Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Кпе мен тканьдегі газ алмасу 3 страница




Қазіргі ғылыми әдебиеттерде, бүйректің қызметіне тоқтаған-да секреция деген сөзге екі түрлі мән беріледі. Бірінші түсінік — секреция — қандағы заттардың бүйрек түтікшелеріне өзгер-меген күйде өтуі. Олар әртүрлі концентрациялық және электро-химиялық көрсеткіштеріне қарамастан белгілі бір «тасымалда-ушылардың» көмегімен етеді. Мұндай жағдайда олардың өту жылдамдығы артады. Екінші түсінік бойынша бүйрек түтікшеле-рініқ клеткалары органикалық қышқылдар мен негіздерді ғана секрециялап қоймайды, олар кейбір бейорганикалық заттарды синтездеп шығарады. Мәселен су және калий ионы интерстиция-дан түтікшелерге жай етеді (секрецияланады). Бүйректің шумақтық белімінен сүзілген калий ионы нефрондық проксимальдық бе-лімінде қайта сіңеді. Егерде организмде калий ионының мөлшері шамадан тыс көп болса, бүйрек түтікшелерінін, дистальдык. бөлімі мен несеп жинайтын түтіктерінің ішіне қарай өтеді (секрецияла-нады), сөйтіп соңғы несептің құрамымен сыртқа шығарылады. Бүйректе креатинин синтезделіп, фосфаттар қайта пайда бола бастайды.

Академик Л. П. Орбелидің лабораториясында алынған деректерге қарағанда бүйрек түтікшелері канда мочевина мөлшері көбейсе, осы мочевинаны сыртқа бөліп шығара алатыны, анықталды. Бүйректе мұнымен қатар кейбір қанда жоқ заттар түзіледі. Мәселен, қанда бар гликол мен бензой қышқылынан түтік-шелер эпителиінде гиппур қышқылы түзіледі, ал аммоний тұздары аммиактан синтезделеді. Бүйрек сілті-қышқыл тепе-теңдігін (гомеостазасын) бір қалыпта сақтайды. Сілтіқышқыл гомеоста-засы негізінен организмде жүретін өте күрделі секреторлық және синтездеу процестеріне байланысты. Несептің белсенді реакциясы (РН ортасы) адамда әр уақыт өзгеріп түрады. Ол адамның ішкен тамағының кұрамына, қасиетіне мөлшеріне, қызметіне, кимылына, ортаның температурасына т. б. жағдайларға байла-нысты. Кейде несептің реакциясы (рН) 4,5-ге дейін төмендеуі не-месе 0,8-ге дейін жоғарылауы мүмкін (басқаша айтқанда, несеп-тің рН реакциясы — қышқыл немесе сілтілі болады).,Бірақ кан-ның рН реакциясы әр уақыт салыстырмалы тұрақты 7,36—7,40 (сәл сілтілі) деңгейде болады. Өйткені бүйрек артық сілті және қышқыл заттарды несеппен бірге сыртқа шығарып тұрады. Бүйрек қанның (рН) реакциясын тұрақты сақтауға да қаты-. сады. Бұл жағдай бүйрек түтікшелерінід клеткасында жүретін ацидогенез және аммонигенез процестеріне өте тығыз байланысты.

Ацидогенез — күрделі иондардың алмасу реакциясы арқылы карбоангидраза, фосфатаза және басқа ферменттердің қатысуы-мен, бүйрек түтікшелерінде бос су ионы, қышқылды және сілтілі фосфор қышқылының түздары пайда болып әрі шығарылатын процесс.

Аммониегенез — глутамин, глутаминаза ферменттер жүйесінің катысуымен түтікшелер клеткасында аммиактан (ІМНз) және аммоний тұзынан синтезделіп шығарылатын процесс. Бүл ете күрделі процесс, биохимия оқулықтарында жан-жақты әрі толық берілген.

Бүйрек функциясын зерттейтін әртүрлі әдістер, оның жұмы-сының сапасын, санын толық карастырады.Қазіргі кезде нефрология әдістері көп әрі санқилы. Бұл әдіс-тер адамның бүйрек кызметін толық және жан-жақты зерттеуге мүмкіндік береді. Тәжірибе жүзінде де, клиникада да әртүрлі геморенальдық индекстер арқылы бүйректің функциональдық жайы мен несеп түзілуін, механизмін зерттеуге болады. Бүйректегі қан айналысының деңгейін, шумақтағы сүзілу шамасын, тү-тікшелердегі қайта сіңу және секреция дәрежесін, бүйректін концентрациялау, несеп жасау қызметін зерттеуге 'болады. Бүй-ректін, түрлі қызметін зерттеу. әдістерінің көбшің негізінде Маль-пиги шумақтарында еркін сүзілетін, ал түтікшелерде түрлі өзгерістерге ұшырамайтын және қаннан несепке секрецияланбай түгелімен несепке өтетін заттарды енгізу жатыр. Қан плазмасына енгізілген түрлі сүзілетін заттардан тазалану коэффициентін анықтайтын әдіс — клиренс тәсілі. Тазартылу коэффициентін немесе клиренс деп бүйректегі сүзілу процесі кёзінде белгілі бір уақыт ішінде қанға енгізілген заттан тазартылған плазма мөлше-рін айтады. Қлиренс әдісімен бүйректің сүзілу дәрежесін анық-тайды. Қанға инсулинмен және маннитол деген полисахаридтерді енгізеді, иттерде креатининді қолдануға болады.

Бүйректегі қанагыс шамасын анықтау үшін қанға параами-ногиппурлы қышқыл (ПАГ) немесе диодрастты енгізеді. Қайта сіңу шамасы қанға бір затты (глюкоза, мочевина) енгізу, ол заттың қандағы, несептегі концентрациясын анықтау және шығарылатын несеп мөлшерін өлшеу жолымен анықталады. Түтік-шелердің секреторлық қызметі диодраст, фенолды қызыл, пара-аминогиппур қышқылының натрий тұзы т. б. қанға енгізу арқылы тексеріледі. Бұл әдістердің негізінде енгізілген заттардың қандағы, несептегі мөлшерін өлшеп, салыстыру жатыр.

Бүйрек қызметінің реттелуі

Бүйректің организмдегі ең негізгі қызметі - шъғару.Сонымен қатар ішкі орта түрақтылығын, сілті-қышқыл теңдігін, осмос кысымын, тамырындағы қан көлемін, басқа да ішкі сүйықтық ор-таның көрсеткіштерін қамтамасыз ететін бір топ функциональдык жүйе жұмысын орындатуға қатысады. Бүйрекпен шығарылатын несеп күрамы, қасиеті және мөлшері, ондағы пайда болған әртүр-лі езгерістерге байланысты. Осыған сәйкес, ішкі және сыртқы ор-таның әртүрлі күрт өзгерістерінің әсерінен пайда болған инфор-мация орталық жүйке жүйесіне толып жатқан саны көп әртүрлі рецепторлардан мысалы, ноцицептивтік немесе ауру, қысым, хемо-, волюмо-, термо- тағы да басқа рецепторлардан 'барады. Осылардың көмегімен шығару мүшелерінің жүйкелік және гумо-ральдық реттелу механизмі іске қосылады. Реттелу механизмі жалпы диурезді (немесе тәуліктік несеп шығарылуды) өзгерту-мен қатар, зат алмасудың толып жатқан соңғы өнімдерін, тұздарды, дәрілерді, суды т. б. заттарды организмнен шығарады. Бүйрек вегетативтік жүйке жуйесінщ симпатикалық және па-расимпатикалық жүйкелерімен қамтамасыз етілген. Л.А.Орбели лабораториясының зерттеу қорытындыларынан кезеген жүйкені тітіркендіргенде несеп кұрамындағы хлорлы натрий азайғаны, ал осы жүйкені кескенде көбейгені байқалған.

Парасимпатикалық жүйкенің "мұндай әсері түтікшелердің кері

сіңуінің өзгеруінен пайда болады. Бүйректің симпатикалық жүйкесі кесілсе, несеппен хлорлы түздардың шығарылу мелшері көбейеді. Симпатикалық жүйкені тітіркендіргенде негізінен Мальпиги шумақтарының қан тамыр-320 ары тарылады да, бүйректе несеп жасалуы бір бағытта өзгермейді Артериола тарылғанда, осы әсерге байланысты несеп шы-ғарылу мөлшері едәуір азаяды. Ал егер де қанды алып кететін тамыр тарылса, сүзілу қысымы жоғарылап, несеп жасалу кебейеді. Диурездің рефлекстік езгеруі толып жатқан дене сыртында Іәне ішкі ағзаларда, соның ішінде несеп бөлетін мүшелерде ор-аласқан рецепторлардың тітіркенуінең болады. Несеп ағардың несепте пайда болған таспен тығындалып қалуы, тек қана ты-ғындалған бүйректе несеп шығарылуын тоқтатып қоймайды, сонымен бірге рефлекстік жолмен екінші бүйректе де несеп шығарылымын төмендетеді.

Несеп жасалу процесі вегетативтік жүйке арқылы орталық жүйке жүйесінін, белгілі бір бәлімдерімен реттеледі.

Тәжірибелер жүргізіп, мидың қыртыс қабаты бөлімдерін — мидың тертінші қарынша түбін, сопақша ми, көру төмпешігіне мишықты т. б. әртүрлі- әдістермен тітіркендіргенде несеп жасалу процесі өзгеретіні анықталған. Бүйрек қызметінің реттелуі ве-гетативті жүйке жүйесінің жоғары орталықтары (гипоталамус-тың) паравентрикулярлық, супраоптикалық ядролар және бас мидың қыртыс қабаты арқылы жүретіні дәлелденді. Орталық жүйке жүйесінің жоғары бөлімдері түскен мәліметтерге байла-нысты, реттелу механизміне өте күрделі гормональдық тізбекті (гипофиз, бүйрекүсті'безі т. б. бездер) қосып 'бүйрек қызметін қамтамасыз етеді. Соның нәтижесінде бүйрек өзінің шығару функциясын орындап гомеостазды қамтамасыз етеді.

Бүйректің жүйке гуморальдық реттелуінің маңызын, олардың езара байланысын 1937 жылы А. Шпуга жүргізген ете қызықты дәлелді тәжірибеден көруге болады. Ол бүйректі өзінің табиғи орнынан ауыстырып тері астына, мойын аймағына тігіп, оның та-мырларын сол жердегі кан тамырларымен жалғайды. Тәжірибе-ден бүйрек жүйкелері бұзылғанмен, жалғасқан қан тамырлары арқылы қан бүйрекке келе бастағаннан бастап несеп жасалу про-цесі жүре бастаған. Бірнеше күннен кейін осы бүйрек пен қалып-ты жағдайдағы бүйректің несеп жасау қызметінде аса көп езгеріс байқалмаған. Егер организмге су немесе ас тұзын кебірек енгіз-се, орнын ауыстырмаған бүйрек сияқты, ауыстырып тіккен бүйрек-те де жасалатын несеп құрамында су, тұз көбейеді. Жүйкесі кесілген бүйрек қызметі жүйке жүйесінің арқасында әртүрлі ті-тіркендіргіштерге өзгереді. Ауырсыну тітіркендіргіштері әсер ет-кенде, жүйкесі кесілген бүйрек кесілмеген сияқты несеп шығаруды тоқтатады. Жүйкесі кесілген бүйректе тітіркендіргіштердің ау-ырсыну әсері гипоталамус арқылы, ал одан — гипофизге әсер етіп, антидиуретикалық гормон бөлінеді (АДГ).

Несеп шығару

Несеп бүйректе көп немесе аз мөлшерде үадіксіз жасалады, бірақ оның организмнен шығарылуы белгілі бір уақыт арасында орындалады. Ересек адамдарда қалыпты жағдайда тәулігіне 2—3 рет, ал балаларда жас ерекшелігіне қарай жиі шығарыла-ды. Несеп шыраратын мүшелерге несепағар, қуық және несеп шығаратын түтік жатады. Бүйректе жасалынған несеп жинағыш түтіктерден тостаған-шаларға етеді, тостағаншалар толып жиырылуынан, бүйрек тү-бегі арқылы несепағарға ауысады. Несепағардьщ толқынды жи-ырылуынан аз келемде несеп 2—3 мм/с жылдамдықпен қуыққа құйылады.Қуық уақытша несеп жиналатын, іші 'қуыс, көлемді мүше. Несеп қуықта ешқандай өзгеріске үшырамайды, кері сіңбейді, қоюланбайды. Оның төменгі жағында несеп шыраратыд түтікте сақина тәрізді бірыңғай салалы ет талшықтарынан тұратын ішкі сфинктер бар. Ішкі сфинктерден сәл теменірек, кедденең жолақ-ты ет талшықтарынан түратын ерекше түрде жиырылатын сырт-қы (екінші) сфинктер бар. Бұл қуық кернеуінен артық несеп жиналранда, қатты жиырылып несеп аруына кедергі жасайды.

Несеп шырару уақытында сфинктер рефлекстік жолмен босаңсып, еттері жиырылып, қуық босатылады. Бірыңрай сала"-лы ет талқыштарынан жасалған ішкі қуыс мүшелері сияқты, не-сеп құйылып көлемі артқанмен қуык қабыррасыньщ кернеуі аса өзгермейді. Бірыңғай салалы ет талшықтарынан түратын еттердің бұл қасиетін пластикалық тонус (кернеу) деп атайды. Сондық-тан да қуыққа түскен несеп мөлшері, оның кернеуі артуына дәл-ме-дәл емес. Қуыққа несеп толған сайьш, оның алғашқы мезгілін-де қысым өзгермейді. Одан әрі, ересек адам қуығына 250—300 мл шамасында несеп жиналғанда, қуық қабырғасындағы еттердің кер-неуі артып, оның ішіндегі қысым 15—20 см су бағанасына дейін көтеріледі.

Мүндай жағдайда, куық қабырғасында орналасқан баромеханорецепторлардың тітіркенуінен рефлекстік жолмен арнайы механизм арқылы бір уақытта қуық еттері жиырыльш, ал несеп шығаратын түтіктің сфинктер еттері босаңсиды.

Несеп шығаратын мүшелердің эфференттік (орталықтан тебе-тін) нервтенуі негізінен вегетативтік, жартылай сомалык жүйке арқылы (мысалы, төменгі, сыртқы сфинктер уретрасы) орындалады.

Симпатикалық жүйке несеп ағардың перистатикалық жиыры-луын күшейтіп, қуық қабырғасы еттерін босаңсытады және несеп шығаратын түтік сфинктерінің тонусын жоғарылатады. Бұл жағ-дай қуықта несеп жиналуына мүмкіндік туғызады.

Парасимпатикалық жүйке әсерінен қуық еттері жиырылып, несеп шығаратын түтіктің сфинктер еттері босаңсиды, соның нәти-жесінде қуық несептен босатылады.

Несеп шығару жулынның бел-омыртқа және сегізкөз бөлімін-де орналасқан жүйке орталықтары арқылы реттеледі. Ондай жүй-ке орталықтары ми бағанында (Варолий көпірі, артқы гипотала-мус) және үлкен ми сыңарларының қыртыс қабатында орналаса-ды. Адам өз еркімен несеп шығаруды бастап немесе тоқтата алады, бұл несеп шығару ми қыртысымен реттелетіндігіне дәлел. Еріксіз түрде несеп шығару тек бебектерде ғана болады. Онтоге-незде жүйке құрылымдары жетілуіне байланысты шартсыз реф-лекстік реттелумен қатар, несеп шығарудың шартты рефлекстік реттелуі дамиды.

Бала 1,5—2 жасқа келгенде несеп шығарудың шартты реф-лекстік реттелуі күндіз ғана емес түнде де пайда болады. Кейде 12—13 жастағы балалардың 5%-інде түнде несеп устай алмауы байқалады — оны энурез деп атайды.

Әдебиеттер:

Х.Н.Сәтпаева „Адам физиологиясы 309-324 б

Т.Несіпбаев.Жануарлар физиологиясы.Алматы.Ғылым.628-662 б.

Дәріс №15

Тақырыбы: Жылудың реттелуі

Дәріс мазмұны:

1. Дене тепературасы

2. Дене температурасы бойынша топтары

3. Жылудың реттеу механизмі

4. Химиялық жылу реттелу

1.Адам мен жануарлар денесінің тұрақты температурасы (изо-термия), яғни ішкі ортаның тұрақтылығы (гомеостазистің) көр-некі көрсеткіштерінің бірі. Тіршілік бабында адам ауа райы қан-шама құбылмалы болса да төтеп береді. Ол 70—80° аязға да, 50—60° ыстыққа да көндіге алады. Бірақ сыртқы температура қаншама кұбылмалы болса да адам денесі температурасы өзгер-мейді, ұдайы — 36—37° шамасында сақталады.

Дене температурасының мұндай тұрақтылығы, жылу пайда болуы, оның сыртқа шығуы сияқты процестерге қатысатын бір-қатар ағзалар мен жүйелер жүйесі кызметінің жүйке — қан ар-кылы реттелуіне байланысты. Олардың бір-бірімен байланысы өте нәзік, үйлесімді, сондықтан да температурасы біркалыпты сақталады, яғни денедегі жылу реттеледі (терморегуляция).

ЖыЛу реттелуі дегеніміз сырттағы температура өзгерсе де де-ненің ішкі, өз температурасын қалыпты тұрақты күйінде сақта-луы. Бұл.арнайы функциялық жүйе арқылы іске асырылады.

Дене температурасын ұдайы бір деңгейде, тұрақты қалыпта сақталады, яғни денедегі жылу реттеледі (терморегуляция). жылу өндіріп онын, сыр-тқа шығуын реттейтін ағзалар мен ағза-лар жүйесі және оларды реттеуші механизмдер кіреді. Жылудың дәл де нәзік жымдасып реттелуіне байлаңысты адам жер жүзін түгелдей, яғни тропикадан Лрктика мен Антарктикаға дейінгі аймақтарды тегіс игерген. Жылу реттелуі адам мен құстарда, өте жоғары дәрежеде дамыған. Жер бетіндегі жәндіктер, бауырымен жорғалаушылар т. б. түрлердің көпшілігінде дене температурасы тұрақты емес, сырттағы температураның өзгеруіне қарай Құбылып отырады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-16; Просмотров: 1379; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.007 сек.