КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Жалпы ережелер 1 страница
СВАЙНЫЕ ФУНДАМЕНТЫ АДАЛЫ IРГЕТАСТАР Енгізілген күні - _____ 200_ ж.
Осы нормалар жаңадан салынатын және қайта қалпына келтірілетін ғимараттар мен имараттардың қадалы іргетастарын жобалауға қолданылады. Осы нормалар динамикалық жүктемелермен жұмыс істейтін машиналардың, теңіздегі мұнай кәсіпшілігінің тіреулерінің және континентальді шельфте 35 м-ден үлкен тереңдікте тұрғызылатын басқа да имараттардың қадалы іргетастарын жобалауға қолданылмайды. Қауіпті геологиялық процесстердің (карст, жылжыма және басқа да) даму мүмкіндігі бар аудандарда салынатын ғимараттар мен имараттардың қадалы іргетастарын, жобалаушылардың ұсынуымен, ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы Уәкілетті органы бекіткен немесе олармен келісілген нормативтік құжаттардағы қосымша талаптарға сәйкес жобалау керек. 1.1. Iргетастың құрылымын (табиғи және жасанды негіздердегі қадалардың), сонымен қатар қадалардың түрлерін және қадалы іргетастардың типтерін (мысалы, қадалар шоғыры, таспасы, алаңы) таңдау кезінде құрылыс алаңшасының инженерлік ізденістер материалдарында көрсетілген нақты жағдайын, топырақтың беріктік, деформациялық сипаттамаларын және іргетас материалдарының физикалық-механикалық қасиеттерін неғұрлым толық пайдалануды қамтамасыз етуге және негізгі құрылыс материалдарын үнемдеп жұмсауға бағытталған талаптарды сақтай отырып,мүмкін болатын жобалық шешімдерді техникалық-экономикалық салыстыру негізінде таңдап алынған іргетасқа әсер ететін есептік жүктемені ескеру керек. 1.2. Қадалы іргетастарды құрылыс алаңшасындағы инженерлік-геодезиялық, инженерлік-геологиялық, инженерлік-гидрометеорологиялық ізденістердің нәтижелері негізінде, сонымен қатар жобаланатын ғимараттар мен имараттардың қызметін, құрылымдық және технологиялық ерекшеліктерін, олардың пайдаланылу жағдайын, іргетасқа әсер ететін жүктемелерді және жергілікті жердің құрылыс жағдайын ескере отырып жобалау керек. Қадалы іргетастарды жеткілікті түрдегі инженерлік-геологиялық негіздемесіз жобалауға рұқсат етілмейді.
Iзденістер материалдарында топырақты зертханада және даладағы зеттеулердің мәліметтері, ал кейбір жағдайда қадалы іргетастарды жобалаушы мекеменің белгілеуі бойынша, қадаларда статикалық және динамикалық жүктемелермен жүргізілген сынақтардың нәтижелері келтірілуі тиіс. Сонымен қатар топырақтар қабаты, олардың екі топтағы шекті күйлерді есептеуге пайдаланылатын физикалық-механикалық сипаттамаларының есептік мәндері, жерасты суларының болжамдағы және тұрақталған деңгейі, ал зондтау нәтижелері белгілі болған жағдайда,—зондтау кестесі көрсетілген геологиялық қималар берілуі тиіс. Ескерту: Құрылыс кезінде ҚНжЕ 3.02-01-2001 талаптарына сәйкес қадаларға жүргізілген сынақтар, қадалы іргетастардың сапасын және жобаға сәйкестігін анықтауға арналған бақылау сынақтары болып есептелінеді. 1.4. Ғимараттар мен имараттарда және олардың іргетастарында жаңа немесе аз зерттелген құрылымдар қолданылған жағдайда, жауапты ғимараттар мен имараттарды күрделі инженерлік-геологиялық жағдайда тұрғызғанда, сонымен қатар жобалауға берілген тапсырыста деформацияны өлшеу жөнінде арнайы шарттар болса, онда қадалы іргетастардың жобасында негіздің және іргетастардың деформациясына нақты түрде өлшеулер жүргізу қарастырылуы тиіс. 1.5. Жемірлі ортада пайдалануға арналған қадалы іргетастарды ҚНжЕ 2.03.11-85 шарттарына сәйкес, ал қадалы іргетастардың ағаш құрылымдарын сонымен қатар, шіруден, бүлінуден және ағаш құртымен зақымданудан сақтау жөніндегі талап-тарды ескере отырып жобалау керек. 2. ҚАДАЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРI 2.1. Қадаларды топыраққа кіргізу әдісі бойынша келесі түрлерге бөледі: а) балғаның, дірілді батырғыштың, дірілді басып енгізгіштің және басып енгізетін құрылғылардың көмегімен топыраққа батырылатын қағылмалы темірбетон, болат және ағаш қадалар, сонымен қатар топырақты жарым-жартылай шығарып не шығармай және бетон қоспалармен толтырмай дірілді батырғыштармен енгізілетін темірбетон қабыршақ қадалар; б) топырақты түгел шығарып және бетон қоспалармен түгел немесе жарым-жартылай толтырып дірілді батырғыштармен енгізілетін темірбетон қабыршақ қадалар; в) топырақты күштеп шығару нәтижесінде пайда болған ұңғымаға бетон қоспаларын құю арқылы жасалынатын құймалы бетон және темірбетон қадалар; г) бұрғыланған ұңғыманы бетон қоспаларымен толтыру немесе ұңғымаға темірбетон элементтерін орнату арқылы топырақтың ішінде жасалынатын бұрғылы темірбетон қадалар; д) бұрамалы қадалар. 2.2. Қадалардың топырақпен әрекеттестігі бойынша оларды тіреуіш және аспалы қадаларға бөледі. Тіреуіш қадаларға тасты топырақтарға тірелетін қадалардың барлық түрлерін, сонымен қатар аз сығылатын топырақтарға тірелетін қағылмалы қадаларды жатқызады. Ескерту: аз сығылатын топырақтарға құрамында тығыз және тығыздығы орташа құмды толтырғыштар бар ірі сынықты топырақтар, сонымен қатар деформация модулі Е 50000 кПа (500 кгс/см2), сумен қаныққан қатты консистенциялы алшықтар жатады. Тіреуіш қадалардың топырақтағы көтергіштік қабылетін есептеу кезінде олардың бүйір жақтарындағы теріс үйкеліс күштері ғана есепке алынады, ал топырақтардың қарсылық күштері есепке алынбайды. Аспалы қадаларға сығылатын топырақтарға сүйеліп, жүктемелерді бүйір жақ беттеріндегі және төменгі жағындағы негіз топырақтарына тарататын қадалардың барлық түрлері жатады. Ескерту: Қаданың айналасындағы топырақтардың отыруы кезінде оның бүйір жақ беттерінде пайда болатын және тік төмен қарай бағытталған күштер, теріс үйкеліс күштері деп аталады. 2.3. Көлденең қимасының өлшемдері 0,8 м-ге дейінгі қағылмалы темірбетон қадалар және диаметрі 1 м-ден үлкен қабыршақ қадалар келесі топтарға бөлінеді: а) арматуралау әдісі бойынша — кернелмеген бойлық арматурамен көлденең арматурланған және алдын-ала кернелген шыбықты арматурамен немесе бойлық сымды арматурамен көлденең арматурланған немесе арматурланбаған қадалар және қабыршақ қадалар; б) көлденең қимасының формасы бойынша — шаршы, тік бұрышты тавро және қос тавролы, дөңгелек қуысты шаршы, жартылай дөңгелек түріндегі қадалар; в) бойлық қимасының формасы бойынша — призмалы, цилиндрлі және бүйір қырлары көлбеу (пирамидалды, трапеция және ромба тәрізді); г) құрылымдық ерекшеліктері бойынша — тұтас және құрама (жеке секциялардан тұратын) қадалар; д) төменгі ұшының құрылымы бойынша — ұшы үшкірленген немесе жазық ұшты қадалар, жалпағынан немесе көлемінен ұлғайтылған және төменгі жағы ашық немесе жабық қуыс қадалар, камуфлет өкшелі қадалар. Ескерту: Камуфлет өкшелі қаданы орнату үшін төменгі жағы қуыс болат ұштықпен жабдықталған қуыс қаданы жерге қағып, сонан соң оның ішін және басындағы болат ұштықты бетон қоспамен толтырады да, ұштықтың ішінде камуфлет өкшені жарады. Қадалы іргетастардың жобасында камуфлет өкшелі қағылмалы қадаларды қолданғанда және ғимараттар мен имараттардан жарылыс болатын жерге дейінгі рұқсат етілетін ара қашықтықты анықтарда, жобада бұрғылау жару жұмыстарын жүргізу ережелерінің шарттарын сақтау туралы нұсқаулар қарастырылуы керек. 2.4. Құйма қадалар жасалу әдісіне байланысты келесі топтарға бөлінеді: а) құйма қадалар, төменгі жағы табанмен не болмаса бетон тығынмен бекітілген инвентарь құбырды топыраққа батырып, соңынан ұңғыманы бетон қоспасымен толтыру барысында құбырды қайта шығарып алу арқылы жасалынады; б) дірілді штамппен нығыздалған құйма қадалар, қазылған ұңғыманы қатты бетон қоспасымен толтырып, артынан төменгі жағы үшкірленген құбыр түрінде жасалынған дірілді штампқа дірілді батырғышты бекітіп, нығыздау арқылы жасалынады; в) штампталған төсекте құйылған қадалар, штамптау әдісімен топырақта пирамида және конус формасындағы ұңғымалар дайындалып, артынан оларды бетон қоспасымен толтыру арқылы жасалынады. 2.5. Бұрғылы қадалар жасалуына байланысты төмендегіше бөлінеді: а) жерасты суларының деңгейінен жоғары орналасқан шаңды-балшықты топырақта қабырғасы бекітілмей бұрғыланған ұңғымада, ал жерасты суларының деңгейінен төмен орналасқан кез-келген топыырақта қабырғасы балшықты ерітіндімен немесе қайта суырылып алынатын инвентарь құбырмен бекітіліп бұрғыланған ұңғымада бетондалатын, тұтас қималы ұшы жалпақтау не кәдімгі бұрғы толтырмалы қадалар; б) көп секциялы дірілді өзекшелерді қолдану арқылы жасалынатын, дөңгелек қуысты бұрғы толтырмалы қадалар; в) ұңғыма забойына қиыршықтасты таптау арқылы жасалынатын, нығыздалған забойдағы бұрғы толтырылмалы қадалар; г) бұрғыланып, соңынан түп жағынан жарылыс жасап кеңейтілген ұңғыманы бетон қоспасымен толтыру арқылы жасалған, камуфлет өкшелі бұрғы толтырылмалы қадалар; д) бұрғыланған ұңғымаға цемент-құм ерітіндісін немесе ұсақ түйіршікті бетон қоспасын сықап толтыру арқылы жасалынатын, диаметрі 0,15-0,25 м-лік бұрғы инъекциялы қадалар; е) кеңейтіліп не кеңейтілмей бұрғыланған ұңғымаға, жақтары немесе диаметрі 0,8 м-ге тең не одан үлкен цилиндр және призма түріндегі элементтерді түсіріп және қатыратын цемент-құм ерітіндісін төсеу арқылы жасалған діңгек қадалар; ж) бұрғы түсірмелі камуфлет өкшелі қадалардың камуфлет өкшелі бұрғы толтырылмалы қадалардан айырмашылығы, ұңғыманы камуфлетті кеңейткеннен кейін онда темірбетон қадаларды түсіреді. Ескерту: 1. Егер іргетастар құрылымында (бұрғы толтырылмалы қаданы орнату кезінде топырақ қабатындағы сүзу ағынының жылдамдығы 200 м/тәул. көп болса, бұрғы толтырылмалы қаданы әрекеттегі жылжымалы беткейлерді бекітуге қолданғанда және басқа дәлелденген жағдайларда) басқа шешімді қолдану мүмкін болмаса, онда кіргізілген құбырды топырақта қалдыруға рұқсат етіледі. 2. Бұрғы толтырылмалы қаданы шаңды-балшықты топырақта орнатқан кезде, ұңғыманың қабырғаларын бекітуге судың артық қысымын пайдалануға рұқсат етіледі. 2.6. Темірбетон және бетон қадаларды ауыр бетоннан жобалау керек. Мемлекеттік стандарт жасалынбаған бойлық кернелмеген арматуралы қағылмалы темірбетон қадаларда, сонымен қатар бұрғылы және құйма қадаларда бетонның класы В15-тен, кернелетін арматуралы қағылмалы темірбетон қадаларда В22,5-тен төмен қабылданбауы керек. Негізделген жағдайда қысқа бұрғылы және құйма қадаларда (ұзындығы 3,5 м-ден аз) класы В7,5-тен төмен емес ауыр бетонды қолдануға рұқсат етіледі. 2.7. Көпірлерден, гидротехникалық имараттардан және әуелік электрберіліс желілерінің үлкен өтпелерінен басқа барлық ғимараттар мен имараттардағы қадалы іргетастардың темірбетон ростверктерін, класы — құрама ростверктер үшін В15-тен, ал тұтасқұйма ростверктер үшін В12,5-тен кем емес ауыр бетоннан жобалау керек. Әуелік электрберіліс желілерінің үлкен өтпелеріндегі бағандардың құрама ростверктерінде бетонның класын В22.5, ал тұтасқұйма ростверктерінде В15 етіп қабылдау керек. Көпір тіректерінің қадаларында және қадалардың ростверктерінде бетонның класы ҚНжЕ 2.05.03-84* бойынша, ал гидротехникалық имараттарда ҚНжЕ 2.06.08-87 талаптарына сәйкес тағайындау керек. 2.8. Қадалардың ростверктеріндегі стаканда темірбетон ұстындарды және құрама таспалы ростверктерде қадалардың баулығын құйып бекітуге арналған бетонды ҚНжЕ 2.03.01-84* бойынша, құрама құрылымдардың түйіскен жерлерін бекітуге қолданылатын бетонға қойылатын талаптарды сақтай отырып, класын В12,5-тен төмен емес етіп қабылдау керек. Ескерту: Көпірлерді және гидротехникалық имараттарды жобалау кезінде қадалы іргетастардың құрама элементтерін құйып бекітуге арналған бетонның класы, құрама элементтерді біріктіретін бетонның класымен салыстырғанда бір саты жоғары болуы тиіс. 2.9. Қадалардағы және қадалардың ростверктеріндегі бетонның аязға төзімділігі және суөткізбеушілігі бойынша маркасын МСТ 19804-91, ҚНжЕ 2.03.01-84*, ал көпірлер мен гидротехникалық имараттарда ҚНжЕ 2.05.03-84* және ҚНжЕ 2.06.08-87 талаптарын басшылыққа ала отырып тағайындау керек. 2.10. Ағаш қадалар МСТ 9463-88* талаптарына сәйкес, ұзындығы 6,5 және 8,5 м, ал диаметрі 22-34 см болатын қылқан жапырақты ағаштардың (қарағай, шырша балқарағай, май қарағай) бөренелерінен дайындалуы тиіс. Қада дайындалатын бөрене қабығы аршылып, бұлтықтардан және көздерден тазартылуы тиіс. Бөрененің табиғи конустығы сақталады. Пакетті қадалардың көлденең қимасының және ұзындығының өлшемдері, құрылымы есептеулер нәтижесінде және жобаланатын объектінің ерекшеліктеріне сәйкес қабылданады. Ескерту: Ағаш қадаларда ұзындығы 8,5 м-ден үлкен бөренелерді қолдануға, тек қадаларды дайындайтын кәсіпорынның келісімімен ғана рұқсат етіледі. 2.11. Ағаш қадаларда және пакетті қадаларда ұзындығы бойынша түйістірілетін бөренелер мен сырғауылдарды бір-біріне тақап орналастырып, түйіскен жерлерін металл бастырманың немесе келтек құбырдың көмегімен жабады. Пакетті қадалардағы түйісулер бір-бірінен 1,5 м-ден кем емес қашықтықта, жоғары-төмен орналасуы тиіс. 3. ЕСЕПТЕУ ЖӨНIНДЕГI НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛАР 3.1. Қадалы іргетастарды және олардың негіздерін есептеу, келесі шекті күйлер бойынша орындалуы тиіс: а) бірінші топтағы: қаданың және қаданың ростверкінің материалдарының беріктігі бойынша (3.6 тармағын қара); қаданың негізіндегі топырақтың көтергіштік қабылеті бойынша (3.10 тармағын қара); егер қадалы іргетастарға көлденең бағытталған едәуір жүктемелер (тіреуіш қабырғадан, керме құрылымдарының іргетастарынан және де басқалардан) берілсе не болмаса олардың негізі құламалармен шектелген немесе топырақ тікқұлама қабаттардан құралған болса, онда негіздің көтергіштік қабылеті бойынша (3.13 тармағын қара); б) екінші топтағы: қадалардың және қадалы іргетастардың вертикаль жүктемелерден шөгуі бойынша (3.15 тармағын және 6-тарауды қара); горизонталь жүктемелердің және моменттердің (ұсынылған 1-қосымшаны қара) әсерінен қадалардың негіздегі топырақтармен бірге (көлденең бағытта up, қаданың басының бұрылу бұрышы yp) жылжуы бойынша; қадалы іргетастардың темірбетон құрылымдарының элементтерінде жарықтардың пайда болуы және ашылуы бойынша (3.6 тармағын қара). 3.2. Қадалы іргетастарды есептеу кезінде ескерілетін жүктемелер мен әсерлерді, жүктеме бойынша сенімділік коэффициентін, сонымен қатар жүктемелердің мүмкін болатын тіркестерін ҚНжЕ 2.01.07-85* талаптарына сай және ҚР ҚНжЕ 5.01-01-2002 нұсқауларын есепке ала отырып қабылдау керек. Жүктемелердің мәндерін ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі Уәкілетті органы бекіткен «Құрылымдарды жобалау кезінде ғимараттар мен имараттардың жауапкершілік дәрежесін есепке алу ережесіне» сәйкес қабылданатын, белгілеу жөніндегі сенімділік коэффициентіне көбейту керек. 3.3. Қадаларды, қадалы іргетастарды және олардың негіздерін көтергіштік қабылеті бойынша есептеуді жүктемелердің негізгі және айрықша тіркестерінде, ал деформация бойынша есептеуді жүктемелердің негізгі тіркестерінде орындайды. 3.4. Көпірлердің және гидротехникалық ғимараттардың қадалы іргетастарын есептеу кезінде жүктемелерді, әсерлерді, олардың тіркестерін және жүктеме бойынша сенімділік коэффициентін ҚНжЕ 2.05.03-84* және ҚНжЕ 2.06.08-87 талаптарына сәйкес қабылдау керек. 3.5. Қадалардағы, қадалы іргетастардағы және олардың негізіндегі барлық есептеулерді топырақтар мен материалдардың сипаттамаларының есептік мәндерін пайдаланып шығару керек. Қадаларда және қада ростверктерінде қолданылатын материалдар сипаттамасының есептік мәндерін ҚНжЕ 2.03.01-84*, ҚНжЕ II-23-81*, ҚнжЕ II -25-80, ҚНжЕ 2.05.03-84* и ҚНжЕ 2.06.08-87 талаптарына сай қабылдау керек. Топырақтар сипаттамасының есептік мәндері ҚР ҚНжЕ 5.01-01-2002 нұсқаулары арқылы анықталады, ал қаданы қоршап тұрған топырақтың төселім коэффициентінің cZ есептік мәндері 1-қосымшада ұсынылған нұсқаулар бойынша қабылданады. Қадалардың төменгі жағында R және бүйір жақтарында fi орналасқан топырақтың есептік кедергісін 4-тараудың нұсқаулары бойынша анықтау керек. 5-тараудың талаптарына сәйкес жүргізілген даладағы зерттеулердің нәтижелері бар болған жағдайда, қадалардың негізіндегі топырақтың көтергіштік қабылетін, — топырақты статикалық зондтау, топырақты эталон қадалармен сынау немесе қадаларды динамикалық сынау барысында алынған мәліметтерді ескере отырып анықтау керек. Егер қадаларды сынау статикалық жүктемелермен жүргізілген болса, онда қадалардың негізіндегі топырақтың көтергіштік қабылетін осы сынақтардың нәтижелері бойынша қабылдау керек. 3.6. Қадалар мен қада ростверктері материалдарын беріктігі бойынша есептеулер ҚНжЕ 2.03.01-84*, ҚНжЕ II-23-81*, ҚНжЕII-25-80 талаптарына сәйкес, ал көпірлер мен гидротехникалық имараттарда — ҚНжЕ 2.05.03-84*, ҚНжЕ 2.06.08-87 және 3.5, 3.7, 3.8 тармақтарындағы, сонымен қатар 1-қосымшада берілген шарттарды ескере отырып жүргізілуі тиіс. Қадалы іргетастардың темірбетон құрылымының элементтерін жарықтардың пайда болуына және ашылуына есептеуді ҚНжЕ 2.03.01-84*, ал көпірлер үшін — ҚНжЕ2.05.03-84*, гидротехникалық имараттар үшін — ҚНжЕ 2.06.08-87 талаптарына сәйкес жүргізу керек. 3.7. Қадалардың барлық түрлерін материалының беріктігі бойынша есептегенде, қаданы топырақта қатты қысып ұсталып, ростверктің табанынан қашықтықта орналасқан шыбық ретінде қарастыру қажет, ал келесі формуламен анықталады: , (1) мұндағы — биік ростверктің табанынан топырақтың жайғастыру деңгейіне дейінгі қада бөлігінің ұзындығы, м; — 1-қосымша бойынша анықталатын деформация коэффициенті, 1/м. Егер тассыз топырақ қабатын тесіп өтіп, тасты топыраққа бекітілген бұрғылы және қабыршақ қадалар үшін болған жағдайда, (мұндағы h — ростверктің табаны топырақтан жоғары орналасқан биік ростверктерде, — қаданың немесе қабыршақ қаданың төменгі ұшынан топырақты жайғастыру деңгейіне дейін, ал ростверктің табаны қатты сығылмайтын тассыз топырақта не оған кіріп орналасқан төмен ростверктерде, — қаданың немесе қабыршақ қаданың төменгі ұшынан ростверктің табанына дейінгі есептелінетін батырылу тереңдігі, м) тең етіп қабылдау керек. Деформация модулі Е = 5000 кПа (50 кгс/см2) тең және одан аз қатты сығылатын топырақты тесіп өтетін бұрғы инъекциялы қаданың материалын беріктікке есептеу кезінде, қаданың бойлық иілуіндегі есептік ұзындығын l d қаданың диаметріне d байланысты келесі шамаларға тең етіп қабылдау керек: Е = 500-2000 кПа (5-20 кгс/см2) тең болғанда l d = 25 d; Е = 2000-5000 кПа (20-50 кгс/см2) тең болғанда l d = 15 d. Егер l d қатты сығылатын топырақтың қалыңдығынан , үлкен болса, онда есептік ұзындықты тең етіп қабылдау керек.
Дата добавления: 2014-11-09; Просмотров: 1439; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |