Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Жалпы ережелер 2 страница




3.8. Құйма және бұрғылы қадаларды (діңгек және бұрғы түсірмелі қадалардан басқа) материа­лының беріктігі бойынша есептегенде бетонның есептік кедергісін ҚНжЕ 2.03.01-84* нұсқауларына сәйкес, жұмыс жағдайы коэффициентін = 0,85 және қада орнату жұмыстарын жүргізу әдісінің ықпалын ескеретін жұмыс жағдайы коэффициентін есепке ала отырып қабылдау керек:

а) құрылыс жұмыстары кезінде жерасты сулары­ның деңгейі қаданың өкшесінен төмен шаңды–балшықты топырақта қабырғаларын бекітпей ұңғыма бұрғылап және оны құрғақ түрде бетондауға мүмкіндік болса, онда = 1,0;

б) топырақта құрғақ түрде ұңғыма бұрғылауға және оны бетондауға қайта шығарылып алынатын құбыр қолданылса, онда = 0,9;

в) топырақта су болған жағдайда ұңғыма бұрғылауға және оны бетондауға қайта шығарылып алынатын құбыр қолданылса, онда = 0,8;

г) топырақта ұңғыма бұрғылауға, оның қабырға­ларын бекітуге және бетондауға балшықты ерітінді немесе судың артық қысымы пайдаланылса (шығарып алынатын құбырды қолданбай), онда =0,7.

Ескерту: Судың астында немесе балшықты ерітін­дінің астында бетондауды тек қана вертикаль жылжитын құбырлар (ВЖҚ) әдісімен немесе бетон сорғының көмегімен жүргізу керек.

3.9. Қадалардың барлық тү­рлерінің құрылым­дарын есептеулерді оларға ғимараттар мен имарат­тардан берілетін ж­үктеменің әсеріне, ал қағылмалы қадаларда, сонымен қатар оларды дайындау, жинау, тасымалдау және қадаланың басынан 0,3 l (мұндағы l — қадаланың ұзындығы) қашықтықтағы бір ғана нүктеден коперге көтергенде өз салмағынан пайда болатын күштерге жүргізу керек.

Қадада өз салмағыныңың әсерінен пайда бо­латын күшті беріктігі бойынша есептеу кезінде 1,5-ке, ал жарықтардың пайда болуына және ашылуына есептеу кезінде 1,25-ке тең етіп қабылданатын дина­микалық коэффициентті есепке ала отырып анықтау керек.

Бұл жағдайда қаданың өз салмағының жү­ктемесі бойынша сенімділік коэффициенті бірге тең етіп қабылданады.

3.10. Iргетас құрамындағы немесе одан бөлек жеке қаданы негіз топырағының көтергіштік қабылеті бойынша есептеуді келесі жағдайға сүйене отырып жүргізу керек:

,(2)

мұндағы N 3.11 пункттің нұсқауларына сәйкес анықталып, қадаға берілетін (қадада есептік жүкте­мелерден пайда болып, іргетасқа неғұрлым қолайсыз тіркесте әсер ететін) есептік жүктеме;

Fd жеке қаданың негізіндегі топырақтың есептік көтергіштік қабылеті, мұнан былай қаданың көтер­гіштік қабылеті деп аталып, 4-ші және 5-ші тарау­лардың нұсқауларына сәйкес анықталады.

Сенімділік коэффициенті төмендегі сандар­ға тең етіп алынады:

егер қаданың көтергіштік қабылеті далада статикалық жүктемелермен жүргізілген сынақ нәти­желері бойынша анықталған болса, онда 1,2-ге тең;

егер қаданың көтергіштік қабылеті, топырақты статикалық зондтау немесе топырақтың серпімділік деформациясын есепке ала отырып жүргізілген қадаларды динамикалық сынау нәтижелері бойын­ша, сондай-ақ топырақта эталон қада немесе зонд қада арқылы далада жүргізілген сынақ нәтижелері бойынша есептелген болса, онда 1,25-ке тең;

егер қаданың көтергіштік қабылеті, топырақтың серпімділік деформациясы ескерілмеген қадаларды динамикалық сынау нәтижелері бойынша есептелген болса, онда 1,4-ке тең;

көпір тіректерінің төмен ростверкті іргетас­тарын­да, аспалы және тіреуіш қадаларда, қадалардың іргетастардағы санына байланыссыз сығушы жүкте­мені қабылдайтын биік ростверкті тіреуіш қадаларда 1,4 (1,25)*-ке;

табаны қатты сығылатын топыраққа тірелетін биік және төмен ростверктерде, сығушы жүктемені қабылдайтын аспалы қадаларда, және де ростверк­тің түріне байланыссыз жұлып алушы жүктемені қабылдайтын аспалы және тіреуіш қадаларда коэф­фициентінің мәні іргетастағы қадалардың санына байланысты қабылданады:

қада саны 21-ге тең не одан көп болғанда 1,4 (1,25)

қада саны 11-ден 20-ға дейін болғанда 1,55 (1,4)

қада саны 6-ден 10-ға дейін болғанда 1,65 (1,5)

қада саны 1-ден 5-ке дейін болғанда 1,75 (1,6)

ұстынның астындағы бір қадалы іргетастар үшін қимасы шаршы түріндегі қағылмалы қадаға келетін ж­үктеменің мөлшері 600 кН (60 тс)-нан үлкен, және құйма қадаға келетін жүктеменің мөлшері 2500 кН (250 тс)-нан үлкен болған жағдайда коэффи­циентінің мәнін, егер қадалардың көтергіштік қабы­леті статикалық жүктемелермен жүргізілген сынақ нәтижелері бойынша анықталған болса 1,4-ке тең етіп, ал қадалардың көтергіштік қабылеті басқа әдістермен анықталғанда 1,6-ға тең етіп қабылдау керек;

шекті шөгуі 30 см және одан үлкен қатты имараттың тұтас қадалар алаңы үшін (қадалардың саны 100-ден көп болғанда), егер қадалардың көтер­гіштік қабылеті статикалық сынақтардың нәтижелері арқылы анықталғанда коэффициен­тінің мәнін бірге тең етіп алады.

Ескерту:

1. Қадалардың барлық тү­рлерін жаншушы және жұлушы жү­ктемелерге есептегенде, қадаларда есептік жүктемеден N пайда болатын бойлық күштерді, қадалардың өз салмағын жүктеме бойынша сенімділік коэффициентіне көбейту арқылы анықтау керек.

2. Егер қадалы іргетастарды есептеу кезінде желден және краннан берілетін жүктемелер ескерілген болса, онда шеткі қадаларға келетін есептік жүктемелерді 20 %-ке (электрберіліс желілері бағандарының іргетастарынан басқа) көбейтуге рұқсат етіледі.

 

Егер көпір тіректерінің іргетасындағы қадалар сыртқы жүктемелердің әсер ету бағытында бір немесе бірнеше қатарлардан құралса, онда көбірек жүктелген қадаға тежеуден, желдің қысымынан, мұздан және кемелердің салмағынан берілетін жүктемелерді есепке алатын кезде есептік жүктемені, бір қатарда 4 қада болғанда 10 %-ке және қадалар саны 8 не одан көп болғанда 20 %-ке көбейтуге рұқсат етіледі. Қадалардың осы аралықтағы басқа сандарында, есептік жүктемені көбейту пайызы интерполяциямен анықталады.

 

* Жақшаның ішінде қадалардың көтергіштік қа­бы­летін далада статикалық жүктемелермен жүр­гізілген сынақ нәти­желері бойынша анықта­ғандағы немесе топырақты статика­лық зондтау нәтижелері арқылы есептегендегі коэффи­циентінің мәндері бе­ріл­ген.

3.11. Қадаға келетін есептік жүктемені N, кН (тс) анықтау үшін іргетасты, июші моменттерді, вер­тикаль және горизонталь жүктемелерді қабылдайтын жақтаулық құрылым ретінде қарастыру керек.

Вертикаль қадалы іргетастардағы қадаға келетін есептік жүктемені келесі формула арқылы анықтауға рұқсат етіледі:

, (3)

мұндағы Nd — есептік сығушы күш, кН (тc);

Mx, My —ростверктің табан жазықтығындағы қадалар жоспарындағы басты орталық х және у осьтеріне салыстырмалы түрде анықталатын, есептік июші моменттер, кН×м (тc×м);

n — іргетастағы қадалардың саны;

xi, yi— басты осьтерден әрбір қаданың осьтеріне дейінгі ара қашықтық, м.

х, у — басты осьтерден, есептік жүктемесі есептелінетін әрбір қаданың осьтеріне дейінгі ара қашықтық, м.

3.12. Біркелкі көлденең қимадағы вертикаль қадалы іргетастарға әсер ететін горизонталь жүк­темені, қадаларға бірдей бөлінген деп қабылдауға рұқсат етіледі.

3.13. Қадалы іргетастардың және олардың негізінің орнықтылығын ҚР ҚНжЕ 5.02-02-2002 талап­тарына сәйкес, сонымен қатар топырақтың қозға­латын бөлігіне түсірілген, қадалардан пайда болатын қосымша көлденең бағыттағы реакцияны есепке ала отырып тексереді.

3.14 Негізі ісінетін топырақтардан тұратын қада­лар мен қадалы іргетастарды материалының беріктігі бойынша есептеп және аязды ісіну күштері әсер еткендегі іргетастардың орнықтылығына тексеру керек.

3.15. Қадалар мен қадалы іргетастарды дефор­мация бойынша есептеуді келесі жағдайды ескере отырып жүргізу керек:

, (4)

мұндағы s 3,3, 3,4 пункттердің, 6-бөлімнің және ұсынылған 1-қосымшаның нұсқаулары бойынша есеп­телген қадалардың, қадалы іргетастардың және имараттардың біріккен деформациясы (шөгуі, жыл­жуы, қадалардың және қадалы іргетастардың отыруының салыстырмалы айырмашылығы және тағы басқалар);

— ҚР ҚНжЕ 5.01-01-2002, ал көпірлер үшін ҚНжЕ 2.05.03-84* нұсқаулары бойынша бекітілетін қадалардың, қадалы іргетастардың және имараттардың біріккен деформациясының шекті мәні.

4. ҚАДАЛАРДЫҢ КӨТЕРГIШТIК ҚАБЫЛЕТIН ЕСЕПТЕУ

Тiреуiш қадалар

 

4.1. Тасты топырақтарға тірелетін қағылмалы, қабыршақ, құйма және бұрғылы қадалардың, сонымен қатар аз сығылатын топырақтарға тірелетін қағылмалы қадалардың көтергіштік қабылетін , кН (тc), келесі формуламен анықтау керек:

, (5)

мұндағы қадалардың топырақтағы жұмыс жағдайының коэффициенті, етіп қабылданады;

A — қадалардың топыраққа тірелу ауданы м2, тұтас қималы қадаларда көлденең қимасының ауданына тең етіп,ал дөңгелек қималы қуыс немесе қабыршақ қадаларда — іші бетонмен толтырылмаса, көлденең қимасының нетто ауданына және іші бетонмен диаметрінен үш есе үлкен биіктікте толтырылса, көлденең қимасының брутто ауданына тең етіп қабылданады.

Тіреуіш қадалардың ұшынан төмен жатқан топырақтың есептік кедергісі R, кПа (тс/м2):

а) тасты және аз сығылатын топырақтарға тірелетін барлық қағылмалы қадалар үшін, R = 20 000 кПа (2000 тс/м2);

б) үгітілмеген тасты топырақта 0,5 м-ден аз емес тереңдікте бекітілген және бетонмен толтырылған құйма және бұрғылы қадалар, сонымен қатар қабыршақ қадалар үшін мына формуламен анықталады:

, (6)

мұндағы сумен қаныққан тасты топы­рақтың бір осьтік қысу кезіндегі беріктік шегінің нормативтік мәні, кПа (тс/м2);

топырақ бойынша сенімділік коэффиц­иен­ті, = 1,4;

l d құйма және бұрғылы, сонымен қатар қабыр­шақ қадалардың тасты топырақта бекітілу тереңдігі, м;

df құйма және бұрғылы, сонымен қатар қабыршақ қадалардың тасты топырақта бекітілген бөлігінің сыртқы диаметрі, м;

в) беті жуылмайтын тассыз топырақ қабатымен жабылған, қалыңдығы қабыршақ қадалардың үш диаметрінен аз емес үгітілмеген тасты топыраққа біртегіс тірелген қабыршақ қадалар үшін келесі формуламен анықталады:

(7)

мұндағы , 6-шы формуладан қара.

Ескерту: Егер құйма және бұрғылы, сонымен қатар қабыршақ қадалардың негізінде мүжілген, сонымен қатар жұмсартылған тасты топырақтар болса, онда олардың бір осьтік қысу кезіндегі беріктік шегін штамптармен сынау нәтижелері немесе қадалар мен қабыршақ қадаларды статикалық жүктемелермен сынау нәтижелері бойынша қабылдау керек.


Топырақты шығармай батырылатын аспалы қағылмалы қадалардың барлық түрлерi және қабыршақ қадалар

 

4.2. Сығушы жүктемеге жұмыс істейтін, топы­рақты шығармай батырылатын аспалы қағылмалы қаданың және қабыршақ қаданың көтергіштік қабы­летін Fd, кН (тс), қадалардың ұшынан төмен және оның бүйір жақтарында орналасқан негіз топырақ­тарының есептік кедергі күштерінің қосындысы ретінде анықтау керек:

 

(8)

 

мұндағы gС қаданың топырақтағы жұмыс жағдайының коэффициенті, gC = 1;

R 1-кесте арқылы қабылданатын, қадалар­дың ұшынан төмен орналасқан топырақтың есептік кедергісі, кПа (тс/м2);

A қадалардың топыраққа тірелу ауданы м2, қадалардың көлденең қимасының брутто ауданы бойынша немесе камуфлетті кеңейтілген көлденең қиманың ең үлкен диаметріндегі ауданы бойынша немесе қабыршақ қаданың нетто ауданы бойынша қабылданады;

u қадалардың көлденең қимасының сыртқы периметрі, м;

fi 2-кесте бойынша қабылданатын, қадалардың бүйір жақ негізіндегі топырақтардың і-қабатының есептік кедергісі, кПа (тс/м2),

hi қадалардың бүйір жақ беттерімен жана­сатын топырақтардың 1-қабатының қалыңдығы, м;

gcR, gcf қадаларды батыру әдісінің топырақтың есептік кедергісіне тигізетін әсерін ескеретін және 3-кесте бойынша қабылданатын, қадалардың ұшынан төмен және бүйір жақ беттерінде орналасқан топырақтардың жұмыс жағдайы коэффициенттері.

8-ші формулада топырақтың қада өткен барлық қабатының кедергілерін, ал егер жобамен аумақты қырып жайғастыру немесе топырақтың шайылу мүм­кіндігі қарастырылған жағдайда, жайғастыру деңгейі­нен және есептік су тасқыны кезінде шайылған су қоймасының түбінен төмен орналасқан топырақтың барлық қабатының кедергілерін қосу керек.

 


 

 


1-кесте

Қаданың ұшының батырылу тереңдігі, м Топырақты шығармай батырылатын қағылмалы қаданың және қабыршақ қаданың ұшынан төмен орналасқан топырақтардың есептік кедергісі, R, кПа (тс/м2 )
тығыздығы орташа құмды топырақтардың
малтатасты ірі Орташа іріліктегі ұсақ шаңдақ
аққыштық көрсеткіші IL төмендегі сандарға тең шаңды-балшықты топырақтарда
  0,1 0,2 0,3 0,4 0,5 0,6
  7500 (750) 3000 (300) 1100 (110) 600 (60)
  8300 (830) 3800 (380) 1250 (125) 700 (70)
  8800 (880) 4000 (400) 1300(130) 800 (80)
  9700 (970) 4300 (430) 1400 (140) 850 (85)
  10500(1050) 5000 (500) 1500 (150) 900 (900)
  11700(1170) 5600 (560) 2900 (290) 1650(165) 1000 (100)
  12600 (1260) 8500 (850) 6200 (620) 3200 (320) 1800 (180) 1100(110)
  13400 (1340) 9000 (900) 6800 (680) 5200 (520) 3500 (350) 1950 (195) 1200 (120)
  14 200 (1420) 9500 (950) 7400 (740) 5600 (560) 3800 (380) 2100 (210) 1300 (130)
  15000(1500) 10000(1000) 8000 (800) 6000 (600) 4100 (410) 2250 (225) 1400 (140)

 


Ескерту:

1. Сызықтың үстінде R мәндері құмды топы­рақтарға, ал сызықтың астында шаңды-балшықты топырақтарға берілген.

2. 1-ші және 2-кестедегі қадалардың ұшының баты­рылу тереңдігін және топырақ қабатының орташа орна­ласу тереңдігін аумақты 3 м-ге дейін қырып, толтырып, шайылыммен жайғастырғанда табиғи рельефтің деңгейі­нен қабылдау керек, ал егер 3 м-ден 10 м-ге дейін қырып, толтырып, шайылыммен жайғастырғанда - қыру деңгейі­нен 3 м жоғары немесе толтыру деңгейінен 3 м төмен орналасқан шартты белгіден бастап қабылданады.

Су қоймасында қадалардың ұшының батырылу тереңдігін және топырақ қабатының орташа орналасу тереңдігін - су қоймасының тү­бінің есептік су тасқыны кезінде шайылғаннан кейінгі деңгейінен бастап, ал батпақты жерлерде – батпақтың түбінің деңгейінен бастап қабылдау керек.

Тереңдігі 6 м-ге дейінгі шұңқырлардың үстінен өтетін жол өтпелерін жобалау кезінде, сумен шаймай немесе алдын-ала ұңғыма қазылмай қағылатын қадалар үшін, 1-кестедегі қаданың ұшының топы­раққа батырылу тереңдігін іргетастар салынатын жердің табиғи рельеф деңгейінен бастап қабылдау керек.

Тереңдігі 6 м-ден үлкен шұңқырларда қаданың ұшы­ның топыраққа батырылу тереңдігін, тереңдігі 6 м-лік шұңқырлардағыдай етіп қабылдау керек.

3. Қадалардың батырылу тереңдігінің және шаң­ды-балшықты топырақтардың аққыштық көрсеткіш­терінің ара­лық мәндерінде, 1-ші және 2-кестедегі R және fi көрсеткіштері интерполяция арқылы анық­талады.

4. Тығыздық дәрежесі статикалық зондтау мәлі­меттері бойынша анықталған тығыз құмды топы­рақтар үшін, 1-кестеде берілген сумен шаймай немесе алдын-ала ұңғыма қазылмай қағылатын қадаларға арналған R мәнін 100 %-ке көбейту керек. Топырақтың тығыздық дәрежесін инженерлік ізденістердің басқа түрлерінің мәліметтері бойынша анық­тағанда және статикалық зондтау мәліметтері болмаған жағдайда, тығыз құмдар үшін 1-кестедегі R мәнін 20 000 кПа (2000 тс/м2)-дан аспайтындай етіп, 60 %-ке көбейту керек.

5. 1-кестедегі есептік кедергінің R мәндерін, егер шайылмайтын және қырылмайтын топырақтарға көпірлер­дің және гидротехникалық имараттардың қадалары 4,0 м ден кем емес, ал басқа ғимараттар мен имараттардың қадалары 3,0 м-ден кем емес қашықтыққа тереңдетілген жағдайда пайдалануға рұқсат етіледі.

6. Бір қабатты өндірістік ғимараттардың ішкі ара қабырғаларының іргетастары ретінде пайдаланы­латын, көлденең қимасы 0,15х0,15 м және одан кіші қағылмалы қадалардың ұшынан төмен орналасқан қабаттың есептік кедергілерінің R мәндерін, 20 %-ке көбейтуге рұқсат етіледі.

7. Илемділік саны lp £ 4 және кеуектілік коэффициенті е<0,8 құмайттың есептік кедергілерін R және fi, тығыздығы орташа шаңдақ құмдардағыдай етіп анықтау керек.

 

 



2-кесте

Топырақ қабатының орташа орналасу тереңдігі, м Қағылмалы және қабыршақ қадалардың бүйір жақтарындағы есептік кедергілер fi, кПа (тс/м2)
тығыздығы орташа құмды топырақтардың
ірі және орташа іріліктегі ұсақ шаңдақ
аққыштық көрсеткіші IL төмендегі сандарға тең шаңды-балшықты топырақтарда
0,2 0,3 0,4 0,5 0,6 0,7 0,8 0,9 1,0
  35 (3,5) 23 (2,3) 15 (1,5) 12 (1,2) 8 (0,8) 4 (0,4) 4 (0,4) 3 (0,3) 2 (0,2)
  42 (4,2) 30 (3,0) 21 (2,1) 17 (1,7) 12 (1,2) 7 (0,7) 5 (0,5) 4 (0,4) 4 (0,4)
  48 (4,8) 35 (3,5) 25 (2,5) 20 (2,0) 14 (1,4) 8 (0,8) 7 (0,7) 6 (0,6) 5 (0,5)
  53 (5,3) 38 (3,8) 27 (2,7) 22 (2,2) 16 (1,6) 9 (0,9) 8 (0,8) 7 (0,7) 5 (0,5)
  56 (5,6) 40 (4,0) 29 (2,9) 24 (2,4) 17 (1,7) 10 (1,0) 8 (0,8) 7 (0,7) 6 (0,6)
  58 (5,8) 42 (4,2) 31 (3,1) 25 (2,5) 18 (1,8) 10 (1,0) 8 (0,8) 7 (0,7) 6 (0,6)
  62 (6,2) 44 (4,4) 33 (3,3) 26 (2,6) 19 (1,9) 10 (1,0) 8 (0,8) 7 (0,7) 6 (0,6)
  65 (6,5) 46 (4,6) 34 (3,4) 27 (2,7) 19 (1,9) 10 (1,0) 8 (0,8) 7 (0,7) 6 (0,6)
  72 (7,2) 51 (5,1) 38 (3,8) 28 (2,8) 20 (2,0) 11 (1,1) 8 (0,8) 7 (0,7) 6 (0,6)
  79 (7,9) 56 (5,6) 41 (4,1) 30 (3,0) 20 (2,0) 12 (1,2) 8 (0,8) 7 (0,7) 6 (0,6)
  86 (8,6) 61 (6,1) 44 (4,4) 32 (3,2) 20 (2,0) 12 (1,2) 8 (0,8) 7 (0,7) 6 (0,6)
  93 (9,3) 66 (6,6) 47 (4,7) 34 (3,4) 21 (2,1) 12 (1,2) 9 (0,9) 8 (0,8) 7 (0,7)
  100 (10,0) 70 (7,0) 50 (5,0) 36 (3,6) 22 (2,2) 13 (1,3) 9 (0,9) 8 (0,8) 7 (0,7)

Ескерту:




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-09; Просмотров: 870; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.065 сек.