Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Негізгі зат алмасу




Жұмсалған энергия мелшері айналадағы температураға, істел-ген жұмыстың, ішілген астың түріне, оның мелшері мен құрамы-на, денедегі зат алмасу қарқынына т. б. жағдайларға байланысты.

Энергия жұмсалуы стандартты жағдайда елшенеді. Денеден шығатын энергия стандартты жағдайда жүмсалатын энергиямен салыстырылады. Стандартты жағдайда жұмсалған энергия негіз-гі алмасу деп аталады (49-сурет).

Негізгі алмасу деңгейін анықтау үшін біріншіден, айналадағы ауаның температурасы 18—20° болуы шарт. Сыртқы ауа темпе-ратурасы төмен болса, оны жылыту үшін жылу көбірек жұмсала-ды, екіншіден, негізгі алмасу аш қарында, яғни соңғы рет ас Ішкеннен кейін 14 сағат өткен соң зерттеледі. Өйткені, ас ішкен кезде ас қорыту ағзаларының қызметін қамтамасыз ету үшін адамға қосымша энергия жұмсауға тәулігіне 500 ккал-дай керек, үшіншіден, негізгі алмасу дене еттерінің тыныштық кезінде анық-талады, адам бір сағаттай қимылдамай жатуы қажет. Қимылда-ған кезде дене еттері жиырылады да, энергия жұмсалады.

Негізгі алмасу дедгейі адамның салмағына, бойына, жасына, жьшысына байланысты. Жұмсалған энергия мелшері салмаққа байланысты болғандықтан ол адамның 1 кг салмағына жұмсала-тын энергиямен белгіленеді. Орта бойлы (170 см) 25—40 жаста-ғы адам 1 сағат ішінде салмағының әрбір килограмына 1 ккал (4,2 кДж) энергия жұмсайды. Салмағы 70 кг ер адам тәулігіне денесінен 1700 ккал (7117 кДж) энергия1 бөліп шығарады. Бұл нормалық энергия мөлшері адамның тіршілігін сақтауға қажет ағзалар қызметіне жұмсалады. Бала энергияны ересек адамнан әлдеқайда кеп жұмсайды. 20—40 жас аралығында негізгі алма-су деңгейі көп өзгермейді,.бірақ жас ұлғайған сайын біртіндеп төмендей түседі. 80 'жастағьр қартта негізгі алмасу бұдан да те-мен. Эндокриндік ауруларға, әсіресе гипертиреозға шалдыққав адамда зат алмасу қарқыны өте жоғары, осыған орай адам жү-деу келеді, энергия да кеп ысырап болады.

Ер адамға қарағанда әйелде заттар алмасу қарқыны 10% тө-мен. Негізгі алмасу адамньщ көңіл-кұйіне (эмоцияға) қарай да өзгеріп отырады. Қөңіл-күйі өзгерген адамда симпатикалық жүй-ке_ жүйесінің тонусы жоғарылайды, зат алмасу қарқыны күшей-еді. Жұмсалған энергия мөлшерін адам денесі аумағының әр шаршы_ метріне шақса, барлйқ жағдайда да энергия шығыны біркелкі болады. Бұл завдылық дене аумағыньщ зацы деп атала-ды: Адамныд дене аумағын (К) табу үшіін көптгел формулалар қолданылады: мәселен, 1) К = К- дене массасы %; К — констан-та = 12,3 (адамда).

Астың өзіндік динамикалық әсері. Тамақтанган сәтте алмасу қаркыны күшейіп, энергия әдеттегіден әлдеқайда көп жұмсала-ды. Мұны астың өзіндік динамикалық әсері деп атайды. Ол ас құ-рамына байланысты, тамақта белок басым болса, энергия әдетте-гіден 30%, ал тамақта көмірсу басым болса тек 15% көбірек жұм-салады.

Жұмсалған энергия мөлшерінің жұмыс түріне қарай өзгеруі

- Дененің қимыл-әрекетіне, оның ауыр-жеңілдігіне карай энер-гия бірде көп, бірде аз жұмсалады. Ой еңбегімен айналысқан адамдарда энергия шығыны негізгі алмасу мелшерінен 2—3%-тей ғана басым.

М. А. Шатерников лекция оқыған кезде жұмсалған энергия мөлшерін калориметрлік камерада өлшеген. Лекция камерадан радио арқылы берілгендіктен, лектор оны еш-бір эмоциясыз және артық қимылсыз оқығанның өзінде 1 сағат ішінде 1,6 ккал энер-гия жұмсаған (салмағының әрбір килограмына шаққанда). Эмоция- әсерінен энергия негізгі алмасудан 10—19% жоғары болуы мүмкін. Адам денесіне түсетін ауыртпалықты біртіндеп күшейтсе, энергия шығыны да ауыртпалық салмағына қарай әр дәрежеде көбейіп отырады, мәселен, зат алмасу барысында адам жоғары-да көрсетілгендей, сағатына орта есеппен 1 кг салмаққа 1 ккал (4,2 кДж) энергия жұмсалса, жай отырғанда ол 1,5 ккал (6,3 кДж), жеңіл жұмыс істелген кезде (кеңсе қызметкерлері, тігін-шілер, мұғалімдер) '.1,8—2,5 ккал (7,5—10,5 кДж) энергия жұм-сайды. Жай жүріп қызмет атқарғандар (лаборанттар, дәрігер-лер, кітап түптеушілер) 2,8—3,2 ккал (11,8—13,4 кДж), ал жұмыста жеңіл-желлі қимыл жасайтындар (металлистер, сылаушы-лар, ағаш үсталары) 3,2—4,0 ккал (13,4—16,8 кДж) және ауыр Қара жұмыс істейтіндер 5,075 ккал (21,0—31,5 кДж) энергия жұмсайды.

Энергия шығыны екі түрлі калоиметриялық әдіспен анықтала Олардьщ біреуі — денеден шыққан жылу энергиясын тікелей калориметрмен өлшеу (тікелей калориметрия), екіншісі — газдар ялмасуы арқылы өлшеу (жанама калориметрия).

. Энергия шығынын жанама калориметрия әдісімен, яғни белгілі бір мерзімді денеге сіңген оттегінің мөлшерін не денедегі шыққан кемірқышқыл газ мөлшерін өлшеу арқылы анықтауға болады. Әрбір қоректік зат тотыққан кезде оттегі әртурлі мөлшерде жұмсалады, сондай-ақ денеге сіңген оттегінің әр литріне шығатын калория жеке қоректік заттарда бірдей емес. Бір литр оттегі жұмсалған сәтте шығатын энергия мөлшері оттегінщ кало-риялық эквиваленті деп аталады. Бұл эквивалент қоректік заттың түріне, оның тыныс коэффициентіне байланысты.

Жанама калориметрия жасауда екі түрлі, әдіс, яғни океиспирография және Дуглас Холден әдістері қолданылады.

Тамақтану

Тамақтану организмнің қалыпты жағдайда тіршілік етуін, оның денсаулығын және еңбек ету қабілетін қамтамасыз ететін маңызды фактор.Тамақтану жәйлі ғылымды нутрициология дейді.

Қазіргі заманда тамақтануды түсіну өте қиын. Өйткені тағамның түсуі, қорытылуы, сіңуі организмнің, оны өз қажетіне жаратуы өте күрделі процесс. Тағам организмнің жұмсаған энергиясың толықтыру, өлген клетка мен тканьдерін қайта қалпына келтіру және барлық дене кұрамына кіретін мүшелердің қызметін реттеуді қамтамасыз етеді.Организмге қажетті энергия және қүрылыс (пластикалық) ма-териалдар тағам қүрамымен күнделікті ү.здіксіз сырттан түсіп тұруы шарт. Тамақтану процесі жүйке және гуморальдық жолмен реттеледі. Осы өте күрделі тамақтану процестерімен қатар организмнің сол тамақты іздеп табу тәртібін қамтамасыз ететін жүйе— оны фунщиональдық тамақтану жүйесі деп атайды.

Бұл функциональдық тамақтану жүйесініқ бір қатар кезенде-рі алдыңғы тарауларда толық., әрі түсінікті түрде қаралған (ас корыту, зат және энергия алмасу, вегетатив және орталық жүйке жүйесі).Жас ерекшеліктеріне, дененің жалпы салмағына жынысына, атқаратын қызметіне, қоршаған ортаға қарай, әр адамға тән белгілі бір мөлшерде, құрамда қажетті белок май, көмірсу, ми-нерал заттары және витаминдері бар тағам қажет. Қазіргі уакытта тағамның құрамы және ондағы калория мөлшері жақсы зерттеліп анықталған, соның нәтижесінде әр адамға қажетті тәу-ліктік тамақ мөлшерін жұмсалған энергия мөлшерше сәйкестендіріп қабылдауға болады.

Тамақтанудың қазіргі ғылыми •Теориялық негізі ретінде МҒА академигі А. А. Покровскийдің айтып ұсынған, теңдік концепциясын жатқызуға болады. Ал бұл теорияны кеңейтіп, нақтылы әртүрлі жағдайларда біздің еліміздің белгілі бір аудандарында қалай пайдалану керек екенін МҒА академигі Т. М. Шарманов зерттеп ұсынған.

Осы қонңепцияға байланысты тамақ құрамында организм тіршілігі үшін қажетті мөлшерде, белгілі бір қатынаста энергия, белок, көмірсу май, витамин, минерал заттары, су болуы кажет. Сонымен қатар басты көңіл алмастырылмайтын тамақ құрамына аударылады. Бұл тамақ құрамы организмде ферменттер.жүйесі-мен жасалмайды (синтезделмейді), сондықтан да олар желінетін аспен сырттан енгізілуі шарт.Тамақтың мұндай қоспасына алмастыруға болмайтын амин қышқылдарынан валин, лейцин т. б., май қышқылдарынан қанык-паған май қышқылдары және витаминдер, жатады.Алмастыруға болмайтын амин қышқылдары арнайы белок синтезі үшін пайдаланылады, әрі түрлі гормондар және нейро-' медиаторлар синтезделетін бастапқы қоспа (тироксин, адрена-пин, ацетилхоли» т. б.)- Көп қаінықтыірылмаран май қышылда-ры (олеин, орехиндон т. б.) биологиялық мембрана құрамына кіретін негізгі бөлік, олар простогландин, нейропептид т. б. био-|іогиялық белсенді заттар жасалатын негізгі қажетті материал.,

Қажетті энергия мөлшерінің деңгейі организмдегі негізгі ал-гласу мен атқаратын жұмыс тәртібіне байланысты энергия шығы-ны арқылы анықталады. Атқаратын жұмыс неғұрлым ауыр, әрі тез орындалса, соғұрлым тамақта қоректік заттар мелшері көп болуы қажет.

Организмге құрамында саны жағынан энергия мөлшері тым яемесе аз тамақ заттары зиян келтіреді. Құрамында артық кало-РИЯ мөлшері бар тамақ (дене қимылы темен болса), семіздікке экеледі, соньщ нәтижесінде әртүрлі мүшелердің, жүйелердің жұ-"*ыс қабілеті темендеп, тіпті уақытынан бұрын қартаюға әкеліп эғады.Тәуліктік тамақтанудьщ жоғарғы (оптималдық) мөлшері анықталған, онда жас ерекшелігі, жыныс, энергия жұмсалу мөл-шері т, б. көрсеткіштер есепке алынған. Ересек адамдарда, са-лыстырмалы жеңіл дене қызметін жасағанда тәулігіне 80—ІӨО г, орташа ауыр кызмет атқарғанда 1 ІОг-120 г, ауыр дене қызметін атқарғанда — 130—160 г белок қажет. Балаларда қажетті белок мөлшері, олардың жас ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі бо-лады. дене салмағының 1 кг есептегенде ересек адамдардан гөрі белок әлдөқайда көп пайда,ла<нылады, өйткені бала организмін-де даму, өсу процесі, белок биосиңтезі өте жоғары. Тамақ рацио-нында тәулігіне 70—80 г, егер энергия жұмсалу мөлшері жоғары болса — 100 г дейін май, және оның құрамында 50—60% жануар майы болғаны жөн.Тәуліктік көмірсу мелшері адам тамағында 400—450 г дейін болуы қажет. Жұмыс және тұрмыстық жағдайларға байланысты тамақ құрамының өзара қатынасы өзгеріп тұрады. Дені сау адам үшін оптималдық тамақтағы белок, көмірсу, майдың өзара каты-насы 1:1:4 жақын болады. Тамақ заттары жақсы сіңіріліп пай-даланылу ушін, оның құрамы жануар мен өсімдік тектес болға-ны дұрыс. Өсімдіктік зат көбіне шикі күйінде пайдаланып орга-низмді қажетті витамин, ферменттермен қамтамасыз етеді. Тамақ құрамында витаминдердің жетіспеуінен организмнің әртүрлі жұқ-палы ауруларға, сыртқы орта әсерлеріне қарсы тұруы төмендеп, арнайы аурулар пайда болады (авитаминоз).

Әртүрлі витаминдерге берілетін анықтама, әрі организмдегі олардың ролі биохимия курсында тольіқ жан-жақты берілген. Адам денсаулығын сақтауда оптималдық дұрыс тамақтанумен қатар, тамақ ішу уақытын дұрыс белгілеу, энергия құндылығы, мөлшері, құрамы, тамақ ішуді ұйымдастыру жагдайы үлкен роль атқарады. Тамақты бір тәулікте 3—4 рет бөліп ішкен пайдалы екені анықталған.Қөпшілік ғалымдар тәуліктік тамақтың кебін ертеңгілік және түсте, ал кешкілік бір тәулікке қажет жалпы барлық жылу ка-лориясының үштен бір белігін қабылдау керек екенін айтады.Тамақ жақсы сіңіп, пайдаланылуы үшін құрамы, түрі әртүрлі, әрі дәмді дайындалып, тамақ ішетін жер таза, әдемі жиналған, адам тәбетін ашатындай үйымдастырылған болуы қажет. Әсіресе мұндай жағдай, балалар тамақтануында ерекше орын алады.

Қазақстан Республикасы Академиясының региональдыц зерт-т^у институты қызметкерлері, ғылыми зерттеліп, негізге алынған балалар және емдік маңызы бар тамақ түрлерін ұсынып отыр, әсіресе сүттен ашытып жасалатын жаңа туған балалар тамақ-. тарының («Балбебек,» «Балдырған», «Жігер» т. б.) құрамы және ондағы биологиялық белсенді қорғаныс факторлары, ана сүті құрамына өте жақьш.

Бауыр — көп функциялы ағза

Бауыр — алам (жануар) денесіндегі ең үлкен без: оның сал-мағы ересек адамда шамамен 1,4—1,5 кг, яғни адам салмағының 2%-тіне тен. Жаңа туған нәрестенің бауыры 135 г (яғни жалпы салмағының 4,5—5%-і), жынысы жетілерде 1350 г '(салмағының 3%-і).

Бауыр құрылысы күрделі, 'қызғылт-қоңьвр түсті тканьді ағза. Оның нобайы құрсақ қуысының оң жағында, қабырғалардың ішкі бетіне сүңги орналасқан, біраз бөлігі сол жақта,.

Бауыр арнайы сіңірлер арқылы үлпершекке, глиссон капсула-сы арқылы көкетке (диафрагмаға) бекіген, 500 мындай бауыр бөлшектерінеі* (сі — 0,5—2 мкм), ал әрбір бөлшек жүз мыддаған аса күрделі клеткалар— гепатоциттерден (д—14—20 мкм) тұра-ды. Гепатоцит мембранасының өте ұсақ түктері болады. Олар вена және артерия қанына толы синусоидтармен жанасатын бет ауда-нын ұлғайтады. Бауырды канмен екі түрлі қан тамыры: а-) отте-гіне бай бауыр артериясы (барлық қанның 20—30%-і) және б) қоректі заттарға бай кақйа венасы (бауырға келетін вена-лық қанның 70—80%-і) арқылы қамтамасыз етіледі. Вена қаны карыннан, ішектен, ұйқы безінен, талақтан жиналады. Бауыр арқылы минутына 1500—1800 мл қан өтеді. Одан өтетін қанның жалпы көлемі жүректің минуттық көлемінің 30—50%-ін, яғни 1/3, кейде тіпті 1/2-ін алады. Бауырдан шыққан қан төменгі куыс артериясына, оған қосылатын бірнеше бауыр венасына келіп құйылады.

Бауыр қанын тасымалдайтын тамыр жүйесі, осы ағзадағы вена қабырғаларыңдағы сақина тәрізді ет талшықтарының құ-рылысы бауырдағы қанның белгілі бір шапшавдықпен жылжуы-ның нәзіктікпен реттелетінін керсетеді. Мұнда қан ағысы басқа ағзалардағыдан баяулау.

Бауырдағы барлық клеткалардың 60%-гепатоциттерден, 30%-і жұлдыз тәрізді Купфер клеткаларынан тұрады. Соңғылары ре-тикулэндотелий жүйесіне жататын қақпа венасы - эндотелиінің маңыңда орналасқан. Бұл клеткалардьщ фагоцитоздық қасиеті бар: олар бактерияларға, эритроцит сынықтарына т. б. тосқауыл болады.

Гепатоциттер аралығындағы саңылаулар өттің алғашқы жол-дарын — өт капиллярларын (өзекшесін) түзеді. Бұл өзекшелер біртіндеп жуандап өзектерге, ет діңдеріне барып.қосылады.

Бауь/р құрыльшының ерекшеліктерін атай отырып, бұл ағза-ның қақпа жүйесі мен жалпы қан айналу жүйесі арасындағы станция екенін айтқан жөн. Ол қарында ас қорыту, оны ішекте сіңіру процестерінде алғашқы реттеуші, организмде гомеостазды қамтамасыз ететін негізгі ағзалардың бірі. Сонымен бауыр — • Кұрылысы мен' құрылымы жағынан өте күрделі, биохимиялық процестер іске асырылатын кеп функциялы без: ол ас қорыту, зат алмасу, қан айналысы әрекеттеріне, қорғаныс, жылу реттеу (терморегуляция), арылу (экскреция), уыт қайтару (дезинтокси-кация) реакцияларына қатысады және өт шығару деполық (зат Қоймасы) т. б. кызметтер атқарады. Бұл қызметтерді жеке баян-" Дар алдында негізгі бауырды зерттеу әдістерімен таныса кетейік. Олар эксперименттік және клиникалық әдістер болып 2 топқа белінеді.Эксперименттік эдістер: 1. Гепатоэктомия — бауырды түгел-дей не жартылай алып тастау (экстирпация). Адам уланудан, гипогликемиялық комадан өледі. Алғашқы 3—8 сағат ішінде тә-жірибеге алынған жануардың денсаулығы жақсарғандай болады, бірақ біраздан кейін гипогликемия басталады: тамырына глюко-за құйылмаса жануар тез арада өледі, ал тірі қалса, 20—40 са-ғаттан кейін кома, одан әрі 1—2 сағат өтісімен тахикардияға ұла-сады да әлсін-әлсін Чайн—Сток тынысы пайда болады, тіпті ты-ныс орталығы параличке ұшырап жануар өліп қалады. Гепато-эктомиядан соң қан мен несепте аммиак, несеп қышқылы, били-рубин көбейіп, қан құрамында альбумин, глобулин, фибриноген, протромбин т. б. белоктар азаяды.

Бауырды жартылай алып тастаса регенерация (қалпына ке-луі) басталады. 75%-ін алып тастағанда бауыр өз қызметтерін атқара береді. 7—8 аптада сау қалған тканьдер гиперплазияға ұшырап, бауыр толық қалпына келеді. Дегенмен алғашқы күнде-рі бауырда гликоген мөлшері азаяды, глюкозаны пайдалану дә-режесі төмендейді, кейбір ферметтердің күші азайып, нуклеин кышқылдары белок түзілуі үдейді.

2. Жеке алынған бауырды перфузиялау. Бұл әдіспен бауыр қан тамырларындағы сұйықтықтың құрамы зерттеледі.

3. Қақпа венасы мен төменгі қуыс артериясын анастомоз ар-қылы жалғастыру," яғни Экк Н. В. (1877) және Экк — Павлов (1892) фистуласьш орнату. Экк фистуласын орнатқан күннен са-нағанда жануар 7—9 күн өтісімен өледі. Ал Экк—Павлов фисту-ласың орнатқаннан к^йін 4—6 аптадан соң, яғни v. рогіа — және v. сауа іпіегіог аралығында анамостоз пайда болғаннан кейін бауырды алып тастайды. Бұндай жануар екі тәулік өткеннен кей-ін өліп қалады.

4.Ангиостомия (Б. С. Лондон) әдісі. Қақпа венасына бір жак шетін терінің сыртына шығарып түтікше салынады. Осы тамыр-лардан және артериядан пункция арқылы қан алып екеуін салыс-тырып талдау (анализ) жасайды.

5. Өт қабына, өт жолына фистула салу. Тәжірибе ұзақ уақыт бақылауға арналған.

6. Биохимиялық әдістер тобы.

7. ГистологияльІіҚ және гистохимиялық әдістер.

8.Радиологиялық әдістер. Денеге радиоактивті элемент енгі-зіп, оның көмегімен б.ауырдағы өзгерістерді зерттеу.

Клиникалық эдістер. Бауыр мен өт.жолының жағдайын анық-тауға мүмкіндж береді. Олар:

1.Субъективті әдістер (қарап шығу, пальпация (сипалау), перкуссия).

2.Объективті әдістер: а) контраст зат жіберу арқылы рентген сәулесімен зерттеу; б) ультрадыбыспен зерттеу (УЗИ); в) изотоп (белгіленген атомы бар) жіберу арқылы радиологиялық зерттеу; г) гепатореография; д) компьютерлік топография; ж) канды, зондпен алынған ішек сұйығын биохимиялық әдістермен зерттеу; з) клиренс—әдіспен арнайы заттар жіберіп осы заттардан тазару

коэффициентін анықтау; и) иммунологиялық әдістермен зерттеу; к) пункциялық биопсия, биоптатты гистологиялық жолмен зерт-

теу.

Бауырдың қызметі. Өткен ғасырда Л. Людвиг бауырды «орга-низмнің орталық лабораториясы» деп атады. Өйткені:

1.Бауыр ет шығарып (тәулігіне 1 л), ас қорыту процесіне қа-тысады (өт өндіру қызметі). Бауырды зерттегенде ең алдымен оның осы қызметіне көңіл аударған жөн: сары ауру бауыр қыз-меті бұзылуының негізгі белгісі. Шванн (1844) тәжірибесінде жа-нуар денесіндегі барлық өтті сыртқа шығарып жібергенде ол өліп қалған.

Өттің адам дёнесіне тигізетін әсері (астың әсіресе майдың дұ-рыс қорытылуы, ыдырауы, ішек-қарын жиырылуы, астын. қарын-нан ішекке ауысуы т. б.) туралы осы тараудың тиісті бөлімдерін-

де айтылған.

2.Бауырда гисто-гемалық және гемато-лимфалык, тосқауылдар өткізгіштігі күшті дамыған, сондықтан да бауыр лимфа түзілуі процесіне қатысады. Негізгі лимфа коллекторы — кекірек өзегі лимфасының көбі бауырда түзіледі. Онда белок көп болады.

3.Бауьір зат алмасуына қатысады: гликоген түзіледі, инсулин әсерінен глюкоза гликогенге (гликогенез) айналады. Мүнда гли-коген басқа заттардан да (белок, май) түзіледі (глюконеогенез). Бауыр гликоген депосы, бұл энергия қажеттігіне байланысты. Гликогендік процесс нәтижесінде канда глюкоза кебейеді де оны басқа тканьдер пайдаланады.

4.Бауыр белок алмасуына (негізгі және соқғы) катысады: а) ішектен қақпа венасына өткен улы заттар бауырда бейтарап-танады (уытсызданады); ә) амин қышқылдары дезаминденіп, одан босаған аммиактан мочевина түзіледі, яғни бауыр мочевина өндіру қызметін атқарады (аммиак мочевинадан әлдеқайда уыт-ты); б) бауырда осы ағзаның өзіне ғана тән белоктар, қан белок-тары (альбумин, глобулин фибриноген) түзіледі, бұлардың біра-зы бауырда қор ретінде сақталады; в) гуанидинсірке қышқылы метилденіп,креатин түзіледі.

5.Бауырда кан ұюына катысатын көптеген белоктар мен олардың компонеттері — протромбин, фиброноген, проконвертин, проакцелерин, V, XI, XII, XIII факторлар, сондай-ақ гепарин, антитромбин, антиплазмин т. б. қан ұюына қарсы тұратын жүйе--лердің компоненттері түзіледі.

6. Бауыр май алмасуына қатысады: оның тотығуы нәтижесін-Де кетондық заттар (ацетон, ацетосірке қышқылы р -г- о-ксимай қьшқылы) пайда болады; мұнда сондай-ақ.триглицерид (әдетте бейтарап май кышқылдарынан), фосфолипид, липопротеидтер түзіледі.

1. Бауыр холестерин (түзілуі, ыдырауы, сыртқа шығуы), сон-Дай-ақ стероидтық гормондар алмасуына қатысады.

8. Бауыр су мен тұз алмасуына қатысады: кейбір ғалымдар-ДЫң бауыр — су мен минерал заттарыньщ қоймасы деуі осыған °аиланысты.

9. Бауырдың витаминдер алмасуында да зор мәні бар: мұнда А витамині түзіледі; майда еритін басқа витаминдердің (А, Д, Е, К) алмасуы да осында өтеді. Кейбір витаминдер бауырда қор болып жиналады да мұндағы химиялық реакцияларға қатысады (мыс., В тобындағы витаминдер, С, РР т. б.). Екінші бір вита-миндер (Вь В2, В6) осында фосфорланады.

10. Бауыр — қан жүйесінің маңызды бөлігі (Г. Ф. Ланге). Ол қан түзілуіне қатысады (баланың құрсақта дамуы кезеңінде), қан айналысына, қан клеткаларының ыдырауына (Купфер клеткала- ры, әсіресе эритроцит пен тромбоцит гемолизі, фагоцитоз), қанның денеге таралуына (қан қоймасы) қатысады.

11. Бауыр қан коймасы ретінде қан айналсындағы барлық қанның 20—30%-ін тамырға айдап шығарып отырады. Оның бұл қызметі әсіресе қансырағанда және басқа жағымсыз жағдайда байқалады. Бауыр жүрек қан тамыр жүйесінің қызметіне (қан тамырының тонусы, серпінісі, жүректің жиырылу жиілігі т. б.) үлкен әсер етеді.

12. Бауыр дененің қорғаныс қызметіне қатысады, инмундық жүйенің негізгі бөліктерінің бірі (иммунопоэз бен иммунды реак-цияларды реттейді). Бауырда қармауыш денелер ү — глобулин т. б. түзіледі. Фагоцитоз'іске асырылады. Нәрестенің құрсақта дамуы кезеңінде В — лимфоциттер, әсіресе Т — супрессорлар пайда бо-лып, жетіледі, қанға ауысады, мұнда иммундық жүйені басатын гуморальдық факторлар түзіледі.

13. Бауыр — экскреторлық ағза — кейбір заттар өтпен бірге сыртқа шығарылады.'

14.Бауыр— уыт қайтарғыш ағза — денеде пайд-а болған (эндогенді) және сырттан келіп түскен (экзогенді) әртүрлі улы заттар мен токсиндерді (олардың ішінде дәрілер де бар) бейта-раптайды.

15. Бауырда ыдырау, жаңа қосылыстар түзілу арқылы гор-мондар (инсулин), глюкогон, АДГ, тироксин т. б. күшін жояды.

16. Бауыр жылу реттеу процесіне катысады,

17. Бауыр пигменттер (бояулы затар) алмасуына қатысады.

18. Аталған қызметтер бауырдың шын мәнісінде гомеостаз бен гомеокинезді қамтамасыз ететін аса маңызды ағза екенін көрсетеді.

Әдебиеттер:

Х.Н.Сәтпаева „Адам физиологиясы /286-299 беттер

Дәріс №12

Тақырыбы: Тыныс алу

Дәріс мазмұны:

1 Тыныс алу жүйесі, оның маңызы

2 Өкпенің тіршілік сиымдылығы

3 Тыныстың минуттық көлемі

4. Өкпе мен ұлпадағы газ алмасу

5 Газ алмасуға әсер ететін факторлар

6. Оттегінің қан арқылы тасмалдануы

7. Тыныс алудың реттелуі

1 Тыныс алу жүйесі, оның маңызы

Тыныс алу деп ауадан оттегін сіңіріп, көмір қышқыл газын шығаруын қамтамасыз ететін езара байланысты көптеген процео терді айтады. Оттегінің қатысуымен организмде тотығу процесі өтеді. Құрамындағы органикалық заттардың тотығуы нәтижесін-де клеткалар мен тканьдерде тіршілікке қажет энергия пайда болады

Тыныс алу негізінен бес кезеңнен (этаптан) тұрады:

1)сыртқы тыныс алу — ауадағы таздарды (атмосферадан) екпеге әкеліп, өкпеден (тотыққан) қайтадан атмосфераға шығарып тұру;

2) өкпе көпіршіктеріндегі (альвеолалардағы) газдар мен қаи құрамындағы газдардың алмасуы;

3) газдардың өкпеден тканьге, тканьнен екпеге қан ағынымен тасымалдануы;

4)ткань мен қан арасында газ алмасуы;

5)ішкі тыныс алу — клетка құрамындағы органикалық зат-тардың тотығуы. Бүл — биохимиялық процесс. Тыныс алудың ал-ғашқы 4 кезеңін физиология, соңғысын биохимия зерттейді.

Сыртқы тыныс

Дем алу және дем шығару механизмі. Сыртқы тыныс алу, яғни газдардың ауадан өкпеге өтуі, өкпеден қайта атмосфераға шыға-рылуы екі кезеңнен: дем алу (инспирация) және дем шығарудан. (экспирация ) тұрады. Инспирация мен экспирация тірі организм-де өзара жымдасып үйлесім тапқан, емірі бойы бірінен соң бірі кезекпен келіп алмасып отырады. Ауаны өкпеге тартып алып, ондағы газ алмасуына қатысқан ауаны тысқа шығару үшін өкпе біресе ұлғайып (кеңейіп), біресе тарылып тұруға тиіс. Бірақ альвеола қабырғасында ет талшықтары болмағандықтан өкпе кеңейіп не тарылып көлемін өзі өзгерте алмайды, бұл процесс көкірек қуысының ұлғайып-тарылуына байланысты. Өкпе сыртындағы ауамен қатыспайтын көкірек қуысында орналасқан. Сырт жағынан өкпе висцеральдық (ішкі) және париетальдыщ (сыртқы) плевралык, екі кабықпен қоршалған.

Плевралық қуыс қысымы

Плевралық қуыс қысымын өлшеу үшін қатар орналасқан қа-бырға аралығына жуан имек ине тығып, оның сыртқы ұшын «И» тәрізді манометрмен жалғастырады. Плевралық қуыстағы қысьш сырттағы ауа кысымынан төмен болады, сондықтан онымен жал-ғасқан сынап бағанасы жоғары қарай көтеріледі, ал атмосфсра-лык ауамен жалғасқан сынап бағанасы темен түседі. плевралык қуыс қысымы әр уақытта атмосфера қысымынан төмен және өкпе неғұрлым қатты созылса, соғұрлым төмен болады. Демек, плев-ралық қуыс қысымын теріс қысым деп тану керек. Тыныс терең-деген сайын плевра қуысында теріс қысым мөлшері арта түседі. Теріс қысым ауаның өкпеге кіруін, яғни дем алуды жеңілдетеді, венадағы қанның журекке қайтып оралуын қамтамасыз етеді-ллевра жапырақшалары аралығындағы кысымның төмендеуіне байланысты көкірек қуысындағы үлкен веналар мен жүрекше кенейіп қанды жүрекке қарай тартады.Плевра жапырақшалары аралығында әдетте газ (ауа) бол-.майды. Плевралық қуысқа аздап болса да ауа кіре қалса ол 'біртіндеп канға сіңеді. Плевралық қуысқа ауа кіруі пневмоторакс пен аталады. Оған ауа көп кірсе тыныс тарылады. Пневмото-ракс висцеральдық немесе париетальдық плевра жарақаттан-ғанда болады. Кейде науқасты емдеу мақсатымен де, қолдан пневмоторакс жасалады (плевра қуысы жартылай немесе бір жағынан ауаға толтырылады).

Өкпенің серпімділігі мен серпін күші

Өкпеде серпімді тканьдер көп. Сондықтан да ол созылып кай-та тартылып алғашқы қалпьша келе алады. Өкпе ширығуы мен созылуы тығыз байланысты. Созылған өкпе тканін бұрынғы қал-пына келтіретін күш серпін күші деп аталады.

2 Өкпенің жалпы сыйымдылығы

Тыныс алу барысында ауа тыныс жолы арқылы өкпеге кіріп, оттегін берген соң сыртқа шығып отырады. Өкпеге дейін кіріп-щыратын ауаның мөлшері дем алу мен дем шығарудың терендігі-не байланысты. Біркелкі тыныштык, жардайда демді Чшке жай тартып сыртқа шығарса екпеге дейін кіріп-шығатын ауаның мөл-шері адамда 500 мл-дей болады. Осы жай дем алғанда тыныс ағ-заларына еніп қайта шығатын ауанық мөлшерін (көлемін) қалыпты тыныс ауасы ( ҚТА) деп атайды. К£А тұтасынан өкпе кө-піршігіне барып жетпейді, оның 150 мл тыныс жолын толтырады да, газ алмасу процесіне қатыспайды. Сондықтан тыныс жольш толтырған ауаны «өлі» кеңістік ауасы деп атайды. Сөйтіп сырт-тан келіп түскен ауаның 350 мл ғана екпеге барып газ алмасу процесіне қатысады.

Демді әдеттегідей жай ғана ішке тартып қоймай, одан әрі демді әлі келгенше тереңдете түссе, адам ҚТА-сына қосымша 1500—2000 мл ауаны жұта алады. Осылайша қатты дем алғанда ҚТА-сына қосымша жұтылатын ауа көлемін резервтік (қосымша) дем алу ауасы дейді. Сөйтіп, демді қатты ішке тартса тыныс жолдарын толтырып екпеге жететін ауа мөлшері ҚТА (500 мл) мен РДАА-нан (1500—2000 мл) тұрады. Мұны дем алу мөлшері дейді. Ол^ООО—2500 мл-ге тең.

Қ-алыпты тыныс алу кезінде әдеттегідей дем шығарып, дем алмастан күшпен дем шығарса, тағы да сыртқа_1000—1_500мл ауа шығаруға болады. Мұны резервтік (қосымша) демшығару ауасы (РДША) дейді. Бұл ауа қалыпты жағдайда өкпеде сақталады, тек демді қатты шығарғанда сыртка шығады, сондықтан бұл қор ауа деп те аталады. Сонымен үш түрлі ауа — қалыпты тыныс ауасы, резервтік дем алу ауасы және резервтік дем шығару ауасы бірігіп өкпенщ тіршілік сыйымдылығын (ӨТС) құрады.

ӨТС = ҚТА+РДАА+РДША ӨТС=500 мл+2000 мл+1500 мл=4000мл.

Былайша айтқанда ӨТС дегеніміз — терең дем алып, іле-шала терең дем шығарған кезде сыржа шығатын ауаның көлемі. ӨТС ересек адамда 3500—5500 мл-дей. ӨТС адамнық жасына, жыны-сына, бойына, дене еттерінің (оның ішінде тыныс еттерінің) күші-не (ширақтығына) байланысты болады. ӨТС қарт адамда аз, оның қабырға шеміршектері қатайып, өкпесінің серпімді қабілеті темендейді, сондықтан демді ішке тартқанда кеуде қуысы онша кеңімейді, өкпесі керегінше жазылмайды. Ер адамға қарағанда әйелдің көкірек қуысы тарлау, ал жолақ еттері әлсіздеу келеді. Сондықтан да әйелдерде ӨТС төменірек болады. Спортшы адамның тьныс еттері ширақ, күштірек келеді де, дем алған кезде ке-кірек қаттырақ керіледі, ӨТС-і жоғары болады.

ӨТС-ті, оның құрамындағы ауа түрлерінің көлемін спирометр-мен елшеп немесе спирографпен жазып, олардың мелшерін спи рограмма арқылы табуға болады.

Күш салып терең дем шығарған сәтте 1000—1500 мл ауя сыртқа шықпай өкпеде қалып қояды. Мұндай ауа қалдык, ауа (ҚА) деп аталады. Қалдық ауа мен резервтік дем шығару ауасы қалыпты дем алып, дем шығарған кезде әрдайым өкпеде қальщ отырады. Мұндай екі түрлі ауаның қосындысы функциялық қал-дық ауа (ФҚА) деп аталады.

ФҚА=ҚА + РШДА

Ал қалыпты дем алған кезде функциялық қалдық ауа (ФҚА) қалыпты тыныс ауасымен (ҚТА) араласып, әрдайым аздап жа-ңарып отырады. Демді мейлінше ішке тартқан кездегі өкпені тол-тырған ауаның жалпы мөлшері өкпеніц жалпы сыйымдылығы (ӨЖС) деп аталады. ©ЖС екпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС) мен қалдық ауадан (ҚА) тұрады. ӨЖС=ӨТС+ҚА

Өкпедегі қалдық ауаның мөлшері жанама әдіспен (азот немесе гелий көлемін анықтау арқылы) анықталады. Әдетте ҚА өкпенің жалпы сыйымдылығының (ӨЖС) 20—30%-іне тең. Қарт адам екпесінің серпімді қабілеті төмендеп шеміршегі қатайғандықтан өкпенің тіршілік сыйымдылығы азайып кетеді, ал қалдық ауаның келемі, керісінше, көбейе түседі.

3 Тыныстың минуттық көлемі

Бір минут ішінде өкпе арқылы ететін ауаның көлемі тыныстық минуттық көлемі (ТМҚ) деп аталады. ТМК бір минут ішінде өкпеге келіп түсетін оттегімен сыртқа шығарылатын көмір қыш-қылы мөлшерінің арақатынасына яғни зат алмасу қарқынына байланысты. ТМК әдетте орта есеппен 6—9 л болса, ал ауыр, ка-ра жұмыс істеген адамда 100—120 л-ге жетеді, тіпті одан да аса-ды. ТМҚ қалыпты жағдайда шығарылған ауаны Дуглас кабына жинап, газ санақшысынан өткізу арқылы өлшенеді немесе қалып-ты тыныс ауасының (ҚТА) көлемін бір минуттық тыныс жиілігіне (МТЖ) көбейту арқылы анықталады (ТМК=ҚТАх хМТЖ). МТЖ ересек адамда 14-20. ТМК осы аталған екі көрсеткіш мөлшеріне қарай өзгеріп отырады. ТМК екпенің желдену мөлшерін, өкпе вентиляциясын көрсетеді. Бірак екпенің жалпы желдену мөлшеріне альвеолалық желдену мелшері тең бол-майды (кем келеді), ейткені өкпе көпіршігіне сырттан келген ауаның тек 70%-і ғана енеді, қалғаны «өлі» кеңістіктің желденуін керсетеді. Альвеолалық желдену өкпедегі ауаның минут сайын жаңарып отыру мөлшерінің, екпедегі газ алмасу қаркынының көрсеткіші. Қалыпты тыныс алу кезінде альвеолалық жел-дену біркелкі болады. Мысалы, «өлі» кеңістік ауасы 150 мл, ал минуттық тыныс 16 болса, «өлі» кеністіктің желденуі (ӨКЖ) 150x16=2400 мл тең. Ал ӨЖЖ (өкпенің жалпы желденуі) 8000 мл делік, онда альвеолалық желденуі бұдан «өлі» кеңістіктің желде-нуі мөлшеріндей кем болады, яғни 8000 мл —2400 мл = 5600 мл тен.

Егер тыныс жиілігі екі есе өссе, онда альвеолалық желдену тө-мендейді. Мысалы, «өлі» кеңістіктің желденуі—150 (ӨКА) X Х32 (МТЖ)=4800 мл болса, альвеолалық желдену—8000— 4800 = 3200 мл болады, яғни ол кеп төмендейді. Сонымен «өлі»

кеңістіктің желдену мелшерінің екпеде өтетін газ алмасуына әсе-рі зор.

«Өлі» кеңістік. Ауа жолын жайлаған ауа, газ алмсу проце-сіне қатыспайды, сондықтан бұл жол «өлі» кеңістік деп, ал онда-ғы ауа «өлі» кеңістік ауасы деп аталады. Өлі кеңістік көлемін анықтау үшін өлген адамның ауа жольш суйық гипске толтырады да гипс қатқан соң оны басқа бір ЫДЫСТаРЫ суға салады, сөйтіп ығысқан су келемі арқылы өлі кеңістік өлшенеді. Ол орта есеппен 140—150 мл. «Өлі» кеңістік көлемі ауа жолы құрылысының ерек-шеліктеріне байланысты және тыныс ағзаларының қызмет ету қабілетіне қарай ол ұдайы өзгеріп отырады.

Сондықтан «өлі» ке-ңістік анатомиялық және физиологиялық болып екіге бөлінеді.

1. Анатомиялық «елі» кеңістіктің аумағы қан тамырларымен камтамасызданбаған немесе желденбейтін альвеолалардың са-нына байланысты.

2. Физиологиялық «өлі» кеңістік альвеолалық желдену мөлшері және өкпедегі қанның көлемдік жылдамдығына байланысты.

Альвеолалық желдену (ҮА) деңгейі мен қан айналысының кі-ші шеңбері арқылы ететін қан көлемінің (Р) ұдайы өзгеріп оты-руына байланысты физиологиялық өлі кеңістік бірде кеңейіп, бірде тарылып отырады.

Сонымен «өлі» кеңістік аумағының ұлғаюы газ алмасуының төмендегенін көрсетеді. Оның кеңеюі альвеолалық желдену мен альвеола қабырғасындағы көлемдік қан айналу жылдамдығына байланысты, сондықтан да бұларға әсер ететін әртурлі факторлар «өлі» кеңістік келемін өзгерте алады. Мысалы, бронх еттері жиырылса, альвеолалар қабынса ауанын, өкпеге өтуіне кедергі туады, сөйтіп «елі» кеңістік кеңейеді.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-16; Просмотров: 8123; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.009 сек.