отырады.

2. Бреттон Вуд жүйесі 1944-1971 ж. ақша айналымына алтын девиза енгізілді, яғни мұндай өлшеуіш алтынның орнына алтыны аз елдердің кейбір ұлттық немесе бірлескен валюталардың жүруіне жол берілді. (алтын-доллор стандарты)

3. 1971 жылдан бастап дүниежүзілік ақша міндетін алтын емес, ұлттық валюта мен біріккен валюта атқара бастады да бұл жүйе - еркін өзгеріп отыратын валюталық курс жүйесі деп аталды, яғни валюталық курс мемлекет әсерін тигізіп отыратын сұраныс пен ұсынысқа қарай өзгеріп отырады.

Валюталық курсты реттеу үшін 4 негізгі тәсіл қолданылады:

1. Валюталық интервенция валюталық нарыққа мемлекеттің араласуы. Валюталық сұраныспен ұсынысты қажетті бағытқа өзгерту үшін мемлекет осы валютаның қажетті санын сатады немесе сатып алады.

2. Валюталық бақылау жүргізу, яғни егер елде шетелдік валютаның көлемі кемісе, оған сұраныс өссе, оның өсуін баяулату үшін валютаның легін ішкі нарықта қайта бөлуге кіріседі.

3. Сыртқы сауданы бақылау арқылы валюталық сұраныс пен ұсынысқа жанама түрде мемлекет ықпалын жүргізеді.

4. Ішкі макроэкономикалық реттеудің әртүрлі шаралары бойынша валютаның айырбас пропорциясына мемлекет әсерін тигізеді.

Халықаралық экономикалық интеграция

Соңғы уақытта әлемдік шаруашылықта күрделі өзгерістер байқалады. Олардың ішінде ең маңыздысы – ұлттық шаруашылықтың жақындасуы мен өзара тығыз байланысуы негізінде мемлекетаралық экономикалық бірлестіктердің құрылуы. Елдің мұндай жақындасуы мен бірлесуін экономикалық интеграция деп атайды.

Еркін экономикалық зона (ЕЭЗ) - кейбір аймақтағы аудандарға экономикалық-әлеуметтік ғылыми техникалық дамуын және сыртқы экономикалық байланыстар ұйымдастыруды өздері шешуге берілген еркіндік. Осы мәселелерді қолайлы, жайлы жағдайлармен қамтамасыз ету үшін арнайы кеден және сауда тәртібі, тауарлар, еңбек ресурстары, капитал мен пайданың ауысуы, салық жеңілдіктері, инвестицияны қолдау шаралары қолданылады.

ЕЭЗ-ның негізгі мақсаттары:

1. Осы аймақты дамыту.

2. Әлемдік тәжірибе алу.

3. Сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту.

4. Экономикалық, ғылыми-техникалық жаңалықтар енгізу.

Мақсаттың нақты түріне байланысты ЕЭЗ-ның әртүрлі түрлері болуы мүмкін:

- еркін кедендік зона;

- еркін сауда зонасы;

- өндіріс экспорты зонасы;

- ғылыми-техникалық зона (технопарк, технополис т.б.)

- ашық аудандар мен қалалар.

Ғаламдық проблемалар дегеніміз - жер шарындағы көкейкесті мәселелер ауқымын қамту болып табылады. Оған жататындар: дүниежүзілік өзара соғысты болдырмау, қоршаған ортаны қорғау, дамушы елдердің экономикалық артта қалуын жою, энергетикалық, ішкі заттық, азық-түлік және демографиялық проблемалар; дүниежүзілік мұхит байлығы мен бейбіт жағдайда космосты игеру, ауруларды жою және т.б.

Ғаламдық проблемалардың ерекшелігі сол - оның барлығы адам тағдырына қатысты және оны шешуді тоқтату өркениеттілікті күйретумен бірдей немесе жердегі өндіріс қызметі мен өмір жағдайын төмендету болып табылмақ.

Өркениеттіліктің болу негізі әртүрлі процестердің әсеріне ұшырап отырады:

- милитаризация мен қару-жарақтану;

- қоршаған ортаның төзімсіз ластануы;

- қауіпті аурулардың тарауы мен өсуі: СПИД, рак, нашақорлық т.б.

- дамушы елдердегі демографиялық процестердің асқыну салдарынан тақыр кедейлену, жұмыссыздық, сауатсыздықтың пайда болуы;

- ұлттық мәдениеттің жойылуы;

- дүниежүзілік мұхитты бақылаусыз қанау.

Ғаламдық проблемаларды тек қана барлық мемлекет пен халықтардың саяси-экономикалық, ғылыми-техникалық күштерінің бірігуі нәтижесінде шешуге болады. Барлық халықтар адамзатты ядролық соғыс зардабынан құтқару, экологиялық катастрофаны болдырмау, дамушы елдер халықтары кедейленуін барынша бетін қайтаруға мүдделі. Осы қызметтердің нәтижесінде ғана халықтардың өмір сүріп кетуіне жағдай жасап, өркениеттің дамуына сатылап көшуге болады.

Қазақстанның дүниежүзілік шаруашылыққа интеграциялау бағыттары.

Еліміздің дүниежүзілік интеграциялық процестерге қатысып, көпжақты ынтымақтастықты қалыптастыруға мүдделілігі орнығып келеді.

Ең алдымен Қазақстанның 1992 жылы 2 - наурызында БҰҰ-ға (Біріккен Ұлттар Ұйымы) 164-ші ұлттық мүшесі болып қабылданғанын айтуға болады. Біздің республика - БҰҰ-ның саяси мәселелері жөнінде (әсіресе,ядролық кауіпсіздік мәселелері) белсенді мүшелерінің бірі өнеркәсібі дамыған елдер мен (АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея т.б.) халықаралық экономикалық қатынастарды дамыту жүзеге асуда. Осындай игі істер АСЕАН елдерімен, әсіресе – Индонезия, Малайзия, Сингапурмен жасалуда. Ынтымақтастық Таяу және Орта Шығыс елдерімен дамуда. Оларға: Түркия, Иран, Сауд Аравиясы жатады. Ресей, Өзбек, Қырғыз елдерімен экономикалық қатынастар басым бағыттар ұстауда. Еуропа экономикалық одақ елдерімен Қазақстанның экономикалық қатынаста болуы үлкен стратегиялық мүдделілікті байқатады.

Дәстүрлі экономикалық қатынастарды Қазақстан барлық ТМД елдерімен және Шығыс Еуропамен жалғастыруда.

Қытаймен өзара ұзақ мерзімді қатынас жаңа деңгейге көтеріледі. Қазақстан қазіргі кезде дүниежүзіндегі 60-тан астам елдермен сауда қатынастарын жүргізеді.

2000 жылдың 10 - қарашасында Кеден одағына кіретін Беларусь, Қазақстан, Қырғыстан, Ресей және Тәжікстанның мемлекетаралық кеңесінің мәжілісінде жаңа халықаралық мекеме Еуроазиялық экономикалық қауымдастық (ЕуЭҚ) құрылды.

Осы қауымдастықты құру мұнда кірген елдерге көп жағымды нәтижелер әкеледі, себебі қол қойылған құжатта ғылым мен білім саласында, саясат заңдылықтар үйлесімі туралы арнайы тарау бар. Сондықтан осы одақтың барлық азамтаттары біртұтас әлеуметтік стандарт пен оны пайдалану мүмкіндігіне ие болады.

Қазіргі уақытта сыртқы шекараны нығайту мен қауымдастық ішінде рұқсат қағазынсыз режим бойынша біртұтас келісім жасалуда.

Жоғарғы орган мемлекетаралық кеңес болып табылады, оның қызметтеріне интеграцияның даму болашағы, бағыттары мен стратегия мәселелері кіреді.

 

 

Негізгі түсініктер мен терминдер

Валюталық курс

Ғаламдық проблемалар

Еркін сауда (фритредерство)

Еркін экономикалық зона

Әлемдік шаруашылық

Протекционизм

Сауда балансы

Халықаралық сауда

Халықаралық экономикалық интеграция

 

 

Бақылау сұрақтары

 

1. Әлемдік шаруашылық.

2. Дүниежүзілік сауда.

3. Капитал миграциясы және оның түрлері.

4. Еркін экономикалық зона.

5. Валюталық курстың түсінігі.

6. Валюталық курстың халықаралық жүйесі.

7. Ғаламдық проблемалардың мағынасы.

 

 

Негізгі түсініктер мен терминдер

 

Абсолютті рента - жер иелерінің жердің құнарлы не құнарсыздығына

қарамастан барлық учаскеден бірдей алатын

рентасы (табысы).

 

Абстрактылы еңбек - тауар айырбасы кезінде көрінетін жалпы адам

еңбегі (еңбек шығыны), яғни құн жасайтын еңбек.

 

Акционерлік қоғам - бірнеше жеке капиталдың бірігуі арқылы акция

шығарып, оны сатудан түскен қаражат арқылы

шаруашылық ұйымдастыру формасы

 

Акция - иесінің акционерлік қоғам капиталына белгілі бір

мөлшерде үлес қосқандығын куәландыратын

құнды қағаз. Ол дивиденд түріндегі пайданың бір

бөлігін алуға құқық береді.

 

Актив - мүліктік құқықтар жиынтығы, бухгалтерлік

баланстың бір бөлігі, онда осы кәсіпорынға тиесілі барлық материалдық құндылықтардың есепті кезеңнің басындағы және аяғындағы жиынтығы.

 

Амортизация - негізгі қорлардың құнын солардың көмегімен

өндірілетін тауарларға бірте-бірте көшіру; ақша

қаражатын мақстаты түрде жинақтау және оны

тозған негізгі қорлардың орнын толтыру үшін

пайдалану.

 

Құнды қағаздар - иесіне мүліктік құқық және дивиденд, пайыз

түрінде білгілі бір ақша сомасын алуға құқық

беретін құжаттар (акциялар, облигациялар,

вексельдер, депозиттік және инвестициялық

сертификаттар, чектер, жинақ кітапшалары т.б.).

 

Баға индексі - тауар бағасының орташа деңгейінің уақытқа

байланысты салыстырмалы өзгеруін білдіреді.

 

Баж мемлекеттің кәсіпорындар мен мекемелерден,

азаматтардан оларға көрсетілген қызметтің белгілі бір түрлері үшін алатын ақшалай алымы.

 

Банк пайызы - банктің қарызға ақша бергені үшін алатын төлемі.

(проценті)

 

Банк активтері - банк балансының актив бөлігі онда қысқа және

ұзақ мерзімді несиелер, банктегі кассалық және

валюталық қолма-қол ақша, акциялар, т.б. көрсе-

тіледі.

 

Бәсеке - өнім өндіру мен өткізудің экономикалық бағынан

неғұрлым тиімді жағдайлары үшін тауар

өндірушілер арасындағы жарыс.

 

Бизнес жоспар - кәсіпорынды (кәсіпкерлікті) белгілі бір кезеңде

дамыту жоспары. Өндірісті жетілдіріп, дамытуға

бағытталған инвестиция тарту үшін әзірленеді.

 

Бюджет тапшылығы - мемлекеттік бюджет бойынша шығындардың

табыстан артып кетуі.

 

Валюта - 1. елдің ақша бірлігі;

2. шетелдің ақша белгісі, халықаралық есеп

айырысуда қолданылатын төлем құжаттары

 

Валюталық бағам (курс) - екі валютаның айырбас кезіндегі құндық ора

салмағы; бір елдің ақша өлшемінің – екінші бір

елдің ақша өлшеміне шаққандағы бағасы.

 

Вексель - төлем және несие құралы; кәсіпкердің

несиеге алған тауарларға белгілі бір уақыттан

кейін ақша төлеуге берген міндеттемесі.

 

Венгур - өнімнің жаңа түрлерін жасауға өндірісті игеруге,

енгізуге, жаңа технологияларды қолдануға

маманданған шағын коммерциялық ғылыми-

техникалық ұйым.

 

Дәстүрлі экономика - сирек кездесетін шектеулі табиғат ресурстарын

кеңінен пайдалануды дәстүрлер мен ғұрыптар

айқындайтын экономикалық жүйе.

 

Дебитор - кәсіпорынның біреуге қарыздар берешек болуы.

 

Девальвация - қағаз ақша құнын өзінің тұрақты қалпына түсіру; тұрақты валютамен немесе халықаралық шот өлшемдерімен салыстырғанда елдің валюта

бағамының төмендеуі.

 

Демпинг - тауарларды ішкі нарықтағы бағаға қарағанда

сыртқы нарықта неғұрлым төмен бағамен

сатылуы.

 

Деноминация - ақшаның құны күрт төмендеп кеткен кезде оның айналысын реттеп, есептеуді жеңілдету мақсатымен ақшаның белгіленген көрсеткішін кеміту арқылы өзгеріс жасау.

 

Депозит - белгілі бір шартты мерзімге сақтау орындарына

сақтауға берілген ақша немесе құнды қағаз.

 

Дивиденд - акционерлік қоғамның пайдасы есебінен әр акция үшін акционерлерге төленетін ақы.

 

Диверсификация - бұл жан-жақты даму; бір-біріне байланысты

емес көптеген өндіріс түрлерінің қатар

дамып отыруы, өндірілген өкімнің таңдаулы

ассортиментінің ұлғайып отыруы.

 

Дифференциалды рента І-ші - жер иесінің жердің табиғи құнарлығы мен жер учаскесінің жақсы орналасуына

байланысты алатын рентасы (жол ақысы)

 

Дифференциалды рента ІІ-ші - жер иесінің жердің құнарлылығын жасанды жолмен жақсарту арқылы алынатын қосымша пайдасы.

 

Еркін экономикалық аймақтар - ұлттық және шетелдік кәсіпкерлер үшін

жеңілдікті экономикалық жағдайлар

жасалған аймақтар.

 

Ең төмен деңгейдегі тұтыну - адамның физиологиялық және әлеуметтік

бюджеті (минимальды) мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру

үшін тұтыну тауарлар мен қызметтердің

жиынтығын сатып алуға жұмсалатын

шығын.

Ең төмен жалақы - мемлекеттің ресми белгілеген еңбек (минималды) ақысының ең төмені деңгейі.

Жабық акционерлік қоғам - акциялары тек құрылтайшылардың немесе күні бұрын айқындалған адамдар тобының арасында ғана сатылатын шаруашылық формасы.

Жалақы - еңбеккерлердің білгілі бір уақыт кезеңінде

(күні, айы) алатын ақшалай табысы.

Жалпы ішкі өнім - статистиканың жинақтап қорытатын

макроэкономикалық көрсеткіші; ел ішінде

өндірілген тауарлар мен қызметтердің

белгілі бір кезеңдегі нарықтық құны.

 

Жалпыұлттық өнімнің - номинальды ЖҰӨ-нің нақты ЖҰӨ-ге дефляторы қатысын көрсетеді.

 

 

Жалпы ұлттық өнім - статистиканың жинақтап қорытатын

макроэкономикалық көрсеткіші, яғни ел

ішінде және сондай-ақ басқа да шет елдерде белгілі бір мерзімде өндірілген тауарлар мен қызметтердің жиынтық нарықтық құны

 

Жарғылық капитал - құрылатын кәсіпорынға құрылтайшы-лардың бірігіп салған салымдарының құны, яғни кәсіпорын капиталының бастапқы сомасы.

 

Жер - өндірісте пайдаланатын табиғи ресурстар мен байлықтар.

 

Жекешелендіру - мемлекетке тиесілі объектілерді меншіктену құқығын жеке немесе заңды тұлғаның сатып алу процесі.

 

Жұмыссыздық - еңбекке жарамды халықтың бір бөлігі өзіне жұмыс, пайдалы еңбек қызметін таба алмай дағдаратын әлеуметтік = экономикалық құбылыс.

 

Жиынтық сұраныс (АД) - бұл графикте көрсетілген кисық сызық, оның мағынасы: қоғамдағы барлық тауарлар мен қызметтердің жиынтық көлемі, яғни тұтынушылардың, кәсіпорындардың және үкіметтің бағаның әрбір деңгейінде нақты жалпы өндірілген тауарлар мен қызметтерді сатып алу қажеттілігінің көрінісі.

 

Жиынтық ұсыныс (АS) - бұл графикте көрсетілген модель, яғни бағаның әрбір мүмкіншілік деңгейінде өндірілген нақты жалпыұлттық өнімнің көрінісі.

 

Импорттық квота - шеттен тауарлар әкелуді бір кезеңге шектеу.

 

Инвестициялар - пайда немесе табыс табу мақсатымен өз еліндегі не шетелдегі белгілі бір халық шаруашылығы саласына, кәсіпорындарға, өнеркәсіпке, құрылысқа, т.б. ұзақ мерзімге күрделі қаржының (капиталдың) сатылуы немесе жұмсалуы.

 

Инвестициялық банктер - ұзақ мерзімді қаржыландырумен айналысатын банктер.

 

Инновация - жаңа техникаға, технологияға еңбекпен басқаруды ұйымдастырудың жаңа нысандарына қаражат жұмсау.

 

Инновациялық бактер - өнертабысқа,ғылыми-техникалық талдамаларды кеңінен қолдануға жәрдемдесі үшін коммерциялық негізде құрылатын банктер.

 

Инфляция - айналыстағы қағаз ақшаның құнсыздануы.

 

Ипотека - ақшалай қаражат алу мақсатымен жылжымайтын мүлікті (жерді, кәсіпорынды, ғимаратты, жермен тікелей байланысты басқа да объектілерді) кепілге салу түрі.

 

Кадастр - табиғат объектілері туралы негізгі мәліметтердің жүйелендірілген жинағы (су,жер,). Жер құбырларына сәйкес пайдалануға бөлінетін әрбір жер учаскесіне арнаулы ережелер бойынша кадастрлық нөмір, яғни жеке және қайталанбайтын код беріледі.

 

Капитал - тауар мен қызмет өндіруге пайдалану мақсатымен өндірілген құрал-жабдықтар.

 

Конвенция - халықаралық келісімшарт

 

Конверсия 1. өндірісті түбдірімен өзгерту;

2. бір валютаны екінші валютаға

айырбастау.

 

Кондоминимум - біртұтас объектіні бірлесіп иелену, иемдену.

 

Консалтинг - кеңес беру (менеджмент, маркетинг, кеңес фирмалары).

 

Консорциум - бизнес саласындағы көп қаржы ресурстарын (қажет ететін нақты экономикалық мінддеттерді, күрделі жобаларды жүзеге асыру мақсатымен бірлескен қызмет туралы шарт негізінде уақытша берлестік (шаруашылық жағынан тәуелсіз фирмалар мен банктердің бірлестігі).

 

Концессия - ұлттық экономиканы қалпына келтіру мен дамыту, табиғат байлықтарын игеру мақсатымен кәсіпорындарды, жерді, жерқойнауын, т.б. белгілі бір талаптар негізінде жеке кәсіпкерлерге, шетелдік фирмаға пайдалануға беру жөніндегі мемлекетпен жасасқан шарт; осындай шарт негізінде құрылған кәсіпорынның өзі.

 

Кооператив - меншікті, жалға алынған немесе тегін пайдалануға берілген мүлік негізінде қандайда болсын қызметті бірлесіп жүргізу үші ерікті түрде біріккен азаматтардың ұйымы.

 

Корпорация - меншіктің акционерлік нысаны, меншікті (капиталды) келісіп иелену, кәсіпорынды басқару міндететрін кәсіпқой басқарушы-лардың (менеджерлердің)жоғары тұрған буындарының қолына шоғырландыру.

 

«Көгілдір фишкалар» - алынатын табыстары төленетін дивиденд-

(«голубые фишки») терінің тұрақты көрсеткіштерімен жақсы танылған АҚШ-тың атышулы ірі корпора- цияларының жай акциялары. Елімізде негізінен өнеркәсіптік сектордағы шетелдік инвесторлардың басқаруына берілген неғұрлым акционерлік қоғамдар «көгілдір фишкалар» деп аталады.

 

Қаржы - ақшалай қаражаттың құралуы, бөлінуі, пайдалану барысында экономикалық қарым-қатынас жүйесі.

 

Қосымша құн - өнімді сатудан түскен түсімнен оны өндіру үшін басқа фирмалардан сатып алу шығындарының арасындағы айырмашылық құн, яғни фирманың осы өнімді өндіруге жұмсаған нақты өзіндік шығыны (жалақы, несие пайыз, жал төлемі, салықтар мен пайда сомасы).

 

Құн - тауардың бағасы немесе тауарларды, негізгі құрал-жабдықты сатып алуға, жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге, игіліктерді сатып алуға жұмсалған ақшалай шығын.

 

Лаффердің қисығы - салық өсімі мен салық түсімі арасындағы байланыстың графиктегі көрінісі.

 

Лизинг - заңды (жеке) тұлғаның еңбек құралдарын меншігіне сатып алудың орнына басқа фирмалардың меншігін пайдалануы; ұзақ мерзімде пайдалануға құрал жабдықтарды несиеге беру.

 

Либерализация - - бейтараптану; «бағаны либерализациялау» – бағаны босату, яғни әкімшілік жүйеде мемлекет бағаны бірқалыпта ұстап, нарықтық экономикаға өту кезеңінде оны босатып жібереді.

 

Лицензия - ұйымдардың немесе жеке адамдардың патенттермен қорғалған өнертабысты, техникалық білімді, тәжірибені, өндірістік құпияларды және т.б. пайдалануына арнаулы рұқсат (келісім).

 

Лоренц қисығы - қоғамда табыстардың графикте нақты бөліну көрінісі.

 

Макроэкономика - экономиканы тұтас алып зерттейтін экономикалық ғылым бөлімі. Макроэкономикада зерттелінетін негізгі мәселелер: жиынтық өндіріс, жұмыссыздық, бағаның жалпы деңгейі (инфляция), экономикалық саясаттың басты мақсаттары.

 

Мемлекеттік қарыз - өткен жылдардағы бюджет тапшылығының жиынтық сомасы.

 

Меншік - өндіріс құрал-жабдықтары мен өндірілген өкімдерді иемденуге байланысты адамдар арасында туындайтын экономикалық қатынастар.

 

Микроэкономика - экономика ғылымының кәсіпорын (фирма) мен саланы, үй шаруашылығын, сондай-ақ жекелеген нарықтарды, нақты бағаны, тауарлар мен қызметтерді зерттейтін бөлімі.

 

Монетаризм - Макроэкономикалық талдау мен экономиканы реттеу теориясы, ол экономикалық дамуда ақшаның және экономиканы тұрақтандыруда ақша-несие саясатының рөлін бірінші орынға қояды.

 

Монополия - ерекше тауардың бір ғана сатушысының нарықта үстемдік жүргізуі.

 

Монополистік бәсеке - нарық көптеген сатушылардың ұқсас, бірақ әртекті өнімді сатуынан құралады.

 

Мультипликатор - ұлттық өнімнің, табыстың немесе ақша айналысының өсуі, немесе азаюының қанша есеге өзгергенін анықтайтын көрсеткіш.

 

Нақты еңбек - арнайы еңбек құралдарын пайдаланумен, жұмыскерлердің мамандығымен, одан қалды нақты нәтижесімен көрінетін, яғни тауардың тұтыну құнын жасайтын еңбек.

 

Нақты жалақы Жұмысшының номинальды жалақысына өзі мен отбасы үшін қанша және күнкөріс заттарын сатып алуға болатынын көрсетеді.

 

Нақты пайыздық - номинальды пайыздық мөлшерлемеден

мөлшерлеме инфляция ықпалын тазартқандағы мөлшерлеме.

 

Несие - бір тұлғаның екінші тұлғаға қарыз түрінде ақша немесе тауар – материалдық беруі туралы келісім.

 

Номиналдық жалақы - жалақының ақшалай сомасы

 

Номинальды пайыздық - ағымдағы нарықтық пайыздық

мөлшерлеме мөлшерлеме.

 

«НОУ-ХАУ» - патенттілік құқы жоқ қандай да болсын міндетті шешу үшін қажетті техникалық білімдер, тәжірибе, технологиялардың құпиялары.

 

Облигация - құнды қағаз, ол иесінің ақшалай қаражат салғанын куәландырады.

 

Олигополия - нарықта аздаған ірі компаниялар үстемдік жүргізеді. Өнім біркелкі (біртектес) болып келеді. Бұл нарыққа басқа фирмалардың кіруі қиын болады. Бағаны бақылау бір біріне тәуелді болады.

Онкольдық несие - қарыз алушы несие берушінің талап етуі бойынша өтейтін қысқа мерзімді коммерциялық несие. Тауарлар мен құнды қағаздар кепілдікке жүреді.

 

Өнімнің өзіндік құны - өнімді өндіру процесінде пайдаланатын табиғат ресурстарының, шикізаттың, метариалдардың, отынның, энергияның негізгі құралдардың, оларды дайындау мен өткізуде көрсетілетін қызметтер шығындарының ақшалай сомасы.

 

Өндіріс шығындары - материалдық заттар мен қажетті еңбек шығынының жиынтығы. Ақшалай тұлғада ол өнімнің өзіндік құны.

 

Пайда - табыстың шығыннан ақшалай есептегі артуы.

 

Пайда нормасы - пайданың барлық авансыланатын капиталға

(немесе тиімділік) (барлық шығындарға) пайыз түріндегі қатынасы.

 

Пассив - бухгалтерлік баланстың бөлігі, оң жағы. Ол қаржының қайдан келіп түсетінін және қандай мақсатқа жұмсалатынын көрсетеді.

 

Патент - 1) өнертапқышқа ашқан жаңалығын пайдалануға құқық беретін куәлік қағаз;

2) саудамен, кәсіппен айналысуға құқық беретін рұқсат қағаз.

Протекционизм - мемлекеттің жергілікті өндірушілерді шетелдік бәсекеден қорғау саясаты.

 

Поритет - алтын мөлшеріне сай келетін валюталардың ара қатынасы.

 

Ревальвация - ұлттық валюта бағамын ресми түрде жоғарылату.

Резервтік валюта - ұлттық (доллар, фунт, стерлинг) және ұжымдық валюталар (ЭКЮ,СПЗ), оларды елдер халықаралық есеп шоттарындағы қарыздарын реттеп отыру үшін пайдаланады.

Резидент - белгілі бір мемлекеттің аумағында тұрақты мекендейтін жеке тұлға, сондай-ақ онда өзінің қызметін тұрақты түрде жүзеге асыратын заңды тұлға.

 

Рента - жерден, мүліктен, капиталдан т.б. заттардан меншік иесінің еңбексіз табыс алуы.

 

Реимпорт - шетелде өңделмеген отандық тауарларды қайтып әкелу.

 

Реэкспорт - шетелден әкелінген тауарды өңдемей елден қайтарып жіберу.

 

Рецессия - өндірістің құлдырауы.

 

Роялти - салық салу жүйесінде табиғат ресурстарын қазып алу құқығы үшін жер иесінің жерді пайдаланушыдан алатын төлемақысы және пайда үстемесіне салынатын салық.

 

Санация - банктер мен ірі өндіріс орындарын банкротқа ұшыратпау мақсатында жүргізетін шаралар жүйесі немесе кәсіпорындардың бәсекелестік қабілетін арттыру шаралары.

 

Сальда - табыс пен шығын арасындағы айырмашы-лық.

 

Секвестр - бюджеттің атқарылуы кезінде тапшылықтың белгіленген деңгейден артып кетуінен, не түсімдердің қысқаруынан және көзделген шараларды ағымдағы қаржыландыру мүмкін болмаған жағдайларда қолданылатын арнаулы шаралар.

 

Серіктестік - жеке кәсіпкерлердің күш-жігер мен қаражатты біріктіру, мұнда екі не одан көп тұлға пайда табу мақсатымен кәсіпкерлікпен бірлесіп айналысады.

 

Стагфляция - өндірістің тоқырауымен, инфляцияның бір мерзімде өршуімен сипатталатын экономиканың жағдайы.

 

Синдикат - кәсіпорындар бірлестігі, бұл бірлестіктер барлық сауда қызметтерді (баға белгілеу, тауар өткізу, т.б.) жүзеге асырады, ал өнім өндіру жауапкершілігін кәсіпорындар өз мойнына алады.

 

Статистика - әлеуметтік – экономикалық құбылыстар дамуының сандық көрсеткіштері мен оларды есептеу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

 

Стратегия - қоғамдық, саяси күреске басшылық өнер, оны жүргізудің қоғам дамуының нақты кезеңінің нақты жағдайларынан туындайтын жалпы жоспары. Ол кәсіпорынның ұзақ мерзім кезеңінде алдына қойылған міндеттерін шешуді мақсат еткен ірі ауқымды жоспарлау.

 

Субвенция - мемлекеттің мақсатты жәрдемінің бір түрі.

 

Субсидия - мемлекеттің бір жолғы қайтарымсыз ақшалай көмегі.

 

Сұраныс - тауар сатып алуға жұмсалған және қызмет көрсеткені үшін төленетін ақының ақшалай сомасы.

Сұраныстың икемділігі - тауарлар мен қызметтердің нарықтық бағасының өзгеруіне жауап ретінде сұраныстың мөлшерінде болатын өзгерістің деңгейі.

 

Сыртқы сауда айналымы - елдің белгілі бір кезеңдегі экспорты мен импорт құнының сомасы.

 

Табыс - жеке тұлғалардың, кәсіпорындардың белгілі бір уақатта қандай да болсын қызметтің нәтижесінде алатын ақшалай қаражаты.

 

Таза пайда - кәсіпорында салықтар мен басқа да төлемдерді төлегеннен қалған қалдық пайда

 

Таза ұлттық өнім - өндірілген өнімнің өнім шығару барысында тозған өндіріс құрал-жабдығын ауыстыру (амортизация) үшін қажет бөлігін шегеріп тастағандағы жалпыұлттық өнім.

 

Трансферт төлемдер - (лат. «тасу», «аудару») 1.төлемақыны бір шоттан екінші шотқа аудару.

2. мемлекеттік трансферттік төлемдерге жататындар: (зейнетақы,жәрдемақы,стипендия т.б.)

Төлем балансы - шетелдік мемлекеттерге төленген жалпы төлем сомасы мен белгілі бір уақыт аралығында олардан алынған сомалар арасындағы айырмашылық. Төлемдер мен түсімдерге алтын,тауарлар мен қызметтердің қүны, туристердің шығындары, капиталдың қозғалысы, пайыздар мен несиелердің негізгі сомасы кіреді.

 

Трансұлттық корпорация - штаб пәтері бір елде орналасқан және көптеген филиалдары дамыған елде, сондай-ақ дамушы елде орналасқан халықаралық корпорация.

 

Трестке қарсы заң - еркін бәсекеге бөгет жасайтын монополистік бірлестіктер құру жолы мен капиталды орталықтандыру процесін реттеу үшін мемлекетте қолданылатын заң актілері.

 

Тұйық валюта - бір елдің көлемінде пайдаланылады, дамушы елдердің көпшілігінің валютасы.

 

Ұлттық табыс - елдің әлеуметтік экономикалық дамуын қорытындылаушы көрсеткіш; қоғамдық жиынтық өнім құнының құрал-жабдық – еңбек заттары өтелгеннен кейін қалған бөлігі, яғни ұлттық табыс жалпы өнім жиынтығы мен өндірістік шығындар арасындағы айырмашылық; таза ұлттық өнімнен алынатын жанама салықтардың арасындағы айырмашылықпен есептеледі.

 

Ұлттық шоттар жүйесі - өндірісті макроэкономикалық есептеу,

(ҰШЖҚ қоғамдық өнім мен ұлттық табысты бөлу және түпкілікті пайдалану жүйесі, ол бухгалтерлік есеп-шоттар нысанында жасалған. Ұлттық есеп-шоттар БҰҰ-ның халықаралық статистикасында кеңінен пайдаланылады.

Ұсыныс - нарықтағы немесе тауар өндірушіні қанағаттандыратын белгілі бір мерзімде тиісті баға бойынша сатуға дайындалған тауарлар жиынтығы.

 

«Үлкен сегіздік» - бірінші әлемнің алуыңғы қатарлы индустриальды мемлекеттері (АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Франция, Германия, Жапония, Италия, Ресей). Әлемдік шаруашылық, тағы өзекті проблемаларды шешуді талқылайтын жыл сайын жоғары деңгейдегі кездесулерді ұйымдастыру-шылар.

 

Франчайзинг - ұсақ және ірі фирмалардың орналасуы; ірі компанияның өзінің фирмалық таңбасымен тауар өндіруге (қызмет көрсетуге) лицензиясын пайдалану құқығын ұсақ фирмаларға келісімшарт арқылы береді.

 

Фьючерстік келісім - тауар мен қор биржасындағы мәліме түрі, мерзімдік келісім; тауарды (қызметтерді) құнды қағаздарды келісім жасалғаннан кейін өзара шартта көрсетілген бағамен төлеу, сатып алу немесе сату жөніндегі биржа мәселесі. Оның мақсаты –акциялардың бағасындағы немесе бағамындағы мәміле аяқталған кезде пайда болатын айырманы алу.

 

Хайринг (ағыл.-жалға беру) - негізгі құрал жабдықты жалдаудың орта мерзімдік шарты. Қысқа мерзімдік жалгерлік – рентинг, ұзақ мерзімге арналған желгерлік – лизинг деп аталады.

 

Халықаралық валюта қоры - ерікті халықаралық қаржылық ұйым; оны құру жөніндегі шешім 1944 ж. Бреттон Вудстағы конференцияда қабылданған. Мақсаты - халықаралық ынтымақтастықа және дүниежүзілік сауданы дамытуға жәр-демдесу, елдердің валюталық қатынастарын реттеу.

Халықаралық қайта құру - бүкіләлемдік банк (штаб-пәтері Вашинг

мен даму банкі тонда) қаржылық институт. Негізгі міндеті – үшінші әлем елдеріндегі, әсіресе ең төмен дамыған елдерде даму жобасын несиелеу.

 

Хедж - бағаның болашақта қолайсыз өзгеру қатерінен сақтандыруға арналған шарт.

 

Холдинг - тәуеліді және еншілес компаниялар акцияларының бақылау пакеттерін иеленуші басты компания, заңды тұлға.

 

Чартер - көлік құралын немесе оның бір бөлігін белгілі бір мерзімге не сапарға жалдау туралы шарт.

 

Шетелдік инвестициялар - шетелдік меншік иелерінің өнеркәсіпке, ауылшаруашылығына, көлікке және экономиканың басқа да салаларына ұзақ мерзімге капитал бөлуі.

 

Экстраполяция - құбылыстың бір бөлігін бақылаудан алынған қорытындыларды оның басқа бөлігіне қолдануға негізделген ғылыми -зерттеу әдісі; мысалы, экономикада өткен кезеңде болған тенденциялардың болашақта да дамуы туралы болжам болып табылады.

 

Экспорттық – импорттық - импорт пен экспортқа сан және құн

квота шектеулері, жекелеген тауарлар мен қызметтер, жекелеген елдер бойынша белгілі бір мерзімге енгізіледі.

 

Эмбарго - тыйым салу, валюталарды, алтынды, тауарларды, құнды қағаздарды елге әкелуге немесе елден әкетуге мемлекеттің тыйым салуы.

 

Эмиссия - ақша белгілерін және құнды қағаздарды айналысқа шығару.

 

Экспонсия - (лат. – «кеңейту», «тарату»); ықпал ету аумағын кеңейту, ол экономикалық әдістер мен де (капиталды сыртқа шығару, жоғары пайызбен қарыз беру, т.б.) және экономикадан тыс әдістермен де (дипломатиялық қысым) жүзеге асырылады.

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-10-31; Просмотров: 548; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.009 сек.