Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Ан тамырлары 1 страница




Қан тамырларының тұйық жүйесінде жүректің жиырылуъ^ сондай-ақ одаи тыс экстракардиялық факторлардьщ әсер етуі* нәтижесінде үздіксіз айналып жүреді.

Қан тамырлары құрылысы мен қызметіне қарай бірнеше топ-қа бөлінеді.

Қүрылым ерекшеліктерінв байланысты — қолқа, үлкен, орта-ша, кіші артериялар, артериолалар, капиллярлар венула, әр көлем-ді веналар, үлкеи қуысты веналар болып бөлінетіні морфологиялық ғылымдардан белгілі. Қан тамырлар функциялық маңызыңа қа-рай да жіктеледі. Б. Фольковтың жіктеуі бойынша амортизация-лық, резистивтік, сфинктерлі, зат алмасу, сыйымдық, артериола мен венуланы жалғастыратын дәнекер тамырлар (анастомоз) бо-лып жіктеледі.

Амортизациялық — дацғыл-магистральды, қысылідық-компрес-сиялық тамырлар тобына кабырғаларыңда серпімді (майысқақ) талшықтары көп қолқа, өкпе т. б. жуан артериялар жатады. Олар қабырғаларындағы серпімді талшыктар арқасында жүректен си-стола кезінде шығатын қанның уздіксіз ағысын қамтамасыз ете-ді. Мәселен, жүректің сол қарыншасынан систола кезінде шығып, қолқаға құйылған қан қолқа қабырғасын кернеп кеңейтеді. Қол-қа қабырғасындағы созылып ұзарған серпімді талшықтар қайтадан бұрынғы қалпына келуге тырысады да, тамыр ішіндегі қан-ды қысып, қан қысымы төмен жаққа карай ығыстырады. Осының. нәтижесінде қолқадағы қан систола және диастола кездерінде уздіксіз толқынға айналып ағып тұрады.

Резистивтіккедергі тамырлар қатарына қабырғаларында қалың ет талшықтары бар жіңішке артериолалар мен прекапил-лярлық, посткапиллярлық сфинктерлер жатады. Еттің жиырылуы-на байланысты артериолалар әбден тарылады, мұнымен қатар капилляр алдындағы және капиллярдан кейінгі сфинктер жиы-рылып қан ағысына қатты кедергі болады. Капиллярлар мен жі-ңішке венулалар көптеген жіңішке түтікшелерге айналады, сайып келгенде бұлар да қан ағысына әжептәуір кедергі жасай алады.

Сфинктерлі тамырлар қатарына өн бойында сақина тәрізді ет талшықтары бар, сондай-ақ сфинктер құраған артериолалар мен прекапиллярлар жатады. Бұлардың жиырылып-жазылуы нәтиже-сінде капиллярлардағы қан айналысы реттеледі.

Зат алмасу тамырлары қатарына капилляр венулалар жатады. Бұлардың қабырғалары өте жұқа, капилляр бір-ақ қабат эндо-телийден түрады, сондықтан да сұйықтықтар меи ерітінділер, ко-ректік заттар каннан тканьге, тканьнен қанға диффузия, сүзгі ар-қылы өтеді.

Артериолалар мен венулаларды жалғастыратын көпірше та-мырдық бас жағында сфинктер болады. Ол жиырылса, кепірше 188

тамырдан қан өтпейді, барлық қан капиллярлар арқылы өтеді. дл сфинктер босаңсыса, қан көпірше тамыр арқылы артериоладаге венулаға өтіп венадағы қан ағысын тездетеді.

Қөлемді әрі сыйымды тамырлар капиллярлардан кейінгі өте усак вена тамырларынан тұрады. Кейбір ағзаларда (көкбауыр„ 5ауыр т. т.) венулалар кеңейіп синустар (қуыстар) құрады. Вену-ла қабырғасы жұқа, әрі созылғыш келеді. Веналар саны артери-ялардан көбірек. Вена кеңейсе, оларда бар қанның 70—80%, сыйып, кетер еді. Сондықтан да бұл тамырлар көлемді, сыйымды тамыр-лар деп аталады. Жүрекке келіп құйылатын қан көлемі осы сый-ымды тамырлардың тонусына байланысты. Веналар жұқа болса да, ол жиырылғанда жүрекке құйылатын қан көлемі көп артады. Жүрек пен тамыр жүйесін Б. М. Ткаченко олардың орындайтын қызметіне орай 8 топқа жіктейді (1985 ж.):

1.Жүрек тамырлардағы қан қысымын кетеріп, қолқа мен екпе артерияларына қан айдайтын — генератор.

2.Қысымы жоғары не магистральды-даңғыл тамырлар. Бұлар қан қысымын жоғары деңгейде сақтайтын қолқа, оның бұтақ-тары (үлкен артериялар, өкпе артериялары), қарыншалардан систола уақытында ауық-ауық шығатын қанның үздіксіз ағысын қамтамасыз ететін майысқақ тамырлар.

3.Қан ағысына кедергі жасайтын резистивтік тамырлар. Бұ-лар екіге белінеді: а) қысым тұрақтылығын сақтайтын үсақ арте-риялар мен артериолалар. Бұлар жүректің систолалық қан мел-шеріне сәйкес қан ағысына кедергі жасау арқылы қан қысымы-ның оптимальдық деңгейін сақтайды; б) капиллярда қан ағысын реттеуші, яғни кан үлестіруші тамырлар. Бұлардың қатарына қа-бырғасында сақина тәрізді еттері бар ұсақ тамырлар пре — жә-не посткапиллярлар жатады. Сақина еттер жиырылғанда капил-лярларға қан өтпейді, ал сфинктерлер босағанда капиллярлардан-қан қайта аға бастайды. Осыған орай қан ағысына қатыспай-тын капиллярлар саны өзгеріп тұруы мүмкін.

4.Зат алмасу тамырлары. Бүған капиллярлар мен олардыц қосылуынан пайда болатын ең ұсақ венулалар жатады. Бұлардың. қабырғасынан тканьаралық сұйықтық пен қан ішіндегі заттар алмасады. Қейбір заттар ең ұсақ артериолаларда алмасуы мүм-кін.

5.Сыйымды не қан жинайтын (аккумуляциялайтын) тамыр-лар. Бұларға венулалар мен ұсақ веналар жатады, саңылауларьг кеңіген сәтте қанның көбі (70%) жиналады, ал тарылғанда жү-рекке қарай қанның жылжуы тездейді.

6. Қанды жүрекке әкелетін тамырлар. Бұған үлкен қуысты веналар жатады.

7.Артериола мен венуланы не артерия мен венаны қосатын көпірше — дәнекер тамыр анастомоз. Бұлар белгілі бір микро-тамырларда қанның ағуына оптималдық жағдай тудырады.

8.Сорып алатын — резорбция жасайтын тамырларға кан ай-налысы жүйесінің бір бөлігі •— лимфа капиллярлары мен лимфа тамырлары жатады. Бүлар тканьнен белок және суды сорып алыгг лимфа тамырлары арқылы венадағы қанға апарып құя-дң В. И. Ткаченко тамырларды жіктеу ілімінде олардың маңызьің толығынан қамти отырып, жүрек және лимфа тамырлары біп •функциялық жүйе ексніне аса көңіл аударудың қажеттігін көрсетті.

4 Қан айналысының реттелуі

Ағзаның қызметі нәтижелі болуы үшін, кан айналысы қыз-мет қарқынына сәйкес болуы қажет. Осыған орай ағзалар ара-сында қан мелшері үнемі қайтадан белініп отырады. Қан қысы-мы бір қалыпты сақталғанымен қанның ағу жылдамдығы өзгеріп тұрады. Осының бәрі қан тамырларының кеңейіп-тарылуына, яғни қабырғасындағы ет талқыштарының жиырылып қатаюына (тонусына) байланысты. Ал қан қысымынң түрақтылығыньщ өзі де жүректің систола сайын шығаратын қан мелшері мен қан ағысына көрсететін тамырлар кедергісінің қатынасына байла-нысты. Қысқасы кан айналысы тамырлардың тонусын өзгерту арқылы реттеледі. Тамыр тонусы жоғарыласа, оның түтігі тары-лады, ал төмендесе, керісінше кеңейеді. Орташа және жіңішке артериялар мен артериолалар қабырғасында ет қабаттары қалың келеді. Прекапиллярларда бірыңғай салалы ет талшықтары түтікті айналдыра сақина тәрізді топталып сфинктер кұрады. Осы тамырлардың тонусы ағзалардың қанмен жабдықталуын реттеп отырады.

1.Жүрек қызметтерін зерттеу салалары

1842 жылы Киев университетінің физиологі А. Вальтер вазо-констриктордың симпатикалық жүйке екенін бірінші болып топ-шылады. Ол көлбақаның шонданай жүйкесін кесіп, тәжірибе жү-зінде сирақтың ісініп, аумағы үлкейгенін, жуйкенің шеткі үшын тітіркендірген кезде ісігі тарылып сирақтың көлемі кішірейеті-нін байқады. Сирақ көлемінің өзгеруі қан -тамырларының кеңейіп-тарылуына байланысты екені белгілі.

1851 жылы француз ғалымы Клод Бернер ете көрнекті тәжі-рибе жасап, симпатикалық жүйкенің (вазоконстриктор) қан та-мырларын тарылтатынын дәлелдеді. Ақ қоянның құлақ тамыр-ларындағы симпатикалық жүйкені мойын тұсынан кесіп тастаса (симпатэктомия) құлақтың қызарғанын және әр тамырдың ке-ңейгенін ешбір аспапсыз жай көзбен де керуге болады. Құлақ-тың қан тамырлары кеңейіп, қанға толып ысиды, қызуы 1—2° көтеріледі. Кесілген жүйкенің шеткі құлаққа баратын ұшын ті-тіркендірсе керісінше, құлақ тамырлары тарылады да, құлақ сұрғылт тартып, қызуы 1—2° төмендейді. Бұл тәжірибе симпати-калық жүйкенің кан тамырларын тарылтатынын, олардьщ тону-сын жоғарылататын керсетеді. Мұнымен бірге жүйке орталықта-рынан серпіністер қан тамырларын үнемі тітіркендіріп тұратынын дәлелдеді. Бұл серпіністер қан тамырларының тонусын бір дең-гейде ұстайды. Егер серпіністер жиілесе, қан тамырларының то-нусы жоғарылап, түтіктері тарылады, ал сиресе, керісінше, тону-сы төмендеп, түтіктері кеңейе бастайды. Бұл мәліметтер тәжіри-беде құрсақ ағзаларынын, симпатикалық жүйкелерін тітіркендіру, бұдан пайда болған серпіністерді жазып алу арқылы алын-ды. Сонымен құрсақ ағзаларыньщ қан тамырларының тарылуы мен кеңеюі симпатикалық жүйкелер серпінісінің жиілігіне тіке-лей байланысты екені анықталды. Мұнымен қатар тамырлардың тарылуы мен кеңеюі сол жүйкелердің ұшынан бөлініп шыққан медиаторлардың және оларды қабылдайтын тамыр қабырғасын-дағы ет талшықтары рецепторларының түріне байланысты бола-ды. Симпатикалық ганглийден кейінгі жүйкенің ұшынан медиа-тор — норадреналин не адреналин бөлініп, ал ганглийге дейінгі үшынан ацетилхолин шығатыны жоғарыда айтылған. Осыған орай симпатикалық адренергиялық жүйке тамырды тарылтса, холинергиялық симпатикалық жүйкелер оны кеңейтеді. Біріңғай салалы ет мембранасында екі түрлі адренорецептор кездеседі: а — рецепторы қозсз қан тамыры тарылады, р — рецепторы қозса керісінше, қан тамыры кеңеюі мүмкін.

Адреналин көбінесе а — адренорецепторлармен әрекеттеседі де, қан тамырларын тарылтады. Адреналиннің қан тамырларына әсері қанда оның аз-көптігіне байланысты: тым көп болса, адре-налин р — рецепторлармен әрекеттесіп қан тамырларын тарылту-дың орнына кеңейтеді. Мәселен, шоктың соңғы кезеңінде адре-налиң |3 — адренорецепторлармен әрекеттесуі мүмкін. Осыған байланысты қан қысымы ете темендейді. Симпатикалық жүйке-нің қан тамырларына әсері, бір жағынан,медиаторлардың түрі-не, олардың мөлшеріне, концентрациясына байланысты болса, екінші жарынан медиатормен әрекеттесіп қозатын адренорецепторлардың санына да байланысты. Қаңқа еттеріндегі кейбір та-мырлардың симпатикалық ганглийден кейінгі жүйкелер ұшынан ацетилхолин бөлінеді. Ацетилхолин қан тамыры қарбырғаларын-дағы салалы еттердің тонусын төмендетіп, түтігін кеңейтеді. Үзақ уақыт каңқа еттері қызмет еткенде олардың қан тамырларының кеңеюі осы холинёргиялық талшықтардың әсерінен немесе р — адренорецепторлардың қозуынан болуы мүмкін. Қан тамырды ке-ңейтетін жүйке — вазодилататор парасимпатикалық жүйкелер ара-сында да кездеседі. Клод Бернер үш парасимпатикалық жүйке: п. реіуісиз сыртқы жыныс ағзаларының, п. Іігщиаііз — тілдің, п. іутрапі — сілекей бездерінің тамырларын кеңейтетінін байқады. Бұл жүйкелердін, ұшынан ацетилхолин медиаторы бөлініп шыға-ды. Терінің не ауыз қуысының кілегейлі қабығындағы рецептор-ларды тітіркендірсе, сол аумақтағы қан тамырлары кеңейеді. Бұл сомалық афференттік жүйкеніқ қатысуымен аксон-рефлекс арқылы кеңейеді деп жорамалдайды. Вейлисс пен А. А. Орбели жұлынның артқы түбірінде афференттік жүйкелермен қатар эф-ференттік жүйкелер, яғни қан тамырларын кеңейтетін жүйкелер бар екенін байқады. Жұлыннан шыққан тері қан тамырларын кеңейтетін серпіністерді жұлын түйіндеріне эфференттік, ал бұл түйіндерден шыққан серпіністерді теріге афференттік жүйкелер жеткізеді, бұл антидромдық ~ әдеттегіге қарсы өткізу деген пі-кір білдірді. Демек, афференттік сезімтал жүйкенщ бойымен ак-сон-рефлекстер де қан тамырын кеңейтуі мүмкін. Мысалы, сезгіш жүйкені немесе тері рецепторларын электр тогымен тітіркендір-се терінің қан тамыры кеңейеді. Ал, теріні афференттік жүйке азғындағаннан (дегенерациядан) кейін тітіркендірсе, ол жер қы-зармайды.

Қапиллярлардын. кеңейіп-тарылуы пассивті түрде етеді: ка-пиллярларды қан кеңейтеді, қан азайса, ол тарылады. Бірақ ка-пилляр қабырғасындағы эндотелийге жүйкенің әсері — трофика-лық әсер.

Қорыта келе, қан тамырьщ тарылтатын жүйкеге симпатика-лық адренергиялық жүйкелер жатады. Тамырдьщ кеңеюі тары-луы симпатикалық жүйкеден тамырға келетін серпіністер жиілі-гіне байланысты, серпіністер азайса, тамыр кеңейеді. Қан тамыр-ларын кеңейтетін жүйке қатарына холинергиялық симпатикалық жүйке, жоғарыда аталған үш парасимпатикалық жүйке және те-рінің, ауыз қуысы ағзалары тамырларын кеңейтетін сомалық жүйке жүйесінің сезгіш жүйкелерден келетін антидромдық серпіністер.

Қан тамырларының тонусы плетизмография, реография, ре-зистография әдістерімен зерттеледі.

Резистография — резистивтік тамырлардың кедергісін жазып алу.

Реография — ағзалардьщ қанға толуын, олардың электр кедергісін тіркеу арқылы анықтау.

Плетизмография — ағзалардық не аяқ-қол көлеміндегі өзге-рістерді жазып алу.

Әдебиеттер:

Х.Н.Сәтпаева „Адам физиологиясы/ 161-189 беттер

Дәріс №9

Тақырыбы: Лимфа айналысы

Дәріс мазмұны:

1 Лифманың түзілуі мен ағзадағы орны

2 Лимфа жүйесінің эволюциясы мен морфологиясы

3 Лимфаның құрамы мен қасиеттері

4 Құрамында лимфа ткані бар ағзалар: тимус (айыршық без), көкбауыр.

5 Лимфа жүйесінің қызметі

6 Лимфаның ағысы

1 Лифманың түзілуі мен ағзадағы орны

Лимфа тамырлар жүйесі, қан тамырлар жүйесімен қатар,, адам мен жануарлар денесінде сан қилы заттар тасуға қатыса-тьің кең ауқымды күрделі қүрылым, оның қызметі де алуан түрлі.

Лимфа жүйесі — тканьаралық сұйықтық құрамындағы су, тұз белок липид, алмасуы кезінде пайда болған әртүрлі заттардың, микроб, денеге енген бояу т. б. қан арнасына, дәл айтсақ, вена жүйе-сіне өтуін қамтамасыз етеді, яғни косымша дренаждық қызмет атқарады. Ол сондай-ақ, интерстициялық сұйықтықтан түзілгеіг лимфа ағысын қамтамасыз етеді. Лимфа — адам денесіндегі екінші сұйық орта. Сонымен, қан айналысы, әсіресе микроцирку-ляция, лимфа түзілуі, ағуы бір-бірімен тығыз байланысқан өте- күрделі процестер.Лимфа жүйесіне қарағанда қан жүйесі, оның морфологиясы мең физиологиясы анағұрлым жақсы зерттелген. Сондықтан да болар қазіргі таңда тасымал жүйесі туралы әңгіме болғанда алдыімен қан айналысы, оның реттелуі еске алынады. Дегенмен, соңғы 20 жылдың ішінде лимфа жүйесінің морфологиясы, физиологиясы және патологиясы туралы ғылым, жаңа материалдар. мен, деректермен толықтырылды. Ғылыми-практикалық маңызьі бар сол деректер қәзіргі таңға сай жан-жақты зерттеу әдістерің қолдану нәтижесінде жиналды. Лимфа жүйесінің физиологиясы мен лимфология туралы түсінік тереңдеді. Қан айналысы мең.лимфа айналысының қызметі жағынан өзара байланысы, түрлі аурулар кезінде тасымал жүйесінің қызметі қаншалықты және қалай өзгеретіні анықталды. Ауруды анықтау оны емдеу мақсат-тарымен клиникада лимфа жүйесіне әсер ету әдістері кеңінен пайдаланыла бастады. Мәселен, тірі организмнің лимфографиясы, лимфаға әртүрлі дәрі-дәрмектер жіберу, көкірек лимфа тамырын сырттан дренаждау, эндо- және экзотоксикоз (іштей және сырттай улану) кездерінде улы заттардың уытын қайтару (детоксикация) мақсатымен лимфосорбция жасау.

2 Лимфа жүйесінің эволюциясы мен морфологиясы

Эволюция (тарихи даму) барысында дене сыртына жақын және терең орналасқан торлы лимфа тамырлары алғаш сүйекті балықтардан табылды. Олар бір-бірімен қабырғалары эндоте-лиймен қапталған лимфа саңылаулары (синустар) арқылы бай-ланысқан. Мұндай тамырлар мен саңылауларда етті қабат бол-майды. Сондықтан, олар жиырыла алмайды, тек резервуар ролін атқарады. Балықта лимфа тыныс алған кезде ғана ағады.

Қосмекенділердің лимфа жүйесі жақсы зерттелген. Мәселен, келбақа терісінің астында белгілі бір ырғақпен жиырылатын 2 лимфалық жүрек (алдыңғы және артқы) болады. Олар ет ткані-«ен тұрады, ішкі жағынан эндотелиймен қапталған. Вена жүйесі ұласатын тесіктің тұсында айшықты қос қақпақша болады. Көлбақаның лимфалық жүрегінде өзіне лайық жүлын талшықтары тарамданған. Құста еқ алғаш лимфа түйнектері пайда болады да, лимфа жүректері жойылады (соңғылар тек эмбрионда болады). Лимфа тамырының қабырғасы 3 қабықтан тұрады, қақпақшалары болады.

Сүтқоректілер мен адамның лимфа жүйелері құрылысы жағынан өзара ұқсас. Оларда лимфа жүректері болмайды, бірақ лимфа түйіндері ете кеп болады. Ағза ішіндегі, оның сыртындағы лимфа тамырларының қақпақшалары болады.

Адамның лимфа жүйесі капиллярлардан басталады. Олар көкбауырда, ми мен жұлында, көз алмасының қапшығында, шы-рышты қабықтың эпителий қабатында, шеміршекте, тері эпидер-мисінде, қағанақта, көз бұршағында басқа да ағзаларда тарам-данбаған. Ол ілмекше не саусақтар тәрізді, не болмаса жабык, тор тәрізді болып басталады. Қан капиллярларынан кендеу, өте созылғыш келеді, диаметрі 10—100 мкм, орта есеп-пен (20—40 мкм). Ағза қызметіне қарай саңылау аумағы өзгеріп отырады. Лимфа капилляр қабырғасы тек бір қабат эндотелиден тұрады, өзін сырттай қоршаған тканьдермен тығыз байланыіскан, тіпті бірігіп кеткендей. Лимфа капиллярының бір ерекшелігі оның арнайы микрожіпшелері болады. Сол жіпшелерімен капилляр көрші тканьге «байланып» тұрғандай болып көрінеді. Кейбір болжамдарға қарағанда бұл микрожіпшелер тканьдегі аусым күшейген кезде лимфаның капиллярларда қысылып қалуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ эндотелийлік аралық саңылау қакпақшаларының негізі болуы мүмкін. Лимфа капилляры қабырғасының қызметіндегі ерекшеліктер клеткааралық байланысқа ңегізделген және клеткааралық каналшалардын, саңылауына бай-данысты. Лимфа капиллярлары ағза ішінде тарамданып, одан да ұсак лимфаға айналады. Белгілі бір ағзадан не дененін, бір бөлігі-Нен шығарда экстра ағзалық (ағза сыртындағы) шығарушы тамыр ретінде міндетті түрде бір не бірнеше лимфа түйіндері арқылы

етеді.Ересек адамда 450—700 лимфа түйіндері болады. Олардың жалпы салмағы дене салмағының 1%-іне тең. Лимфа түйінінің сырты дәнекер тканінен тұратын капсуламен (жұқа қаппен) қапталған. Капсуладан түйінінің ішіне қарай көптеген перделер — трабекулалар шығып түйінді бірнеше бөлікке бөледі. Трабекулалар арасында ұлпа және қыртысты құрылымнан тұратын лимфалық ткань болады. Лимфа ткані мен трабекуланы саңылау бөліп тұрады. Оны синус деп атайды. Лимфа синуске құйылып, лимфэ түйініне өтеді. Түйінде лимфа ағысы баяулайды да жол-жөнеке біріккен лимфоциттерді қосып алып, сыртқа шығаратын лимфа тамырларымен ағып өтеді. Лимфа түйіндерінде кептеген қан тамырлары, жүйкелер тарамданған

Лимфа түйіндерімен салыстырғанда шырышты қабық пен ба-дамша бездерде лимфа әкелуші тамыры болмайды, тек лимфа әкетуші тамыры ғана болады.

Лимфа түйіндері белгілі бір тәртіппен орналасқан. Ішкі ағзаларға кіретін жерде, яғни «қақпасында» топ-топ болып орналасқан. Бұндай түйіндер тізеасты, шап-қолтық, бел, мойың және т. б. жерлерде бар.

3 Лимфаның құрамы мен қасиеттері

Лимфа мөлдірлеу, ересек адамда сәл сарғыштау, жаңа туған нәрестеде сүт түстес ақ. Оның сыбағалы салмағы әр жердегі та-мырда әртүрлі 1,017—1,026. Оньщ тұтқырлығы қан тұтқырлығынан аз—1,7—2,0 реакциясы сілтілі (рН — 8—9). Химиялық құрамы жағынан қан плазмасына ұқсас. Құрамындағы минерал тұздар мен органикалық қосылыстардын, мөлшері де қан плаз-масындағыдай, бірақ белок мөлшері қандағыдан аз —0,3—0,5%, және әр ағзада әртүрлі. Қан тамырларының еткізгіштік қасиеті барлық ағзада бірдей емес.

Мәселен, бауыр лимфасында —5,3—6,5% көкірек өзегінің лимфасында 4,4%, тері тамыр-ларының лимфасында 0,5% белок бар. Көкірек өзегіндегі лимфаның осмостық қысымы 290—310 м.осм/л. Лимфада кан белогынын, барлық фракциялары болады, бірақ фибриноген қанындағыдан аздау, Лимфада тромбоцит жоқ. Сондықтан лимфа, ете баяу ұйиды. оның ұю мерзімі 10—15 минут. Ұйыран кезде сарылт түсті жұмсақ қоймалжынға айналады. Қүрамында К витамині көбейіп, кальций тұздары тез сіңетін болса, лимфа әдеттегіден анарұрлым тез ұйды.

Лимфада өте ұсақ (хиломикрондар) липидтер де болады. олардың мөлшері көбейсе, лимфаның түсі сүттей болып арарады. сондықтан да ішектің лимфа тамырларын сүт тамыры деп те зтайды. Хиломикрондар ішектің шырышты қабыры арқылы ішек %рлеріндегі лимфа тамырларына етеді.

Лимфа қүрамында адреналин, тироксин, зстроген, тестостерон т. б. гормондар, көптеген ферменттер (амилаза, мальтаза, Диастаза, липаза, протеаза т. б.) болады. Олар әсіресе бауыр мен ішектегі лимфада көп. Аталған энзимдердің көбі қан жүйесіне лимфа тамырлары арқылы етеді.

Сонымен бірге лимфа қуысында лимфоциттер мен аздаға лейкоциттердең басқа да түрлері болады. Көкірек өзегінің сына жақыпдаған сайын лимфа құрамында лимфоциттер ді, олар лимфа тамырларына лимфа түйіндерінен өтеді. Сондықтан да лимфоциттер саны әр ағзада әртүрлі, қай ағзадан алынуына қарай 1 мкл лимфада 2—25 мың лимфоцит болады. Қөкірек өзегі арқылы қан жүйесіне тәулігіне 35 млрд лимфоцит ауысады Осы өзекті байлап тастаса қанда лимфоцит саны азайып кетеді Адам денесінде қанша лимфа бар екені белгісіз. И. Русньяктыв мәліметі бойынша лимфа тамырларында 1—2 литр лимфа бар, кейбіреулер лимфаны қан көлемімен бірдей деп санайды.

4 Құрамында лимфа ткані бар ағзалар: тимус (айыршық без), көкбауыр.

Тимустың лимфа тамырлары көкірек қуысындағы беткей орналаскан түйіндер арқылы өтеді. Тимуста Т — лимфоциттер өніп-өседі. Қекбауырда қан тамырлары лимфа тамырларымен байланысқан, осы арада дамып жетілген лейкоциттер қанға енеді, оны байытады. Лимфа түйіндерінің соңғы топтарынан еткен лимфа тамырлары ірі лимфа сабағына — көкірек езегіне барып құйылады. Л. А. Жданов мағлұматына қарағанда, көкірек езегінің ұзындығы 30—40 см. Ол XI арқа омыртқасы мен II бел омыртқасы арасынан «хилезді цистерна» ретінде басталады да кекет тесігінен өтіп кекірек қуысына енеді, одан әрі омырткдлардың алдыңғы беттерін бойлай отырып, өңештің артымен көкі-рек қолқасының оң жағынан өтеді де жоғары көтеріледі. Қолқа иініне жеткен соң V—VI арқа омыртқаларымен тұтасқан жерде солға бұрылады. VII мойьш омыртқа тұсында көкірек өзегі ішкі бұғанаасты венаның сол жақ мойындырық венасымен қосылатын жерінде вена қуысына құйылады. Көкірек өзегі бүкіл денедегі лимфанын. — 3/4 бөлігін жинайды. Оған тек бас пен мойынның оң жақ жартысынан, оң қолдан, көкірек қуысының оң жағынан жи-налатын лимфа ғана құйылмайды. Бұл айтылған ағзалардын лимфасы оң жақтағы мойын лимфа өзегіне құйылады, ал бұл өзек оң жақтағы жауырынасты венасына ұласады. Лимфа тамы-рының кесіндісін микроскоппен қарағанда қабырғасының (кай тамыры тәрізді) 3 қабаттан тұратынын көруге болады. Лимфа та-мырының эндотелиінен клапан құрылады. Клапанмен тұстасқан жердегі лимфа тамырының қабырғасында ет және жүйке тамыр-лары болмайды. Лимфа тамырының қақпақшааралық сегментте-рі лимфангиондар деп аталады. Лимфангионда жүйке кеп, олар ет және дәнекер қабықтарда орналасқан. Цистернаға ұқсас ірі тамырларда кезеген жүйке мен құрсақ жүйкелері тарамданған, көкірек өзегінің сағасында кезеген жүйке тарамдары бар екені анықталды. Лимфангион лимфа жүйесінің құрылымдық функция-лы бөлшегі. Ол блезік тәрізді орталық ет белігінен, қақпакша синусының қабырғасынан және клапан бекітілген жерден тұрады. Оның көлемі — ондаған миллиметр және жан-жануар түрі ағза ерекшеліктері мен оның көлеміне байланысты. Ет қабыіғнда миоциттермен дәнекер ткань талшықтары көп. Ет клеткалары бір-бірімен тығыз байланысып негізінен иірімді орналасқан, нексустар тәрізді миоэндотелийлік және мигоцитарлық жанасуда болады. Диаметрі кіші тамырларда миоциттер лимфангион шеңберінен шықпайды, ал ағза сыртындағы ірі тамырлар мен өзектердегілер бір лимфангионнан екінші (көрші) лимфангионға өте береді. Лимфангион бөліктеріндегі ми-тохондриялардыңкөлемі де алуан түрлі. Лимфангиондардыңжиы-рьілуы фазалық жиырылу, тонустық жиырылу және баяу толқын-дар болып үшке белінеді. Фазалық жиырылу кезінде сорылып қозғалу белсенділігі, тонустық жиырылу арқылы сыйымдылык және өткізгіш қызметтері қамтамасыз етіледі. Баяу толқын-дардьщ ролі әлі күнге дейін белгісіз. Дегенмен, физиологиялык, тұрғыдан алғанда жеке ыррақты тітіркеністер кезендік және тонустық миоциттерде біркелкі емес. Миоциттердің мембраналық потенциалы 20—30 м шамасында.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-16; Просмотров: 1992; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.013 сек.