КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Белок алмасуы
Белок — денеге- қажет аса маңызды қоректік зат әрі клетка негізін құратын құрылыс материалы. Қоректік заттар түзілуі, ыдырауы ферменттердің қатысуымен өтеді. Ал ферменттер түгел-дей белоктардан тұрады. Қанда газдар (СЬ, С02) тасымалдайтын гемоглобин де белокқа жатады. Адамның жүріп-тұруы, бір жерден екінші жерге жылжуы ет құрамындағы белоктар миозин мен актин талшықтарына байланысты. Адам денесін індеттен қорғайтын, гуморальдық иммунитет құрылымдар негізін құратын антидерелер де белоктан тұрады. Қан ұюына қатысып денені қансыраудан сақтайтын плазмалық фибриноген де — белок. Де-не қызметің қан арқылы реттейтін гормондардың көбі 'белок. Бе-лок — қуат коры. 1 г. белок тотьгқса, денеде 4,1 ккал, яғни 17,17 килоджоуль жылу пайда болады. Демек, белоксыз тіршілік жоқ, яғни белок — тіршілік көзі деген ұғымның дұрыс екенін керсете-ді. Белок құрамында 20 амин қышқылы бар, олардың 12-сі адам (жануар) денесінде тузіледі, ал 8-і сырттан келіп түседі. Алғаш-. қылары — орны.толар, соңғылары — орны толмас амин қышқылдары. Лейцин, изолейцин, валин, метионин, гистидин, аргинин, трифтофан, лизин, треонин, фенилаланин адам (жануар) денесін-де түзілмейді. Бұл орны толмас амин қышкылдары аста жеткі-ліксіз болса, жас организм өспей қалады, жүдейді, оның өмірі қысқарады. Осы қышқылдардан туратын белоктар аса бағалы құнарлы, ал құрамында мұндай қышқылдары жоқ белоктар құнар-сыздау деп аталады: Адамның күнделікті тамағында белоктың жалпы мөлшері жеткілікті болуға тиіс, мұнымен бірге сондағы құнарлы белок мөлшері 30%-тен кем болмағаны жен. Ет, сүт, жұмыртқа, балық уылдырығы қүрамындағы белок қүнарлы бола-ды. Аспен бірге асқазанға келіп түскен белоктар ас қорыту жо-лында протеаза ферменттерінің әсерімен амин қышқылдары мен пептидтер сатысына дейін ыдырайды. Амин қышқылдары, ащы ішектен қанға сіңіп қақпа венасы арқылы бауырға жетеді. Бау-ыр клеткаларында амин қышқылдарынан, қан белоктары (глобу-лин, альбумин, фибриноген) және өз клеткаларына қажет белоктар түзіледі. Мұнымен катар аздап белок қоры сақталуы мүмкін. Амин қышқылдарының артығы бауырдан қанға өтеді. Әр клетка қаннан езіне керекті амин қышқылдарын таңдап алады да, олар-дың езіне.ғана тән арнайы белоктар түзеді. Әрбір ағзаның қан-нан езіне қажет амин қышқылын іріктеп алатынын тәжірибе жү-зінде дәлелдеуге болады. Белгілі бір ағзаға келіп түскен арте-риялық қанды сол ағзадан шыққан вена қанымен салыстырса, кай амин қышқылдың венада азайғанын байқауға болады. Бұл жерде еске салатын бір мәселе сол ағзада түзілген белоктар жан-жануардың әр түрінде әртүрлі, олардың арнайы қасиеттері де әр жануарда әркелкі, мұнымен бірге тек осы ағзаға ғана тән арнайы қасиеттер де болады. Белгілі бір жануар ағзасына ғана тән белок басқа жаңуарда ішектен тыс (парэнтеральдық) жол-мен тікелей қанға не тері астыва, ет ішіне енгіеілсе, сол белокқа дененің сезімталдығы артады, ал келесі жолы сол белок қайта-лап енгізілсе, оған қарсы бағытталған антидене пайда болғаны байқалады. Демек, белоктардың ағзалық және жануардьщ тү-ріне тән (түрлік) қасиеттері болады. Клеткаларда белоктар тү-зілуімен қатар тотығу процесі жүріп жатады. 3 Көмірсу алмасуы Адам (жануар) денесінде көмірсу энергия кезі. 1 г көмірсу тотықса 4,1 ккал (17,17 мДж) энергия бөлініп шығады. Қөмірсу тез тотығады, оның денедегі қорынан босап шығуы оңай, сондыктан ол, әсіресе кенеттен өте шапшаң қимыл жасап, көбірек энер-гия жұмсарда пайдаланылады. Көмірсу денеге тағаммен бірге келіп түседі, кейде май мен белоктан түзілуі мүмкін. Адамға тәулігіне 450—500 г-дай көмірсу қажет. Ауызда, ішек-карында көмірсу (полисахаридтер) сіле-кей мен ұйқы безінің амилаза ферментінің, ұйкы безі мен ішек сөліндегі мальтаза, лактаза, сахараза ферменттерінің әсерімен ьідырап, моносахаридтерге айналады. Ішектін, бастапқы белігінде олар глюкоза, галактоза күйінде қанға сіңеді. Олар ішек эпителиінің апикальды жағынан ішіне қарай N3+ ионының қатысуымен клетка энергиясын пайдалана отырып, ал эпителийдің базальды мембранасынан қанға заттың грандиентіне сәйкес жай диффузия арқылы өтеді. Осылайша сіңген глюоза қақпа венасы,арқылы бауырға жетеді, мұнда ол гликогенге айналып қор ретін-де сақталады. Ас қорыту барысында осы вена арқылы бауырға 150—200 г-дай глюкоза келіп түсуі мүмкін/Мүндай жағдайда бау-ырдан шығып жалпы қан айналысьша іліккен глюкоза мөлшері уақытша көбейеді де алиментарлық (астан болған) гиперглике-мия тууы мүмкін. Әдетте қанның әрбір литріне 3,5—5,8 ммоль глюкозадан келеді. Ол кебейіп 8—10 ммольге жетсе, несепте.қант пайда болады (глюкозурия). Қанда қант деңгейі 2,8—2,2 ммоль/л-ге дейін азайса, гипогликемиялық кома басталады, адам есінен айырылып, сандырақтайды, өзінен--зі құрысып, тырысады. Әдетте қандағы қант деңгейі темендей бастаса, гликолиз арқылы қант бауырдан босап шығады да қанға өтеді, сөйтіп қант тұрақтылығы сақталады. Глюкоза бауырда ғана емес дене еттерінде де қор (1—2) болып гликоген күйінде сақталады. Клеткалардың көбі қандағы глюкозаны жұтып құрылыс (пластикалық) материалы және қуат көзі ретінде пайдаланады. Көмірсу клеткада оттегінсіз ыдырап алдымен сүт қышқылына (анаэробтық фаза), одан әрі оттегімің қатысуымен (аэробтық фаза) көмірқышқылды газ бен суға айналады. Аталған заттар артық болса өкпе арқылы сыртка шығарылады. Көмірсу алмасуының реттелуі. Көмірсу алмасуын реттеуде жүйке жүйесінің мәнін 1849 жылы К. Бернар анықтады. Ол сопақша мидын. төртінші қарыншасыньщ түбін инемен тітіркендір-•се, гипергликемия пайда болатыньш дәлелдеді. Мұның механизмі симпатикалық жүйке жүйесінің қозуьвна байланысты екені анық-талды. Симпатикалық жүйке бүйрекүсті безінің ми қабатына әсер етіп, адреналин гормонынын, қанға етуін күшейтеді де, бауырда-ғы гликогенолиз процесін үдетеді. Адреналин бауыр мен дене еттеріндегі гликогеннің ыдырауын күшейтіп, қанда қан мөлшерін арттырады (гипергликемия). Қалқанша без гормоны — тироксин тлюкозаньщ тканьдерге өтіп, денеге сінуін тездетеді. Бүйрекүсті безінің қыртысындағы глюкокортикоид гормондары да белок пен майдан глюкоза түзілуін күшейтіп, оның қандағы деңгейін арттырады. Мұнымен. бірге глюкокортикоидтар тканьдерді инсулин серіне түрақты етіп 'клеткаға қанттың сіңуін төмендетеді. Көмірсу алмасуында инсулин әсері адреналин әсеріне қарама-' Қарсы. Инсулин ұйқы безінің Лангерганс шоғырлары клеткаларыңда түзіледі 'де бауыр мен дене еттерінде гликогенез- процесін күшейтеді, сөйтіп қаннан еткен қанттьщ клетка мембранасы арқылы өтуін жеңілдетіп сіңуін күшейтеді, қанда кант деңгейін төмендетеді. Инсулин көбейсе, қанда қант мелшері күрт азайып, адам гипогликемиялық комаға ұшырауы мүмкін. Ұйқы безінде түзілеггін глюкогон гормоны бауырда гликогең ыдырауын күшейтіп, қанда қант деңгейін жоғарылатады. Глюко-гонның көмірсу алмасуына тигізетін әсері инсулин әсеріне қара-ма қарсы. Типофиздің соматроптық гормоны инсулин түзіілуін кү-шейтеді де кемірсу алмасуын реттейді. Бұл бездің АК.ТГ гормоны глюкокортикоидтардың қанға шығуын үдете отьрып, қанда қант деңгейін өзгертеді. Көмірсу алмасуын реттейтін орталық гипоталамусты орналас-қан, сол орталықтың артқы ядроларын тітіркендірсе адреналин мен инсулин түзілуі күшейе түседі. Гипоталамустың әсері орталық жүйке жүйесінің жоғары белімдерінің бақылауында. '• Қорыта келгенде, көмірсу алмасуына ми қыртысы, мидың басқа да бөлімдері гипоталамус арқылы әсер етеді. Ал гипотала-мустың өзі вегетативтік жүйке жүйесінің парасимпатикалық жә-не симпатикалық бөлімдері мен ішкі селініс бездері арқылы кө-мірсу алмасуын реттеп отырады.
Дата добавления: 2014-11-16; Просмотров: 7907; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |