Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Кпе мен тканьдегі газ алмасу




Дем алғанда өкпеге кіретін атмосфералық ауа мен деммен бірге шығатын немесе альвеолалық ауаның құрамындағы әр газ-дың мөлшерін жеке салыстырып екпе альвеоласындағы газдар мен қан кұрамындағы газдардың ету бағытын байқауға болады.

Негізгі газдар атмосферада, оның жеке қабаттарында ұдайы бір мөлшерде болады. Адам дем алғанда осы атмосфералық ауа өкпеге енеді, ал өкпедегі альвеолалық ауа мен дем шығарғанда шығатын ауада оттегі мен көмір қышқыл газ мөлшері ұдайы өз-геріп отырады: оттегі азайып, көмір қышқыл газ көбейді

Деммен бірге шығатын ауа мен альвеолалық ауадағы оттеп мен көмір қышқыл газ мөлшерін салыстырсақ деммен шыққан ауада оттегі көбірек, көмір қышқыл газ азырақ: альвеолалык, ауа өкпеден шығарда тыныс жолындағы («өлі» кеңістіктегі) атмос-фералық ауамен араласып кетеді.

Өкпеде газ алмасуының негізгі көрсеткіші — альвеолалық ауа-дағы, газдардың құрамы мен мөлшері. Атмосфералық ауамен альвеолалық ауа құрамындағы газдардың мөлшерін салыстыр-сақ, оттегінің атмосферадан қанға, ал көмір қышқыл газдың қан-нан альвеолаға өтетінін байқауға болады.Белгілі бір ткань мен қан құрамындағы газдардың алмасу гәртібін білу үшін алдымен қандағы газдардың физикалық жайы мен мелшерін, кернеу күшін (меншікті қысымын) анықтал алу қажет.Әрбір газ қанда еріген не химиялық жолмен байланысқан күй-інде кездеседі. Биологиялық мембрана арқылы тек еріген газдар өтеді.Газдар қан айналысының үлкен және кіші шеңберлеріндегі капиллярлардан бір тәртіппен өтеді, сондықтан өкпеде немесе белгілі бір тканьде өтетін газ алмасуын бірге қарауға болады.Әрбір газ бір және бірнеше қабатты мембранадан өте алады. Оньщ өтуі мембрананың екі жағындағы меншікті қысымға, ондағы айырмашылыққа байланысты. Басқаша айтқанда, газ бір жерден екінші жерге қысымның жоғары жағынан төмен жағына қарай диффузия жолымен көшеді.Қандағы жалпы газ қысымын 1858 ж. И. М. Сеченов анықта-ган. Әр газдың мевшікті қысымы қанда кернеу кушіне тең болса сұйықтықта және ерітінді үстінде газ тепе-теңділігі пайда болады. Ал газдың меншікті қысьшы кернеу кушінен жоғары болса, ол «ери» бастайды, кернеу куші жоғары болса, газ сұйықтықтың кұрамынан бөлініп шығады.

Кернеу куші деп бір молекула газдың ерітіндіден сыртқа шы-ғуға жұмсайтын кушін айтады. Газдың еруі ерітіндінің кұрамына, сұйықтықтың үстіндегі газ калпында сақталған газдардың көлемі мен мөлшеріне, ерітіндінің температурасына және газдың табиғатына байланысты болады. Газдың ерітіндіге көшуі мен ерітінді устіндегі газдар катарына шығуы арасында тепе-теңдік болады. Газ молекуласының ерітіндіден бос газдар арасына шығаратын күшін газдың сұйықтықтағы кернеуі деп атайды.Бір жағынан газдың альвеола ауасындағы меншікті қысымын, екінші жағынан сол газдьщ артерия мен венадағы, сондай-ақ тканьдегі кернеу кушін өзара салыстыра отырып, газ диффузия-сының бағытын анықтайды Сонымен қандағы (тканьдегі) газдардың диффузия аркылы бір жерден екінші жерге өтуі, негізінен әрбір газдың мембрана-ньщ екі бетіндегі меншікті қысымына мұндағы айырмашылыққа байланысты. Оттегі т. б.газдар, сөзсіз қысымы жоғары жақтан қысымы төмен жаққа карай ойысады. Мұнымен бірге газ диф-фузиясьша басқа да факторлар әсер етеді. Оларды газ алмасуына жалпы және арнайы әсер ететін факторлар деп екі топқа белуге болады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-16; Просмотров: 1179; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.008 сек.