Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Туризм менеджменті 18 страница




Дүниежүзілік тәжірибеде туристік-рекреациялық табиғи кешендерді пайдаланудағы нормативтерде біраз үйлеспеуі білінеді. Мысалы, бір рекреантқа бөлінетін жағажай нормасы әр елде әртүрлі: 5 шаршы метрден 15 шаршы метрге дейін.

Курорттардағы құрылыс жүргізу нормаларында да үйлеспеулері көп. Бұрынғы КСРО-да мұндай норма бір төсек орнына 300-500 м2 болған, белгілі «Золотые пески» болгар курортында 150 м2, румын «Мамайя» курортында 85 м2, ағылшын «Брон-и-мор» курортында - 53 м2. Югославияда Адриатика теңізі жағалауындағы жағажайлар нормативі мынадай болтан: бір рекреантқа жағаның 1 метрі және ені 10 м (10 м2); серуендеу жері - бір туристке 0,5 га; аң аулау жері - бір аңшыға 2 га.

Польшада рекреациялық жерлердегі туристердің шынайы шоғырлануы 1 гектарға 75-115 адам болған.

АҚШ-та келесі шартты стандарттар қолданылады (9-кесте). Табиғи аумақтық кешен тұрақтылығы бойынша анықталатын рудсатты сыйымдылықпен бірге, аумақтыңпсихофизиологиялық сыйымдылығы болады.

Психофизиологиялық сыйымдылығы деген белгілі бір аудан бірлігінде әрбір адамның психофизиологиялық және гигиеналық жағдайы бұзылмау шарты орындалып бір уақытта рекреациялық шараларды жүргізу мүмкіндігі болып табылады.

9-кесте

Территорияның рекреациялық пайдалану түрлері Бір туристке бөлінетін жердін аумағы, м2
Қала маңындағы демалыс зонасы,  
ойын алаңдары  
Жағажайлар 18,5
Көніл көтеру (пикник) алаңы  
Жаяу туризм үшін сокпақ жол  
Атпен жүретін соқпақ жол  

Табиғи кешендер және оны құрайтын әлементтерінің рекреация­лық; салмаққа деген шыдамдылыгы жағынан айырмашылықтар бола­ды. Поляк географы А. Костровицкий (1970) эксперимент арқылы бір апта бойы 1 га жерінің шөбін таптап 400 өсімдіктің шыдамдылығын анықтады: қүрғақ қарағайлы орман 46 адамды, жас карағайлы орман

- 50-90, жас шабындық - 126-196, жайылым - 300 адамды зиянсыз қабылдай алды. Рұқсатты салмақты А. Костровицкий максималді адам саны арқылы анықтап, 8 сағат бойы тынымсыз қозғалып, 1 га жердің шөбін деградацияға дейін жеткізді. Поляк А. Марш бұл анықтамаға мынадай ескерту қосады: деградацияның рұқсатты турі

- 3 м2 тапталған жерде ең болмағанда 1 дм2 жері толығымен бұзылса бұл деградацияның рұқсатты деградациясы болады.

Табиғи кешеннің тұрақтылығы фитоценологиялық қасиетімен бірге топырақ сипатына, жер үсті көлбеуіне және табиғи компоненттері-нің сипаттамаларына байланысты. А. Марш мәліметтері бойынша көлбеуі 2-ден 6° дейін болса беткей көлбеуі тапталу жылдамдығына шамалы ғана әсертигізеді, мұндайәсеркөлбеуі 6-12° болса, күшейеді. Көлбеуі 12° асып кетсе шөп тез тапталып кетеді, сондықтан көлбеуі осындай көрсеткіштен асқан аумақтар рекреациялық пайдалануга жарамайды. Топырақтың механикалық қасиеттері де рұқсат берілген жүктеме көлеміне әсеретеді. Мысалға, рекреанттардың қүмды жер-лерге деген жүктемесі саздақка қарағанда үлкен болады.

Кеңес географтары В.П.Чижова мен Е.Д.Смирнова (1976) КСРО еуропалық бөлігінің орталық аудандарындағы табиғи кешендеріндегі ең көп рұқсат берілген демалушылар санының нормативтерін келтіреді (10-кесте).

Нормалардың біркелкі болмауының себебі - табиғи кешендер мен олардың әлементтерінің шыдамдылығын анықтау әдістемелігінің бірқалыпты болмауында. Табиғи кешеннің туристік ауыртпалығына деген шыдамдылыгы - оның өз қалпына келу қабілетінің шектері.

Салмақ (жүктеме) деп бұл белгілі бір мезгіл ішінде территорияда байқалатын рекреанттар санын айтамыз. Егер табиғи кешенге түсетін салмақ қалпына келтірілмейтіндей өзгерістер туғызатын болса, оны критикалық салмақ деп атайды; критикалық салмаққа жақын, алайда қалпына келтірілмейтіндей өзгерістер туғызбайтын болса, оны рұқсат етілген салмақ дейді; егер салмақтың нәтижесінде қалпына келтірілмейтіндей өзгерістер болып қойса, бұл салмақ рұқсат етілмейтін деп аталады.

10 кесте

  Орман түрлерінің топтары
  Шырша орманы, адам/га Ылғалды шырша ормандары, адам/га Қарағай, адам/га Ылғалды шырша ормандары, адам/га Қайың мен көктерек ормандары, адам/га Ылғалды қайың мен көктерек ормандары, адам/га
Жайпак бұйратты саздақ жазықтары:            
- кысқа мерзімді демапыс            
- ұзак мерзімді демалыс            
Саздак арасында кұм катпарлары            
бар жайпақ жазыктар:            
- қыска мерзімді демалыс            
- ұзак мерзімді демалыс            

Табиғи аумақтық кешеннің рекреациялық сыйымдылығын рұқсат берілген жүктемені табиғи аумақтық кешені ауданына көбейтіп табамыз.

Соңғы зерттеулердің негізінде жайылым дигрессиясына негізделген рекреациялық дигрессия кезеңдері ережесі қолданылады. Мәскеу төңірегінің орман зонасын зерттеп, 1972 жылы Н.С. Казан­ская рекреациялық дигрессияның 5 кезеңін бөліп атап шықты:

1. Адамның іс-әрекеті орман кешеніне ешқандаи өзгерістеренгізбейді.

2. Адамның рекреациялық әсер сирек кездесетін соқпақтардың және жарық сүйгіш өсімдіктердің пайда болуына әкеледі.

3. Соқпақтар мен жарық сүйгіш өсімдіктер жиі кездеседі.

4. Орман өсімдіктері азайып, соқпақ желісі басым болып келеді.

5. Тапталған алаңдарда арам шөптер мен біржылдық шөп түрлері пайда болады, ал шөп төсеніштері мен жас ағагптар толығымен жоқ.

3 және4 кезең арасында табиғи кешеннің тұрақтылығының көзқарасы өтеді. Рұқсат етілетін салмақ дигрессияның 3 кезеңіне сәйкес келеді. Қалпына келтірілмейтін өзгерістер 4 кезеңде пайда болады.1, 2, 3 кезеңдері эстетикалық жағынан тартымды.

Рекреациялық әсерді анықтау жұмыстары рекреациялық салмақты басқару үшін жүргізіледі. Рекреациялық салмақты басқару әдісіне аумақты функционалды зоналарға бөлу қағидасы, сонымен қатар, туристік-рекреациялық ресурстардың пайдалануын реттеу әдістері жатады. Оның ішінде рекреанттарды тәртіпке келтіру, яғни зиян келтіретін әрекеттерге тыйым салу; өсімдік жамылғысын қалпына келтіру үшін тыңайтқыштарды пайдалану; жерді кайта еңдеу шараларын жүргізу.

Жасанды соқпақтар жасап, аумақты абаттандырғанда, оның сыйымдылығы табиғи сыйымдылығымен салыстырғанда 6 есе өседі.

Табиғи кешендеріне түсетін ауыртпалықты оңтайлы қылу, туристік-рекреациялық ресурстарды қорғау мақсатында демалыс аудандары мен зоналарының аумақтық ұйымдастырылуын іске асыру қажет. Б.Б. Родоман (1976) қала маңы демалысын ұйымдастыру мақсатындағы аумақтың зоналауының сызықтықторлық принципін ойлап тапты. Өзінің теориялық схемасында жерді рекреация мақсатында пайдалануының үш деңгейімен айқындалатын үш зонаны:

I - жоғары, II - орташа, III - рекреациялық пайдаланудың төмен деңгейі (11-кесте) - атап шықты

Рекреациялық аумақтарды зоналау үшін линиялық бағдарламалау қолданылуы мүмкін. Линиялық бағдарламалау моделі дегеніміз жоба-ланатын аумақта «пик» маусымында алдыңала берілген шектеулердің ескерілуімен биоценоздарды қорғау мен рекреациялық шаралар үшін жайлы жағдай жасау - рекреациялық жүктемені максимумға жеткізу моделі. Осындай модель жасау үгдін мынадай мәліметтер қажет: 1) жобаланатын аумақ ауданы; 2) рекреациялық шаралар түрлерінің үлестерін (%) көрсететін рекреациялық іс-әрекетқұрылымы; 3) рекреациялық әрекеттердің аумаққа түсетін ауыртпалығы (жүктемесі); 4) табиғи кешендердің тұрақтылық коэффициенттері.

Қайталау сұрақтары

1. Туристік-рекреациялық сыйымдылық. аньщтамасын беріңіз.

2. Табиғикешендерге түсетін рекреациялық ауыртпалықты оңтайлы кылу мәселесі жөнінде айтып беріңіз. Осы мәселе жөніндегі кеңес және поляк галым-дарыныңқандай еңбектерін білесіз?

3. Табиғи кешенмен оның әлементтерінің түрацтылыгы (шыдамдъшығы) деген не?

4. Н. С. Казанскаяның рекреациялықдигрессия кезеңдері жөніндегі еңбегі тура­лы айтып беріңіз.

5. Рекреациялықауыртпалықты реттеу әдісі болғанаумақтың функционалдық зоналау кагидасы жөнінде айтып беріңіз. Б.Б. Родоман еңбегі туралы әңгімелеп беріңіз.

§ 6 Туризмнің дамуы және табиғатты қорғау

Табиғи ортаны туризм үшін пайдалану географтарды және басқа да ғылым өкілдерін ертеден-ақ қызықтыра бастады. XIX ғасырдың бірінші жартысының өзінде географтар туристік қозғалыстың асып түскен шоғырлануының нәтижесінде болатын ландшафтардың тозып өзгерістерге ұшырайтынын байқаған.

Ең алдымен табиғи ортаның ең тартымды жерлерінде шоғырланған туристік қозғалыс осы аумақтарды қорғауға алуға шақырған жергілікті тұрғындардың қарсыластығын тудырады.

Туристік базалардың салынуы және туристік ағымның шамадан тыс шоғырлануы табиғи ортаның туристік қрщылығын төмендетеді. Алайда, кейде табиғи ортаның өз ерекшеліктері кейбір туристік артықшылықтарына (әсіресе мәдени ескерткіштерді қарастырсақ) кері әсерн тигізуі мумкін.

Жыл сайын күшейіп отыратын туристік миграция, туристік инфрақұрылымның дамуы табиғи ортаға қауіп тигізеді, оның әсерн өнеркәсіп, көлік пен урбанизацияның дамуымен салыстыруға болды. Сондықтан да, кейде туризмнің табиғатқа, қоршаган ортаға тигізетін әсерн «агрессивті» деп те атайды.

Қоршаған ортаға тигізілетін жағымсыз әсерәр түрлі, олардың кейбіреулері өте қауіпті. Егер де туризм нашар басқарылып, жоспарла-натын болса, онда теріс әсерлер күшейіп тереңдей түседі. Нәтижесінде экологиялық жағдай нашарлауы мүмкін. Теріс экологиялық әсерлер мынадай:

- туристік шаруашылықтың дамуы нәтижесінде табиғи ортаның урбандануы;

- көліктің жәнетуризм жүйесіндегі мекемелердің жұмыс істеу нәтижесінде қоршаған орта ауасының ластануы;

- туристік мекемелердің пайдаланған суларынан, туристік су көлігінен, машина жуудан және т. б. сулардың ластануы;

- туристердің көп шоғырлануынан, радионың қатты дауысынан және көлік құралдарының шоғырлануынан да шумен ластануы;

- ландшафт эстетикасының нашарлауы, мүлдем жойылып кетуі бірқатар факторлардың әсернен болады: туристік құрылыстың шамадан тыс шоғырлануы, олардың жобасыз және тиімсіз орналасуы, көрікті ландшафтарды жауып тұратын жарқыраған жарнамаплакаттарының болуы;

- табиғи орындардағы туристерден қалатын қоқыстар мен

қалдықтарды тазарту мәселесі;

- табиғи зоналардың экологиясының бұзылуы, әсіресе туристер көп баратын жағажай, және де таулы және шел дала экожүйелері;

- археологиялық және тарихи ескерткіштерге туристерден тиетінзиян;

- қате жоспарлау және туристік объектілерді дұрыс орналастырмау нәтижесіндегі экологиялық қауіптер мен мәселелер.

Соғыстан кейінгі жылдары мұндай процестер өте кауырт жүрді, оны Батыс Еуропаның және Солтүстік Американың географтары табиғи ортаның «туристік урбандануы» деп атады. Туристік функцияларының дамуы нәтижесіндегі урбандану процесі «екінші баспана» санының және осыған орай әлеуметтік-техникалық базаның қажетті жабдықталуына байланысты. «Екінші баспана» торы өте көп жағдайда жүйесіз және жоспарсыз дамиды, ал олардың шектен асқан шоғырлануы табиғи орта мен оның оң қасиеттеріне зиян келтіреді.

Шектен асып кеткен «туристік урбанданудың» осыған үдсас құбылысы туристік нысандардың басқа түрлерімен байланысты орталықтарында да байқалады.

Моторизация мен «моторлы» туризмнің дамуы бұрын онсыз да әртүрлі кәсіпорындардың шаң және газдармен былғанған әуе бассейнінің одан сайын қатты ластануына әкеліп соғады. Ауаның көлік арқылы ластануы аймақтардың климаттық артықшылықтарын жоққа шығарады, тіпті адам денсаулығына қауіп төндіретін болады.

Су-моторлы спорттың дамуы өзендер мен басқа суаттардың ластануына әкеліп соғады. Сонымен бірге туристік базалардыңкоммуналдық кәсіпорындары да суды ластайды. Осындай базалар-дың ең үлкен жігінде қажетті тазарту жабдықтары жоқ, сондықтан ластайтын қалдықтар суға кетіп қалады.

Қорыта айтсақ, бұқаралық туризм табиғат қорғау мәселесін құнды табиғи кешендердің көпшілік үшін қол жетерлік қағидасымен үйлестіру міндетін артып отыр.

Рекреациялық аумақтардың деградацияға ұшырауының себебіне туристік ұсыныс пен сұраныстың сәйкес еместігі жатады. Яғни, рекреациялық саланың дамымағандығы туристердің «ескі» аудандар-да шоғырлануына себеп болып отыр.

Туризмнің мұндайәсерлерін көре отырып, мамандар маңызды рекреациялық ресурстарды «туризмнен және туризм үшін» қорғауды мақсат етеді. Осыған байланысты, зерттеушілердің көбісі туристік құбылыстар мен объектілерді аумақта бірқалыпты орналастыру принципін қолдайды, ол туристер көп баратын аудандарға салмақты азайтады. Көптеген мемлекеттерде туристік қозғалыстың жоспарлы аумақтық саясаты жүргізіліп отыр. Мұндай саясаттың ерекшелігі -ол туристік ықпалдың территория бойынша біркелкі таралып, табиғи ландшафтарды сақтап қалуында.

Рекреацияның дамуы мен қоршаған ортаны қорғау бір-біріне қарама-қарсы тұратын құбылыстар емес. Дұрыс реттелген және үйлестірген жағдайда бұлар бір-бірін толықтырып отырады.

Рекреациялық география мен туризм географиясының қолданбалы міндеті - рекреациялық табиғатты пайдалану негіздерін қалау бо­лып табылады. Оған саяхат жасайтын адамдар үшін ландшафтардың құрылымын, динамикасын және даму болжамы кіреді. Рекреациялық табиғат пайдалану мақсаты - табиғатты саналы түрде пайдалану, өзгерту және қорғау. Бұл жағдайда рекреациялық табиғат пайда­лану технологиялары әлеуметтік-экономикалық жәнеэкологиялық заңдарды ескеретін жалпы табиғат пайдалану жүйесінің бір бөлігі болып табылады.

Табиғат пайдаланудың жалпы жүйесі қоршаған ортаны қорғаудың үш тетігін қамтиды: 1) табигат пайдаланудың шектеу жүйесін (нормалар, тыйым салулар, айыппүлдар) қамтитын әкімшілік-құқықтықтетік; 2) әкімшілік-құқықтық тетігін толықтыратын және көп мақсаттық табигат пайдалану нүхқаларынан" ең оңтайлысын таңдап алу деп түсінілетін жоспарлық-экономикалық тетік; 3) шаруашылықтық-есептік, төлемді табиғат пайдалану тетігі, оның негізі - табиғат пайдалану шығындарын етеу.

Тиімді рекреациялық табиғат пайдалану мақсаты - табиғи-аумақтық кешендерін қорғау. Тиімді рекреациялық табиғат пайдала­ну технологиясын қолданған жағдайда рекреациялық ресурстар ең ұтымды түрде рекреациялық қажеттіліктерге сәйкес болып келеді.

Рекреациялық жүктемені реттеу әдістеріне рекреациялық аудандастыру мен рекреациялық зоналау жатады. Олардың мағынасы - рекреациялық игерудің бөлек аудандар мен зоналарының режіміне сәйкес реттелуі. Әрбір аудан мен зона үшін рекреациялық пайдаланудың құндылығына, табиғи кешен тұрақтылығына және т.с.с. басқа факторларына байланысты өз деңгейі кабылданады. Соңғы аталған факторларға рекреациялық іс-әрекет түрлері мен формаларының ерекшеліктері, олардың табиғатқа қойылатын та-лаптары, рекреанттардың рекреациялық аудандардағы таралуының кеңістік-уақыт заңдылықтары жатады.

Рекреациялық жүктемелерді реттеу әдістері - туристік-рекреациялық аудандастыру мен зоналау: мұнда рекреациялық игеру бөлек аудандар мен зоналарының режиміне сәйкесөткізіледі. Әрбір аудан әлде зона үшін рекреациялық пайдаланудың өз деңгейі қабылданады. Ол аудан не зонаның рекреациялық қүндылығына, табиғи кешен тұрақтылығына және табиғи емес факторларға байланысты болады. Табиғи емес факторлар: туристік іс-әрекет формалары мен түрлерінің ерекшеліктері және олардың табиғат қасиеттеріне қоятын талаптары, рекреанттардың туристік-рекреациялық аудандардағы таралуы.

Рекреациялықтабиғат пайдалану негіздеріне тәрбие шараларының жүйесі де кіреді. Туристердің табиғатқа зиян келтірмеу бойынша тәрбиелік шараларын Д.Л. Арманд (1969) ұсынған.

1. Рекреация процесіндегі онегелікті бозбала шағынан тәрбиелей бастау қажет. Мұндай жұмысты табиғатты қорғау органдарының на-сихаттауымен бірге, барлық заманауи ақпарат құралдары жүргізуі керек. Табиғат қорғау білімдерін балабақша мен бастауыш мектеп мұғалімдері игеріп алғаны оте маңызды.

2. Мектепте табиғат қорғау әлементтері ең алдымен география мен жаратылыстану сабақтарында оқылу керек. Түсіндіру жұмыстары жастар ұйымдары бағдарламаларында болуы қажет.

3. Туризм нұсқаушылары мен экскурсия жүргізушілердің дайындығы университеттердің арнайы факультеттерінде откізілуі қажет және оларға табиғат қорғау курсы оқылуы керек.

4. Туристерді саяхат жасап жүрген өлке табиғатын тануға қызықтыру қажет. Табиғат жөніндегі ақпаратты тарихи жәнекөркем ақпараттармен толықтырған жөн.

5. Туристер жиі келетін демалыс зоналары мен ұлттық саябақтарда арнайы қызметкерлер: тәртіп сактау қызметкерлері, орттен қорғау, медицина қызметкерлері, қоқыс жинаушылар болуы қажет. Демалушыларға тазалық сақтауды жеңілдететін жабдықтар (мысалы, қоқыс контейнерлері) болуы керек.

6. Қорықтарда кіруге рұқсат берілген зоналарында ерекше қатаң режим орындалуы қажет. Әрбір қорықта ол не үшін ұйымдастырылғаны және қандай нысандар қорғалатыны түсіндірілетін мұражайы болған жон.

7. Табиғатта өзін-өзі ұстау этикасы адамның қанына сіңіп кетуі ке­рек. Табиғат шыдайтын ауыртпалық ең алдымен демалушылар саны емес, олардың мәдени деңгейіне байланысты.

Рекреация, туризм жәнеқоршаған орта озара тығыз байланысты. Табиғи ортаның туристерді қызықтыратын коптеген әлементтері бар, ал туризмнің дамуы болса, оң және жағымсыз экологиялық салдарларға әкеліп соғады. Туризмді экологиялық тұрғыдан жоспарлау үшін ең алдымен туризмнің қоршаган ортаға мүмкін болатын әсерн болжау қажет. Егер туризм дұрыс жоспарланатын, дамитын және басқарылатын болса, оң экологиялық әсертигізуі әбден мүмкін. Табиғат қорғау шаралары:

1) маңызды табиғи аумақтарды, фаунаны, оның ішінде аквалдық экожүйелерді анықтауға, оларды қорғау шараларын қаржыландыруға, сонымен қатар, ұлттық, аймақтық саябақтар мен қорықтардың да-муына септігін тигізеді. Мұндай жағдай әсіресе табиғат қорғауға жұмсалатын қаржысы жетіспейтін елдер үшін маңызды;

2) археологиялық және тарихи нысандарды туристерді қызықтыратын объектілер ретінде жариялау мен оларды қаржыландыруга көмектеседі. Мұндай болмаса, осылардың көбі қирап немесе құрып кетуі де мүмкін. Туристік мақсатта бүгін кейбір қалалардың тарихи аудандары сақталады және дамиды;

3) туристер көркем, таза жәнеластанбаған жерге баруды сүйетін болғандықтан қоршаған орта сапасын жақсартуға септігін тигізеді. Оның үстіне жақсы жоспарланған және орналасқан туристік нысандар қала және ауыл ландшафтарын көркемдейді. Инфрақұрылымның, әсіресе сумен жабдықтаудың, канализацияның, қатты қалдықтардың шығарылуының жетілдірілуі де қоршаған орта сапасының көтерілуінесептігін тигізеді;

4) жергілікті тұрғындардың экологиялық ағартуына көмектеседі. Туристердің табиғатты қорғау ынтасын көргенде жергілікті жұртта оны сезіне бастайды.

Қайталау сұрақтары

1. Туризмнің ңоршаган табиғи ортага жасайтын зиянды әсерлерін атап

шығыңыз да сипаттамаларын беріңіз.

2. Туристікурбандану деген не?

3. Рекреациялық аумщтардың деградациясынын (азуының) себептері неде? Бұл

мәселені қалай шешуге болады?

4. Рекреациялық табигат пайдалану технопогиялары мен тетіктері жөнінде айтып беріңіз. Д.Л. Арманд ұсынган шаралар тізімін атап беріңіз.

5. Туризм қоршаган ортага қандай оц экологиялықәсертигізуі мүмкін?

§ 7 Демалыс пен туризм мақсатында территорияны аудандастыру. Туристік аудан, оның ерекшеліктері

Халық шаруашылық салаларының территориялық ұйымдас-тырылуы мен жоспарлы реттелуінің эффективтілігі ғылыми-дәлелденген аудандастыруға тікелей байланысты, себебі аудандастырудың негізін табиғи-географиялық жағдайы мен ресурстарын бағалау жұмыстары, сонымен қатар, территорияның шаруашылық және басқа да аумақтық ерекшеліктері құрайды.

Рекреациялық іс-әрекетінің дамуы, осы саладағы аумақтық ең-бек бөлісінің тереңдеуі нәтижесінде бірқатар аумақтар белгілі бір рекреациялық функцияларды орындауға мамандандырылатын болады.

Туризмнің дамуы, оның материалдық-техникалық базасының ұлғаюы, туризмнің мақсаты үшін табиғи жәнемәдени-тарихи әлементтерді интенсивті пайдалану, олардың аймақтың әлеуметгік-экономикалық өміріне әсернің өсуі, міне, осылардың барлығы территорияны туристік аудандастыру мақсаты үшін арнайы зерттеулерді қажет етеді.

Көптеген авторлар мен ғылыми ұйымдар рекреациялық мақсат үшін аудандастырудың әдістемесі мен қағидаларын мемлекет көлемінде, сондай-ақ жеке аймақтарда да жасау үшін куш салған. Бірақ аудандастырудың әдістемелік қағидалары жөнінде әзірге ортақ пікір жоқ.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-25; Просмотров: 2740; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.073 сек.