КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
БРОНХТАР 6 страница
1. Rhomboncephalon- ромбтәрізді немесе артқы ми, ол: а) myelencephalon-нан, сопақша ми және ә) metencephalon-нан, меншікті артқы мидан тұрады. 2. Mesenphalon – ортаңғы ми. 3. Prosencephalon – алдыңғы ми, ол: а) diencephalon- аралық ми және ә) telencephalon- соңғы миға бөлінеді. Мишық пен соңғы мидан басқа аталған бөлімдердің барлығы ми сабауын құрайды. Бұл бөлімдерден басқа rhombencephalon мен ортаңғы ми арасында мойнақ- isthmus rhombencephali- орналасады. Кіші ми- cerebellum- нен өзгеше, proencephalon- үлкен ми- cerebrum деп те аталады. 157.Мидың дамуы, ми көпіршіктері, олардың туындылары, қалдық қуыстары. Нерв түтігі өте ерте ми мен жұлынға сәйкес келетін екі бөлімге бөлінеді. Оның мидың бастамасы болып табылатын алдыңғы, кеңейген бөлімі, атап көрсетілгендей, жіңішкерген жер арқылы бірінен соң бірі орналасқан үш бастапқы ми көпіршігіне бөлінеді: алдыңғы – prosencephalon, ортаңғы – mesencephalon, және артқы – rhombencephalon. Алдыңғы ми көпіршігі алдынан шекаралық табақшамен – lamina terminalis – тұйықталған.Үш көпіршіктен тұратын бұл саты одан әрі қарай дифференциялану барысында мидың негізгі бес бөліміне бастама беретін бес көпіршіктік сатысына ауысады. Осымен бір мезгілде ми түтігі сагитталды бағытта иіледі. Ең алдымен ортаңғы көпіршіктік аймағында дорсалды жаққа қарай дөңесті бас иілімі, содан кейін жұлынның бастамасымен шекарада тағы да дорсалды жаққа дөңес мойын иілімі дамиды. Олардың арасында артқы көпіршік ауданында вентралды жаққа қарай дөңесті үшінші – көпірлік иілім түзіледі. Осы соңғы иілім арқылы ми көпіршігі – rhombencephalon – екі бөлімге бөлінеді. Олардың артқы бөлімі – myelencephalon – даму соңында сопақша миға айналады да, ал metencephalon деп аталатын алдыңғы бөлімнің вентралды жағынан көпір, дорсалды жағынан мишық өсіп дамиды. Metencephalon алдында жатқан ортаңғы ми көпіршігінен тар жіңішкерген жер – isthmus rhombencephali арқылы бөлінеді. Горизонтальды кесіндісінде rhombencephalon-ның ортақ қуысы ромб тәрізді, ол жұлынның орталық өзегімен қатынасатын IV қарынша түзеді. Оның вентралды және бүйір қабырғалары бассүйек нервтері ядроларының дамуы нәтижесінде қатты қалыңдайды да, ал дорсалды қабырғасы жұқа күйде қалады. Сопақша ми аймағында оның көп бөлігі жұмсақ қабықпен бітісіп кететін тек бір ғана эпителий қабатынан тұрады. Ортаңғы ми көпіршігінің – mesencephalon – қабырғалары ми заты дамығанда бірқалыпты қалыңдайды. Олардан вентралды ми аяқшалары, ал дорсалды жағынан ортаңғы ми төбесі пайда болады. Ортаңғы көпіршіктің қуысы IV қарыншамен қосылатын тар өзекке – суқұбырға айналады. Артқы – diencephalon (аралық ми) және алдыңғы - telencephalon (соңғы ми) бөліктеріне бөлінетін алдыңғы ми көпіршігі – prosencephalon – жақсы дамып, пішін жағынан көбірек өзгеріске ұшырайды. Аралық мидың бүйір қабырғалары қалыңдап, таламустар түзеді. Сонымен қатар бүйір қабырғалары үлкейе келіп екі көру көпіршігін түзеді, олардан кейін көздің торлы қабығы мен көру нерві дамиды. Diencephalon аймағында жеке томпақ түрінде жұп corpora mammilaria-ның іргесі қаланады. Аралық ми қуысын III қарынша түзеді. Telecephalon ортаңғы, кішілеу бөлікке (pars mediana) және екі үлкен бүйір бөліктерге – үлкен ми сыңарларына – hemispheria dextra et sinistrum – бөлінеді, үлкен ми сыңарлары адамда өте күшті ұлғайып өсіп, көлемі жағынан мидың қалған бөлімдерінен едәуір артып кетеді. 158.Ми сыңарының жоғарғы-латералді бетінің жүлгелері және қатпарлары. Ми сыңарының жоғары-латеральды беті үш: латералды, орталық және сыңардың медиалды жағына орналасып, оның жоғарғы жиегінде кертік түзетін шеке-шүйде жүлгелері арқылы үлестерге бөлінеді.Латералды жүлге, sulcus cerebri lateralis, ми сыңарларының негіздік бетінде латералды шұңқырдан басталып, кейін жоғары латералды бетке ауысып, сәл жоғары қарай кетеді.Латералды жүлгенің алдыңғы бөлігінен одан маңдай үлесіне кететін екі кішкене тармақтар – ramus ascendens пен ramus anterior шығады.Орталық жүлге, sulcus centralis, ми сыңарының жоғарғы жиегінен, оның ортасының сәл артқы жағынан басталып, алға және төмен қарай кетеді. Орталық жүлгенің төменгі шеті латералды жүлгеге жетпейді. Ми сыңарының орталық жүлге алдында жатқан аймағы маңдай үлесіне жатады; ми бетінің орталық жүлге артында жатқан бөлігі шеке үлесін құрайды. Ол латералды жүлгенің артқы үлесі арқылы төмен орналасқан самай үлесінен ажыратылады. Шеке бөлігінің артқы шекарасы ми сыңарының медиалды бетінде орналасқан шеке-шүйде жүлгесінің шеті болып есептеледі. Маңдай улесі. Осы үлестің сыртқы бетінің артқы бөлігінде sulcus centralis-ке параллелді sulcus precentralis өтеді. Одан бойлық бағытта екі жүлге шығады – sulcus frontalis superior et inferior. Осының арқасында маңдай үлесі бір вертикальды және үш горизонтальды қатпарға бөлінеді. Вертикальды қатпар, gyrus precentralis, sulcus centralis және sulcus precentralis-тер арасында жатады. Маңдай үлесінің горизонтальды қатпарлары: 1) жоғарғы маңдай қатпары, gyrus frontalis superior, ол sulcus frontalis superior-дан жоғары орналасып, ми сыңарының жоғарғы жиегіне параллелді жүріп, оның медиалді бетіне барады; 2) ортаңғы маңдай қатпары, gyrus frontalis medius, жоғарғы және төменгі маңдай жүлгелері арасында созылып жатады; 3) төменгі маңдай қатпары, gyrus frontalis inferior, латералды жүлгенің төменгі маңдай қатпарына еніп тұратын тармақтары, ramus ascendens және ramus descendens оны үш бөлікке бөледі: sulcus precentralis-тің төменгі шеті мен ramus ascendens sulci lateralis арасында жататын pars opercularis, латералды жүлгенің екі тармағы арасында орналасқан pars triangularis және ramus anterior sulci lateralis алдында жайғасатын pars orbitalis. Шеке үлесі.Онда шамамен орталық жүлгеге параллелді бағытта sulcus postcentralis өтеді, ол көбіне sulcus intraparietalis-пен қосылып кетеді. Осы жүлгелердің орналасуына қарай шеке үлесі біреуі вертикалды, екеуі горизонталды қатпарға бөлінеді. Вертикалды қатпар, gyrus postcentralis, sulcus centralis-тің артында орналасып gyrus precentralis-пен бір бағытта жүреді. Sulcus intraparietalis-тің үстіңгі жағында жоғарғы үлесшесі, lobulus parietalis superior орналасады, ол ми сыңарының медиалды бетіне де таралады. Sulcus intraparietalis-тен төмен lobulus parietalis inferior жатады, ол артқа қарай бағытталып, латералды жүлге мен жоғарғы самай жүлгесінің шеттерін айналып өтіп,шүйде үлесіне өтеді. Үлесшенің латералды жүлгені қоршап жатқан үлесі gyrus supramarginalis, ал жоғарғы самай жүлгесінің жоғарғы шетін шектеп жатқан бөлігі gyrus angularis деп аталады. Самай үлесі. Бұл үлестің латералды бетінің бір-бірінен sulcus temporalis inferior және sulcus temporalis superior арқылы бөлінген үш бойлық қатпары бар. Қатпарлардың жоғарғысы, sulcus temporalis superior, латералды жүлге мен жоғарғы самай жүлгесі аралығында жатады. Оның латералды жүлгенің тереңінде жасырынған үстіңгі бетінде gyri temporales transverse деп аталатын 2-3 қысқа қатпарлар болады. Жоғарғы және төменгі самай жүлгелері арасында gyrus temporales medius созылып жатады. Соңғы қатпардан төмен, одан төменгі самай жүлгесі арқылы бөліне gyrus temporalis inferior өтеді, ол төменгі жиек арқылы төменгі бетте жатқан gyrus occipitotemporalis lateralis-тен бөлінген. Шүйде үлесі. Бұл бөлімнің латералды бетінің жүлгелері өзгергіш және тұрақсыз. Олардың ішінде әдетте sulcus intraparietalis-тің шетімен қосылып көлденең өтетін sulcus occipitalis transverses жиірек кездеседі. Аралша – insula. Бұл үлесшені көру үшін, оның үстінде төніп тұрған латералды жүлгенің жиектерін ашу керек немесе алып тастау керек. Маңдай, шеке және самай үлестеріне жататын бұл жиектер жамылғы, operculum, деп аталады. Аралша ұшы алға және төмен қараған үшбұрыш пішінді. Ол алдынан, үстінен және артынан өзімен көршілес бөліктерден терең жүлге,sulcus cercularis, арқылы бөлінеді. Бетінде қысқа қатпарлар орналасады. 159.Мидың медиалді және базалді беттерінің жүлгелері мен қатпарлары. Ми сыңарының базальды бетінің латеральды шұңқырдан алға қарай жатқан жері маңдай бөлігіне жатады. Осы жерден ми сыңарының медиалды жиегіне параллельды sulcus olfactorius өтеді, онда bulbus et tractus olfactorius жатады. Осы жүлге мен ми сыңарының медиалды жиегі арасында тік (түзу) қатпар, gyrus rectus, созылып жатады. Иіс сезү жүлгесінің латералды жағында gyri orbitalis-терді шектейтін бірнеше тұрақсыз жүлгелер, sulci orbitales, жатады. Ми сыңарының негіздік бетінің артқы бөлігі бұл жерде белгілі шекарасы жоқ самай және шүйде үлестерінен түзіледі. Бұл жерде екі жүлге көрінеді: шүйде полюсінен самай полюсі бағытында өтіп, gyrus occipitotemforalis lateralis-ті медиалды жағынан шектейтін sulcus collateralis, оның алға қарай жалғасы sulcus rhinalis деп аталады. Sulcus collateralis-тен медиалды екі қатпар орналасқан: осы жүлгенің артқы бөлімі мен sulcus rhinalis және ми сабауын орап өтетін терең sulcus hippocampi арасында gyrus parahyppocampalis орналасады. Ми сабауына жанасып жататын бұл қатпар ми сыңарының медиалды бетінде орналасады. Ми сыңарының медиалді беті. Бұл бетте дәл сүйелді дененің үстінен өтіп, артқы шетімен терең sulcus hippocampi-ге созылатын сүйелді дененің жүлгесі – sulcus corporis callosi cinguli өтеді, оның алдыңғы шеті сүйелді дененің құстұмсығы астынан басталып содан кейін артқа жүріп, артқы шетімен ми сыңарының жоғарғы жиегінде аяқталады. Ми сыңарының осы жиегі мен sulcus cinguli арасында орналасқан кеңістік маңдай үлесіне, жоғарғы маңдай қатпарына жатады. Артында sulcus cinguli-дің артқы шетімен, ал алдында кішкене жүлгеше – sulcus paracentralis-пен шектелген, sulcus cinguli-дің үстіндегі кішкене бөлім орталық жанындағы үлесше – lobulus paracentralis – деп аталады, өйткені ол бұл жер бір-біріне ауысатын екі орталық қатпарының жоғарғы шеттерінің медиалді бетіне сәйкес келеді. Орталық жанындағы үлесшенің артында, алдынан белдеулік жүлгенің шетімен төменнен кішкене sulcus subparietalis-пен, ал артынан терең шеке-жүйде жүлгесі арқылы шектелген сына алды – precuneus – деп аталатын төртбұрышты бет жатады. Сына алды шеке үлесіне жатады. Оның артында шүйде үлесіне жататын сына, cuneus, жатады, оны алдынан шеке-шүйде жүлгесі, ал артынан sulcus calcarinus бұрыш жасай түйісе шектейді. Белдеулік жүлге мен сүйелді дене арасында белдеулік қатпар, gyrus cinguli, созылып жатады. Ол қылта, isthmus, арқылы ілмекпен, uncus, аяқталатын gyrus parahippocampalis-ке созылады. Гиппокамп жанындағы қатпар бір жағынан ми сауабын орап өтетін гиппокамп жүлгесімен, ал екінші жағынан, sulcus collateralis (жанама жүлге) және мұрындық жүлге деп аталатын оның алға қарай кететін жалғасымен шектеледі. Қылта белдеулік қатпардың гиппокамп жанындағы қатпарға ауысатын тарылған жері – сүйелді дене буылтығының артында шеке-шүйде жүлгесі мен sulcus calcarinus (топшылық жүлге) қосылуынан түзілген жүлге ұшының алдында жатады. Белдеулік қатпар, қылта және гиппокамп жанындағы қатпарлар бірге қосылып, толық дерлік шеңбер жасайтын күмбезді қатпарды – gyrus fornicatus-ті түзеді. Күмбезді қатпардың жамылғының ешбір үлесіне қатысы жоқ. Ол көмкерме (лимбикалық) аймаққа жатады. Көмкерме аймақ, region limbica, белдеулік және гиппокамп жанындағы қатпарды алып жататын үлкен ми сыңарлары жаңа қыртысының бөлігі, көмкерме жүйенің құрамына енеді. Гиппокамп жүлгесінің жиегін ашып, рудименттік қатпар болып табылатын енсіз тісті сұр жолақты – gyrus dentatus-ты көруге болады. 160. Ми қыртысы, оның қабаттары. Анализатор туралы түсінік. Ми қыртысы орталықтары. Үлкен ми сыңарлар қыртысы бір-бірінен құрамына енетін жасушаларының пішіні жағынан өзгешелігі бар алты қабаттан (табақшадан) тұрады:1) Молекулалық табақша – тікелей pia mater-дің астында жатады және онда нерв жасушаларының тор сияқты айқасып өрілетін өсінділерінің ұштық тармақшалары болады; 2) Сыртқы түйіршікті табақша – құрамына түйіршікке (дәнге) ұқсас көптеген ұсақ жасушалар кіретіндіктен осылай аталады; 3) Сыртқы пирамидалы табақша – ұсақ және орташа пирамидалық нерв жасушаларынан тұрады; 4) Ішкі түйіршікті табақша – сыртқы түйіршікті табақша тәрізді ұсақ түйіршікті жасушалардан құралады; 5) Ішкі пирамидалы табақшада – үлкен пирамидалы жасушалар; 6) Мультипішінді табақша – ақ затпен шектеседі. Бұл 6 қабаттың төменгілері (V және VI) негізінен эфферентті жолдардың басы болып табылады; атап айтқанда V қабат аксондары пирамидалық жүйені құрайтын пирамидалық жасушалардан тұрады (пирамидалық жүйеге бастама бертін пирамидалық жасушалар алдыңғы орталық қатпарларда орналасады). Ортаңғы қабаттар (III және IV) негізінен афферентті жолдармен байланысқан да, ал жоғарғы (I және II) қабаттар ми қыртысының ассоциативті жолдарына жатады. Ми қыртысының алты қабатты типі түрлі аймақтарда қабаттардың қалыңдығы мен орналасуы жағынан да, сол сияқты жасушалардың құрама жағынан да өзгеріп отырады. Қызметтердің ми қыртысында орнығуы ең алдымен қыртыстық орталық туралы ұғыммен байланысты.1874 жылы киевтік анатом В.А.Бец қыртыстың әрбір бөлігінің құрылысы жағынан мидың басқа бөліктерінен айырмашылығы болады деген пікір айтты. И.П.Павлов бойынша, орталық – анализаторлардың мидағы шеті. Анализатор – сыртқы және ішкі дүниенің күрделі тітіркендіргіштің жеке элементтерге ажырап, яғни талдау (анализ) жасайтын нервтік механизм. “Анализатор дегеніміз сыртқы қабылдаушы аппараттан басталып, мида аяқталатын күрделі нервтік механизм” (И.П.Павлов).И.П.Павловтың көзқарасы бойынша ми орталығының немесе анализатордың қыртыстық шетінің қатаң шектелген шекарасы жоқ, ол ядролық және шашыраған бөліктерден тұрады. “Ядро” қыртыста шеткі рецептордың барлық элементтерінің толық және дәл проекциясын береді және жоғары деңгейдегі анализ бен синтезді іске асыру үшін қажетті болып табылады. “Шашыраған элементтер” ядроның шет жақтарында жатады және одан алыста жатуы мүмкін, оларда қарапайым анализ бен синтез іске асырылады. Ядролық бөлім зақымданғанда шашыраған элемент белгілі бір дәрежеге дейін ядроның қызметін атқарады, мұның зор тәжірибелік мәні бар. Тітіркенулерді организмнің ішкі ортасынан қабылдайтын анализаторлардың қыртыстық шеттері 1. Қозғалыс анализаторларының, яғни сүйек, буын, қаңқа бұлшықеттері мен олардың сіңірлерінен шығатын проприоцептивтік тітіркенулердің анализаторының ядросы орталық алдындағы қатпар мен lobulus praecentralis-тің құрамына жатады. Осы жерде қозғалтқыш шартты рефлекстер тұйықталады. Қозғалыс анализаторының жасушалары қозғалыс аймағы қыртысының ортаңғы қабаттарында орналасады. Оның терең қабаттарында (V, ішінара VI) эфферентті нейрондар болып табылатын алып пирамидалық жасушалар жатады. 2. Бас пен көздің қарама-қарсы жаққа үйлесімді бұрылысына қатысы бар қозғалыс анализаторларының ядросы ортаңғы маңдай қатпарында, алдыңғы қозғалыс аймағында орналасады. Көз бұлшықеттері жиырылған кезде ми қыртысына әр уақытта сол бұлшықеттер рецепторларынан ғана емес, торлы қабықтан да импульстар келетіндіктен, түрлі көру тітіркендірулеріне әр уақытта көз алмасының бұлшықеттерінің жиырылуымен іске асатын көз алмасының әртүрлі қозғалыстары үйлеседі. 3. Қозғалыс анализаторының ядросы арқылы мақсатты бағытталған күрделі кәсіби, еңбек және спорттық қозғалыстар синтезделеді. Ол ядро сол жақ төменгі шеке үлесшесінде, gyrus supramarginalis-те, орналасады. Бұл алаң зақымданғанда жалпы қозғалыстар жасауға ғана қабілеттілік сақталады, ал бағытталған әрекет істеуге қабілетсіздік – апракция пайда болады. 4. Бастың орналасу қалпы мен қозғалыс анализаторының ядросы – статикалық анализатордың (вестибулярлық аппарат) ми қыртысында әлі дәл анықталған жоқ. Вестибулярлық аппарат ми қыртысының ұлу проекцияланатын жерінде, яғни самай үлесінде проекцияланады деуге негіз бар. Мәселен, ортаңғы және төменгі самай қатпары аймағында жататын 20 және 21 алаңдар зақымданғанда атаксия пайда болады. Адамның тік жүруінде зор рөл атқаратын бұл анализатордың ұшқыштар мен ғарышкерлердің жұмысында ерекше маңызы бар. 5. Ішкі ағзалар мен тамырлардан келетін импульстар анализаторының ядросы орталық алдындағы және артындағы қатпарлардың төменгі бөлімінде орналасады. Ішкі ағзалар, тамырлар, еріксіз бұлшықет пен тері бездерінен орталыққа баратын импульстар ми қыртысының осы бөліміне келеді, ал бұл жерден қыртыс астындағы вегетативтік орталықтарға импульстар шығады. Организмнің сыртқы ортасынан келетін нерв импульстары сыртқы дүние анализаторларының қыртыстық шеттері. 1. Есту анализаторының ядросы жоғарғы самай қатпарының ортаңғы бөлігінде, аралшыққа қараған бетте, ұлу проекцияланған жерде жатады. Ол зақымдалса кереңдік пайда болады. 2. Көру анализаторының ядросы шүйде үлесіне жатады. Көру анализаторы ядросы зақымданса адам соқыр болып қалады. Осы ядродан жоғарылау жер зақымданғанда әдеттен тыс жағдайда бағдарлау қабілеті жоғалады. 3. Иіс сезу анализаторының ядросы ми қыртысының филогенездік жағынан көне бөлігінде, иіс сезу миы негізінде – uncus-те ішінара гипокампта орналасады. 4. Дәм сезу анализаторы ядросы, кейбір деректер бойынша, орталық артындағы қатпардың төменгі бөлігінде, ауыз бен тіл бұлшықеттері орталықтарына жақын орналасады, басқа бір деректер бойынша uncus ішінде, иіс сезу анализаторының қыртыстық шетімен көрші жатады. 5. Тері анализаторының ядросы (жанасу, қысым сезу, ауырсыну және температура) сезімталдығы орталық артындағы қатпарда және жоғарғы шеке аймағы қыртысында жатады. Тері сезімталдығының жеке түрі – заттарды ұстап білу – стереогнозия жоғарғы шеке үлес қыртысы бөлімімен қиылысып байланысқан: сол жақ ми сыңары – оң қолға, оң жақ ми сыңары сол қолға сәйкес келеді. Бұл қыртыстық беткей қабаттар зақымданғанда көзді жұмып, заттарды ұстап білу қабілеті жоғалады. 161. Комиссуралді және ассоциативті талшықтар туралы түсінік. Сүйелді дене, күмбез, алдыңғы дәнекер, ішкі капсула: құрылысы, функционалді маңызы. Комиссуралық талшықтар, ми комиссуралары немесе дәнекерлері құрамына еніп, екі ми сыңарының симметриялы бөліктерін байланыстыратын комиссуралық талшықтар. Ең үлкен ми дәнекері – сүйелді дене, corpus collosum, neencephalon-ға жататын екі ми сыңарының бөліктерін жалғастырады. Шамасы жағынан едәуір кішілеу екі ми дәнекері, comissura anterior мен comissura fornicis иіс сезу миына жатады және алдыңғы дәнекер иіс сезу үлестері мен екі гиппокамп жанындағы қатпарларды, ал күмбез дәнекері гиппокамптарды байланыстырады. Ассоциативті талшықтар бір ми сыңары қыртысының түрлі аймақтарын өзара байланыстырады. Олар қысқы және ұзын болып бөлінеді. Қысқа талшықтар,fibrae arcuatae cerebri, доға тәрізді будалар түрінде, көршілес қатпарларды өзара байланыстырады. Мұндай талшықтар будалары бірнешеу. Cingulum, белдеу күмбезді қатпарда өтетін талшықтар будасы, ол белдеулік қатпар қыртысының түрлі аймақтарын өзара және сондай-ақ ми сыңарының медиалді бетінің көршілес қатпарларымен де жалғастырады. Маңдай үлесі, fasciculus longitudinalis superior арқылы төменгі шеке үлесшесімен, шүйде үлесімен және самай үлесінің артқы жағымен жалғасады. Самай және шүйде үлестері өзара fasciculus longitudinalis inferior арқылы байланысады. Ақырында, маңдай үлесінің көздік бетін ілмек тәрізді буда, fasciculus uncinatus, самай полюсімен қосады. 162. Иіс сезу миы, оның орталық және шеттік бөлімдері,филогенез. Иіс сезу миы, rhinencephalon, алдыңғы ми әлі де жануардың мінез-құлығын басқаратын ағзаға айналмаған кезде, иіс сезу анализаторымен байланысты пайда болған, алдыңғы мидың филогенездік жағынан ең көне бөлігі. Сондықтан оның барлық құрылымдары иіс сезу анализаторының түрлі бөліктері болып табылады. Балықтардың бүкіл дерлік алдыңғы миы иіс сезу ағзасы болып табылады. Сүтқоректілер мен адамда байқалатын жаңа ми қыртысының дамуына байланысты алдыңғы мидың жаңа бөлігі – жамылғы, pallium, дамиды. Бірақ жамылғы да ұзақ даму жолын өтеді және ол филогенездік жағынан әртүрлі үш бөлікке бөлінеді. 1. Paleopallium – самай үлесінің құрамына енеді. Бұл бөлім алғашында ми сыңарының латералды бетінде орналасады, бірақ одан кейін аса үлкейген neopallium әсерінен шұжық тәрізді түзіліс – гипокампқа айналып, соңғы мидың бүйір қарыншасы қуысының төменгі муйізінің медиалды жағына ығысады. Гиппокамп ежелгі қыртыспен, paleocortex, жабылған. 2. Archipallium – ми қыртысының маңдай үлесіндегі иіс сезу буылтығының қасында жатқан және көнке қыртыспен, archicortex, жабылған вентралды бетіндегі кішкене бөлімі. 3. Neopallium - жаңа жамылғы оның қыртысында, neocortex, жоғарғы иіс сезу орталықтары – анализаторлардың қыртыстық шеттері пайда болады. Бұл күмбезді қатпардың бөлігі болып табылатын – uncus. Осының нәтижесінде адамның иіс сезу миында түрлі текті түзілістер болады, олар топографиялық жағынан екі бөлімге бөлінеді. Шеткі бөлігі – иіс сезу үлесі – lobus olfactorius. Бұл атаумен ми негізінде жатқан бірқатар түзілістер біріктіріледі: 1) bulbus olfactorius; 2) tractus olfactorium; 3) trigonum olfactotius; 4) substantia perporata anterior. Орталық бөлім – ми қатпарлары: 1) гиппокамп жанындағы қатпар – gyrus parahyppocampalis; 2) тісті қатпар - gyrus dentatus; 3) самайлық шеттің қасында орналасқан алдыңғы бөлігі – ілмегімен (uncus) қоса күмбезді қатпар – gyrus fornicates.
Дата добавления: 2014-11-20; Просмотров: 1656; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |