Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Аппаратуру, необходимую для измерения указанных пара­метров дизель-генераторов, выбирают исходя из точности целей испытаний и условий их применения. 2 страница




мұнда: h =

Аудару сәті теріс таңбалы айналым сәтіне дәлме дәл тең болады:

Қозғалтқыш тіректеріне кері аудару сәтінің әсерінің нәтижесінде оларда оған тең және қарама қарсы таңбалы реактивті сәт пайда болады. Суретте көрсетілген айналым сәтінің бағыты оң таңбалы, оларға кері сәт теріс таңбалы деп қабылданған.

Қисық мойын айналым бұрышына байланысты цилиндрдегі газдар қысымының Ринд өзгеру тәуелділігі индикаторлық диаграммамен беріледі.

 

Динамикалық күштерді есептеу.

 

Тура жүрісті массалардың меншікті инерция күштері МПа‑мен келесі теңдеу бойынша анықталады:

 

мұнда: - тұрақты коэффициент;

М - тура жүрісті бөлшектер массасы;

FП = (D –цилиндр диаметрі, м) – піспек ауданы;,м2;

j - бұрышына піспек үдеуінің тәуелділігі.

М массасына тура жүріске қатысты піспек тобының массасы МП (піспек, төлке, саусақша, піспек сақиналары және т.б.) және шатун массасының бәр бөлігі МШП, жатады, яғни

М = МП + МШП

Шатун массасын екі бөлікке бөлеміз. Соның бірі МШП піспек саусақшасының өсіне жинақталған және тура жүрісті бөлшектерге жатқызамыз, ал екіншісін МШВ қисық мойында жинақталған және айналымды бөлшектерге жатқызамыз. Массаларды тең әсер етуші күштердің бөліну ережелеріне сәйкес екі параллель күштерге бөлеміз:

МШП = МШ ; МШВ = МШ .

мұнда: L – шатун ұзындығы (шатун жоғарғы басының орталығымен төменгі басының орталығы арасындағы арақашықтық);

lС – шатунның ауырлық ортасынан қисық мойын басының ортасына дейінгі арақашықтық.

Жуықтап алынған есептер үшін қабылдауға болады

,

 

13. Дәріс.

Тақырып: – Пайдаланудағы ЭҚ жұмыс тәртіптері.

Мазмұны: ІЖҚ жұмысының сипаттамасы. Номинальдық емес және бос жүрісті тәртіптерде ЭҚ жұмыс ерекшеліктері.

Қозғалтқыштардың сипаттамасы депқозғалтқыштың жұмысын сипаттайтын шамалардың оның жұмыс тәртібін анықтайтын көрсеткіштерге тәуелділігі аталады. Шамалардың түрлеріне байланысты қуаттың, меншікті жанармай шығынының, п.ә.к., өңделген газдар температурасының және т.б. сипаттамаларын қарастыруға болады. Қозғалтқыштың жұмыс тәртібін анықтайтын көрсеткіштер, бұл – иінді біліктің айналым жиілігі және жанармай сорғысының таяқшасы, яғни реттегіш орган орнымен анықталатын циклге берілетін жанармай. Қозғалтқыш жұмысының сипаттамаларының келесі түрлері бар (Сур.):

 

 

Сур. ІЖҚ жұмысының сипаттамалары: 1 жүктемелік; 2 — сыртқы; 3 — тепловоздық (генераторлық); 4 — реттегіштік.

а) иінді біліктіктің тұрақты айналымында және өзгермелі жүктемеде (тиімді қуат) — жүктемелік сипаттамалар.

б) қозғалтқыштың номинальық (максимальды) қуат тәртібіне сәйкес, жанармайдың

тұрақты максимальдық циклдік берілісінде‑ сыртқы сипаттама;

в) генератордың берілген сұлбасына келтірілген қуаттың айналым жиілігіне

байланысты өзгеру заңы тепловоздық (генераторлық) сипаттама;

г) гидромеханикалық беріліс жүйесіндегі — тепловоздық сипаттама, бірақ айналым

жиілігін төмендетумен қуаттың еңістеніп құлауы бар.

д) иінді біліктің барлық айналым жиіліктері үшін меншікті тиімді жанармай

шығынының минимальдық мәндерінде – экономикалық сипаттама.

е) ЦПТ бөлшектерінің рұқсат етілген максимальдық температурасында (негізінен

піспек түбінің өте қызған нүктесі) ‑ шектік сипаттама.

Берілген сипаттамалар пайдаланудың жалпы уақытының көрнікті бөлігіне (ортасына) дейін сәйкес келетін қозғалтқыш жұмысының көмекші тәртіптерін (бос жүріс тәртібі) сипаттамайды. Тепловоз дизельдерінің іске қосу тәртіптерінеде көңіл бөлу керек, себебі тепловоздарды секциялап бөлуде бөлек дизельдерді сөндіру қажеттілігі туады, ол іске қосу және тоқтау санының көбеюіне алып келеді.

Номинальдық емес және бос жүріс тәртіптерінде ЭҚ жұмысының ерекшеліктері.

Дизельдің цилиндр‑піспек тобының бөлшектерінің жұмысының жоғары орташа пайдалану тиімділігі және сенімділігі, көбіне дизельдің және ауамен қамтамассыз ету жүйесінің агрегаттарының сипаттамаларынссәйкестендірумен анықталады.

Өлшегіштегі Вч жанармай шығыны тепловозбен дизельдің жылу техникалық сапасына ғана тәуелді емес, сонымен бірге тасмалдау жағдайына да байланысты, мысалға поездың жылдамдығына, оның массасына және басқа көптеген факторларға тәуелді, бұлар пайдалануда тепловоздың бірдей жұмыстарды жасаудағы дизель жұмысының көлемінің көбейуін немесе төмендеуін анықтайды, соған байланысты өлшегіштегі Вч жанармай шығынының жоғарлауына немесе төмендеуіне әсер етеді.

Сараптауды жасауда бос жүріс тәртібі қозғалыс және тоқтау уақытында көмекші қондырғылар тартымын қамтамассыз ету үшін қажетті пайдаланудағы көмекші тәртіп есебінде қарастырылады. Иінді біліктің минимальдық айналым жиілігінде бос жүріс тәртібіне жұмсалатын орташапайдалану қуаты, мысалға 10Д100 дизелі үшін 30—40 кВт құрайды.

Тепловоздың пайдалану п.ә.к. біршама төмендету, тартым тәртібіндегі көмекші қондырғылар тартымы үшін жасалған дизельдің жұмысын анықтайды. Бұл жағдайдағы жанармай шығыны осы жұмысқа жұмсалған шығынмен негізделеді. Сонымен бірге дизельдің орташапайдалану п.ә.к. анықтауда, тек қана барлық тәртіптердегі gei—geном айырмашылығына шығындалған жанармай ғана есепке алынады және де әр тәртіпте, gei—geном паспорттық шамасының әсерінен, тартым тәртібінде дизельдің экономикалық тиімділігі азғана төмендейтінін атап өту керек, бұл 2ТЭ10 тепловозының тепловоздық сипаттамасында меншікті жанармай шығынының қисық сызығының дөңестенуімен көрсетілген.

14. Дәріс.

 

Тақырып – ІЖҚ өтпелі үрдістер.

Мазмұны: ЭҚ іске қосу тәртіптері. Жүктемені беру және алу үрдістері. Өтпелі үрдістерді жақсарту тәсілдері.

Пайдалану жағдайында тепловоз дизельдерінің жұмысы жылдамдық және жүктеме тәртіптерінің жиі және оқыс өзгеруімен сипатталады. Бұл өзгерістер поезд жылдамдығымен, жол кескінімен, құрам массасымен, жел күші және бағытымен, жыл және күн мезгілімен анықталады. Жүктеменің әрбір өзгеруі қозғалтқышта өтпелі үрдістермен бірге жүреді. Басқарымды немесе ауытқулыәсер етудің әсерінен қалыптасқан бір күйден екінші бір күйге өту үрдісі өтпелі деп аталады. Бірінен кейін бірі жүретін өтпелі үрдістер жиынтығы қалыптаспаған тәртіптер деп аталады.

Иінді білік айналым жиілігінің және жүктеменің өзгеруінің сипаты мен шамасына байланысты өтпелі үрдістерді екі түрге бөлуге болады:

I — машинисттің бақылау тұтқасын бір орыннан екіншіге ауыстыруда иінді білік айналым жиілігі мен жүктеменің айтарлықтай өзгеруімен байланысты өтпелі үрдістер;

II — бақылау тұтқасының орынын ауыстырудағы жүктеменің толқуымен байланысты өтпелі үрдістер. Мұндай толқулар сыртқы жағдайлардың немесе тепловоздың күштік қондырғысының көмекші агрегаттарының қуатының өзгеруіне байланысты пайда болады (тежеу компрессорын, желдеткішті және т.б. қосу немесе ажырату).

I түрдегі өтпелі үрдістер жүргізу жағдайының өзгеруімен пайда болады, яғни бақылау тұтқасын қозғау арқылы қозғалтқыштың жылдамдықты және жүктемелі тәртіптерін өзгертуді талап етеді. II түрдегі үрдістер сыртқы жағдайлардың өзгеруімен байланысты, яғни күштік қондырғы‑тұтынушы жүйесінде азғантай сәйес келмеудің пайда болуына алып келеді, ал ол машинистің араласуынсызақ қозғалтқыштың қуатымен, айналым жиілігін автоматты реттеу жүйесімен (АРЖ) өзгертіледі және технико‑экономикалық көрсеткіштердің нашарлауына аса әсер етпейді.

Өтпелі үрдістерді зерттеуді сараптау нәтижесі көрсеткендей, қозғалтқыш жұмысының индикаторлық және тиімді көрсеткіштері сонымен бірдей қалыптасқан тәртіптердегі олардың мәндерінен біршама айырмашылығы бар. Жанармайдың бірдей циклдік берілісінде жүктеменің өсуімен байланысты қалыптасқан және қалыптаспаған тәртіптерде аз қуат соңғы тәртіпте алынады. Қалыптаспаған тәртіптерде қуаттың төмендеуі жанармайдың меншікті шығынының айтарлықтай өсуіне алып келеді. Жүктеменің жоғарлауымен байланысты өтпелі үрдістерде өңделген газдардың жоғары түтіндігі және экономикалық тиімділігінің төменділігі, индикаторлық үрдістердің қанағаттандырылмай жүру нәтижесі болып табылады, бұл туралы индикаторлық п.ә.к. hi тез төмендеуі көрсетеді.

hi шамасы көптеген факторларға тәуелді. Бірақ өтпелі үрдістерде оның төмендеуін анықтайтын негізгі факторлар мыналар: а) a³2 ден a=1¸1,2 дейін артық ауа коэффициентінің төмендеуі; б) қосра түзудің нашарлауы; в) жанармайдың тұтануын кідірту периодының ti үлкеюі; г) газдардың жоғары температурасымен қабырғалардың төмен температурасына байланысты цилиндрдің қабырғаларына жылу өткізудің жоғарлауы.

a шамасының тез төмендеуі көбіне газ шығырлы үрлемелі қозғалтқыштар үшін сипатты және үрлеу бойынша қозғалтқышты форсировкалауды жоғарлатуда жағдай қиындай түседі. Бұл жүктемені бірден үлкейтуде турбокомпрессор роторының үлкен инерциялығына байланысты үрлеу қысымының өсу қарқыны жанармай беру қарқынын жоғарлатудан біршама қалып отыруымен түсіндіріледі. Ауамен қамтамассыз ету жүйесінің жетілдірілмеуімен бірге, көбіне үрлеу қысымына жанармай берілісі реттелмеген қозғалтқыштың автоматтық реттеу жүйесінің жетілдірілмеуі a – ға теріс әсер етеді.

Сур.. Бақылау тұтқасын нөлден 15-ші орынға дейін ауыстыруда 10Д100 қозғалтқыш жұмысының негізгі көрсеткіштерінің өзгеруі.

 

Төмен локальды a‑ға алып келетін қоспатүзудің нашарлауы, газалмасу динамикасының бұзылумен, цилиндрде зарядтың құйынды қозғалысының қарқынына әсер ететін кіру органдарындағы ауа жылдамдығының төмендеуімен түсіндіріледі. Бұл, сапалы қоспатүзуді қамтамассыз етуде құйынды қозғалыс қарқыны шешуші фактор болып табылатын қозғалтқыштар үшін өте маңызды. Сонымен бірге қоспатүзуге, жану камерасын құрайтын беттердің және үрлеу ауасының температурасының төмендеуіне байланысты жанармайдың булануының нашарлауы теріс әсер етеді. Жанармайды бүркуді алдын алу бұрышының өзгермеуінде тұтануды кідірту периодын үлкейту негізгі жану фазасын кеңею жүрісіне өткізуге және шығуда жанып бітуге алып келеді, ал бұл hi –не теріс әсер етеді.

Бір қатар зерттеулердің нәтижелері бойынша пайдаланудағы өтпелі үрдістердің қатысты ұзақтығы (барлық жұмыс уақытына алғанда) магистральды тепловоздардың дизель‑генераторлары үшін 5—20%, маневрлік тепловоздар үшін 25—40% құрайды. Бұл берілгендер hi өте айқын төмендеуіне алып келетін I түрдегі өтпелі үрдістерді есепке алуда алынған, II түрдегі өтпелі үрдістерді есепке алумен олардың ұзақтығы жоғарлайды.

Пайдалануда өтпелі үрдістердің біршама ұзақтығы және оның төменгі экономикалық тиімділігі күштік қондырғының орташа пайдалану п.ә.к. теріс әсер етеді. Сонымен бірге жанармайдың тоық жанбауының, цилиндр‑піспек тобының тетіктер беттерінің температуралық толқындар амплитудаларының жоғарлығы нәтижесінде газ шығару бөлімдерінің және турбинаның ағынды бөлігінің үдетіп кокстануынан өтпелі үрдістер қозғалтқыштың сенімділігін және ұзақ мерзімділігін төмендетеді. Сондықтан біздің елде және шет елде өтпелі үрдістерді жетілдіруге бағытталған жұмыстармен зерттеулік іс‑шаралар жасалып жатыр.

Өтпелі үрдістерді жетілдірудің негізгі бағыттары:

1. a=¦ (t) тәуелділігін автоматты реттеу жүйесін (АРЖ) жетілдіру арқылы оптимизациялау;

2. a=¦ (t) тәуелділігін ауамен қамтамассыз ету жүйесін жақсарту жолымен оптимизациялау;

3. Жану камерасының рациональды түрін таңдау және қосап түзу үрдісін жақсарту арқылы дизельдің жұмыстық циклін жетілдіру

15. Дәріс.

Тақырып. ЭҚ сенімділігі және техникалық диагностикасы.

Мазмұны: ЭҚ сенімділігі туралы түсінік. ЭҚ диагностикалау әдістері және тәсілдері. ЭҚ сынау.

Қозғалтқыштың сенімділігі – бұл оның берілген шектеуде қабылданған пайдалану көрсеткіштерін, уақытпен сақтай отырып берілген функцияларды орындау қасиеті.

Сынау жинақталған бірліктердің, түйіндердің және жалпы қозғалтқыштың бөлек тетіктерінің жасалу сапасын, оның дұрыс жиналуын, нақты жағдайлармен қаралған шарттарға дизельдің негізгі сипаттамаларының сәйкестігін тексеруге арналған негізгі құрал болып табылады. Сынау дұрыстық, сенімділік және пайдалану тиімділігінен басқа қозғалтқыштың жұмыстық үрдісін және құрылымын жетілдіру үшін материалдар береді.

Қозғалтқышты сынау дизель жасау зауытының стендінде және жоспарлы, жоспардан тыс, капитальдық жөндеуден кейін жөндеу зауытының стендінде жүргізіледі. Олардың көлемі және түрі олардың жасалу мақсатына байланысты қабылданады.

 

Реостаттық сынау.

Жөндеу зауытында және депода реостаттық сынауды жөндеуден кейін дизель‑генераторды обкаткалау үшін, дизельдің жұмысының көрсеткштерін тексеру және қуатты цилиндрлерге бөлуді реттеуді жүргізу үшін, тепловоздың электрлік сұлбасын қалыптастыру және оның басқа түйіндерін сынау үшін жүргізеді. Реостаттық сынауды ТО-9, ТО-8, ТО-7 ----- жөндеуден кейін, сонымен бірге пайдалану уақытында дизель‑генератор жұмысының қандай да бір ауытқушылықтарында жүргізіледі. Оларды көрсеткіштері реттелген жағдайдан өте өзгеше, жергілікті қоршаған ортада тепловоздарды пайдалану алдында жүргізу қажеттірек.

Реостаттық сынауда генераторды су реостатымен жүктейді. Дизельдің қуатын тоқпен кернеу мәндерімен табады. Дизель‑генератордың негізгі және пайдалану тәртіптеріне сипатты көрсеткіштерді толық (номинальдық) қуатта анықтйды. Бірақ сынауда міндетті түрдегі тәртіптер болып табылатындар:

- бос жүріс;

- минимальдық жүктеме және тепловоздық сипаттама бойынша 25, 50 және 75% номинальдық қуат;

- номинальдық немесе толық қуат;

- иінді білік айналым жиілігінің минимальды тұрақтылығы.

Әр қозғалтқыштың обкатка (жұмысын үйлестіру) ұзақтылығы және тәртіптері қозғалтқыштың жасалу технологиясының деңгейі және тұрақтылығына байланысты тәжірибе жолымен қабылданады.

 

Сынақ жүргізу құралдары және тәсілдері.

 

Электрлік берілісті дизельдер (дизель-генера­торлар) сынақты өз генераторларын жүктейтін реостат көмегімен өтеді. Зауыт жағдайында стендтік сынақта бұл жәшікке салынған резисторлар, депо жағдайында – су реостаттары. жүктемелеумен жүргізеді. Дизель-генераторларды сынауға арналған жүктеме қондырғысы келесі негізгі шарттарды қанағаттандыруы қажет:

‑ барлық тәртіптерде энергияның сіңірілуін қамтамассыз ету; тұтынатын энергияны берілген дәлдікпен өлшеу мүмкіндігін қамтамассыз ету;

‑ тартым электрқозғалтқышына немесе жүктеме қондырғысына энергия беретін тартым генераторының жұмыс жағдайына сәйкес жағдайды қамтамассыз ететін сипаттамасы болуы қажет.

Стендтік сынақтарда дизельдің тиімді қуаты генератордың қуатымен анықталады, кВт

,

 

мұнда, IГ — цепи реостат тізбегіндегі тоқ, А;

UГ — генератор клеммасындағы кернеу, В;

ηг, ηву — генератор және түзету қондырғысын жасайтын зауыттың паспорттық берілгендерімен анықталатын генератордың және түзету қондырғысының п.ә.к.,

ηг, ηву =f(IГ).

Тепловоз үстінде реостаттық сынауда тиімді қуатты анықтау

мұнда, Nвсп.a. — көмекші агрегаттар қуаты, бұл дизельдің иінді білігінің немесе сәйкес агрегаттар айналым жиілігіне байланысты анықталады (желдеткіш, компрессор және т.б.).

Тартым генераторының тоғы және кернеуі 0,5 классты амперметрмен және вольтметрмен өлшенеді. Гидродинамикалық берілісті дизельдің тиімді қуатын өлшеуді гидравликалық және электрлік тежегіш көмегімен жүргізеді. Балансирлік жасалған электрлік тежегіш артықшылықты болып табылады. Олар сыналатын дизельдің білігін айналдыруға, оның жинақталғаннан кейін салқындық үйкелісуін жүргізуге, қозғалтқыштың механикалық кедергілер шығынын анықтауға мүмкіндік береді. Қозғалтқыштың жүктемесін анықтайтын сәтті таразылық қондырғы көмегімен нақтыды және дәл анықтайды.

Дизельдің энергетикалық объект есебінде жұмыс істеуі оның цилиндрлеріндегі жұмыстық үрдіс сапасына тәуелді. Цилиндрдегі жұмыстық үрдісті сипаттайтын көрсеткіштер дизельдің жалпы функциональдық көрсеткіштерін тура және ауамен жабдықтау агрегаттарының, жанармай аппаратурасының, газ ауа бөлімінің гидравликалық кедергілер, дизельдің су және май жүйелерінің жұмыстарының сипаттамсын жанамалап анықтайды.

Дизельдің механикалық жүйе есебінде жұмыс істеуі үйкеліс жұптарының (цилиндр піспек тобы, иінді біліктің мойынтіректері, клапанды механизм, піспек саусақшалар төлкелері және т.б.) күйін сипаттайтын көрсеткіштермен анықталады. Бұл көрсеткіштер анық бір шекке дейін дизельдің технико‑экономикалық көрсеткіштеріне әсер етпейді –олар пассивтер. Бірақ бұл түіндердегі сол шекті желіністер дизельдің жөндеуге дейінгі моторесурсын және оның қызметету мерзімін анықтайды. Үйкеліс қосылыстарындағы саңылаулар шамасы сынау үрдісінде дизельдің вибробелсенділік талдауы бойынша анықталады.

Дизельдерді сынауды жүргізудегі белгіленетін көрсеткіштер әр түрлі. Көрсеткіштердің әр түрлігі және саны бойынша

Параметры, регистрируемые при проведении испытаний ди­зелей, достаточно разнообразны. О количестве и разнообразии параметров можно судить и по данным, представленным в табл., где приведены основные измеряемые или рассчитываемые параметры, их условные обозначения, единицы измерения и погрешности, допускаемые при проведении приемо-сдаточных испытаний тепловозных дизель-генераторов, а на рис. пока­заны точки, в которых проводится регистрация указанных пара­метров дизель-генератора 2-26ДГ.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-09; Просмотров: 841; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.048 сек.