Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Гипофиз




Гипофиз мидың түп жағындағы түрік ершігінде орналасқан, Ісалмағы 0,5—0,6 г, алдьщғы, ортаңғы, артқы бөліктерден тұрады. Алдыңғысы — аденогипофиз, ортаңғысы — меланогипофиз, артқыбөлігі — нейрогипофиз деп аталады. Құрылысы және қызметі жағынан олар әртүрлі, сондықтан олардың әр қайсысын бөлек без деуге де болар еді.

Адам және жануарлар тірлігі үшін қай бездің қандай маңызы, бар екенін білу мақсатымен зерттелетін безді сылып алып тастайды (экстирпация). Гипофизді алып тастаса (гипофизэктомия) өсімтал жас бала өспей қалады, жыныс бездері кеш жетіледі, ал ересек адамның бездерін алып тастаса, жыныстық шабыты төмен-дейді. Белок, май, көмірсу алмасуы бұзылады, қалқанша без^ бүйрекүсті бездер кішірейеді, қызметі нашарлайды. Несеп белінуін-де тәуліктік диурез күшейіп, шыжыңдық белгілері пайда болады (полиурия). Сырттан тиетін зиянды әсерлерге деген төзімділігі ке-миді. Осы айтылғандарың бәрі гипофиздің гормон шығару қызметінің нашарлауының (гипосекреция) салдары. Ал гипофиздің қыз-меті күшейсе, (гиперсекреция) мұндай өзгерістердің сипаты қара-ма-қарсы.

Гипофиздіқ алдьщғы бөлігіаденогипофиз үш түрлі, атап айт-қанда, ацедофилдік, базофилдік және хромофобтық клеткалардак тұрады. Соңғылары — бас клеткалар осы бас клеткалардан дами-ды. Бастапқы аталған екі клетка бүйрек үстіндегі бездердің қызме-тін күшейтіп, құрылымдық сипатын жақсартады. Гипофизде сома-тотроптық СТГ (соматотропин), тиреотроптық ТТГ (тиреотропин), аденокортикотроптық АҚТГ (адренокортикотропин), гонадотроп-тық ГТГ (гонадотропин), фоллитропин ФСГ, лютеиндейтін ЛСГ, лютропин, пролактин гормондары түзіледі.

Гормондардың физиологиялық әсері. Соматотропин жәй белок ацидофилдік клеткаларда түзіледі, денеде биосинтезді күшейтеді, барлық органикалық заттардың алмасуына, минералдық алмасуға әсер етеді, әсіресе белок түзілуін, айталық РНҚ, синтездік қасиетін күшейтеді, амин қышқылдарының қаннан ткань клеткаларына өтуін, сіңуін тездетеді, сөйтіп клеткалар мен тканьдердің өсіп да-муың қамтамасыз етеді. Гормон сондай-ақ, азот тепе-теқдігін өз-гертіп, денеде азот көбейеді, кальций, фосфат, натрий тұздарының сақталуына себепкер, бүйрек тканінің әсіп дамуын, қатаюын тез-детеді. Коллагендер түзілуін де (коллагенезді) үдетуі мүмкін.

Соматотропин гликогеннің ыдырауын гликогенолиз, глюконеогенез процестерін тездетеді. Сондықтан СТГ гормоны шектен тыс Қеп шығатын балса қа^нда глюкоза, қаңт деңгейіжоғарыл^йды (ги-пергликемия). Бұл көбінесе гипофиздік диабет ауруына тән. СТГ ли-поидтар мен май ыдырауын әсіресе бауырда бета — тотығуын1 күшейтеді, қанда кетоденелерді көбейтеді де, бұл өнімдердің дене еттеріне сіңуін үдетеді, сөйтіп сан еттерінің тонусын, күшін өсіреді. Осы айтылған әсерлерді жүзеге асыру үшін денеде СТГ ғана-емес, басқа бездердің гормондары да әсіресе глюкокортикоидтар, тироксин және инсулин жеткілікті болуға тиіс. СТГ әдеттегіден аз түзілетін болса адамның бойы өспей қалады, ол тіпті 1 метрден ас-пауы мүмкін. Мұндай адамды гипофиздік ергежейлі дейді. Ерге-жейлінің дене бітімі дұрыс қалыптасқан: бастың көлемі, аяқ-қол~ дың, кеуде-көкіректің ұзындық өлшемдері бір-біріне сәйкес бола-ды, жыныс мүшелері еспейді, жыныс белгілері айқын емес, жетіл-меген. Мұндай адам індет ауруларға төтеп бере алмайды, көбінесе онын ғұмыры қысқа болады.

Гипофиздіц артк,ы бөлігі-нейрогипофиз пирамида тәрізді үл-кен клеткалар —• питунциттерден және гипоталамустын, нейросек-реторлық клеткаларыньң талшықтарынан тұрады. Нейрогипофиз-Дін, екі гормоныньщ екеуі де (вазопрессин, окситоцит) гипоталамус-та түзіліп, нейросекреторлық І?леткалар аксондарыньщ бойымен гипофизге жетеді де, сонда сақталады. Вазопрессин гипоталамус-тын, супраоптикалььқ, ал окситоцин паравентрикулярлық ядрола-Рында түзіледі. Олар гипофиздің артқы бөлігіндегі нейрофицин за-тымен әрекеттескеннен сон, қанға өтеді. Вазопрессин бүйректін, не-Сеп жиналатын түтігінде судың қайтадан денеге сіңуін үдетіп, несеп көлемін (диурезді) азайтады, сондықтан да оны антиурездік гор-мон дейді. Вазопрессин шектен тыс азайса,~несеп қалыптан тыс көп шығады (полиурия). Бұл гормон, сондай-ақ қан тамырларын та-рылтып, қысымын күшейтеді. Окситоцин жатыр еттерін жиырыл-тады, жатырдың жиырылуы әсіресе толғақ кезінде кушейе туседі. Бұл гормон құрсақтағы нәрестенің тууын тездетеді, сут түзілуін,., оның шығуын удетеді.

Гшофиздщ ортақғы бөлігінде меланотропин (МСГ), яғни ин-термедин гормоны түзіледі. Бұл гормон терідегі пигменттік клетка-ларда пигмент түйіршіктерін көбейтіп, клетка талшығын кеңейте-ді, пигмент түйіршіктерінің клеткада біркелкі орналасуын қамта-масыз етеді. Мүның салдарынан тері қарайып кетеді. Адамның күн-ге күйген кезде тотығуы осыған байланысты. Күн сәулесінің әсері-нен интермедин әсері күшейіп, теріде қара пигмент фусцин түзілу үдейді. Интермедин, сондай-ақ көздің ішкі қабатындағы пигмент клеткаларынан (псевдоподий) жалған бүтақ шығарьш олардың аумағын кеңейтеді, сөйтіп көздің тор қабығындағы фоторецептор-ларды жарық сәулесінен қорғайды. Интермедин түзілуін де гипоталамус реттейді.

3 Қалқанша без

Мойын аймағында кеңірдектің алдында орналасқан калқанша без (діапйиіа іһугоісіеа)—біршама ірі без. Үлкен адамдардың қал-қанша безінің салмағьІІ 20—30 гр. Балаларда (2 жасқа дейінгі) — 1,5—2 г. Қартайған шақта, басқа да ішкі селініс бездері секілді, оның салмағы кішірейеді. Қалқанша без ткані дәнекер тканьнің жұқа кабаттарымен қоршалған көлемі 25—500 мкм болатын фол-ликулалардан тұрады. Олардың эпителий клеткалары құрамында йод бар гормондарды түзеді. Бүлар трийодтиронин (Тз) және тетрайодтиронин (Т^) немесе тироксин. Олар белокпен қосы-лып, йодтиреоглобулин деген тұтқыр коллоидты зат түзеді. Ол заг фолликулада көпке дейін сақталады. Кейін керек кезде коллоидты заттан гормондар бвілініп қанға өтеді. Эпителийлі клеткалардағы протоаздардың әсерінен йодтиреоглобулин ыдырайды, активті гормондар босатыладьг. Қан плазмасында гормондар альбумин және глобулинмен қосылады, ал нысаналарда бүл комплекстер ыдырап,, тироксин мен трийодтирониндерді босатады. Бүл гормондардың, жасалуына аминқышқылдар, тирозин және йод кажет.

Адам организмінің сұйықтық ортасындағы гормондардың 75%-ке жуығы белоктармен байланыскан калпында ағып жүреді. Бүл тиреоидты гормондардың бүйрек арқылы шығарылуына жол бер-мейді. Гормондар тек бос қалпында ғана әсер етеді. Трийодтирониннің белсенділігі тироксиннің белсенділігінен 6—10 есе жогары.

Гормондардың күйзелуі біршама ақырын жүреді (2—4 тәуліктен кейін). Артық гормондар бауырда ферменттік күйзеліске үшырай-ды. Бездің дәнекер тканьді стромасында «ақшыл» клетка немесе С — клеткалар деп аталатын ерекше клеткалар табылды (ағыл. саісііопіп), кейде оны орысша атына байланысты Қ — клетка деп 100 те атайды. Бұлар кальций және фосфор алмасуын реттеуге қатысатын құрамында йод жоқ — тирокальцитонин және өте белсенді катакальцин гормондарын бөліп шығарады.

Қалқанша без қанмен өте жақсы қамтамасыз етіледі. Мүндағы қан ағысының минуттық мөлшері бездің ез келемінен 3—7 есе көп. Қанның мелшері жағынан ол организмде бірінші орын алады. Бұл оның ішкі секреторлық кызметінщ белсенділігін көрсетеді. Қалқанша без жүйке талшықтарымен жиі торланған, оның жүйке қызметінің реттелуі симпатикалық, парасимпатикалық және денелік жүйкелер арқылы жүзеге асырылады.

Фолликула эпителий клеткаларында йод бар тиреойодты гормондардың синтезі организмге бейорганикалық йодтың келуімен тығыз байланысты. Адам және жануарлар оны йодты калий және йодты натрий түрінде тамақ пен су аркылы алады. Тамақтанудың тәуліктік рационында оның орташа мелшері 100—200 мг болады. Организмде 30—50 мг йод бар, оның 15 мг қалқанша безіңің қүрамына енеді. Сөйтіп, адамның және жоғары сатыдағы омыртқалылардың қалқанша безі 4 түрлі гормон бөліп, шығарады — тироксин (тетрайодтиронин), трийодтиронин және тирокаільцитонин, катркальцин. Қалқанша безінің гормондары организм қызметтеріне кең түрде әсер етеді.

Экспериментальдық зерттеулер кезінде де, ішкі селініс бездері-нің қызметі бұзылған ауруларды бақылағанда гормондардьщ жет-кіліксіз немесе шамадан тыс көп белінуі бұлардың қаншалықты ерекше әсер ететіндігін айқын керсетеді. Тиреоидты гормондар әсерінің негізгі эффектілері бүлардың турлі алмасу процестеріне өсу және дамуға ықпал етуінен, сонымен қатар көптеген бейімделу реакцияларға қатысуынан тұрады.

Тироксиннің және трийодтирониннің энергия алмасуына тигізе-тін эсері, олардың «калоригендік» ықпалынан өте жақсы көрінеді. Тиреоидты гормондар жоқ кезде алмасу процестерінің жылдамдығы Іемендейді, ал көп болғанда негізгі алмасу тыныштық қалпында да, қальіпты жағдайда 2 есе жоғарылауы мүмкін. Калоригендік эффект жоғары сатыдағы жануарлар мен адам организмдерінің барлық клеткаларында, әсіресе бауыр, бұлшықет және жүйке жүйесі клеткаларында айқын байқалады.

Гормондар зат алмасудын, түрлі жақтарына барлық фермент-терді белсендіру және тотығу процестерін күшейту арқылы әсер етеді, әсіресе белоктың синтезделуін және майлар мен көмірсулар-дың ыдырауын күшейтетін митохондриялық процестерді тездетеді. Түрлі жануарлардың организмін зерттеу аркылы, оларда минерал алмасуды реттеудегі тиреоидты гормондардың ролі анық дәлелденген.

Сөйтіп тироксин клетка ішіндегі және сыртындағы орталардағы электролиттердін, мөлшер айырмасының сақталып тұруына көмек-теседі. Бұның биопотенциалдық генерациялану кезінде Үлкен мәні бар. Т3 және Т4 әсері сонымен қатар тканьдердің катехоламиндерге сезгіштігін жоғарылатуынан да тұрады; олар ад-реналин мен норадреналиннің гликогенолиздік және гипергликемиялық әсерін күшейтеді.

Қалқансерік бездер

Қалқансерік бездер аса улкен емес ителиалды қ^рылым, саны 2—6, салмағьг 20—50 мг. Әдетте, олар қалқанша безінің артқы жағында, жоғарғы және төменгі уштарын-да жуптап орналасқан. Бездер өте жақсы тамырланған. Қан мен лимфа тамырларының бойымен оларға симпатикалық және пара-симпатикалық жуйке талшықтары енеді. Қалқансерік безінің гор-моны — паратгормон деп аталады. Паратиреоидзктомия — қалқан-серік бездерін альш тастаудың салдарынан пайда болған өзгерісті иттерден айқын көруге болады. Бездерді алып тастағаннан кейін, алғашқы кундері тәбеті төмендеп, қатты шөлдеу сезімі пайда бол-ғанын байқауға болады. Операциядан кейін 1—3 кун өткен соң, әуелі кейбір жеке булшықеттер тартылып, одан соң жалпы дене-нің барлық булшықеттерішң узақ уақыт тартылуьшың дайындығы басталады. Оны паратиреопривты тетания деп атайды.

Арка мен мойын еттері дененің алдыңғы жағындағы бұлшық-еттерге карағанда күштірек болғандықтан, жануарлар басын арт-ка қарай тартады (опистотонус).

Кейбір бірыңғай салалы және көлденең жолақты еттердің кер-неуі жоғарылап жиырылуы, тыныс алу бұлшықеттері, қарынның төменгі жағындағы 12 елі ішекпен жалғасқан бөліміндегі еттері (пилоростазм), жұтқыншақ (фарингостазм) және басқа да бұл-шықеттердің узақ уақыт күшті тартылуы пайда болады. Еттердін, осындай үзақ уақыт тартылып жиырылуы организмді өлімге әкелуі мүмкін. Қалкансерік бездерін алып тастағанда кальцийдің қанда-ғы деңгейі төмендеуі еттердің ұзақ уакыт қатты тартылуының (су-дорога) тууына себеп болады. Кальцийдің деңгейі 9—12 мг%-тен (2,25—2,80 ммоль/л), 4—7 мг%-ке (1,25—1,35 ммоль/л) темендей-ді. Егерде тартылу басталған кезінде жануарлардың қанына хлор-лы кальций ерітіндісін енгізсе, сіреспе өте тез тоқтайды Қалқансерік бездерін алып тастағаннан кейін пайда болатын сіреспе қозғалыс орталықтарының — орта, сопақша ми және жү-лынның қозуымен байланысты болады, бұл жағдай орталық жүйке жүйесін әртүрлі деңгейде кесу әдісімен дәлелденген. Бұл адам-дарда да кездеседі, әдетте қалқансерік бездерінің ішкі сөлініс қызметінің тапшылығы кезінде пайда болады (гипопарати-реоз). Осы кезде адамның бет және қол бұлшықеттерінің жиырьі-луы байқалады. Қол «акушер қолы» қалпына келеді (шынтақ және білезік, басбармақ, сұқсаусақ және шынашақ буынынан бүгілген). Бет жүйкесін сәл басса, сол аймақтың бұлшықеттері тартыла бастайды. Бұл медицинада руссо симптомы деп аталады. Туа пайда болған қалқансерік бездері тапшылығынан балаларда қандағы кальцийдің деңгейі төмендеп сүйек, тіс өсуі баяулайды, тырнақта-ры мен шаштары морт сынғыш болады.

Гиперпаратиреоз — қал-кансерік бездері қызметінің шамадан көп болуы сирек кездеседі. Бұл жагдайда кандағы кальцийдің мөлшері кебейіп, бейорганика-лық фосфат мөлшері азаяды. Остеопороз (сүйек ұлпасының бұзы-луы) дамиды, соның салдарынан организмде бұілшьгқеттер әлсіздігі, қол-аяқта ауыру сезімі пайда болады. Азот алмасуы өзгеріп, бауыр-Дың мочевина жасау қызметі баяулап арганизмнің ездігінен улануы басталады. Бұл тұңғыш рет И. П. Павлов лабораториясында анық-талған. Жануарды органикалық азот қосындылары көп ет тағам-дарымен тамақтандырғанда олардың қалыпты жағдайының тәмен-дейтінін түсіндірді.

Қалқансерік бездерін алып тастау ми қырты-сының негізгі динамикалық процестері қозу мен тежелу сияқты шартты рефлекстік қызметінің бұзылуына әкелетіні анықталған. Атап айтқанда, жас адамдар, екіқабат және емізулі балалы әйел-Дер организмінің кальций және фосфорды қажетсінуі жоғарылай-ДьІ. Кальций өте қажетті, өйткені ол кез келген тірі құрылымның Күрамына кіретін негізгі қосылыс. Қальций қатыспайтын организм-НІҢ бірде-бір қызметі жоқ деуге болады.

4 Айыршық без және эпифиз.

1.Тәжірибе жүзінде алынған деректерге жүгінсек, айырша без жыныс бездерінің дамуын тежейді. Айырша безі алып тасталған не шала жетілген жас малдың жынысы тез, мерзімінен бұрын же-тіледі, ондай мал өспей қалады, өссе де баяу өседі. Жас мал (тор-пак, баспақ т. б.) піштірілсе, айырша безі, оның тканьдері ұлғайып, дамып кетеді, ал безде кері даму процесі тежеледі. Айырша безі инволюцияға (кері дамуға) ұшырамаған адамның жіліктері үзар-ып ұлғаяды, мундай адам әдетте кестірілген (ендері альшьш тас-талған) адамдарға ұқсайды.

2. Айырша без қызметі жыныс бездері қызметімен тығыз бай-ланысты екені жоғарыда айтылды. Мұнымен қатар ол қызметі жа-ғынан үдайы басқа да бездермен байланыста болады. Мәселен, бүйрекүсті безді алып тастаған жағдайда айырша безде инволюция болмайды (ол кері дамымайды), ал жіті ететін індет аурулар-дың, сондай-ақ кейбір төтенше факторлардьщ (жарақаттану, ауыр-сыну, суға шектен тыс хлор қосу, улану) әсерінен инволюция жіті өтеді. Демек, айырша без бен бүйрекүсті без де қызметі жағынан тығыз байланысты, байланыс сипаты көбінесе қарама-қарсы.

3. Айырша без денеде кальций алмасуын реттеуге катысады, жануар денесіне инемен айырша без сығындысы енгізілсе, сүйек тканінде көп мөлшерде кальций жинала бастайды, оның есесіне қанда кальций азая түседі. Айырша безді алып тастаса, кері әсер туады, яғни кальций сүйекте азаяды да қанда көбейеді.

4.Айырша без денеде стероидтар, нуклеин қышқылдары, С ви-тамині (аталған безде бул витамин өте көп, бұл жағынан ол бүй-рекүсті безден кейін екінші орын алады) алмасуын реттеуге қаты-сады.

5.Соңғы он жыл ішінде іске асырылған түбегейлі зерттеулерге қарағанда айырша без адам (жануар) денесінде жүріп жатқан иммундық, қорғаныс, бейімделу реакцияларына да қатысады. Мә-селен, жаңа туған қозының (бұзаудың, торайдың т. б.) айырша бе-зін алып тастаса (тимэктомия) ол еспейді және қатты арықтайды (рантинг не вастинг — синдром, ағыл. гипі — бойдың өспеуі, \уаз-іиз — арықтау, жүдеу).Жынысы жетілген ересек жануардың айырша безін алып тастаса бұл оның өсіп-өнуіне айтарлықтай ықпал жасамайды, тіршілік І ету мерзімін қысқартпайды, бірақ қанда лимфоциттер саны азаяды сәл бездері біршама семіп, иммундық реакция нашарлайды. Дйырша безде Т — лимфоциттер «пісіп» жетілетіні анықталған. Айырша безін алып тастаған жануар лимфоциттерінде иммунды дене түзілу қабілеті төмендеп кетеді, мұның салдарынан орны ауыстырып салынған не басқа жануардан алып салынған тері кесінділері денеге жабысып түспей қояды. Безді алып тастау нәтижесінде қанда гамма-глобулин азаяды.

Қарынасты (ұйқы) безі және оның топографиясы. Лангерганс аралшықтары.

Қарынасты (ұйқы) безі аралас (қос)сөлініс безге жатады. Ол әрі ішкі, әрі сыртқы сөлініс қызмет атқарады. Сыртқы сөлініс қызметіне ас қорыту сөлін өндіру қызметі жатады. Ішкі сөлініс қызметін Лангерганс аралшықтары атқарады.Лангерганс аралшықтары ұйқы безінің негізінен «үш» жағында және аздап басқа өнімдерде орналасқан ерекше ткань. Аралшық клеткалардың тканьдерінде өзектері болмайды. Ең алғаш аралшық клеткаларды морфологиялық жеке құрылым ретінде 1863 ж. Лангерганс аралшықтарында 2 түрлі клеткалар бар альфа және ветта. Олардың жалпы салмағы бездің 0,01% - дей.Балықтардан бастап барлық омыртқалы жануарлардың аралшық тканьдері бар. Сүйекті балықтарда аральшық тканьдер дәнекер тканьмен қапталып бездің басқа тканьдерінен жеке ағза сияқты бөлінген. Балықта аралшық тканьдердің бұлай орналасуы және без тканьдерінің анатомиялық ерекшелігі аралшықтың экстрактысын дайындауға қолайлы.Аралшық тканьдердің салмағы аз болғанымен организмнің тірлігіне өте қажетті.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-16; Просмотров: 2669; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.034 сек.