Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Эритроциттер




Эритроцит — (грекше егуігоз — қызыл, суіиз — клетка) қан-ның қызыл түйіршіктері. Олардың саны еркек пен әйелде бірдей емес. ЕІР адам қанының әр литрінде 4,0 — 5,0-1012 эритроцит бо-лады, Әйел қанында бұл керсеткіш аздау: 3,7 — 4,5- 1012. Эритро-Цит санының қалыптан тыс басым болуы (5,0- 1012) эритроцитоз, аз болуы (3,7 — 3,9- 1012 одан да төмен) эритроцитопения деп ата-лады. Эритроцитоз бен эритроцитопения сау адамда да науқас адам да кездеседі, сондықтан олар физиологиялық және патоло-гиялық болып екі топқа белінеді. Сондай-ақ абсолютті эритро-цитоз бен эритроцитопения үғымдары да бар. Эритроцит саны-ньщ абсолюттік өзгеруі оның сүйек кемігінде түзілуіне және қан-Ра өту шапшаңдығына байланысты. Салыстырмалы эритроцитоз бең эритроцитопения қан клеткалары мен плазманың аралық Қатынасына байланысты, бұл қан қойылғанда не сұйылғанда болатын өзгеріс.

Абсолюттік эритроцитоз — тканьде оттегі азайғанда (гипоксия) болады. Гипоксия салдарынан бүйректен көп мөлшерде эритропоэтиндер бөлініп шығады. Олар эритроциттердің сүйек кемігінде түзілуін және қанра өтуін тездетеді. Сау адамда ги-поксия ауаның барометрлік қысымы төмендеген жағдайда, яғни биік тауға шыққан кезде не кабинасы ашық самолетпен 3,5—5 мың м биіктікке көтерілген сәтте кездеседі. Сырқаттан-ған кезде болатын абсолюттік эритроцитоз — өкпе мен жүректің созылмалы ауруларға үшырауынын, салдары не қан аурулары

кезінде де болуы мүмкін.

Салыстырмалы эритроцитоз қанның сұйық бөлігі — плазма-ның азаюынан болады. Адам қара жұмыс істеп қатты терлегенде, не ыстық уақытта термен бірге құрамындағы суы сыртқа шығады да қан қойылады. Осыған орай эритіроцит саны (қанның әр мкл-де) көбейеді. Адам қара жұмыс істеген кезде де қанда су азаяды және көкбауырдын, жиырылуы күшейеді. Көкбауыр эрит-роциттер депосы болғандықтан жиырылған сәтте қанға көп мөл-шерде эритроциттер шығады.

Сырқаттанған кезде пайда болатын салыстырмалы эритроци-тоз да қанньщ қойылуына байланысты. Мәселен, қатты іш өткен-де онымен бірге сыртқа кеп мөлшерде су шығады, кейде су дене қуыстарына (мәселен,плевра жапырақтарыньщ арасына) жи-налады. Осының салдарынан плазма көлемі азаяды да қан қойылады.

Сау адамда әдетте абсолюттік эритроцитопения болмайды. Ол қаны азайған (анемия) науқас адамға тән. Анемия кезінде сүйек кемігінде эритроциттер түзілуі темендейді не шала жетіл-ген эритроциттер қанға шыға бастайды. Салыстырмалы эритро-цитопения қанның сұйылуына байланысты. Бірден шектен тыс көп шай (8—10 кеседен артық) не осынша қымыз ішсе біраз уақыттай қан сұйылуы мүмкін. Бірақ қанда су тұрақтылығын (гомеостаз) сақтайтын механизмдер денёдегі артық суды тез сыртқа шығарады. Адам қансырағанда 1—2 тәулік өтісімен қан сұйыла бастайды, эіритроциттер сүйек кемігінде тек 4—5 тәуліктен кейін түзіліп, қанға шыға бастайды. Оған дейін қан тамырла-рына тканьаралық сұйықтықтар өтеді де мұндағы қанныц көле-мін арттырады, сөйтіп 1—2 кундей қан сұйылған күйінде қалады. Бірден көп мөлшерде изотониялық ерітінді қүйса да қан біразға дейін сұйылады.

Лейкоциттер, олардың саны мен түрлері

Бір литр қанда 4,5—9-109 лейкоцит болады. Лейкоцит (Іеисо-суіиз) қанның ақ клеткасы (Іеисо — ақ, суіиз — клетка). Эритро-Циттен айырмашылығы — ядросы бар, эритроциттен үлкендеу (диаметрі 12 мкм), амеба сияқты протоплазмасынан жалған аяқ-тар шығарып (псевдоподий) қозғалады.

Қанда лейкоцит санының көбеюі лейкоцитоз деп, азаюы лейкоцитопения деп аталады. Лейкоцит саны сау адамда да, ауру адамда да өзгеріп отырады. Сондықтан лейкоцитоз физиологиялық және патологиялық лейкоцитоз болып екіге бөлінеді. Лейкоцит санының көбеюі қан клеткаларының түзілуіне, қан түзіле-тін ағзалар қызметінің күшеюіне байланысты болса, мұндай лейкоцитозды абсолюттік лейкоцитоз дейді. Мәселен, абсолюттік лейкоцитоз эмоция (катты шаттану, зорығу т. б.) салдары болуы мәселен, микробтарды аяқтарымен қармалап алып ферменттер-мен қорытады. Ол — үш сатылы процесс. Біріншімиграция (кө-шу) сатысы. Лейкоциттер амеба сияқты жалған аяқтарын созып, капилляр эпителийлері арасынан өтіп сыртқа шығады.

Лейкоциттер оң зарядты, олардың хемотаксис қасиеті бар, бөгде денелермен ұқсастығы күшті. Табиғаттағы физиотаксис құ-былысы өздеріне белгілі. Ол өсімдік жапырақтарының күн сәу-лесіне қарай қимылдауы. Лейкоциттер бөтен заттарға қарай қимылдайды, оны оң хемотаксис дейді. Қимылдау кезінде олар кан ағысына қарсы жүруі мүмкін, сөйтіп бөгде заттарға жақындаған кезде қылтамыр қабырғасындағы эндотелийлер арасына жалған аяқтарымен еніп, лейкоцит протоплазмасы сыртқа қарай ығысып бүтін қылтамыр сыртына шығады. Осы құбылысты диапедез деп атайды. Сыртқа шығысымен лейкоциттер жылжып бөгде затқа жақындай түседі.

Фагоцитоздыц екінші сатысы — бөгде затты танып, қармау, жұту фазасы. Микробтарға жақындаған сәтте лейкоцит денесі-нен опсонин деген зат бөліп шыға;р.ады да, бөгде заттарды денедегі клеткалардан ажыратады (таниды), осыдан кейін оларды лейкоцит мембранасына жабыстырады. Бетіне жабысқан бөгде затты лейкоцит аяқшаларымен айнала қармап қоршайды да, өз протоплазмасына қарай тартады.

Фагоцитоздьщ үшінші сатысы — жұту және қорыту. Лейко-циттің ішіне енген бөгде затқа лизосоманын, түрлі ферменттері әсер етеді. Бұлардың ішінде бөгде заттарды бейтараптайтын бактериоцидтік заттар (пероксидаза галоидтар —.1, С1, лизосом-дық катиондар және гистондар), вирусқа қарсы заттар — инте-роферондар бар.

Фагоцитоз — бейарнамалы иммунитеттің бір түрі.

Фагоцитоз барлық лейкоциттерге тән қасиет. Бірақ олардың ішінде бір жұтқанда 30—40 денені бірақ жұтатын — микроцит-термен (нейтрофилдер) қатар макроциттер — моноциттер және лимфоциттер бар. Бір моноцит 100 шақты бегде затты бірден жү-тады.

Нейтрофилдер — лейкоциттердің ішіндегі ең көбі (50—70%). Ядроларының пішіні олардың пісіп жетілуіне байланысты. Нейт-рофилдердің ең жасы метамиелоциттер (ядросы үлкен 'бүршақ тәрізді), онаң соң таяқ-ша ядролылар, әбден жетілген нейтрофил-дің ядролары сегменттелген. Бүлар лейкограммада жетілу дәре-жесіне қарай ең жасы сол жақта, ал әбден пісіп жетілгені од жақта орналасады. Метамиелоцит қанда кездеспеуі мүмкін, сондықтан ол 0—1%, таяқша ядролы 1—5% дейін, ал сегмент ядролы нейтрофилдердің саны 45—65%. Кейбір ауруларда жас нейтрофилдер мен сегмент ядролардың арақатынасы өзгеріп, жас-тарының саны (метамиелоциттер мен таяқша ядролылардьщ) кебейіп кетеді. Жас және пісіп жетілген нейтрофилдердің арақа-тынасын регенерацияльщ индекс деп атайды. Қалыпты жағдайда ол 0,05—0,1 тең. Нейтрофилдердің жас түрлерінің көбеюі, яғни регенерациялық индекстің жоғарылауы лейкограмманың солға карай жылжуы болып саналады. Бұл сүйек кемігшде леикоцит-тер түзілуінін, күшейгенін көрсетеді.

Нейтрофилдер организмді микробтар мен улы заттардың за-лалды әсерлерінен қорғайды. Оларды қоршап жүтады және фер-менттер арқылы ыдыратып жояды. Мұнымен бірге залалды зат-тармен әрекеттесетін белоктар және вирустарға қарсы интерфе-рон бөледі. Нейтрофилдердің қимылы басқа лейкоциттерге қарағанда өте тез. Сондықтан олар басқа лейкоциттерден бұрын залалды әсерлерге жауап қайтарады.

Моноциттер денедегі елі клеткаларды жұтып, жаңа клетка-ларға орын дайындайды. Сондықтан олар күзетші тазартқыш «сыпырғыш» деп те аталады. Олардың әрекеті әсіресе өте қышқылды қабыну нүктесінде күшті болады. Моноциттің бе-тінде қармаушы дене, комплементтерге арналған рецепторлар бар. Моноциттер қан тамырынан шыққан соң макрофагқа айна-лып денеде арнайы иммунитет қалыптасуына қатысады, яғни бөгде заттарды жүтып, өзгертіп, иммуногендер түзеді. Капилляр-дан сыртқа шыққан моноциттермен бірге гистиоциттер, купфер клеткалары сияқты фагоциттер мононуклеаралық бір ядролы клеткалар деп аталады, олар бүртұтас жүйе — мононуклеара-лық фагоциттер жүйесін құрады. Бұлар организмнің бегде әсер-лерге төзімділігін күшейтеді.

Лимфоциттермен бірігіп моноциттер иммундық жауап реак-циясына қатысады. Моноцит ісікке, вирустарға қарсы (интерфе-рон) зат, лизоцим, эластаза, коллагенді ыдрататын ферменттерді де шығарады.

Базофилдер гепарин бөліп шығарады, олар гепариноциттер деп аталады. Гепарин — қанды үйытпай сұйық қалпында сақ-тайтын зат. Базофилдер капиллярлар кенересін селдірететін, сөйтіп басқа заттардың етуін жеңілдететін зат —• гистаминді бө-ліп шығарады.

Эозинофиль — гистаминді ыдырататын гистаминаза фермен-тін беліп шығарады және қүрамында гистамині көп өлі базофиль түйіршіктерін қармап алып қорытады. Сондықтан да эозинофил-Дердің саны аллергиялық реакция кезінде кебейіп кетеді және Қанда гистамин өте көбейеді. Эозинофиль белоктан тұратын уыт-ты заттарды (токсиндерді) залалсыздандырады, антидене қа-лыптастыруға қатысады, плазмоген (фибринолизин) жасайтын затты бөліп шығарады.

Лимфоциттер арнамалы иммунитет қалыптастырып, бүкіл денедегі иммунитет жайын қадағалайды. Олар залалды заттар-Ды, клеткаларды жоятын арнайы клеткалар және плазмалық антиденелер беліп шығарады. Лимфоциттер — Т (тимуске байланысты), В (бурсаға байланысты) және О — лимфоциттер болып үшке бөлінеді.

Тлимфоциттер сүйек кемігінде, жілік майында түзіледі де тимус безінде одан әрі дамиды. Олар киллер, хелпер, супрессор Деп аталатын үш түрлі клеткаларға бөлінеді. Киллер — өлтіруші клетка ісік клеткаларын, адам денесіне жат ағзалар мен ткань-

дерді (транспланттарды) дамытпайтын иммунитет клетка. Ол сондай-ақ медиатор — лимфокин бөліп шығарады. Лимфокин өзге жат клеткаларды ыдыратып, жоятын лизосом ферменттерін, макрофагтардыц әсерін күшейтеді. Хелпер — көмекші клетка, В — лимфоцитпен әрекеттесіп, оны плазмалық антидене шығара-тын клеткаға айналдырады. Антидене антигенмен әрекеттеседі. Супрессор — қысым көрсетуші (реттеуші) клетка. Ол В — лим-фоциттің және Т — киллер реакциясы кушейіп бара жатса, те-жеп отырады. Т — лимфоциттер арасында иммунитетті ұзарта-тын еске сақтау клеткалары да бар.

Влимфоциттер жілік майында түзіліп, ішек пен бүйеннің (тоқ ішектің) лимфоидтық тканьдерінде, бадамша бездерінде одан әрі дамиды. В — лимфоциттер мен Т — лимфоциттер өзара әре-кеттескен соң иммунды глобулиндер (антиденелер) шығарады (гуморальдық иммунитет).

Лимфоциттер клеткалардың креаторлық байланысын сақтауға қатынасады, яғни басқа клеткалардың генетикалық қызметін рет-тейтін информация жеткізетін макромолекулаларды тасиды.

0клетка Т немесе В маркері (белгісі) жоқ лимфоциттер, басқа клеткаларды ерітіп ыдырататын ауытқыған клетка.

Лейкоциттердің барлық түрі опсонин (бегде затты таныйтын) бәліп шығарады.

Қорыта келгенде, лимфоциттер мен моноциттер организмнің арнамалы иммунитетін қалыптастыратын болса, лейкоциттердің бәрі де фагоцит ретінде бөгде заттарды жұтады, жояды, залал-сыздандырады. Базофилмен зозинофилдер қанды үйытпай капил-лярлардың өтімділігін күшейтіп, лейкоциттердің тез қимылдап капиллярлардан сыртқа шығуына көмектеседі, сөйтіп фагоциттертердің бөгде заттармен кездесуіне жағдай жасайды.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-16; Просмотров: 4746; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.01 сек.